Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру


ӘОЖ 373. 1. 013:796. 011 Қолжазба құқығында
АБУСЕЙТОВ БЕГАХМЕТ ЗАЙНИДИНҰЛЫ
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін
қалыптастыру
13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2009
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.
Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Момынбаев Б. К.
социология ғылымдарының кандидаты,
доцент Мухамеджанов Б. Қ.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Чилдебаев Д.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Жолдасбекова Б. А.
Жетекші ұйым: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру
академиясы
Қорғау 2009 жылы « » сағат Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 61. 35. диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, Кіші мәжіліс залы.
Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.
Автореферат 2009 жылы «___» таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы міндетін атқарушы Р. Ибрагимов
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесін, заманауи технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен байланыстыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.
Дене мәдениетінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.
Ғылым, техника, мәдениет, спорт және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміздің қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үдерісінде оқушыларды салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жетілдіруді жүзеге асыру үрдісі, сондай-ақ дене мәдениетін қалыптастыру мәселесін теориялық сараптау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене мәдениетінің әлеуметтік және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес жалпы орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру үшін қажет. Дене мәдениеті тек мектептегі дене тәрбиесі сабағында ғана емес, ол сабақтан тыс уақытта денсаулыққа байланысты қажетті шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі жалпы орта мектептерде дене тәрбиесінің жүйесі мектеп оқушыларының денсаулықтарын нығайтумен қоса, олардың бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі пәнін оқыту үрдісінде мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыру үдерісіне тікелей байланысты.
Дене мәдениетін қалыптастыру мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуде, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық үдерістер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асырудың маңыздылығы артуда.
Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысы- бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің қалыптасуын зерттеуде Ш. Ахметова, Б. А. Ашмарин, К. Б. Бозжанова, О. С. Богданов, А. Д. Вишневский, Р. М. Қоянбаев, П. Ф. Лесгафт, М. Т. Тәнекеев, Б. Т. Төтенаев, Б. А. Тойлыбаев, Ш. Б. Оразовтар айтарлықтай үлес қосты.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда дене мәдениетінің алатын орнын және оның қолдану жолдарын, ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын мектепте қолдану жолдарын зерттеген ғалымдар: Т. Ж. Бекбатчаев, Ә. Бүркітбаев, Б. Д. Мотукеев, А. Х. Мұханбаева, Ж. М. Төлегенов, М. Б. Сапарбаев, Ж. К. Оңалбек, Е. Сағындықов болды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі арқылы оқушыларға тәрбие және білім беру үрдісінде ғылыми зерттеулер жасаған Республикамыздың танымал ғалымдарының: А. С. Адылханов, А. Иманғалиев, Г. С. Акиева, С. Қ. Қауашев, Р. А. Дабагян, А. Н. Тесленко, А. С. Бейсенова, М. Н. Сарыбеков, Д. Чилдебаев, А. Б. Нұрлыбекова, Ж. Ембергенова, Б. Махамедова, Б. А. Жолдасбекова, Г. Назарова т. б. еңбектерін атауға болады.
Денсаулықты сақтау және нығайту көптеген зерттеулерде дене тәрбиесі пәні сабақтары және спорттық оқу-жаттығу сабақтарымен байланыстырады.
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың белсенді түрінде мектеп оқушыларының дене тәрбиесі сабағында жетілдіру мәселесіне А. К. Атаев, Қ. И. Адамбеков, Ю. С. Жилко, Д. В. Биданов, Ж. Егізбаев, С. Тайжанов және т. б. еңбектерін арнаған.
Дене мәдениеті құралдарымен жеке тұлғаны дамытудағы әртүрлі құбылыстар мен жайттарды (аспектілерді) М. А. Арвисто, К. Ш. Ахияров, М. В. Андропов, А. П. Матвеев, Б. А. Ашмарин, С. И. Касымбекова, В. А. Авраменко, Н. И. Пономарев, В. А. Черкасов, Ж. Қ. Оңалбек, Б. Қ. Мухамеджанов, Е. Оразбаев, Ә. К. Әбділлаев және т. б. ғалымдар зерттеген.
Сонымен бірге, оқушылардың спорттық қызметтегі туындаған мәселелері ғылыми-педагогикалық зерттеулерде кешенді, құндылық тәсілдері тұрғысынан өзінің көрнекті орнын тауып келеді. Оқушылардың спорттық іс-әрекетке деген қатынасы аз зерттелген өзекті мәселе ретінде қалып отыр. Бұл мәселе М. Я. Виленский, Г. С. Туманян, Е. Қ. Уанбаевтардың ғылыми зерттеулерінде аратұра қозғалады. Дене мәдениеті құндылықтарынан студенттердің бағдар алуы жайлы мәселені Р. Ф. Кабиров, Л. Х. Магомадова еңбектерінде зерттеді. Жас жеткіншектердің дене мәдениеті құндылықтарынан бағдар алу мәселелерін К. А. Матвийчук, С. Тайжанов, А. Қарақов және т. б. ғалымдар зерттеген.
Дене тәрбиесі мен спорттың жекелеген әлеуметтік мәселелеріне зерттеулерін арнаған ғалымдар: М. Т. Таникеев, В. И. Столяров, А. О. Мильштейн, А. В. Мартыненко, М. Н. Кошаев, Б. Қ. Мухамеджанов және т. б. болды.
Спорттық ортада қандай нәтиже беретіндігін білу мақсатында спорт психологиясы жөніндегі ғылыми еңбектерді атап өтуге болады: Ю. Ханин Л. А. Петровская, В. А. Крутецкий, И. А. Фурманов, С. М. Громбах, В. Л. Марищук, Е. П Ильин, А. В. Петровский, Б. К Қаражанов, Т. А. Ақпаев, М. І. Адамбеков, Ә. Ж Тастанов, О. А. Черникова, И. И. Сүлейменов, Ю. А. Коломейцев, Б. Г. Угаевтың еңбектері сондай-ақ Д. Чирилога, Р. Мартенес, Т. Б. Рохерс, И. Торанс және т. б. шет ел ғалымдарының спорт психологиясына кеңінен ғылыми зерттеулері арналған.
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен психологиялық, педагогикалық, әдістемелік т. б. еңбектерді зерделеу және мектептегі дене тәрбиесі жүйесін, оның жай күйі мен дамыту мүмкіндіктерін талдау барысында төмендегідей қарама-қайшылықар айқындалды: жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың дене мәдениетін құндылық бағдар ретінде дамытуға деген әлеуметтік қажеттілік пен оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізделуінің толымсыздығы арасындағы; дене мәдениетін қалыптастыру талаптары мен оны жүзеге асыруда нақты әдістемелер мен технологиялардың жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылықтар зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты «Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру» деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты - жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның бағдарламасы мен әдістемесін тәжірибелік-эксперименттен өткізу, қортындысын шығару.
Зерттеудің нысаны - жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісі.
Зерттеудің пәні - жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер оқушыларға дене тәрбиесінен білім беру тарихи-педагогикалық тұрғыда анықталып, мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері айқындалып, оқу үдерісі мен сыныптан тыс жұмыстарда, спорт түрлері бойынша үйірмелерде, оқушылардың өз беттерінше денені шынықтырып, дене мәдениетін қалыптастыратын арнайы әдістемесі қолданылса, онда дене тәрбиесі және спортқа қызығушылық оқушылардың денесін шынықтырумен қатар, денсаулығы нығайып, дене бітімін жақсартады, салауатты өмір салты мен дене мәдениетін қалыптастыруға, спорттың - әлемдік бейбітшілік құралы ретінде танып білуіне жол ашылады, дене тәрбиесі және спортқа қызығушылықтың теориялық материалын терең меңгеруге, жалпы орта мектеп оқушыларында дене мәдениеті қалыптасып, дені сау болып тәрбиеленеді, өйткені дене тәрбиесі сабағы мен спорт үйірмелері сабақтан тыс тыныс тіршілігіне оң ықпал жасай алады.
Зерттеу міндеттері :
1. Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың теориялық тұғырларын анықтау.
2. Зерттеу мәселесінің бүгінгі жағдайы мен оны дамытудың мүмкіндіктеріне сәйкес, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау.
3. Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың мазмұнын анықтай отырып, оны оңтайлы қалыптастырудың әдістемесін негіздеу.
4. Зерттеу нәтижелерінің тиімділігін тәжірибелік эксперимент жүзінде тексеру және оқу-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің жетекші идеясы. Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген, болашақ жас ұрпақты салауаттылық пен дене тәрбиесін рухани тұтастықта қарастыратын оқу-тәрбие үдерісі еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін: тұлғаның әлеуметтік мәні туралы философиялық теориялар, заңдылықтар, тәрбие теориясы, жүйе теориясы; тұлғалық бағдар теориясы; жеке тұлғаны дамыту ілімдері, психологиялық тұжырымдар мен қазіргі жетекші философиялық қағидалар: салауаттылық, демократиялық, кешендік, біртұтастық, жүйелілік, сол сияқты қазіргі білім беру парадигмалары, мектептегі оқу үдерісін басқару, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.
Зерттеу көздері. Зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, ҚР “Қазақстан - 2030” даму стратегиясы, ҚР “Білім туралы” Заңы, “Дене тәрбиесі” тұжырымдамасы т. б. ), «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары», оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану, дене тәрбиесі және спорт салаларындағы ғылыми, әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; мемлекеттік арнайы деректік құжаттарды саралау; сұрақ-жауап, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, жапы білім беретін мектеп құжаттарын талдау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, статистикалық әдістер.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2004-2005 жж. ) зерттеу проблемасы бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді; ғылыми аппарат айқындалды; оқу-тәрбие үрдісінің мектептегі дене тәрбиесі және сабақтан тыс оқу-жаттығу сабақтарының жағдайы зерттеліп, бағдарламалар мен ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараланды. Зерттеу жұмысының теориялық негізі анықталды. Эксперимент бағдарламасы айқындалып, анықтаушы педагогикалық тәжірибе жүргізілді.
Екінші кезеңде (2005-2007 жж. ) зерттеу мақсатынан келіп, әдістемелік ұсыныстар негізінде, мақсатты бағыттағы тәжірибелік-эксперимент жұмыстары жүзеге асырылды. Дене мәдениеті іс-шараларына және спорттық жарыстарға дайындау және жарыстарды өткізудің жоспарлары өңделіп, дайындық жасалынды. Бұл кезеңдегі пайдаланылған негізгі әдістер: бақылау, анкета, сұхбат жүргізу, оқушыларды практикалық, яғни іс жүзіндегі жүргізілетін іс-әрекеттерін талдау. Әсіресе, спортта оқушыларды психологиялық даярлауға үлкен мән берілді. Қалыптастырушы эксперимент жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңде (2007-2008 жж. ) тәжірибелік-эксперимент материалдарды жинақтау және өңдеу жұмыстары жалғастырылды; жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру бойынша ұсынымдар өңделіп дайындалды және практикаға ендірілді; теориялық және тәжірибелік тексеру қорытынды жұмыстарының нәтижелері жалпыланып, зерттеу қорытынды жасалынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
1. Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері талқыланып, теориялық негіздері анықталды.
2. Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайлары мен оны дамытудың мүмкіндіктері сараланып, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып, өлшемдері мен көрсеткіштері негізделді.
3. Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың арнайы әдістемесі жасалды.
4. Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудағы зерттеу нәтижелері тәжірибелік-эксперимент жүзінде тиімділігі дәлелденіп, маңызды оқу- әдістемелік ұсыныстар даярланды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі . Мектептің оқу-тәрбие үдерісіне:
- жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруда құндылық бағдар сипатындағы, оқу үрдісінде маңызды бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар ұсынылды;
- оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруда «Оқушылардың дене мәдениеті мен спортқа қызығушылық құндылық бағыттарын қалыптастыру» әдістемесі жасалды;
- дене мәдениетінен білім мен тәрбие берудің сыныптан тыс сабақтарды және үйірмелерді ұйымдастыруға байланысты мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар ұсынылды;
- зерттеліп отырған мәселеге байланысты әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар, жалпы орта мектептер, колледж және мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттарының тәжірибесінде қолданысқа түсті;
- зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағидалардың жүзеге асуына, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруге, мектеп оқушыларында дене тәрбиесін жетілдірудің жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу, мектеп оқушыларының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру мәселелері, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру аясындағы маңызды көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік берді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері өзекті мәселенің тарихи-педагогикалық мәні мен мазмұнын айғақтайды;
- оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі - зерттеудің ғылыми-әдістемелік негізделуіне тұғырлы сипат береді;
- дене тәрбиесі пәнін оқыту арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың нақты шарттар негізінде ( мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік ) жүзеге асырылуы: мазмұндық - жасалған бағдарламалар, оқу құралдарын жасаумен айқындалуы; ұйымдастырушылық - оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі жұмыс формаларын, әдіс-тәсілдерді, амал-жолдарды пайдаланумен; әдістемелік -тәжірибелік тұрғыда негізделген жұмыстармен айқындалады;
- оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру әдістемесі тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының кешені, ғылыми негізделген әдістемелік жүйесі арқылы дәйектеледі.
Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары ОҚО Түркістан қаласындағы №1 А. Байтұрсынов атындағы және №19 жалпы орта мектептерде, Кентау қаласындағы №6 А. С. Пушкин атындағы және №14 Әл-Фараби атындағы орта мектептерде, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы №51 М. Қаратаев атындағы және №163 орта мектептерде өткізілді.
Зерттеудің нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі зерттеу проблемасын жан-жақты әдіснамалық және теориялық талдаумен, педагогикалық зерттеудің логикасымен, зерттеу барысында педагогика әдіснамасының талаптарының сақталуымен, зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде нақты қолданумен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестігімен, олардың тиімділігінің эксперимент жүзінде тексерілуімен қамтамасыз етілді.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру эксперимент жүргізу барысында іске асты және Халықаралық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндалды, зерттеу жұмысының мазмұны жарияланған 14 мақалаларда, 3 оқу әдістемелік құралдарда көрініс тапты. Зерттеудің негізгі нәтижелері ғылыми баяндама түрінде халықаралық (Ақтөбе, 2007; Шымкент, 2006; Алматы, 2005; Көкшетау, 2008), республикалық ғылыми-практикалық (Түркістан, 2006) ғылыми-теориялық конференцияларда; республикалық педагогикалық оқуларда (Шымкент, Алматы, Түркістан, Кентау 1999-2006) және Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жыл сайынғы өтетін конференцияларында, ғылыми-әдістемелік семинарларында, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облыстық, аймақтық, қалалық білім беру басқармаларында баяндалды. Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері тәжірибе барысында жүзеге асырылды.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу міндеттерін кезеңмен шешу логикасына сәйкес құрылды және ол кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, диссертация тақырыбының таңдалуы негізделді, ғылыми аппараты: зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі көрсетілді. Қорғауға ұсынылатын қағидалар түзілді, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі мен ендірілуі сипатталды.
«Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде зерттеу мәселесіне талдау жасалып, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың тарихи-педагогикалық мәселелері анықталды, оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері айқындалды, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары баяндалды.
«Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі» атты екінші бөлімде жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың мазмұны анықталды, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі негізделді, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру нәтижелері сипатталады.
Қорытындыда зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері талданып, оларды пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Дене мәдениеті өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаев: «Спорт - игiлiктi iс. Спортта мiнез - құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн», - деуi тарих сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi.
Зерттеулер мәліметтеріне сүйенсек, елiмiзде соңғы жылдары халықтың табиғи өсу деңгейi және туу көрсеткiштерi төмендеп, денсаулық жағдайларының нашарлауы көрініс тапқан. Әсiресе, балалар денсаулығы өте алаңдатарлық жағдайда, елімізде екi миллионнан астам балалар мен жасөспiрiмдер асқынған ауру түрлерi бойынша диспансерлiк есепке тiркелген.
Тәуелсіз еліміз үшiн адамның денесінің сау болуы үлкен маңыздылыққа ие. Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс кызметiне тiкелей керi есер етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы, жалпы орта мектептеріндегі оқушылардың денсаулықтарының өте төменгi деңгейде болуы. Әскер қатарына қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық жағдайларына байланысты көпшiлiгi керi қайтарылуда. Мектеп табалдырығын аттаған бiрiншi сынып оқушылары мен қолына аттестат алғалы тұрған түлектердiң денсаулығын салыстырған зерттеушiлер, мектеп түлектерiнiң денсаулығының талап деңгейінен 4-5 есе төмен екенiн байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz