Сферопсидалықтар – sphaeropsidales қатары, гифомицеттер – hyphomycetales (moniliales) қатары, дейтеромицеттер – deuteromycetes немесе жетілмеген саңырауқұлақтар – fungi imperfecti класы



Табиғатта аса көп тараған, бұлар тек өсімдіктер қалдықтарында, әртүрлі құрамы бар топырақта да сапрофитті тіршілік етеді. Сонымен қатар, жоғарғы сатыдағы мәдени және жабайы өсімдіктердің паразиттері. Жалпы Қазақстанда кездесетін саңырауқұлақтардың 45%-дайы, 1650-ден астам түрі жетілмеген саңырауқұлақтарға тән.
Бұл класқа мицелийлері гаплоидты көп клеткалы, физиологиялық жағдайына, өсіру ортасына, түріне байланысты бір не көп ядролы болады. Клетка аралықтары аскомицеттердікі сияқты жай саңылаулы. Аздаған түрлерінде ғана базидиомицеттер сияқты саңылауы күрделі келеді. Олардың айқын қалталы және базидийлі спора тасушы мүшелері болмайды, жыныссыз жолмен түзілетін конидиялар арқылы көбейеді. Бұлардың біраз түрлері бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы да көбейе алады. Көпшілік дейтеромицеттердің конидия сағақтары бір-бірімен сағақтары коремий, спородохия, ацервула (ложа) пикнид деп аталатын әр түрлі формалар құрайды. Көптеген конидия сағақтары бір-бірімен тығыз желімделіп буда құрайды, мұны коремия деп атайды. Конидия сағақтарынан ұшынан синхронды түрде конидиялар тарқатылып жатады. Гифалардың тарамдалып тоқылуынан дөңес дене не жастықшалар (строма) құрылады, оның жоғарғы жағынан конидия споралары бар конидия сағақтары түзіледі, мұны спородохий деп атайды.
Ацервула конидия сағақтарының дамуы жағынан спородохияға ұқсас, одан негізгі айырмашылығы дөңес стромаларда құралмай, гифалардың тоқылуынан құралған тегіс қабаттарда құралады, сыртында перидий қабығы болады. Пикнидалы конидия сағақтары күрделі. Ол шар не құмыра пішінді ашық не күңгірт түсті қабықты, жоғарғы жағында тар тесігі болады. Пикниданың ішкі жағынан тығыз қысқа конидия сағақтары дамиды. Конидия сағақтарының ұшынан конидия, артроспора, алевриоспора, анеллоконидия, бластоспора, пороспора, фиалоспоралар деп аталатын әр түрлі конидиоспоралар түзіледі. Артроспора конидия сағағының не гифалардың фрагментациясы нәтижесінде түзілсе, алевриоспора конидиогенді клетканың пердеге бөлінуі нәтижесінде түзіледі, алевриоспора көбінекей ірі келеді және бірден пайда болады. Алевриоспора конидия сағағынан бөлінгеннен кейін конидиогенді клетка ұзарып, онда сақина пішінді тыртық қалады. Ондай конидиогенді клетканы анеллофора, ал спорасын анеллоконидия деп атайды. Бластоспоралардың құралуына конидиогенді клетканың қабығы тұтас қатысады. Бластоспора бүршіктену тәсілімен конидия сағағының ұшында түзіледі. Пороспора құрылуда конидиогенді клетканың ішкі қабаты ғана қатысады және бүршіктену арқылы дамиды. Қалың қабықты келеді. Фиалоспора құрауға конидиогенді клетканың қабығы қатыспайды, фиалоспора фиалидиден дамиды. Барлық споралар конидия сағағының ұшында пайда болады. Дейтеромицеттердің классификациясы конидия сағақтары мен конидия спораларының құрылысына, формасына негізделген.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Сферопсидалықтар - Sphaeropsidales қатары, Гифомицеттер - Hyphomycetales (Moniliales) қатары, Дейтеромицеттер - Deuteromycetes немесе жетілмеген саңырауқұлақтар - Fungi Imperfecti класы
Дейтеромицеттер - Deuteromycetes немесе жетілмеген саңырауқұлақтар - Fungi Imperfecti класы

Табиғатта аса көп тараған, бұлар тек өсімдіктер қалдықтарында, әртүрлі құрамы бар топырақта да сапрофитті тіршілік етеді. Сонымен қатар, жоғарғы сатыдағы мәдени және жабайы өсімдіктердің паразиттері. Жалпы Қазақстанда кездесетін саңырауқұлақтардың 45%-дайы, 1650-ден астам түрі жетілмеген саңырауқұлақтарға тән.
Бұл класқа мицелийлері гаплоидты көп клеткалы, физиологиялық жағдайына, өсіру ортасына, түріне байланысты бір не көп ядролы болады. Клетка аралықтары аскомицеттердікі сияқты жай саңылаулы. Аздаған түрлерінде ғана базидиомицеттер сияқты саңылауы күрделі келеді. Олардың айқын қалталы және базидийлі спора тасушы мүшелері болмайды, жыныссыз жолмен түзілетін конидиялар арқылы көбейеді. Бұлардың біраз түрлері бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы да көбейе алады. Көпшілік дейтеромицеттердің конидия сағақтары бір-бірімен сағақтары коремий, спородохия, ацервула (ложа) пикнид деп аталатын әр түрлі формалар құрайды. Көптеген конидия сағақтары бір-бірімен тығыз желімделіп буда құрайды, мұны коремия деп атайды. Конидия сағақтарынан ұшынан синхронды түрде конидиялар тарқатылып жатады. Гифалардың тарамдалып тоқылуынан дөңес дене не жастықшалар (строма) құрылады, оның жоғарғы жағынан конидия споралары бар конидия сағақтары түзіледі, мұны спородохий деп атайды.
Ацервула конидия сағақтарының дамуы жағынан спородохияға ұқсас, одан негізгі айырмашылығы дөңес стромаларда құралмай, гифалардың тоқылуынан құралған тегіс қабаттарда құралады, сыртында перидий қабығы болады. Пикнидалы конидия сағақтары күрделі. Ол шар не құмыра пішінді ашық не күңгірт түсті қабықты, жоғарғы жағында тар тесігі болады. Пикниданың ішкі жағынан тығыз қысқа конидия сағақтары дамиды. Конидия сағақтарының ұшынан конидия, артроспора, алевриоспора, анеллоконидия, бластоспора, пороспора, фиалоспоралар деп аталатын әр түрлі конидиоспоралар түзіледі. Артроспора конидия сағағының не гифалардың фрагментациясы нәтижесінде түзілсе, алевриоспора конидиогенді клетканың пердеге бөлінуі нәтижесінде түзіледі, алевриоспора көбінекей ірі келеді және бірден пайда болады. Алевриоспора конидия сағағынан бөлінгеннен кейін конидиогенді клетка ұзарып, онда сақина пішінді тыртық қалады. Ондай конидиогенді клетканы анеллофора, ал спорасын анеллоконидия деп атайды. Бластоспоралардың құралуына конидиогенді клетканың қабығы тұтас қатысады. Бластоспора бүршіктену тәсілімен конидия сағағының ұшында түзіледі. Пороспора құрылуда конидиогенді клетканың ішкі қабаты ғана қатысады және бүршіктену арқылы дамиды. Қалың қабықты келеді. Фиалоспора құрауға конидиогенді клетканың қабығы қатыспайды, фиалоспора фиалидиден дамиды. Барлық споралар конидия сағағының ұшында пайда болады. Дейтеромицеттердің классификациясы конидия сағақтары мен конидия спораларының құрылысына, формасына негізделген.
Алайда, мұндай жасанды классификация олардың филогенетикалық шығу тегін көрсетпейді, тіпті олардың бір-бірімен қарым-қатынастарына қайшы келеді. Кейде қалталы саңырауқұлақтардың (мысалы, Mycosphaerella) бір туысқа жататын түрлерінің, әр алуан конидиялы сатысы болуына байланысты, әр түрлі туысқа, тіпті тұқымдасқа, кейде қатарларға, ал екінші бір жағдайда туыстық қатынастары бір-бірінен шақ, бірақ конидиялы спора тасушы мүшесі ұқсас түрлері бар бір туысқа жатқызылады. Мысалы, Oedocephalum түрінің конидиялы спора түзуші мүшесі мукорлардың, дискомицеттердің және гименомицеттердің кейбір түрлеріне ұқсас болып келеді.
Бұрын бұл класс уақытша қалталы не базидийлі спора тасу мүшелері табылғанша деп келді. Кейінгі зерттеулер кезінде біраз дейтеромицеттердің аскалы, базидийлі спора тасушы мүшелері табылып, олардың байланыстарының барлығы анықталды. Мысалы, көпшілік - Aspergillus, Fusarum және басқа дейтеромицеттердің қалталы спора құру кезеңдері табылды. Алайда көпшілік дейтеромицеттердің жетілген, яғни телеоморфа кезеңі табылмады. Қазіргі уақытта біраз микологтардың дейтеромицеттер жөніндегі көзқарастары өзгерді. Көпшілік микологтар дейтеромицеттерді жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың эволюциялық дамуының қалыптаспаған жас бұтағының бірі деп қарайды. Тіршілік жағдайының кенет өзгеруіне байланысты жынысты споралық жағдайын жоғалтқан басым көпшілігі қалталы саңырауқұлақтардың бір бұтағы болу керек деседі. Жалпы конидиялық спора тасу мүшесіне, оның құрылысына қарай классификациялауда туыстас организмдер әр түрлі таксономиялық бірлікке кетіп қалады. Оның себебі бір туыстың ішінде бірнеше түрлі конидиялы спора құру жағдайлары байқалады. Соған байланысты дейтеромицеттердің туыстарының әр тұқымдастарға, қатарға жатуы мүмкін. Сондықтан, осы уақытқа дейін дейтеромицеттердің табиғи классификациясы жасалған емес. Кейінгі уақытта көптеген микологтар жыныссыз көбею мүшесінің құрылысы мен биологиясын негіз етіп алып жаңа табиғи классификация жасауға тырысуда.
Жоғарыда айтылғандай, жетілмеген саңырауқұлақтар тек жыныссыз жолмен конидиоспоралар арқылы көбейеді. Соған байланысты бұл саңырауқұлақ дарақтары конидийден дамиды деп есептелуіне байланысты ішкі себептердің әсерінен аздаған мутациялық өзгерістерге ұшырайды деп есептеп келді. Бірақ табиғатта саңырауқұлақтарда оның ішінде дейтеромицеттерде мұндай жағдай байқалмайды. Бұл класс экологиялық қозғалғыш тым өзгергіш, әртүрлі төсеміктерде кең тараған саңырауқұлақтар қатарына жатады. Оның басты себебі мицелийінің гетерокариотикалық яғни генетикалық әртүрлі белгісі бар ядродан құралуында.
Жоғарыда айтылғандай көптеген қалталы саңырауқұлақтардың жетілмеген саңырауқұлақтарға жатқызылатын конидиялы сатысы өсімдіктердің паразиті ретінде кездессе, қалталы спора түзуші кезеңі өсімдік қалдықтарының сапрофитті ретінде кездеседі.
Дейтеромицеттердің жасанды классификацияларының ішінде итальян микологы П.Саккардонның ұсынған системасы көбірек қолданылады. Бұл система бойынша, дейтеромицеттер, гифомицеттер, меланкониялықтар, сферопсидалықтар болып 3 қатарға бөлінеді.
Гифомицеттер - Hyphomycetales (Moniliales) қатары
Бұл қатар жетілмеген саңырауқұлақтардың ішінде морфологиялық және экологиялық жағынан көлемді, әртүрлі құрылысты организмдер. Moniliales қатарына Қазақстанда қазіргі уақытта 698-ден астам түр жатады. Оның 55-і ғылымға жаңадан табылған түр. Бұл қатар спора сағағының құрылысына, спораның орналасуына қарай Monilianiaceae, Dematiaceae, Tuberculariaceae, Stilbaceae тұқымдастарына және Mycelia Sterilla туыстарына бөлінеді.
Монилиния - Monilianiaceae тұқымдасына 360-тан астам түр жатады. Көпшілігінің мицелийлері және споралары түссіз, кейде ашық түске боялған. Бұл қатарда конидия сағақтары мицелийде жеке-жеке орналасқан немесе коремиге не спородохиға топталған. Ал, монилинна саңырауқұлағының гифаларының бос өрімделуінен төмпешік түзіледі, оның тарамдалмаған, не тарамдалған үш жағынан ірі бір клеткалы, сопақ пішінді тізбектелген конидиялар дамиды. Monilinia fructigena алманы, алмұртты, өрікті шірітеді. Монилинияның конидия сатысы Monilia. Бұл саңырауқұлақ тек қомайдағы жемістерді ғана шірітіп қоймай, өсіп тұрған жемістерді де зақымдап монилиоз не жемістің шіріндісі деген ауруды қоздырады. Мұнымен ауырған уақытта жеміс қоңыр тартып, жекелеген теңбілдер пайда болып, кейіннен олар бірігіп кетеді. Жеміс жұмсарады да, бетінде жартылай шар пішінді тығыз күлгін не сарғыш түсті жастықшалар құралады. Бұл саңырауқұлақтың конидиалды спора құру жағдайы. Конидиясы сопақ жұмыртқа пішінді.
Penicillum туысы гифомицеттердің ішінде көп тараған және көпшілікке белгілі. Бұл туыстасқа 68 түр жатады, оның 8 түрі жаңадан табылған эндемиктер. P.Kazachstanicum, P.roseolo-lilacinum, P.albido-sclerotiferum, P.mali т.б. бұлардың көпшілігі алма жемістерінде тіршілік етіп, көп зиян келтіреді. Мұның конидия сағағы мицелийде жеке-жеке орналасады, тек кейбір түрлерінде коремиге жинақталған. Олардың жоғарғы жағы шашақталып тармақталған. Кейбір пенициллиум түрлерінің қалталы стадиясының болуына байланысты олар қалталы саңырауқұлақ класында қарастырылады. Басым көпшілігінің қалталы стадиясы белгісіз. Пенициллум топырақта, өсімдік қалдықтарында көп тараған. Кейбір түрлері жемісте, пиязшықта паразитті тіршілік етеді, қоймадағы жемістерді шірітеді. Саусақсалалы пенициллум (P.digitatum) мен Италия пенициллумы (P.italicum) цитрус (апельсин, лимон) жемістерінде көк-жасыл не сарғыш зең түрінде кездеседі де, оларды шірітіп көп зиян келтіреді. P.chryzogenum - сарғыш түсті зеңінен алғаш рет биологиялық активті зат - антибиотиктерді синтездеді. Пеницилинді басқа да антибиотик - гризеофильвинаны алуға пайдаланады. Ал оны саңырауқұлақ қоздыратын дерматомикозды емдеуге қолданады.
Aspergillus туыстасына 24 түр жатады, оның 4 жаңа. Конидия сағағының жоғарғы жағы түйреуіштің басы сияқты буылтықтанып келеді. Көпшілік аспергилл саңырауқұлағының конидия сағағы мицелий гифасы сияқты түссіз, ал кейбіреулері қоңыр, сары, қара түсті болады. Мұның да біраз түрлерінде қалталы стадиясы белгісіз. Бұл да топырақта, өсімдік қалдықтарында тіршілік етеді. Аспергилдің көп тараған түрі A.niger, әр түрлі тағамдарда, материалдарда қара зең түрінде кездеседі. Микробиология өндірісінде органикалық қышқылдар: лимон қышқылын және амилаза, протеиназа ферменттерін алу үшін пайдаланады. Бидай, жаңғақ және басқа өсімдіктерде A.flavus түрі афлатоксин деп аталатын адамға зиянды улы заттар бөліп шығарады. A.fumigatus адам және жануарлардың қатты ауруын тудырады. Бұл саңырауқұлақ құстардың тыныс жолдарының ауруын қоздырады. Ал адамда өкпе аспергилезын және ангина белгілерімен өтетін аллергияны қоздырады.
Көкшіл сұр шіріктіә (Penicillum expansum) саңырауқұлағы алма. алмұрт жемістерін қоймада сақтауда жатқанда зақымдайды. Ауру жемістің зақымдалған не батыңқы жерлерінде пайда болады. Жемсітің саңырауқұлақ өскен жері ашық қоңыр не сарғыш түске боялады. Дақ түскен жерде ақ түсті мицелий жұғындысы пайда болады. Онда көкшіл сұр түсті конидиоспора түзіледі. Шіріген жемістен сасыған иіс шығып, жұмсағы қышқыл тартады.
Жемістерді жинаған және сақтаған уақытта механикалық зақым келмеуін қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, қоймаларда температураның және ылғалдың бір қалыпты болуы керек.
Қызғылт зең пішінді шіріндіні Trichothecium roseum қоздырады. Бұл шіріндіні жапырақтың айналасында қоңыр түсті тостағанша дақтың пайда болуынан байқауға болады. Дақ жемісті іш жағынан шірітіп, ұлғая бастайды. Дақ алғашқы уақытта мицелий зеңінің пайда болуына байланысты ақ түсті болады. Кейіннен конидиалды спора құруға байланысты қызғылт түске боялады. Конидиясы алмұрт пішінді, еі клеткалы. Конидиоспорасы өне келе саңылау тесігі, не зақым келген жері арқылы жеміске өтеді.
Ауруға қарсы күрестің басты шарты жеміске механикалық зақым келтірмеу, жемісті сақтайтын жерді, қойманы таза ұстау қажет. Қойманы күкіртпен түтіндету, немесе 1% формалин ертііндісін бүрку керек.
Ботритис (Botrytis cinerea) сәбіздің тамыр жемісінде, астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің тамырында, құлпынайдың жемісінде паразитті тіршілік етеді. Бұл паразит өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде сұр түсті жұғын түрінде тараған. Ол мицелий мен бір клеткалы кондийден тұрады, оның ұшында түссіз, кейде аздап боялған конидиялары болады.
Ботритистан қарақат, тошала жапырақтарының жоғарғы жағында ұсақ сары түсті дақтар пайда болады. Конидия сағақтары аздап тармақтанып келеді. Сұр түсті шірік құлпынай жемісінде үлпілдеген мамық дақ түрінде пайда болады. Егер құлпынайды жел қозғаса немесе оған бірдеңе тиіп кетсе, ботритистың споралары тозаң , шаң түрінде оңай таралады. Ауру қоздырушы споралар өсімдік қалдықтарында сақталып, жазғы конидиоспоралары арқылы топыраққа тақау жатқан жемістерді зақымдайды. Botrytis-тің көпшілігі - сапрофиттер. Паразитті түрлері пиязда, жоңышқаның гүлінде, жүзімнің жемісінде және көкөністерде кездеседі. Сұр шірік ауруымен күресу үшін агротехникалық шараларын жұрыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнді дақылдардың тамыршірігі және дақ ауруы
Саңырауқұлақтар жайында
Жыртқыш саңырауқұлақтар
Сұр шірік
Өсімдіктер карантині
Саңырауқұлақтардың топырақ түзілудегі маңызы
Микологиялық және фитопатологиялық анықтамалық сөздік
Бөжектердің саңырауқұлақ аурулары
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Septoria, Alternaria және Drechslera фитопатогенді саңырауқұлақтарының ауруларының таралу ерекшеліктері, зияндылығы және олармен күресу жолдары
Пәндер