Е.БЕКМАХАНОВ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ТАРИХЫ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 111 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Қорғауға жіберілді: «___»20__ж.

Кафедра меңгерушісі: тарих ғылымының кандидаты, Б. Сейдібаева

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Е. БЕКМАХАНОВ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ТАРИХЫ

Мамандығы: 6М011400 ТАРИХ

Магистрант: П. К. Буркитбаева

Ғылыми жетекшісі: тарих ғылымының докторы, профессор А. Б. Абдуалы

ТАРАЗ-2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ӘОЖ 950(574) Б88 Қолжазба құқында

Буркитбаева Перизат Кеңесқызы

Е. БЕКМАХАНОВ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ТАРИХЫ

6М011400 Тарих магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

магистрлік диссертация

ТАРАЗ-2012

Мазмұны:

Кіріспе . . .

I. Е. Бекмаханов зерттеулерінде XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Оңтүстік Қазақстан өңірінің саяси ахуалы жөнінде.

1. 1 XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Оңтүстік Қазакстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалы . . .

1. 2 Қазақтардың Қоқан билеушілеріне қарсы халықтық көтерілісі . . .

II. Е. Бекмаханов зерттеулеріндегі К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің Ұлы жүз қазақтары жерінде жүруі туралы.

2. 1 Кенесары хан және Қоқан, Хиуа хандықтары мен

қарым-қатынастары . . .

2. 2 Е. Бекмаханов зерттеулерінде қазақ-қырғыз қатынастары туралы . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның тәуелсіздік алуы тарих ғылымының да жылдам дамуына, тарихи ақтаңдықтардың ашылуына жол ашты. Уақыт өте келе мұрағат сөрелерінен шығарылып, айналымға түскен жаңа құжаттар негізінде соны ой-пікірлер мен жаңа тарихи-танымдық көзқарастар туындады. 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында жабық тақырыптардың қатарында саналып келген қазақ халқының щапқынщылыққа қарсы ғасырлар бойғы азаттық күресі, ұлт-азаттық қозғалысының, қазақ елінің Ресей құрамына енуінің жауланып алынуы, экономикалық, саяси, дипломатиялық, әскери, діни экспансиялар, Алаш қозғалысы, «Бекмаханов ісіне» қатысты маңызды құжаттар мен деректер, т. б. жарияланып, олардың сыры мен мәні туралы ғылыми тұжырымдар қалыптастырылды. Бұл тарих саласындағы сеңнің бұзылуы, оның тасқынға айналуының басы еді. Рухани-әлеуметтік сұраныс өткенді білуге деген құлшыныс пен талпыныс түрінде көрініп, баспасөзде жаңа қоланысқа түскен деректерге сүйеніп, жазылған еңбектер жарық көрді. Ұзақ жылдар тұмшаланған ақиқат ашылып, шынайы тарихи зердені біртіндеп, баяуда болса қалыптастыру жүзеге асырыла бастады. Осы тұрғыда Оңтүстік Қазақстанның ХІХ ғасырдағы саяси тарихын, оны зерделеудегі Е. Бекмаханатовтың зор еңбегін көрсету, зерттеу, түсінуге ұмтылу, оның еңбектеріндегі ұлттық мүддені көздеген пікірлерін ғылыми талдау өзекті мәселе.

Тәуелсіз еліміздің қазіргі дамуы үшін өткен күннің қорытындылары мен сабақтарын ой елегінен өткізу қажет болғандықтан оңтүстік Қазақстанның ХІХ ғасырдағы саяси тарихының сипатына тоқталып, тарихи зердемізден өткізбеппіз.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай ерекше болды. Бұл ғасырдың басында оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекеттер - Хиуа, Бұхара және ең үлкен дәрежеде - Қоқан экспансиясының объектісіне айналды. Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдік ету кезеңі біршама аз уақыт аралығын (шашамен 1810-1866 жылдар аралығын) алса да, бұл кезең - аймақтың Ресей империясына қосылуының тікелей алдында болған маңызды кезең. Оңтүстік Қазақстан өзін қазақтардың басқа облыстарынан сондай-ақ ерекшелендіретін сипатты белгілерге сол кезде түпкілікті ие болған еді [11. 278б] . Сондықтан, бүгінгі ақиқатты айтатын уақыт жағдайында отарлаудың көрісіні қызып, тұрған ХІХ ғасырдағы Қазақстанның оңтүстігінің саяси тарихын салыстыра отырып баяндайтын зерттеулер жазудың сәті келді. Әсіресе, көрші азиялық державалардың қазақ жүздерін өздеріне бағындыру, олардың өз мақсатындағы рулар арасындағы күресті тиімді пайдалануы және қазақтың ру басыларымен сұлтандарының Қоқан және Хиуа феодалдарына байланысты келіміспаздық позицияларына терең мән беріп зерделеу қажет-ақ[47. 105б] .

Моңғолдарға дейінгі кезеңде Қазақстанның оңтүстігінде отырықшы егіншілік жазираларды қоршап жатқан, жеткілікті дәрежеде дамыған қала мәдениеті болғаны мәлім. Шыңғысхан шапқыншылығының оған мықтап апат келтіргені сонша, ал ХІХ ғасырға дейін онала алмады. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында жоңғорлардың басып кіруі отырықшылық-егіншілік мәдениетінің құлдырауын ақырына дейін жеткізді. ХVІІІ ғасырдың аяғына қарай Қазақстанның оңтүстігі мекендеген әр түрлі рулардың, көбінесе ұлы жүз бен орта жүздің руларының көшпелі шаруашылығы басым аймақ болды [47. 100б] .

Бұл жағдайлар мұнда қазақ хандары билігінің нығаюына себепті болмады, өйткені бай отырықшылық-егіншілік жазиралары болмаған олар көшпелі бір меншіктерге өз билігін нығайту үшін олардың ресурстарын пайдалана алмады оның үстіне, ХVІІІ ғасырдың аяғына қарай орталық азия шаруашылығының қалпына келтірілуі, осы негізде өсіп шыққан жетекші үш мемлекеттік құрылым - Бұхара әмірлігінің, Қоқан және Хиуа хандықытарының пайда боулы мен күшеюі, жағдайды біртендеп осы мемлекеттердің пайдасына өзгертті. Осы проблемларды да жан-жақты зерттеу кезек күттірмейтін іс-шара.

Ұлт-азаттық қозғалыстың үш мәнді белгісі бар: біріншісі - қозғалысқа жалпыұлттық идеяның тән болуы; екіншісі - қозғалыс алға қойған негізгі мақсатын анықтау, ашық түрде мемлекеттік билік мәселесіне келіп тірелуі; үшіншісі -ұлтазаттық қозғалыстың басында ұлт зиялыларының саяси көрегендік, қолбасшылық кемелдік, дипломатиялық әбжілдік, харизмасы өткір қасиеттері бойында бар көрнекті өкілдерінің тұруы.

Қазақстанда орын алған ұлт-азаттық қозғалыстарының жалпы ұлттық идеясы отарлық езгіден құтылуға, елдің елдігін, тұтастығын сақтауға сайды. Ел түрлі заманнан бері желісі үзілмей келе жатқан, қадірлеп, қастерлеп ұстауды талап ететін, қазақтың санасында берік орын тепкен құндылық. Ал елдің негізі - жер. Осы тұрғыдан келгенде, Е. Бекмахановтың: «Кенесары патша үкіметі, Қоқан мен Хиуа тартып алған қазақ жерлерде қайтару, Россияның қарамағында қазақ халқының бір-тұтас мемлекетін құру ұранымен күреске шықты . . .

Өздерінің мақсаттары үшін, ең алдымен тартып алынған жайлауларын, жайылымдарын қайтару үшін күрескен қалың бұқараның қатысуы көтерілістің кең өріс алуын қамтамасыз етіпті», деген терең методологиялық түйін бар. Жерден айрылу елдің экономикалық негізін шайқалынуға әкеледі, және керісінше, саяси дербестік халықты экономикалық қорғауға, кемел экономиканың әлеумет саяси тәуелсіздіктің іргетасын бекемдеуге мүмкіндік туғызады. Мұндай ортақ идея тақырыптың өзектілігінің жағы бір көрінісі деу орынды.

Қазақстанның Оңтүстігінің ХІХ ғасырдағы саяси тарихын қарастырғанда тарихтағы тұлғаның рөлін зерделеудің маңызы ұшан-теңіз. Өйткені, егемен ел болып еңбектерімізді жинақтап жатқан бүгінгі күні ел тарихының отарлану кезеңімен айналысатын мекемелер үшін өткен кезеңдерде еңбек еткен М. Тынышпаевтай, С. Неделдияровтай, Е. Бекмахановтай біртуарлардың тағылымын игеру, одан оңды қорытындылар жасап, күнделікті тәжірибеде пайдалану аса қажет нәрсе. Мұның өзі бұрындары қоғам дамуында игілікті ықпал еткен және жаңа заманда да өзінің жасампаздық күш қуатын жоймаған, уақыт пәрменіне төтеп берген құндылықтарды сақтап қалу үшін керек. «Өлі риза болмай, тірі байымайды», дегенді дана халық бекер айтпаған. Ал мұндай сәттер тарихи білімді мамандар дайындайтын жоғары оқу орындары мен зияткерлік әлеуетті құрайтын мекемелер қызметі де аз болған жоқ. Міне, осы жайлардың өзі Қазақстан тарихының дамуындағы табыстар мен көлеңкелі тұстарды шолатын іргелі зерттеуге қоғамдық сұраныстың туып отырғандығын аңғартады.

Осы айтылғандар негізінде «Е. Бекмаханов және Оңтүстік Қазақстанның ХІХ ғасырдағы саяси тарихы»-ның көкейкесті мәселелерін тарихи тұрғыдан зерделеу қажеттілігі қоғамдық ғылымдардың, ең алдымен, отандық тарих ғылымының маңызды міндетіне айналғанын аңғару қиын емес. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халықтарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кезендерге империялық өктемдіктің және марксизмнің қасаң қағидасы, топталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихы, соның ішінде Қазақстанның Оңтүстік өңірінің саяси тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды.

Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қарауды, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді.

Ресей мемлекетінің құрамындағы қазақ халқы тарихының (ХVІІІ-ХІХ ғ. ) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажеті [50. 106б] .

Бұл тұрғыдан алғанда біз қолға алып отырған зерттеудің танымдық-практикалық маңыздылығы мен көкейкестілігі күмән туғызбайды шынайы ахуалды, яғни ақиқатқа деген көзқарасты анықтап, Оңтүстік Қазақстанның ХІХ ғасырдағы саяси тарихы мен оның Е. Бекмаханов еңбектерінде қаралуын ғылыми тұжырымдау бағытындағы іс-шараларды, ізденіс жұмыстарды белгілей алатындығымызда.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бекмаханов және Оңтүстік Қазақстанның ХІХ ғасырдағы саяси тарихы, зерттеушілерді әрқашанда қызықтырғанын айта кету керек. Осы мәселе бойынша жарық көрген тарихи еңбектерді олардың мазмұны мен ой тұжырымдарына қарай бірнеше топқа бөлуге болады:

1. Революцияға дейінгі еңбектер;

2. Орыс отарлау тарихы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстанның саяси тарихының Кеңес тарихнамасындағы қаралуы;

3. Оңтүстік Қазақстанның саяси тарихының тәуелсіз Қазақстан тарихшыларының зерттеулерінде қайта қаралуы;

4. Оңтүстік Қазақстанның саяси тарихының шетелдік тарихнамадағы қаралуы;

5. Е. Бекмахановтың еңбектеріндегі қаралуы.

Революцияға дейінгі Ресейде шығыстану саласының пайда болуы тарихи процестің дамуының жалпы барысымен негізделді, оның шеңберінде Ресей саяси доктринасы қалыптасты. ХІХ ғасырда Ресейдің ғылыми зерттеу процесін ұйымдастыруының маңызды ерекшеліктерінің бірі әскери шығыстанудың дамуы болды. Орталық Азияға, соның ішінде оның Оңтүстік өңіріне экспансиялық саясатының жайғасуы әскери адамдардың ғылыми зерттеушілерге айналуына объективті әсер етті, сондықтан, біз зерттеп отырған тақырып бойынша еңбектердің белгілі шеңбері әскери-тарихшылардың қаламынан шықты.

Орыс офицерлері М. И. Иваниннің, Н. П. Глиноцидің, М. И. Венюковтың, П. П. Лебердің, И. Ф. Бларамбергтің, А. Н. Греннің, Н. И. Гродековтың, И. Ф. Костенконың әскери мерзімді баспасөз беттерінде жариялаған, М. Е. Терентьевтің, А. К. Гейненің, Л. Ф. Костенконың, М. И. Венюковтың, А. Н. Куропаткиннің, И. Ф. Бламбергтің, И. Ф. Баботтың, Д. А. Милюшиннің монографиялары Ресейдің шығысқа жылжуы мен оның Орта Азияда белсенді басқыншылық саясат жүргізуінің себептерін анықтауға арналды [11. 25б] .

Әскери тарихшылар 40-60 жылдарда Орта Азия хандықтары мен Оңтүстік Қазақтанды басып алу тарихын тиянақты және жан-жақты баяндады. Орыс әскерилерінің Қазақстан аумағы арқылы жылжуы Л. Ф. Костинконың, М. И. Венюковтың, А. Н. Куропаткиннің, К. Абазаның, М. А. Терентьевтің, М. М. Торнаудың, И. Ф. Бламбергінің, М. Хорошкиннің, В. Е. Нездвенайдің, Н. Юдиннің, Д. И. Романовдің, В. Далинскийдің еңбектерінде көрініс шықты.

Ресей империясына қосылғаннан кейін Қазақстанды отарлау тарихы да орыс әскери тарихшылыраның зерттеу тақырыбына айналды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс зерттеушлерінің патшалықтың Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформаларының тарихын, сонымен қатар, бұл реформа барысында қазақ қоғамын терең әлеуметтік-экономикалық және рухани терең күйзелістерге ұшыратқан қазақ жерлерін, оның ішінде Оңтүстік өңірлерін басып алу мен бөліске салу тактикасын зерттеулері үлкен ғылыми қызығушылық тудырады. Бұл мәселе тарихнамасында әскери тарихшылар В. Долинскийдің, Н. И. Гродековтың, Ш. Ш. Уәлихановтың, М. А. Терентьевтің, К. К. Абазаның еңбектеріне назар аударған дұрыс.

1867-1868 жж реформалардың қажетілігі А. А. Гейнстің, Н. И. Гродековтың, М. А. Терентьевтің, Л. Ф. Костенконың еңбектерінде дәлелденген [11. 27б] . В. Долинский, Н. И. Гродеков, Ш. Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде қазақ халқының қоғамдық қатынастарын бұза отырып және қазақ қоғамында сұлтандар мен билердің құқығы мен маңызын кемсітуге қатысты жүздерді жаңаша басқаруды бірте-бірте енгізу жолымен жаңа билікті нығайту туралы жазды. В. Долинский Ресей империясының Қазақстанда енгізген ерекше басқару жүйесін былай деп сипаттайды: «Шет аймақтардың (яғни Қазақстанның) көп бөлігінде үкімет ерекше басқару құрды, жергілікті (империал-губернаторлықтың үлкен дербестігі әскери және азаматтық биліктің қосылып кетуі, ал кейбір шет аймақтарда жергілікті ру тайпалардың басшы топтарын басқару мен соттың жекелеген салаларына тарту оның өзіне тән ерекшілігі болды [11. ] . Оның сөзінше, ұлы жүз аумағында Ресей билігінің орнауы әскери күштерге сүйену арқылы жүзеге асты. Оның ойынша, аймақта орнаған жаңа биліктің басты мақсаттары қазақтарда бірталай ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан шаруашылық механизмін жою, қазақ қоғамында сұлтандардың құқығы мен маңызын кемітіп, оларды шенеуніктер қатарына ауыстыру, жергілікті жоғарғы жаңаша орнаған үкіметке қызмет көрсетуге араластыру; Ресей армиясы мен казактарға сүйене отырып, жаңа ауданда тәртіп пен орнату [8] .

Жаңа әкімшілік жүйенің енгізілуі, Қазақстан аумағының жекелеген әскери-губернаторлықтар мен уездерге бөлінуі самодержавиянің үстемдігін нығайтуға бейімделген көп тармақты әскери бюрократиялық аппараттың құрылғанын көрсетті. Жергілікті рулық таптық ұстанымын әлсірету үшін болыстар мен ауылдарды, руларды жерге қоныстану үрдісі бойынша емес, жергілікті халықтың шаруашылық тіршілігінің сәйкес бөлу ұйғарылды. Н. Гродиков атап көрсеткендей: «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы 1867 жылғы заң көшпелі халықты болыстар мен ауылдарға бөлу қажеттілігін құптады, қырғыз руларын бір-бірімен айыру үшін үлкен руды бір ру басшысының қол астына біріктіру саяси тұрғыда зиян ретінде мойындалды» [9] .

ХІХ ғ. 20-60 жж. әкімшілік-құқықтық реформалардың қазақ социумының этно-әлеуметтік байланыстарының өзгеруіне ықпал ету проблемасы әскерилердің еңбектерінде ерекше орын алды.

Сырдария облысының әскери губернаторы Н. И. Гродековтың «Сырдария облысының қырғыздары мен қарақырғыздары. Тұрмыстың құқықтық жағдайы» (т. 1) деп аталатын күрделі зерттеуі реформадан кейін жергілікті халықтың саяси және құқықтық жағдайының өзгеруін талдауға және қазақтардың тұрмысының құқықтың жағын зерттеуге арналады [10] .

Ресейдің XVIII-ХІХ ғғ Орталық Азиядағы сыртқы саясатының проблемалары ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы тарихи әдебиетте аса кең көрініс тапты. Ресейдің шығысқа, атап айтқанда орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жылжуының себептері әскери тарихшылар Л. Ф. Костенконың, М. и. Ванюковтың, М. А. Терентьевтің, Н. П. Глиноскийдің, Л. П. Либердің, А. Н. Греннің еңбектерінде баяндалды [11] .

Л. Ф. Костенко «Ресейдің Орта Азияға ілгерімен жылжуы кезінде оның түпкі ойында атаққұмардық болған жоқ және өз пайдасын көздеуі басшылыққа алған емес. Ресей бұл аймақты тыныштандырып, оның өндіргіш күштеріне қозғау салып және Түркістанда өндірілген шикізатты Ресейдің еуропалық бөлігіне жеткізудің қысқа жолын ашқысы келді деп есептеді [12] .

ХІХ ғ екінші жартысындағы Орталық Азиядағы орыс жаулап алу тарихына арналған әскери тарихшылардың еңбектері ішінде М. И. Венюковтың еңбектерін атап көрсетуге болады. Көптеген орыс офицерлеріне қарағанда ол Қазақстаның Ресейге қосылуының аяқталу проблемасы мен патшалықтың Оңтүстік бағыттағы экспансиясын Ресейдің шығысқа бұруының теориялық негізімен тығыз байланыстырды. Ол Ресейдің бұл аудандарға жылжуының экономикалық, саяси және рухани себептерін толық дәлелдеді [13] .

Тұтас алғанда, әскери тарихшылар Қазақстанға орыс экспансиясының себептерін анықтауда ғылыми емес пайымдауларға сүйенеді, бұл аймақтағы тарихи оқиғалардың объективті көрінісі ескеріледі. Олар себептерді бір жақты негіздеді, сонымен бірге, Ресейдің шығысқа, Оңтүстік Қазақстанға жылжуы ең алдымен Ресейдегі шексіз биліктің нығаюымен, индустриялды-урбанизациялық алғышарттардың қалыптасуымен анықталу фактісін мүлде жоққа шығарды.

КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кезде де империялық ойлауды көрінеу және жасырып жақтаушылар Ресей отаршыл, империялық держава болған жоқ, дегеннен айнымай келеді. «Ресей сол кезде де, кейін де сөздің айлық мағынасында қандай отарлар алып, иеленді деген ең қарапайым сұраққа жауап қайтарып көріңіздерші» деп сұрайды тарихшы В. Виноградов пен Ресей сыртқы істер министрлігі тарихи дипломатиялық басқармасы басшылығының орынбасары И. В. Филатов «Отанымыздың өткен кезеңіне, Ресей империясының тарихына шолу жасағанда» деген мақалада [14. 140б] . Бұлда бұрын жазылып келгендерге қайшы келеді. Бұл сұраққа өз кезінде Ресей тарих ғылымының аталары Н. М. Карамзин, В. О. Ключевский жауап қайтарған болатын. Соңғысы «Ресейдің тарихы - отарлаушы елдің тарихы» деп айқын жазған еді [54. 50б] .

Қазақстанның, оның ішінде оңтүстік өңірлерінің саяси тарихы, Ресейге «қосылуының» мәселелері жөнінде қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және олардың пікірлестері өз ойларын айтқан [11. 12б] .

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы отаршылдыққа қарсы Қарулы күрес сәтсіздікке ұшырап Қазақстан империяның әкімшілік - аумақтық бөлінісінің бір бөлігіне айналған, империя ауқымды шабуылға Е. Яшнов Түркістан өлкесінің құрамында болған Аулие - Ата, Черняев (Шымкент), Перовск (Сырдария) облыстарының отарлануы, қоныс аударушылардың шаруашылықтары, қоныс аударушылықтың басты кезеңдері жөнінде мол мағлұмат береді. Автор Түркістанның отарлануы, оның ішінде Әулие - Ата, Жетісу облыстарының отарлануы 1874 жылы Қарабалта, Шолдавар, Михайловка және Дмитривское деген орыс селоларының пайда болуынан басталды дейді. Бұл кезеңдегі қоныс аударудың ерекшелігі ретінде генерал - адъютант Фон Кауфманның 1873 жылғы Түркістан өлкесін басқару туралы ережеге түсініктеме жасап, онда отарлаудың Орынбор - Ташкент және Ташкент - Верный жолдарының бойымен жүзеге асырылуы жөнінде мәлімдегенін еске салады [55. 102б] . Шығыc жат аймақ халықтарын орыстандырып жүріп жатқан кезеңде ұлттық прогрестін көреген қайраткерлері (Ш. Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және олардың пікірлестері) тауқыметтің ең ауыры туған халқын ағарту ісін өз мойындарына алуға мәжбүр болды [11. 13б] . 1917 жылдан кейін отандық тарих проблемаларына ден қою арта түсті. Бұл тұстағы еңбектер ішінен Т. Рысқұлов, Х. Досмұхамедов, П. Ч. Галузо, С. Мендешев, Ғ. Тоқжанов еңбектері мен басқа еңбектерді атап айту керек [11. 15б] .

П. Г. Галузо Ресей мен Қазақстан серіктестігінің тең құқылы еместігін атап көрсетіп, империяның өзге өлкелерді «қосып алуға» өте мүдделі екенін атап айтқан болатын. П. Г. Галузо отаршыл империя теоретиктерінің агрессияға бейбіт тон жамылдырып, өркениетті сипат беруге неліктен тырысқанын түсіндірді. «Отар Түркістан» («Орыс патша өкіметінің Орта Азиядағы отарлау саясаты тарихының очерктері») деген кітабында ол былай деп жазды: «Патшалық Ресей әскерлерінің қазақ даласына қарай ендеп кіруі ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында-ақ басталған болатын. Орыс патшалары елгеентелей әрі толассыз дерлік сұғына түсті, былайша айтқанда, біраз жалтақтай отырып жылжыды . . . ». [11. 15б] . П. Г. Галузо Ресейдің «отаршылдық табыстары» тарихын Орталық Азияның барлық аймақтарымен өзара тығыз байланысты алып қарады. Ол Қазақстанның империя құрамына кіруі: Біріншіден - халықтарды саяси дербестіктен айырудың; Екіншіден - экономикалық жағынан кіріптар етудің; Үшіншіден - дүние жүзін болашақ отарларға бөлу жөнінен орыс-ағылшын бақталастығының салдарынан болды деп есептейді. П. Г. Галузоның сіңірген еңбегі ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық үстемдігі көрінісін ашып көрсету проблемасын ғылыми тұрғыдан қою болды. «Дәуір екі бөлікке: өлкені жаулап алу кезеңі мен шаруашылық үшін игеру кезеңіне бөлінеді, осыған сәйкес ұлт-азаттық қозғалысы екі кезеңге бөлінеді [56. 59б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Е. Бекмаханов – тарихшы, ғалым
Қазақ халқы тарихының түпнұсқа деректерін ғыл
Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
Қазақтың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
XVIII ғасырдағы Орта Азия халықтарының саяси жағдайы
Кеңес елі мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы және ондағы ұлт республикалары тарихының орны
Қазақ - Ресей саудасы
Майлықожа сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz