Тұрмыстық лексика: киім-кешек және ыдыс-аяқ атауларындағы ұлттық таным негіздері



Бүгінгі лингвистикадағы, нақтырақ айтқанда лексикадағы шешімін таппай жүрген мәселелердің бірі - тұрмыстық лексика. Яғни бұл сала нақтылы қандай ұғымды білдіреді, көлемі мен шегі т.е. айкындап алуды қажет етеді. Бұл ұғым аясына адамның күнделікті өмірінде қолданылатын заттарының, бұйымдарының атаулары сондай-ақ тұрмыспен тікелей байланысты күнделікті үй жағдайына, үй шаруашылығына байланысты сөздер жатқызылып жүр.
Ә. Хасенов еңбегінде тұрмыстық лексика жайлы: «Тұрмыстық лексика — күнделікті жиі қолданылатын аса қажетті, сондай-ақ халықтың тұрмыс жайы, салт-сана, әдет-ғұрпына, өмір тіршілігіне қатысты сөздер. Бұлар, негізінен, күнделікті ауызекі сөйлеу тіліне тән жалпылама лексикамен астасып жатады. Тұрмыстық лексика - халық өмірінің айнасы есепті», - деп анықтама бере келіп, оларды былайша топтастырады: үй-баспанаға байланысты сөздер: жаппа, жеркепе, кереге, уық т.б.; құрал-сайман атаулары: мама ағаш, қамшы, жүген, құрық т.б.; киім-кешек аттары: саптама етік, кәмшат бөрік, түлкі тымақ, күпі т.б.; ыдыс-аяқ аттары: таба, табақ, жанан, тостаған, қазан т.б. [1, 129 бб.].
Тұрмыстық лексикаға жататын сөздердің бұлай топтастырылуы ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын тұрмыстық қатынасқа қатысты қолданылатын сөздер деп тұрмыстық лексиканы түсінуімізді, оған берілген түсініктемені нақтылай түседі.
«Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» (авторы Ғ.Қалиев) қарастырып отырған мәселеміз - тұрмыстық сөздер деп беріліп, былайша түсіндіріледі: «күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер. Мысалы: төсек, ас, нан, түз, шам, терезе, сағат, бос белбеу, бетім-ай, жолын болғыр, о тоба, тілеуің берсін т.б.» [2, 333 бб.].
Тұрмыстық лексика жайлы деректерді А.Төлегеновтың «Түркістан уалаяты» газетінің лексикасы атты мақаласынан кездестіреміз. Аталған мақалада зерттеуші газет тілінде кездесетін тұрмыстық лексика тобына жататын сөздерді шығу тегі мен тұрмыста атқаратын қызметтеріне қарай былайша топтастырған:
а) үй жиьаздары, тағам атаулары, ыдыс-аяқ: үй, ағаш үй, киіз үй, шатыр, жүк, орындық, сандық, ошақ, казан, темір қазан, мыс қазан, шойын құман, күбі, саба, қонақ асы, ет, сорпа, сүр, қалжа, көже, тоқаш.
б) киім, мата және матадан жасалған материалдар: ішік, тон, шапан, етік, бөрік, жейде, кебін, жіп, жібек, жүк, шыт, көк шыт, бөз, дәке, шүға, кенеп, кендір, тері былғары, қызыл былғары, қара сүрік былғары, елтірі, шылбыр, арқан, кендір арқан т.б.
в) мал атаулары: түйе, бура, нар, інген, жылқы, айғыр, бие, құлын, ат, сиыр, бұзау, тоқты, қозы т.б. [3].
Бұдан кейінгі зертттеулерден Ж. Досқараевтың «Үй және там туралы, олардың диалектілік мағынасы мен басқа түркі тілдеріндегі қолданысы» туралы мақаласынан [4], Б. Сүлейменованың «шана» сөзінің тарихи қалыптасуына байланысты мақалаларынан кездестіруге болады [5].
Қазақ тіл біліміндегі бұл саладағы ең іргелі еңбек - Б. Абдыгалиеваның «Бытовая лексика казахского языка» деп аталатын зерттеу жұмысы. Бұл жұмыста халықтың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын заттар атауларына талдау жасалынады. Олар төмендегідей топтарга жіктелінеді:
1) тұрғын үй және оның бөліктері;
2) үй іші тұрмысында қолданылатын заттар, үй аспаптары;
3) ыдыс-аяқ атаулары, киім-кешек атаулары, аяқ киім, бас киім атаулары, ат әбзелдері, тоқыма атауларына толық семантикалық талдау жасалынған. Сөйтіп тұрмыстық лексиканы алғаш рет зерттеу нысанына айналдырған [6].
1. Хасенов Ә. Тіл білімі. - Алматы: Санат, 1996. - 416 б.
2. Қалиев F. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. - Алматы: Сөздік-словарь, 2005. - 440 б.
3. Төлегенов А. Түркістан уәлаяты газетінің лексикасы // Қазақ әдеби тілінің тарихи көздері. - Алматы: Ғылым, 1989. - 255 б.
4. Досқараев Ж. Қазақ тіліндегі үй, там деген сөздер туралы // Қазақ ССР FA Хабарлары. Филология және өнертану сериясы. - Алматы, 1957. - 1-2 шығарылымы. - 8-9 бб.
5. Сүлейменова Б. «Шана» сөзі орыс тілінен енген бе? // Қазақстан мектебі. - 1963.-№11. - 71-72 66.
6. Абдигалиева Б. Бытовая лексика казахского языка: Дис... канд. филол. наук. - Алматы, 1984. - 200 б.
7. Манкеева Ж.А. Этнос тілі табиғатының ерекшеліктері // Тіл тарихы және сөз табиғаты. - Алматы: Ғылым, 1997. - 5-17 66.
8. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. - Алматы: ИздатМаркет, 2006. – 213 б.
9. Моисеев А.И. Мотивированность слов // Исследование по грамматике русского языка Уч. зап. ЛГУ, 322. Вып. 68. Серия филолог, наук. - Л., 1963. - 122 с

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тұрмыстық лексика: киім-кешек және ыдыс-аяқ атауларындағы ұлттық таным негіздері

Бүгінгі лингвистикадағы, нақтырақ айтқанда лексикадағы шешімін таппай жүрген мәселелердің бірі - тұрмыстық лексика. Яғни бұл сала нақтылы қандай ұғымды білдіреді, көлемі мен шегі т.е. айкындап алуды қажет етеді. Бұл ұғым аясына адамның күнделікті өмірінде қолданылатын заттарының, бұйымдарының атаулары сондай-ақ тұрмыспен тікелей байланысты күнделікті үй жағдайына, үй шаруашылығына байланысты сөздер жатқызылып жүр.
Ә. Хасенов еңбегінде тұрмыстық лексика жайлы: Тұрмыстық лексика -- күнделікті жиі қолданылатын аса қажетті, сондай-ақ халықтың тұрмыс жайы, салт-сана, әдет-ғұрпына, өмір тіршілігіне қатысты сөздер. Бұлар, негізінен, күнделікті ауызекі сөйлеу тіліне тән жалпылама лексикамен астасып жатады. Тұрмыстық лексика - халық өмірінің айнасы есепті, - деп анықтама бере келіп, оларды былайша топтастырады: үй-баспанаға байланысты сөздер: жаппа, жеркепе, кереге, уық т.б.; құрал-сайман атаулары: мама ағаш, қамшы, жүген, құрық т.б.; киім-кешек аттары: саптама етік, кәмшат бөрік, түлкі тымақ, күпі т.б.; ыдыс-аяқ аттары: таба, табақ, жанан, тостаған, қазан т.б. [1, 129 бб.].
Тұрмыстық лексикаға жататын сөздердің бұлай топтастырылуы ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын тұрмыстық қатынасқа қатысты қолданылатын сөздер деп тұрмыстық лексиканы түсінуімізді, оған берілген түсініктемені нақтылай түседі.
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде (авторы Ғ.Қалиев) қарастырып отырған мәселеміз - тұрмыстық сөздер деп беріліп, былайша түсіндіріледі: күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер. Мысалы: төсек, ас, нан, түз, шам, терезе, сағат, бос белбеу, бетім-ай, жолын болғыр, о тоба, тілеуің берсін т.б. [2, 333 бб.].
Тұрмыстық лексика жайлы деректерді А.Төлегеновтың Түркістан уалаяты газетінің лексикасы атты мақаласынан кездестіреміз. Аталған мақалада зерттеуші газет тілінде кездесетін тұрмыстық лексика тобына жататын сөздерді шығу тегі мен тұрмыста атқаратын қызметтеріне қарай былайша топтастырған:
а) үй жиьаздары, тағам атаулары, ыдыс-аяқ: үй, ағаш үй, киіз үй, шатыр, жүк, орындық, сандық, ошақ, казан, темір қазан, мыс қазан, шойын құман, күбі, саба, қонақ асы, ет, сорпа, сүр, қалжа, көже, тоқаш.
б) киім, мата және матадан жасалған материалдар: ішік, тон, шапан, етік, бөрік, жейде, кебін, жіп, жібек, жүк, шыт, көк шыт, бөз, дәке, шүға, кенеп, кендір, тері былғары, қызыл былғары, қара сүрік былғары, елтірі, шылбыр, арқан, кендір арқан т.б.
в) мал атаулары: түйе, бура, нар, інген, жылқы, айғыр, бие, құлын, ат, сиыр, бұзау, тоқты, қозы т.б. [3].
Бұдан кейінгі зертттеулерден Ж. Досқараевтың Үй және там туралы, олардың диалектілік мағынасы мен басқа түркі тілдеріндегі қолданысы туралы мақаласынан [4], Б. Сүлейменованың шана сөзінің тарихи қалыптасуына байланысты мақалаларынан кездестіруге болады [5].
Қазақ тіл біліміндегі бұл саладағы ең іргелі еңбек - Б. Абдыгалиеваның Бытовая лексика казахского языка деп аталатын зерттеу жұмысы. Бұл жұмыста халықтың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын заттар атауларына талдау жасалынады. Олар төмендегідей топтарга жіктелінеді:
1) тұрғын үй және оның бөліктері;
2) үй іші тұрмысында қолданылатын заттар, үй аспаптары;
3) ыдыс-аяқ атаулары, киім-кешек атаулары, аяқ киім, бас киім атаулары, ат әбзелдері, тоқыма атауларына толық семантикалық талдау жасалынған. Сөйтіп тұрмыстық лексиканы алғаш рет зерттеу нысанына айналдырған [6].
Тұрмыстық лексика жайлы құнды деректерді Ж.А.Манкеева еңбектерінен таба аламыз [7, 5-13 бб.]. Ғалым тұрмыстық лексика туралы түсінікті ұлттық лексика түсінігімен тығыз бірлікте, тарихи шығармалар мен құнды деректерден іздеуді негіздеуге ұмтылады. Автордың пайымдауынша ұлттық лексиканың бір бөлігі ретінде тұрмыстық лексиканың көзі - ұлттық туындыларда болып табылады. Сондықтан киім-кешек және ыдыс-аяққа қатысты қалыптасқан атаулар, тұрақты тіркестер т.б. қазақ тілі мен ағылшын тілінің сөз байлығының ауқымды бір саласын құрайды.
Сонымен, ғалымдар топтастыруындағы, пікірлеріндегі тұрмыстық лексика туралы түсінікті жинақтай келсек, әр ғалымның пікірінде өзіндік негіз бен дәйек барлығын аңғаруға болады. Соған қарамастан, тұрмыстық қолданыстағы емес, жалпы тұрмыс қажеттілігіне жататын лексикалық бірліктерді тұрмыстық лексика ретінде қарастыра отырып, осы бағыттағы талдауларға басымдық беру жұмыс барысында негізге алынды. Осы негізде киім-кешек және ыдыс-аяқ атауларын өзара туыстық қарым қатынасы жоқ екі тілдің материалдары негізінде зерттеуді мақсат ете отырып, олардың когнитивтік таным ерекшеліктері, уәжделу ерекшеліктері, сол негізде жалпы әлемнің тілдік бейнесі тұрғысынан саралауға ұмтылыс жасалды.
Әр этникалық топ өзіндік өмірлік стереотиптерін жасап шығарады да, сол арқылы киім және тұрмысқа қажетті ыдыс түрлерін пайдаланады. Киім-кешек және ыдыс-аяқ заттары адамзат тіршілігіндегі ең ежелден келе жатқан дүние, олардың түрі мен формасы әрдайым түрлерін өзгертіп отыруы мүмкін, бірақ атауының өзгере қоюы жиі қайталанатын жағдай емес. Бұйымдар атауларынан қазақ және ағылшын халқының қалай өмір сүргенін, өздерінің күнделікті тіршілігінде қандай материалдарды игере білгенін, әр затты жай жасап қана қоймай, олардың жасалуының өзінде белгілі бір ережелерді сақтағанын байқауға болады. Ата-бабаларымыз тұрмыстық заттарының барлығын дерлік өздерінің өмір сүру жағдайына қарай лайықтап жасаған.
Адам қоғамының ең негізгі қатынас құралы болып табылатын тілдің талай-талай тарихи кезеңдерді басынан кешіргені мәлім. Өйткені адамның санасы секілді тілдің өзі де көне, әрі мейілінше көп салалы құбылыс. Халықтың белгілі бір тарихи дәуірдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмір-тіршілігі, өзге елдермен қарым-қатынасы, әдет-ғұрпы ең алдымен оның тілінен, сөз мағынасынан айқынырақ сезіліп тұрады.
Қашанда өмірдің сан қилы саласындағы құбылыстардың бәрі де тілдің сөздік қорына ықпал етіп, іздерін тастап, сол оқиғаларға байланысты сөздерді куә етіп қалдырып отырады. Сондықтан да әр халықтың өз тұрмысы мен мәдениетінің, оның материалдық және рухани қазынасының айнасы саналатын тілдің сөздік қорының элементтерін, тілдердің өзара қарым-қатынасын, ондағы ауыс-түйіс негізінде болатын өзгерістерді жан-жақты зерттеп, анықтаудың теориялық та, практикалық та мәні зор.
Әлемдегі басқа да халықтардың тілдеріндегі секілді, өзге тілдердің қазақ тіліне тигізген ықпалы да аз болмаған. Халқымыздың сан ғасырлық өмір жолы тіліміздің сөз қазынасы - оның лексика саласынан айқын сезіліп тұрады. Қазақ тіліне басқа тілдердің тигізетін әсерін ауызға алғанда ең алдымен тарихи факторларға көбірек назар аудару қажет. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорында жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер де, араб, парсы, монғол тілдерінен келіп қосылған сөздер де, орыс, грек, латын, тағы басқа көптеген тілдерден енген элементтер де аз емес.
Кез-келген тілдің сөздік құрамы сол тілдің ежелгі, төл сөздерінен және шет тілдерінен алынған кірме сөздерден тұратын күрделі құбылыс екені мәлім. Өйткені белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы, яғни ол тілдің лексикасы - сөздік құрамға қоғамдағы сан қилы маңызды тарихи факторлар өз ықпалын тигізбей қоймайды. Түрлі елдердің өзара экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынастарына, қоғамның дамуына, ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестері пайда болып, сөздік құрамды үнемі толықтырып отырады. Ал қазіргі лексикалық норма тұрғысынан қарағанда ескіріп қалған көне сөздер, архаизмдер сөз тарихының архивіне кетіп жатады. Сөйтіп тілдің сөздік құрамында ұдайы, тынымсыз өзгеріс болып тұрады. Сондықтан да өзінің лексикалық құрамында шеттен алынған кірме элементтері жоқ, мүлдем таза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Жүнісов «Ақан сері» атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
Тахауи Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасы тіліндегі диалектілік сөздердің қолданысы
Тахауи Ахтановтың Боран атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні
«Жолдастар» романындағы кейіпкер тілі және автор тілінің І.Жансүгіровтің қазақ тіліндегі лексикалық бірліктер мен грамматикалық бірліктер
Тәжік қазақтары. Лексикалық ерекшеліктер
Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері
Көнерген сөздерді шығармалармен байланыста оқыту
Диалектологиялық іс-тәжірибе есебі
Стильаралық бейтарап лексика
Пәндер