Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың түрлері



Жоспары:

Кіріспе

І. Тарау.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ.
1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістері, аудиторлық бақылау
1.3.Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыру .

II.Тарау. ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
2.1Қаржы және бюджеттік құқық негіздері
2.2.Салық ұғымы,жүйесі түрлері
2.3.Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу

III.Тарау.ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
3.1.Қаржы нарығының жалпы түсінігі
3.2.Бағалы қағаздар нарығының механизімі,эмитенттері , кәіби мамандары, басқа қатысушылар мен қалыптасуы.
3.3.Өнеркәсіп қаржысы, міндеттері , кәсіпорындағы қаржы қатынастары,

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе:
Кез келген экномикалық иглікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатынын дүниежүзілік тәжирибие көрсетіп отыр.
Қазақстан экномикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу - сатудың нақты обьектісі ақшаның ролін арттыруды шұғыл қажет етеді.
Ақшаның сатып алу-сату төлем қаражаттарынның, несие ресурстарының және сан алуна бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторына пайда болуына себепші болады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикада жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шелетдік валютаны және шетелдік валютадағы сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйсі.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрған мәселелердің бірі – теңгенің айырбастымдылығы. Бір жағынан теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақтсанның дүние жүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушы бола алмауна жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алады. Еліміздің комерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта тулары заңдар қарама-қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұру мен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық эономиканы долларландыруға әкеліп соқты. Қаржы бақылауы – қоғамдық жиынтық өнімнің белгілі бір мақсаттарға жұмсалатын тиісті қаражат қорларының құндық бөлісінің дәлелдігін тексеруге бағытталған арнайы қызмет түрі.
Бақылау (контроль) термині «контра рутулс» деген латын сөзінен шыққан. Оның мағынасы «қарсы қою».
Қаржыға экономикалық категория ретінде бақылау қызметі тән болғандықтан, қаржылық бақылау объективті қажеттілік болып табылады.Осы қызмет арқылы қаржы қорлардың арақатынасы туралы, олардың қалыптасу көздері, пайдаланылуы туралы, олардың қалыптасу көздері, пайдаланылуы туралы, бөлудің қалыптасқан пропорциялары туралы алдын ала хабардар етеді. Қаржының бақылау қызметі қоғам тарапынан, ең алдымен, мемлекет тарапынан өндіріс, айырбас, материалдық игіліктерді бөлу және тұтыну процесіне ықпал ету мүмкіндігін туғызады, бірақ мүмкінідік қоғамдық қатынастарға адамдар қатысқанда, белгілі бір жағдай туғанда ғана іске асады:
1) айрықша бақылау органдарын құру;
2) оларға білікті мамандар алу;
3) бұл органдардың құқықтарын реттеу;
Сөйтіп, бақылау қызметі қаржыны бақылау құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы қолдану қоғамдық өндірістегі қаржы қызметі барысында іске асырылады.Егер қаржы экономикалық қатынастың базисі, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігі болса, онда қаржылық бақылау оны басқарудың бірден-бір элементі ретінде (жоспарлау, еспке алу, талдаумен қоса) қондырмалық категория болып табылады.
Қаржылық бақылаудың ерекшелігі – ол ақша түрінде іске асырылады.Оның тікелей объектісі табыстар мен жинақтарды қалыптастыру процестерінде ақшалай қорларды жасау мен пайдалану табылады.Алайда қаржылық бақылаудың іс-қимылы қаржы қатынастарының әлдеқайда кең ауқымын қамтиды.Өйткені қаржы басқа құн категориялармен: еңбекақымен, өнімнің өзіндік құнымен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі және айналым), күрделі қаржы мен тығыз байланысты.Өндірістік емес салалардағы мекемелер мен ұйымдардың бюджеттен бөлінген қаржаттарды дұрыс пайдалануын бақылауы олардың қызметінің барлық жақтарын: -- жүйені толық қамтуды, қаржы жұмсаудың белгіленген нормаларының сақталуын қамтиды.
Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.
Мыналар бақылауды жүргізудің негізгі принциптері болып табылады:
1)бақылаудың дүркінділігі, жаппайлылығы, әмбебаптығы; бақылаудың алдын алушылық сипаты;
2)пәрменділігі, нақтылығы, жариялылығы; бұларға бақылау жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, терең негізделген әдістер қолданылып, іс мұқият тексеріліп, нақты ұсыныстар жасалса ғана қол жеткізілуі мүмкін;
Бақылаудың әділдігі;
Бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі;
Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашатын негізгі міндеттері:
1 Мемлекет ұйымдар мен халық алдындағы қаржы міндеттерінің орындалуының тексеру;
2 Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың өздерінің қарамағындағы ақша ресурстарының ( бюджеттік және меншікті ресурстардың банкі ссудаларының бюджеттен тыс қаражаттарының) дұрыс пайдалану тексеруі;
3 Кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің қаражаттарын сақтау, қаржы операцияларын, есептерін жетілдіріп, ережелерін тексеру;
4 Өндірістің ішкі резервтерін анықтау – шаруашылықтың рентабелділігін арттыру, еңбек өнімділігін өсіру, айналым
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Жандосов О.А.
«Ізденіс нәтижесіз емес» // Қаржы-қаражат 1998 №1-с 9-14б
2. Молдабекова А.Н.
«Нарықтық қатынастардағы халықтың қаржыгерлерінің қалыптасуы»// Финансы
Казахстана 2004 №1-с 41-44
3. Маханова З.А. Самбетбаева А.К.
«Қаржылық талдау – кәсіпорындарды басқарудың құралы» Қазақстан жаңа үл-
гідегі.... Конф. Материал ІV бөлім -А 2001 169-174б
4. Мельников В.Д. Ильясов К.К.
«Қаржы» Алматы «Экономика» 1994 80-85
5. Яновская О.А.
«Қазақстандағы қаржы байланыстарының ішкі коорпарациялық мониторингі және талдануы» // Қаз ЭУ хабаршысы 2002 №3 37-31б
6.Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С.А
«Қаржылық бақылау» // Қаржы Алматы 2005 114-136б
7. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2001ж
8.Мақыш С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2000 ж
9.Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы, 2000 ж.
10.Банктегі бухгалтерлік есеп жэне есеп беру. Н.А. Ғүмар, Р.Ж.
Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000.
11.Банк хабаршысы. 2000

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе

І. Тарау.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ.
1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістері, аудиторлық бақылау
1.3.Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыру .

II.Тарау. ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
2.1Қаржы және бюджеттік құқық негіздері
2.2.Салық ұғымы,жүйесі түрлері
2.3.Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу

III.Тарау.ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
3.1.Қаржы нарығының жалпы түсінігі
3.2.Бағалы қағаздар нарығының механизімі,эмитенттері , кәіби мамандары,
басқа қатысушылар мен қалыптасуы.
3.3.Өнеркәсіп қаржысы, міндеттері , кәсіпорындағы қаржы қатынастары,

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе:
Кез келген экномикалық иглікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге
болатынын дүниежүзілік тәжирибие көрсетіп отыр.
Қазақстан экномикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына
көшуі сатып алу - сатудың нақты обьектісі ақшаның ролін арттыруды шұғыл
қажет етеді.
Ақшаның сатып алу-сату төлем қаражаттарынның, несие ресурстарының және
сан алуна бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық
шаруашылығының айрықша секторына пайда болуына себепші болады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы
экономикада жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға
көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және
валюта нарығының құрылуын талап етті.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шелетдік валютаны және шетелдік
валютадағы сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық
қатынастар жүйсі.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап
тұрған мәселелердің бірі – теңгенің айырбастымдылығы. Бір жағынан теңге
бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады.
Бірақ бұл шектеулер, Қазақтсанның дүние жүзілік валюта нарығының толық
құқылы қатысушы бола алмауна жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол
қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы
институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алады. Еліміздің
комерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның
айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды.
Валюта тулары заңдар қарама-қайшы және толық емес. Еліміздің валюта
нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі
айырбасталымдылық жолына тұру мен анықталады. Валютаны еркін алып-сату
отандық эономиканы долларландыруға әкеліп соқты. Қаржы бақылауы – қоғамдық
жиынтық өнімнің белгілі бір мақсаттарға жұмсалатын тиісті қаражат
қорларының құндық бөлісінің дәлелдігін тексеруге бағытталған арнайы қызмет
түрі.
Бақылау (контроль) термині контра рутулс деген латын сөзінен
шыққан. Оның мағынасы қарсы қою.
Қаржыға экономикалық категория ретінде бақылау қызметі тән
болғандықтан, қаржылық бақылау объективті қажеттілік болып табылады.Осы
қызмет арқылы қаржы қорлардың арақатынасы туралы, олардың қалыптасу
көздері, пайдаланылуы туралы, олардың қалыптасу көздері, пайдаланылуы
туралы, бөлудің қалыптасқан пропорциялары туралы алдын ала хабардар етеді.
Қаржының бақылау қызметі қоғам тарапынан, ең алдымен, мемлекет тарапынан
өндіріс, айырбас, материалдық игіліктерді бөлу және тұтыну процесіне ықпал
ету мүмкіндігін туғызады, бірақ мүмкінідік қоғамдық қатынастарға адамдар
қатысқанда, белгілі бір жағдай туғанда ғана іске асады:
1) айрықша бақылау органдарын құру;
2) оларға білікті мамандар алу;
3) бұл органдардың құқықтарын реттеу;
Сөйтіп, бақылау қызметі қаржыны бақылау құралы ретінде пайдалану үшін
объективті жағдай жасайды, ал оны саналы қолдану қоғамдық өндірістегі қаржы
қызметі барысында іске асырылады.Егер қаржы экономикалық қатынастың базисі,
яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігі болса, онда қаржылық бақылау оны
басқарудың бірден-бір элементі ретінде (жоспарлау, еспке алу, талдаумен
қоса) қондырмалық категория болып табылады.
Қаржылық бақылаудың ерекшелігі – ол ақша түрінде іске
асырылады.Оның тікелей объектісі табыстар мен жинақтарды қалыптастыру
процестерінде ақшалай қорларды жасау мен пайдалану табылады.Алайда қаржылық
бақылаудың іс-қимылы қаржы қатынастарының әлдеқайда кең ауқымын
қамтиды.Өйткені қаржы басқа құн категориялармен: еңбекақымен, өнімнің
өзіндік құнымен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі және айналым),
күрделі қаржы мен тығыз байланысты.Өндірістік емес салалардағы мекемелер
мен ұйымдардың бюджеттен бөлінген қаржаттарды дұрыс пайдалануын бақылауы
олардың қызметінің барлық жақтарын: -- жүйені толық қамтуды, қаржы
жұмсаудың белгіленген нормаларының сақталуын қамтиды.
Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық
бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі
шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық
бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде
шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.
Мыналар бақылауды жүргізудің негізгі принциптері болып табылады:
1)бақылаудың дүркінділігі, жаппайлылығы, әмбебаптығы; бақылаудың
алдын алушылық сипаты;
2)пәрменділігі, нақтылығы, жариялылығы; бұларға бақылау жұмысы
дұрыс ұйымдастырылып, терең негізделген әдістер қолданылып, іс мұқият
тексеріліп, нақты ұсыныстар жасалса ғана қол жеткізілуі мүмкін;
Бақылаудың әділдігі;
Бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі;
Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашатын негізгі міндеттері:
1 Мемлекет ұйымдар мен халық алдындағы қаржы міндеттерінің
орындалуының тексеру;
2 Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың өздерінің қарамағындағы
ақша ресурстарының ( бюджеттік және меншікті ресурстардың банкі
ссудаларының бюджеттен тыс қаражаттарының) дұрыс пайдалану тексеруі;
3 Кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің қаражаттарын сақтау,
қаржы операцияларын, есептерін жетілдіріп, ережелерін тексеру;
4 Өндірістің ішкі резервтерін анықтау – шаруашылықтың
рентабелділігін арттыру, еңбек өнімділігін өсіру, айналым
қаражаттарының, айналымдылығын тездету, материалдық және ақшалай
қаражатты үнемді және тиімді пайдалану мүмкіндіктерін анықтау;
5 Қаржы тәртібін бұзуды болдырмау және алдын алу. Мұндай жағдайда
ұйымдарға,лауазымды адамдарға белгіленген тәртіппен шаралар
қолданылып, мемлекет пен ұйымдар шығындарының өтелуі қамтамасыз
етіледі;
Қаржы тәртібі – бұл мемлекеттің, кәсіпорындармен ұйымдардың ақша
қорларын құру, бөлу және пайдаланудың белгіленген тәртібін айқын сақтау
деген сөз.
Нарықтық қатынасқа көшу барысында қаржылық бақылау елеулі өзгерістерге
ұшырауда .Жаңа экономикалық қатынастар ұдайы бақылауды қажет
етпейді.Үздіксіз бақылау нарықтық қатынасты тежейді, меншік формалары
өзгереді,баға ырықтандырылып экономикалық жағдай дағдарысқа ұшыраған өтпелі
кезеңде қаржылық бақылауды басқару мейлінше қиын. Мұндай жағдайда қаржы
тәртіптері, заңдары бұзылып, мемлекеттік меншікті талан – таражға салу
сияқты келеңсіз құбылыстар белең алады. Сондықтан қаржылық бақылау
шаруашылық өмірдегі келеңсіз құбылыстарға тосқауыл қоюы тиіс.Қоғамдық
мүдделерді қорғап, мемлекет ұдайы өндіріс процессіне араласады.Мұнда
қаржының бақылау қызметі пайдаланылып, формалары мен әдістері жетілдіріліп
отырады.

1. Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ
БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі
Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің
бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты
басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың брлуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға
бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған.Бұл функция
арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы,
оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп
отырады.Қаржылық бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру,
айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан
ықпал жасауға мүмкіндік береді.Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық
қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың
кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен
толықтырғанда; бұл органдардың құқықтары реттелмегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде
пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану
қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырлады.Егер
қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір
бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық
бақылау қондырмалық категория болып табылады.Практикада қаржының бақылау
функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды
бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау
қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық
қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып
табылады.Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі.Басқа жағынан, қаржылық
бақылаудың нәтижелілігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда
пайдаланады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: эконмикалық заңдадың
талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және
қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы
(бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік
мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек,
материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді
пайдалану.Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа
түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, саяси бақылаумен жиі тура
келуі мүмкін.Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз
байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу
қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының
көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған
сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресустарға
қаражаттарды жұмылдытудың уақыттылғы мен толымдылығын тексеру;
3) сееп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру;
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
А) бақылаудың реттілігі, жаппайлылығы, әмбебаптығы;
Б) бақылаудың првентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
С) әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын
дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты
зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
Д) бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
Е) бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі;
Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйымдардың және мемлекеттің,
оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің
және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен
әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзге асырудың деңгейіне
қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макро деңгейде жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында
қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етіуін бақылау.Оның міндеттері
мыналар болып табылады:
1.Ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын
қалыптастырып тиімді пайдалану процестерін қамтамасыз ету;
2. Қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары
мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай
келуін бақылау;
3. Қаржы ресустарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен
аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажетттілігін оңтайлы түрде және
саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сфераларының
қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды
салалар мен аумуқтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және
басқалары;
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып
көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық
тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып
табылады.Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың және есептердің
бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және
осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасалады.
Билікті заң шығарушы органдар мен басқарудың мемлекеттік
органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
1. Кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың
сақталуын қамтамасыз ету;
2. шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы
міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын
қамтамасыз ету;
3. Қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
4. Ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік
есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға
жәрдемдесу;
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы шаруашылық қызметі
бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда,
өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі болып
табылады.Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның
жеке мамандары жүзеге асырады.Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да
тартылады.
Қаржылық бақылау жүргізу тәсілдеріне, уақытына, субъектілеріне
қарай жіктеледі.Осыларға байланысты қаржылық бақылау мынадай үш бағыт
бойынша: түрлері, формалары, оны іске асыру әдістері бойынша
бөлінеді.Субъектілерге (органдарға немесе бақылауды жүзеге асыршы
ұйымдарға) байланысты қаржылық бақылаудың мына түрлері ажыратылды.

Қаржылық бақылау

Мемлекеттік бақылау Қоғамдық бақылау

Жалпы Ведомствалық
мемлекеттік бақылау
бақылау
Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақ,
жастар ұйымдарының, бұқаралық
қозғалыстардың,
ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту,
спорт, шығармашылық, ардагерлер
ұйымдарының, әртүрлі қорлардың
бақылауы

Парламент(депудаттық)
бақылауы
Ішкі
шаруашылық
бақылау
Аудиторлық
бақылау

Жалпы мемлекттік бақылау ведомствалық бағыныштылығы мен меншік
формасына байланыссыз кез келген объектіге жасалынады.Оны мемлекеттік билік
пен мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
Барлық өкілді органдар өздерінің сессияларында тиісті бюджеттің
жобасын, оның орындалуын қарап, қаржы бақылауын іске асырады.Өкілді
органдар жоспарлы-бюджеттік және салалық тұрақты комиссиялары маңызды
бақылау қызметін атқарады.Олар сессия басталмас бұрын бюджеттің жобасы мен
оның орындалуы жөнінде есепті қарайды.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктердің аппараты, өкілетті органдар
өздеріне бағынышты органдардың бақылаушылық қызметіне бағыт берумен қатар,
өздері де бақылау қызметін атқарады.
Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің құралып, орындалуын
бақылайды, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.Жергілікті органдар
тиісінше өкілеттері шеңберінде бақылау қызметін атқарады.
Ведомствалық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомстваның
өкілеттігі шеңберінде осы жүйеге енетін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің
қызметіне жасалады.
Ведомствалық бақылаудың негізгі міндеттері: жоспарланған
тапсырманың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарының үнемдеп
пайдалануын, меншіктің құнтталуын, бақылау тексеру жұмысының жайын бақылау,
қосып жазу, қырсыздық, ысырапшылық фактілерін тыю.
Ведомствалық бақылау шеңберінде ішкі шаруашылық бақылау
жүргізіледі.Яғни кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелерде нақты бақылау
жүргізіледі.Мұнда бақылау қызметі күнделікті қаржы-шаруашылық қызметімен
тығыз байланыстырылады.Баққылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының
өндірістік қорларды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануына, шығындарды
азайтуына, қаржы тәртібінің бұзылуын жоюға жауапкершілігін арттыруға
септігін тигізеді.
Нарықтық қатынас жағдайында ішкі өндірістік бақылау бұрыңғы
мәнінен айрылады: оны мемлекеттік кәсіпорындарға, коммерциялық және басқа
да формаларындағы кәсіпорындарда шаруашылық ынталандыру шаралары
алмастырыды.Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп – тәртіп бұзушылықтың орын
алмауының кепілі, өйткені, қызметкердің, кәсіпкердің жек басының мүдделігі
бақылауды қажет етпейді.
Жжүргізу уақытына қарай қаржылық бақылау алдын ала, ағымдағы
және кейінгі бақылау болуы мүмкін.Бақылаудың мұндай формалары көптеген
органдардың қызметіне тән.
Алдын ала қаржылық бақылау ақшалай қорларды жасау, бөлу және
пайдалану опрациялары жасалғанға дейін жүргізіледі, сондықтан қаржы
тәртібін бұзбауды ескертуде оның зор маңызы бар.Бұл жағдайда бекітілуге
және атқарылуға жататын құжаттар тексеріледі, бұлар – бюджеттердің, қаржы
жоспарлары мен сметаларының жобалары, несие және касса мәлімдемесі, яғни
қаржы қызметін жүзеге асырудың дәлелі қызметін атқаратын қыжаттар.
Ағымдағы қаржылық бақылау – бұл ақшалай операцияларды жасау
процесіндегі бақылау (мемлекет алдындағы қаржы міндеттемелерінің орындалуы,
әкімшілік-шаруашылық шығындарға, күрделі құбылысқа жұмсалатын ақшалай
қаражаттарды алып, пайдалану барысында және т.б.).
Келесі қаржылық бақылау – қаржы операциялары жасалғаннан
кейін жүргізілетін бақылау (бюджеттің кіріс пен щығыс бөліктері
атқарылғаннан кейін, кәсіпорын немесе мекеме ақшалай қаражаттарды
пайдаланғаннан кейін және т.б.).Бұл жағдайда қаржы тәртібінің жай-күйі
анықталады, тәртіп бұзу жағдайлары ашылады, оны болдырмау, ескерту жолдары
мен оларды жою жөніндегі шаралар анықталады.

1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы, әдістері, аудиторлық бақылау.

Қаржылық бақылаудың сипаттамасы субъектілердің
айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды
жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай,
қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың
әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі
оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға
немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып
ажыратылады (1-сызбадан қараңыз).

1-сызба.Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
Қаржылық бақылау
Мемлекеттік Қоғамдық
Жалпы-мемлекеттік Ведомствалық Қоғамдық ұйымдардың:
кәсіподақтардың,
партиялардың, жастардың,
бұқаралық қозғалыстардың,
ғылыми техникалық, мәдени
ағартушылық, спорт,
шығармашылық,
ардагерлердің, түрлі
қорлардың болуы
Ішкі-шаруашылық
Парламенттік (депудаттық) бақылау
Аудиторлық бақылау

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік
қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу,
олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет
кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар
мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны
пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкестігін тексеру.
Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері – Қазақстан
Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін
түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық
және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер,
олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар,
мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды
пайдаланатын жеке және заңи тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары – Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау
жөніндегі орталық уәкілетті орган.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:
1) сәйкестікке бақылау жасау – мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына
сәйкестігін бағалау ;
2) қаржылық есептемені бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын,
негізділігін және уақыттылығын бағалау;
3) тиімділікті бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісінің республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет
активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің
тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны
үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру және
бағалау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
1) кешенді бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай
әдіспен тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне
қатысты ақпарат алу қажеттілігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол
операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды
салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық
бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және
тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімін
қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық,
ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар
мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандартарын мемлекеттік қаржылық
бақылау органдары, маслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау
службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:
1) қорытынды – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау
актілері негізінде жасайтын құжаты;
2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің қаулысы – Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп
комитетінің отырысында алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау
нәтижелері бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды
адамдар орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және
оның регламентімен айқындалады;
3) маслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы – белгіленген
тәртіппен қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
барлық атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын
пайдаланатын немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық
сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындауға міндетті құжат;
4) ұсыным – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды
адамдарға жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау
органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа
тарту мәселелері бойынша жіберетін құжаты;
5) нұсқама – ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті
органның басшысы өз құзыры шегінде қабылдаған және бұзушылықтар мен
жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да
ұйымдардың лауазымды адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген
белгіленген нысанадағы құжат;
6) бақылау актісі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары,
маслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары бақылау
нәтижелері бойынша жасалған құжат;
7) бақылау жүргізу туралы есеп – белгілі бір уақыт кезеңі
ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат.
Сыртқы бақылауды республикалық деңгейде Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті,жергілікті деңгейде
мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитеті Қазақстан Республикасының Призидентіне тікелей бағынынатын және
есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитеті туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Призиденті бекітеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және
ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы
мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объктісіне
қолданылады.Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары
жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік
бақылау, сақтық және банктік қадағалау,кедендік бақылау және т.б.болып
ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы,бюджетке салық
және басқа төлемдердің,жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді.Сондықтан
бақылаумен меншік нысаналарына қарамастан,барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілер,сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің
мынадай түрлерін кірістіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық
ақпаратты,соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау,бұл ақпаратты
талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар
жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы
мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсауын қамтамасыз ету;
өндірістік емес,мақсатсыз шығындарды,иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды
жою және одан сақтандыру.Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын
мемлекеттік кәсіпорындарда,мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ
мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар
жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және
олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың
кассалық тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, қолма-қол ақшасыз есеп
айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі.Банктік қадағалаумен,
бақылаумен кредит-есеп-қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық
субъектілер қамтылған.
Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау, қадағалау сақтық
қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын,
сақтық операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңдаманың
талаптарын сақтық қатынастарға қатысушылардың барлығының орындауын жүзеге
асырады.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке
алуды кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де
құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында кедендік басқаруды жүргізеді;
олардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын
субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге
немесе жүргізуге құқы бар.
Барлық өкілетті органдар қаржылық басқаруды тиісті бюджеттің
жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған
кезде жүзеге асырады.Өкілетті органдардың жоспар-бюджет және салалық
тұрақты комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды,олар алдын ала,
сессияға дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты
органдардың бақылаушылық, соның ішінде қаржы-кредиттік қызметті ғана
бағадап қоймайды,сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге
асырады.Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын
бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады.Өздерінің
өкілеттіліктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы
органдар орындайды.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің,
ведомствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі.Оның
негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың
орындалуын,материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдаланылуын,меншіктің
сақталымдылығын,бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау-тексеріс
жұмысының мән-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық
фактілерін бұлтартпау.
Ведомстволық бақылау шеңберінде ішкішаруашылықтық бақылау яғни
нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда,
ұйымдар мен мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі.Бақылау
функциялары бұл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты ретінде
оның күн сайынғы процесімен байланысты.Бақылаудың бұл түрі өндірістің
бастапқы буындарының өндірістік капиталды, қаржы ресурстарын тиімді
пайдалануға жауаптылығынарттыруға жәрдемдеседі, ысырыптарды, қаржы
тәртібінің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған.
Ішкішаруашылық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда,
субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның
барлық құрылымдары жүзеге асырып келген бақылаудың жұмысына баға беру болып
табылады.Таза бақылау қаржы стратегиясын талдап-жасау, экономикалық
диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін
және басқаларын шешеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылықтық бақылау оның
бұрынғы ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын
мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалары және меншіктің
басқа нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы
тиіс.Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардың сақтануға
көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің
жеке ынталылығы өзін-өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.
Қоғамдық қаржылық бақылау – бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың
бақылауы.Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы
міндеттерге байланысты болады.
Аудиторлық бақылау – ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық
бақылау.Оны біліктілік комиссиясы аттестаттаған "аудитор біліктілігінің
берілуі" туралы куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ үлгідегі акционерлік
қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда,
аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда
құрылған коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.
Шетелдік аудиториялық ұйымдар Қазақстан Республикасында
аудиториялық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды – Қазақстан
Республикасының резиденттерін құрған жағдай да ғана жүзеге асыра алады.
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын
ала бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың
мұндай нысаңдары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.
Қаржылық алдын ала бақылау ақша қорларын жасау, бөлу және
пайдалану жөніндегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, ондықтан
оның қаржылық тәртіпті бұзуды алдын ала ескертуде зор маңыз бар. Бұл
жағдайда бекітуге және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың
негізгі болып табылатын құжаттар-бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен
сметалардың жобалары, кредит және касса өтінімдері және т.б. тексеріледі.
Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылу
процесінде, щаруашылық-қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар-
материал құндылықтары мен ақшаны жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің
сақталуын қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын
берілген ресурстардың пайдалануына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл
бақылау шаруашылық қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылды.

Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау қаржы операцияларын
жасағаннан кейін (бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің орындалуынан
кейін, шаруашылық органдардың ақшаны пайдаланғаннан кейін және т.б.)
жүргізілетін бақылау және ағымдағы бақылау кезінде анықталмаған
бұзушулықтарды ашуға жетелейді.

Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе
амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдармен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті
қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының
ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда
болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері
пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің
қызметін тексеру), инсепекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында
дүркіндік тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай күйімен
жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық
тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдері, қаржы-
шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды
адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық
міндеттері шешеуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді.
Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары
мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына
келтіру, бақылау мақстында салыстыру және басқалары.
Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің
әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өзінің жұмысын жоспарлар
бойынша жүргізеді. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген
мезгілдігін ескере отырып құрылды. Жоспарларда бақылаудың объектілері,
тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты,
атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленді. Аудит
органдары өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді.
Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құнға салынатын
салық, пайдалылық, өзіндік құн, айырбас шығындары, әр түрлі мақсаттар мен
қорларға аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып
табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақталмалы сипаты болады, сондықтан олардың
орындалуын, динамикасын, тенденцияларын бақылау бірлестіктердің,
кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық
қызметінің барлық жақтарын, сондай-ақ қаржы-кредиттің өзара байланыстарының
механизмін қамтиды.
Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да (баспа-бас
айырбас мәліметтері, т.б.) жасалынатын іс-жүзіндегі барлық операциялар
қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады.
Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі
әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге
актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы
жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады.
Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс, ревизия.
Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.
Шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың,
салық есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру – бұл бақылауға жататын объектінің
шаруашылық-қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерттеу, мысалы,
жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік
құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.
Экономикалық талдау – бұл объектінің шаруашылық-қаржы
қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының
нәтижесінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын
негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де,
сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары
да жүргізеді.
Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері
бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен, учаскесімен
танысу жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді.Сондықтан тексерулер
негізінен тақырыптық болып келеді.
Қаржылық бақылаудың негігі әдісі – тексеріс – кейінгі келесі
бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен
учаскелерінмұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап
шығу.Тексерісті әртүрлі органдар жүргізеді.Тексеріс бұл органдардың жоспары
бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының
нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай,
іріктемелі ішінара тексеріс болып ажыратылады.Ұйымдық белгісі бойынша олар
жоспарлы жәнет жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін.
Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана
емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша қаражаттары (шоттар, төлем
тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.
Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар
ақшаны, материалдық құндылықтарды да тексереді.
Толық тексеріс деп белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.
Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің
әйтеуір бір жағына (мысалы, іссапардың шығындарын, әр түрлі нысаналы
шығындар мен шығыстарды тексеру)бағытталады.
Тақырыптық тексерістер бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда;
мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстваларда қаржы-
шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен
бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-
жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны
талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге
мүмкіндік береді.
Тексерістердің тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу,
кассадағы нақтылық ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлы,
нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және ыңғайласпа
тексерулер.
Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі тиіс, өйткені
олардың сапасы осыған байланысты болады.Бұл үшін қажетті заңдарды,
қаулыларды, жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді; бұларға тексеріс пен
тексерудің материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижелерімен
танысады; ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің
ерекшеліктерін зерделейді және т.б.
Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің
бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары
жасалады.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі бірнеше
кезеңдерден тұрады: өкілділіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты
қызметкерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін
объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық
қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру;
тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе
анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе
жасалынған актінің сапасына байланысты болады.Тексеріс актісі анықтамасы –
бұл қаржы-шаруашылық қызметінде жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі емес,
бұл тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі
туралы дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат.Оның негізінде
ашылған бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар
жасалынады, кінәлі адамдарға шара қолданылады.

Қаржылық басқаруды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі
қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны – аудиторлық бақылауды дамыту болып
табылады, бұл мемлекеттік емес органдар санының көбеюімен және тиісінше
қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен
байланысты болып отырады. Аудиторлық бақылау - тәуелсіз аудиторлық және
шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісім шарты негізінде
қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру.
Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайындағы қаржылық
бақылау жүйесінің ажырағысыз бөлігі аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты
кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың бухгалтерлік қаржылық есебінің
дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйесінің сенімділігін бағалау.
Аудиторлық жұмыста танымдық және экспорттық болжам қызметіне үлкен мән
береді, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді
стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-
өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Қаржы аудиты деп оған уәкілеттігі бар ұйымдар мен мамандардың
қаржылық есептемесіне сараптама және талдау жүргізу, қаржы-шаруашылық
қызметі бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы
бойынша қызметтің басқа түрлерін көрсету жөніндегі және солардың есебінен
жүргізетін тәуелсіз қызметін айтады.
Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады,
мұнда ХІХ ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлер-аудиторлар пайда болды.
Ал 1862 жылы Англияда "Міндетті аудит туралы заң" шықты. Францияда мұндай
заң 1867 жылы, АҚШ-та 1937 жылы жарияланды.
Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт
нысанында дамып, нарықтық экономиканың ажырағысыз бөлігі болып отыр.
Қазақстан Республикасында 1998 жылы 20-қарашасынан бастап
Аудиторлық қызмет туралы заң жұмыс істейді.Ол аудиторлық қызметті жүзеге
асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңи және жеке тұлғалар, аудиторлар
мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Аудиторлық қызмет – бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
қаржылық есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар
мен аудиторлық ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептеме
аудитінен басқа да қызметтер көрсете алады.
Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаларына мыналар жатады:
тәуелсіздік;
объективтілік;
кәсіби біліктілік;
құпиялылық;
Аудит Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
талаптарға сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс және объективті жасалғаны
туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңи тұлғалардың аудиттелетін
субъектілердің қаржылық есептемесін тексеру аудит болып табылады.
Аудиттің түрлері-міндетті аудит және бастсмашылық аудит.
Міндетті жыл сайынғы аудитке мыналар жатады: банктер,
кредиттік серіктестіктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар рыногында қызмет істейтін ұйымдар,
сақтық ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару
жөніндегі компаниялар, шетел қатысатын кәсіпорындар, ашық халықтық
қоғамдар.
Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті болып табылады.
Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша
аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйымының арасында
аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақтылы міндеттер, аудит мерзімі
мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Аудит сыртқы және ішкі болуы мүмкін.Сыртқы аудит – аудиттің
тәуелсіз нысаны, ішкі аудит – шаруашылық жүргізуші субъектісін бақылаудың
ведомстволық немесе ішкі нысаны.Ішкі аудит шаруашылық жүргізуші субъектінің
тілегі бойынша және шартымен жасалады.
Аудит мынадай дәйекті стадиялар бойынша жүргізіледі:
1) жоспарлау тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеуме;
2) аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;
3) аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;
4) бақылау жүйелерін текскру және оның тесттері;
5) аудит рәсімін жүрнізу;
6) аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.
Аудитор – бүкіл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық
және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі
жаңа ұйымдық нысаны.Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке
кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға
құқылы.
Аудитордың міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен
ұқсас: тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының
қолданыстағы заңға сәйкестігін анықтау.Сонымен бірге аудиторлық қызметтің
қаржы-шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік
бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар:
1) Аудиторлық қызмет кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің
тиімділігін арттыруға,оның төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге,
клиенттердің мүддесін қорғауға бағытталған.Тексеріс қызметі бірінші кезекте
мемлекеттің мүддесін қорғайды,бұзушылықтарға ықпал етудің сан алуан
түрлерін қолдана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің заңдарды,
нормативтік актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
2) Аудит кезінде тексеруші ұйым мен бақылаудың объектісі
арасындағы байланыстар деңгейлес, ерікті келісімшарт негізінде болса,
тексеру жүргізгенде сатылас, әкімшілік белгілеу ретінде болады;
3) Аудиторлық қызметті клиент немесе оның келісімен аудиторлық
қорытындыны алуға мұқтаж болып отырған орган төлейді;
4) Аудиторлық тексерудің тиімділігін клиент аудитке жұмсалған
шығындар мен аудиторлық тексеру нәтижелерінің ара салмағы ретінде
айқындайды.Тексерістің тиімділігін тиісті бақылаушы орган анықтайды;
5) Аудиторлық тексерудің нәтижелері клиентке арналған аудиторлық
қорытынды мен ұсыныстарда қамтылып көрсетіледі.Тексерістің нәтижелері
бойынша акт жасалынады, онда орындалуы бақыланатын ұйымдық түйіндер,
жасалу, міндетті нұсқаулар және басқалары көрсетіледі;
6) Аудиторлар алынған ақпарат пен аудит нәтижелерінің
құпиялығын қамтамасыз етуі тиіс, ревизорлардың оларды жария етуіне құқы
бар.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін қызметтері сан
алуан.Оны Қазақстан Республикасындағы алғашқы және ең ірі аудиторлық ұйым -
"Қазақстанаудит" компаниясының мысалынан көруге болады.Аудиторлық қызмет
көрсету, консалтингтік қызмет көрсету, бағалау және оны саралау, кедендік
кеңестер, қаржы-шаруашылық қызметін талдау, құрылтайшылардың құжаттарын
жасау, қайта құрылымдау мен банкроттық рәсімдердегі кәсіби қызмет және
басқалары – компания көрсететін қызметтердің толық емес тізбесі
осындай."Қазақстанаудит" компаниясының Астана қаласында және
республикасының барлық облыстарында құрылымдық бөлімдері бар. Компания
аудиторлық қызметтің қағидаттарын бұлжытпай сақтайды.

1.3. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру

Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын,
бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір
бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмеңдегідей бірнеше
бөліктерден тұрады: 1) бақылау субьектісі; 2) бақылау объектісі; 3) бақылау
заты (тақырыбы); 4) бақылаудың мақсаты; 5) бақылауды іске асырудың
әдістері.
Қаржылық бақылаудың субьектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға
құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды
адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың
субъектісі, ал тексерілуші обьектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне
ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік
заңды тұлғалар; 3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 4) азаматтар жатады.
Қаржылық бақылаудың заты (тақырыбы) қаржылық қатынастардың субъектісі
ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау
объектісінің іс-қимылы (әрекет не әрекетсіздік).
Қаржылық бақылаудың мақсаты: біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа
қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және
олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау; екіншіден,
кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп
бойынша жауапқа тарту; 3) қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның салдарын
жою. Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды
ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін
айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және
әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен
басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты,Қазақстан
Республикасының Парламенті, Үкімет,жергілікті өкілетті органдар
депутаттардың жиналыстары,жергілікті әкімшілік орнандар. Бақылаудың бұл
түрін Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп
комитеті де жүргізеді.
Құқықтық мемлекет құрылысының тұжырымдамасын негіздей отырып
қаржылық бақылауды жүзеге асырудағы заңнамалық органдардың рөлі күшйе
түседі.Сондықтан бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы
Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түрі - парламенттік
депутаттық бақылау бөлектеліп көрсетіледі.Бұл бақылаудың объектісі:
мемлекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандыратын кез келген шараларды
бекіткен кездегі;
бюджеттегі шығыстардың қабылданған заңдардың мақсаттарына
сәйкестігін тексеру кезідегі;
бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемлекеттік шығыстар болып
табылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге
асырады:
бюджет ресурстарының түсу көздеріне,оларды үкіметтің де,заңнамалық
органның да үнемді пайдалануына; ақша қаражаттарының ысырапқорлығын кесіп
тастауға;
мемлекеттік меншікті пайдаланудың,мемлекеттік кәсіпорындардың
жұмыс тиімділігіне,мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуға және
жекешелендіруге;
арнаулы қорлар қаражаттарының пайдаланылуына
әр түрлі партияларды қоса,қоғамдық ұйымдардың ақшалай табыстарының
көздеріне,жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл қаражаттарды пайдалануға.
Парламенттің алдын ала бақылауының негізгі мақсаты осы нақты
саяси,экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы қарастырылған
шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау болып табылады.Бюджеттің жасалуына
тексеріс сметаларға кіріктірілген цифрлардың дұрыстығын белгілі бір
тұрғыдан қарай отырып жүргізіледі.Сонымен бірге парламент ағымдағы
бақылауды және Республикалық бюджет туралы қабылданған заң бойынша
қаражаттарды иеленушілердің есебін тексерген кезде әсіресе кейінгі келесі
бақылауды жүзеге асыруы тиіс.Бұл орайда парламенттік бақылаудың негізгі
нысаны алдын ала бақылау болуы тиіс.Қазақстан Республикасыгың
Парламентінде екі Палатада - Сенат пен Мәжілісте арнаулы жұмыс органдары
- экономика,қаржы және бюджет жөніндегі комитеттер бар.Бұл органдар заң -
жоба жұмыстарын,палаталардың құзырына қатысты мәселелерді алдын ала қарау
және әзірлеу процесінде қаржы - бюджет қызметінің сферасында мемлекеттік
бюджет қаражаттарының жұмсалуына бақылау жүргізеді.Қаржы -бюджет
мәселелері бойынша сараптамалық бағалаулар мен қорытындыларды шаралар
қабылдау үшін палаталар тиісті инстанцияларға -
министрліктерге,ведомстволарға,сонд ай-ақ Республика үкіметіне жібереді.
Ел басының жарлықтарының,қаулыларының және өкімдерінің атқарылуын
бақылауды ұйфмдастыру,аталған актілердің талаптарын лауазымды адамдардың
атқармағаны үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында Президент аппаратында
жүмыс істейтін ұйымдық - бақылау бөлімі бар.Жалпы Президент аппараты
министрліктердің,ведомстволардың,же ргілікті әкімшіліктердің және
мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды
жүзеге асырады.Аппарат Президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды
жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады,Президент
актілерін тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа
тарту жөнінде ұсыныстар жасайды;Президент актілерінің атқарылмауына
немесе тиісті тәртіппен атқарылмауына мүмкіндік туғызатын ашылған
бұзушылықтарды,себептерді және талаптарды жою жөніндегі ұсыныстарды қарау
үшін Үкіметке,әкімшілік басшыларына,мемлекеттік басқарудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық бақылау түсінігі
Қаржылық бақылауды ерекшеліктері
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақьшау жөніндегі есеп комитеті
Қаржылық бақылау
Қазақтан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Ішкі аудит
Қаржылық бақылау функциясы және қаржылық бақылау
Салықтық бақылау жайлы
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының бақылау және реттеу агенттігінің сипаттамасы
Қаржының қазақстан экономикасындағы рөлі
Пәндер