Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 бөлім. Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері.
1.1.Орта буын оқушыларын мамандық таңдауға даярлаудың
психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2.Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру.20

2 бөлім. Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау
және қалыптастыру
2.1. Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік
қасиеттерін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.2. Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау ... ... ... 48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
Кіріспе

Психологиялық қызметтің міндеттерінің бірі - оқушылардың әр түрлі мамандықтарға икемділігін анықтау негізінде олардың болашақта тиімді қызмет атқару саласын таңдап алуға көмек көрсету. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу 19 ғасырда басталып көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. 20 ғасырдың басында В.Вундт, Мюнстерберг, Бине т.б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған. Бұрынғы кеңес мектептерінде мамандыққа баулу мәселелеріне үлкен көңіл бөліп, көптеген ғалымдар осы проблеманы зерттеуге үлкен үлес қосқан. Ю.В.Болыпакова, П.П.Блонский, Н.К.Крупская, В.И.Лебедев, Г.Н.Стычинчкий, В.А.Сухомлинский, Ю.П.Сокльников, А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, Т.Х.Хамракулов. Олар өз зерттеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін анықтау жұмыстарының бағдарламасын жасады.
Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.
Мектеп психологі оқушылардың мамандықтар саласына икемділігін зерттеумен қатар, оларды қазіргі кезде кең тараған мамандықтармен таныстырып, оларды орындау үшін жаңа техниканы және технологияны меңгерудің қажеттілігін, осы проблеманы шешу жолдарын анықтауға ықпал жасайтын іс-шараларды ұйымдастыруы керек. Оқушыларды мамандыққа баулу мәселесі өте актуалды болып отырғанына байланысты біз дипломдық зерттеу тақырыбын «Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі - мектеп психологиялық қызметі.
Зерттеу пәні - мектеп психологінің оқушыларға мамандық бағдар беру жұмысы.
Зерттеу мақсаты - мектеп психологі жұмысында оқушылардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктерін зерттеу арқылы орта буын оқушыларының мамандықты саналы таңдауына негіз құру.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет арқылы мамандық бағдар беру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау және мектеп психологінің оқушылардың мамандық қызығушылығын зерттеу әдістемелерін жинақтау;
- мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу әдістемелерінің ішінен мамандық бағдар беруге пайдаланылатындарын іріктеп алып, оларды жүйге келтіру;
- жеткіншектердің мамандықа қызығушылығын диагностикалау және зерттеу нәтижелерін талдау арқылы балаларға мамандық таңдауға көмек көрсету жолдарын анықтау.
Талдау, оқушылардың жеке даралық психикалық қасиеттерін бағалау үшін темпераментті анықтауға Айзенк, Стреляу тестері, мамандыққа икемділігін анықтауға Климовтың жасаған тесті, балалардың ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттерін зерттеу тестері көмегімен оқушыларды зерттеу және нәтижесін талдау.
Зерттеу базасы Алматы қаласындағы № 87 орта мектеп.
Дипломдық жұмысты орындау екі кезеңде жүрді.
Бірінші кезеңде мамандық бағдар берудің психологиялық негіздерін зерттеу, бұл жұмыстың мазмұны және әдіс — тәсілдерімен танысу, ғылыми әдістемелік әдебиеттерді талдау, дипломдық зерттеу тақырыбын, зертеу жұмысының ғылыми аппаратын анықтау жұмыстары жүргізілді.
Екінші кезеңде мектеп оқушыларының жекелік психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және нәтижелерін талдау арқылы олардың мамандыққа қызығушылығын, қабілеттерінің ерекшеліктері анықталып, баланың қай салада қызмет атқаруға икем екендігі туралы болжам жасалды.
Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Әдебиеттер тізімі.

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
3. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М.,
1981.
4. Бектенгалиева С.Х., Дцгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. Алматы, 2003.
5. Битянова М.Р. Практическая психология. М., 1997.
6. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 1998.
7. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.
8. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. С-Пб,. 1998.
9. Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. М., 1991. Ю.Бернштейн К.А. Очерки по физиологии движений и физиологии активности. М., 1966.
11. Валлон А. Психологическое развитие ребенка. М., 1967.
12. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. М.В.Гомезо и др. М., 1984.
13. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. М., 1982.
14. Валиева М. Білім беру технологиясы және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу. Алматы, 2002.
15. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997.
16. Диагностика готовности детей к обучению в школе - анализ поведения. М., 1993.
17. Дьяченко О.М. Об основных направлениях развития воображения у
детей. Ж. «Вопросы психологии», 1988, № 16.
18.Добсон Дж. Непослушный ребенок. Под ред.Н.Коршуновой. М., 1992.
19. Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. Киев,
1989.
20. Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М., 1989.
21. Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте. Ж.
«Вопросы психологии», 1972, № 2.
22. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М, 1996.
23. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, 2004.
24. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1970.
25. Золотнякова А.С. Проблемы психологии общения (социальный и
личностные типы общения, их профессиональные, познавательные и генетические аспекуты). Ростов-на-Дону, 1976.
26. Зейгарник Б.В. Патопсихология. М., 2000.
27. Квимен В. Прикладная психология. С-Пб., 2001.
28. Кле М. Психология подростка: Психосексуальное развитие. М., 1991.
29. Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям, или Практическая
психология на каждый день. М., 1998.
30. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989.
31. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.
32. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. МГУ, 1981.
33. Матейчик 3. Родители и дети. Книга для учителя. М., 1992.
34. Морозов А.В. Деловая психология. С-Пб., 2000.
35. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға
арналған психодиагностикалық қызмет. Құрастырған Л.К.Көмекбаева. Алматы, 2004.
36. Нұрмұхамбетова Т.Р., Рсмаханбетова Ш.Е. Тәжірибелік психология.
Шымкент, 2004.
37. Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения. Л., 1983.
38. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.З. М., Г996.
39. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет.
Под ред. И.В.Дубровиной, Б.С.Кругловой. М., 1998.
40. Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. М., 1996.
41. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. М., 2000.
42. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психологический словарь. М, 1990.
43. Популярная психология для родителей. Под ред. А.С.Спиваковской. С-Пб., 1997.
44. Платонов К.К. Психологический практикум. М., 1980.
45. Поддьяков Н.К. К вопросу о развитии мышления. М., 1981.
46. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.
Алматы, 1987.
47. Петровский А.В. Способности и труд. М., 1996.
48. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М., 1996.
49. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. М., 1990.
50. Римский С, Римская Р. Практическая психология. М., 1999.
51. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.
52. Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева,
В.В.Столина. М., 1999.
53. Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. М., 1991.
54. Снайдер Д. Практическая психология для подростков. М., 1999.
55. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993.
56. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М„, 1961.
57. Учителям и родителям о психологии подростка. Под ред. Г.Г.Аракелова. М., 1990.
58. Херсонский Б.Г., Дворяк С.В. Психология и психопрофилактика
семейных конфликтов. Киев, 1991.
59. Хоменстаускас Г.Т. Семья глазами ребенка. М., 1989.
60. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития. М., 1995.
61. Щербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М., 1987.
62. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
63. Чернявская А.П. Психологическое консультирование. М., 2004.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 бөлім. Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері.
1.1.Орта буын оқушыларын мамандық таңдауға даярлаудың
психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...6
1.2.Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру.20
2 бөлім. Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау
және қалыптастыру
2.1. Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік
қасиеттерін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 32
2.2. Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау ... ... ... 48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 63
Кіріспе

Психологиялық қызметтің міндеттерінің бірі - оқушылардың әр түрлі
мамандықтарға икемділігін анықтау негізінде олардың болашақта тиімді қызмет
атқару саласын таңдап алуға көмек көрсету. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу
19 ғасырда басталып көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін
зерттеді. 20 ғасырдың басында В.Вундт, Мюнстерберг, Бине т.б. ғалымдар
ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық
ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған.
Бұрынғы кеңес мектептерінде мамандыққа баулу мәселелеріне үлкен көңіл
бөліп, көптеген ғалымдар осы проблеманы зерттеуге үлкен үлес қосқан.
Ю.В.Болыпакова, П.П.Блонский, Н.К.Крупская, В.И.Лебедев, Г.Н.Стычинчкий,
В.А.Сухомлинский, Ю.П.Сокльников, А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов,
Т.Х.Хамракулов. Олар өз зерттеулерінде мамандыққа баулу жұмысының
құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп
қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін анықтау
жұмыстарының бағдарламасын жасады.
Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық
және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде
мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп
психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына
байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың
қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері
мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға,
баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге
мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде
жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға,
мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген
зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу
жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.
Мектеп психологі оқушылардың мамандықтар саласына икемділігін
зерттеумен қатар, оларды қазіргі кезде кең тараған мамандықтармен
таныстырып, оларды орындау үшін жаңа техниканы және технологияны меңгерудің
қажеттілігін, осы проблеманы шешу жолдарын анықтауға ықпал жасайтын іс-
шараларды ұйымдастыруы керек. Оқушыларды мамандыққа баулу мәселесі өте
актуалды болып отырғанына байланысты біз дипломдық зерттеу тақырыбын
Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік
негіздері деп анықтадық.
Зерттеу объектісі - мектеп психологиялық қызметі.
Зерттеу пәні - мектеп психологінің оқушыларға мамандық бағдар беру
жұмысы.
Зерттеу мақсаты - мектеп психологі жұмысында оқушылардың жеке даралық
психологиялық ерекшеліктерін зерттеу арқылы орта буын оқушыларының
мамандықты саналы таңдауына негіз құру.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет арқылы мамандық бағдар
беру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау және мектеп
психологінің оқушылардың мамандық қызығушылығын зерттеу әдістемелерін
жинақтау;
- мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу
әдістемелерінің ішінен мамандық бағдар беруге пайдаланылатындарын іріктеп
алып, оларды жүйге келтіру;
- жеткіншектердің мамандықа қызығушылығын диагностикалау және зерттеу
нәтижелерін талдау арқылы балаларға мамандық таңдауға көмек көрсету
жолдарын анықтау.
Талдау, оқушылардың жеке даралық психикалық қасиеттерін бағалау үшін
темпераментті анықтауға Айзенк, Стреляу тестері, мамандыққа икемділігін
анықтауға Климовтың жасаған тесті, балалардың ұйымдастырушылық және
коммуникативтік қасиеттерін зерттеу тестері көмегімен оқушыларды зерттеу
және нәтижесін талдау.
Зерттеу базасы Алматы қаласындағы № 87 орта мектеп.
Дипломдық жұмысты орындау екі кезеңде жүрді.
Бірінші кезеңде мамандық бағдар берудің психологиялық негіздерін
зерттеу, бұл жұмыстың мазмұны және әдіс — тәсілдерімен танысу, ғылыми
әдістемелік әдебиеттерді талдау, дипломдық зерттеу тақырыбын, зертеу
жұмысының ғылыми аппаратын анықтау жұмыстары жүргізілді.
Екінші кезеңде мектеп оқушыларының жекелік психологиялық ерекшеліктерін
зерттеу және нәтижелерін талдау арқылы олардың мамандыққа қызығушылығын,
қабілеттерінің ерекшеліктері анықталып, баланың қай салада қызмет атқаруға
икем екендігі туралы болжам жасалды.
Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1 бөлім. Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері

1.1. Оқушыларды мамандықты таңдауға даярлаудың
психологиялық негіздері

Мамандық - рrоfessio - деген фрацуз тілінде ресми түрде жариялаймын
деген мағнаны білдіреді. Мамандық бағдар беру - әр адамның жекелік
қасиеттеріне, қызығушылығына, қабілетіне, қоғамдық қажеттілікке байланысты
мамандық таңдап алуына ықпал жасау.
Мамандықты дұрыс таңдаудың өр адамның өз өмірінде табысты болуына және
әлеуметтік ортада барлық қабілетін толық ашуға негіз болатындығын көптеген
ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп шыққан. Мамандыққа бағдарлаудың негізін
құрушылар Ф.Гальтон, А.Кершенштейнер, Г.Мюнстерберг, П.П.Блонский,
Ю.П.Сокольников,
Т.Н.Мальковская, Г.А.Уманов т.б. ғалымдар әлеуметтік-кәсіби бағдарлау
идеяларын қалыптастырды. Осы идеяларға сүйене отырып барлық ізгіниетті
мемлекеттер өз ұрпақтарын тәрбиелеу барысында оларға кәсіби бағдар беру,
кәсіп беру мәселелерін өз халқында қалыптасқан дәстүрлерге сүйене отырып
ғылыми негізде шешу жолдарын іздестіруде.
Жалпы білім беру мектептерінің тұжырымдамасында оқушыларды қандай да
бір іс-әрекет түріне баулу және әр баланың психофизиологиялық
ерекшеліктерін, қабілеті мен білімділігін анықтауға мүмкіндік беру қажет
екені анықталған. Бұл мәселені шешу әр мектепте әр түрлі жолдармен
жүргізіліп жатыр. Психологиялық қызмет ұйымдастырылған мектептерде
балалардың жекелік психикалық қасиеттерін анықтаумен шектелуде. Ал шын
мәнінде бұл қызмет көпқырлы және көпсырлы болуға тиісті.
Оқушыларды алдын-ала кәсіби диагностикалаудан өткізу проблемасын
зерттеу үшін көптеген арнайы және жалпы диагностикалық әдістемелер
жасалған. Оның ішінде Айзенк пен Стреляудың темпераментті өлшеу тестері,
Бине-Симон жасаған интеллектуалдық қабілеттілікті анықтау шкаласы,
Айзенктің интеллекті зерттеу тестерінің вербалдық, математикалық және
техникалық субтестілері, Филипстің баланың мазасыздану деңгейін анықтау
тесті, коммикациялық және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу тестері тағы
сол сияқты көптеген әдістемелер. Олардың нәтижесін кәсіби бағдарлауда
қолдану ережелерін Айзенк, Лемтес т.б. анықтаған.
Бұл жұмыстың мазмұны жеке адамнаң психофизиологиялық қасиеттерін жан-
жақты зерттеп келесі компоненттер бойынша мағлұмат алудан тұрады:
- мінез-құлқының жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;
- жүйке қызметінің жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;
- қызығушылығы, бейімділігі, қабілеті, кәсіби ниеттері туралы
мағлұматтар алу;
- құндылық бағдарлануы;
- білімі, іскерлігі және дағдалары.
Кәсіби бағдарлауды жүргізуге негіз болатын идеялар жастарға білім беру
тұжырымдамасында анықталады. Біздің мектеп тұжырымдамасында кәсіби
бағдарлау идеясы әр адамға мамандықты дұрыс таңдауға қажетті қабілеттері
мен қызығушылығын анықтауды ұйымдастыру. Әдіснамалық сипатта бұл проблема
оқушылардың өмірлік және кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізудің даралық
ұстанымы жатады. Бұл ұстаным бойынша оқушылардың өмірлік және кәсіби
жоспарларына байланысты топтау арқылы, сыныптастыру жұмысын жүргізу
негізінде оларға бағдар беру программасы анықталады.
Кәсіби бағдарлау жұмысын негізгі екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Біріші кезең - әлеуметтік-кәсіби бағдарлау. Бұл кезеңде балаларға жалпы
мамандық, мамандық бойынша қызмет атқару, табыс көзі, мамандық шеберлік
және сондай жалпы мағлұматтар беріледі. Бұл кезеңнің міндеттері:
- мамандақ туралы жалпы ұғымды меңгерту, мамандықтар әлеміне саяқат
жасау арқыла баланың мағлұматтылығын қалыптастыру;
- шебер адамдардың құрметке бөленетінін, олар материалдық және рухани
байлыққа өз шеберлігі арқылы жеткендіктерін көрсету;
- мемелкеттің әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясына байланысты
ңандай мамандықтардың болашағы мол деп болжамдауға болатындығын көрсету;
Туыстарының, таныстарының, достарының мамандықтарын, олардың
перспективасын көрсету;
- еңбектің шығармашылық сипатымен таныстыру;
- еңбек романтикасы туралы мағлұмат беру;
- еңбектің материалдық және рухани байлықтың көзі екенін көрсету.
Осылайша еңбек, кәсіби әрекеттің өзі құндылық екенін айқындап, әрбір
жеке адамның мамандықты дұрыс таңдап өмірдегі өз орнын табуға ұмтылылысы
болғанда ғана оның қызығушылығы одан әрі дамып, мәртебесі өсіп, жоғары
мансаптық орынға ие болуына мүмкіндік туады. Мамандыққа қызығушылығы бар
адамға оны толық және сапалы меңгеруге жол ашылады.
Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда құндылықтардың қалыптасуына
үлкен әсерін тигізетін нәрсе — мотивтер екенін ескеру қажет. Мамандықтарды
таңдау мотивтерін алты топқа бөлуге болады:
- жалпы мотивировка;
- мамандықтың романтикасы;
- танымдық сипатындағы мотивтер;
- қоғамдық мәні бар мамандық таңдау мотиві;
- беделге, үлгіге сүйену;
- мотивацияланбаған таңдау.
Барлық мотивтері сипаты бойынша төрт топқа бөлеміз: а) нақты еңбекке
бағытталған, мақсаты анықталған, дәлелге негізделген мотивтер; б) нақты
емес, жеткіліксіз себептестірілген мотивациялар; в) сенімсіз, негізсіз
мотивациялар; г) ешқандай негізі жоқ мотивациялар.
Өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтыла отырып, адам өз алдына
нақты бір мақсат қояды, бірақ бұл мақсат өз бетімен жүрмейді, ол адамның
бағыттылығымен тығыз байланысты жүреді де оның барлық іс-әрекеттерінің
бағдарламасын болжамдайды. Қажеттіліктерді, қызығушылықтарды
қанағаттандыру, мақсатын жүзеге асыру нақты бір мәселелерді шешусіз,
сәйкесінеше жұмысты орындаусыз мүмкін емес. Сондықтан әрбір жағдайда адам
объект, құбылыс немесе іс-әрекет түрлерін таңдайды. Осылайша таңдау жеке
адамның қажеттілігін өтейді.
Мамандық таңдау мотивтерін анықтауға арналған көптеген әдістемелер бар.
Оларды қолданып зерттеу жүргізу нәтижесінде балалардың мектеп бітіру
шағында мотивациялық сферасы өте нашар көрініс беретіндігі анықталған. Бұл
жағдай мектеп түлектерінің қалаулары анықталмастан, болашақ өмір жолын
анықтауға өздері үлес қосуға шамасы келмейтіндігін көрсетіп отыр.
Жеке адамның басқа психикалық қасиеттері де өзара тығыз байланыста
болады. Осы байланыстылықты былайша көрсетуге болады: қажеттіліктер -
қызығушылықтар - объективті құндылықтар — мотивтер - мақсат — таңдау.
Психологияда темпераментті деп адамның психикалық процестерінің
динамикасын анықтайтын қасиетті айтады. Темпераменттің табиғатын И.П.Павлов
зерттеген. Оның ілімі бойынша жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері - қозу мен
тежелудің жүру күші, олардың алмасуы, динамикасы. Темперамент олардың тек
қана біреуіне тәуелді болмайды, олардың үйлесімділігіне тәуелді. Бұл
үйлесімділікті И.П.Павлов жүйке қызметтерінің түрлері деп атаған. Неміс
ғалымы И.Кантттын сыныптастыруы бойынша темперамент төрт типке бөлінген.
Қант берген типологияны Павловтың сипаттамаларымен толықтырып, қазіргі
кездегі психологияда ең кең қолданылыатын сыныптастыру негізінде
темперамент типтері холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик деп бөледі.
1 - холерик. Бұл темперамент өкілдерінің жүйке процестері күшті жүреді,
барлық іс-әрекеттерге белсенді кіріседі де шалағай орындап тастайды, сапаға
терең үңілмейді, қозу процесі күшті және басым болғандықтықтан олар көп
жерде ұшқалақтық көрсетеді, жаңалықты қуанышпен қолдайды, тәуекелге барғыш,
ұрысқақ, кек сақтамайды, жүріс-тұрысы үйлесімсіз.
2 - сангвиник. Сангвиниктердің жүйке процестері күшті жүреді, қозу мен
тежелу процестері тепе тең, жеңіл алмасады, іскер, сөзшең, адамдармен тіл
табысқаш, барлық әрекетке ынтамен бастайды, бірақ қазағушылығы тез
басылады, барлық жұмысты қызықты және қызықсыз деп бөледі, икемделгіш.
3 - флегматик. Флегматиктердің жүйке процестері күшті жүреді, байсалды,
барлық нәрсені ойланып, асықпай сапалы орындайды, сыйысымды, тіл табысқыш,
ашушаң емес, жай қимылдайды.
4 - меланхолик. Меланхоликтердің жүйке процестері баяу жүреді,
салмақты, қозу және тежелі процестері жай алмасады, үйреншікті жерде
іскерлік, ашық-жарқындық көрсетеді, жаңалықтан қорқады, сасқалақ, кейде
ұстамалы.
Темперамент ерекшеліктерін диагностикалауға Айзенк, Стреляу тестерінен
кеңінен қолданады. Осы әдістемелерді қолдану арқылы тек темперамент типі
анықталып қана қоймастан, сонымен қатар балалардың экстраверсия-
интроверсияның қайсысына жақын екені анықталып, невротизмнің байқалатындығы
да диагнотикаланады.
Адамның темпераменті таза бір типте болуы сирек кездеседі. Көбінесе
темперамент бірнеше түрінің қосындысы болып келеді. Сондықтан темпераментті
зерттеу нәтижесінде доминанта көрсеткіші темпераменттің қай типінен екенін
анықтап, қосалқы көрініс берген типтердің де мінездемесіне үлкен көңіл
аударған дұрыс болады. Темперамент типін анықтау негізінде балаларға
олардың жүйке процестерінің күшті және әлсіз, теріс көрсеткіштерін анықтап
беріп, өзін-өзі тәрбиелеу барысында теріс көрсеткіштерінің әсерін төмендету
қажет екені түсіндіріледі.
Сондай-ақ жеке адамның даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық жатады.
Психологияда мінез-құлық ерекшеліктерін келесі төрт көрсеткіштермен
бағалайды:
- ұжымға және басқа адамдарға деген қатынасы, сыйласуы, сыйысымдылығы;
- еңбекке деген қатынасы, еңбеккерлігі, шыдамдылығы, табыскерлігі;
- заттарға деген қатынасы, мұқияттылығы, үнемділігі, пысықтығы немесе
салақтығы, ықтиярлы немесе ықтиятсыз дығы;
- өзіне деген көзқарасы, өзін-өзі жақсы көруі, көкіректігі,
мақтаншақтығы, атақ құмарлығы.
Адамның мінезі кезкелген қасиеттердің кездейсоқ жиынтығы емес. Мінездің
жеке көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланыста болып бір тұтастық құрады.
Мінездің барлық көрсеткіштері және темперамент ерекшеліктері біріне бірі
тәуелді байланыста. Дегенмен, темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез-
құлық көріністері тәрбиеленеді, оны адам өзін-өзі тәрбиелеу барсында
жетілдіруге болады.
Кәсіби бағдар беру және кәсіби таңдалу барысында осы және тағы басқа
жекелік ерекшеліктер талданады. Жекелік психикалық қасиеттерді
диагностикалау әдіс-тәсілдері көп мөлшерде қалыптасқан. Олардың көмегімен
барлық психикалық ңасиеттерді жан-жақты талдап шығуға мүмкіндіктер мол.
Мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер ішінде Филипс
жасаған оқушылардың мектептегі мазасыздану деңгейін анықтау тесті,
Шмишектің мінез акцентуациясын анықтау әдістемесі, бала агрессиясын
зерттеуге арналған Басса-Даркидің тесті тағы сол сияқты бірнеше
әдістемелерді қолданып, әр адамның мінез ерекшеліктерін толық және жан-
жақты бағалап шығуға мүмкіндік береді. Бала агрессиясын зерттеушілер оған
әр түрлі анықтамалар береді. Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі
анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін
қорғауға арналған түқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе
(Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет
(Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын
теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард).
Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста
деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет
дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге
деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар
екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың
өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны
ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы
мүмкін.
Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке
бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін,
және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы
нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.
А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа
бөледі. Біріншісі-мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған еебеп-
сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс.
Екіншісі — инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды
зәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада
болуы мүмкін. Оларды кәсіби бағдар беру барысында анықтау арқылы мінезді
тәрбиелеу туралы кеңес ұйымдастыруға негіз болады.
Кәсіби бағдар беру барысында балалардың іс-әрекет түрлеріне
қабілеттілігін анықтаудың орны ерекше. осы заңдылықты ескере отырып,
біртіндеп бейімділікті тәрбиелеу керек. Бейімділік деген адамның тіршілік
объектісіне ықыласымен, жасампаздықпен, шығармашылықпен қарауы және оны
меңгеруге белсенділік білдіру. Әдетте оқушының тапсырмаға деген бейімділігі
болса, оны орындауға бала уақытын үнемдемейді және өз тілегін сапалы
орындалғанын талап етеді. Осы әрекет барысында бала табысты болса, ол
қабілетінің бар екенінің кепілі.
Қабілеттіліктің негізгі көрсеткіші ретінде жаңа білімді және іскерлікті
тез және сапалы меңгеруі, ептілігін жетілдіруге ынтасы, іс-әрекет
нәтижесінің жоғары дәрежеде болуы. Оқушыларда кәсіби бағдарланудың нәтижесі
ретінде біз тек мектеп бағдарламасын меңгеруі емес, сонымен қатар қандай-да
бір мамандықты меңгеруге бейімділігін қарастырамыз. Қабілет дегеніміз
адамның білімді, іскерлікті, дағдыны тез және сапалы меңгеруі, іс-әрекетте
табысты болуы, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі.
Білімге, ептілікке және дағдаға деген қатынасында адамның қабілеті,
қандай да бір мүмкіндігі ретінде көрінеді. Білім, іскерлік, дағдыларды
адамның меңгеруі көптеген жағдайларға байланысты жүреді. Мысалы, қоршаған
ортасының әсері адам қалай оқытылғаны, оның іс-әрекеттері қалай
ұйымдастырылғаны, қарым-қатынас мәдениетіне үлкендердің қандай үлгілері
негіз болды - бұлардың бәрі күнделікті өз әсерін тигізіп, сол адамның
барлық адамдық қасиеттерді меңгеріп, өзінің қабілеттерін ашуға негіз
болады.
Адамның қандай да бір мамандыққа қабілетін дамытатын қолайлы жағдайлар
туындаған кезде жоғарыда аталған шарттар мен физиологиялық процестер
көрініс береді. Соның нәтижесінде адамның қабілетінің нышаны ашыла
бастайды. Адамның мамандықта табысты болуын болжамдау оның табиғи
қасиеттерінің ерекшеліктерін зерттеуден бастау керек. Сонымен қатар
қабілеттен басқа жеке даралық ерекшеліктерге мінез-құлық ерекшеліктері
темпераментпен өте тығыз байланысты.
Бұл қасиеттер консервативтік, кертартпа әсері бар, тұрақты қасиеттер.
Қабілет ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген Б.М.Теплов оны жалпы және
арнайы қабілеттерге бөлген. Жалпы қабілет адамның өміріне қажетті барлық іс-
әрекет түрлерін тез меңгеруі және оларды сапалы орындауы. Арнайы қабілет
адамның іс-әрекет түрлерінің бір саласында ерекше табысқа ие болуын
қамтамасыз етеді. Мысал ретінде музыкалық, көркем-өнерлік қабілеттерді атап
өтуге болады.
Мамандыққа бағдарлау барысында осы қабілеттірдең түрлерін нақты
анықтап, іс-әрекеттің қандай түрлерінде адам ерекше табысқа тезірек
жететінін болжамдауға мүмкіндік туады. Интеллектуалдық қабілетті зерттеуге
арналған әдістемелер өте көп. Солардың ішінен Айзенк тестерін атап өтіге
болады. Айзенк Тестері сегіз субтестен түрады. Әрқайсысы 50 тапсырмадан
құрылған. Олардың ішінен вербалдық, математикалық, техникалық қабілетті
анықтау субтестілері деп әр түрін жеке дара қолданып, іс-әрекеттердің қай
түрінде адам өзінің қабілеттерін толық ашуға мүмкіндіктері молырақ екені
анықталады.
Мамандық бағдар беру барысында балалардың психикалық ерекшеліктерін жан-
жақты диагностикалау арқылы олардың болашақта қай салада табыста болуға
мүмкіншіліктері молырақ екенін анықтауға көмек еөрсетіледі. Зерттеу
нәтижелері бойынша болалармен кеңес жүргізіліп, олардың пәнедерге
қызығушылығы, мектептен тыс қызығушылығы, мамандық таңдау мотивациялары,
ата-аналарының мамандықтары, мамандықтар туралы мағлұмат алу көздері тағы
көптеген мәселелер анықталады.
Адамдардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ғылыми негізде
ұйымдасіырылған түрі 1908 жылы Бостон қаласында кәсіби кеңес беру бюросы
ашылған күннен басталды деп айтуға болады. Ал шын мәнінде кәсіби бағдарлау
ежелгі дәуірде де орын алған. Бұл проблема адамзаттың қоғамдық даму
қажеттілігінен пайда болды, сондықтан оның қоғам сияқты өзіне тән даму
тарихы бар. Әрине кәсіби бағдарлау мамандықтардан бұрын пайда болуы мүмкін
емес. Адамзаттың даму барысында топ мүшелері орындайтын функцияларының
анықталуы мен байланысты, жануарлар өсіріп, дихандықпен шүғылдана
бастағаннан, балаларға арнайы тәлім-тәрбие беру, оны болашақ өмірге даярлау
көптеген жаңа проблемаларды тудырды. Адам өміріндегі барлық қажеттілікті
қаиағаттандыруға қажетті іс-әрекет түрлерін кәсіп деп атаумен байланысты
сол кәсіпке тәрбиелеу жолдары да анықтала бастады.
Адамның кәсіби жарамдылығын бағалау элементтері ежелгі дәуірде
қалыптаса бастаған. Б.д.д. 3-ші ғасырдың орта шенінде Ежелгі Вавилонда
мектеп түлектерінен хатшыларды дайындауға сынақ жүргізіледі. Сол заманның
білім көлемділігінің арқасында кәсіби даярлығын хатшы месопотамиялық
цивилизацияның орталық ірі тұлғасы болады: ол кеңістікті өлшеуді, мекшікті
бөлуді, музыкалық аспаптарда ойнай алуды, өсімдіктерді ажыратып, олардың
ішінен адамның денсаулығын нығайтуға қолданатындарын анықтауды т.б.
іскерліктерді меңгеруді талап еткен.
Ежелгі Мысырда абыз жрецтері өнеріне тек қана нақты сынақтан өткен
адамдарды ғана оқытқан. Ең алдымен талапкерлер тексеруден өтіп, барлық
қойылған тапсырмаларды толық орындап шығуы шарт болған. Әңгімелесу барсында
талапкердің өмірбаяндық мағлұматтарды анық бере алатындығы, білімдарлығының
деңгейі анықталып, сыртқы бейнесі, жалпы қарым-қатынас дасауға қабілеті
бағаланған. Сонан соң оның еңбеккерлігін, басқаларды тыңдай білуін, сөйлеуі
мен үндемей отыратындығын тексерген. Өзінің оқуға қабілеті жоқ, ұзақ мерзім
оқудың ауыр-жеңіл жерлеріне шыдамдылық көрсете алатындығына
күманданғандарды отпен, сумен, аштықпен, өлім қаупімен қорқытып, сынаған.
Осы қатаң сынаудан және білімділігі бойынша таңдаудан әлемге әйгілі
Пифагор өте білгенін тарих бізге хабарлайды. Пифагор оқуын аяқтағаннан соң
Грецияға оралып, онда өз мектебін орнатты және оқуға қабылдау үшін өзі
өткен сынақтарға ұқсас әртүрлі байқауларды ұйымдастырып, талапкерлер
солардан өтуі керек болда.
Пифагор, ең біріншіден, адамның интеллектуалдық қабілетін
диагностикалауға көп көңіл бөлді. Қазіргі кезге дейін Пифагор жасаған
интеллектуалдық қызметке икемділікті анықтау кестесін кейбір психологтар
мен палгерлер өз қызметінде қолданады. Сонымен қатар Пифагор адамның
күлкісіне, жүріс-тұрысына үлкен назар аударды. Оларды адамның мінез-
құлқының ең айқын көрсеткіштері деп анықтады. Пифагор ата-аналардың берген
мағлұматтары мен мұғалімдердің ұсыныстарына да үлкен көңіл бөлді.
Осы кездерде Қытайда үкіметтік-төрелік қызмет және көптеген мамандықтар
болды. Осы мамандықтарға қазметшілерді іріктеп алу, оларды өз функцияларын
атқаруға даярлау барысында кәсіби таңдаудың өз ерекшеліктеріне сәйкес
келетін түрлері қалыптаса бастады. Олардың көбісі халықтың салт-дәстүрін
білу, өзін және отанын қорғауға қажетті іскерлік пен дағдыны меңгеруі,
басқаларға өте ыңғайлы да дағымды жағдайларды жасау сияқты қабілеттерді
тексеруге арналған жарыстар жүргізілді. Сол сияқты Ежелгі Спарта, Рим,
Афина тариханда да кәсіби жарамдылықты зерттеуге, білімдарлықты бағалауға
арналған көптеген инициациялар түрлері, емтихандар мен семинарлар,
философтар мектептері дәстүрлері кеңінен тарады.
Спартада жауынгерлерді тәрбиелеу жүйесі ерекше дамыған болды. Бұл қала-
мемлекетте ер балалармен қатар әскери-дене тәрбиесінен барлық қыздарда
өтетін болды. Өйткені жауынгерлер соғысқа аттанып кеткен кезде әйелдер
көптеген құлдарды игеріп отыруға шамасы келетін жауынгерлік қасиеттер
көрсетуі керек болды. Сондықтан адамның дене тәрбиесіне, денсаулығын
нығайтуға, қара күші мен қайратын көбейтуге ерекше көңіл бөлінді.
Римде тәлім-тәрбие жұмысында гладиаторлар даярлау ерекше мәртебеге ие
болды. Жақсы тәрбиеленген гладиаторлар аксүектер мен мемлекет басшыларының
көңлін көтеруге, ер азаматтардың айбаттылығын, шыдамдалағын, жауға деген
қатыгездігін тәрбиелеуге қосатын үлесі өте үлкен болып келді. Сонымен қатар
білімдар адамдарды, өнер салаларындағы мамандарды, көптеген жеңіл
кәсіптерді үйрететін мектептер ашыла бастады. Ежелге Римде сауаттылық кең
тараған. Сондықтан плебейлерге арнаған жарлықтар жазба түрде шығарылып,
балалардың сауатын ашатын әліппе ретінде осы жарлықтарды үйреткен.
Баласының сауатын ашып, оған мамандық білім бермеген ата-анаға балалары
қамқорлық көрсетуіне мемлекет тарапынан тиым салынған.
Афина басқа локонияларға қарағанда адамның интеллектуалдық қасиеттерін
жоғары бағалап, оны дамытуға өте үлкен орын берген. Үндістанда ежелгі
дәуірден бастап зергерлік, ұсталық, тоқымашылық, арқаншы, тігінші, бояушы,
балташы, ағаш ұсталары, құмырашы, үй қызметкерлерінің әртүрлі
категориялары, кәсіби акробаттар, көріпкелділер, сырнайшы, жылан арбаушы,
биші, садагерлер т.б. мамандықтар кеңінен тарады. Өр маман өз кәсібін
өзінің балаларына, үрім-бұтағына үйретіп шығарған.
Орта ғасырларда адамзаттың орындайтын іс-әрекетінің түрлері көбеюімен
байланысты көптеген кәсіптер пайда болап, шеберханалардағы мамандықтардың
түрі, теңізшілер, кеншілер тағы басқа көптеген мамандықтар пайда болады.
Осы еңбек түрлеріне даярлыңтан өткізетін көптеген кәсіптік мектептер және
жұмыс орнында үйрету кең тарайды. Сонымен қатар жоғары квалифакациялық
мамандар даярлайтын гимназиялар мен университеттер ашылады.
Кәсіби бағдарлау қоғамдық процеске айналып 19 ғасырдан бастап кәсіби
диагностика, кәсіпке жарамдылықты анықтау аяқ ала бастайды. Сонымен қатар
кәсіби ағарту, кәсіби кеңес беру, әлеуметтік кәсіби адаптация және кәсіби
тәрбиелеу ғылыми жағынан байыпталып зерттеліне бастады.
Бұл жұмыс әр адамның жекелік психикалық ерекшеліктерін анықтап, әр
адамның тіршілік түрлеріне икемдилігін анықтаумен ұштастыру мәселелері
қарастырылады. Ағылшын ғалымы Ф.Гальтон жеке тұлғаның психикалық
ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда анықтаудың ірге тасын құрушылардың бірі
болды. Осы айырмашылықтарды зерттеу мақсатымен Ф.Гальтон Лондонда 1888 жылы
халықаралық медициналық және денсаулық сақтау әдістерін қолдану көрмесін
ашты. Көрмеге келушілер өздерінің тән қабілетімен қатар психикалық
ерекшеліктерін 17 көрсеткіштер бойынша анықтап алуға мүмкіндіктер жасалды.
1908 жылдың қаңтар айында Бостон қаласында жастарды кәсіби бағдарлау
жұмысының алғашқы бюросы ашылып, мұнда талапкерлердің өмірлік еңбек жолын
анықтауға көмек беретін әдістемелер қолданыла бастады. Бұл бюроның іс-
әрекеттерін ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдарлаудың бастамасы деп
айтуға болады. Көп ұзамай осыған ұқсаған бюролар Нью-Йоркте ашылды. Оның
міндетіне әр түрлі мамандықтардың адамға қойатын талаптарын зерттеп, мектеп
оқушыларының қабілетін анықтау болды. Бұл бюроның негізін құрушылардың бірі
Ф.Парсонс табысты мамандық таңдаудың үш негізгі факторларын бөліп көрсетті:
- әр адамның өзін-өзі дұрыс бағалауы, өзінің іс-әрекет түрлеріне
бейімділігін, қабілетін, қызығушылығын, ұмтылысын, мүмкіндіктерін және
шектеуліктерін дұрыс бағалауы;
- әрбір таңдаған мамандық бойынша қызмет атқарғанда табысты жұмыс істеу
үшін ненің қажет екенін білуі;
- мамандықтың талабы мен байланысты білімді өзін-өзі бағалаудың
нәтижесін үйлестіре алуы.
Осы және көптеген әлеуметтік психологиялық зерттеулердің нәтижесінде
1911 жылы Англияда 17 жастан төмен оқушыларға мамандық таңдауға міндетті
түрде көмек көрсету туралы Заң қабылданды.
АҚШ-та мамандарды кәсіби жарамдылығы бойынша таңдаудан өткізуге ерекше
көңіл бөлінді. Гарват университетінің психологиялық зертханасының директоры
Г.Мюнстерберг, психотехникалық зерттеулердің негізін құрушылардың бірі,
кәсіби таңдау жүргіжу технологиясын анықтап, өз зертханасында көптеген
әдістемелер жасауға өз үлесін қосты.
Біріші дүниежүзілік соғыс барысында әскери техниканы басқарушылардың
кәсіби жарамдылығын анықтап іріктеп алу қажет екені дәлелденді. Осы
қызметті жолға қою үшін көптеген арнайы зерттеулер жүргізілді. Германияда
1922 жылы кәсіби бағдарлау және кеңес беру жүйесін құру жайлы Заң
қабылданды. Кәсіби кеңес беру бюросының ұстанымдары бойынша еңбек
биржасында мынадай ережелер құрылды:
- жеткіншектерді мамандық таңдауға жоспарлы түрде даярлау;
- бюро жұмысын мектептермен тығыз байланыста ұйымдастырып, мектеп
бітірушілермен арнайы жұмыстарды келесі бағыттарда жүргізу:
- мамандықтар туралы мағлұматтар беру;
- мектеп бітірушілердің жекелік қасиеттерін анықтау үшін психологиялық
зерттеулер жүргізу;
- жұмысқа немесе кәсіби мектептерге ұсыныс хат толтыру.
Кәсіби бағдарлаудың ғылыми педагогикалық негізін қалауға халыққа білім
беру жүйесін бұрынғы Кеңес жерінде құруға үлкен үлесін қосқан
А.В.Луначарский, П.П.Блонский өз үлестерін қосты. 1927 жылы Санкт-
Петербургте кәсіби кеңес беру бюросы ашылды. Бұл жерде мамандыққа баулу
тәжірибесімен қатар ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1928 жылы
П.П.Блонскийдің "Педалогия негіздері" деп аталатын еңбегі жарық көрді.
Тәжірибелік психологиялық білімді ол кезде педалогия деп атады. Осы еңбекте
жеке адамның тұлғалық қасиеттерін жан-жақты зерттеу, және ағзаның
физиологиялық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері жүйеге келтіріліп
берілді.
Батыс Еуропа елдерде бұл тәжірибе өте кең тарап, Еуропалық ғалымдар
К.Айзенк, Кеттел, Бине, Симон т.б. көптеген ғалымдар адамдардың жекелік
қасиеттерін, интеллектуалдық іс-әрекеттерге икемділігін, жан мен тәннің бір-
біріне тәуелділігін т.б. көптеген проблемаларды зерттеу жолдарын анықтап,
оларды психологиялық кеңес беруде қолдану жолдарын зерттеді.
1984 жылы қабылданған Кеңес мектептерінде жүргізілген реформаның
материалдарында мектептерде психологиялық қызметтерді ұйымдастырып,
психологиялық зерттеулерді кеңінен қолдану қажеттілігі көрсетілген. Сонымен
қатар психологиялық кеңес беру орталықтарын ашу туралы көптеген ұсыныстар
жасалған. Осы кезден бастап көптеген Ресей мектерінде, Балтық жағалауындағы
мемлекеттерде мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беоу орталықтары ашыла
бастады. ССРО ғылым академиясы жанынан мамандық бағдар беру ғылыми зерттеу
институты ашылып, онда осы бағытта көптеген зерттеулер жүргізілді.
Қазақстанда кәсіби бағдар беру проблемалары педагогика ғылымдарының
докторылары, профессор А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, және олардың
шәкірттері жан-жақты зерттеді. Олардың айтуы бойынша кәсіби бағдар беру -
психологиялық, педагогикалың және медициналық іс-шаралар жиынтығы болып
келеді. А.П.Сейтешов мамандыққа баулу және кәсіби бағдарлау баланың дүниеге
көзқарасының қалыптасуына негіз болады деп дәлелдеген. Бұл жұмыс жастардың
тілегі, ықыласы мен олардың мүмкіндіктерін бір-бірімен үйлестіруге
бағытталған. Сонымен қатар халықтың тұрмыс шаруашылығы мен жалпы қоғамда
мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, еңбекке жарамдылық процесін
оңтайландыруға бағытталған.

1.2. Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру

Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге
жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы
психологиялық және физиоллогиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-
бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық
орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім
болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін
анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында
жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету
орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде
үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын
алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің
өсуі, бүлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі
дамымауы салдарынан жеткіншекте өзін жарым-жан сезінуң деп аталатын
комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп,
немесе бір жағына қисайып жүреді. Жеткіншек жас кезеңінде балалардың
эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс
безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге
дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс армондарының тітіркендіруіне
әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп
жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары
осының салдарынан туады.
Бұл жас кезеңі өтпелі кезеңң, қиын жасң, проблемалың т.б. көптеген
қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін
психофизиологиялық процесстермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы
дамының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша
олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму
дағдарысы деп аталады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс
дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін
Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар осы
жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуыр орын алады.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып
жетекшісі, басқа да жеткіншіктің айналасындағылар жақсы түсінетін болса,
барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын
оңайырақ көтереді.
Жеткіншек жастың ерекшеліктері:
- барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердең қамқорлығы мен ақыл-
кеңесінен құтылғысы келуі;
- үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп
айтуға тырысуы;
- үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде,
өрескіл мінез көрсетуі;жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал
талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей
алатындай сезінуі.
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай
орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар:
Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.
- Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған
хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.
Өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне
еліктейтіндігі.
Күні-түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып,
ондағы кейіпкерлерге еліктеуі. Акцентуацияның көрініс беруі.
- Агрессиясының анық байқалуы.
Психологтың жеткіншек жас кезеңіндегілерімен жүргізетін жұмыстарының
міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар
жеткіншектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, оларды
шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар
осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.
Мінездің акцентуациясы дегеніміз мінездің жеке көріністерінің күшейтіп,
норманың шегіне шығу нәтижесі.
Акцентуацияның белгілері: адамның ызақор болып, кейбір стресс
факторларына өте қызу түрде реакция беруі. Сонымен қатар дәл өзіне тікелей
қатысы жоқ факторлаға немқұрайды қарауы (басқа адамдарға қатысы бар
факторлар болсада). Акцентуацияны көп психиаторлар психопатияның бастамасы
деп түсінеді. Оларды шизоидты тип және этелептикті тип деп екіге бөледі.
(Кречмер, Шелдон).
Психологияда мінез акцентуациясын сыныптастыру жүргізгендер оны негізгі
екі топқа бөліп, оларды интровертті (нормадан тыс тұйық мінезді) және
экстровертті (нормадан тыс ашық мінезді) деп көрсеткен.
Егер интроверт өз-өзіне жетіп, қарым-қатынасы шектеліп, үндемей түйліп
қалатын болса, экстроверт қарым-қатынасқа да, іс-әрекетке де тоймайды.
Мақтаншақ, шалағай, иланушылық, сөзі еш тоқтамайтын, өзін-өзі басқара
алмайтын болады. Олар көрініс бергенде сензитивтік акцентуация (ерекшелігі
- мазасыздану деңгейі өте жоғары, ешқандай себепсіз қорқып үркіп
жүретіндігі, өзіне-өзі сенбеушілігі, басқалардан өзін кем көріп, жаңа
таныстардан, топтардан өзін қашық ұстайды). Осы кемістіктерін жою үшін
кішкентайлармен қарым-қатынас жасайды. Демонстративтік тип - эгоцентрист
болады. Өзін дүниенің ортасы деп есептеп, барлық адамдар тек сол үшін өмір
сүріп, тек соған қызмет жасауын қажет етеді. Өтірікші, мақтаншақ, өзін
басқадан артық етіп көрсеті үшін барлық әдіс-тәсілді қолданады. (Өзінің
ойынша ешкім оған көңіл аудармаса өзін-өзі өлтіргісі келген болып спекталь
қоюы да мүмкін). Адам өзін-өзі тәрбиелеп акцентуацияға блокада (кедергі)
қоюына болады. Ол үшін өзін-өзі сын көзбен қарауы қажет.
Жеткіншек кезең балалардың қатарластарымен қарым-қатынас жасауға тырысу
және мінез қүлқында тәуелсіздікке, тұлғалық автономдыққа тырысуын
белгілейтін белгілер сияқты бірқатар спецификалық қасиеттердің пайда
болуымен сипатталады. Жеткіншектік кезеңнің ерекшелігі - дамудың барлық
жақтарына әсер ететін бірден болатын саналы өзгерістер. Бұл өзгерістер
әртүрлі жеткіншектерде әртүрлі уақытта жүреді. Мысалы, қыздар балаларға
қарағанда барлық жағынан тез өседі. Сонымен қатар жеткіншектердің
психикалық дамуы да әртүрлі жүреді, психикасының бір жағы тез дамыса, басқа
жағы жай дамиды. Бұл кезеңде интериндивидуалды ассинхронды даму да
(жеткіншектердегі бір хронологиялық жасқа жататын психикасын түрлі
жақтарының даму уақытымен сай келмеуі) интроиндивидуалды ассинхронды даму
да (бір оқушының дамуының түрлі жақтарын сипаттайды) тән. Сондықтан да
белгілі бір оқушыдағы психологиялық ерекшеліктердің пайда болу уақытының
ерте де кеште пайда болатынын ескеру керек. Сонымен қатар жеткіншектік
кезең һ-танымдық процестердің күшті дамитын уақыты. 11-16 жасқа дейінгі
кезең қабылдаудың мақсаттылығымен, тұрақты, ырықты зейіннің және логикалық
естің қалыптасуымен сипатталады.
Жалпы, жеткіншектік жас адам өміріндегі критикалық кезеңге жатады. Оның
пайда болу себептері, сипаты мен мағынасы әртүрлі психологтармен түрліше
түсіндіріледі. Көптеген авторлар бұл кезеңді кедергісіз де өтудің
мүмкіндігін атап көрсетеді. Кризис бұл жағдайда үлкендердің толығымен
жеткіншектерге деген дұрыс емес қатынасы ретінде қарастырылады және баланың
жаңа жас кезеңіндегі алдында тұрған мәселелерді қарсы ала алмауынан
түсіндіріледі (Ремшмидт X. 1994) Л.С. Выготский кризистің әрбір негативті
симптомдарында белгілі бір позитивті мазмұн болады деп атап көрсетеді.
Яғни, бұл мәлімет бойынша, үлкендердің жаңа қажеттіліктерді реализациялау
үшін жағдай жасау жолымен кризистің пайда болуымен қашуы нәтижесіз болып
табылатындығы шығады. Жеткіншектер үлкендерді ақырлы жағдайға дейін алып
келеді де сөйтіп өзі осы ақырлы жағдайларды басынан өткеру үшін өзінің
күшін тексеруге мүмкіндік алып, нақ осы қарама-қайшылықтар арқылы жеткіншек
өзін, өзінің белгілі бір мүмкіндіктерін біледі, өзінің пайымдау
қажеттілігін қанағаттандырады. Егер, жеткіншек жас, ешқандай қарама-
қайшылықсыз ететін болса немесе тәуелді кризис типімен көрінетін болса
арықарай кеш, сондықтан да ауыр. 17-18 жастағы қатты өтетін кризис тіпті
кейінірек адамдарды жас және ересек жас кезіндегі сипаттайтын созылмалы
инфантилді балалық позиция қалып қояды. Олай болса, жеткіншектік кризистің
позитивті жағы деп отырғанымыз тәуелсіздікке күресу арқылы, яғни, қауіпсіз
жағдайда жүріп жатқан және ақырлы формаларға келтірмейтін күрес арқылы бала
өзіндік танымы мен пайымдауын қанағаттандырады, балада тек қана өзіне деген
сенімдік сезім, өзіне ғана арқа сүйеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар
балада өмірлік қиындықтарды да қарсы алу мінез - құлқы қалыптасады.
Жеткіншектік кезеңдегі кризис дамудың басқа да критикалық кезеңдері сияқты
үш фазамен орындалады:
1. Негативті, яғни ескі әдеттердің, стереотиптердің қалуы, бұрынғы
қалыптасқан құрылымдардың құлауы.
2. Кризистің кульминациялық нүктесі жеткіншектік жаста -13 жас.
3. Посткритикалық фаза, яғни, жаңа құрылымның қалыптасуы, жаңа
қатынастың құрылуы.
Әдебиеттерде жас ерекшелік кризисінің пайда болуының екі негізгі бағыты
көрсетілген:
1. Тәуелсіз кризис-біршама кең тараған түрі. Оның симптомдары - еріктік
мінезділік, негативтілік, үлкендерлі мойындамау, олардың талаптарына деген
бейкөзқкрас, қызғаныш т.с.с. Әрине бұл симптомдар жиынтығы әр жас
ерекшелігіне байланысты әртүрлі көрінеді.
2. Тәуелді кризис — бұл біріншіге қарама-қарсы: шектен тыс тыңдаушылық
үлкендерге немесе күштілерге тәуелділік, бұрынғы қызықтарға, мінез-құлық
формаларының регрестілік т.с.с.
Егер тәуелсіздік кризисі- алға ұмтылу, ескі нормалармен ережелерден
шығу болса, тәуелділік кризисі- артқа шегіну болып табылады. Бұл екеуі де
өзін анықтау варианттары. Бірінші жағдайда-мен енді бала еемеспін қызбын
десе, екінші жағдайда мен әлі баламын және бала болып қалғым келеді деген
бір-біріне қарама-қарсы ағымдар. Даму бойынша біршама жақсы әсер ететін
бірінші вариант. Ж.Плаженің зерттеулеріне сүйенетін болсақ, тұлғаның
ағымдық қасиетерінің дамуы 12-13 жаста жаңа мағынаға ие болады екен, яғни
шын өмір рамкасынан шығатын бағалықтар мен идеалдар мен адам үшін маңызды
болып табылады: әлеуметтік шындық, бостандық достық , махаббат, ашық,
ашықтық т.б.
Бұл түсініктердің барлығы жеткіншектер үшін эмоционалды боялған,
жекелік маңызды. Бірақ бұл құндылықтар даму ерекшеліктері қабылдауға әсер
етеді, ең алдымен танымдық эгоцентризм жеткіншек үшін айналадағы өмірге
қарағанда біршама реалды болып табылады. Жеткіншектер қызығуларының өзіндік
сипаты болып, олардың алды-артына қарамай бір нәрсемен айналысу.
Жеткіншектердің мұндай мінез-құлқына әсер ететін нақты әсерлер -
қажеттіліктің күштілігі, интенсивтілік және эмоционалды реакцияның
өткірлігі. Бұл кезеңдегі оқушылардың жоғары бағалылық орын алады, бұл кезде
оқушы еш нәрсе көрмейді де естімейді де. Егер мұның бәрі ситуативті туса
онда одан оншалықты қорқуға болмайды. Бірақ оның жиі қайталануы
жеткіншектерді инфантелизмге ұшыратады, өйткені 13-14 жастағы балада
мотивтер иерархиясы қалыптаса қоймаған, жүйелі қызығушылық жоқ,оның
мотивациялық сферасы әлі кедей. Бұлармен жұмыс істегенде олардың
қызығушылығын арттыру керек. Жеткіншек өз мұңына, кінәлі сезімінің жуынуы
да мүмкін. Бұл жағдайда олар жүйкеге әсерететін музыка немесе шамамен
алғаш танысу сияқты мінез-құлықтық қатерлі формасы тән. Бұлардағы
аффективті реакция күшті бұзылған сипат алып отырады. Аффект дегеніміз
адамның белгілі бір жағдайдан шығуының адекватты шешімін таба алмауы.
Жеткіншектік кезеңдегі оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін
негізгі факторлар мыналар:
1. Дисгармониялық отбасы-ол психологиялық үйлеспеудің түрлі
варианттарын кіргізеді:
- отбасыдағы белгілі бір мүшелерінің біреуінің жүйке-психикалық
ауытқуы, не химиялық бағыныштылықта болуы мүмкін;
- отбасыдағы негізгі мәселе - сол отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-
қатынасы болып табылатын дисгармониялық отбасылар: әдебиеттерде
дисгармониялық семьялардың түрлі типтері көрсетілген:
- гармониялық емес, дестругенді, құлап бара жатқан және құлаған
отбасылар сонымен бірге сырт көзге күшті болып көрінетін отбасылар.
2. Соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар. Хроникалық -соматикалық
аурулар дұрыс емес торбиеге байланысты жеткіншектерде толық емес сезімді
болдыруы мүмкін.
3. Жеткіншектік қатарларымен дұрыс қатынас жасамауы, қатарластарымен
дұрыс достық қатынасты құра алмау, оларда даралық аномалды дамуды туғызады.
Адамның жаткіншектік жаспен ересектік арасындағы кезең -жасөспірімдік
кезеңде ағзаның барлық физикалық дамуы аяқталады, ерте жасөспірімдік
жастағы психикалық дамудың ерекшеліктері дамудың әлеуметтік ситуациясының
спецификасына байланысты. Жасөспірімдердің болашаққа қарауы, өмірлік
жоспарлар мен перспективалардың құрылуын Л.И. Бажович жоғарғы сынып
оқушысының өмірінің аффективті орталығы деп есептеледі. Ерте
жасөспірімдердің жаңа құрылуы балаладың жекелік және өмірлік өзіндік
анықталуға дайындығы болып табылады (Дубровина И.В. 1989) Э.Эриксон осы
жастағы дамудың түрлі варианттары мен жалпы заңдылықтарын талдай отырып,
ерте жасөспірімдік псипотологияға эдентикалық кризиспер тығыз байланысты
уақытша перспективаны ауытқуы тән болып табылады. И.С.Кон өзінің қазіргі
мені толғандырып жүрген балалардың саны жеткігшектік және жасөспірімдік
жаста бірдей болса, 15-16 жаста өзінің болашақ мен туралы ойлануы күрт
өседі.
Жасөспірім кезейінде конструктивті даму барысынан келесі ауытқулар
болуы мүмкін:
- идентентификациялауының диффузиялылығы: адамның иденттілік
қалыптастыруға қысқа мерзімді мүмкінділігінің жоқтығы.
- уақыт диффузиясы: екі көрініспен пайда болатын уақыт сезімінің
бұзылуы. Уақыт диффузиясы қорқыныш немесе өлімді тілеумен байланысты;
- жұмыстың тұрып қалуы: көбінесе идентика диффузиясымен көрінетін
табиғи жұмыс қабілетінің бұзылуы;
- жат идентитификцияның орын алуы: идентификцияа қалыптасуында нормамен
әсер ететін барлық факторлар мен рольдердің мойындалмауы. Яғни, мұны
үлкендер керек емес немесе кауіпті деп бағалайды.
Негізінен бұл ауытқулар аса қауіпті көрінгенмен көп жағдайда есею
процесі рамкасы толығымен дұрыс вариация болып табылады бірақ егер де
ақырғы жағдайда психикалық ауруларға немесе антисоциалды мінез-құлықтың
анық формасына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі ерте жас
өспірімдердің жыныстық қатынасқа деген қызығуы артып отыр. Жыныстық
қатынастың ерте басталуы түрлі жат қылықтармен (төмен үлгерімділік, қылмыс
жасаумен, алкоголизммен, жүйкелік психикалық аурулармен) байланысуы мүмкін,
және мұны дәлелдейтін статистика бар. И.Кон пікірімен келісетін болсақ, ол
- ешқандай да сексуалды ережелермен заңдар немесе идеалдар интровертті
және экстровертті, невротикпен тұрақты индевидті тепе-тең жағдайда
толығымен билей алмайды, өйткені бір адамның қорегі басқа адам үшін у болып
табылуы мүмкін. Осыны түсінуден барып психикалық саулық басталады - дейді
Кон И.С. Атақты американдық рок музыкант Ди Снайдер жеткіншектерге
арналған өмір сұру курсы кітабында өз досының теориясы туралы айтады. Ол
өз теориясын мұның себебі не деп атап, мүмкін деген мотивтерді талдайды.
Олар:
1. Өзін жалғызбын деген сезінуден арылу немесе танымал болғысы келу;
2. Өзінің ата-аналардан тәуелсіздігін білдіргісі келгендік;
3. Көмек керектігі туралы ішкі санадағы дауыс;
4. Махаббатты ұстап қалу үшін;
5. Себебі мүны барлығы істеп жатыр. Жасөспірім үшін өз
қатарластарымен қарсыласу қиынға түседі.
Сонымен, жыныстық қатынасты меңгеру әр бір жасөспірімнің міндеті.
Өйткені ол адамның ертеңгі өміріне негіз болады, бірақ бұл жөніндегі
кедергілердің болуы жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқуына негіз болады
(өзіне сенбейді, қорқыныш сезімі билейді, өзін кем санайды, ішкі сөйлеуге
ұшырауы мүмкін т.с.с.)
Жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне себеп
болатын факторлар жан-жақты. Олар ауытқып отырады. Психологияда бұл
кезеңдегі проблеманы мінез-құлық ерекшеліктерін екіге бөліп қарастырылады:
1. Интернализацияланған (өзіне бағыттылған);
2. Экстернализацияланған басқаларға бағытталған. Экстернализацияланған
мінез-құлық ассоциалды мінез-құлықтың соңғы жағдайы болып табылады.
Жасөспірімдердің мінез-құлқының өзгеруі - негізі мен олардың ерекше
жағдайларға талпынуы, мектепте танымды болғысы келуі. Невский И.В.
жасөспірімнің ерекше мінез көрсетуіне негіз болатын психологиялық
жағдайларды атап көрсетеді. Олар:
1. Жасөспірімдердің құрбандықты қажетсінуі.
2. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты эмоционалды
тұрақсыздық білдіруі.
3. Агрессиясының анық байқалуы.
4. Акцентуация түрлерінің анық байқалуы.
5. Психикалық дамудағы ауытқулардың жиі кездесуі.
6. Өзін-өзі төмен бағалауы.
7. Өзін бейадекватты төмен бағалау. Бұл жағдайларға әсер ететін
факторлар:
1. Микроәлеуметтік фактор - бұған жасөспірімнің іс-әрекетінің негізгі
үш сферасы кіреді: отбасы, мектеп және қатарларының референтті группасы:
отбасылық тәрбие сферасында психологтар оның гипер және гипосүйемелдеу
сияқты тәрбие стильінің дұрыс емес жақтарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Мектепте кәсіби бағдар беруді жүзеге асырудың формалары
Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау
Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
Пәндер