Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
7
МАЗМҰНЫ:

1 ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Еңбек ресурстарын басқару және еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметтері

1. 2 Жұмыссыздық, оның экономикаға әсері және жұмыссыздық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер

1. 3 Жұмыспен қамтылу ұғымы және халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары

10

15

27

МАЗМҰНЫ:

2 ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногындағы жағдай туралы

2. 2 Oңтүстік Қазақстан облысы еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері

2. 3 Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2010 жылда атқарылған жұмысына талдау

37

41

46

МАЗМҰНЫ:

3 ЕҢБЕК НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Халықты жұмыспен қамтуда мемлекеттік басқару мәселелері және жетілдіру жолдары

3. 2. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері

55

63

МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
71
МАЗМҰНЫ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
74

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмысының тақырыбының өзектілігі. Бүгіндері халықты жұмыспен қамту ең өзекті мәселеге айналды. Тіпті Халықаралық еңбек ұйымы жыл соңына қарай жұмыссыздар саны 200 млн адамға жетеді деген болжам жасап отыр. Мұныңыз әлемді жаппай жұмыссыздық жайлай бастады деген сөз. Еуропада соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі әбден шегіне жетті, «бірақ бұл бастамасы» ғана дейді амстердамдық экономист Мартин Ван Вли.

Дағдарыс Қазақстан экономикасына да өз салқынын тигізіп жатқаны күмән туғызбайды. Іскерлік белсенділік төмендеді, тауар мен қызметке деген сұраныс азайды. Артық мамандарды қысқартуға тура келеді. Сондықтан қазір көптеген қазақстандықтар жұмыссыздық проблемасымен бетпе-бет кездескені анық. Жас мамандарға жұмыс табу қиын, ал тәжірибелілер орнынан айырылып қалмауға тырысады. Күн сайын теледидардан үздіксіз жұмыссыздық жайын айтып жатқанда, бұл таңғалатын да жайт емес. Дәл осындай кезде мемлекеттің рөлі айрықша болмақ. Өйткені мемлекет жалпы іскерлік белсенділікті арттыру мен халықты жұмыспен қамту мақсатында еңбек нарығына ерекше ықпал етеді. Бүгінгі күнгі ең басты мәселе - экономиканы тұрақтандырып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын [1] .

Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.

Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді [2] .

Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К. Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д. Ж. Кейнс пен М. Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.

Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Я. Ә. Әубәкіров, Т. А. Әшімбаев, Ү. С. Байжомартов, С. Х. Берешев, Б. А. Жүнісов, Қ. М. Жұмақанова, М. Б. Кенжеғозин, Ж. Ш. Кенжалина, Ш. К. Көпешов, Ж. К. Қорғасбаев, А. К. Қошанов, А. Қатарбаева, Н. К. Мамыров, М. К. Мельдаханова, А. Қ. Мейірбеков, А. Б. Молдашев, Т. Ж. Нұрымбетов, Н. А. Омаров, А. К. Отаров, Ж. Ж. Сүлейменов, С. Д. Тәжібаев, М. Э. Тілеужанова, Ө. Қ. Шеденов және т. б. өз еңбектерінде жан-жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.

Жамбыл облысында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, облыстың экономкалық және т. б. ерекшеліктеріне байланысты ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді облыстық экономика мен еңбек нарығының байланыстылығын жүйелі түрде зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

Еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік және жинақталған тәжірибелік материалдар өзіндік ғылыми зерттеу жұмысын іске асыруға ықпал етті.

Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Дипломдық жұмыс мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

-еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік негіздерін зерттеу;

-еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;

-облыстағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;

- Оңтүстік Қазақстан облысындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жасап, тиімділік деңгейі мен салааралық ерекшіліктерін анықтау;

-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасының қажеттілігі мен жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдарын негіздеу.

Дипломдық жұмыстың пәні болып еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары таңдалды.

Дипломдық жұмыстың нысаны. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуда болып отырған экономикалық қатынатар.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері ретінде еңбек нарығын реттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, еңбек нарығы мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық органдардың ресми мәліметтері алынды.

Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен тұжырымдамалар салыстырмалы талдау, материалдарды графикалық өңдеу, экономикалық-математикалық болжамдау, зерттеудің әдістерін қолданумен негізделеді.

Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика Агентігінің, Халықаралық еңбек ұйымының, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы статистикалық басқармасының және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және компьютерде терілген 73 беттен тұрады.

Дипломдық жұмыста сандық материалдар 15 кестеде, 6 суретте келтірілген.

1 еңбек ресурстарын басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері

1. 1 Еңбек ресурстарын басқару және еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметтері

Еңбек ресурстарын басқару мемлекеттің қандай жүйе бойынша дамып келе жатқандығына қарамастан, оның шешуші қызметі болып табылады. Әрине, бұл Қазақстанға да қатысты мәселе. Сондықтан мамандарды басқарудағы әдістемелік жолдарды білген жөн.

Дамыған елдерде бұл мәселені зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та «мамандарды басқару» пәні 200-ге жуық ЖОО-да оқылады. Ірі корпорациялардағы мамандардың 30%-на жуығының магистр дәрежесі бар. Жапондықтар өздерінің өмір сүруін табиғи ресурстарға емес, адам ресурстарына байланысты деп түсінеді және де олар өздеріндегі ең басты байлық адам деп есептейді.

Қолданылған ресурстардың көп түрлілігіне қарамастан оларды әдетте негізгі 3 топқа бөледі:

-натуралды немесе табиғи (жер, т. б. ) ;

-материалды (капитал) ;

-адам ресурстары (еңбек) .

Ресурстарды басқару ұйымды басқаруға негіз болады. Адам ресурстарын басқару кез келген ұйым үшін материалды және табиғи ресурстарды басқарумен қатар, жалпы басқарудың бір құраушысы болып табылады. Алайда өз қасиет белгілеріне қарай адам ресурстары басқа ресурстардан өзгешеленеді де, басқарудың ерекше әдістерін қажет етеді. Басқару процесінде адам ресурстарының өзіндік ерекшелігін ескерген жөн.

Оның мәні мынада:

Біріншіден, өндіріс құралдарына қарағанда адамдардың сапасы бар, соған сәйкес олар сыртқы әсерге сапалы түрде жауап бере алады. Яғни, ұйым мен қызметкер арасындағы өзара байланыс процесі екі жақты болып табылады.

Екіншіден, сапалы болғандықтан адамдар үнемі жаңарып дамып отыруға қабілетті. Технологиялар мен оған қоса кәсіптік білім бірнеше жылдың ішінде ескеріп отыратын ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі жағдайында қызметкерлердің үнемі дамып, жаңарып отыру қабілеті кез келген ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың аса маңызды да ұзақ мерзімді көзі болып табылады.

Үшіншіден, қазіргі заманғы қоғамдағы адамның еңбек ету өмірі 30-50 жылды құрайды, осыған байланысты ұйым мен адамның ара қатынасы ұзақ мерзімді сипат алады.

Төртіншіден, материалды және табиғи ресурстарға қарағанда адамдар ұйымға белгілі бір мақсаттармен, саналы түрде келеді де, ұйымнан осы мақсаттарына жетуде көмек күтеді.

Мамандарды басқару адамзат қоғамның даму тарихында ежелден бастау алады. Туыстық ұйымдарға біріккен сонау ежелгі адамзат қоғамның алғашқы өкілдері-ақ өздерінің өте шектеулі ресурстарын пайдалану мәселесін күнделікті шешіп отыратын, күнделікті еңбек бөлінісі, еңбек уәждемесі және тәртіп мәселелерімен кездесіп отыратын.

Мамандарды басқаруда кез келген обьектіні немесе процесті басқару секілді ұйымдық қызмет болып табылады.

Ғылыми-техникалық процестің жеделдеуімен, нарықтық қатынастардың одан әрі дамуымен және бәсекенің өрши түсуімен сипатталған XX ғасырдың соңғы жылдары мамандар алдына адам ресурстарын басқару саласында жаңа мәселелер туындады.

Еңбек ресурстары дегеніміз - еңбек ету үшін қажетті білімі мен ақыл-ой қабілеті бар, физикалық дамыған халықтың бір бөлігі. Еңбек ресурстарына жататындар:

а) еңбекке жарамды жастағы халық: еркектер 16-63 жас, әйелдер 16-58 жас аралығындағылар. Жұмыс істемейтін I және II топтағы еңбек және соғыс мүгедектері мен еңбекке жарамды жастағы, бірақ жеңілдетілген жағдайлармен қарттығы бойынша зейнетақы алатын жұмыс істемейтіндер еңбек ресурстарын құрамына кірмейді.

б) қоғамдық өндіріспен айналысатын еңбекке жарамды жастағылардан үлкендер мен кішілер.

Еңбек потенциалы еңбек ресурстарына қарағанда кең мағынаны қамтиды. Себебі мұнда жасы бойынша еңбек ресурстарының қатарынан шығып кеткен бірақ, қоғамдық қатысатындар да кіреді.

Еңбек потенциалы - бұл жеке адамның, әр түрлі жұмыскерлер тобының, бүкіл еңбекке жарамды халықтың қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы бойынша санын, сапасын және еңбекке қабілеттілік өлшемдерін анықтайтын интегралды сипаттамасы.

Еңбек потенциалының сандық және сапалық сипаттамалары болады. Сандық сипаттамасы келесілерді анықтайды:

- еңбек ресурстарының саны;

- бір жұмыскердің бір жылдағы орта есеп пен алғандағы жұмыс істеген уақытының мөлшері;

- еңбектің интенсивтігі.

Сапалық сипаттамасы:

- физикалық құраушысы;

- денсаулығы;

- интеллегтуалдылығы;

- әлеуметтік қажеттілік;

- мамандығы.

Сандық, сапалық сипаттамаларын бірге қарастыра отырып, қоғамдық өндірістің еңбек ресурстарымен қаншалықты дәрежеде , ҒТП-ң талаптарына сәйкестілігін анықтауға олады.

Халықтың ұдайы өсуі деп туу мен өлімнің өзара әсерлесуі нәтижесі дамдар ұрпағының үздіксіз жаңарып отыру процессі түсіндіріледі.

Халықтың ұдайы өсу процессінде оның түрлері, типтері және тәртібі, ал еңбек ресурстарының ұдайы өсуі процессінде сонымен қатар фазалары немесе кезеңдері бөлініп шығады.

Халықтың табиғи қозғалысы - деп адамдардың туылып және өлімінің салдарынан айтамыз:

Осылардың қайсысының басым болғандығына байланысты халықтың табиғи өсімі немесе табиғи азаюы болады.

Халықтың көші-қон қозғалысы - әр түрлі экономикалық, саяси, діни және басқа да себептерден болады.

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

Еңбек нарығы бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныстың механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.

Еңбек нарығы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі көтеруге көмектеседі. Еңбек нарығы жұмыс орны мен кәсіпті таңдауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады.

Еңбек нарығы асқан жауапкершілікті, жинақылықты қажет етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау [5] .

Қазақстан Республикасында 1992 жылға дейін еңбек нарығы болған жоқ. Нарықтық экономикаға көшу осындый нарықтың болуын қарастырады. Еңбек нарығы-бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату-сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі.

Қазақстан Республикасындағы қалыптасып отырған еңбек нарығы нақты еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде: әлі де болса паспорттық құжаттық режим сақталуда, жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр.

Мысалы, көмір және тау-кен өндіру, мұнай өңдеу аудандарында ерлер еңбегі басымдау. Себебі мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорында нашар дамыған, осыдан байқалатын елдегі жұмыссыздардың үштен екісін әйелдер құрайды.

Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайжың өте маңызды көзі. Экономикалық бағыттан еңбек дегеніміз өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеді ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыра ынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т. б. мүмкіндік тудырады.

Еңбек нарығы - бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т. б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды. Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмымспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді, және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойнына алады.

Барлық экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген, жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және территориялао бойынша бөлінеді. Бір сегменттен басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік жағдайы көбінесе мемлекеттің арласуымен анықталады. Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді. Жалақының ең төменгі мөлшері нарықтың сұраным мен ұсыным қозғалысына автоматты түрде бейімделу әрекетіне шек қояды.

Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшандығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамшылдықты ынталандырады.

Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату-сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осынын арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінін сапасына деген талап күшейеді.

Еңбек нарығы - жұмысшылар мен жұмыс орындарының саны арасындағы қатынасты реттейтін механизм. Бұл жұмыс күшінің бірқалыпты ұдайы өндірісін және еңбекті тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік, соның ішінде құқықтық институттар жүйесі болып табылады.

Еңбек нарығының құрылымы деп оның құрамына кіретін барлық элементтер арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттесуін айтамыз. Еңбек нарығының элементтерінің ішінде келесілерді бөліп қарастырған тиімді: жалдамалы жұмысшылар мен олардың бірлестігі; кәсіпкерлер мен олардың одақтары; мемлекеттік органдар жататын нарық субъектілері.

Еңбек нарығының құрылуы, қалыптасуы және дамуы 1-ші суретте көрсетілгендей бірқатар факторларға байланысты болады.

Сурет 1 - Еңбек нарығының қалыптасуына әсер етуші факторлар

Ескерту - Әдебиеттерді талдау негізінде автор құрастырған

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т. б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы-еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы - ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ескерту нарығын үлгісі реттеу үлгісі
Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Қызылорда облысы материалдары бойынша)
Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу аспектілері
Еңбек нарығы және оның түрлері
Жұмыспен қамту деңгейі
Халықты жұмыспен қамту саясаты
Қазақстан Республикасының еңбек нарығы
Жамбыл облысындағы халықты жұмыспен қамтамасыз ету
Дағдарыс жағдайындағы халықты жұмыспен қамтуды реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz