Қала, қолөнер және сауда



1 Қала, қолөнер және сауда
2 V.IX ғасырлардағы Қытай мәдениеті
3 Гугун мұражайы
4 Ұлы Қытай қорғаны
5 Орта ғасырлардағы Қытай мәдениеті
6 Қытай музыкасы
7 Қытай музыкасы туралы деректер
Б.з.б. 6 – 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы басқа). Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған.
Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 жылы жазылған. Б.з.б. 138 – 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты.
Сун дәуірінде (960 – 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады.
3 – 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс – Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.).
Кітап шығару тарихы Қытайда 5 – 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 – 03 жылы оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы сыналды (жер бетінде). Ал 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қала, қолөнер және сауда
Б.з.б. 6 - 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы басқа). Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған.
Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 жылы жазылған. Б.з.б. 138 - 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және Ұлы Жібек жолы арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты.
Сун дәуірінде (960 - 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады.
3 - 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс - Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі - қағаз жасау (2 ғ.).
Кітап шығару тарихы Қытайда 5 - 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 - 03 жылы оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы сыналды (жер бетінде). Ал 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды.
Қытай өнерінің ежелгі ескерткіштері б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болды. Неолит дәуірінде жасалған керамикалық бұйымдар сақталған. Инь мемлекеті тұсында айналасы дуалмен қоршалған қалалар пайда болды. Цинь мемлекеті (б.з.б. 221 - 207) кезінде Қытайдың ұлы қорғанының негізгі бөліктері салына бастады. Тан (618 - 907) және Сун (960 - 1279) мемлекеті дәуірлеп тұрған кезде қытай мәдениеті жан-жақты өркен жайды. Қытай музыкасы дүние жүзіндегі ең көне мәдени мұралардың бірінен саналады. Б.з.б. 11 - 6 ғасырлардағы жазбаларда кездесетін юэ (музыка) сөзі поэзия, би, бейнелеу өнері деген ұғымдарды да қамтыған.
Ежелгі қытай философы Конфуций тамаша музыканың мемлекеттік құрылысқа игі әсері тиетіндіктен оның арнайы құрылымдық сипаты болу керек деп тұжырымдаған. Дәстүрлі қытай оркестрінде 100-ге тарта музыкалық аспаптар қолданылады. Олардың негізгілері: шекті - сэ, цинь, пипа, ху (эрху, сыху, баньху); үрмелі - сяо, пайсяо, шэн; соқпалы - барабан, шылдырмақ қоңыраулар, тағы басқа Қытайдың театр өнері байси (жүз ойын-сауық) ойын түрінде пайда болған. Б.з.б. 2 - 1-мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде чан-ю (әнші актер), пай-ю (қуақы, комик) деген терминдер кездеседі. Тан дәуірінде (7 - 10 ғасырлар) ән мен бидің сахналық жаңа түрі - дацюй пайда болды. 8 ғасырдың орта шенінде Тан императоры Сюань-цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын Алмұрт бағы (Лиюань) атты театр мектебі құрылды. 17 - 19 ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинь-цян, юэцзюй, тағы басқа құрылды.
19 ғасырдың орта шенінде осы театрлар негізінде пекиндік муз. драма (цзинси) театры дүниеге келді. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.

III-VII ғасырлар аралығында Қытай мемлекетінде қалалар көбейе бастады. Үздіксіз соғыстарда қалалар қирап,орнына қайтадан жаңа қалалар бой көтеріп отырды. Қалалар негізінен сауда жолдарында, теңізжағаларында салынды. Ежелгі Қытай мемлекетінде Чанъань, Лоян, Тайюань, портты қала Гуанчжоу өсіп жетілді Қалалар көркейіп, қолөнер мен сауданың орталығына айналды. VII-IX ғасырларда темір өндіру ұсталық өнердің күшеюіне әкеліп, темірденшеге, кемелерге керекті зәкір, ауыл шаруашылығына қажетті құралдар шығарыла бастады. Мата тоқу өндірісі кең етек алды. Мата мақтадан тоқылды. Ежелгі қыш өндірісімен қатар фарфор өндірісі жедел өркендеді. Қытай фарфоры күні бүгінге дейін дүние жүзіне әйгілі. Сонымен қатар кітап басу ісі тез дами бастады. Қағаз өндіріліп, баспаханалар салынып, кітапты көптеп шығару қолға алынды.
VI-VIII ғасырлар аралығында сауда жедел дамыды. Қалаларда жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ішкі сауда күшейді. Қала саудасы тұрақты дүкендер мен жайма базарында жүргізілді. Сонымен бірге жекелеген тауарлар сатумен айналысатын базарлар да болды. Мысалы, жібек базары, дәрі-дәрмек, мал, киім, зергерлік бұйымдар сататын базарлар жұмыс істеп тұрды.
Ішкі саудамен қатар, сыртқы сауда да дамыды. Монғолиямен, Оңтүстік Сібір елдерімен сауда жүргізілді. Дүние жүзіне әйгілі болған Ұлы Жібек жолымен Жоңғария, Қашғария және Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан арқылы Батыс Еуропа елдерімен сауда жасалды. Сауда керуендері Қытайдан жібек мата, шай, қағаз, алтын және күмістен жасалған тауарлар, сырлы қыш ыдыстар, дәрі-дәрмек т.б. артып, ұзақ қиырларға сапар шекті. Қытай теңіз арқылы да әр түрлі елдермен сауда жасады. Теңіз саудасының орталығы Цзяжу, Чжаньцзян, Гуанчжоу портты қалалары болды. Теңіз арқылы үнді, парсы, арабелдерімен сауда жасасты. Тынық мұхит аралдары және Жапония елімен сауда жүргізді. Сауда кеме өндірісінің өсуіне әкелді. Ірі сауда кемелері 600-700 адамға дейін алып жүре алатын дәрежеге жетті. Сауда ақша айналымын өсірді. Қытай - ежелден теңге шығарып келген ел. XI ғасырдың басында Қытайда қағаз ақша шыға бастады.
V-IX ғасырлардағы Қытай мәдениеті
V-VI ғасырларда Қытай мемлекетінде өнер, әдебиет және ғылым дами бастады. Адамдардың табиғат жөніндегі танымы кеңейіп, халық емшілігі, аспан әлемі туралы көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Жоғарыда айтқанымыздай, Ежелгі Қытайда кағаз жасау, кітап шығару, шөптердің құрамын біліп, дәрілер әзірлеу ерте дамыды. Халық емшілігі ғылымы дүние жүзіне әйгілі бола бастады.
Будда дінінің таралуы жаңа дүниетаным тудырып, идеалистік көзқарас қалыптасты. Материалистік танымның негізін қалағанфилософ Фань Чжэнь еңбегінің маңызы зор болды. Қытай жиһангерлерінің еңбегі жаңа жерлерді білуге мүмкіндік ашты. Қытай географтары Үндістанға, Орта Азия елдеріне сапар шегіп, ондағы тұрғын халықтар өмірінен еңбектер жазды. 645 жылы Үндіжеріне барған Сюань Цзянь үнді халықтарының тарихы туралы кітап жазды.
Ян Цзянь мен Ян Гуан император сарайында кітапхана жинақтады. Қытайда каллиграфиялық жазудың негізі қаланды. Қытай мәдениеті будда идеологиясының ықпалында дами бастады. Будда шіркеуінде және оның маңында Будданың бейнесін салу, пагода тұрғызу (бірнеше қабат биік мұнаралар) қолға алынды.
VIII-X ғасырлар аралығында Қытайда білім беру, оқу ісі дами бастады. Көптеген мектептер ашылып, халықты жазу, окуға үйрету қолға алынды. Қытайда ақындар мен жазушылар көбейді. Ақындар Ли-Бо (701-762), Ду Фу (712-770), Бо Цзюй-и (772-846) еңбектері дүниежүзілік классикалық қорға қосылды. Қытай жазушысы Хань Юй (768-824) будда дінін сынап еңбек жазған. Адам тағдыры, әлеуметтік теңсіздік оның өлеңдері мен романдарының негізгі арқауы болды. Бұл кезеңде Қытайда будда және даосизм ілімдерін уағыздаушы конфуцийлік ағым кең етек алды.

Гугун мұражайы
Гугун мұражайы - ортағасырлық қытай сәулет өнерінің бірегей ескерткіші. 1420 жылы Пекин қаласындағы Тянаньмэнь алаңының солтүстік жағына салынған Мин және Цин әулеті императорларының сарайы болды. Аумағы 723600 метр квадрат. Айналасы биіктігі 10 метр дуалмен қоршалған. 1912 жылы Қытайда патшалық билік жойылып, республика жарияланған соң сарайдың бір бөлігінде ескі мәдени жәдігерлер көрмеге қойыла бастады, 1918 жылы мемлекеттік мұражай осында көшірілді. 1925 жылы Қытай үкіметі оны Гугун мұражайы етіп қайта құрып, көпшіліктің көруіне рұқсат берді. Экспонаттардың жалпы саны 1 миллион 100 мың. Мұражайда сирек кездесетін тарихи, әдеби, діни қолжазбалар мен ксилографиялық кітаптардың 500 мыңнан астам данасы сақтаулы. Олардың ішінде қытайшадан басқа шүршіт (маньчжур), моңғол, тибет, ұйғыр, түрік-шағатай жазуындағы кітап, қолжазбалар да мол. 1948 жылы Гоминьдан үкіметі Гугун мұражайынан әр түрлі мұралар мен сирек кездесетін қолжазба кітаптардың 230 мыңнан астам данасын Тайваньға алып кетті. 1965 жылы Тайвань - Гугун мұражайы ашылды.
Ұлы Қытай қорғаны
Қытайдың көрнекті орындарының арасында Ұлы Қытай қорғаны алғашқы болып ауызға түседі. Бізде Ұлы қорғанда болмаған адам, өмірінде ештеңені де көрмеген, деген сөз бар қытайлықтарда.
Ұлы қорған ирелеңдеген тас соқпақты жолдың қалтарысында күтпеген жерден алдыңнан шыға келіп, алып тұлғасымен көз алдыңа тұра қалады. Оның 15 метрлік тіс тәрізді дуалдары таудың құзар шыңдарына өрмелеп, біресе шатқалға құлдилай, оны кесіп өтеді де, қайтадан қайқаң етіп, өрге көтеріледі. Осылайша ұлы ғажайып ескерткіш Қытайдың шығысынан батысына қарай алты мың километрден астам созылып жатыр.
Ұлы Қытай қорғаны - адамзаттың ақыл-ойымен жасалып, ғарыштан да айқын көрінетін аз ғана алып құрылыстардың бірегейі. Әрине, біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда салынған бұл құрылыс көне замандардан сыр шертеді, бірақ та оның бірқатар бөліктері сақталмаған. Ал Бейжіңге таманғы бөлігі туристер үшін жаңғыртылып, қайтадан қалпына келтірілді.
Қорған құрылысы Цинь Шихуан императорға дейін ежелгі қытай кінәздіктерін жауынгер көшпелілерден қорғау үшін салыныпты. Қорғанды салу Цинь әулетінің билігі құлағаннан кейін де жалғаса берген. Алайда тарих осы құрылыстың салу идеясын Цинь әулетінің негізін салған император Цинь Шихуанның есімімен байланыстырады.
Мынадай бір заңдылық бар: мемлекет күшті болса, оған мыз-ғымас дуалдардың қажеті жоқ, оған батылы барып, көрші елдер шабуыл жасай алмайды. Ал, мемлекеттің күші әлсіресе, оған ешқандай қорған да, берік қамал да дауа бола алмайды. Қорғанның іргесі қанша мықты болып, қат-қабат қоймалармен жасақталып, терең құдықтарымен жау алмастай бекісе де, уақыт өте келе, әлсіздіктің, сатқындықтың, жел сорып, үңгудің, жарылыстың, шапқыншылықтың және басқа да себептердің әсерінен бүліншілікке ұшырайды. Батыйдың күшіне төтеп бере алмаған Рязань құлады, Вавилонның, Иерихонның да күлі көкке ұшты, Мажино мен Зигфрид желілері де шыдас бермеді. Ұлы Қытай қорғаны - қытай императорларының есепсіз байлығынан, өркөкіректігі мен қуатынан, қытай шеберлерінің еңбек сүйгіштігі мен шыдамынан сыр шертетін қайғылы ескерткіш, бірақ та осыншама құрбандықтың өтеуі болмады, қарымтасы қайтпады, қорған өзінің атқарар рөлін ақырына дейін орындай алмады.
Ежелгі және орта ғасырларда Солтүстік және Батыс Қытайдың далалары мен шөлдерін ер мінезді де өршіл көшпелілер мекендеді. Қытай империясы күшейген кезеңдерде оның әскерлері аздаған уақыт осы жерлердің тұрғындарын өздеріне бағындырды, бірақ Қытайдың күші әлсіреп, өзара жаулас-қан облыстарға бөлініп кетті, шаруа көтерілістері оны одан әрі титықтатты. Енді солтүстік және батыс көшпелілері, әсіресе, чжоу және ғұн тайпалары қайтадан күш алып, ішкері дендей еніп, адамдарды тұтқынға алды, малды айдап кетті, ал кейде астананы да басып алып, билік басына өз адамдарын қойды. Моңғол және мәнжүр әулеттері осылайша қалыптасты. Дей тұрғанмен, Қытай жеңімпаздарды өз бойына сіңіріп, миллиондаған қытайлықтардың ішіне мидай араластырып, өз мәдениеті мен дініне үйретіп, бірнеше ондаған жылдардан кейін қайтадан дәуірлеп, тәуелсіздікке қолы жетті.
Көшпелілер әуелде қалаларға шабуыл жасау тәсілдерін жетік білмеді. Олардың өз кенттері мен қалалары болған жоқ және ат үстінде ұрыс салуға машықтан-ған болатын. Олар кейіннен азиялық және еуропалық орыс мемлекеттері мен кінәздіктерінің бекіністерін жаулау кезінде біраз жаттығып, асу бермес қамалдардың іргесін сөгудің айла-тәсілдерін үйреніп алды. Олардан сескенген Қытай мемлекеттерінің билеушілері біздің заманымызға дейінгі ІV және ІІІ ғасырларда көшпелілер өтетін асулар мен дәстүрлі жолдар бойына бекініс қабырғаларын тұрғыза бастады. Әуелде топырақтан үйілген дуалдардың ұзындығы кейде ондаған километрге созылып жатты. Алғашқы кезде көшпелілер жасақтары бұл дуалдардың алдында ошарылып қалғанымен, кейіннен қорғанның осал тұстары да белгілі болды: өйткені, қорғаусыз әрі иесіз қалған еді. Өзара тартысқа бой алдырған Қытай билеушілері батыс шекараларын қорғауды ұмытып кетті. Дуалдардың тағы бір әлсіздігі: оларды айналып өтуге болатыны еді.
Біздің дәуірімізге дейінгі 246 жылы Цинь мемлекетінің тағына Чжэн отырды, ол жас мемлекетті нығайта отырып, Қытайдың соңғы тәуелсіз кінәздіктерін бағындырғаннан кейін өзін "тұңғыш Цинь императоры" деп жариялады. Ол тарихқа Цинь Шихуанди деген атақпен енді. Цинь Шихуанди ерекше жігерлі әрі даңққұмар адам болатын. Оның тұсында аса ірі құрылыстар салынды. Өзіне тірі кезінде биіктігі 500 шынтақ, айналасы 5 мың шынтақ болатын кесене тұрғызды, оның төбесіне жұлдыздар бейнеленді.
Қытай империясының осы қатал билеушісінің есімі көптеген аңыз-әпсанаға негіз болды. Ол тұңғыш рет қырық ру болып, бөлшектелген кінәздіктердің басын қосып, біртұтас мемлекет құрды, бүкіл ел үшін бірыңғай салмақ өлшемі енгізіліп, арба жолдары салынды. Оның әмірімен миллиондаған адамды қасіретті құрбандықтарға ұшыратқан Ұлы Қытай қорғаны тұрғызылды.
Мұндай құрылыс орасан көп жұмыс күшін талап етті. Бұл проблеманы да Цинь Шихуанди өзіне тән кең құлашпен, қарапайым әдіспен шешті. Бұдан екі мың жыл бұрын пайда болған осынау құрылыс жөнінде астрономиялық есепсіз деректер келтіріледі. Айталық, кесене салуға жеті жүз мың адам жұмылдырылған. Сарай құрылысына, суландыру жүйелеріне және Ұлы қорғанға - миллиондаған адам құмырсқаша жабылған. Мұндай орасан көп адамды табуға императорға соғыста қолға түскен тұтқындар (жүздеген мың соғыс тұтқындары) және мемлекетті "у" және "ши" етіп бөлуі көмектесті. Егер бір адам заң бұзып, қылмыс жасаса, ондаған отбасы құлдыққа түсті. Сөйтіп, жазықты болған ондаған отбасы Цинь Шихуандидің ұлы құрылыстарына айдалып кете барды. Онда адамдарды сүліктей сорды: кесене, сарайлар, арналар, соның ішінде, ең алдымен Ұлы Қытай қорғаны азап шеккен миллиондаған жұмысшылардың қаңқасы үстінде тұрғызылды. Күніне мыңдаған, он мыңдаған адам қаза болды, олардың орнын жаңадан келгендер басты.
Цинь Шихуанди Ұлы Қытай қорғанының негізін қалауға үлгіріп кетті. Бірақ та осыншама күш пен қисапсыз адамның ажал құшуына себепкер болған қор-ған діттеген мақсаттан шықпады, оған кеткен құрбандықтарға бірде-бір соғыс шығыны тең келмейді. Алғашқы кезде Ұлы Қытай қорғаны бұрын салынған бірнеше дуалдарды біртұтас қосты. Сонымен қатар, оның әр жерінен мұнаралар тұрғызылды. Міне осы көптеген километрлерге созылған құрылыс Ішкі Қытай қорғаны деп аталады.
Цинь империясы құлағаннан кейін құрылыс уақытша тоқталып, көшпенділердің шабуылы тоқталмайтыны және олардың қорғалмаған оңтүстік және солтүстік жағынан айналып өтетіні белгілі болғанда, келесі императорлардың тұсында қайтадан қолға алынып отырды. Сөйтіп мың жылда қорған күрделі тармақталған түрге енді. Қытай қорғаны туралы айтқанда, біз кейінірек салынған Ішкі Қытай қорғанын мегзейміз, ол ХVІ ғасырдың ортасында Мин әулеті тұсында аяқталды.
Қытай билігіне бірнеше жүз мыңдаған адамды құрылысқа тарта алатын неғұрлым күштірек әулет келген бойда қорғанға қайтадан керуендер ағылып, құлдар мен барлық провинциялардан күштеп әкелінген шаруалар бейнетті де опасыз осы іске арамтер болып, қайтадан жегілді, құрылыс басы қан сасып, мыңдаған пақырлар аштық пен аурудан өліп жатты. Ал, арасында жұмыс тоқтаған кездерде қорған қараусыз қалып, қытай жеріне VІІ ғасырда алтай түркілері, ХІІІ ғасырда - моңғол жасақтары басып кірді, сондай-ақ 1449 жылы моңғолдың ойрат тайпасының көсемі Эссен бастаған шапқыншылар ат ойнатып, Бейжің қорғанына таяу келді.
Соңғы соғыс Мин әулеті императорларын қорған құрылысын аяқтауды тездетуге мәжбүр етті. Императорлар егер қорған оның қанаттарын айналып өтуге болмайтындай неғұрлым ұзын болса, Қытайға қауіп төнбейді деген алдамшы ойға шүбәсіз сенді. Сөйтіп, оның ұзындығы екі мың жеті жүз километрге жетті, ал қапталдас дуалдары мен тамақтарын қоса есептесек, алты мың километрге жетеді.
Алайда, оның толық аяқталғанына жарты ғасырға да жетпейтін уақытта император армиясының азғындауын және шаруалар көсемдерінің күштері бірікпеуін өз мақсаттарына ұтымды пайдалана білген мәнжүрлер қорғанды бұзып кіріп, Бейжіңді басып алды. Қытайды түбегейлі бағындырғанға дейін де мәнжүрлер Ұлы қорғанды бірнеше рет кесіп өтіп, мыңдаған тұрғындарды тұтқынға алып, малдарын айдап кеткен болатын. Осындай шапқыншылықтардың бірінде олар төрт миллион адам мен жарты миллион малды олжалады.
Орта ғасырлардағы Қытай мәдениеті
Орта ғасырлардағы Қытай мәдениетінің орны өте ерекше. Олардың өнері өзіне ғана тән қайталанбайтын қасиеттерімен дараланды. Үнді өнерімен салыстырғанда, ортағасырлықҚытай өнерінде анағұрлым қатаң әрі ұстамды стиль де және поэтикалық толғаныс та басымырақ.

Қытай Аты Тан Династиясы

Китай каллиграфиясы, Ми Фу поэтімен жасалған Сұң Династиясы

Чан Чунь храмы
Қытайдың ағаштан жасалған сәулеттік өнері өзінің пропорцияларының жеңілдігімен, айқындылығымен, өрнекті оюларының әсемдігімен және иілген қанаттарының ырғақтылығымен қызықтырады. Қытай кескіндемесіндегі анық байқалатын құбылыс -- лиризм, аса қатты көзге түспейтін тұнық бояу түстеріндегі үйлесімділік. Ал Будда мүсіндері күшейтілген динамикаға мүлдем жуықтамайтын сызықтардың жұмсақтығымен, дене қимылдары мен бет пішінінің құндылығымен, дене құрылысының калыпты салмақтылығымен ерекшеленеді.
Елдегі феодалдық құрылым өте ертеде, II жән IV ғасырлар ширегінде қалыптасты. Шығыс елдерінің бірқатары ортағасырлық өркениетке енді ғана ене бастаған кездің өзінде, ондағы көркем өнер гүлденудің биік шыңына қол жеткізіп үлгерді. Орта ғасырлар Қытай тарихындағы барынша ұзақ мерзім ғана емес, бұл елдің рухани деңгейінің мүмкіндігінше көтерілген тұсы. Аса үлкен калалар мен зәулім сарайлардың, бақтар мен храмдар, яғни көптеген құрылыстардың гүлденген кезеңі болды.
Бұл уақытта новелла, роман секілді әдеби шығармалардың жаңа түрі пайда болды. Поэзия мен проза, театр мен музыка, мүсін мен сәулетшілік, кескіндеме мен көптеген қолөнер түрлері дамудың биік сатысына жетті. Шығыс елдеріне қытай философтары мен ақындарын, өнер теоретиктерін кеңінен таныстыруға мүмкіндік берген кітап басу өнері қалыптасты. Сонау алыс дәуірлердегі білім мен ілімді таратушылар, басқа елдердің өмірін зерттеп, сол елдерге өз білімін жеткізу үшін ұлан-ғайыр жерлерді аралап, түрлі қиыншылықтарды бастан өткізген саяхатшы ғалымдар және дәруішмонахтар еді. Солардың бірі Үндістандағы Ганга өзенінің жағасына дейінсаяхат жасаған, сол саяхаттан алған бақылауларын "Батыс елдері туралы жазбаларда" керсеткен, VII ғасырдың тамаша философы Сюань Цзань еді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық Византия қалалары
Орта ғасырдағы Қазақстанның қала мәдениеті (VI - XVII ғғ. )
Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы
Византия қалаларының құлдырау себептері
Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері
Қалалардың қалыптасуы
Қалалар мен қалалық қоныстар
Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмыстарында таспамен жұмыс технологиясын үйрету
Қазақстанның ежелгі қалалары
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Пәндер