Ұлпалардың жүйесі. Меристемалар. Меристеманың түрлері. Паренхима және олардың қызметтері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚММУ Ф 43-0503
2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биологияжәне медициналық генетика кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырып 1. Ұлпалардың жүйесі. Меристемалар. Меристеманың түрлері. Паренхима және олардың қызметтері.

Мамандығы:5В011300 Биология
Пән: Ботаника
Курс: 1

Құрастырушылар:
Дюсенбекова Б.Н.
ҚалиеваГ.Т.

ҚАРАҒАНДЫ 2014

Кафедра отырысында талқыланып және бекітілді.
Хаттама № ____ ____2014

Кафедра меңгерушісі ____________________ Б.Ж. Құлтанов

-

Тақырып 1. Ұлпалардың жүйесі. Меристемалар. Меристеманың түрлері. Паренхима және олардың қызметтері.
Мақсаты: өсімдіктерге тән ұлпаның (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы) түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір-бірінен айырмашылығын оқыту.

Оқыту мақсаты:
1. 1. Өсімдік жасушасының ұлпаларын оқыту.
2. Меристемалар, ұлпалардың түрлерін оқыту.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1 Ұлпалардың жалпы сипаттамасы.
2. Ұлпалардың қызметі.
3. Ұлпалардың құрылысы.

Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптық семинар: сабақ тақырыбын талқылау және өңдеу, тесттілеу, жүйелік семинар: оқытылатын тақырып бойынша мәселелерді талқылау және терең танысу, оқу сұхбаттасу: берілген тақырыптың сұрақтары бойынша білімін бекітіп және жақсарту үшін арналған сұрақтар.

Әдебиет:
Негізгі:
1. Ә.Ә. Әметов Ботаника. Жоғары медицина және колледждеріне арналған оқулық Алматы: Дәуір, 2005-512 б.
Қосымша:
1. Уғлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы: оқулық - 2-ші толықт. Бас.- Алматы: Дғуір, 2009.- 336 с. Ботаника:Учебник для вузов (по спец. 0405 Фармация). 2-е изд., испр.- СПб.:СпецЛит, СПХФА,2003.-647с.
2. ЯковлевГ.П., ЧеломбитькоВ.А.; Под ред. КамелинаР.В.. Ботаника:Учебник для вузов (по спец. 0405 Фармация). 2-е изд., испр.- СПб.:СпецЛит, СПХФА,2003.-647с.
3. КислицкаяВ.Н.: Высшие растения: Учеб.- метод.посКГМА.-Караганда,2007.- 56 с.
4. ЗакревскийВ.В.:Генетически модифицированные источники пищи растительного происхождения: прак. Руков. По санитарно-эпид. Надзору: учеб. пособие.- СПб: Диалект, 2006.- 152 с.
5. ЗакревскийВ.В.:Развитие фитохимии и перспективы создания новых лекарственных препаратов.- Алматы: Ғылым.- 2004
6. КузнецовВ.В., КузнецовВ.В., РомановГ.А.: Молекулярно-генетические и биохимические методы в современной биологии растений.- БИНОМ. Лаборатория знаний, 2012.- 487 с.

Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады, тітіркенеді, зат алмасады. Тарихи дамудың нәтижесінде құрылысы күрделеніп көп жасушалы ағзалар пайда болды. Өсімдіктердің жеке-жеке мүшелерге жіктелуінің арқасында көлемі ұлғайып, сыртқы ортамен байланысы күшейіп, қоректік заттарды сіңіруі жақсара бастады.
Өсімдіктің өсуі мен дамуы жеке мүшелерінің қызметін күрделендіре түсті, құрылысы ұқсас, атқаратын қызметі бірдей жаңа жасушалар түзілді.
Шығу тегі бірдей құрылысы мен қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа д.а. Нағыз ұлпалар папротниктәрізділерде, ашық тұқымдыларда, гүлді өсімдіктерде жақсы, ал мүктерде өте нашар дамыған.
Атқаратын қызметіне қарай ұлпалар түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек (механикалық), өткізгіш, бөліп шығарушы деп топтастырылады. Ұлпа жасушалары тірі және өлі болады. Өлі жасушаларының ішінде цитоплазмасы болмаса да өсімдікке қажетті физиологиялық қызмет атқарады. Жасушааралық кеңістіктері аз болса, ұлпа жасушалары бір-бірімен өте тығыз, ал кең болса арасында бос орын көбірек қалып бостау орналасады.
Ұлпа - жасушалардың бөліну, өсу, жіктелу нәтижесінде пайда болған (түзілген) шығу тегі, құрылымы және атқаратын қызметі бірдей жасушалар жүйесі.
Түзуші ұлпалар (меристема - грекше меристос - бөлінуші) ұдайы бөлініп жаңа жасушалар түзіледі. Жануарларда түзуші ұлпа болмайтындықтан өсуі шектеулі болады. Өсімдікте орналасуына қарай: а)төбе(апикальды); ә)бүйір(латеральды); б)қыстырма(интеркалярлы); в)жарақат(каллюс) меристемасы деп бөлінеді. Өсімдіктің ең алғаш өсуі өркені мен тамырының ұшында орналасқан төбе меристемасы мен жанама меристемасы жасушаларының бөлінуінен басталады.
Түзуші ұлпа жасушалары бір-біріне тығыз жанасқан майда- қабықшасы жұқа пектинді - целлюлозалы, цитоплазмасы қою, ядросы ірі, вакуольдері ұсақ (нашар дамыған), қарқынды бөлініп, жаңарып тұрады.
А. Төбе меристемасы (апикальды - латынша апекс - ұшы, төбесі) сабақ пен тамырдың ұшында орналасқандықтан ұзарып өсіреді (сабақ пен тамырдың ұзарып өсуі). Әрбір өркен, тамыр, одан таралған бұтақтарының ұшында, ұрық тамыршасы мен бүршікшесінде төбе меристемасы орналасқан жері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік ұлпасы түзуші ұлпалар немесе меристемалар
Өсімдік ұлпалары туралы жалпы түсінік
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелуі
«Өсімдік ұлпалары: Түзуші, негізгі, жабындық»
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Алмұрт ағашына сипаттама
Апикальды меристемаларды криосақтау
Өсімдіктердің даму циклі барысында ұрпақтардың ауысуы
Өсімдік ұлпасы
Пәндер