Жоо-дағы оқу процесін ұйымдастыру формалары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. ЖОО.дағы лекция
2. ЖОО.дағы семинар және практикалық сабақтар.
3. ЖОО.дағы жүргізілетін өзіндік жұмыстар
ЖОО.дағы педагогикалық бақылаудың негізі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18-ақпандағы халыққа жолдауында: « ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» – деді.
Халықтық мәдени құндылықтар мен салт-дәстүрлер, рухани-өнегелік сапаларды жас ұрпақтың бойына сіңіру, патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық ар-намыс, абыройды сезіндіру білімсіз дами қоймайды. Сондықтан да қандай қоғам болмасын саяси жүйесінің тұрақты болуы үшін білім мен тәрбие жүйесін мемлекеттік талаптарға сәйкестендіре отырып құруға мүдделі.
Ендеше, мемлекетіміздің өз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат-міндеттерінің қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы – заңды құбылыс. Ел Президентінің 2004 жылғы халыққа жолдауында: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады...» – деп атап көрсетті.
Білім жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытып, дүниетанымының аясын кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда үлкен рөл атқарады.
1. Каменский Я.А. Великая дидактика. Изб.пед.соч., 1955
2. Онищук В.А. Урок в современной школе. 2-е изд.М., 1985.
3. Махмутов М.И. Современный урок. 2-е изд. - М., 1985.
4. Кириллова Г.И Теория и практика урока в условиях развивающего обучения М., 1980
5. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Кұдиярова. Педагогика. Дарын - Алматы-2004
6. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2004.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОО-дағы оқу процесін ұйымдастыру формалары

Жоспары:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. ЖОО-дағы лекция
2. ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтар.
3. ЖОО-дағы жүргізілетін өзіндік жұмыстар
ЖОО-дағы педагогикалық бақылаудың негізі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Білім - қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты 2005 жылғы 18-ақпандағы халыққа жолдауында: ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз - деді.
Халықтық мәдени құндылықтар мен салт-дәстүрлер, рухани-өнегелік сапаларды жас ұрпақтың бойына сіңіру, патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық ар-намыс, абыройды сезіндіру білімсіз дами қоймайды. Сондықтан да қандай қоғам болмасын саяси жүйесінің тұрақты болуы үшін білім мен тәрбие жүйесін мемлекеттік талаптарға сәйкестендіре отырып құруға мүдделі.
Ендеше, мемлекетіміздің өз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат-міндеттерінің қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы - заңды құбылыс. Ел Президентінің 2004 жылғы халыққа жолдауында: Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады... - деп атап көрсетті.
Білім жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытып, дүниетанымының аясын кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда үлкен рөл атқарады.

1. ЖОО-дағы лекция
Лекцияны бiрнеше типтерге бөлуге болады:
-жалпы мақсатына қарай: үгiттеушiлiк, насхихаттаушылық, тәрбиелеушiлiк, дамытушылық;
-мазмұнына қарай: академиялық және көпшiлiктiк (популярный);
-дидактикалық мiндетiне қарай: еркiн, қорытынды, жалпылай шолу, мәселелiк, лекция - диалог, баспасөз конференцияны, лекция - толғау, лекция - iскерлiк ойындар, т.б.;
-әсер етуiне қарай: эмоция деңгейiнде, түсiндiру деңгейiнде, сендiру деңгейiнде.
Әрбiр лекцияны тыңдаушыларға нақты, сенiмдi сезiне алатындай жеткiзе бiлу - оқытушының мiндетi.
Оқыту үрдiсiн интенсификациялау тұжырымдамасына негiзделiп, дәстүрлi дәстүрмен қатар инновациялық түрлерi де жоғары мектеп тәжiрбиесiнде кең орын алады.Оған лекцияның мына түрлерi кең қолданылады:
-хабарлау лекциясы;
-мәселелi;
-лекция - диалог;
-алдын ала жоспарланған қателерден тұратын лекция;
-лекция - баспасөз-конференция;
-лекция - толғау;
-лекция - iскерлiк ойындар,т.б.
Оқытушы лекцияның әр түрiн пайдалануда өз пәнiнiң, оқыту әдiстемесiнiң ерекшелiктерiн ескеруi тиiс.
Әрбiр лекция конспектiсiнде мынадай шарттар орындалуы қажет:
-тақырыбы (дәл анық);
-мақсаты мен мiндетi;
-әдебиеттер тiзiмi (мiндеттi және қосымша);
-мәтiн мазмұны (негiзгiсi жанамасынан бөлiнген);
-өз бетiндiк жұмысқа тапсырма.
Ал лекцияға дайындалу кезеңдерi мыналардан тұрады:
-бағдарламаны және оқулықтарды оқу;
-әдебиеттер тiзiмiн құрастыру;
-әдебиеттердi оқу, мазмұнын iрiктеу;
-көрнекi құралдарды таңдау (кесте, сурет, бейнелеу және музыкалық өнер шығармалары, көркем әдебиеттерден үзiндi, фото, открытка және техникалық құралдар (киноаппарат), магнитофон, компьютер және т.б.).
Дауыстың дұрыс қойылуы, сөйлеу техникасын меңгеру, мимика және жест лекцияның берiлу формасына жатады.
Лекцияны оқу барысында мынадай ережелер сақталуы тиiс:
-жоспар бойынша оқу;
-оқулықта толық берiлмеген материалды нақты, толық жазғызу;
-әрбiр сұрақта ең бастысын жанамасынан, қызықтысын қызықсызын, күрделiсiн бөлектеп айтып беру
-ойлау операцияларын: анализ, синтез салыстыру, жалпылау, жүйелеу және ой қорытындыларын индуктивтiк, дедуктивтiк, аналогиялық лекция барысында пайдалану;
- лекция барысында жалықтырмай зейiндi аударып, шоғырландырып, тұрақтататындай әртүрлi реприкаларды қолдану;
- дәстүрлi педагогиканың әдiстемелiк тәсiлдерiн оқытудың жаңа әдiстерiмен (диалог, пiкiрталас, шағын әңгiме және т.б.); ұтымды үйлестiру;
-терминдердi анық және шешiп тақтаға жазу;
-сөйлеу техникасын меңгеру, сөздердi, буындарды, дыбыстарды анық, ашық, дұрыс айту;
-аудитория реакциясын сезiну және түсiну;
Оқытудың белсендi әдiстерiн қолдануды ұйымдастырудың имитациялық және имитациялық емес түрлерi болатындығы белгiлi. Бiз имитациялық емес әдiстердiң, яғни лекциялардың сипаттамасына қарастырып көрелiк.
Ол лекция оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлi емес түрiне жатады, себебi, дәстүрлi емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесi бар күнделiктi оқу жұмыстарына қарағанда ұйымдастыру, өткiзу тәсiлдерi ерекше. Дәстүрлi емес сабақтардың бiрнеше түрлерiн оқыту барысында орындауға болады.
Мәселелiк лекция материалды түсiндiрер алдында дiлгiрлiк сұрақтар қою, мәселе туғызу арқылы жүзеге асырылады. Яғни, сұрақ қою, мәселе туғызу арқылы жүзеге асырылады. Яғни, сұрақ қою немесе мәселе тудыру арқылы жасырын тұрған мәселенiң бiр емес бiрнеше жауаптарын қарастыру арқылы түсiндiргелi отырған тақырыптың шешiмiн табуға болады. Мәселелiк лекциялардың көмегiмен негiзгi үш мақсатын қамтамасыз етуге болады:
-студенттердiң теориялық бiлiмдердi меңгеруi;
-теориялық ойлауды дамыту;
-оқу пәнi мен болашақ маманның кәсiби мотивациясының мазмұнына танымдық қызығушылық.
Мәселелiк лекциялар мақсаттарының орындалу жетiстiктерi оқытушы мен студенттердiң өзара байланыстары арқылы қамтамасыз етiледi. Оқытушының негiзгi мiндетi - тек қана ақпарат беру емес, сонымен қатар студенттердi ғылыми бiлiмнiң даму қарама-қайшылықтарының нысаны мен оларды шешу тәсiлдерiне баулу. Бұл студенттердiң ойлау қабiлеттерiн дамытады,танымдық белсендiлiктерiн тудырады. Студент оқытушымен бiрiккен iс-әрекет жасай отырып, жаңа бiлiмдердi меңгередi, өз мамандықтарының теориялық ерекшелiктерiн түсiнедi.
Педагог лекция оқу кезiнде қарым-қатынас жасаудың неғұрлым тиiмдi құрылымын пайдалану бiлуi керек. Сонда ғана оқытуды оңтайлы ұйымдастыру нәтижеге жетелеп, педагог кәсiби маман ретiнде қалыптасады.
Мәселелiк лекцияда оқытушы мен студенттiң бiрiккен iс-әрекетiнiң негiзiнде маман тұлғасының жалпы және кәсiби дамуы мақсатына жетедi. Белгiлi материалды дайын күйiнде студенттердiң бойына сiңiретiн ақпараттық лекцияға қарағанда студентер үшiн жаңа бiлiм белгiсiз күйiнде қабылданатын мәселелiк лекцияның маңызы ерекше. Өйткенi, қабылданған ақпарат студент үшiн өзi ашқан жаңалық түрiнде меңгерiледi.
Мәселелiк лекцияның құрылымы - iзденушi, зерттеушi iс-әрекеттердi студенттiң тануы. Бұл жерде студенттiң меңгерiлетiн материалға тұлғалық қарым-қатынасы ескерiледi.
Лекцияның басқа да түрлерi кездеседi: визуалды лекция, бiрге жүргiзiлетiн лекция, алдын-ала қателерi бар лекция, баспасөз-конференция, т.б.
Визуалдау лекциясы (лекция-визуализация) көрнекiлiк ұстанымының жаңа пайдалану нәтижесi болып табылады. Осы ұстанымның мазмұны психологиялық-педагогикалық ғылымдардың, белсендi оқытудың түрлерi мен әдiстерiнiң әсерiмен өзгерiп отырады.
Визуалды лекциялар студеттердi ауызша, жазбаша ақпараттарды визуалды түрге ауыстыра алуға үйретедi, ал бұл студенттердiң кәсiби ойлау жүйесiнде қалыптастырылады. Визуалдықтың бұл ұстанымы әр ақпараттардың түрлерiн көрнекi бейне ретiнде көрсетедi.
Визуалды лекциялардың негiзгi қиыншылықтары көрнекi құралдардың жүйесiн таңдау мен даярлауда, студенттердiң психологиялық-физиологиялық ерекшелiктерi мен бiлiм деңгейлерiнде, дидактикалық негiзделген даярлық үрдiсiнде қалыптасады.
Бiрге жүргiзiлетiн лекцияда (лекция вдвоем) мәселелiк мазмұндағы материалы студенттерге екi оқытушының өзара диалогтiк қарым-қатынас жасау түрiнде берiледi. Бұл лекция үрдiсiнде студенттердiң оқу материалын ұғыну мен бiрiккен жұмыстарға қатыса алу үшiн бұрын бар бiлiмдердi қолдану керек. Бұл жерде бiр немесе ұқсас бiрнеше мәселелi жағдаяттар туғызылады, болжамдар ұсынылады, дәлелдеушi және жоққа шығарушы жүйелер ойластырылады, бiрiгiп нәтижеге келудiң соңғы нұсқасына негiзделедi.
Бiрге жүргiзiлетiн лекция студенттердi ойлау үрдiсiне белсендi араластырады. Студенттiң мiндетi берiлген ақпараттың екi түрлi көзқарастарын салыстырып, олардың бiреуiн таңдауы керек немесе өзiндiк пiкiрiн айтуы керек.
Бұл лекцияның қиыншылықтары: басқа лекцияларға ұқсас студенттерге ақпарат тек бiр ғана оқытушыдан берiлуiнде. Лекция екi түрлi көзқарастағы студенттерден өз бетiмен шешiм қабылдауын, қандай көзқарасты ұстайтындығы немесе өзiндiк өзгеше көзқарастарының негiзделуiн талап етедi.
Лекцияны жүргiзудiң оңтайлы түрлерiнiң бiрi - алдын-ала жоспарланған қателерi бар лекциялар. Мұндай әдiс студенттердiң бойында кәсiби жағдаяттарды жылдам талдау бiрлiктерiн дамыту,сараптаушы оппонент, пiкiр берушi ретiнде сөйлеп, қате және дәл емес ақпараттарды ажыратып беру үшiн ұйымдастырылады.
Оқытушы лекцияға даярланған кезiнде оның мазмұнына белгiлi мөлшерде мазмұндық, әдiстемелiк немесе ережелiк сипаттағы қателердi қосады. Осындай қателердiң тiзiмiн оқытушы сабаққа алып келiп,олармен лекцияның соңында таныстырады. Қателердiң iшiнен жиi кездесетiндерi таңдап алынады. Оқытушы лекцияны оқығанда қателердi бiрден байқай қоймайтындай етiп дайындайды.
Мұндағы студенттердiң мiндетi - лекция барысында қателердi байқап, конспект дәптерiне түртiп алу. Қателердi талдауға 10-15 минут берiледi. Талдау барысында сұрақтарға не оқытушы, не студент немесе бiрiгiп дұрыс жауап берiледi. Жоспарланған қателердiң саны оқу материалдарының мазмұнына, лекцияның дидактикалық және тәрбиелiк мақсаттарына, студенттердiң даярлық деңгейлерiне байланысты.
Алдын ала жоспарланған қателерi бар лекция тек ынталандыру ғана емес, сонымен қатар бақылау қызметiн атқарады. Оқытушы студенттiң пән бойынша дайындық деңгейiн бағалайды, ал студент материал бойынша бағдарын тексередi. Оқытушы қателер жүйесi арқылы өзiнiң сәтсiздiктерiн анықтай алады, студенттермен қателердi талдау барысында оқу материалдарының құрылымы мен меңгеру қиыншылықтары жөнiнде түсiнiктер алады.
Баспасөз-конференция лекциясы әдеттегiге ұқсас. Дегенмен, бiрқатар айырмашылықтары бар. Оқытушы лекцияның тақырыбын айтады да студенттерден тақырып бойынша сұрақтарын жазбаша түрде беруiн талап етедi. Әрбiр студент 2-3 минут iшiнде өзiн неғұрлым қызықтыратын сұрақтарын ойластырады, оны жазбаша түрде оқытушыға ұсынады.Соңынан оқытушы 3-5 минут iшiнде тақырып мазмұнына қарай сұрақтарды iрiктейдi де лекцияны оқуға кiрiседi.Материалдарды лекция түрiнде оқуды сұрақтарға жауап ретiнде емес, тақырыпты аша отырып сұрақтарға жауап бередi. Лекцияның соңында оқытушы тыңдаушылардың бiлiмi мен қызығуларын бейнелейтiн сұрақтардың қорытынды бағасын бередi. Студенттердiң барлығы дерлiк сұрақтар қойып, оны сауатты құрастыра алмауы да мүмкiн. Бұл оқытушыға студенттердiң курс бойынша бiлiм деңгейлерi мен бiлiктiлiгiн ажыратуға көмегiн тигiзедi.
Баспасөз-конференция лекциясында студенттердiң белсендiлiк iс-әрекетi әрбiр студенттiң жеке ақпарат алуларына сәйкес орындалады.
Лекция - оқытудың басты формасы. Оның дидактикалық мақсаты - студенттердiң оқу материалын игеру. Ол оқытудың басты құралы бола тұрып оның ғылыми, тәрбиелiк және дүниетанымдық қызметi бар.
Лекция мен оқулықтағы жалпы материал бiрдей болғанымен, лекцияның оқулық алдында даусыз артықшылығы бар: мұнда ғылыми мәселелер жаңа тұрғыда баяндалады, оқулыққа әлi ене қоймаған ғылым, техника және өндiрiс жетiстiктерi берiледi. Лекцияның мазмұны пәннiң оқу бағдарламасына негiзделедi. Бұл материалды сұрыптаудағы қатаң жүйелiлiктi және көрнекi құралдар мен техникалық құралдарды дұрыс әрi ұқыпты пайдалануын талап етедi.
Егер лекцияда оқытушының жеке шығармашылығы орын тапса, онда мұндай лекция студенттердiң пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Лекция ғылымның жүйелi баяндалуы ғана емес, онда сонымен бiрге оқытушының өзiнiң ғылыми идеясы, өзiнiң шығармашылық түсiнушiлiгi айтылуы қажет. Лекцияға даярлық аса ұқыптылықпен өтуi қажет.Лекция студенттiң санасын оятып, өзiндiк қызметпен айналысуға бағыттап, олардың дүниетанымын қалыптастыруы керек. Бұл оқытушының пәндi жан-жақты бiлiп қана қоймай, педагогикалық және психологиялық мәселелердi терең түсiнiп бiлуiне байланысты.
Лекция өткiзу шеберлiгiн қалыптастыруға қойылатын талаптар:
А) конспектi жасап, лекция жоспарын құру;
ә) баяндалатын мазмұндарды қорытындылау;
б) лекция конспектiсiнiң құрылымын белгiлеу;
в) лекция бөлiктерiнде дидактикалық ұстанымдарды қолдану;
г) лекцияда баяндалатын мазмұндарды түсiндiруге қолданылатын әдiстер мен сипаттамалар;
г) лекция өткiзудiң тиiмдi болатын түрлерi мен типтерiн талдау.
Лекцияның әдiстемелiк талаптары:
ғылым мен техниканың қазiргi дәрежесiне сәйкес болуы;
белгiлi тақырыптың баяндалуының қорытынды сипатқа ие болуы;
iшкi сенушiлiктi, айғақтардың логикалық күшiн және тыңдаушының қызығуын арттыру;
мысалдардың жақсы ойластырылған мазмұнды болуы;
студенттердiң өзiндiк жұмыстарына бағдар беруi;
тыңдаушылардың қабылдауына түсiнiктi болуы.
Лекцияның педагогикалық тиiмдiлiгi, оның қызықтығы көмекшi құралдарды пайдалануымен анықталады: тәжiрбиенi көрсету, көрнекiлiк және техникалық оқу құралдарын пайдалану.
Лекцияда осындай көмекшi құралдарды пайдалану оқытылып отырған тақырыпқа қызығуды арттырады, қабылдауды жылдамдатып, есте сақтау қабiлетiн дамытады. Себебi, адамның ақпаратты игеру үрдiсi мынадай көрiнiсте болады екен: оқығанның 10 пайызы, естiгеннiң 20 пайызы, көргеннiң 30 пайызы, өз қолымен iстегеннiң 90 пайызы игерiледi.

2. ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтар.
Қазіргі кезде қоғамымызда болып жаткан үлкен өзгерістер өскелең ұрпақтын шығармашылық қабілетін, терең де, жан-жақты ойлай білу, ойын толық жеткізе білу касиеттерін дер көзінде аша білу, оқытылатын пәнге деген нағыз қызығушылығын тудыру мәселесі оқу орнының алдында тұрған өзекті мәселелердің катарынан орын алады.
Семинар және практика сабағы қазірде алынған білімдерді пысықтау формасы ғана емес, ол сондай-ақ тыңдаушының өз бетінше ізденуінің, мәселені
талдай алудың ең алғашкы дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін мазмұнды түрде одан ары шындай түсу сияқты мәселелерді қамтиды. Ал біздің жоғарғы мектеп жағдайында семинар сабағы әрбір тақырыпта мәселені зерттей алатын жүргізуші және пәннің атап айтқанда, тарих пәнінің осы немесе өзге мәселелермен тікелей айналысатын, ғылым саласын жетік білетін оқытушы арқылы жүргізілетін практикалық сабақтың бір түрі. Семинар сабағында сондай-ақ дәріс тыңдау нәтижесінде және берілген негізгі әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау арқылы қол жеткізген білімді қорытындылайды. Сабақ өткізу барысында оқытушыға сөйлей білу, өз ойын еркін жеткізе алатын және қорытынды жасау арқылы ол тыңдаушының көзқарасын, білімі мен мағлұматын, талдау жасай алу деңгейін байқауға, тыңдаушы өз бетінше дайындық сағаттарында игерген теориялық білімінің дұрыстығын, өз қорытындыларының қисындылығына көз жеткізуге, осы мәселе бойынша мағлұматтарды молынан алуға мүмкіндік береді.
Жоғарғы оқу орындарында гуманитарлық пәндерден жүргізілетін семинар сабақтарының көптеген формаларын қарастыруға болады. Солардың арасында біз семинар және практика сабағын терең, кең ауқымдағы мазмұнды әңгіме түрінде өткізу формасына тоқталмақшымыз.
Кеңейтілген әңгіме-семинар сабағының ең кең тараған формаларының бірі деп қарауға болады. Ол бәріне бірдей көрсегілген міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер арқылы тыңдаушылардың сабақтың жоспарының әрбір көрсетілген сұрағына толықтай дайындығын талап етеді; тыңдаушының өз оқу тобының аддында жауап беруі және олардың мәселені жан-жақты ашуға атсалысуы, өз пікірлерін білдіруі және өздерінің көзқарастарын қорғай алуы. Семинар және практика сабағын осы кеңейтілген әңгіме түрінде өткізу мәселсі тaлқылayдa тыңдayшылapдың көпшiлiгiн әңгiмeгe қaтыcтыpyғa мүмкiншілік береді, бұл жерде әрине олардың сондай-ақ сабақтағы белсенділігін көтеруді барлық мүмкіншіліктерін қолдануға тиімді.
Семинар және практика сабағында сөйлеген әрбір тыңдаушыға және бүкіл топқа алдын ала дайындалып, негізделген және жүйеленген сұрақтар қою, семинар сабағын айтып тақтаға шыққан өз әріптестерінің күшті және әлсіз жақтарына тыңдаушылардың назарын аудару, дер көзінде оған нұсқау беріп, түсініктемелер жасау, дер көзінде түзету енгізіп отыру, оқу үрдісі барысында әрбір жаңа деректерге тыңдаушылардың ерекше кеңіл бөліп отыруы, тыңдаушынар тарапынан кейде естіліп қалатын тың ойларды да уақытыңда ескеріп оны көтермелеп отыру және т.б. жатады.
Бұл семинар және практика сабағын өткізудің түпкі негізіне топ тыңдаушыларының басым бөлігін тікелей қатыстыру принципі жатады, бұл міндет сабақ өткізуші оқытушыға әрбір тыңдаушыны әңгіме-семинар сабағының тікелей қатысушысы, семинар сабағының алдына қойылған міндеттерді шешу жауабын бірге іздеуге қатысушы ретінде қабылдауды жүктейді.
XV-X VII ғғ. Қазақ хандығының кұрынуы тақырыбындағы семинар сабағын кеңейтілген әңгіме түрінде өткізуге шешім қабылдағандықтан, өз алдына бірнеше міндеттерді шешуді мақсат етіп қойдым. Біріншіден, бұл қарастырылып отырған тақырып. Қазақстан тарихының аса күрделі де, айтысты-тартысты кезендерінің бірінен саналады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі. Педагогика. Дәрістер
Студенттің өзіндік жұмысы
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі
Педагогикадан дәрістер жайында
«Колледж – жоғары оқу орны» екі сатылы білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдас-тырудың педагогикалық шарттары
Білім беру әлеуметтануы пәнінің оқу әдістемелік кешені
Бастауыш мектептің болашақ мұғалімінің кәсіби дайындығының ілімдік негіздері
Пәндер