Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілеулер мен қысқартулар

5

6

7

8

:
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Кіріспе
5678: 9
: 1
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджетті қаржыландыру негіздеріндегі мәселелер
5678: 11
: 1. 1
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджетті қаржыландырудың экономикалық мәні мен маңызы
5678: 11
: 1. 2
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджетті қаржыландыру көздері
5678: 19
: 1. 3
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін әзірлеу, қарау және бекіту жүйесі
5678: 23
: 1. 4
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджет кірісін қаржыландыруды болжау тәртібі
5678: 29
: 1. 5
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджетті қаржыландырудағы шетелдік тәжірибе
5678: 36
: 2
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жамбыл облыстық қаржы басқармасының 2010-2011 жылғы бюджетті қаржыландыру денгейі бағалау
5678: 40
: 2. 1
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жамбыл облысы қаржы басқармасы қызметіне жалпы сипаттама
5678: 40
: 2. 2
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджеттің кірістерін қаржыландыру деңгейін талдау
5678: 44
: 2. 3
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджетті қаржыландырудағы салықтық түсімдерді
5678: 47
: 2. 4
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджетті қаржыландырудағы салықтан тыс түсімдерді талдау
5678: 51
: 2. 5
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджетті қаржыландырудағы негізгі капиталды сатудан және трансферттік түсімдердің орындалуы
5678: 54
: 2. 6
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджеттен қаржыландыру деңгейін бағалау
5678: 57
: 3
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін жетілдіру бағыттары
5678: 62
: 3. 1
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін жетілдіру мәселелері
5678: 62
: 3. 2
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Жергілікті бюджетті кірісі мен шығысын теңестіру жолдары
5678: 66
:
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Қорытынды
5678: 68
:
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Қолданылған әдебиеттер тізімі
5678: 71
:
МазмұныНормативтік сілтемелерАнықтамаларБелгілеулер мен қысқартулар: Тіркемелер
5678: 73

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалды:

1 Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5. 04. 020-2008. - Астана: 2008

2 Мемлекеттік стандарт 2. 105-95 Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) . Текстік құжаттарға жалпы талаптар

3 ГОСТ 7. 1-84 Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила описания

4 ГОСТ 7. 9-95 (ИСО 214-76) Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Библиографическое описание документа. Реферат и аннотация. Общие требования

5 ГОСТ 8. 417-81 Государственная система обеспечения единства измерений. Единицы физических величин


Анықтамалар

Осы дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5. 04. 020-2008-ға сәйкес келесі анықтамалар мен терминдар қолданылады.

«Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым - қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң

Бюджеттің кірістері - бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.

Салықтық емес түсімдер - негізгі капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген республикалық, жергілікті бюджеттерге төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері сондай - ақ, трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз берілетін ақша.

Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы

Салықтар - тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттьң қажет болуынан пайда болды.


Белгілеулер мен қысқартулар

Осы дипломдық жұмыста келесі қысқартулар қолданылды:

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚҚС - қосылған құн салығы

АҚШ -Амирика құрама штаттары

ЖТС - Жеке табыс салығы

ЖЗҚ - Жинақтаушы зейнетақы қорлары

«Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары» тақырыбына жазылған ОПЭ-10-1 в тобының білімгері Ботамкулова Салтанат Батырбекқызыеың дипломдық жұмысына

АННОТАЦИЯ

Бірінші бөлімде - жергілікті бюджетті қаржыландырудың мәселелері қарастырылды

Екінші бөлімде - жергілікті бюджеттің кірістерін қаржыландыру деңгейі талданады. .

Үшінші бөлімде - жергілікті бюджеттің орындалуы мен жергілікті бюджеттің кірісін арттыру мәселелері және жергілікті бюджеттің орындалуындағы тапшылық және артықшылық мәселелері қарастырылды.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер және тіркемелерден тұрады.

Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен, кестеден, 73 беттен тұрады.

На дипломную работу студента группы ОП -10-1 в Ботамкуловой Салтанат Батырбековна на тему «Оценка уровня финансирования местного бюджета и пути его совершенствования»

АННОТАЦИЯ

В первом разделе рассматриваются проблемы финансирования местного бюджета.

Во втором разделе анализируется уровень финансирования доходов в местный бюджет.

В третьем разделе рассматриваются вопросы выполнения местного бюджета и проблемы совершенствования доходов в местный бюджет и проблема недостатков и достоинств в процессе восполнения доходов в местный бюджет.

Дипломная работа состоит из введения, трех разделов, заключения, списка использованных источников и приложений.

Дипломная работа состоит из 3 разделов, таблиц и 73 страниц

Кіріспе

Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарда, яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен оларды негізгі мақсаттарда, әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар-бюджетті құрғанда көрінеді.

Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті-экономикалық даму бағдарламасы табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бастап тәуелсіз еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайын өсірудің бірден бір саласы бюджет екеніне көз жеткізе түсінгендей болып отыр, десекте сол бюджеттің нарық талабына сай қызмет етуіне баса назар аударып жетілдіру үстінде. Қазақстан бюджетін дамыту жүйесін қолға алып әлемдік дамыған мемлекеттердің даму деңгейіне сүйене отырып, мемлекеттік бюджеттің экономиканы реттеудегі рөлі зор екендігіне баса назар аударуда.

Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақтан Республикасының бюджет жүйесі мен салық жұйесінің жылдан жылға жаңаруы, бюджет кодексі мен салық кодексіне жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне себеп болып отыр. Ол дегеніміз мемлекетіміз бір орында тұрмай экономиканың бір ыңғай немесе үнемі қозғалыста болғанының белгісі, экономикамыз іштей және сырттай дамуы ол халқымыздың әл ауқатының түзелуі мен мемлекетіміздің тыныштығы деп білем.

Жалпы нарықтық экономика жағдайында бюджет жүйесіндегі кірістері мен шығыстарының бөлінуі экономикалық және әлеуметтік салалардың барлық жақтарын қамтиды.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жергілікті бюджет - ел бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құралы болып табылады. Жергілікті бюджет белгілі бір аймақтың экономикалық және әдеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында құрылған орталықтандырылған ақша қоры. Кез-келген реформаны жүргізу және экономиканы дамыту орасан зор қаржыны талап етеді. Бюджет - қоғам өмірінің барлық саласын: халық шаруашылығын әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер денсаулық сақтау, қорғаныспен басқаруды қамтитын экономикалық реформаны жүргізуге мемлекеттің сыртқы және ішкі ресурстарын жасақтап әрі шоғырландыруға қабілетті. Осыған байланысты таңдап алған диплом жұмысымның тақырыбы өзекті.

Мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мені мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік және тәжірибелік ережесін анықтап, жергілікті бюджеттердің кірістерін экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, жергілікті бюджеттер арасындағы салықтарды үлестіру, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • жергілікті бюджеттің экономикалық мәні мен маңызын;
  • жергілікті бюджеттердің кірістерінің қалыптасу көздерін;
  • жергілікті бюджетті әзірлеу, қарау, және бекіту жүйесін;
  • жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыру мен пайдалануда қолданылатын әдістерін;
  • жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыруда шетелдік тәжірибені қарау.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі. «Жамбыл облысы қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы негізгі 3 бөлімнен тұрады.

Дипломдық жұмыстың нормативтік-ақпараттық базасы. Диплом жұмысының негізгі ақпараттық базасын, экономикалық оқулықтар, оқу құралдары, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Бюджет кодексі, Республиканың статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері, Жамбыл облысы қаржы басқармасының мәліметтері қолданылды.

1 Жергілікті бюджетті қаржыландыру негіздеріндегі мәселелер

1. 1 Жергілікті бюджетті қаржыландырудың экономикалық мәні мен маңызы

Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекшк тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен жеке және заңды тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыруы мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.

ҚР Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы- қаржылық жоспар, материалдық негізі-орталықтандырылған қор, экономикалық негізі- жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі- заң.

Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға обьективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар оларбір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория де дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және осыған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.

Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалау процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет- ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет-ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ; бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.

«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады: [1]

- ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;

- ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;

- ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы) ;

- ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;

- ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.

Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен обьективті түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын обьективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады. Сондықтан Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген- ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині- мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджетті қор мағынасында да пайдаланады.

Бүгінгі күні мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.

Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.

Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және қызметтер көрсету салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің экономикалық мазмұны олардың мынандай арналымдарында көрінеді: [2]

билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;

бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомстваға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді.

Сурет 1. Қазақстан Республикасы жергілікті бюджетінің құрылымы

Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда) және аудандардың (қалалардағы аудандарды қоспағанда) бюджеттерін қамтиды. Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістері мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50 % аралығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджетінің жиынтығын құрайды.

Облыс бюджеті мен облыстық бюджетті ажырата білген жөн. Облыс бюджеті - бұл араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда облыстық бюджетті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың бюджет түрінде екі үрдіс қатар өмір сүреді:

1) дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағұрлым ортақ үдерісінің бейнелеп көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен әдістерінің жүйесін орталықтандыру;

2) қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билікпен басқарудың жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны орталықсыздандыру.

Екінші үдеріс жергілікті органдардың жергілікті жағдайларға жуықтығымен дәлелденеді.

Қаржылық қатынастардың әкімшілігін жүргізудің қағидаты қаржының бақылау функциясын жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады: неғұрлым аз дәрежеде белгілі бір қаржылық қатынасы немқұрайды бақылауға берілсе, соғұрлым оны орталықсыздандырылған реттеуге жатқызған дұрыс.

Дүниежүзілік қаржы теориясы мен практикасы жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дебес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігін айқындайды. Бюджеттің дербестігі деп өңірлік басқару органы бекітіп берген кіріс базасының негізінде бюджеттің көлемін, баптар бойынша кірістер мен шығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұғынылады. Оның атқарылуы басқарудың өңірлік органдарының бұл саласындағы құқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады.

Басқа жағынан өңірлер белгілі бір матасушылықта болатын бірыңғай шаруашылық кешеннің бір бөлігі болып саналады және одан тыс өмір сүре алмайды. Өңірлік ұдайы өндірістің мазмұны мен сипаты бүкіл қоғамдық ұдайы өндіріс дамуының негізгі заңдылықтарымен анықталады.

Сондықтан басқарудағы централизмнің қажеттігін орынды, өндірістің нақтылы жай - күйімен шарттасылған шектерде қажет етеді. Өңірлердің экономикалық дербестігі абсолюттік бола алмайды. Ол әрдайым салыстырмалы және өңір неғұрлым кіші болса, бұл дербестіктің көріну шегі де аз болады, яғни шешімдер қабылдауда орталыққа тәуелсіз еркін болады. Оның үстіне өңірлердің әулеметтік - экономикалық дамуының қазіргі деңгейі, бюджеттік өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты, нарықтық экономикаға көшу кезеңінің күрделілігі республика жергілікті бюджеттерінің көпшілігінің нақталы дербестігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен қамтамасыз ететін мөлшерде қаржыландыру үшін қаражаттардың жеткіліктілігі қағидаты жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік - шаруашылық бірлігі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бұл деңгейдің критерийі осы өңірдің экономикалық мүдделерінің ең жоғары мүмкіндікте іске асыруда болып келеді.

Өңірлердің экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі оларда өңірлік ресурстарды жаңғырту табиғатты қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыруға қажет қаражаттардың кепілдікті көздерін жасау болып табылады.

Өңірдің экономикасын басқарудағы орталықтандырылған және жергілікті негіздердің оңтайлы үйлесуін анықтаудың ортақ қағидаты былайша тұжырымдалады: экономикалық дамудың стратегясын анықтаудағы централизм, оны іске асырудағы дербестік.

Оперативтік - шаруашылық дербестігі жергілікті буында шығыстардың 50 пайыздан кем емесін жабатын кірістердің оқшауланылған, бекітіп берілген жүйесін жасауды, бюджетке ұзақ мерзімге кірістердің қатаң бекітіп берілуін қажет етеді.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде ұлттық табысты бюджет арқылы қайта бөлу « фискалдық федерализм » теориясы негізінде жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік жоспарлау мен болжау
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегі бюджеттің рөлі
Бюджеттік жоспарлау, қаржылық жоспарлаудың басым бөлігі
Жергілікті бюджетті жетілдіру жолдары
Мемлекеттік бюджет шығындары және оны реттеу механизмі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет үдерісі
Әлеуметтiк-экономикалық ахуал
Бюджетті жоспарлау негіздері
Республикалық маңызы бар қала бюджеті
Бюджетті құру және орындауда туындайтын негізгі мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz