Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)



1. Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б
2. Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуы
3. Басқа елдердің музыкасының тарихының айырмашылығы
4. Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуы
5. Басқа елдердің музыкасының тарихының айырмашылығы
ХҮІІІ-ғасырдың ортасы мен ХІХ-ғасырдың басында Еуропа музыкасы ағартушылық және ұлы француз төңкерісі идеяларының әсерінде дамыды. Бұл жағдайлар көпшілік тұрмыс музыкасын (марштар, қаһармандық әндер олардың ішінде, марселеза, көпшілік мейрамдары мен салт-жора музыкасы) тудырды. Жоғарғы этикалық мұраттар, адамдардың теңдігін ақыл-ойды уағыздаған ағартушылық музыкалық бағыт (К.В.Глюк, И.Гайдн, В.А.Моцарт, Л.Бетховен) басты орын алды. Демокрит жанрдағы комедиялық операны ұлттық түрлері дамыды. Дербес жанр ретінде балет музыкасы бөлініп шықты. Гайдн, Моцарт, Бетховен шығармаларында симфония жанры классик дәрежеге көтеріліп сонаталық Аллегро мен Камералық, аспаптық ансамбльдің классикалық түрі қалыптасты. Орыс, поляк, чех, норвег композиторлары метебі өркен жая бастады. 19-ғасырдың 1-ші жартысында бір қатар Еуропа елдерінің композиторлары шығармалаындағы романтизм бағыты нығайды. Бағдарламалық музыка, аспаптық миниатюра, романс, камералық, вокалдық цикл өрістеді. Италияда комедиялық лирик қаһармандық опералар шарықтау шегіне жетті. Ресейде ұлттық классик музыкасы қалыптасты. 19-20 ғ.ғ. бір қатар Еуропа композиторлары опера, симфония бағдарламалы аспаптық музыкада романтикалық бағытты одан ары қарай өрістетті. Италиялықтар мен француздар операсы мен балеті поляк және чех операсы мен дәстүр мен байланысын сақтай отырып, дербес шығармалары жолмен дамыды. Бір қатар Батыс Еуропа және Орыс композиторларының шығармаларында реализм бағыты күшейе түсті. 19-20ғ.ғ. Германия мен Австрияда романтикалық симфонизм кезеңі аяқталып, музыкалық экспрессионизм францияда имприссионизм Ресейде символизм туды.
Солтүстік Американың ұлттық музыкасының қалыптасуы ХVII ғасырдың аяғынан басталды. Оның өзіндік ерекшелігі – осы өңірді мекендеген көптеген ұлттардың өзара тығыз байланысында.
Еуропа, Азия, Африка халықтарының фольклорлық музыка дәстүрлері Солтүстік Америка халқының музыкасына жаңа бағыт берді. АҚШ негірлерінің музыкасын қалыптастырды, олардың өздеріне ғана тән спиручуэл, блюз, джаз жанрлары пайда болды. Сондай-ақ АҚШ пен Канаданың музыка мәдениетіне жергілікті үндіс халықтарының фольклорлары әсер етті.
Музыкалық аспаптары – Еуропа, Азия, Африка халықтарының аспаптары секілді гитара, крар, бэгэна, зумбара, банджо және т.б.
Латын Америкасы музыкасы – Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американың Оңтүстік бөлігінде орналасқан елдердің музыка өнері. Ол үндістік, еуропалық және африкалық болып келетін үш негізден тұрады. Оның көнесі – ацтек, майя, кечуа, айшара, музыкасы. Кейін оған Испания, Португалия және Африка музыкасы қосылған. Музыка аспаптыры осы мемлекеттердің музыкалық аспаптарына ұқсас.
1. А. Жайымов, Б. Ысқақов, Ж. Еңсепов, Ж. Сәрсенбенов «Музыка» 5-сынап. Алматы «Атамұра» 2001ж.
2. Б. Сүлейменова, Ш. Құманова, М. Оразалиева, Е. ЕлеШанова «Музыка» 4-сынап. Алматы «Атамұра» 2000ж.
3. Музыкалық әдістемелер 5-4 сынып 1997 ж «Атамұра» баспасы

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)

Жоспар:
1. Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б
2. Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуы
3. Басқа елдердің музыкасының тарихының айырмашылығы
4. Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуы
5. Басқа елдердің музыкасының тарихының айырмашылығы

ХҮІІІ-ғасырдың ортасы мен ХІХ-ғасырдың басында Еуропа музыкасы ағартушылық және ұлы француз төңкерісі идеяларының әсерінде дамыды. Бұл жағдайлар көпшілік тұрмыс музыкасын (марштар, қаһармандық әндер олардың ішінде, марселеза, көпшілік мейрамдары мен салт-жора музыкасы) тудырды. Жоғарғы этикалық мұраттар, адамдардың теңдігін ақыл-ойды уағыздаған ағартушылық музыкалық бағыт (К.В.Глюк, И.Гайдн, В.А.Моцарт, Л.Бетховен) басты орын алды. Демокрит жанрдағы комедиялық операны ұлттық түрлері дамыды. Дербес жанр ретінде балет музыкасы бөлініп шықты. Гайдн, Моцарт, Бетховен шығармаларында симфония жанры классик дәрежеге көтеріліп сонаталық Аллегро мен Камералық, аспаптық ансамбльдің классикалық түрі қалыптасты. Орыс, поляк, чех, норвег композиторлары метебі өркен жая бастады. 19-ғасырдың 1-ші жартысында бір қатар Еуропа елдерінің композиторлары шығармалаындағы романтизм бағыты нығайды. Бағдарламалық музыка, аспаптық миниатюра, романс, камералық, вокалдық цикл өрістеді. Италияда комедиялық лирик қаһармандық опералар шарықтау шегіне жетті. Ресейде ұлттық классик музыкасы қалыптасты. 19-20 ғ.ғ. бір қатар Еуропа композиторлары опера, симфония бағдарламалы аспаптық музыкада романтикалық бағытты одан ары қарай өрістетті. Италиялықтар мен француздар операсы мен балеті поляк және чех операсы мен дәстүр мен байланысын сақтай отырып, дербес шығармалары жолмен дамыды. Бір қатар Батыс Еуропа және Орыс композиторларының шығармаларында реализм бағыты күшейе түсті. 19-20ғ.ғ. Германия мен Австрияда романтикалық симфонизм кезеңі аяқталып, музыкалық экспрессионизм францияда имприссионизм Ресейде символизм туды.
Солтүстік Американың ұлттық музыкасының қалыптасуы ХVII ғасырдың аяғынан басталды. Оның өзіндік ерекшелігі - осы өңірді мекендеген көптеген ұлттардың өзара тығыз байланысында.
Еуропа, Азия, Африка халықтарының фольклорлық музыка дәстүрлері Солтүстік Америка халқының музыкасына жаңа бағыт берді. АҚШ негірлерінің музыкасын қалыптастырды, олардың өздеріне ғана тән спиручуэл, блюз, джаз жанрлары пайда болды. Сондай-ақ АҚШ пен Канаданың музыка мәдениетіне жергілікті үндіс халықтарының фольклорлары әсер етті.
Музыкалық аспаптары - Еуропа, Азия, Африка халықтарының аспаптары секілді гитара, крар, бэгэна, зумбара, банджо және т.б.
Латын Америкасы музыкасы - Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американың Оңтүстік бөлігінде орналасқан елдердің музыка өнері. Ол үндістік, еуропалық және африкалық болып келетін үш негізден тұрады. Оның көнесі - ацтек, майя, кечуа, айшара, музыкасы. Кейін оған Испания, Португалия және Африка музыкасы қосылған. Музыка аспаптыры осы мемлекеттердің музыкалық аспаптарына ұқсас.
Австрия музыкасы. Бір дауысты және көп дауысты ән мәдениеті ежелден Автралия халық творчествосына тән нәрсе. Австралия музыкасының қалыптасуына кең байтақ Австрия монархиясының құрамына енген көптеген халықтар (венгер, чех, словак, серб, харват, румын, украин т.б.) мәдениеті мен ұлттық дәстүр - салты, фальклорлық тұрмыс жанрлары елеулі әсер етті. Европаның дәл ортасына орналасқан Австралия, Германия мен Италияның профессионалдық өнерімен тікелей байланысты болды. Осының нәтижесінде тұрмыстық музыкалық комедия - зингшпиль туады; вокальдық лириканың алуан түрі кеңінен тарайды. 17 - ғасырдан бастап Италияның опера, және оратория және шіркеу музыкасының айтулы шеберлері (А.Чести, А.Сальери) Венада қызмет етіп, Австралия музыкасына елеулі ықпал етті. 18 - ғысырдың екінші жартысында Й.Гайдн, В.Моцарт бастаған Венаның классикалық мектебі туады. К.В.Глюк Венаның өпера өнерінде реформа жасайды. Вена классикалық мектебінің эстетикалық принциптері әсіресе Л.Бетховен творчествосында аса жоғары сазын табады. Вена классиктері көп халықтың музыка саласындағы жетістіктерін творчестволықпен одан әрі дамыта отырып, опера өнерінде жаңашылдық жасады. Симфониялық шығарманың, квартет, фортепьянолық концерттің классикалық түрлерін туғызып, көркем реалистік шеберліктің эстетикалық негізі ретінде сонаталық үлгіні одан әрі дамытады. Симфония мен әндер, камералық - ансамбльдік музыканың алуан түрін жазған Ф.Шуберт творчествосында музыкалық романтизм жан - жақты көрініс табады. Шуберт жеңіл әуенді тұрмыс - салт музыкасына үлкен назар аударған (лендлер, вальс т.б.). Жеңіл музыка жанры Й.Ланнер, И.Штраус (әкесі) және И.Штраус (баласы) творчествосында өзгеше сазбен жаңа бағытта дамиды (Вена биі, вальс, полька және оперетталар). 19 - ғасырдың 2 - жартысында симфониялық (А.Брукнер, Г.Малер) және камералық вокальдық (Г.Вольф) жанрдың жаңғыру кезеңі басталады. Австралия музыкасында И.Бармстың орны ерекше.
20 - ғасырда Австралия музыкасы идеялық және көркемдік жағынан дағдарысқа ұшырайды. А.Шенберг және оның А.Берг, А.Веберн сияқты шәкірттері бастаған атональды музыканың жақтаушылары - экспрессионистер тобы шығады. Австралия музыкасынан түрлі бағыт - мектептер байқалады. Х.Елинек, Х.Э.Апостель формалистік ағым өкілдері болса, И.Н.Давид сияқты композиторлардың творчествосы арқылы католиктер шіркеу музыкасы дамиды. Ірі суреткер композитор Й.Маркс классикалық дәстүрді одан әрі жалғастырса, А.Уль, О.Зигль, М.Рубиндердің творчествосы реалистік сазға негізделген. Австралияның Вена мен Грацтағы опера театрлары, симфониялық оркестрі, түрлі концерттік қоғамдары мен хор коллективтері (Венаның ер балалар хоры) көптен бері жұртшылық назарын аударып отыр. Қазіргі Австралияның ең ірі музыкалық орталығы - Вена қаласында музыка мен сахна өнерінің академиясы, консерватория, опера және симфониялық оркестр, камералық оркестр, "Музыка достарының қоғамы" т.б. осы сияқты оқу орындары мен коллективтері, түрлі музыкаоық қоғамдар бар. Вена музыкалық конгресс пен түрлі конкурс, фестивальдар өтетін тұрақты орынға айналған. Мұндай конкурс пен фестивальдар Зальцбург, Брегенц қалаларында да өтеді. Австралиядан көптеген даңқты дирижерлер мен пианистер, скрипкашылар мен виолончелистер, әншілер шықты: Э.Шух (дирижер), Ф.Гульда (пианист), М.Ерица, Л.Велич, Э.Кунц (әншілер) т.б. Австралия музыкасы Европа мен Америка елдерінің профессионалдық музыкасының дамуына елеулі әсер етті.Ортағасырлық Австрияда миракль мен мистерия түріндегі ойын - сауық кең өріс алды. Алғашқыда мұның өзі діни сюжетке құрылғандықтан шіркеуге жақын болса, кейін одан қашықтап, қала алаңы мен жәрмеңкелерге қарапайым халық өмірімен байланысты өткізіліп отырған.
Болгария музыкасы. Болгар музыкасындағы әуенділік пен диатонизм өрнекті мелодиялық әшекейлермен ерекшеленеді. Хор және би әндерінің (рученица, хоро) ритмикасы өзгеше соны. Халық аспаптары: гадулка, гайда, кавал, тамбура т. б. Христиан дінінің енуіне байланысты (9 ғ.) шіркеу музыкасы дамиды. Орта ғасырдағы Болгарияда шіркеу музыкасының көрнекті өкілі -- Иоан Кукузель. Болгарияның түрік езгісінен азат етілуі (1878) қала мәдениетінің дамуына жол ашты; хор коллективтері, үрлемелі аспап оркестрлері йымдас-тырылды. 20 ғ-да музыка мектептер ашылды. 1908 ж. К. Михайлов-Стоян, Д. Казаков сынды әншілер Софияда Болгарияның опералық бірлестігін (1921 жылдан София халық операсы) ұйымдастырады. Болгария ұлттық операсының негізін салушы -- композитор әрі дирижер Г. Атанасов-Маэстро болды. Болгарияда халық демократиялық құрылыстың орнауы музыка мәдениетінің жан-жақты дамуына жағдай жасады. Болгария композиторларының творчествосы опералық, симфониялық, камералық музыка жанрында өріс алуда. Осы күнгі атақты Болгария музыканттары: композиторлар -- П. Владигеров, Л. Пипков, П. Стайнов, дирижер В. Симеонов, әншілері Б. Христов, Н. Гяуров, Н. Николов, Д. Узунов т. б. Болгарияда 5 опера театры, Мемлекет ән-би ансамблі, Болгар халық армиясының ән-би ансамблі, хор капелласы Болгар ҒА-ның музыка институты бар.
Германия музыкасы. Ежелгі германдықтардың музыкасы сақталмаған. Бірақ орта ғасырлық жазба ескерткіштер (негізінен Нибелунгалар туралы жыр) оның болғандығын дәлелдейді. 11 -- 13 ғ-да қалалардың пайда болуымен байланысты, бюргерлік музыка, ал 14 ғ-да мейстерзингерлер өнері дамыды. 15 -- 16 ғ-да негізінен вокальдық және вокальдық-аспаптық музыка өркендеді. 16 ғ-дағы шаруалар соғысы мен реформаңия халықтық музыка творчествосын ерекше жандандырды. Отыз жылдық соғыс (1618 -- 48) жалпы неміс мәдениетінің өркендеуін тежеп тастады. Соған қарамастан көрнекті музыканттар шықты (Г. Шюц тұңғыш неміс операсы Дафна және тұңғыш балет Орфей мен Эвридиканы жазды, 1627, 1638). Лейпциг пен Гамбург 18 ғ-дағы неміс мәдени өмірінің орталығына айналды. Немістің тұңғыш ұлттық опера театрына (Гамбург, 1678 -- 1738) Р. Кайзер, кейінірек Г. Ф. Телеман көп еңбек сіңірді. Лейпңигте 1723 жылдан И. С. Бах қызмет етті. Әр түрлі жанрды қамтитын И. С. Вах творчествосы неміс ұлттық мәдениетінің қалыптасуына зор үлес қосты. Неміс музыка мәдениетіне, әсіресе опера мен оратория саласына өшпес үлес қосқан композитордың бірі Г. Ф. Гендель, Лондонда 50 жыл тұрғанына қарамастан ол Германия музыканты боп қала берді және ағылшын музыка өнеріне де үлкен үлес қосты. Германия музыкасында әдебиеттегі Дауыл мен тегеурін ағымы сияқты ағым пайда болып, ол К. Ф. Э. Бах творчествосына көп ықпал жасады. Бұл бағытқа Мангейм сарайындағы музыканттар да жақын болды. Мангейм мектебі -- Венаныц классикалъщ мектебінің түп төркіні. К. В. Глюк, Й. Гайдн, В. А. Моцарт және Г. музыка өнерінің аса көрнекті өкілі Л. Бетховен Венаның классикалық мектебінен шықты. Оның творчествосы осы мектептің шарықтау шыңы болды. Сан салалы Бетховең шығармалары 19 ғ-дың муз: өнеріне үлкен әсер етті. 19 ғ-дың 10 -- 20 жылдарынан бастап Г. музыкасында романтизм қалпытасты. Оның көрнекті өкілі Австрия композиторы Ф. Шуберт болды. 1848 -- 49 жылдардағы революция тұсында көрнекті музыканттар шықты. Олар: Ф. Мендельсон-Бартольди, Р. Шуман, Р. Вагнер. 1848 жылдан Германияда тұрған венгр дирижері, пианисі және композиторы Ф. Листің неміс музыка өнеріне жасаған әсері ерекше. Ол неміс музыкасындағы жалған академизм мен кәсіншілдікке қарсы күресті. Бетховен бастаған классикалық дәстүрді ілгері дамытушы И. Брамс замандастарының жан дүниесін музыка тілімен аша білді. Германия музыкасында Вагнер мен Брамсқа байланысты бірте-бірте екі тенденция пайда болды. Оның біріншісіне Р. Штраус, екіншісіне М. Регер творчествосы жатады. 1-дүние жүзүлік соғыстан кейін Германия музыкасы идеялық-эстетикалық жағынан жан-жақты толықты. Музыка театрлар мен концерттердің репертуары байи түсті. Ұлы Октябрь революциясының ықпалымен 20 жылдары пролетариат музыка қозғалысы жанданды. Фашистік диктатураның орнауы (1933) неміс мәдениетін, соның ішінде музыка өнерін де тұңшықтырды. Композиторлар, сыншылар, орындаушылар шетелдерге кетуге мәжбүр бояды, олардың көпшілігі концлагерьлерге қамалды. Соғыстан кейінгі музыка өнері қазіргі буржуазиялық өнерге тән қайшылықтар тенденциясының әсерімен дамуда. К.Орф, К.А.Хартман, В.Эгк, И.Н.Давид, В.Фортнер, Х.В.Хенце сынды музыка шеберлері арагідік болса да немістің классикалық музыка дәтүрін ұстанып, өз творчестволарында өмірдегі елеулі оқиғалар мен гуманистік идеяларды көрсетуге талпынды. Сонымен қатар, ГФР әсіресе авангардшылдық ағымдарға кең жол ашып, музыка өнерінің озық дәстүрінен бас тартқан экспериментаторлық орталыққа айналып отыр. Мұнда авангардшылдық фестивальдар мен семинарлар (Дармштад, Донауэшинген, Кёльн) жиі өткізіліп тұрады. Орындаушылық өнері жоғары сатыға көтерілген. Европадағы озық коллективтердің қатарында Рейндегі Неміс операсы, Гамбург пен Мюнхендегі опера театрлары мен бірқатар симфониялық және камералық оркестрлерді атауға болады. ГФР - де қазіргі дауірдің көптеген көрнекті дирижерлері мен музыканттары аспап орындаушылары, әншілері бар. Жыл сайын музыканттардың ұлттық масштабтары және халықаралық конкустар өткізіледі. ГФР - дегі барлық опералық театрларда балет труппалары бар. Солардың ең ірілері: Штутгарт, Мюнхен, Дюссельдорф, Гамбург, Ганновер, Франкфурт, Кёльн, Вупперталь қалаларында.
1945 жылдан кейін Батыс Германияның прогресшіл театр қайраткерлері неміс театрының озық дәстүрлерін қайта жаңғыртуға кірісті. 1933 жылға дейін немесе эмиграцияда жүріп жазылған пьесалар және фашистік диктатура тұсында театр сахнасына қойылуға мүмкіндігі болмаған шығармалар жиі қойыла бастады. Алайда, фашистік өкіметтің тежеуі салдарынан В.Борхерттің "Есік сыртында" (1947) пьесасынан басқа көптеген антифашистік пьесалар репертуарға енбей қалды.Бірқатар драма театрларының репертуарларынан абсурдтық театр шығармалары деп аталатын абстракті - символиколық стильдегі спектакльдер орын алды. Бұл спектакльдерде пьесаның мазмұнын ашу жолында жосықсыз түрлі әдістер қолданылды. Кейбір алдыңғы қатарлы театр қайраткерлері ұлттық театрдың реалистік дәстүрлерін дамытуға тырысты.
Жапония музыкасы. Географиялық жағдайына байланысты жапон мәдениеті, оның ішінде театр өнері көп жылдар бойы басқалардан оқшау жағдайда дамыды. Жапон театрының қайнар көзі ертедегі әдет - ғұрып пен діни мерекелерге саяды. 7 - 8 ғасырларда Жапон театры біртіндеп Корея, Қытай және Үндістанның театр түрлеріне жақындай бастады. Олардың кейбіреулері жапон театры тарихынан гигаку (7 ғасыр) деген атпен орын алды. Гигаку сауығы қарабайыр би пьесаларынан құралды. Оған қатысушылар маска киіп, ойын көрсетіп отырады. 11 - ғасырдан кейін гигакуді музыка - театр өнерінің басқа түрлері ығыстырып шығара бастады. Оның кейбір элементтері бугаку мен сингакуге қосылды. Бугаку деп аталатын музыка - би сауығын дін мен сарай зиялылары діни мерекелерде, мінәжат ету кезінде өткізетін салтқа айналдырды. Сингаку 11 - ғасырда комедиялық пантомима, ән - би, акробатика, қуыршақ ойындары сияқты халық өнерінің түрлерін қамтитын - саругакуге ұласты. 12 - ғасырдың басында бугаку өнері құлдырап, оның орнын әскери қауымға кең таралған дэнгаку мен саругаку басты. Бугакудің кейбір элементтері Жапонияның классикалық музыкасы мен би өнерінің негізін құрады. Саругаку сауғы діни мерекелер кезінде орындалып, көпшілік арасында кең таралды. 14 - ғасырда саругакудің комедиялық бөлігі шағын пьесалардан (тұрмыстық комедиялардан), кейде сатиралық көріністерден тұратын кёгэн сауығына ұласты. Осымен қатар жергілікті би мен әндерге негізделген дэнгаку сияқты ойын түрі кең өріс алды. Соның негізінде 14 - ғасырда театрдың жаңа бір түрі - Но театры дүниеге келді. Би мен музыкаға құрылған Но сауығын ерлер хоры, флейта мен барабан оркестрі сүйемелдеді. Олар бастырма астындағы сахнаға орналасты. Басты кейіпкер маска киіп ойнады. Сауық көріністері пантомимаға құрылды, ал ойынның оқиға желісін хор түсіндіріп отырды. Актерлер текстің кей бөлігін айтуда әуезді әнді немесе мәнерлі декламацияны пайдаланады. Рольдерді тек ер кісілер ойнайды. 16 - ғасырда өзара соғыс Но театрының дамуына кесірін тигізді. Өзара қырқыс тоқтағаннан кейін (17 - ғасырдың басында) сауда мен қолөнер өркендеп, қалалар бой түзеді. Бейбіт өмір мәдениет саласын жандандыра түсті. Жапонияның алдыңғы қатарлы классикалық дзёрури және Кабуки сияқты театрларына негіз болған жаңа театр түрлері пайда болды. Дзёрури театры 16 - ғасырдың аяғында қуыршақшылар, әнші - жыраулар өнері түрінде дүниеге келді. Кабуки театры 17 - ғасырда пайда болып, 18 - ғасырда шырқау биікке көтерілді. Оның қалыптасқан дәстүрлері Жапонияның қазіргі театрында да сақталған. Кабуки театры дзёруридің драмалық формаларын пайдаланды. Бірақ мұнда оқиғаны жырау - гидаю емес, актерлер айтатын болған. Кабуки таетрында қалыптасқан көркемдік әдістер канонға айналды. Спектакльдер зәулім театрдың кең сахнасында қойылды. Сахнаның сол жағында бүкіл залдың үстінен өтетін - ханамити деп аталатын өткелшесі болған, ол кейде қосымша сахна ретінде де пайдаланылды. Әйелдер рөлін ерлер орындады. Кабуки театрлары Токио, Осака, Киото және Негояда бар. Жапоняи театрының тағы бір классикалық түріне Но жатады. Ол 2 - дүние жүзілік соғыстан кейін ішінара өзгерістерге ұшырады. Токиода, Киотода, Осакада Но театры ойынын көрсететін бірнеше театр үйлері бар. 19 - ғасырдың соңы мен 20 - ғысырдың басында симпа, сингэки, синко ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркемдік және эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі музыкалық өнер. Дәрістер
Бірінші дүние жүзілік соғыс
Туристік өнім
Музыканы оқыту әдістемесі
ХХ ғ. 20 ж. Еуропадағы буржуазиялық революциялар
Бірінші дүниежүзілік соғысты жан-жақты талқылап, тарихи мәнін ашу
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Туристік формалдылықтар
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Пәндер