Қазақ халқының салт-дәстүрлері жайында


Кіндік кесу дәстүрі.
Р/с Кіндік шешенңі атқаратын
міндеті.
Кіндік кесуге байланысты салт -
дәстүрлер
1 Жүкті болған әйелді күту Екі жас үйленіп жатқан кезден кіндік
шеше болуды қалап алатын әйелдер
болады. Ол үшін алдымен екі жасты
арнайы қонаққа шқаырып, өз
дастарханынан дәм тарттырады.
Осыдан кейін екі үй арасында да
қарым - қатынас жиілеп,, жарастық
орнайды. Жүкті әйелді күтімге алады.
2 Босану кезінде басы- қасында
болу
Толғақ мерзімі жақындағанда жеке үй
дайындалады. От ғжыап, су
жылытылады. Үйдің іші - сырты дүние
мүлкі мұнтаздай тазаланады. Осы
істердің, басы - қасында кіндік шеше
ұйтқы болып, жүреді. Жүкті әйелді
толғақ үстінде кіндік шеше демеп
тұрады және олай - бұлай жүруіне де
рұқсат етіледі.
3 Кіндігін кесу Кіндікті ақбалтамен кесіп, таза жіппен
байлап, түбіне күл сепкен. Ақ балтаны
өзге нәрсеге пайдаланбай, сқатап
қойған. Ер баланың кіндігін ырымдап
«үй күшік болмасын» деп қырдан
асырып лақтырған. Ал қыз баланың
кіндігін «үйдің құты болсын» деген
оймен от басы, ошақ түбіне көмеді.
Оқымысты болсын деп кітаптың, ат
құлағында ойнасын деп аттың жалына
байлайды.
4 Балаға қамқорлық жасау. Дүниеге келген әсбиді емізбестен
бұрын таза суға малынған қасқырдың
жүнімен ауыздандырған. Бала ер жетіп
ел қатарына қосылғанша кіндік шеше
өз назарынан тыс қалдырмай әрдайым
қамқор болып жүрген.
Балаға ат қою дәстүрі.
№ Балаға ат қоюдағы салт -
дәстүрлер
Түсінік.
1 Артық саусағына қарай ат қою Артық, Артықәлі, Артықбай,
Қосекен.
2 Балаға тіл - көз тимейді деген
ниетпен ат қою.
Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай,
Тезекбай т. б
3 Баланың дені сау, жаны берік
болуы үшін ат қою.
Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
4 Баласы шетіней берген үйде жас
сәбиге ат қою.
Аман, Амангүл, Есен, Жүрмін,
Тұрсын, Тұрсынгүл, Тоқтар.
5 Бала - шағаларының өмірі ұзақ
болсын, көп жасасын деген
ниетпен ат қою.
Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжаса,
Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай,
Тоқсанбай, Ұзақбай.
6 Бұрын - соңды болған қару -
жарақ аттарына байланысты.
Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек,
Садақбай, Шоқпарбай т. б
7 Елдің ардақты азаматтарының
атын солардай батыр, дана,
өнерлі болсын деген ниетпен
жаңа туылған балаға ат қою.
Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек,
Исатай, Сәкен, Сәбит, Сырым,
Төлеби, Ыбырай, Махамбет, Қазыбек
т. б
8 Ерекше көзге түсетін белгілеріне
қарай ат қою.
Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай,
Құдірет, Меңдібай, Сүндет т. б
9 Ислам дініңн і сеәріне
байланысты ат қою.
Ғали, Жамая, Зылиха, Иса, Мұхамбет,
Омар, Оспан, Хадим, Сүлеймен т. б
10 Қыз аттарына аспан әлемінің,
аңдардың, асыл татсардың
қымбат металдңы нәзік
өсімдіктердің атын қою.
Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз,
Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт,
Раушан, Шолпан, Шынар т. б
11 Мерзімінен бұрын дүниеге
келген балаға ат қою.
Лекер, Шалабай, Шалабек.
12 Мұрат - мақсатыма жеттім - ау
деген ниетпен.
Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат
13 Соңғы балаға ат қою. Кенжебай, Кенжетай, Кенжегүл
14 Төрт түлік мал, аң мен құстарға
байланысты.
Арыстан, Алабай, Бота, Ботөазг,
Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш.
15 Ұлы жоқ үйде қыз туғанда Болған, Тойған, Ұлболсын, Ұлжан,
Ұлту, Ұлтуған т. б.
Шілдехана тойы.
№ Шілдеханада орындалатын
салт - дәстүрлер.
Түсінік.
1 Бала дүниеге келген үкні
кешке ауыл жастары
шілдеханаға жиналады. .
Әйел аман - есен босанған күні кешке
ауыл жастары шілдеханаға жиналады.
Шілдехана кейде үш күнге созылады.
2 Өнерлі жастар таң атқанша
жаңа туған баланы, оның
анасын ардақтап ән салып, күй
тартады.
Бұған өерлі жастар шақыртпай келіп,
таң атқанша көңіл көтереді.
3 Қыз - келіншектер мен
бозбалалар айтысады.
Қыз - келіншектер мен бозбалалар
айтысып, жеңгендері тоғызын алады.
4 Әртүрлі ойындар
ұйымдастырылады.
Жастар түнді қуаныш қызықпен
өткізеді.
5 Шілдеханаға тек қана жастар
қатысады.
Шілдеханаға ауыл үлкендері
қатыспайды. Жаңа туған нәрестені
әртүрлі жын - шайтан, перілердің
салқынынан қорғап, күзету халық сенімі
бойынша тек қана жастардың міндеті.
Баланы бесікке салу дәстүрі.
№ Баланы бесікке
салуда орындалатын
салт - дәстүрлер.
Түсінік
1 Бесіктің
жабдықтарын орын -
орындарына қою
Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке
салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші -
қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы
бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен,
беделді әйелі бесік жабдықтарын орын -
орындарына қояды. Содан кейін бесікті
адыраспанмен аластап шығады.
2 Адыраспан түтінімен
бесікті аластап шығу.
Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын -
шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа
жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын
бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел
ағашына қыздырылған темір тигізіп, те
ырымдайды.
3 «Тыштыртыма»
ырымын жасау.
Баланы бесікке өблерден бұрын тыштырма
ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы
бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа
тарамағай астына тосғыалн алқаандарға
тасталады. Басқарушы әйел, «тышты ма» дегенде,
қасындағы әйелдер іле - шала «тыштым» деп шу
ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу
шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі
балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған
рәсім.
4 Бала өлбенген
бесіктің үстіне жеті
нәрсе жабу.
1 - бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон
жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен
жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл
болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын.
Кебенек пен қамшы - ел қорғайтын ер болсын
деген тілек.
Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін. Әлди, әлди, аппағым, Қойдың жүні - қалпағың. Жұртқа жаман болса да, Өзім сүйген аппағым. Әлди, әлди, шырағым, Көлге біткен құрағым. Жапанға біткен тірегім, Жаман күнде керегім!. . Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем! Қонақ келсе, қой, бөпем, Қой тоқтысын сой, бөпем, Құйрығына той, бөпем! Айналайын күн бөпем, Бурыл тайға мін, бөпем! Ақ қызы бар үйінде, Ақылбайдың үйіне Бұрала барып түс, бөпем, Қымызынан іш, бөпем!
Баланы қырқынан шығару дәстүрі.
№ Баланы қырқынан шығаруда
орындалатын салт -
дәстүрлер.
Түсінік.
1 Ұл баланы қырқынан
шығару мерзімі.
Ұл баланы қырқынан 37, 39 үкнде
шығарады. Бұл ұл баланың қызға төлейтін
қалың малы аз болсын деген ниетте
істеледі.
2 Қыз баланы қырқынан
шығару мерзімі.
Қыз баланы қырық күннен асырып 42 - 44
күнде қырқынан шығарады.
3 Баланы шомылдыру. Бұл кәдеге жиналған ауыл әйелдері
ыдысқа 40 қасық су құйып, теңгелер
салған суға баланы шомылдырады.
4 Сүт тырнағын алу Баланың тырнағын алғаннан соң адам
баспайтын жерге көміп тамтайды.
5 Қарын шашын алу. Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша
етіп, тігіп, баланың оң иығына қадайды.
Жалпы баланың шашын еш уақытта ашық
- шашық жерге тастамайды. Адам аяғы
баспайтын жерге көміп отырады. «Қарын
шаштың қарғысы қатты болады» деген
мақал да осы салтқа байланысты.
6 Ит көйлегін ауыстыру. Баланың қырқынан шыққанша киетін «ит
көйлегіне» сәбиді қырқынан шығару
үстінде түрлі тәттілерді түйіп, бір иттің
мойынына байлап қоя береді. Жас балалар
итті қуып жетіп, тәттілерді өзара бөлісіп
алады. Бойныа бала бітпей жүрген әйелдер
қалап алатын дәстүр бар. Баланың анасы
ит көйлекті жыртып береді.
Нәрестені тіл - көзден сақтау дәстүрі.
№ Нәрестені тіл - көзден сақтау Түсінік.
дәстүрлері.
1 Нәрестені тіл - көзден сақтау
дәстүрлері.
Нәрестені тіл - көзден сақтау үшін
нәрестенің бесігіне, киіміне тұмар ретінде,
жылан басын, үкі, тоғыз моншақ, күміс
тиындарды іліп қойған.
2 «Көз тиді» деп секем алу. Егер «көз тиді» деп секем алған жағдайда
сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп
түтетеді. Осылайша қас күштердің беті
қайтады. Баланы тіл - көзден сақтайды
деген сенім болған.
3 Нәресренің ата - анасы әлде
біреудің нәрестеге сұқтана
қарағанын, «бңа ла
балпақтай» екен деген сөзін
көңіліне алу.
Егер нәрестенің ата - анасы көңіліне алған
жағдайда, іле - шала оған түкірту ырымын
жасатады. «Көзінде қалы бар адамның
қарағаны тегін жібермейді» деп осындай
белгісі бар адамның келуінен қатты
сақтанады.
4 Нәресте сұлқ түсіп, қатты
ауырып қалған кезде.
Осының «көзі тиді - ау» деген адамды
таптырып алып, оған түкіртеді. Басқа да
сан түрлі ұшықтау ырымдарын жасайды.
5 Нәрестеге жұрттың назары
түспеуі үшін.
Нәрестені көзден тасалап, оған көбінесе
жаман - жәутік, ескі - құсқы кигізіп, бет
аузына әдейі күйе жағып қояды.
Жүкті болған келінді күту дәстүрі.
№ Жүкті болған келінге
жасалатын салт - дәстүр.
Түсінік.
1. Керегеге орамл тану. Келіннің жүкті болғанын сезген ене
«Атамыздың аруаға біліп, қолдап
жүрсін»деп ауылдағы үлкен үйдің оң
керегесіне ақ орамал таңады.
2. Құрсақ шашу. Келін жерік болғанда кішігірім той істейді.
Бұған әйелдер өз үйлерінен бір -бір дәм
пісіріп әкеледі.
3. Жуамен тамақтандыру. Келіннің тәбетін ашу үшін жуа әкеліп
жегізеді.
4. Сағыз шайнату. «Іштегі бала шымыр болсын»деген ниет.
5. Саз, топырақ, қызыл
ірімшік жегізу.
Баланың сүйегі берік болу үшін жегізеді.
6. «Келін көңілі»бас қосуын
өткізу.
Келіннің көңілін көтеру үшін, жастардың
бас қосуын ұйымдастыру.
7. Арқан еспеу. Бала кіндігіне оралып қалуы мүмкін.
8. Теңді буу, қаптың аузын
жабуға рұқсат етпеу.
Керісінше жабулы заттарды алуға, буулы
нәрселерді шешуге болады.
9. Түйе етін жемеу. Жүкті әйел баласын 9ай емес 12ай көтеруі
мүмкін.
10. Келіннің етегін бүру,
далаға жалғыз шығармау.
Түсік болдырмауы үшін жасалады.
Баланы сынау дәстүрі.
№ Балада болатын
қасиеттер.
Баланың баламасын болжау белгілері.
1. Бақытты, жары
сұлу.
Ұл бала көзін ашып ұйықтайтын болса.
2. Балуан. Бетінде қалы болса.
3. Ел басқаратын
көсем.
Жастықтың үстінде ұйықтайтын болса.
4. Жайдары. Маңдайы кең болса.
5. Жайдары, ақкөңіл. Шалқасынан жатып ұйқтайтын болса.
6. Жалқау. Желкесінің шұқыры үлкен болса.
7. Кемеңгер. Аяқ -қолын төрт жаққа созып бей -жай
ұйықтайтын болса.
8. Күйеуі көрікті. Қыз болса көзін ашып ұйықтаса.
9. Күйеуі. Баланың бір құлағынан екінші құлағы үлкен
болса.
10. Қызғаншақ, кейде
ойшыл.
Етпетінен ұйықтайтын болса.
11. Мырза. Алақаны ашық, алсңсыз емес.
12. Өтірікші. Құлағы мен ауызының арасы жақын болса.
13. Сараң. Анасының омырауын тас қылып ұстап отырып
алса.
14. Сері. Бас бармағы үлкен, сүйрік болса.
15. Уайымшыл. Бүктісіп ұйықтайтын болса.
16. Шебер. Бармағы майысқан болса.
17. Ынжық. Көрпені тұмшалап орап алып жататын болса.
Баланы: 1. Асырап алу дәстүрі.
2. Cүндетке отырғызу дәстүрі
№ Бала асырап алуда
орындалатын
салт -дәстүрлер.
Түсінік.
1. Міндетті түрде
той жасау.
Қазақ халқында негізінде өз кіндігінен ер баласы
жоқ адамдар туыстарының, ағайындарының
баласын асырап алатын. Көбінесе ер балаларды, ал
оның реті елгенде қыз баланы да асырап ала
беретін. Малды адамдар атшаптырып той жасаса,
дәулеті шағындар құрмалдық жасайды.
а Ер балаға асық
жілік, қыз балаға
тоқпақ жілік
ұстау.
Баланың қолына жілік ұстатып, көпшілікті бұған
куә ету болса асырап алатын әке мен шешенің де
жұрт алдында оларды тумады деп бөлмеу туралы
беретін уәдесі, анты. Жұрт алдында жілік ұстану
салтй екі жағынан да бала аяу, бала беру ісіне
ризашылығын білдіру.
ә Ер баланы
ашамайға мінгізу.
Ер балаларды жілік ұстауға қосымша ашамайға
мінгізу жорасы да бар. Өйткені баланы бауырға
салу көбінесе оның 5-6жасар кезінде болады. Бұл
кезде баланың атқа мініп үйренетін кезі. Әрине тым
жақын туыстар арасында балалары есейіп қалған
кезде де бола береді. Ал бөтен елден алғанда болса
мүмкіндігінше жастау болу керек.
2. Сүндет тойды
өткізетін күнді
белгілеу.
Қалыптасқан дәстүр бойынша ата - бабаларымыз
ер балаларын 5. 7-не 9-жасында сүндетке
отырғызады. Сүндет тойын өткізетін сәтті күн
алдын - ала белгіленеді.
а. Қонақтарды тойға
шақыру.
Тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Оның
бауырсақ пен кәмипт толтырылған қоржынынанат
басын тіреген үй иесі дәм татады да түсті матаны
жыртып, бала мінген жорғаның жалына байлайды.
ә. Сәрсенбі күні
баланы сүндетке
отырғызу.
Сәрсенбінің сәтті күні баланы сүндетке
отырғызады. Тойға келген адамдар «сүндетің
қабыл болсын!»деп, баланың айналасына жеміс -
жидек пен тәтті дәмдер толтырылады.
Бала тәрбиелеу дәстүрлері.
№ Бала тәрбиелеудегі
салт - дәстүрлер.
Түсінік.
1. Құрсақ шашу. Жүкті болған келіннің енсі ауыл әйелдерін
шақырып қонақ етеді. олар өз үйлерінен бір
-бір дәм пісірп әкеледі. Оның себебі -
келіннің жерік болып жүрген асын тауып
беру.
2. Жарыс қазан. Толғата бастаған келіннің енсі қыстай
сақтаған жылы -жұмсағын қазанға салып,
«жарыс қазан»асу қамына кіріседі. Бұл
келін тез босансын деген ниеттен туған
ырым.
3. Шілдехана. Жаңа туған нәрестені әртүрлі «жын -
шайтан», «перілердің»салқынынан, қорғап,
күзету үшін.
4. Сүйінші. Немерелері болған әже сүйінші сұратып
жас балалар мен келіндерін жан -жаққа
жібереді.
5. Балаға ат қою. Нәрестеге үш күннен қалмай ат қойылады.
6. Бесік тойы. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін
бесікке салады.
7. Баланы қырқынан шығару. Қырық күн толғаннан соң нәрестенің «сүт
тырнағы»мен «қарын шашы»алып,
теңгелер салған су құйып, шомылдырады.
8. Тұсаукесер тойы. Сәби жүре бастаған кезде ата -анасы
«балам тез жүріп кетсін»деген оймен
жасалады.
9. Тілашар тойы. Бүлдіршіннің тілі жеке -жеке сөздерді
айтуға икемделе бастаған кезде, шығуы
үшін дәстүрлі «тілашар»тойы ырымын
жасайды.
10. Атқа мінгізу тойы. Баланың буыны бекіп, ат үстінде өзін -өзі
ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде
ашамай ерге мінгізіп үйретеді.
11. Сүндет тойы. Ер балаларды 5-7 -не 9жасында сүндетке
отырғызады.
12. Тоқым қағар. Бала бірінші рет үйінен алысқа
жолаушылағанда өткізіледі.
Тілашар тойы.
№ Тілашарда
орындалатын
салт - дәстүрлер.
Түсінік.
1. Ауылдың ділмар,
шешен ақсақал
қарияларын
шақыру.
Бүлдіршіннің тілі жеке -жеке сөздерді айтуға
икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін
дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып,
ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады.
2. Балаға қойдың тілін
жегізу.
Олар «Тілің тез шықсын!»деп, сәбиге қойдың
тілін жегізеді, қой ішігемен буындырып тұрып,
«Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде
алады.
3. Ақсақалдардың ақ
батасын алу.
Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап
кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем
бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады.
Тұсау кесер тойы.
№ Тұсаукесер тойының
салт -дәстүрлері.
Түсінік.
1. Тұсаукесер күнін белгілеп,
қонақтарды шақыру.
Сәби «тәй -тәйлап»жүре бастағанда
өткізіледі. Алдымен тұсаукесер күні
белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады.
Бұл күні кейбір ауқатты адамдар көкпар да
тартқызып, арты думанды тойға да ұласып
кетуі ғажап емес.
2. Көпшілік арасында
баланың тұсауын кесетін
адамды таңдап алу.
Жиналған көпшілік арасынан көбінесе
жылдам, қимылы ширақ, іске епті
қасиеттерімен көзге түсетін қағілез, пысық
адам таңдалып алынып, нәрестенің
тұсаукесерін оған тапсырады. Тұсау кескен
адамға сәбидің тұсауына байланысты,
арнайы «тұсаукесер»сыйлығы беріледі.
Кең дала, таза ауада
жайылған дастархан
жанына қазық қағып, аяғы
тұсалған баланы арқандап
қою.
Тұсуакесер салты алдында жиналғандар
кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті
дәмге толы бала -шағаға арналған
дастархан жанына қазаық қағып, аяғы
тұсалған баланы арқандап қояды.
4. Балаларда жаяу жарысқа
жіберу.
Тойдың негізгі жанкүйерлері балалар
алыстан жаяу жарысқа жіберіледі, қай
озып келгені арқанды қиып, барлық
дастархандағы дәмге ие болады, оған
арнайы сыйлық беріледі.
5. Баланың тұсауын кесу. Бұдан соң «Жүйрік бол!», «Шауып кет!»
т. б. тілектер айта отрып, екі қолынан екі
адма жетектеген баланың тұсауын
таңдалып алынған адам ала жіппен кесіп
жібереді. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі
адам ортаға алып шығып, тез - тез
жүргізеді. Осы кезде «Тұсаукесер»жыры
шырқалады.
БАЛА ӘСЕМДІККЕ БЕСІКТЕ ЖАТҚАН КЕЗДЕН БАСТАП ҮЙРЕНУІ КЕРЕК Бесік әкелудің өзі керемет бір сән-салтанат десек те болады. Келіннің төркіні «іздеушісі, сұраушысы бар екен» дегізіп, бір топ болып келетін болған және де жай келмей, баланың бесік жабдығын түгелімен, түбек-шүмегіне дейін жасап әкелген. Бесіктің жабдықтарын барынша әдемілеп жасаған. Түбегі мен шүмегінен басқа, қолтық жастық, тізе жастық дегені болады және олар ешқашан сүреңсіз сұр түсті маталардан тігілмеген. Кішкентай көрпешелері де мүмкіндігінше ашық түсті маталардан тігіледі. Бесіктің басына үкі тағады. Өйткені бала әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кезден бастап үйренуі керек. Бала бесікте көп жатады. Бесік - баланың жылы ұясы. Баланың нағашы жұрты бесікпен бірге, немерелі болып жатқан құда-құдағиға да сый-сияпатын ала келеді. Қызы мен күйеу баласын да құр қалдырмайды. Әрине, мұның бәрі әркімнің қал-қадерінше жасалады, шелектік айраны бар қоңырқай тұрмыстылар өз шама-шарқынша дегендей . . . яғни белгілі бір тәртібі, қатып қалған қағидасы жоқ, әркім өз шамасына қарай атқаратын болған. Тұрмысы барлар баланың киім-кешегін, жөргегін салатын арнайы кішкентай сандыққа дейін жасап әкелген екен. Сәбилі болып жатқан қызының нәрестесіне бесік әкелу - қыз төркінінің, әсіресе, анасының парызы. Қазірдің өзінде бесік әкеліп жатқан, тіпті болмағанда баланың арнайы төсегі (манеж), арбасы, үстелі дегендей, балаға қажет жабдықты әкеліп жатқан аналар баршылық. Бұл - бір жағынан, құда-жекжат арасындағы үлкен сыйластық. «Бие құлындамаса, ат болады, ағайын-туыс алысып-беріспесе, жат болады» дегендей, бұл - екі жаққа дәнекер ғана. Әйтпесе ешкім алғаннан - бай, бергеннен - кедей болмайды. Бесік әкелу құда-құдағи арасындағы көңіл сыйлау болса, екіншіден, жас босанған келіннің көңілі көтеріліп, сағынышы басылады әрі енесіне айта алмағанын анасымен бөліседі, көңілі өседі. Өйткені әр адамға өз анасынан жақын адам жоқ. Ал келіннің жүзі жарқын, көңілі тоқ болса, баланың да денсаулығы мықты болмақ . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz