Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің тұрғындарды несиелеуі, несие жүйесіндегі мәселелері және даму жолдары


Мазмұны
Кіріспе . . . 5
1 Бөлім Коммерциялық банктердің несие жүйесіндегі орны мен рөлі
1. 1 Несиенің қажеттілігі оның мәні, түрлері және несие
қатынастарының пайда болуы . . . 9
1. 2 Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды несиелеу процесін ұйымдастыру . . . 22
2 Бөлім «БТА» АҚ сипаты және банктің Қазақстан Республикасы
несие жүйесінің негізі ретінде
2. 1 «БТА» АҚ ұсынытан несие түрлері және оның несиелік процесіне талдау жүргізу . . . 36
2. 2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің
тұрғындарды несиелеуі және несиелеуде «БТА» АҚ-ның алатын
орны . . . 47
3 Бөлім Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің тұрғындарды несиелеуі, несие жүйесіндегі мәселелері және даму жолдары
3. 1 Қазақстан Республикасы несие нарығындағы коммерциялық
банктердің дамуы және олардың несиелік процесін жетілдіру жолдары . . . 72
3. 2 Коммерциялық банктердің несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқаруы және несиелеу процесінде болатын қиындықтарды шешу
жолдары . . . 87
3. 3 Шетел тәжірбиесіндегі тұрғындарды несиелеудің ерекшеліктері
(Жапон мемлекеті мысалында) . . . 96
Қорытынды . . . 102
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 105
Кiрiспе
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық өзгерiстердiң негiзгi бағыттарының бiрi - халық шаруашылығы механизмiнде қаржы сферасының алатын орнының өзгеруi. Жоспарлы экономика тұсында ақша - несие ағымдары шаруашылық айналымда айтарлықтай рол атқарған жоқ, тек өндiрiс сферасының жоспарланған мақсаттарын орындауға қажеттi құрал ретiнде ғана қарастырылды. Бiрақ нарықтық экономикаға өту жағдайында қаржы ағымдарынын мәнi күрт өзгердi. Экономиканың толығымен нарықтық қатынастарға өтуі, қазіргі кезеңде жұмыс жасап отырған несиелік механизмнің жаңаша қызмет етуін талап етуде. Себебі, өткен жүйеге қызмет еткен несиелік механизм жоспарлы экономика талаптарына сай негізде жасалғандықтан да, нарықтық қатынастар талаптарына толық жауап бере алмауы мүмкін. Нарықтық экономика тұсында шаруашылық жүргiзу субъекттiлерiнде қаржы ресурстарының қажеттi мөлшерi қолда болуы немесе болмауы шаруашылық қызметтiң жүзеге асырылуының негiзiн қалаушы фактор болып табылады.
Бүгiнгi таңда нарықты экономикада несие - банктiк жүйе ерекше орын алып отыр. Жүйе арқылы кәсiпорындардың, ұйымдардың, халықтың ақшалай төлемдерi мен есеп айырысуларының аса зор көлемi өтедi; бұл жүйе халықтың жинақтары мен табыстарын, уақытша бос ақшалай қаражаттарын жұмылдырып, оны белсендi қызмет ететiн капиталға айналдырады, сонымен бiрге бұл жүйе көптеген қызметтер: несиелiк сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, трасталық, т. с. с. көрсетедi.
Бүгінгі отандық банктердің кез келгенінің несиелік қоржынының жағдайы өте төмен, өйткені, ондағы проблемалық несиелердің үлесі 35-40% шамасын құрайды. Ал, бұл көрсеткіш Германия және Американдық банктер тәжірибесінде 5-6 % мөлшерінде. Салыстырып қарасақ, біздің банктеріміздің несиелік қоржынындағы проблемалық несиелердің 6-7 есе жоғары болуы, банктік тәжірибеміздегі ондай несиелермен жасалатын жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді. Сондықтан да, алдағы уақыттарда жедел түрде бұл мәселелерді шешу барысы өз кезегінде, көптеген ғылыми тұрғыдағы ізденістерді қажет етеді. [36; Б. 22-23]
Қазақстандық нарықтық қатынастардың дамуы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары жайлы мәселені маңызды етеді. Қазіргі кезде дамып келе жатқан тауарлық және қаржы нарығы жағдайында банк жүйесінің құрлымы өте күрделеніп кетті. Несие жүйесінің инстуционалды оптималды формаларын капитал нарығындағы тиімді әрекет ететін механизмді коммерциялық құрылымдарға қызмет етудің жаңа әдістерін іздестіру жүріп жатыр. Коммерциялық банктердің несиелік қоржынындағы экономиканы несиелеуге бағытталған несиелердің шамамен 20-30% - і орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80% қысқа мерзімді несиелерді құрайды. Бұл жерде банктердің несиелік ресурстарының жұмсалуы тек қысқа мерзімділік сипатқа ие болады. Мұнда да әлі де болса, өз шешімін таппаған мәселелер аз емес. Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп кеңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы, екіншіден, узақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы және т. б. байланысты. Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің өндіріспен байланысының жоқтығын дәлелдейді. Себебі, өндіріс үшін қай кезде болсын, ұзақ мерзімде берілген несиенің маңызы жоғары. Бұл айтылғандар да, бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды. Банктердің экономиканы несиелеуге ынталы болмауы, тек төменгі деңгейде табыс алуына байланысты емес, сол сияқты несиелердің қайтарылмау ықтималдығынан олардың жоғарғы тәуекелге баруына да байланысты болуда. Басқаша айтқанда, біздің елімізде алдағы уақытта Қазақстан экономикасына жұмыс жасайтын банктер жүйесін құру міндеті тұр. Бұл да бүгінгі күннің басты мәселесі болып табылады.
Банктік несиелеудегі шешімін күтіп тұрған келесі бір мәселе - бұл несиелеуге байланысты арнайы зандылықтар мен нормативтік актілердің, сондай-ақ ережелердің, нұсқаулардың, жеткіліксіздігі және әрекет етіп отырған ережелер мен нұсқаулардың ескіруінен олардың дер кезінде жаңартылмауы.
Қазіргі несиелік механизмнің осы уақытқа дейін қолданылып келген несиелік механизмнен мүлде айырықша деп айту қиын. Дегенмен де, қазіргі несиелік механизмнің қызмет етуінің өзіндік ерекшеліктері болуға тиіс.
Қазіргі несиелік жүйені жетілдіру тек өркениетті әлемде қабылданғандай және банктер тәжірибелеріне сүйене отырып, несиелік мекемелердің бұрынғы несиелік механизмнің қызмет ету принциптерінің тиімді жақтарын қалпына келтіру жолымен ғана мүмкін болады.
Сондықтан да жаңа да, сапалы несиелік механизмді құрудағы өзекті мәселе, бүгін осындай механизмді жасай отырып, әлемдік тәжірибедегі несиелеудің жағымды жақтарын ескеруге негізделеді. Сондай-ақ несиелік механизмді жетілдіру жолдарын қарастыра отырып, яғни несиелік механизмнің негізінде несиелік қатынасқа қатынасушылардың объективтік экономикалық мүдделерінің: бір жағынан банктердің, және екінші жағынан қарыз алушылардың мүдделерінің жататындығын, несиелік механизмнің жетістіктермен қызмет етуінің өзі осы мүдделерді қамтамасыз ететіндігін әрдайым естен шығармаған дұрыс. Керісінше жағдайда, яғни несиелік қатынас қаншалықты субъективтік тұрғыда ұйымдастырылған болса, соғұрлым олар банктер мен қарыз алушылардың объективті экономикалық мүдделеріне аз сәйкес келіп, соғұрлым несиелік механизм қызметінің нәтижесі төмен болады.
Несиелік механизмнің қызмет етуіндегі мәселелерін теориялық түрғыдан оқып-білу, қазіргі несиелік механизмнің бүгінгі күн талаптарына қаншалықты жауап беретіндігі туралы өзекті мәселелер, өз кезегінде диплом жұмысының мақсаты және басты міндеттерін анықтап отыр.
Қазақстанның нарыққа өтуi көбiнесе несиелiк қатынастар потенциялының жүзеге асырылуымен байланысты. Бүгiнгi таңда бiздiң елiмiзде несиелiк қатынастар бiрқатар өзгерiстерге ұшырап отыр, сонымен бiрге жалпы несиелердiң iшiнде өтiмдiлiгi жоғары қысқа мерзiмдi несие ерекше көзге түседi. Кәсiпкерлер арасында қысқа мерзiмдi несие қызығушылық туғызып отыр: Қазақстан Республикасын банктермен экономиканы қысқа мерзiмдi несиелеу тәжiрибеде қалай жүргiзiледi; қысқа мерзiмдi несиенi алу үшiн мемлекетпен қандай ережелер, нормалар, шектеулер қойылған.
Қазақстанда несиелеу келесi заңдар мен ережелерге сүйенiп жүзеге асырылып, реттеледi: "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" және "Қазақстан Республикасының банктер және банктiк қызметтер туралы" заңдары, 1994 жылы ақпанның 11 жұлдызында Ұлттық банкпен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзiмдi несиелеу ережелерi" Бұл заңдар мен нормативтi актiлер барлық меншiк формасындағы банктермен қолдануға тиісiлi. [12; Б. 18]
Менің диплом жұмысы ретінде таңдап алған тақырыбым «Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің тұрғындарды несиелеуі» деп аталады. Бұл тақырыпты таңдап алудағы мақсатым банктегі несие операцияларын дұрыс жүргізуін терең зерттей отырып, талдауын толық меңгеру болып табылады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - несие ұғымының мәнін ашу, коммерциялық банктердiң несиелiк процесінің ерекшеліктерін ашып көрсету. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несилік операцияларының қазіргі жағдайы мен оның дамуына баға беру. Нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін несиелік жүйенің мазмұны мен құрылымдық элементтеріндегі өзгерістерді сараптай отырып, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибелері мен даму ағымына талдау жасау, сондай-ақ қазіргі несиелік жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Сондай-ақ, "БТА" АҚ мысалға ала отырып, оның несиелiк процесіне талдау жүргізу.
Осы дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей міндеттерді шешу алға қойылды:
- несиенің мәнін ашу;
- несиенің қажеттілігін, ерекшелігін ашу;
- коммерциялық банктердiң несиелік процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері;
- коммерциялық банктiң несиелiк процесін ұйымдастырудағы проблемалар және оны шешу жолдарын қарастыру;
- несиелiк коммерциялық банктердің несиелiк процесін жетілдіру жолдарымен тәжiрибесiмен таныстыру;
- Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелеу тәжірибелеріне және даму ағымына талдау жасау.
Зерттеу пәні «БТА» АҚ мен қарыз алушылар арасындағы қалыптасатын несиелік қатынас болып табылады
Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік қызметі және олардың несиелік қоржынының құрылымы жатады.
Диплом жұмысында жүргiзiлген зерттеу коммерциялық банктерде несиелiк процесті ұйымдастыру ерекшелiктерiн түсiнуге, жүргiзiлетiн несиелiк операциялардың көлемiн келешекте кеңейту үшiн алғышарттар жасау және бұл қадамдардың банктер мен жалпы экономика үшiн маңыздылығы мен салдарын анықтауға, несиелеу процесiнде туындайтын тәуекелдiлiк деңгейiн төмендету жолдарын ұсынуға мүмкiндiк бередi.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен зерттеу заты берілген.
Бірінші бөлімде несиенің пайда болуы мен қажеттілігін, несиенің мәні мен оның түрлеріне тоқталдым. Сондай-ақ, коммерциялық бактердің несие жүйесінде алатын орны мен ролі, банктердің несиелеу процесіне токталып кеттім.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік процесін талдап, сипаттама бердім. Және де, «БТА» АҚ-ның несиелік процесіне талдау жүргіздім.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктердің несиелік процесін жетілдіру жолдары қарастырылады. Мұнда коммерциялық банктердің несиелік процесін ұйымдастырудағы проблемалар және оны шешу, дамыту жолдарын жаздым. Сонымен қатар, шет ел тәжірибесіндегі, нақты Жапон мемлекеті мысалында, тұрғындарды несиелеудің ерекшеліктеріне де тоқталып кеттім.
Қорытыңды бөлімінде зерттеудің негізі нәтижелері және несиелеу жүйесін жетілдіру барысында туындаған ұсыныстар айтылады.
Диплом жұмысын жазу барысында “ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” заңдық күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік - құқықтық актілері мен статистикалық деректері, оқу әдебиеттері, мерзімді басылымдар да жарияланған банктің білікті мамандарының еңбектері және өзім өндірістік тәжірибиеде болған, «БТА» АҚ - ның нақты мәліметтері пайдаланылды.
1 Бөлім Коммерциялық банктердің несие жүйесіндегі орны мен рөлі
1. 1 Несиенің қажеттілігі оның мәні, түрлері және несие
қатынастарының пайда болуы
Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді. Айырбас ша-руашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдардың шеңбер айналымында және өндірістік айналымында нақтылы түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы экономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады.
Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (негізгі және айналым), өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде олардың міндеті әр түрлі. Шеңбер айналымының бірінші сатысында ақшалай қаражаттардың өндірістік құралдарында айналуы жүреді: ақшалай қаражаттарға өндіріс құралдары сатып алынады. Өндіріс процесінің екінші сатысында ақшалай қаражаттардың тауарға айналуы жүреді, өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс құралдары құнына жаңадан жасалған құн қосылады. Соңында, үшінші сатыда тауар өткізіледі және қайтадан ақшаға айналады. [4; Б. 18]
Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың бір формадан басқа формаға ауысуымен тұйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өндірісінің процесі, капиталдардың шеңбер айналымы болып табылады. Капиталдардың үнемі қайталанатын шеңбер айналымы - бұл капиталдардың айналымы. Өндірістік капиталдардың бірде тауар формасында, бірде ақшалай формада болуы олардың қозғалысының жалпы формасы болып келеді, яғни олардың ұдайы өндіріс формасы болып саналады.
Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа формаға айналуы, сонымен қатар олардың үнемі шеңбер қозғалысы, капиталдардың шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей емес; әрбір нақты жағдайда олар өндірістің және тауар айналысының ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен ерекшеленеді. Олардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың құйылуы және кері қайтуы, ресурстарда және оларды жабатын көздерде қажеттілердің толқуы байқалады. Мұны функционалдық формаларының өзгерісіне қарай негізгі, сондай-ақ айналым капиталдарының да қозғалысына байланысты байқауға болады.
Негізгі капиталдардың қозғалысы процесінде мезгіл-мезгіл ақшалай ресурстар формасында құн босатылады. Еңбек құралдары өндіріс процесіцде ұзақ уақыт пайдаланылатыны белгілі, олардың құны тауар құнына бөлшектеніп ауысады. Негізгі капиталдар құнының ақшалай формада бірте-бірте қалпына келтірілуі, босаған ақшалай қаражаттардың кәсіпорындар шотында тұрып қалуына әкеліп соғады. Бұл кәсіпорын оларды тозған еңбек құралдарының орнына жаңаларын алу үшін; соның ішінде кезекті жаңа машиналар мен механизмдерді алу үшін жеткілікті белгілі бір соманы жинақтағаннан кейін ғана пайдалана алады.
Алайда негізгі капиталдар құнының бірте-бірте босатылуы, өз мөлшері бойынша кәсіпорынның олардың жаңа партияларын алу қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өйткені машиналар мен механизмдердің жаңа партиясы жекелеген бөлшектермен, детальдарымен емес толығымен алынады. Амортизациялық қорда негізгі капиталдардың тозған бөлшектерінің ауыстырылуы, жинақталған амортизациялық қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. Негізгі капиталдарды қалпына келтіруге немесе оларды алуға өте үлкен шығындар жұмсалады, сондықтан оларды қаржыландыру ұзақ уақыт бойында ақшалай қаражаттар жинақтауды қажет етеді. [34; Б. 41]
Негізгі капиталдар кұнының қозғалысының бірқалыпсыздығы, капиталдың шеңбер айналымы мен айналымының және олардың шеңбер айналымы сатылары бойынша қозғалысының ұзақтығынан болады. Нәтижесінде бір кәсіпорындарда еркін ақшалай қаражаттар пайда болса, басқаларында (ірі бір реттік шығындарға қажеттілікпен байланысты) олардың жеткіліксіздігі пайда болады.
Тауарлай және ақшалай формаларға ие өндірістік капиталдың шеңбер айналымы мен айналымы, құндық болып табылатын қатынастың пайда болуына және дамуына нақты материалдық негіз болады. Берілген шеңбер айналым процесінде, бір жағынан, оның аяқталуы жүреді, осының нәтижесі ретінде бәрінен бұрын өткізілген құн ретінде болатын ақшалай қаражаттар формасындағы құнның босатылуы жүреді. Екінші жағынан, объективті себептерге байланысты ақшалай ресурстардың жеткіліксіздігі, олардың өндірістік жұмсалуына қосымша қажеттіліктер пайда болады. Демек, несие және несиелік қатынастар құн қозғалысы кезіндегі өндіріс уақыты мен құн айналысы уақыты арасындағы, оның ақша формасында шоттарда уақытша тұрып қалуы мен оларды тауар өндірісінде пайдалану қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтарды шешудің табиғи процесі ретінде пайда болды.
Біріншіден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге доғарылуын болдырмауға, екіншіден, ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына мүдделі болады.
Өндіріс уақыты мен айналыс уақыты арасындағы сәйкес келушілік, құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына да қатысты. Босатылған ресурстар жиынтық ұлттық өнім құнының барлық бөліктерінің - "С", "V" және "М" - өнімдері болуы мүмкін.
Мысалы, жалпы экономика көлемінде өндірістік процесінде жұмсалған өндіріс құралдарын қалпына келтіру қоры бірден жұмсалмайды: амортизациялық аударымдар жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында тоқтап қалған және өнімді пайдалануды талап ететін құндар түрінде тұрып қалады. Ұдайы өндірістің обьективті процестеріне байланысты құн өндірісте толығымен қатыспайтын "У"-да да осындай көрініс байқалады, оның кейбір бөлігі уақытша пайдаланылмайды және ақшалай формада банктегі шоттарда тұрып қалады. Әрине, бұл қоғамдық өнім құнының уақытша босатылған бөлігі несиеге негізделіп жинақталады, қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады. Мұнан басқа, "М" түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі де несие арқылы қайта бөлу сферасына тартылуы, несие қозғалысына құндық сипат беруі мүмкін. [18; Б. 65]
Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және айналым) шеңбер айналымы және айналымы несиенің обьективті қажеттілігін толық түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдың шеңбер айналымы мен айналымының кеңістікте бірқалыпты еместігі тек қаражаттардың бір буында босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің бар болу фактын сипаттайды. Демек, тауар шаруашылығында капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған. Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар кем дегенде екеу: 1-несиелік мәмілеге қатысушылар - кредитор және қарыз алушы - экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің орын-далуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субъектілер ретінде болулары керек. Несиелік қатынасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырулары қажет; 2-несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет болып табылады. Несиелік мәміле жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Экономикалық қатынастар бәрінен бұрын мүдделер ретінде көрінеді. Бұл мүдделер соңында өндірістік катынастың қатысушыларының еркімен реттелетін қандай да бір субъективті нәрсе емес. Әрекетті тудыратын кез келген мүдде бәрінен бұрын объективті процестерге, озара мүдделілікті болдырмай қоймайтын нақты жағдайларға сүйенеді. Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитор мен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру; екінші жағынан, оларды алу кезінде мүдделілік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады. Осылайша, несие капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында белгілі бір жағдайларда несиелік қатынастардың пайда болуы мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады.
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие - ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар қолдан-қолға өтетін айырбас процесі - несие қатынастарының туындайтын көрінісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz