Visual basic программалау тілінде стандартты емес формаларды құру жолдарын оқытуға арналған көмекші электронды оқу құралын жетілдіру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
І Тарау. Visual Basic программалу тілі және оның құрылымы
1.1. Visual Basic программалу тілі туралы түсінік ... ... ... ... ... ..6
1.2. Деректер типі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
1.3. Activex платформасы және оны қолдану ... ... ... ... ... ...56
1.4. Visual Basic программасында күрделі терезелерді
программалау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72
1.5. Мысалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..77

ІІ Тарау. Visual Basic программалау тілінде стандартты емес
формаларды құру жолдарын оқытуға арналған көмекші электронды оқу құралына сипаттама ... ... ... .. ... ... ... ...89

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...97
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 98
Кез келген программалау тілі бұл адам жасаған жасанды тіл. Яғни берілгенді өңдеу мақсатында қандай да бір анықталған мақсатты орындау. Өңделіп, орындалатын тапсырманың ауқымдылығына қарай программалау тілі де әмбебап болу керек. Бір жағынын бұл әмбебабтылық кейбір нақты есеп шешуге, пайдалануға жарамсыз болуы мумкін . Әр есептің түріне сәйкес өзінің тілдері қарастырылады. Мәселен шығарылатын есептер үшін ФОРТРАН, БЕЙСІК-ті айтуға болады. Кез келген программалау тілін сипаттауда оның өзіндік алфавиті, синтаксисі болады. Тілдің алфавиті программа құру кезінде пайдаланатын символдардың жиынтығы. Синтаксисі-еcептерді шешуде әртүрлі алгоритм жасауға болатын арнайы кострукциялық символдардан құралған тәртіпті анықтайды. Ендігі бір программалаудың негізгі ұғымы-оператор. Оператор деп белгілі бір әрекетті орындататын компьютерге берілетін бұйрықты айтамыз. Сонымен осындай программалау тілдерінің ең көп таралғандарының бірі-алгоритмлік тіл – бейсік тілі болып табылады. Оның аты ағылшын тілінен қысқартылған BASIC-Beginners All-Purpose Symbolic Instructional Code сөзін береді. Біз осы бейсік тілінің дамыған түрі-Windows жүйесінде программалауға арналған – Visual Basic тілін қарастырайық.
Ыңғайлы программалау тілінің шығуына сәйкес ғылымның көптеген салаларында, өнеркәсіпті басқаруда, компьютерді пайдаланып жұмыс атқару айтарлықтай өзгерістер алып келді.
Компьютерде қолданылатын программа түрлері.
Программаларда атқаратын қызметіне байланысты қолданбалы, жүйелік және аспаптық деп үш топқа бөлуге болады.
Қолданбалы программалау түрлі қызмет атқарады. Қолданбалы программаларда меню, бұйрық және терезе ұғымы қолданылады.
Программада атқаратын қызмет түрлерінің жиыны меню деп аталады. Телевизор-информациямен жұмыс істеуге арналған экран ауданы, ол тіктөртбұрышты жиекпен қоршалады және арнайы элементтерден құралады. Программа мазмұны осы тіктөртбұрышты аудан ішінде ғана көрсетіледі. Мәтіндерді өңдеуге, безендіруге, басуға, сурет салуға, есептеулер жүргізуге, инфомациялар массивін өңдеуге түрлі қолданбалы программалар жасалған. Мысалы: Microsoft Word, Microsoft Excel, Abode, PhotoShop, Harvard Graphics, Reflex, Microsoft Access, AutoCad т.б.
Компьютерде программалардың жұмысын қамтамасыз ететін, компьютердің барлық құрылғыларын бір жүйеге байланыстыратын программалар жиелік программалар деп аталады. Жүйелік программалар информациямен ыңғайлы жұмыс істеу үшін қосымша жұмыс атқарады: компьютердің жұмысын тексереді, компьютер туралы анықтама береді, информацияларды өшіріп, сақтап және көшірмесін дайындауға мүмкіндік береді.
1. С. Браун “Visual Basic 6”: учебный курс, Питер, 2001ж
2. Микаэл Хальворсон “Шаг за шагом. Microsoft Visual Basic 6.0.” “ЭКОМ”, Москва 2001 г.
3. Е.Ы.Бидайбеков “Подготовка специалистов совмещенного с информатикой профиля в Републике Казахстан”. Монография, Алматы 1998 г.
4. “Visual basic Руководство по программированию” Система программирование по Windows, 1991-19, Корпорация Microsoft.
5. “Microsoft Visual Basic 6.0.” ,“ЭКОМ”, Москва 2000.
6. Microsoft Visual Basic 6.0. Система программирования для Windows NT, версия 5.0 и Windows 95. Корпарация Microsoft.
7. Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Қ. Дәулетқұлов”Жаңа ақпараттық технологиялар: Информатикадан іқ сабақ”, Алматы ”Шартарап” 2001ж
8. К.З.Халықова “Инфрматиканы оқыту әдістемесі”, Алматы, “Білім” 2002 ж.
9. Михаил Рейтингер, Геральд Муч “Самоучитель по компьютерной графике”,BHV, “Ирина”, Киев, 2000г
10. Михаил Рейтингер, Геральд Муч “Office 2000”, “Ирина”, Киев, 2000г

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
І Тарау. Visual Basic программалу тілі және оның құрылымы
1.1. Visual Basic программалу тілі туралы түсінік ... ... ... ... ... ..6
1.2. Деректер типі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
1.3. Activex платформасы және оны қолдану ... ... ... ... ... ...56
1.4. Visual Basic программасында күрделі терезелерді
программалау жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72
1.5.
Мысалдар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 77

ІІ Тарау. Visual Basic программалау тілінде стандартты емес
формаларды құру жолдарын оқытуға арналған көмекші электронды
оқу құралына сипаттама ... ... ... .. ... ... ... ...89

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...97
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 98

КІРІСПЕ

Жалпылама программалау туралы

Кез келген программалау тілі бұл адам жасаған жасанды тіл. Яғни
берілгенді өңдеу мақсатында қандай да бір анықталған мақсатты орындау.
Өңделіп, орындалатын тапсырманың ауқымдылығына қарай программалау тілі де
әмбебап болу керек. Бір жағынын бұл әмбебабтылық кейбір нақты есеп шешуге,
пайдалануға жарамсыз болуы мумкін . Әр есептің түріне сәйкес өзінің тілдері
қарастырылады. Мәселен шығарылатын есептер үшін ФОРТРАН, БЕЙСІК-ті айтуға
болады. Кез келген программалау тілін сипаттауда оның өзіндік алфавиті,
синтаксисі болады. Тілдің алфавиті программа құру кезінде пайдаланатын
символдардың жиынтығы. Синтаксисі-еcептерді шешуде әртүрлі алгоритм жасауға
болатын арнайы кострукциялық символдардан құралған тәртіпті анықтайды.
Ендігі бір программалаудың негізгі ұғымы-оператор. Оператор деп белгілі бір
әрекетті орындататын компьютерге берілетін бұйрықты айтамыз. Сонымен
осындай программалау тілдерінің ең көп таралғандарының бірі-алгоритмлік тіл
– бейсік тілі болып табылады. Оның аты ағылшын тілінен қысқартылған BASIC-
Beginners All-Purpose Symbolic Instructional Code сөзін береді. Біз осы
бейсік тілінің дамыған түрі-Windows жүйесінде программалауға арналған –
Visual Basic тілін қарастырайық.
Ыңғайлы программалау тілінің шығуына сәйкес ғылымның көптеген
салаларында, өнеркәсіпті басқаруда, компьютерді пайдаланып жұмыс атқару
айтарлықтай өзгерістер алып келді.
Компьютерде қолданылатын программа түрлері.
Программаларда атқаратын қызметіне байланысты қолданбалы, жүйелік және
аспаптық деп үш топқа бөлуге болады.
Қолданбалы программалау түрлі қызмет атқарады. Қолданбалы
программаларда меню, бұйрық және терезе ұғымы қолданылады.
Программада атқаратын қызмет түрлерінің жиыны меню деп аталады.
Телевизор-информациямен жұмыс істеуге арналған экран ауданы, ол
тіктөртбұрышты жиекпен қоршалады және арнайы элементтерден құралады.
Программа мазмұны осы тіктөртбұрышты аудан ішінде ғана көрсетіледі.
Мәтіндерді өңдеуге, безендіруге, басуға, сурет салуға, есептеулер
жүргізуге, инфомациялар массивін өңдеуге түрлі қолданбалы программалар
жасалған. Мысалы: Microsoft Word, Microsoft Excel, Abode, PhotoShop,
Harvard Graphics, Reflex, Microsoft Access, AutoCad т.б.
Компьютерде программалардың жұмысын қамтамасыз ететін, компьютердің
барлық құрылғыларын бір жүйеге байланыстыратын программалар жиелік
программалар деп аталады. Жүйелік программалар информациямен ыңғайлы жұмыс
істеу үшін қосымша жұмыс атқарады: компьютердің жұмысын тексереді,
компьютер туралы анықтама береді, информацияларды өшіріп, сақтап және
көшірмесін дайындауға мүмкіндік береді.
Бізде кең тараған операциялық жүйелер ретінде MS DOS, WINDOWS жүйелерін
және одан жоғары версияларын атауға болады.
Аспаптық программалар деп жаңа программа жазуға арналған программалық
жүйелерді айтады. Программалық жүйелерді алгоритмдік тілдер немесе
программалық тілдер деп атайды. Қазіргі кезде алгоритмдік тілдердің өз
компиляторы(тұтас программаны машина кодтарына аударып, орындайды),
интерпретаторлары(программа жолдарын тексеріп, машина кодына аударып,
біртіндеп орындайды), редакторлары(программа мәтінін жазып, түзетуге
болады) бар. Кең тараған программалар жүйесі ретінде:Turbo Pascal,
Microsoft C, Turbo C, Turbo C++, Microsoft Basic, Visual Basic, Delphi т.б.
атауға болады.
Сонымен түлектік жұмыстың мақсаты:
- Visual Basic 6 программалау тілін, жан-жақты сипаттау;
- Жаңа үйренушіге программалау тілінің басқару элементтерін,
қасиеттерін, тиімді әрі орынды пайдалана отырып, қажетті нәтижеге
жете білуге даярлау;
- Өз ойындағыдай Visual Basic ортасында программа құруға бағыт-бағдар
беру;
- Visual Basic 6 тілінің басқару элементтеріне, тышқанмен атқарылатын
оқиғалар, IDE интегралды ортасында қолданушы өз қосымшасын құра
алатындай етіп түсіндіру;
- Visual Basic 6 программалау тілінде стандартты емес формаларды құру
жолдарын түсіндіру
- Келтірілген мысалдарды оқушы немесе үйренушіге орындата отырып,
қасиеттердің жұмысымен таныстыру;

І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1. Visual Basic программалау тілі туралы түсінік.
Visual Basic 6.0 - жаңа программалау тілдерінің бірі болып табылады.
Visual Basic тілінің көмегімен тез және оңай Windows-та қосымша құруға
болады. Windows ортасында сіздің мықты программист немесе жаңа үйренуші
болуыңыз ға байланыссыз. Visual Basic тілінде көптеген пайдалы саймандар
бар. Ол программа құрушының жұмысын жеңілдетеді. Олар: проэктілер формалар,
обьектілер, шаблондар, стандартты емес басқарушы элементтер.
Visual Basic тілінде жұмыс істеу ортасын жақсы білу ең маңызды.
Сонымен қатар программистің жұмысын жеңілдететін интегралдық саймандар бар.
Қазіргі кезде бірнеше жүзден астам командалар мен функциялар және
кілтті сөздер бар. Олардың көпшілігі Windows-ті пайдалану үшін графиктік
интерфейісімен тығыз байланысты. Жаңадан үйренушінің өзі де бірнеше кілтті
сөздерді білгеннің өзінде-ақ бірталай көріністер жасауға болады. Ал
маманданған программистер үшін күрделі есептер шешу үшін мүмкіндік мол.
Экранда көррінген барлық обьектілер мен саймандарды тышқанның оң жақ
батырмасын шерту арқылы басқаруға болады.
Visual Basic тілін компьютерде ашқан Project Wizard - тың New Project -
сұхбат терезесі ашылады.

Жаңа проект сұқбат терезесі
Бұл жерде бірнеше типтік проектілі шаблонның біреуін таңдауға болады.
Терезе үш бөлімнен тұрады: Жаңа проектілер, Бар проектілер және Алдында
ғана қолданылған проектілер.
Егер сіз New бөлімен таңдасаңыз, Visual Basic-тің бастама қосымшасын
көресіз. New бөлімінде мынындай шаблон проектілері бар:
• Standard EXE (стандартты EXE файлы);
• ActiveX EXE (ActiveX-еің EXE файлы);
• ActiveX DLL (ActiveX-тің DLL кітапханасы);
• ActiveX Cоntrol (ActiveX-тің басқару элементі);
• VB Application Wizard (Visual Basic тілінің мастер қосымшасы);
• Data Project (Берілгендер базасының поектісі);
• IIS Application (IIS-тің қосымшасы);
• Add-in (құрушы);
• ActiveX Document DLL (ActiveX құжатының DLL кітапханасы);
• ActiveX Document EXE (ActiveX құжатының EXE файлы);
• DHTML Application (DHTML қосымшасы).
Көптеген жағдайда Standard EXE шаблоны қолданылады.
Existing бөлімінде бар проектілерді таңдауға болады. Бұл Visual Basic-
тің комплексіне кіретін мысалдың немесе жұмыс істеп кеткен проектілер болуы
мүмкін. Visual Basic - те неғұрлым көп жұмыс істесеңіз, осы бөлімге көп
назар аударуыңызға тұра келеді.
Recent бөлімі алдында қолданылған проектінің біреуін таңдауға мүмкіндік
береді. Ол Existing бөліміне ұқсайды, бірақ Recent бөлімінде сіз соңғы
уақытта жұмыс істеген проектілерді көруге болады.
IDE-интегралды ортасы
IDE-Visual Basic тілінің ең маңызды интегралдық ортасы. Онда функциялар
жиыны біріктірілген. Сонымен бірге түзету, компиляция, тоқтату барлығы бір
ортада жүргізіледі. Саймандар бірігіп жұмыс істеу интегралды ортасын
құрады (IDE-Integrated Development Environment).
IDE мынындай бірнеше компоненттерден тұрады:
• Бас меню
• Саймандар қатары(тақтасы)
• Террезе проектісі
• Қасиеттер терезесі
• Элементтер тақтасы
• Форма конструкторы

Бас меню

Бас меню деп жолды тексті атайды, ол Visual Basic терезесінің жоғарғы
жағында орналасқан. Ол Windows қосымшаларының меню қатарына ұқсас. Бас
меню жұмыс істеу ортасында программалау үшін көп мүмкіндік береді.
Сол жағында ең бірінші File менюі орналасқан. Ол файлдардан жұмыс істеу
арқылы сіздің қосымшаңызды құруға арналған. Ол жеде құруға, ашуға, баспаға
шығаруға және проектіні шығаруға болады.
Edit менюі. Бұл жерде стандартты операциялар алмасумен орындалады-кесіп
алу, көшірме және қою. Олар тек программаның фрагменттеріне ғана емес,
сонымен қатар басқарушы элементтерге де қолданылады.
View менюінде бүкіл компоненттер мен саймандардың көру мүмкіндігі,
режим қосылады. Формаларды және программалық модульдерді, көмекші
обьектіледі көруге болады.
Format менюінің бұйрықтары элементтердің және формалардың өлшемі мен
орналасуын анықтайды.
Debug менюінің бұйрықтары арқылы қосымшаны қосуға немесе тоқтатуға,
көру үшін обьектілірді таңдауға және де басқа операцияларды орындауға
болады. Олар қосымшаның жұмысын бақылауға көмектеседі.
Run менюінде процедураны қосуға және атрибуттың мәнін беруге болады.
Add-Ins менюінде құрушы (add-in) деп аталатын қосымшаны утилита бар.
Келісім бойынша ол жерде Visual Data Manager және Add-in Manager бұйрықтары
бар. Visual Basic Data Manager-қарапайым бірақ өте маңызды сайман. Ол
берілгендер базасын көптеген белгілі форматтарда, қосымша Microsoft Access
форматтарында проектілеуге және толтыруға арналған.
Add-In Manager Window менюі IDE де терезелер құруға мүмкіндік берелді.
Сонымен қатар, одан жабылған форманың таңбаларын өзгертуге болады. Бұл
менюдің ең маңызды бөлігі – тізім. Тізім IDE де ашылған терезенің біреуіне
оңай және тез ауысуға мүмкіндік береді.
Help менюі – екінші инфрмациялардың көзі. Ол сізді ең қиын жағдайда
құтқарады.

Саймандар тақтасы

Visual Basic – те бас менюдің астында саймандар тақтасы орналасқан. Ол
арқылы ең керекті бұйрықтарға баруға мүмкіндік береді. Мән беріңіз –
тышқанды сайманның түймесіне апарып, ол кішкене көтеріліп және сол сайманға
анықтама береді.
Саймандар тақтасы келесідей саймандардан тұрады:
• “Стандартты EXE – файлы” типіндей проект құру
• Project Wizard мастері
• Модуль қосу
• Форманы қосу
• Меню редакторы
• Проектіні ашу
• Проектіні ашу
• Кесіп алу
• Көшірме
• Орнату
• Іздеу
• Доғару
• Қайта құру
• Программаны қосу
• Программаны үзу
• Программаны аяқтау
• Проект терезесі
• Қасеттер терезесі
• Форманың макеттік терезесі
• Обьектілерді көре терезесі
• Элементтер тақтасы
• Берілгенлерді көру терезесі

Проектілер терезесі

Экранның оң жағында проект терезесі бекітілген. Ол информацияны әр
түрлі құрушы проектіден тез алу үшін арналған – формаларда, кластарда,
модульдерде. Қосымшаны құратын барлық обьектілер проектіде бекітілген.
Проектіні әрі қарай сақтау, қолдану, тексеру, қосу үшін Visual Basic файлға
проектіні суреттеуге стандарттыVBA кеңейтпесін қолданады (Visual Basic
Project сөзінен қысқартылған).
Егер проект терезесінде тышқанның оң жағын бассақ, осы терезеге
байланысты жанама меню бұйрығымен ашылады.
Егер сіз проектіден обьектіні алып тастағыңыз келсе, соның астына
тышқанды проект терезесінде оң жақ батырмасын басып және жанама менюінде
Remove бұйрығын таңдаңыз.

Қасиеттер терезесі

Тура проект терезесінің астында қасиетттер терезесі орналасқан. Ол
жерде әр түрлі айқындалған обьектілердің атрибуттары (немесе қасиеттері)
көрсетілген. Әрбір формада қосымшада обьект деп саналады. Әрбір басқарушы
элемент (мысалы, түйме) осы формада обьект деп есептеледі. Барлық
обьектілердің Visual Basic-те атрибуттары бар, айталық - түсі және өлшемі.
Кейбір атрибуттар обьектінің сыртқы түрін ғана емес, сонымен қатар тәртібін
де өзгертеді. Бұл атрибуттар қасиеттер деп аталады. Әрбір форманың және осы
формада әрбір басқарушы элемент қасиеттер терезесінде көрінеді. Көп
қасиеттер негізінен өз атына байланысты мағына береді (Caption-жазба,
Height-биіктік, Width-ені, т.б.), ал кейбіреуі сирек қолданылады.
Visual Basic IDE визуалды программалу ортасы болғандықтан, көптеген
қасиеттер құрушы режиміне де беріледі.
Элементтер тақтасы
Элементтер панелi өзiнде компоненттердi құрайды. Олардың сiздiң
қосымшаңыздың интерфейсi құралады. General тақтасындағы барлық түймешелерге
обьектiлерге сай келедi, оларды сiз өзiңiздiң қосымшаңыздың формасында
орналастыруыңызға болады. Бұндай обьектiлер басқарушы элемент деп аталады.
Олардың көп бөлiгi Visual Basic –тiң бөлiнбес бөлiгi деп саналып стандартты
элемент деп аталады.
Бұндай элементке түймешелер немесе текстiк жолдар мысал бола алады.
Элементтi формаға орналастыру үшiн керек таңбашада тышқанды екi рет
элементтер тақтасында басу керек. Элементтi орнатқаннан кейiн, оған
қасиеттер беруге болады.
Элементтер тақтасы терезеге ұқсас, iшiнде неше түрлi элементтердiң
таңбалары орналасқан. Олар қосымшаларда қолданылады.
Visual Basic-те элементтер тақтасы:

• Графиктiк жол
• Жазба
• Текстiк жол
• Жиек
• Батырма
• Жалауша
• Ауыстырып қосқыш
• Комбинированный жол
• Тiзiм
• Көлденең айналым жолақтары
• Тiк айналым жолақтары
• Сағат
• Диск тiзiмi
• Каталог тiзiмi
• Файл тiзiмi
• Дене
• Сызық
• Сурет
• Берiлгендер элементi
• OEL элементi


Форма сипаттамасы
Visual Basic-тi сiз жұмыс iстейтiн ең басты обьект ол- форма,
қосымшаның негiзiн құрады. Форма терезеге ұқсас, қосымша құрғанда ол жерге
әр түрлi басқарушы элементтердi қоюға болады. Экранға информация шығаратын
кез келген қосымша форманың негiзiнде құралады.
Visual Basic-тi үйрену барысында бiздiң көптеген қосымшамыз бiрлiк
форманы қалданады. Сiз көп тәжiрбие жинап, үлкен қосымша құра бастағанда
құжат деп аталатын бiрнеше формамен жұмыс iстеймiз. Жаңа форма ашу үшiн,
File=New Project, бұйрығын орындаңыз. Экранда бiрнеше компоненттерден
тұратын форма шығады. Осы элементтермен танысып көрейік:

Форма терезесі

Шекара
Шекара формаға керектi икемдiлiк дәрежесiн бередi. Форманың типiне
қарай шекараны белгiлеуге, маштабты етуге және алып тастауға болады. Бұл
мүмкiншiлiктер Border Style қасиетiнiң көмегiмен жүзеге асады.
Басы
Басы немесе басының жолы деп форма терезесiнiң жоғарғы жағындағы түстi
жолақты айтады. Басы бұл экранды терезенi жылжыту үшiн қолданылады.
Тышқанда басында шерту арқылы бұрынғы өлшемге қайта келемiз немесе форманы
жабамыз.
Атау
Атау-ол басында шығатын текст. Атауға қосымшаның аты, форманың немесе
информацияның ағымдағы жағдайы туралы кiшкене сипаттамасы жазылуы мүмкiн.
Атаудың атын өзгерту үшiн қасиеттер терезесiнде керектi текст Caption
қасиетiне орнату керек.
Жинау батырмасы
Бұл батырма ағымдағы форманы жабады, яғни уақытша жұмыс iстеу орнын
алады. Жабу батырмасы формада болу үшiн қасиеттер тереземiнде True мәнiн
Caption қасиетiне орнату керек.
Қайта орнату немесе ашу батырмасы
Қайта орнату батырмасында екi функция бар. Егер форма қалыпты жағдайда
тұрса, онда бұл батырманы басу ағымдағы форманы экран терезесi көлемiнде
ашады.
Жабу батырмасы
Бұл батырманың негiзгi жұмысы ағымдағы терезенi жабу. Егер терезе менюi
жоқ болса, онда жабу батырмасы да болмайды.
Форма қасиеттері мен оқиғалары
Қасиеттер обьект атрибуттарын сипаттайды . Олардың көмегімен обьектінің
түрі мен тәртібін басқаруға болады. Төменде форма обьектілерінің ең жиі
қолданылатын қасиеттері берілген:
Back Color, Border Style, Caption, Height, Icon, Left, Max button, Min
Button, Name, Scale Mode, Width және т.б.
Back Color-қасиеті форма фонының түсін береді;
Border Style-форма шекарасының размерін анықтайды;
Caption-қасиеті форманың тақырып қатарына шығатын тексті анықтайды;
Control Box- ақиқат true немесе жалған false мәндері терезе менюінің
тақырып қатарында басқару батырмалары бар ма екенін анықтайды;
Fore Color-қасиеті сіз формаға орналыстырған обьект түсіне әсер етеді;
Height-форманың биіктігін береді;
Icon-форма таңбашасын таңдауға мүмкіндік беред;
Left-қасиеті экранның сол жағынан формаға дейінгі қашықтықты анықтайды;
Max Button-true қасиетін орнатсақ форма атауының сол жақ шетінде
стандартты ашу батырмасы пайда болады;
Min Button-қасиетіне true-ді орнатсақ стандартты жинау батырмасы шығады
;
Name-Visual Basic-тің ең негізгі қасиеті, ол программалау барысында
обьектіні пайдалану атын анықтайды;
Width-қасиеті форманың енін анықтайды;
Window State-қасиеті форманы жіберу кезіндегі жағдайды анықтайды. Оның
3 мәні бар:
0-Normal. Форма қалыпты жағдайда ашылады;
1-Minimized.Форма жинаулы қалпында ашылады;
2-Maximized. Форма экран көлемі ретінде ашылады.
Оқиғалар-Windows операциялық фүйесінде программалар оқиғаларымен
басқарылады.Оқиғалар сыртқы көрініс жағдайында қолданылады.
Менюдi және құралдар тақтасын құру мен қолдану. Модульдер және
кластармен жұмыс істеу.
Window-та көптеген қосымшалардың стандартты интерфейсі бар. Барлық
қосымша тақырып және терезе менюi бар. Барлық қосымшада тақырып және
терезелер менюi бар, ал басты терезенiң көлемiн тышқанмен өзгертуге болады.
Одан басқа көптеген қосымша меню және құралдар тақтасы бар. Олар стандартты
емес функцияның программа жұмысын жеңiлдетедi. Visual Basic-те меню және
құрал тақтасы бар, олар сiздiң жұмысыңызды жеңiлдетедi.

Visual Basic-тегі меню және құралдар тақтасы

Меню көптеген қосымшаның мүмкiндiгiне қол жеткiзуге көмектеседi. Ондағы
команданы обьектiнiң контекстiне байланысты бейнелеуге болады. Одан басқа,
терезе тiзiмiн шығаруға болады . Visual Basic ортасында контекстi және
ашылатын меню мысалдары кездеседi, ол басқа элементке бекiтiлген.
Құралдар тақтасы меню командасын тез шақыруға арналған. Мысалы, сiз
Cut, Copy, Paste батырмасы бар тақтаны көрдiңiз. Қолданушыға Edit=Copy
командасын орындағаннан қарағанда, батырманы басу ыңғайлы.
Құралдар тақтасы, егер команда меню астында жатса қолдану ыңғайлы.
Үлкен қосымшамен жұмыс iстегенде, меню және құрал тақтасның құрылымын
ұйымдастырғанда қалай ыңғайлы болатанан ескерiңiз. Ол стандартты Windows
жүйесiнiң графикалық қолданушы интерфейiсiн (GUI) қанағаттандыратынын
көрсетiңiз.
Меню обьектiсi
Visual Basic-те меню құру үшiн меню элементi қолданылады. Ол формада
орналақан кез келген басқа элементтен айырмашылығы жоқ. Егер сiзге керек
меню командасы элемент тақтасында болмаса, Visual Basic-тiң құралдар
тақтасында батырама немесе меню командасымен қосуға болады, және осы
құралдар көмегiмен меню жасауға болады.
Меню элементiнде бiрнеше қасиеттер бар және ол бар оқиғаны қолдайды,
бiрақ онда бiрде-бiр әрекет жоқ. Формада элемент менюiн орнату үшiн,
форманы активтi ету керек. Оны айқындап алып Tool=Menu Editor командасын
орында немесе меню редакторын батырма арқылы құрал тақтасынын қос.

Menu Editor сұқбат терезесі
Редакторде менюдi құру iске асады. Меню немесе бiрнеше тақырыптан
жоғарғы деңгейден (мысалы, File) тұрады. Әрбiр тақырып бiр немесе бiрнеше
командадан тұрады (мысалы, Exit). Менюде ажыратқышты қосуға болады, өзара
байланысқан командаларды топтау үшiн қорытындысында бiр меню элементiнiң
орнына сiзде бiрнеше серия пайда болады. Әрбiр меню тақырыбы және әрбiр
команда жеке қасиеттер жиытығынан және Click оқиғасынан тұратын жеке
элементтерден тұрады.

Меню қасиетi
Осы тақырыпта берiлген қасиеттер конструктерлеу режимiнде қол жеткiзуге
болады, бiрақ олармен жұмыс iстеу меню редакторi арқылы жүзеге асады.
• Appearence
• Index
• Caption
• Checked
• Enabled
• Name
• Parent
• Help Context ID
• ShortCut
• Tag
• Visible
• WindowList
Моделдермен және кластармен жұмыс iстеу
Программалық модуль құралдар салынған қорапқа ұқсайды. Сiздiң
қорабыңызда балға, бұрағыш, әр түрлi шегелер, бұрандалар бар деп ойлаңыз.
Балға сен шегелер программалық модульдiң процудураларына сәйкес келедi, ал
шегелер мен бұрандалар – айнымалыларға (немесе берiлгендерге) сәйкес
келедi. Ендi шегелер жеке қорапшаларға салынбай, барлық құрал –
саймандармен бiрге қорапта тұр деп ойлаңыз. Мiне осылайша қарапайым
программалық модуль орналасқан.
Модульдер дегенiмiз программалық кодымен ASCII текстiк файлы. Онда
программада қолданылатын өзара байланысқан процедураларды топтау ыңғацлы.
Жоба (проект) көптеген программалық модульден тұру мүмкiн. Мысалы,
балға мен бұрағышты бiр қорапта, ал шеге мен бұрандаларды басқа қорапта
сақтауға болады.Осындай жүйелiк ұйымдастыру программаны оқытуды
жеңiлдетедi.
Бұның бәрi әрине жақсы, бiрақ сiз үй қалаушы жұмыскердi көз алдыңызға
елестетiңiз. Оған көптеген қораптарды, әртүрлi құрал саймандармен және шеге
мен бұрандалармен көтерiп жүруге тура келедi. Барлық құралдар өз орнына рет-
ретiмен орналасқан бiр ғана қорап көтеруге ыңғайлы болады. Айтылғандай
мүмкiндiк Visual Basic-те қарастырылған – сiзге модуль класы немесе жиi
айтылып жүргендей жай класс қажет.
Кластар обьектiлi – бағыттылған программаның негiзгi құрушы блоктары
болып табылады – модельдер, ал бұл жағдайда программа өзара байланысқан
обьектiлер түрiнде сипатталады. Класс тек программаның функционалдық
тәсiлiнiң жартысын жеке обьект ретiнде бөлiп қана қоймай, сонымен қатар
базалық модульдердiң мүмкiндiктерiн кеңейтедi. Сiз бiр программаның бөлiгiн
қорғап, қалғанын программа еркiне бере аламыз. Бұл процесс инкопсуляция деп
аталады.
Өзара байланысқан әрекеттердi орындау үшiн кластар, қасиеттер,
әрекеттер және оқиғалар бар. Жақсы жобаланған класс программа бөлiгi болып
табыла алады. Бұл, сiз бiр класты бiр жобадан басқасына орналастырыңыз да,
ол ешқандай өзгертулерсiз қалыпты жағдайда жұмыс iстейтiн дегендi
бiлдiредi.
Модульдер жеке файлда болғандықтан, оларды бiрнеше жобаға қосуға
болады. Ондай әдiспен, жазылған кодты қайтадан қолдану мүмкiндiгi туады.
Мысал, менде өзара байланысқан процедурусы бар бірнеше модуль бар. Бiр
модульде сұқпат терезесiмен жұмыс үшiн функция сақталған, оларды мен өз
программамда қолданамын. Басқа модульде мультимедия-құрылғыларының жұмысын
жеңiлдететiн, бiрiктiрiлген функция бар. Бір модульдің негізіне біртектес
функцияларды топтастыра отырып, программалық кітапхана құрасыз. Егер
модульдерді бір каталогке немесе логикалық байланысқан каталог астына
орнатсақ, оларды басқа жобаларда қолдануға болады.
Программалық кітапхана қолдану сіздің уақытыңызды үнемдейді, өйткені
сізге жазылған кодты қайтадан құруға тура келмейді. Құрал-саймандар
метофорын(теңеуін) жалғастыра отырып, программалық кітапхана, құрал-
саймандарды тасымалдайтын жүк машинасын елестеді. Онда көптеген қораптарды
әр түрлі құрал-саймандармен орнатуға болады. Әр түрлі деректер түрі бір
кітапханада орналасқан, бірақ бір-бірімен араласпайды.
Программалық кітапхананың басқа мүмкіндігі мында:жөндеуден кейін оның
құрамын басқа жобада қолдануға болады. Модульдерге және кламтарға аяқ
баспай тұрып, программалық кітапхана құрып алайық, онда сіз өзіңіздің жеке
программалық тәсілдеріңізді жинай аламыз.
Программалық модульдерді бір жерде жинақтау керек. Қатты дискіде арнайы
каталог құрыңыз. Біз мұнда болашақ жобаларда қолданылатын программалық
модульдерді сақтаймыз.
Программалық кітапхана былай құрылады:
1. Пуск батырмасының көмегімен Windows сілтеуішін қосыңыз.
2. Codelib каталогын немесе қапшығын құрыңыз. Қапшықтың орнын, керек
жағдайда оңай әрі тез көшіретіндей етіп таңдау керек.
3. Бағаттаушы Windows-ты жабыңыз. Егер сіз жазған программалық модуль
жеткілікті түрде әр жақты және басқа қосымшаларда қолдануға болатын
тәсілдері бар болса, оны Codelib каталогына сақтаңыз.
Сіз модуольді басқа жобаға қосқыңыз келсе, келесі әрекетті орындаңыз:
1. Visual Basicтің жоба терезесінде тышқанның оң жақ батырмасын
шекртіңіз;
2. Жанама менюден Add Add File командасын таңдаймыз;
3. Add Module сұқбат терезесінде керекті модульді Codelib каталогынен
таңдаңыз.
Модульді құру
Программалық модульге жаңа процедураны қосу үшін, келесі команданы
Tools=Add Procedure орындаңыз және Add Procedure
сұқбат терезесінен керекті өлшемдерді таңдап алыңыз. Бұл команда тек
программаның ашық терезесінде ғана қол жеткізуге болады.
Модульдерді сақтайтын каталог құрғаннан кейін, бірінші модульді жазуға
аяқ басайық. Модульді құру былай болады:
1. File = New Project командасы арқылы жаңа жоба құыңыз;
2. Жоба терезесінде тышқанның оң жақ батырмасын басып Add Module
командасын орындаңыз;
3. Add Module сұқбат терезесінде Module таңбашасын таңдаңыз. Open
батырмасын басыңыз-жобада бос модуль құрылады;
4. Қасиеттер терзесінде Name қаиеттіне жаңадан құрылған модульдің мәні
ретінде My Library мәнін беріңіз;
5. File=Save My Library командасы арқылы файлды сақтаңыз немесе Ctrl+S
пернелердің қосындысын пайдаланыңыз. Ашылған Save File As сұқбат
терезесінде Codelib каталогынде алдыңғы бөлімді құрылған файлға
сақтаңыз. Ол сізжің программалық кітапханаңыздың бастамасы.
Процедуралар
Tools =Add Procedure командасын орындаудан басқа да, тез әдіс модульге
процедураны енгізеді.
1. Public Sub Procedure Name мұнда (Procedure Name-сіздің
процедураңыздың аты) текстік программа терезесінің жолына
енгізіңіз;
Одан басқа Private Sub Procedure Name жабық процедура құру үшін
енгізуге болады. Немесе жәй Sub Procedure Name–бұндай процедура келісім
бойынша ашық болады.
2. Enter пернесін басыңыз: Visual Basic автоматты түрде процедура
шаблоны құрады.
Visual Basic-тің программа терезесінің мысал суреті келесі суретте
көрсетілген.

Программа терезесі
Процедуралар – кейбiр аргументтердi қабылдап программалық кодты орындап
және берiлетiн аргументтердiң мәнін өзгертедi. Аргументтер деп
процедураларға берiлетiн айнымалылырды атайды. Мысалы, тiзiмнiң Add Item
әдiсiне тiзiмге кiргiзiлетiн деректермен бiрге аргументтер және тiзiмнiң
жолына қосылатын позиция берiледi. Келесi команда:
ListItem. AddItem”Widgets”
“Widhets” аргументiмен AddItem әдiсiн шақырады және осы жолды тiзiмнiң
соңына қосады. Назар аударыңыз:аргументтер кез келген типке қатынасты бола
алады. Нақты тип берiлген процедура қалай жұмыс iстейдi соған байланысты
болады .
Процедура кодты көп рет қолдануға мүмкiндiк бередi. Бiрдей мысалдарды
орындау кезiнде, программаның бiрнеше жерiне әрбiр жолды қайта-қайта
енгiзiп отырмай, бiр процедура құрып, соны программаның бiрнеше жерiнде
шақыруға болады. Бұл тек енгiзiлетiн текст көлемiн кiшiрейтумен қатар,
процедкраны шақырған сайын бiрдей жұмыс iстеуiн қамтамысыз етедi.
Сіз процедураны қалай жазу және программада қолдануды жақсы түсіну
үшін, біз стандартты бағыттауыш-стрелканы құм сағатымен ауыстыратын
процедура құрамыз. Оны сіздің программаңыз қандай бір ұзақ есеп шығару
кезінде шақырыңыз.
Құм сағат түрінде бағыттауыш қолданушыға программа тоқтап қалмай
пайдалы әрекет істегенін білдіріп отырады.
1. Өткен бөлімдегі жобаны ашыңыз, егер ол алдында ашылса;
2. Егер My Library модулі жобада болмаса оны қосыңыз-ол үшін жоба
терезесінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Add Module сұқбат
терезесі пайда болғанда. Existing бөлігіне өтіңіз. Одан соң My
Library.Bas файлын тауып және Open батырмасын басыңыз, модульді
жобаға енгізу үшін.
3. Жоба терезесінде My Library.Bas файлында екі рет шертіңіз. Программа
терезесі ашылады.
4. Программа терезесінде келесі кодты енгізіңіз:
Public Sub ShowHourglass()
Screen.Mouse Pointer=11
End Sub
Процедура тышқан бағыттауышты құм сағат түрінде құрады. Бірақ
бағыттауышты өзгерткеннен кейін біз оған бұрынғы түрін беретін мүмкіндік
тудыруымыз керек.
5. Модульге келесі фрагментті қосыңыз.
Private Sub ShowMouse Pointer()
Screen.Mouse Pointer=0
End Sub
6. Visual Basic менюінде File=Save MyLibrary командасын орындаңыз.
ShowHourglass және ShowMouse Pointer процедуралары, программа жолы, ал
қолданушы оның босауын күткен кезде керек болады. ShowHourglass күту
периодының басында ал ShowMousePointer-соңында шақырыңыз, мысалы:
ShowHourglass
IndexLargeDatabase
ShowMousePointer
Болашақта сіз өзіңіздің жеке процедура және функцияңызды жазғанда,
оларды да осы модулге қосуға болады.
Функция
Функция көп жағдайда процедуруға ұқсас. Тек бiр ғана айырмашылығы – ол
шақыру кезiнде мәндi қайтарады. Функция аргумент деп аталатын, деректердiң
обьектiлерiнiң бiреуiн немесе бiрнешеуiн қабылдайды және олармен бiрқатар
әрекеттер орындайды. Оның қорытындысы функция мен қайтарылады. Функцияның
жұмысын нақты мысал арқылы көру өте түсінікті болады. Кубтық түбірді
есептейтін функция жазып көрейік:
1. File=New Project командасы арқылы жаңа жоба құрыңыз.
2. Егер MyLirary модулі жобада болмаса, оны қосыңыз. Ол үшін жоба
терезесінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, Add Module командасын
жанама менюден орындаңыз.
3. Add Module сұқбат терезесі шыққанда, Existing бөлігіне өтіңіз,
MyLibrary.Bas файлын тауып және Open батырмасын басыңыз, модулді
жобаға қосу үшін.
4. Жоба терезесінде MyLibrary файлында тышқанды екі рет шертіңіз.
Программа терезесі ашылады. (General)(Declarations) секциясына
келесі фрагментті қосыңыз:
Public Function CubeRoot
Visual Basic автоматты түрде келесі түрдегі шаблонды құрайды:
Public Function CubeRoot()
End Function
5. Келесі фрагментті шаблонға қойыңыз:
Public Function CubeRoot (X As Double) As Double
If X=0 Then
CubeRoot=0
ExitFunction
End If
CubeRoot=10*((Log(Abs(x))Log(10)) 3)
If X0 Then
CubeRoot=-CubeRoor
End If
End Fuction

Кубтық түбірді есептейтін функция мен программа терезесі
6. File=Save MyLibrary командасын орындаңыз.
Берілген мысалды қараудың алдында, жоғарыда келтірілген кодты
қарастырыңыз. Функция Х аргументін алып, оның кубтық түбірін есептеуге
талпынады. Тип мәні, функциясымен қайтарылатын (біздің мысалда Double-
сандық тип, өте үлкен және өте кіші сандар, сонымен қатар бөлшек сандармен
жұмыс істей алады), As кілтті сөзінен кейін функция тақырыбында
көрсетіледі. Функция тексті End Sub емес, End Function командасымен
жабылады. CubeRoot айнымалысының мәні берілетін үш жолға назар аударыңыз.
Функция мәні айнымалы түрде қайтарылады, аты функция атымен сәйкес
келеді(біздің мысалда-CubeRoot). Егер біздің функциямыз TimesTwo() деп
аталса, онда мәні де TimesTwo() айнымалысы болып қайтарылатын еді(мысалы,
TimesTwo=x*2). Аргументті өңдеу алдында, алынған деректерді тексеру керек.
Алдымен біз тек серемі, 0 аргументі тең ба, кубтық түбір 0 де 0-ге тең,
сондықтан біз CubeRoot айнымалысының бірден қайтарылатын мән беріп,
функциядан шығамыз, әрі қарай есептеуді орындамасақ та болады. Функциядан
шығу үшін Exit Fuction командасы қолданылады.
Біз енді функция аргументі кері сан емес пе екенін тексереміз. Жоғарыда
келтірідген формула, әрқашан дұрыс қорытынды береді, сондықтан кері аргумен
үшін қайтарылатын мәннің таңбасын қарама-қарсыға өзгертеміз. Visual basic-
те бұл:
CubeRoot=-CubeRoot
Командасы арқылы жасалады.
Функция туралы жалпы көрініспен танысқан соң, енді өзіміздің мысалға
қайта келіп, функциямызды тәжірбиеде қолданып көрейік:
7. Жоба терезесінде Form1 формасында екі рет шертіңіз-форма конструктор
терезесінде көрінеді;
8. Caption қасиетіне “программалық кітапханамен жұмыс” мәнін беріңіз;
9. Формада батырма орнатыңыз. Оның Name қасиетіне cmdCubeRoot мәнін, ал
Caption қасиетіне-“кубтық түбір” мәнін беріңіз;
10. CmdCubeRoot батырмасында екі рет шертіңіз-программа терезесі
CmdCubeRoot_Click() оқиғасымен процедура ашылады;
11. Процедураға келесі фрагмнентті енгізіңіз:
Dim Y As Double
Y=CubeRoot(27)
Print Y
CubeRoot функциясымен шақыру коды.
12. Қосымшаны қосып және батырманы басыңыз. Біздің мысалда қайтарылатын
мән, тура формада басылып шығады;
13. Форманың оң жақ жоғарғы жағында орналасқан [x] батырмасын басып,
программаны басыңыз;
14. Жоба терезесіндегі Form 1 формасында екі рет шертіңіз;
15. Формада текстік алаң құрып, оны Name қасиетіне txtText 1 мәнін
беріңіз. Text қасиетінде бар затты өшіріңіз;
16. CmdCubeRoot батырмасының Click() оқиғасының процедурасынан, соңғы
жолды (Print Y) алып тастап және оны келісімен ауыстырыңыз.
TxtText.Text=Y
Одан басқа процедура бар заттардың барлығын алып тастап, тек бір жолмен
шектелуге болады.
TxtText.Text= CubeRoot(27)
Бұл жағдайда қайтарылатын мән элементке айнымалы қолданбай-ақ
меншіктеледі.
Процедура және функция жұмысын жөндеу терезесінде тексеруге болады.
Жобаны қосыңыз, одан соң Run=Break командасын орындаңыз. Алдыңғы бетке
жөндеу терезесі шығад, келесі суретте көрсетілгендей:

Егер сіз оны жоғалтып алсаңыз, View=Immedicate Window командасын
орындаңыз. Жөндеу терезесінен процедураны қосу үшін, оның атын енгізіп және
Enter пернесін бас. Егер процедура параметрлерімен(өлшемдерімен)
шақырылатын болса, оларды да қосуға болда. Мысалы:
AlterCaption “Жаңа тақырып”
Функцияда сізді негізінен қайтарылатын мән қызықтырады, жөндеу
терезесіне шақыруға болады:
Print CubeRoot(27)
Немесе былай:
? CubeRoot(27)
Option кілтті сөзі Функцияны анықтауда берілетін параметрлердің
кейбіреуі міндетті емес екенін көрсетуге болады. Бұл үшін праметрді анықтау
алдында Option кілтті сөзі қойылады:
Public Function CreateUser(UserId As String, Password As String,
Optional Description As String) As Boolean
Үшінші Description параметрі міндетті емес функцияның қалауынша
қолданушының сипаттамасын беруге болады, бірақ функция онсыз да жұмыс
істейді. Егер есте жай, міндетті емес параметрді хабарлауда елестің
аргументте болмауы керек және Optional кілтті сөзімен хабарланбау керек.
Хабарланатын параметр алдында тағы үш префикс көрсетілуі мүмкін-By Ref,
By Val, Param Array.
By Ref кілтті сөзі. By Ref префиксі параметр сілтеме арқылы берілетінін
білдіреді (Visual Basic-те келісім бойынша дәл осындай беру әдісі
қолданылады). Алайда сілтеме арқылы берілетін функция немесе процедура
жадыда оның атын алып және айнымалының мәнін өзгерте алады. Сілтеме арқылы
беру функцияны бір шақырудан-ақ бірнеше қорытындыны алуға немесе беруге
мүмкіндік бар. Синтаксис келесі түрдегідей болады:
Function FunctionName(By Ref Avariable As String) As Boolean
Немесе:
Function FunctionName(Avariable As String) As Boolean
By Val кілтті сөзі. By Val префиксі параметр мән арқылы берілетінін
білдіреді. Бұл жағдайда Visual Basic ағымдағы айнымалының мазмұнының
көшірмесін жадыдағы оның адресінің орнына береді. Және функция немесе
порцедура тікелей алғашқы мәнін модификациялау ете алмайды. Синтаксис
келесідей болады:
Function FunctionName(By Val Avariable As String) As Boolean
Param Array кілтті сөзі. Param Array кілтті сөзі функцияның
параметрінің көлемін беруге мүмкіндік береді. Мысалы оның көлемін CratUser
функциясына қолдаушының көлемі туралы анықтама беруге болда. Param Array
кілтті сөзіне қойылатын негізгі талап-ол берілетін деректер массиві Variant
типінде болуы керек. Функцияны хабарлау келесі түрдегідей болды:
Function Function Name(ParamArray AnASrray () As Variant) As Boolean
Бұл жағдайда функция былай шақырылуы мүмкін:
Dim As Boolean
Re=FunctionName(“Дастан ”, “Дәурен”, “Дидар”)
Re=FunctionName(“Данияр”)
Назар аударыңыз мұндай функция параматрлерін кез келген көлемін
шақыруға болады, сізге программаға бірнеше жеке шақыру орындау керек емесе.
Param Array кілтті сөзі функцияны универсалды етеді, бірақ программа
орындалуы ақырын жүреді. Variant типінің берілуі, Visual Basic-тің басқа
типіне қарағанда жақсырақ жұмыс істейді.
Public және Private кілтті сөзі. Сіз Private және Publiс кілтті
сөздерімен алдыңғы мысалдарды, программалық модульмен жұмыс істегенде
кездестіңіз. Бұл кілтті сөздер процедураның көріну алаңын анықтайды.
Private кілтті сөзі процедураға жол ашады, тек модуль деңгейінде-бұл онымен
тек объект жұмыс істей алатынын білдіреді, сол формада немесе модульде
болатын. Public кілтті сөзін хабарланған процедураға және функцияға
проектінің барлық деңгейінде қол жеткізуге болады. Яғни глобальді көріну
аймағы бар. Көріну аймағы программаның функционалды мүмкіндіктерін
тұрғызғанда маңызды. Келеде біз ол неге және қалай болатынын көреміз.
Жабық процедура(Private)
Программалық модульдер процедуралардан тұрады. Олар форманың және
ондағы бар элементтің жұмысын қамтамасыз етеді. Алдыңғы мысалды форма үшін
процедура оқиғаларында, Private кілтті сөзі Sub кілтті сөзінің алдында
кездесетін. Private кілтті сөзі процедураны сипаттайды, ол басқа
процедураларға қайда хабарланғанына байланыстысол формада немесе модульде
қол жеткізуге болады. Ондай прцедуралар жабық деп аталады, өйткені бұл
формадан тыс жерде шақыруға болмайды.
Егер \MSN\98vs\1023\Samples\Vb98\Control s
Каталогынен жоба мысалын шақырсақ, жоба терезесінен 7 форма
көруге болады. Әрбір форманың файлы форманың және оған кіретін элементтерді
сипаттайды.
Форма файлында сондай-ақ оқиғаның процедура тексті бар формамен
байланысқан, олар форма коды деп аталады (code behind form-CBF). Форма коды
форма модулі деп те аталады. Модуль дегеніміз процедураның жиынтығы, олар
берілген форманың оқиғасын процедурасынан немесе сол модульдегі кез келген
басқа процедурадан шақырылады.
Оқиғаның барлық процедурасы Private кілтті сөзінен басталады. Ол форма
модулінен тыс жерде процедура шақырылмайтынын білдіреді.
Оның көріну аймағы модульмен шектеледі және формадан тыс жерде оған қол
жеткізе алмаймыз. Басқа сөзбен айтқанда ол локальды болып табылады немесе
жабық процедура. Келісім бойынша оқиғаның барлық процедуралары Private
сөзімен бірге хабарланады. Сіз формаға жеке процедура енгізіп және оны
қосымша деңгейінде Public кілтті сөзін қолдану арқылы қол жеткізе
алатындай етіп істей аласыз (яғни ашық немесе глобальді). Бұндай
процедураларды кез келген басқа формалардан шақыруға болады немесе жобаның
стандартты модулінен. Егер Private немесе Public кілтті сөздері
көрсетілмесе онда келісім бойынша процедура ашық деп есептелінеді.
Ашық процедура(Public)Кейбір жағдайда процедураға формадан тыс жерде
қол жеткізе алатындай болу керек. Сіз жеке қосымшаңыздың формасына
саймандар тақтасына батырма орнатқыңыз келеді. Мүмкін болатын жағдайдың
бірі-процедураны программалық модулге орнату кез келген форма, элемент
немесе процедура оған қол жеткізе алады. Басқа вариант-процедураны өзі
жататын модулде қалдыру және хабарлау алдында Public кілтті сөзін көрсету.
Бұл жағдайда да процедураға қол жеткізуге болады, сіздің қосымшаңыздың
басқа компоненттері үшін.
Сіз кез келеген ашық немесе жабық процедураны орындай аласыз, оның атын
сол формадағы басқа процедураға беру арқылы . Мыслы, егер сізде Test аты
бар процедура болса, ол келесі жолдағыдай орындалады:
Test
Айтылға тек Sub процедурасына қатыстфы:функция кішкене басқаша
шақырылады.
Әрекеттер. Класс әрекеті-модуль процедуралар сияқты мәнде. Әрекет
атында көріну аймағы байланысты Private немесе Public модификаторы болуы
мүмкін. Ашық (Public) әрекеті кластың программалық интерфейісін құрады және
программа онымен ешқандай шектеусіз жұмыс істей алады.
Жабық(Private)әрекеті ішкі операцияларды кластан тыс жерлерде қол жеткізуге
болмайтын орындарда қолданылады.
Жабық әрекеттің мысалы ретінде мәліметтер қорынан функция алу әрекетін
келтіруге болады. Мұндай деректерге қол жеткізуге шектелген болу керек,
сондықтан олар жабық түрде алынады. Содан кейін сіз ашық әрекет жаза
аласыз, оның ішінде жабық шақырылады. Келесі мысал банкомат жұмысын
көрсететін класс:
Private Function GetBalance(AvvountNo As String) As Double
GetBalance=10000000
End Function
Public Function DisplayAccountInto(AccountNo As String, PIN As String) As
Double
If AccountNo=“123456” And Pin= “5551289” Then
DisplayAccountInto=GetBalance(Acoun tNo)
End If
End Sub
GetBalance функциясы жабық деп сипатталған, сырт адамдарға басқалардың
себебі жайында мәліметтер айқын болмау керек. Информацмияға қол жеткізуді
шектеу үшін, қолданушы DisplayAccountInfo процедурасы арқылы өту керек. Бұл
процедурада информацияны алудың алдында есеп шот номері және жеке индикатор
Pin тексеріледі.
Қасиет
Қасиет-бұл айнымалы, кластың деректерін қайтаруға және алуға арналған.
Қасиеттер де әрекеттер сияқты ашық және жабық болады. Кластың дерегінің
көріну аймағында болмаған ашық қасиеттерді процедуралар қолданады. Ашық
қасиеттер кластың интерфейісінің жартысын құрайды. Жабық қасиеттер
интерфейіске жатпайтын информацияны сақтауға арналған. Олар кездейсоқ
немесе әдейі істелген деректердің озгеруіне жол бермей кластың қалыпты
жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл деректерді ашық интерфейстің арнайы
функцияларының көмегімен алуға болады.
Кластың қасиеттірімен жұмысты және Property Get, Property Let және
Property Set операторларының көмегімен жүзеге асыруға болады. Property Get
операторы кластың айнымалыларының мәнін алу үшін ашық интерфейс құрады.
Property Let операторы қарама-қарсы әрекет орындайды-ол кластың
айнымалысының мәнін береді. Property Set операторы объектіні сілтеме
арқылы береді. Мұндай әрекет, егер класс модулі ішкі элементпен тікелей
жұмыс істегенде керек болады. Қасиет сондай-ақ кластың дерегінде ашық деп
жариялай отырып құруға болады. Property Get және Property Let операторлары
класс қасиеті үшін қарапайым қауіпсіз модуль құруға мүмкіндік береді.
Бұл өзіміздің банкомат жайлы мысалымызға қайта оралайық. Ол жерде
қасиет роліне екі талапкер бар-айнымалылар AccountNo және PIN. Енді біз
классымызды қасиеттің керекті мәнін беріп және одан соң әрекет параметрсіз
шақыратындай етіп қайта жасаймыз. Мысалы:
Public Account As String
Public PINNO As String
Private Function GetBalance()As Double
GetBalance=10000000
End Function
Public Function DisplayAccountInti() As Double
If AccountNO= “123456” And PINNO= “5551289” Then DisplayAccountInto=
GetBalance()
End If
End Function
Property Let және Property Get операторларын қолдана отырып жасаған сол
фрагмент былай болады:
Private AccountNO As String
Private PINNO As String
Private Property Let AccountNo(x As String)
AccountNo=x
End Property
Public Property Let PINNО(x As String)
PIINNO=x
End Property
Private Fuction GetBalance() As Double
GetBalance=10000000
End Fuction
Public Fuction DisplayAccountInto() As Double
If AccountNO= “123456” and PINNO= “5551289”
DisplayAccountInto= “GetBalance”
End If
End Function
Оқиға
Оқиға кластың модулінің ең қызықты бөлігін құрайды. Ол класты
қосымшамен информацияны алмасуға мүмкіндік береді. Программа оқиғалар
арқылы басқаларды бұл оның жұмысы пайда болған оқиғалармен анықталады. Қай
уақытта шарт орындалуына тәуелді емес.
Барлық стандартты программа терезесінде көрінетін процедуралар-
оқиғалар. Мысалы, Form Load процедурасы оқиға болып табылады.
Класта оқиғаны анықтау үшін модуль Public Event (General) (Description)
секциясындағы кілтті сөзі қолданылады. Стинтаксисі келесі түрдегідй болады:
Public Event EvaentName(параметрлер)
Назар аударыңыз бұл жолда нақты процедура тек оқиға хабарламасы бар.
Формада оқиға құру үшін келесі түрдегі синтаксис қолданылады:
PrivateWithEvents x As ClassName
Мысалы мына жол:
Private WithEvents Р As Person
Жабық Р объектісін хабарлайды, ол Person(адам) классының негізінде
құрылған. Егер біздің “адамымыз” сөйлесе, класта Speak оқиғасы болатын еді.
Оқиғаны хабарлағанда ең маңызды ролде WithEvents кілтті сөзі. Ол кілтті
сөзсіз, ашық қасиетке және кластың әрекетіне қарайтын едіңіз, бірақ оқиға
емес.
Неге оқиғаларға көп назар аударамыз? Өйткені, олар қосымша мәліметтерді
белсенді сұраудан тысқары етеді. Белсенді сұрау деп, кейбір ұзындықтары
нақты шарт орындағанша тексеру. Белсенді сұрау циклі процессорды зақымдап
және программа жұмысын ақырындатады.
Біздің кластың негізгі концепцияларымен танысу аяқталды. Формалар,
программалық модулдер және элементтер Visual Basic-те жазылған қосымшаның
негізгі құраушы бөліктері.

1.2. ДЕРЕКТЕР ТИПІ

Кез келген қосымша қандай формада болмасын деректерде өңдейді. Сіз
деректер қалай қолданылатынын және қандай болатынын жақсы айыра білуіңіз
қажет. Бұл жерде деректер компьютер жадында қалай сақталатыны және әр түрлі
типтердің, сонымен қатар айнамылылар, массивтер және тұрақтылар көмегімен
қалай жұмыс істейтіні жөнініде айтылады. Сіз қандай дерек типі, нақты
жағдайда керек екені, динамикалық түрде жаңа дерек құруды және тұрақтыны
анықтаумен танысасыз.
Айнымалылар және олардың типтері
Сіз қандай тілде программа құрсаңыз да, ең басты маңызды аспект- ол,
берілген тілдің қолданылуындағы деректердің әр түрлі типі. Оның қатарына
айнымалы, массив және тұрақты кірді. Олар қосымшаның жұмыс істеуіне
маңызды. Сонымен айнымалы деген не? Айнымалы деп жады аймағын айтады. Онда
әртүрлі мәндер сақталады. Аты айтып тұрғандай, мәндер өзгеруі мүмкін.
Жады деген не?
Айнымалы қалай жұмыс істейтінін білу үшін, жадымен жақынырақ танысайық.
Көз алдыңызға тор көз парағын елестетіңіз. Әрбір төртбұрыш 5х5мм өлшемі
ждәне 0.25см2 ауданы бар. Егер компьютер жадысын көз алдымызға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Front page тілінің тиімді пайдаланылуы
Ms access-ті үйренуде компьютерді пайдаланудың алғышарттары
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары
Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары туралы
Visual Basic және Delphi тілінде жасалған электрондық оқулықтар
Форма қасиеттерін өзгерту
Ақпараттық (информациялық) қызмет көрсету жүйелері мен компьютерлік технологияны білім беруде қолдану мәселесі
Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін ұйымдастыру технологиясы
Электрондық оқулықтың құрылымы
Пәндер