12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері



Кіріспе

1.ТАРАУ. 12.жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
1.1. 12.жылдық білім беруге көшуде оқытудың нәтижесіне қойылатын талаптар
1.2. 12.жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқыту құрылымы
1.3. 12.жылдық білім беруге көшуде информатиканы кәсіби бағытта оқытуға қойылатын талаптар

2.ТАРАУ. 12.жылдық білім беруге көшуде информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың дидактикалық негіздері

2.1. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі мұғалімге қойылатын талаптар
2.2. 12 жылдық білім беруде бастауыш сыныпта информатиканы оқыту.
2.3. 12 жылдық білім беруде бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда қолданылатын дидактикалық материалдар.
Қосымша №1. Күнтізбелік жоспар
Қосымша №2 Сабақ үлгілер
Қосымша №3 Көрнекіліктер
Қорытынды
«12 жылдық білім беру жүйесіне көшу—заман талабы»


«Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан біз 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек.»
Елбасының халыққа Жолдауынан

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауында "XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз" - деп атап көрсеткен болатын. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі, әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Білім беру өзінің бағыттарына адам мен қоғамның өзекті мәселелерімен бірге ұзақ мерзімді қажеттіліктерге қарай толықтырулар жасап отыруы керек. Еліміз тәуелсіздік алып дербес мемлекет ретінде дамыған аз уақыт аралығында экономикалық, саяси-әлеуметгік сала қарқынды қадаммен алға озып кетгі. Ел экономикасының карқынды дамуы білім саласының жағдайын жақсартуға кең мүмкіндіктер туғызып отыр. Білімді реформалаудың басты міндеті - мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңтейге көтеру. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін деген принципін басшылыққа алып оқу-тәрбие барысын материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға, білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мәртебесін нақты орнықтыруға болады.
Білім беру мазмұнының негізгі мақсаты - оның жан-жақты әрі тұтас тұлғаны тәрбиелеудің кұралы ретінде оқушылардың шығғармашылықпен ойлау қабілетін дамыту, сөйтіп, өмірдің қай саласында болмасын, еркін және дәлме-дәл, жауаптылықпен ойлау қабілетін сіңіру, әр түрлі жағдайларда жинақы болуға баулу.
1. «Бастауыш мектеп» №4 2006ж.
2. «Ұстаз журналы» №1 2006ж.
3. «ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» 2006ж.
4. «Мектеп» №9 2006ж.
5. «Бастауыш сыныпты оқыту» №2 2005ж.
6. «Қазақстан орта мектебі» №7 2006ж.
7. «Бастауыш білім» №5 2004ж.
8. «Әдіскер жаршысы» №2 2005ж.
9. «Әдіскер жаршысы» №4 2006ж.
10. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – коммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми - әдістемелік негіздері» 2006ж.
11. «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі» Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы 19-21 қазан 2005ж.
12. «Ақпараттық мәдениет негіздері» №3 дәптер 2005ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1-ТАРАУ. 12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық
негіздері
1.1. 12-жылдық білім беруге көшуде оқытудың нәтижесіне қойылатын талаптар
1.2. 12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқыту құрылымы
1.3. 12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы кәсіби бағытта оқытуға
қойылатын талаптар

2-ТАРАУ. 12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы бастауыш сыныпта
оқытудың дидактикалық негіздері

2.1. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі мұғалімге қойылатын талаптар
2.2. 12 жылдық білім беруде бастауыш сыныпта информатиканы оқыту.
2.3. 12 жылдық білім беруде бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда
қолданылатын дидактикалық материалдар.
Қосымша №1. Күнтізбелік жоспар
Қосымша №2 Сабақ үлгілер
Қосымша №3 Көрнекіліктер
Қорытынды

К І Р І С П Е

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу—заман талабы

Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан біз 2008 жылдан бастап
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп педагогтардың кәсіптік
деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын
арттыруымыз керек.
Елбасының халыққа Жолдауынан

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
"Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты
Қазақстан халқына Жолдауында "XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің
тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми
қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы
білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы
заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз" - деп
атап көрсеткен болатын. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен
міндеттер жүктейді. Себебі, әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде
шыңдалады. Білім беру өзінің бағыттарына адам мен қоғамның өзекті
мәселелерімен бірге ұзақ мерзімді қажеттіліктерге қарай толықтырулар жасап
отыруы керек. Еліміз тәуелсіздік алып дербес мемлекет ретінде дамыған аз
уақыт аралығында экономикалық, саяси-әлеуметгік сала қарқынды қадаммен алға
озып кетгі. Ел экономикасының карқынды дамуы білім саласының жағдайын
жақсартуға кең мүмкіндіктер туғызып отыр. Білімді реформалаудың басты
міндеті - мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес
деңтейге көтеру. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның
мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, адам білім үшін емес, білім
адам үшін деген принципін басшылыққа алып оқу-тәрбие барысын материалдық-
техникалық тұрғыда қамтамасыз ету. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға,
білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мәртебесін нақты
орнықтыруға болады.
Білім беру мазмұнының негізгі мақсаты - оның жан-жақты әрі тұтас
тұлғаны тәрбиелеудің кұралы ретінде оқушылардың шығғармашылықпен ойлау
қабілетін дамыту, сөйтіп, өмірдің қай саласында болмасын, еркін және дәлме-
дәл, жауаптылықпен ойлау қабілетін сіңіру, әр түрлі жағдайларда жинақы
болуға баулу.
Мектепте білім берудің мазмұндық және процессуалдық жақтарын жаңартудың аса
маңызды бағыттары мыналар: мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам
қызметінің серпінді құрылымымен сәйкестендіру; оқушыларды өз бетінше білім
алуға және оны практикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз
мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу; әрбір жас
кезеңінде негізгі психикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру төңірегінде оқу
процесін жолға қою; оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және
жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу
ахуалдарын кеңінен қолдану.
Білім берудің жаңа мазмұнын біртіндеп қалыптастыру оқу процесіне
ақпараттық технологияны енгізу арқылы жүзеге асырылады. Орта білімді
ақпараттандыру процесі және сонымен байланысты оқытудын жаңа ақпаратгық
технологиясы білім берудің мазмұнына едәуір әсерін тигізеді.
Орта білім беруді акпараттандырудың негізгі бағыттары мыналар болып
табылады: орта білім беруді басқару тетіктерін жетілдіру; білім берудің
бірыңғай телекомуникациялық желісін кұру; қашықтан оқытуды ұйымдастыру.
Жалпы орта білім беру жүйесін дамытудьң әлемдік тәжірибесін зерделеу,
білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу тек 12 жылдық жалпы білім беретін
мектептің жағдайында ғана мүмкін болатынын көрсетеді.
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 12 жылдық оқыту
мерзіміндегі жалпы орта білім берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды,
оқу жүктемесінің көлемі мен оқу жетістіктерінің деңгейлерін белгілейді,
жалпы алғанда еліміздің білім беру жүйесінің, мұғалімнің, оқушының дамуын
және өзіндік дамуын, білім беру процесінің ұйымдастырылуын, білім беру
мазмұнының нормаларын реттейді.
Жалпы орта білім берудің құрылымдық – мазмұндық моделінің негізінде
кіші мектеп жасы, орта мектеп жасы, жоғары мектеп жасы сияқты жас
кезеңдеріне тән жетекші іс-әрекеттер түрлерінің типологиясы болып табылатын
негізгі мазмұны және жеке тұлға дамуын кезеңге бөлу жатыр.
Жалпы орта білім берудің жалпы оқу ұзақтығымен үш деңгейі белгіленеді:
12 жыл: 5+5+2.
І деңгей – бастауыш білім беру (1-5 сыныптар)
Оқытуды бастау жасы – 6 жас. Оқыту ұзақтығы – 5 жыл.
ІІ деңгей – негізгі орта білім беру (6-10 сыныптар).
ІІІ деңгей – жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар).
12 жылдық білім беруге жағдайында информатика пәнін оқыту бастауыш
оқыту деңгейіне көшіріледі. Сондықтан бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
мұғалімдерін даярлау бағыттары келтірілген.
Бастауыш сатыда берілген білім - тірек білім. Окытудағы сабақтастық
алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім-білік және дағдыларын оқытудың келесі
сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіре, дамыта түсуді
көздейді. Оқытудың осындай тірек нәтижесінен келесі сатыда қарастырылатын
мәселелер өрбиді, яғни, үйреншікті тәсілден туындайтын жаңа тәсілдер
меңгеріледі. Сондықтан бастауыш класс оқушылары негізгі білімді игеруге
толық дайындықпен келуі керек.
Жаңа компьютерлік технологияларды бастауыш мектептегі оқу-үрдісінде
жүйелі түрде пайдалану мынадай артықшылықтарды аңғартады:
- оқу-тәрбие үрдісінің қарқынын жоғарылату;
- оқытудың сапасын артгыру,
- дифференциалды оқытуға көшу;
- оқушылардың дүниетанымын кеңейту;
-оқушылардың компьютерге қызығушыылығын, білімге
құштарлығын арттыру.
Нәтижелілігі.
Аталған сыныптарда қарастырылатын материалдар көбінесе суреттемелер
арқылы келтірілді. Нәтижесінде: бастауыш сынып оқушыларына эксперименттік
тәжірибелер жүргізу барысында оқушылар берілген материалдарды үлкен
қызығушылықпен, жылдам қабылдап алу мүмкіндіктеріне ие болатындығының куәсі
болдық.

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУ ТУРАЛЫ
КІШІ ТҰЖЫРЫМДАМА

1. Бастаыш сыныпта информатиканы енпзудің кажеітілігі.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықыты жылдам дамыта
отырып, педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты
қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол
себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі
туындайды. Жоғарыдағы көзделген максаттарға қол жеткізу үшін, бастауыш
сынып оқушыыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін
енгізудің қажет екендігін зерттеу жұмысын толық жүргізіп, оқьпу
әдістемелерін жан-жақты қарастырылды. Атап айтатын болсақ, отандық және шет
елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық матеиалдар жиналды,
кейін осы жиналған материалдарға қатысты бағдарлама жасалды, осы жасаған
бағдарламаға сәйксс жазылған әрбір тақырыпқа тереңнен таддау жасалды. Ол
үшін алдымен бастауыш мектептерге арналған әртүрлі басылымдағы
педагогакалық-психологиялық теорияга негізделген көзқарастарды, мектептегі
тәжірибелі мамандар-бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке
алып, осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың
қорытындысын қолдана отырып 1- ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына
информатика пәні бойынша жүргізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік -
тақырыптық жоспар үлгісі жасалды. 1999 жылы
2.Компыотерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдеииетті жастарды
тәрбиелеу.
1. Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компыотерді жиі пайдалану
арқылы;
3.Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту
арқылы;
3.Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін
ұйымдастыру арқылы.
4. Нешінші сыныптан бастап енгізу керек.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір
ағымына деген көзқарастарының жан-жақгы жоғары дәрежеде дамуына байланысты,
енді информатика пәнін тіпті 1- сыныптан бастап енгізуге болады деген
пікірлер ұсынылуда.
5.Әдістемелік құралдың негізгі мақсаты:
1- ші сынып оқушыларына информатика пәні бойынша программа жасау;
жасалған программа бойынша жүргізілетін әрбір сабақтың жобасын жасап, оны
талдау;
балаларға өз бетінше компьютерлік ойынға, қарапайым есептер шығаруға,
сонымсн қатар, оларға текстік және РАІNT" графиктік редакторының карапайым
мүмкіндіктерін үйрету:
жасалған жұмысты мектеп өміріне еңгізу;
басқа пәндерде компьютерді пайдалануы үшін бастауыш сынып мұғалімдеріне
арнаулы курстар ұйымдастыру;
оқушыларға арналған әдістемелік оқу құралын, үлгі дәптерін дайындау,
5- Әдістемелік кұралдың мазмұны. Бастауыш сынып оқушыларына информатика
пәнінің элементтерін оқыту барысыцда жаңа ақпараттық технологияның керемет
мүмкіншіліктерін кез-келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу.
Олардың ойлау қабілеттерінің жан-жақты дамуына күш салу арқылы бастауыш
сынып оқушыларында компьютерлік сауаттылыкты қалыптастыру.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар бойынша 1 - 4 сыныптарда әрбір сыныпқа
аптасына 1 рет, ал жыл бойына 34 сағат жүргзіледі, ал 5-6 сыныптарда әрбір
сыныпқа аптасына 2 рет, ал жыл бойына 68 сағат жүргізіледі.
Бастауыш сыныптарға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың
алғашқы бөлімдерінде оқушылар Техникалық қауіпсіздік ережелерімен
танысады. Бастауыш сыныптарда өткізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар
жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы
көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан
жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту
сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.
Бастауыш сыньштарға арналған бұл программада оқушылар компьютермен танысып,
олар өзара қарым-қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді
шапшаң, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі.
Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де
осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқытудың әдістемелік құралында
қамтылған материалдар - әліппе, математика, қазақ тілі, сурет, ана тілі
пәндерінің элементтерін қамтиды.
5. Міндеттері- азаматыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен
қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;
- оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі информациялық алмасу сипатын айқындау;
- дайын программаларды қолдана білу шеберлігін арытыру; қисынды ойлауын
дамыту;
- ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пайдала отырьш білім беруді информатикаландыру,
яғни оқытылатын басқа пәндер материалдарын меңгеруде қолдана білуге үйрену.
6. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту компоненттері.
Оқушылардын бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық
ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін
пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Ал математика сабақтарында қарапайым
арифметикалық амалдарды орындауға арналған
есептер;
Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитарлық-гигиеналық
талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн.
Мысалы, сыныптан кіріп-шығуға мүғалім рұқсат береді. Әрбір оқушы өз
бригадасына тағайындалып берілген жүмыс орнынан ауыспауы керек, яғни сынып
белсенділерін сайлау, компьютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да
іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады және де
компьютерге компакт-дискілерді салуды, алуды мұғалім жүргізеді. Сабақ
жүргізу барысында қазіргі кездегі санитарлық талаптарға сәйкес балалардың
жұмыс ісіне олардың денсаулығына қауіпсіздігі туралы санитарлық-
эпидемиологиялық қорытындысы бар компьютерлік техниканы ғана пайдалануға
болады. Компьютерлер қолданылатын бөлмелер барлық санитарлык-гигиеналық
талаптарға сай болуы тиіс. Компьютер кабинеттерін безендіру максатында
балалардың денсаулығына қауіпсіздігін растаған гигиеналық қорытындысы бар
құжаттық материалдар қолданылуы тиіс.
Компыотерлік сыньпта оқушылардың өздері және көздері шамадан тыс
шаршамас үшін 1- 4 сынып оқушыларының компьютерде үздіксіз жұмыс істеу
уақыты 10 - 15 минуттан аспауы тиіс. Балалардың көздері талмас үшін
компьютерде жұмыс істеп болған соң, олармен көзіне арналған арнайы
жаттығулар жасауы керек, жаттығуларды балалар экранға қарамай тұрғанда,
қалыпты күйде демалдырып, көз қозғалыстарын барынша үлкен етіп орындауға
тырсуы керек. Балаларға қызықты болуы үшін жаттығулар ойын түрінде
орындалады.

Информатика пәнін оқытуда қолданылатын ойын компоненттері

Бастауыш сыныптарда бала үшін –оқудың негізгі саласы ойын болып
табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына
да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әр түрлі педагогикалық
мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде
өткізу һте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың
шығармашылықпен жұмыс істей білуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік
береді.
Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауы көңіл-күйлерін көтеріп, қызығушылық
қабілеттерін арттырады. Әрі ізденуіне, алуан әдіс-тәсілдерді таңдауына жол
ашары сөзсіз. Сондықтан біздің мектепте 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап
12 жылдық білім берудің тәжірибелік орталығы ашылған болатын. Осы орталықта
2 сыныптан бастап информатика пәні оқытылуда. Оқушылармен компьютермен
жұмыс жасап үйренумен қатар, алгоритм құру және команда беруге үйрету үшін
Кішкене Кря (Утенок Кря) ортасымен сабақ жүргіземіз. Бұнда алгоритм
тілінің негіздемелерімен таныстырады. Бұл ортада ойын арқылы сызықты
алгоритм құруға үйренеді.

Кішкене Кря компьютерлік ортасымен танысайық.
Кішкентай Кря оң жақтағы экранды алып тұратын тіктөртбұрыштың ішінде
орналасқан. Алаңның көлемі тігінен 15, көлденеңінен 19 қадам. Бұл
бағдарлама тек 3 команданы ғана орындай алады;
- Қадам
Утя бір қадам алға жүреді де, артында бір қадамға тең кесінді
сызылады.
- Бұрылу
Утя сол жағымен 90 градусқа бұрылады.
- Секіру
Утя бір қадам алға секіреді де, артында із қалдырмайды.
Экранның жоғарғы жағында қызметші командалар, сол жағында бағдарлама парағы
орналасқан. Қажетті командалар арқылы алгоритм жазып болған соң, нәтижені
көру батырмасын басып қарауға болады.

Бастауыш сынып оқушылары оқу ортасында жоғары ынтамен жұмыс жасап, үлкен
жетістікке жетеді. Өз шығармашылықтары пайда бола бастайды.
Сабақта компьютерді қолданғанда оның тиімді жақтарын айтып кетуге болады:
- оқушының дербес жұмыс жасауына мүмкіндік мол;
- компьютер алдында оқушының еркін жұмыс істей алуына болады;
- компьютерде сабақты пайдалану уақытты үнемдейді және оқушылардың
сабаққа қызығушылығын арттырады;
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сабақтың өту ұзақтығын
да ескеруге болады;
Еуропа кеңесі декларациясына сәйкес (1992) әлемдік практикада 12
жылдыққа жалпы орта білім беру басымдыққа ие.
Қазақстан Лиссабон Конвенциясына қол қойып, оны бекіткеннен кейін Еуропалық
білім кеністігіне ықпалдасудың кұкықтык негізін қалады. Соның бастыларының
бірі - 12-жылдық білім беруге көшудің дайындық шаралары. 12- жылдық білім
беру ол тек казіргі 11 жылдыққа 1 жылды қоса салу емес, жалпы орта білім
беру мазмұнының құрылымдық және мазмұндық тұрғыда жаңғырып, өзгеруі, қайта
қалыптастырылуы. Білім реформасы қазір әлемнің көптеген дамыған елдерінде
жүріп жатыр. Оларда бейіндік окыту проблемасына көп көңіл бөлінеді.
Республиканың терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жолына түсуі
оқушыларды еңбекке даярлау жүйесіне жаңаша тұрғыдан келуді және олардың
өнімді енбегін ұйымдастырудың тиімді нысандарын іздестіруді талап етеді. 12
жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқккдайьшкрудына бейіндік окьггыиы
бастауыш сыныпта оқытудың технологиясын енгізудің әдістемелік
негіздері."ыту мәселесін дұрыс шешудің мүмкіндігі бар. Бұл негізгі және
жоғарғы мектепті бітірушілердің кәсіпті барынша саналы түрде таңдауына
ықпал етеді. 12 жылдық білім беруге көшу мектеп бітірушілерді бәсекелес
етіп даярлауды камтамасыз етуте, жалпы орта білім туралы біздің
аттестаттарымыздың шетелде танылуы және жоғары білімге қол жеткізуді
қамтамасыз етеді. 12 жылдық оқытуға көшу белгілі бір дәрежеде елдегі
әлеуметтік шиеленісті төмендетуге ықпал ететін болады.
Білім және ғылым министрлігінің "31" наурыз 2005 ж. № 201 бұйрығы
негізінде облыс көлемінде 12-жылдық оқыту жүйесіне көшуді оқу-әдістемелік
қамтамасыз етудің іс-шаралар жоспары жасалды. Жоспар ұйымдастыру,
әдістемелік көмек көрсету, мақсатты курстарды жүргізу және мамандарды оқу-
әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету тәрізді бөлімдерден тұрады. Бұған
қоса 12-жылдық оқыту бағдарламасын, оқу-әдістемелік кешендерін сынақтан
өткізуші мектептердің жұмысын ұйымдастыру мен кешенді мониторинг жүргізуді
әдістемелік жабдықтау институт кұзырында.
Білім сапасындағы жаңашылдық жұмыстарын жүргізетін басты тұлға
мұғалім болғандықтан, оның психологиясы, әдістемесі өзгеруі - 12 жылдық
білім беру жүйесіне көшудің алдыңғы шартынын бірі болып табылады.
Осы орайда, 12 жылдық білім жүйесіне көшу барысында мамандарды қайта
даярлауға мақсатты қаражаттың бөлінуі үкіметіміздің асқан көрегендігін
көрсетеді. Себебі, әдістемелік-психологиялық дайындығы бар маман ғана жаңа
бастаманы шығармашылықпен қолдап, өмірге тән ете алады.
Мұғалімдердің біліктілігін көтерудің бір жолы -оларды оқу-әдістемелік
кешендермен қамтамасыз ету. Осы мақсатта "12-жылдық білім проблемалары"
Республикалық ғылыми-практикалық орталығынан әдістемелік әдебиеттер алынды,
бұған қоса институт баспа орталығынан эксперименттік мектептердің іс-
тәжірибесінен бірнеше әдістемелік кұралдар шығарды. Аталған әдістемелік
материалдар мектеп кітапханаларына таратылып берілді.
Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының
дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық
денгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-
тәжірибені оқып үйренудің қажетгі шарты екенін дәлелдеуде. Сондыктан
қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында әлемде жүріп жатқан процестерден,
жаңалықтардан біз сырт қалмай, әр кез алға ұмтылуымыз керек. Білім беруді
жаңашаландыру мен 12 жылдық оқытуға көшу бағытындағы жұмыстар институттың
әдістемелік іс-әрекетінде басты бағыт болып, келешекге де жалғаса бермек.
Бүгінгі танда Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты
міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жастарға білім мен
тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіру болып отыр. Білім мен тәрбие берудің
негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту
кезек күттірмейтін мәселе десек, бастауыш мектеп – соның бастауы. Демек,
бастауыш мектеп дидактикасының бүгінгі таңда көтерер жүгі де салмақтана
түседі.
Бастауьш класс мұғалімінің негізгі міндеті - бастауыш класта
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Мұндағы басты мақсаты - окытудың
жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге
өзіндік көзкарасының қалыптасуына жол ашу.
Жалпы білім беретін мектептін бастауыш сатысындағы білім мазмұны
тұжырымдамасында:
"... бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі
бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке
бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты койылады",- делінген.
Осы мақсатты жүзеге асыруда мына сызбаны басшылыкқа алуға болады:

Адамның тұлғалық қалыптасуы - үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім
алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек болашақта да
білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың
бүгінгі білімі - болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім
алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды - оқушыларды үздіксіз
білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.

2-ТАРАУ. 12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы бастауыш сыныпта
оқытудың дидактикалық негіздері

Бiлiм беру жүйесiн қайта құрудың негiзi – мектептi ақпараттандыру. Олай
болса, мектептi ақпараттандыру жағдайында информатика пәнiн бастауыш
сыныпқа енгiзу – бүгiнгi күннiң негiзгi талаптарының бiрiне айналып отыр.
Ал бұл талапты орындау үшiн ең алдымен, мамандарды компьютерлiк
технологияның мүмкiндiктерiн жан-жақты пайдалану бойынша бiлiктiлiктерiн
көтеру қажет. Аталған қажеттiлiктi шешу үшiн бiз ең алдымен, мамандық
құзырлықтарын мына бағыт бойынша жiктеуге болатындығын зерттеп отырмыз:
- iргелi ақпараттық-технологиялық құзырлық;
- базалық ақпараттық-технологиялық құзырлық;
- арнайы ақпараттық-технологиялық құзырлық.
Ендi әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Iргелi ақпараттық-технологиялық құзырлық – бұл ақпараттық технологияның
мүмкiндiктерiн мамандық деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм
мен бiлiктiлiктердi және дағдыны қалыптастыру.
Негiзгi мiндеттерi:
- жалпы компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру;
- құжаттарды терiп, форматтау және оны редакторлеу;
- бақылау жұмыстарын компьютерлiк тест арқылы жүргiзу және оны талдай
бiлу;
- деректер қорында және Интернет-технологияда ақпараттарды iздей бiлу;
- түрлi ақпараттарды өңдеп, оның графиктiк сызбасын салуға үйрету;
- компьютерлiк технологияның мүмкiндiктерiн дидактикалық материалдарды
жасақтауға қолдана бiлу;
- басқа пәндердiң оқытылуына дамытушы компьютерлiк ойындарды және түрлi
үйрету мен жаттығу программаларын қолданып, талдау жасай бiлу және
т.б.
Базалық ақпараттық-технологиялық құзырлық. Оның мазмұны мұғалiмнiң
ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-
жақты пайдалана бiлумен анықталады. Төменгi кестеде осы бағытта
мұғалiмдердi даярлаудың мақсаты мен сәйкес мiндеттерi келтiрiлген.

Базалық ақпараттық-технологиялық құзырлықты бастауыш сынып мұғалiмдерiнде
қалыптастыру негiздерi

Мақсаты Мiндеттерi
Бiлiм берудi компьютерлiк техноолгияны оқу процесiнде пайдалану
ақпараттандыру бағытында оқушылардың даму қабiлетiн анықтайтын
процесiнде педагогикалық диганостика жүргiзу;
оқушылардың оқу процесiнде кiшi жастағы балалар үшiн компьютерлiк
дүниетанымдық тест құру мен оны қолдана бiлу;
көзқарасын ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесiнде
қалыптастыру пайдалану барысында бастауыш сынып оқушыларының сапалық
деңгейiн анықтау және оның оқу процесiне әсерi;
қолданбалы программалық құралдарды пайдалану жағдайында
оқушылардың даму динамикасы мен олардың өзара
қарым-қатынасын зерттей бiлу.
Бастауыш сыныпта оқушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету (техника
оқыту процесiнiң қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық-гигиеналық және
ерекшелiгiн ескеру эргономикалық талаптарды сақтау);
арқылы оқу мақсатына сәйкес қолданбалы программалық
ақпараттандырудың құралдардың сапасын анықтап, таңдай бiлу;
мақсатын анықтау оқушылардың жұмысын дамытушы компьютерлiк ойындарды
қолдану арқылы ұйымдастыра бiлу;
жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды компьютердi
пайдалану арқылы ұйымдастыра бiлу;
сабақтың мақсаты мен компьютердi пайдаланып арқылы
өткiзiлетiн сабақтарды өзара бiр-бiрiмен сабақтастыра
бiлу және оқушылардың өзiндiк бiлiм алуына жағдай жасау
және оны бағалай бiлу.
Пәнаралық басқа пән мұғалiмдерiнiң өз қызметтерiне қолданбалы
байланысты дамыту программалық құралдарды қолдануға көмектесу;
және ата-аналармен оқушылардың үйде компьютермен жұмыс жасау барысында
қарым-қатынасты санитарлық-гигиеналық және эргономикалық талаптарды
орнықтыру сақтау ережелерiн жан-жақты ата-аналарға түсiндiре
бiлу;
информатика мұғалiмiмен және мектеп директорының
ақпараттандыру iсi жөнiндегi орынбасарларымен бiрiге
отырып, өзара байланысты жетiлдiру.
Ақпараттық ортаны нақты педагогикалық мiндеттердi (өзiндiк оқытуды
құру және оны дамыту, өзiн-өзi бағалау және бiр-бiрiн бағалау,
ұйымдастыру шығармашылық және iзденiстiк белсендiлiктерiн дамыту)
шешуде ақпараттық ортаны құру;
бастауыш сынып оқушыларына ақпараттық ресурстар туралы
мәлiметтер беру;
оқушылардың жоба жасау қызметiн
ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану
арқылы ұйымдастыру;
бастауыш сынып оқушыларын Интернет арқылы тұрлi
халықаралық жобалар жасауға баулып, қатыстыру.
Өзiн-өзi бiлiм алу жаңа қолданбалы программалық құралдарды өздiгiнен
жобаларын жасақтау үйрену және оның дидактикалық мүмкiндiктерiн бастауыш
және оны жүзеге сынып оқушылары деңгейiнде анықтау;
асыру кәсiби шеберлiктерiн дамыту барысына түрлi ақпарат
көздерiн, Интернеттiң ақпараттық ресурстарын пайдалану.

3. Арнайы ақпараттық-технологиялық құзырлық. Бұл “Информатика және
ақпараттық технология” пәнiн берудiң әдiстемелiк мәселелерiн шешумен
анықталады. Аталған бағыт мына кескiндi сызуға мүмкiндiк бердi:

Технологиялық модуль мұғалiмнiң iргелi ақпараттық-технологиялық
құзырлығын қалыптастыруға бағытталған. Ал базалық ақпараттық-технологиялық
құзырлықты қалыптастыруда дидактикалық модульдiң бiлiм беру бағдарламасына
бағытталған. Әдiстемелiк модуль бастауыш сыныпта информатиканың оқу
бағдарламасын таңдауға, оны оқытудың әдiстерi мен формаларын ұйымдастыруға
үйретедi.
Аталған құзырлықтар бойынша бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiктерiн
көтерудiң оқу бағдарламасының оқу модульдерi мына бағытта жасалған:
- бастауыш сынып мұғалiмдерiн ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн өз
қызметтерiне қолдану негiздерi (36 сағат);
- бастауыш сынып мұғалiмдерiн ақпараттық технологияны пайдаланып оқу
процесiн ұйымдастыру негiздерi (36 сағат);
- Информатика мен ақпараттық технология пәнiн бастауыш сыныпта оқытудың
әдiстемесi (36 сағат).

Тақырыптық жоспар үлгiлерi.
1-модуль. Бастауыш сынып мұғалiмдерiн ақпараттық технологияның
мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне қолдану негiздерi (36 сағат)
1. Бастауыш сыныпта ақпараттық және коммуникациялық технологияның
мүмкiндiктерiн қолдану – 6 сағат.
Ақпараттық технологиялар. Стандартты программалық құралдар. Бастауыш
мектеп мұғалiмдерiнiң iргелi және арнайы құзырлығы.
Бастауыш сынып мұғалiмдерi үшiн арнайы программалық құралдар. Мамандық
деңгейлерiнiң мiндеттерiн шешуде бастауыш сынып мұғалiмдерi үшiн
программалық құралдардың мүмкiндiктерiн пайдалануды көрнекi түрде көрсету
(демонстрация жасау).
2. Iс-қағаздық құжаттарды, таратпа материалдар мен құралдарды дайындау –
8 сағат
Iс-қағаз құжаттарының формалары (ата-аналарға ақпараттық хат, қызметтiк
хат, бақылау және тексеру жұмыстарын талдау карталары және т.б.) және
оларды мәтiндiк редакторда құру тәсiлдерi.
Таратпа материалдарды (карточка-тапсырма, хабарландыру, алғыс хаттар,
мақтау қағаздары және т.б.) құру.
3. Сабаққа пайдаланылатын көрнекi және тест материалдарын дайындау – 8
сағат
Бастауыш сынып мұғалiмдерiне компьютерлiк орта көмегiмен көрнекi
материалдарды (графиктiк бейнелер, көрнекi слайдтар, бейнеүзiндiлер,
анимациялық сюжеттер, интерактивтiк тапсырмалар) даярлау және оны қолдану.

Тест тапсырмаларын (сөзтiзбек, қателердi түзету, жоғалған әрiптердi табу
және т.б.) компьютерлiк ортада дайындап, оны қолдану.

4. Ақпараттық жүйе мен интернет-ресурстарды қолдану арқылы әрiптестерiмен
шығармашылық байланысқа дайындау – 6 сағат.
Интернеттiң бiлiмдiк және коммуникативтiк ресурстары. Ақпараттық
қауiпсiздiк. Электрондық пошта көмегiмен iскерлiк байланыстар мен этиканы
ұйымдастыру.
Консультациялар, курстық жұмыстарды орындау, тыңдаушылардың курстық
жұмысты қорғауы, оқу нәтижелерiнiң сапалығын анықтау – 8 сағат
Тыңдаушы ненi бiлу керек:
- компьютер құрылғыларының мәнiн;
- пернетақтамен жұмыс жасау технологиясын;
- мәтiндiк редакторды iске қосу мен оның жұмыс жасау технологиясын;
- Интернет туралы жалпы түсiнiктi;
- электрондық пошта туралы түсiнiктi.
Тыңдаушы ненi үйрену керек:
- компьютердi iске қосу мен оның жұмысын аяқтауды;
- пернетақталық жаттығудың мәнiн;
- мәтiндiк редакторлер арқылы құжаттарды өңдеу мен редакторлеудi;
- Интернетте ақпараттарды iздеу принциптерiн;
- Интернет арқылы әрiптестерiмен шығармашылық байланыс жасау
технологиясын;
- электрондық пошта арқылы ақпараттарды жiберу мен қабылдауды.
2-модуль. Бастауыш сынып мұғалiмдерiн ақпараттық технологияны пайдаланып
оқу процесiн ұйымдастыру негiздерi (36 сағат)
1. Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру жағдайында бастауыш мектепте
ақпараттық технологияны қолдану - 2 сағат
Бастауыш бiлiм берудi ақпараттандыру: мақсаты, негiзгi бағыттары және оны
жүзеге асыру. Бастауыш мектепте ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды қолданудың моделi.
2. Бастауыш мектепте компьютердi қолданудың физиологиялық және
психологиялық-педагогикалық аспектiлерi – 4 сағат
Бастауыш сынып оқушыларының компьютермен жұмыс жасаудағы физиологиялық
және психологиялық қауiпсiздiгi. Бастауыш сынып оқушыларының компьютермен
жұмыс жасау әрекеттерiн ұйымдастыру. Оқушыларға педагогикалық диагностика
өткiзуде ақпараттық технологияны қолданудың мүмкiндiгi.
3. Бастауыш мектепте оқыту процесiне электрондық құралдарды қолдану –
10 сағат
Бастауыш мектепте компьютердi оқытудың дидактикалық құралы ретiнде
қолдану. Программалық-педагогикалық оқыту құралдарының дидактикалық
функциялары. Бастауыш мектепте қолданылатын программалық құралдарды топтау,
олардың дидактикалық қасиеттерi мен оны қолдану мүмкiндiктерi.
Педагогикалық программалық құралдарды дидактикалық тұрғыдан талдау
негiздерi. Бастауыш сынып оқушылары үшiн Интернет-ресурстарды қолдану.
4. Бастауыш мектепте өткiзiлетiн сабақтарға оқытудың электрондық
құралдарын қолдану технологиясы – 6 сағат

Сыныпта және сыныптан тыс сабақтарда электрондық оқу құралдарын қолдану
барысында оқушылардың танымдық қызметтерiн ұйымдастыру формалары. Сабақта
ақпараттық технологияны пайдаланып топтық және ұжымдық жұмыстарды
ұйымдастыру. Бастауыш мектепте электрондық оқу құралдарын пайдаланып
сабақтың құрылымын құру және оны талдау.

5. Ақпараттық технологияны қолдану арқылы бастауыш сынып
оқушыларының жобалық қызметiн ұйымдастыру – 6 сағат
Бастауыш мектепте оқушылардың жобалық iс-әрекетi. Бастауыш мектепте
жобалық iс-әрекеттердi ұйымдастыру түрлерi мен типтерi. Жеке және топтық
жобалар, оларды ұйымдастыру технологиясы.
Бастауыш сынып оқушыларының жобалық iс-әрекетiн ұйымдастырудың
әдiстемелiк тәсiлдерi. Бастауыш мектепте жүзеге асырылатын жобалар
мысалдары. Бастауыш сынып деңгейiнде берiлетiн Интернет-жобаларды талқылау.
Консультациялар, курстық жұмыстарды орындау, тыңдаушылардың курстық
жұмысты қорғауы, оқу нәтижелерiнiң сапалығын анықтау – 8 сағат
Тыңдаушы ненi бiлу керек:
- бастауыш мектепте ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
қолданудың мүмкiндiктерiн;
- компьютермен жұмыс жасауда техника қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауды;
- педагогикалық программалық құралдарды талдау жолдарын;
- электрондық оқу құралдарын сабақта және сабақтан тыс уақытта қолдану
тәсiлдерiн;
- Интернетте жобалар жасау тәсiлдерiн.
Тыңдаушы ненi үйрену керек:
- бастауыш мектепте ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың
мүмкiндiктерiн жан-жақты қолдануды;
- компьютермен жұмыс жасауда санитарлық-гигиеналық және эргономикалық
талаптарды орындауды;
- электрондық оқулықтарды пәндердiң оқытылу процесiне пайдалануды;
- ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың жеке, топтық және
ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыруды;
- бастауыш мектепте Интернет желiсiнде түрлi бағыттағы жоба жұмыстарын
жасауды.
Бастауыш сыныпта информатикадан істейтін жұмыс құрылымы

Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен
логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету керек.
Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста
қалыптасады.
Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал
бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға
қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:
- Математика мен орыс тілі курстарымен сабақтастығы;
- Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу,
дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде
шеше білуге үйрету.
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып дамуы адам
қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік
техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң
көзқарасын қалыптастыруымен қатар, оқушылардың сыныпта және сынынтан тыс
оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру Қазақстан-2030 бағдарламасында
көрсетілгендей көкейтесті мәсслелердің бірі. Бұл мәселе бойынша тәжірибелер
жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған
ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой-өрісін шығармашылық
жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениетгілігін арттыру, оларды
компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы
мәселелердің әр түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің іс-
тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:
1.Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану
аркылы;
2.Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту аркылы;
3. Мектептерде балаларға арналган информатика үйірмелерін ұйымдастыру
арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір-бірімен ұштастырылса, жас
жеткіншектердің компьютерлік сауаттты, әрі компьютерлік мәдениетті болып
өсуіне жол ашады.
Ғылым мен тсхниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел карқынмен дамуы
білімнің негізі болып табылатын - бастауьш мектепке де өз әсерін тигізудс.
Сондықган бастауыш білім жүйесініңде көздеген мақсаты - әрбір оқушыны
информатика ғылымының алғашқы фундаментальды білім негіздерімен таныстыру,
өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық кабілеттерін дамытуда жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістсмесін ұсыну.
Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мекгепте оқытатын басқа пәндермеи
үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрдс меңгеруге қажетті дағдылармен
қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғаліміге
бастауыштағы оқу үрдісінің кұрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы
пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге
және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сонымен қатар, жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар
Ақпараттық технологияны оқыту процесінде пайдалану
Мектепте электрондық кестелермен жұмыс технологиясын оқыту ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану
Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
ИФОРМАТИКА САБАҒЫН ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША ОҚЫТУ
Информатиканы оқытуды ұйымдастыру
Пәндер