Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін арттыру арқылы болашақ педагог мамандарын даярлау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін арттыру арқылы болашақ педагог мамандарын даярлау

Елбасымыз Н. Ə. Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Кез-келген қоғамда білім беру саясаты өмірлік ұстанымдарды, сұраныстарды, қажеттіліктерді ескеріп, білім беру мазмұны соған сəйкес құрылғанда ғана ұтымды, тиімді, өнімді болады.

Қазіргі адамзат баласы бастан кешіріп отырған тез арадағы өзгермелілік, ғаламдану, коммуникация-лық құралдардың қарқынды даму дəуірі өмір салтын, қарым- қатынас пен ойлауды өзгертуге əкелді. Ал мұның өзі игіліктерге қол жеткізудің жаңаша əдіс-тəсілдерін ашуға мүмкіндіктер береді. Мұндай жағдай адам интеллекті-сін, оның қабілетін қайта жасаушы, жасампаздық əрекеттерге бағыттайды. Ендеше жеке тұлға өзгермелі əлеуметтік жəне экономикалық жағдайларда өмір сүруге бейімделіп қана қоймай, шынайы өмірге белсенді ықпал ете алатын, өмірді жақсартуға, кемелдендіруге атсалысатын тұлға болуы тиіс. Қазірде біздің қоғам үшін көкейкесті мəселе - бəсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру» - деп көрсеткен /1/.

Заман талабына сай болашақ мамандардың кəсіби даярлығын жетілдіру мақсатында жоғары оқу орындарының оқу-тəрбие үрдісінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігі нақтылана түсуде. Осыған байланысты қазіргі кездегі оқытушылар мен студенттердің, магистранттардың педагогикалық қарым- қатынасын қалыптастыру, олардың педагогикалық қарым-қатынасқа психо- логиялық даярлығы мəселелерін зерттеу - əлеуметтік-психологиялық жəне мəдени дағдарыспен қатар көтерілген өзекті мəселелердің бірі болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынасты білім мен біліктілік, дағды жəне адам- ның ішкі құндылықтарына негізделген ұстаздар қауымының мəдени сауатты-лығы ретінде қарастыруға болады.

Қарым-қатынас - білім мен мəдениеттің бір бөлігі, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттың дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Ұлттық құндылықтарға негізделген педагогикалық қарым-қатынас мəдениеті магистранттардың саналы көзқара-сын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, рухани-адамгершілік құндылықта-рының қалыптасуына, жүйелі іс-əрекет жасауына мүмкіндік береді. Қазақ жазушылары М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов жəне т. б. еңбектерінде педагогикалық қарым-қатынас мəдениеті жөніндегі маңызды пікірлері көрініc тапқан. Ал қарым-қатынастың психологиялық мүмкіншілігі жайлы пікірлерді Қ. Б. Жарықбаев, Ə. Алдамұратов жəне т. б. зерттеген /2/.

Білім беру субъектілері, оның ішінде педагогикалық мамандыққа болашақ мамандардың психологиялық даярлығы мəдениеттану, философия, педагоги-68 ка ғылымдарында жəне əcipece қазіргі кездегі психология ғылымында да өзіне үлкен назар аудартуда. Білім беру ic-əрекетінің, яғни, өзіне оның екіжақты өзара байланысын - педагогикалық жəне оқу формаларын қамтитын педагогикалық ic-əрекет субъектілерінің, əсіресе магистранттардың педагоги-калық қарым-қатынас орнатуға психологиялық даярлығын психологиялық тұрғыда талдау - психологиялық жəне нақты педагогикалық міндеттер арна-сында жатыр.

Жалпы педагогикалық сөздік бойынша субъект - басқа адамдарда жəне өзінде өзгеруді қамтамасыз ететін, заттық-тəжірибелік белсенділік пен танымды тасымалдаушы. Адамның субъектілігі оның өмір іс- əрекетінде, қарым-қатынасында, өзіндік санасында көрінеді. Бұл жерде сөз болып отырған дəстүрлі «оқытушы-студент», «студент- мұғалім» жəне қазіргі кезде «магистрант-оқытушы» субъектілер қарым- қатынасы өзгеше сипатқа ие болып отыр. Оқытушы мен магистранттың педагогикалық қарым-қатынас мəселесі дəл қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық зерттеу нысанына айналуда. Бұл мəселені шешудің басты жолы психологиялық кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының қабырғасында ескерілуі тиіс. Сондықтан студенттер мен магистранттардың педагогикалық қарым-қатынас дағдылары мен икемділігін қалыптастыру, яғни, магистранттардың педагогикалық қарым- қатынас кезіндегі əртүрлі жағдайларға бейімделуі, тез меңгеру қабілеттеріне ие болуы, магистранттар-мен жағымды қарым-қатынас позициясын құруға ұмтылу, мотивациясы мен білімін заманның талабына сай жетілдіру аса маңызды болып табылады. Білім беру үрдісіне қатысатын субъектілердің əрқайсысының өзіндік міндет-тері мен құқықтары бар.

Оқытушының міндеті - оқыту технологиясын ірік-тей отырып, студенттердің, магистранттардың білімге құштарлығын ояту, өзіндік икемділіктерін ашу, шығармашылықпен айналысуын ұйымдастыру негізінде білім беру сапасын көтеру. Студенттер мен магистранттардың міндеті - оқуға, сабаққа кешікпей келу, тəртіп ережелерін сақтау, білім беру үрдісі мен білім мазмұнына қойылатын талаптарды орындау жəне т. б. құқықтары бар. Оқытушының əлеуметтік тұлға бейнесінің қалыптасуы педагогикалық қарым-қатынас мəселесіне келіп тіреледі. Жеке адамның əлеуметтенуі өзінің қоғамына тиесілі өзара қатынастар, кəсіби əлеуметтік талаптарға байланысты болады. Демек, педагогикалық қарым-қатынас - студенттің, магистранттың тұлға ретінде жетілуіне пайдасын тигізетін құбылыстардың бірі, яғни, қарым-қатынас барысында өзге тұлғаларды қабылдап, олардың сөйлеу мəдениетіне бейімделеді /3/.

Педагогикалық қарым-қатынас орнату барысында магистранттардың қоғамдық рухани жəне материалдық құндылығы қалыптасады, жеке тұлға-лық ерекшелігін көрсетеді, өзі үздіксіз қарым-қатынаста болатын қоғамға енеді. Коммуникация əрбір адамның əрекет барысындағы субъектісіне айна-лады, табиғат пен дүниені таниды, олармен қарым- қатынасын дамытады. Қазіргі қоғам өмірінің өзгерістеріне орай педагогикалық қарым- қатынасы механизмдері, оны жетілдіру амалдары қызығушылық туғызып, зерттеудің қарқынды саласына айналуда. Болашақ педагог мамандардың барлық қадір-қасиеті білім беру үрдісіндегі басқа да субъектілермен қалай қарым-қатынас жасағанынан байқалып тұрады. Оның ой-өрісі, бағыт- бағдары, білімді меңге-руі, есте сақтауы, эмоциясы мен қызуқандылығы қарым-қатынас жасау бары-сында көрініс береді. Адамның қарым- қатынасына ұлттық ерекшеліктерінің əсері де зор. Олардың психологиялық, педагогикалық алғышарттарын ашу педагогикалық қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.

Педагогикалық қарым-қатынастың кəсіби маңызды қасиеттері болып, төмендегілер саналады:

1) адамдарға жəне олармен жұмыс жасауға ықыласпен қарау, қарым- қатынас жасай алу жəне оны қажет ету, көпшілдік, коммуникативтік қасиеттер;

2) эмоционалдық эмпатия жəне адамдарды түсіне алу қабілеті;

3) қарым-қатынастың ауыспалы жағдайларында шапшаң жəне дұрыс бейімделуді, қарым-қатынас жағдайына, магистранттардың жеке ерекшелік-теріне байланысты сөзбен əсер етуді жылдам өзгерте алуын, қамтамасыз ететін оперативтік-шығармашылық ойлау, икемділік;

4) қарым-қатынаста кері байланысты сақтай алу жəне сезіне білу;

5) өзін-өзі қолда ұстай алу, өзінің психикалық жағдайын, өз тəнін, даусын, мимикасын басқара алу, өзінің көңіл-күйіне, ойларына, сезімдеріне ие болу, бұлшықет қысымдарын түсіре алу;

6) аяқасты (дайындықсыз) коммуникацияға қабілеттілік;

7) болуы мүмкін педагогикалық жағдайларды, өз ықпалының нəтижелерін болжай білу;

8) жағымды вербалды қабілеттер: мəдениет, тілдің дамығандығы, лексика-лық қоры мол, тіл құралдарын дұрыс таңдау;

9) педагогтың өмірлік, табиғи күйзелістер жиынтығын білдіретін жəне талап етілетін бағытта магистранттарға əсер ете алатын тиісті педагогикалық күйзелістердің өнерін меңгеру;

10) педагогикалық тапқырлыққа деген қабілеті, əсер етудің алуан түрлі құралдарын қолдана білу (əсер етудің түрлі тəсілдерін, «тетіктерін» жəне «құрылғыларын» қолдану арқылы сендіру, иландыру, еліктіру) . Педагогикалық қызметте осы аталған педагогикалық қарым- қатынастың кəсіби маңызды қасиеттері магистранттармен жақсы меңгерілген жағдайда, қазіргі заман талаптарына сəйкес білім беру үрдісіне жүктелген көптеген міндеттер шешімін табатыны сөзсіз, ең алдымен білікті педагог мамандар саны көбейетін еді. Қазіргі жоғары оқу орындарында оқытушылардың рөлі артып жəне де студенттерге, магистранттарға психологиялық, педагогикалық əсер ету арқы-лы кеңейіп келеді. Оқытушы білім мен ақпараттың бағыттаушысы болып қана қоймай, сонымен қатар ол педагог, психолог, психотерапевт болуы керек. Бұған оның педагогикалық қызметінің жетістігі мен беделі тəуелді. Оқытушының беделі - оқу-тəрбиелеу үрдісінің жетістігіне əсер ететін ұжымдағы достар, магистранттар, студенттер жəне өзара қатынас барысында білінетін, ұйымдағы оның кəсіби, психологиялық, тұлғалық сипаттамасы. Оқытушы-ның беделі - оның білімділігіне, адамгершілігіне байланысты болып келеді. Қазіргі таңда болашақ педагог мамандарға оқытушының жеке тұлғасы, оның ашық, қайталанбас дербестігі тəрбиеленуші жəне психотерапевт ретіндегі беделі əсер етеді /4, 5/.

Сонымен, білім алуға деген қызығушылық пен жаңаны білуге деген талпыныс адамға ғана тəн. Оны байқау жəне дамыту оңай жұмыс емес. Егер оқытушы студентпен, магистрантпен дұрыс педагогикалық қарым- қатынас орната алмаса, қызықтыра алмаса, оның болашақ мамандығына деген қызығушылығы төмендей береді. Ал егер жоғары оқу орындарының педагог мамандары өз жұмыстарын қазіргі білім беру жүйесіне қойылатын талаптар-ға сəйкес құрып, болашақ педагог мамандарын яғни магистранттарды педагогикалық қарым-қатынасқа психологиялық даярлауға барынша көңіл бөліп, психология ғылымының педагогикалық қарым-қатынасқа қатысты мəселелерін толық қамтып, оның қыр-сырын меңгертетін болса, білім беру субъектілерінің жұмыс нəтижелері сапалы болуы əбден мүмкін. Педагог мамандар тек өзінің коммуникативтік шеберлігін дамытып қана қоймай, студенттер мен магистранттарға педагогикалық қарым- қатынас мəдениетін үйретулері қажет. Оқытушыға олардың психологиялық ерекше-ліктерін білгенімен қатар, қазіргі жастардың құндылық бағдары мен əлеумет-тену ерекшеліктеріне байланысты мəліметтерді үнемі есепке алып отырған-дары жөн. Əлеуметтанушылар да буын ауысуының өсу қарқынына назар аудартады. Бүгін буын ауысуы (əлеуметтену, құндылық бағдар) əрбір бес жылда жүріп отырады. Осы орайда бірінші курс студенттері жəне бітіруші курс студенттері əртүрлі буындарды құрайды. Біздің еліміздегі əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер динамикасымен жəне жалпы əлемдік қоғам-дастықтың даму қарқынымен байланысты олардың көзқарастары бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Жоғарыда айтылғандармен байланысты қазіргі кезде педагогикалық қарым-қатынастың жетістікке жетуі немесе, керісінше, сəтсіздікке ұшырауы педагогтың жеке тұлғасына байланысты болып келеді.

Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын ең басты міндеттердің бірі бала-ларға, білім алушыларға, педагогикалық іс-əрекетке деген сүйіспеншілік жəне білім беретін саласы бойынша арнайы білімінің болуы. Кең білімді, педагогикалық сезгіштік, жоғары жетілген интеллект, мəдениет мен адамгер-шіліктің жоғары деңгейі, білім беру мен тəрбие берудің түрлі əдістерін меңгеру - осы аталған қасиеттердің барлығы педагогтың бойына туа бітпей-ді, ол педагогтың өз-өзімен талмай еңбек етуінің нəтижесінде пайда болатын қасиеттер. Тағы да қосымша, алайда тұрақты талаптар ретінде коммуника-тивтілік, əртістік қабілеттері, жағымды талғампаздық, тартымды сырт келбеті жəне т. б. саналады. Педагогтың осы аталған негізгі жəне қосалқы қасиеттері бірігіп келіп, оның дара тұлғасын құрайды. Соның нəтижесінде əрбір жеке мұғалім теңдессіз тұлғаға айналады.

Педагогикалық мамандықтағы магистранттардың психологиялық даярлы-ғына байланысты қойылатын талаптар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Басшыларды іріктеу жүйесінің тарихы
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Мұғалімнің тұлғалық бейнесі
Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
БОЛАШАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МАМАНДАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ БОЙЫНША ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz