Смақов Жақан



СМАҚОВ Жақан (1932-1974). Жаңаарқа ауданы Ынталы колхозында туған. қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы Талдықорған облыстық газетінде бастайды. Одан кейін «Қазақстан пионері», «Коммунизм таңы» назеттерінде істейді. 1958 жылы Алматы теледидары ашылысымен сонда қызметке ауысады. Теледидар хабарларының жаңа түрлерін ойлап табады. «Ерденнің ертегісі», «Кешкі ертегі», «Спать пора малышам», «Алдардың айласы», «Жан-жануарлар дүниесі», «Бұл сенің әнің», «Ал сурет салайық» сияқты тұрақты көрсетулер ұйымдастырады. «Тамшы», «Бұршақ туралы ертегі», «Кім күшті, кім мықты», «Аю қалай адасты» сияқты шығармаларын әуелі теледидарға арнап, кейіннен кітаптарына енгізеді. Оның «Құсбегі» телефильмі бүкіл одақтық экранға шығады.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдары «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ақтауық», «Бақ-бақ», «Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ», «Қарақат», «Тамшы» деген өлең жинақтары басылады. Бұлардан басқа «Біздің апай Түсекең», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деген суретті кітаптарын шығарады. Жақанның туып өскен, балалар ақыны екндігін танытқан «Жаңғырық» атты таңдамалы өлеңдер жинағы болды. Ал «Талапай» атты кітабы қазақ балалар әдебиетінің тамаша жаңалығы ретінде қабылданды. Бұлардан басқа «Сәбилерге сәлемдеме» (1959), «Біздің тақпақ, жұмбақтар» (1961), «Күлдірген» (1962), «Погремушка» (1964), «Мың махаббат» және «Намыс» (1964) кітаптары жарық көрді.
Сонымен қатар Ж.Смақов бірнеше ән текстерінің авторы. «Белқараған» әні қазақ радиосынан жиі беріліп тұрады.
Жақанның туып өскен, балалық, жігіттік шағы өткен Қарағаш өңірі айтулы адамдар, өнер қайраткерлері көп шыққан өңір. Ол жастайынан Телғозының Шоңы, Төлебай салдың, Маймақ, Жолдыкей ақынның өлең-жырларын, әңгімелерін тыңдап, жаттап өсті. 1942-1945 жылдар аралығында Ынталы орталау мектебінде мұғалім болған Серік Қирабаев, Асан Жұмаділдиннен сабақ алды.
Аяулы ақын 1974 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. өзі оқыған «Ынталы» орта мектебіне Жақан Смақовтың аты берілген.
1.І.Ісләмұлы.Атыңнан айналдым,Жаңаарқам/Қарағанды:Болашақ-Баспа,1999 – 81 бет.
2.Мағзұмұлы Ж.Жаңаарқа әншілері. - Астана:Фолиант,2012. – 195-бет.
3.Қарағанды.Қарағанды облысы:Энциклопедия. – Алматы:Атамұра,2006. – 477 бет.
4.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-137 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
СМАҚОВ Жақан (1932-1974). Жаңаарқа ауданы Ынталы колхозында туған. қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы Талдықорған облыстық газетінде бастайды. Одан кейін Қазақстан пионері, Коммунизм таңы назеттерінде істейді. 1958 жылы Алматы теледидары ашылысымен сонда қызметке ауысады. Теледидар хабарларының жаңа түрлерін ойлап табады. Ерденнің ертегісі, Кешкі ертегі, Спать пора малышам, Алдардың айласы, Жан-жануарлар дүниесі, Бұл сенің әнің, Ал сурет салайық сияқты тұрақты көрсетулер ұйымдастырады. Тамшы, Бұршақ туралы ертегі, Кім күшті, кім мықты, Аю қалай адасты сияқты шығармаларын әуелі теледидарға арнап, кейіннен кітаптарына енгізеді. Оның Құсбегі телефильмі бүкіл одақтық экранға шығады.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдары Сыйлық, Қаз-қаз бас, Жастық сыры, Ақтауық, Бақ-бақ, Сылдырмақ, Жүз бір жұмбақ, Қарақат, Тамшы деген өлең жинақтары басылады. Бұлардан басқа Біздің апай Түсекең, Менің бөпем, Ғажайып бұлттар, Саяхат деген суретті кітаптарын шығарады. Жақанның туып өскен, балалар ақыны екндігін танытқан Жаңғырық атты таңдамалы өлеңдер жинағы болды. Ал Талапай атты кітабы қазақ балалар әдебиетінің тамаша жаңалығы ретінде қабылданды. Бұлардан басқа Сәбилерге сәлемдеме (1959), Біздің тақпақ, жұмбақтар (1961), Күлдірген (1962), Погремушка (1964), Мың махаббат және Намыс (1964) кітаптары жарық көрді.
Сонымен қатар Ж.Смақов бірнеше ән текстерінің авторы. Белқараған әні қазақ радиосынан жиі беріліп тұрады.
Жақанның туып өскен, балалық, жігіттік шағы өткен Қарағаш өңірі айтулы адамдар, өнер қайраткерлері көп шыққан өңір. Ол жастайынан Телғозының Шоңы, Төлебай салдың, Маймақ, Жолдыкей ақынның өлең-жырларын, әңгімелерін тыңдап, жаттап өсті. 1942-1945 жылдар аралығында Ынталы орталау мектебінде мұғалім болған Серік Қирабаев, Асан Жұмаділдиннен сабақ алды.
Аяулы ақын 1974 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. өзі оқыған Ынталы орта мектебіне Жақан Смақовтың аты берілген.

Жақан Смақовтың шығармаларын оқыған адам оның тумысынан бөбек жанын ұғып, тілін біліп, сырласуға жаралған дарынды педагог-ақын екеніне көңілі әбден сенеді. Ақын аз сөзбен дәл сурет беріп, табиғат құбылысын танытып отырады.

Мөлдір бұлақ,
Таудан құлап,
Сылдырлайды,
Былдырлайды.
Ол балалар поэзиясында өзіндік ерекшілігі бар ақын. Сол ерекшеліктердің қыры мен сырына үңілейік. Ақын бала жүрегіне барлау жасағанда сөз арқылы, дыбыс үндестігі, үйлесімі арқылы қалай әсер етуді нақтылы, әрі анық ойластырады.
Мысалға: Жылауық-ау, жылауық,
Қойсаңшы, енді бірауық!
Қоғам, табиғат, жаратылыс құбылыстары, жан-жануарлар ақын жырының арқауы әрі түбегейлі тақырыбы. Жануарлар әлеміне қалай кіріп, қайтіп жетелейтініне зер салайық. Бұл ретте бұрын қазақ балалар әдебиетінде жоқ кейіпкерлер жасайды. Кейіпкерлері піл, арыстан, жолбарыс, керік, аю, есек, бұғы, түлкі, қоян болып келеді.
Піл дегенің үнемі,
Тұмсығын сүйреп жүреді
Сонымен үстін жуады.
Сонымен жауын қуады.
Осындай бейнелі суреттерді қайта-қайта оқыған адам жалықпайды. Ұғынықты, бейнелі, әрі ұнамды, жарасымды сипат үйлесімін табады.
Мойны тұтасқан
Аузы апандай.
Бұл не керемет!
Бұл -Бегомот
Ақын 1932 жылы Қараағаш ауылында дүниеге келген. Бастауыш мектеп бітірген Жақан Смақов сол кездегі көптеген балалар тәрізді Ұлы Отан соғысы жылдары колхозда еңбек еткен. Соғыстан соң аудан орталығында интернатта жатып, Ленин атындағы мектепте оқыған. Замандасы СССР журналистер Одағының мүшесі Өміртай Жақыповтың естелігінде, оның мектепте екі бірдей әдебиет пен көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, мектептің қабырға газетіне ақын баланың өлеңдері шығып тұратыны айтылған. Жақан оқуды үздік оқып, қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын. Сондықтан да оны мектепте мұғалімдер жақсы көріп, ерекше іш тартатынын айтқан. Өмекең тағы бір естелігінде: Жақанның университетте оқыған кезде де жаксы оқумен қатар, қоғамдық жұмыста белсенді болғанын атап айтады. Филология факулетінің Журналист, Филолог қабырға газеттерінде, университеттің Қазақ университеті кең таралымды газетінде болашақ ақынның өлеңдері жарияланып тұрды, редакция алқасының мүшесі болды. Сол жылдары КазМУ-дің көркемөнерпаздар үйірмесіне атақты әртістер С. Қожамқұлов, тұңғыш дипломды қазақ режиссері А. Тоқпанов жетекшілік ететін. Драматург М.Ақылжановтың Ыбырай Алтынсарин спектакллі университет сахнасында қойылғанда Жақан басты рөлде ойнады. Атақты әртістер Қ. Жандарбеков пен Ш. Аймановта журналист-студенттермен кездесулер өткізетін. Осы кездесулерде де ол өз ойын ортаға салып ерекше көзге түсіп жүретін. Ш. Айманов Жамбыл кинофильмін қойып, өзі басты рөлде ойнады. Жақан сол фильмде жалпы көрініске түскен еді.
Ол университеттегі жылдарда балаларға арналған өлеңдер жазып, жиі көрінеді. Сол студент күнінде-ақ Жақан қазақ балалар әдебиетінде негізінен балалар ақыны атанды. Сондықтан да болар, ол төртінші курсты бітірген жылы республикалық Қазақстан пионері газетінде әдебиет және өнер бөліміне меңгеруші болып тағайындалды,- деп жазған.
1955 жылы университетті бітірген Жақан Смақовты Талдықорған облыстық Советтік Жетісу газетіне бөлім меңгерушісі қызметіне жібереді. Онда бір жыл жұмыс істеп, отбасы жағдайына байланысты Алматыға қайтып оралады. Бұдан соң, Қазақстан пионері, Коммунизм таңы газеттерінде жұмыс істейді. 1958 жылы Алматы теледидары ашылысымен тоғыз жыл бойы балалар редакциясын басқарады. Мұнда ол ақын-жазушылар, композитор, суретшілерді ұйымдастырып, телевизиялық хабарлардың түр-түрін ойлап тауып, өзінің жаңашылдығын елге танытты. Соның бірі Ерден атайдың ертегісі. Ал, Игорь Саввин екеуі бірлесіп Кешкі ертегі (Спокойной ночи, малыши) деген күнделікті хабар ұйымдастырды. Бұл одақ көлемінде жоғарғы баға алып, одақтық теледидарға да енгізілді.
Жақан ақын Тамшы, Бұршақ туралы ертегі, Кім күшті, кім мықты, Ұзын аяқ, Аю қалай адасты сияқты әуелі телевизиялық хабарларға арнап жазып, кейін кітаптарына енгізді. Оның құсбегі туралы телефильмі бүкілодақтық экранға шықты. Ақынның балаларға әсіресе бөбектерге арналған өлеңдеріндегі шеберлігін, тапқырлығын әдебиет зерттеушілері өте жоғары бағалаған.
Ақын поэзиясының айрықша бір саласы-жұмбақтары. Бұларда мәнді мазмұн, тапқырлық, көркемдік сырлары бар.
Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың. (Тұз)
Ж. Смақовтың қазақ балалар әдебиетіне енгізген тағы бір жаңалығы-әсерлі, әрекетті ойындары. Халықтың Соқыр теке, Талапай сияқты ойындарында шебер жандандыра білді.
Ақын жұмбақ, жаңылтпаш, ойын өлеңдерінде балдырғандарға тіл үйрету жағын қатты қадағалаған, мақсатты мағына беріп жазған. Оның шығармалары тумысынан бөбек жанын ұғып, тілін біліп, сырласуға жаралған дарынды ақын екеніне адам көңілін әбден сендіріп, көзін жеткізеді.
Қалам ұстағаннан балаларға, әсіресе балдырғандарға арнап өлең жазған ақын, өзіндік ерекшелігі танылып, шығармашылық толысқан шағында денсаулығы нашарлап қырық екі жасында қайтыс болды.
Оның артында балалар мен балдырғандарға арналған оннан астам кітаптары қалды. Бұл кітаптарда балаларға арналған өлеңдер, мақалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер жарияланған. Сонымен қатар, Жақан бірнеше ән сөздерінің авторы. Бірнеше композиторлармен шығармашылық одақта болды. Әсіресе, Ө. Байділдаевпен ынтымағы жарасты. Олардың бірі сөзін бірі әнін жазған Шопан қыз бен жігіттің айтысы деген дуэт қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.
Жақан Смақов екі бірдей шығармашылық одақтың, атап айтқанда-СССР Жазушылар Одағының, СССР журналистер одағының мүшесі болған. Яғни, ол балалар поэзиясында да, журналистикада да тындырымды, өнімді қалам тартты, щығармашылық мол мұра қалдырды.
Ақынның жоғарғы адамгершілігі туралы қазақ әдебиетінің алыптарының бірі, өзінің тұстасы Қадыр Мырза Әлі: Жақан Смақов деген ақын болған,- деген мақаласында өзіне жасалған қамқорлығы үшін жақсы лебіз білдірген. Жерлесіміздің туғанына 80 жыл толуына орай ауданда да келесі жұмыстар атқарылуда. Аудан кітапханаларында ақын шығармашылығына арналған көрмелер ұйымдастырылып, оқырмандар конференциясы өткізілуде. Ақынды есте сақтау мақсатында оның 60 жылдығында Ынталы мектебін ақын атымен атау туралы бастама көтеріліп, аяғына дейін жетпеген екен. Қазір оны әрі қарай рәсімдеу қолға алынуда.

Кісідегінің кілті - аспанда деген байырғы заманнан келе жатқан мәтел бар. Тауар - ақша - тауар ұғымына, заңына негізделген сауда-саттық, бизнеске сәйкестеліп нарыққа көшкен бүгінгі қоғамның бейнесін сипаттауға осы ең орынды теңеу. Ақын-жазушыларға да қатысты айтылған деуге болады. Ал құлпы кімде? Егер көркем әдебиетке байланысты айтатын болсақ, құлпы - жазушыларда, кілті - оқырмандар қолында. Яғни баспалардан шығып жатқан кітаптардың құлпын ашуы үшін оны кітап дүкендерінен сатып алуы, беттерін парақтап оқу-оқымауы, кілттерін қалталарында ұстап жүрген қалың көпшілікке тәуелді екендігі кім-кімге де аян. Әйтсе де, көптеген кітаптардың құлпы ашылмаған қалпында, кітапханаларда жататыны құпия емес. Жұрт кітапханаларға барып кітап оқып жүр дегенге күдіктіміз.

Ең бір жөндісі, бүгіндері 80 жылдық мерейтойына жеткен қазіргі балалар әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі - Жақан Смақовтың шығармаларын оқитын оқырмандардың көптігі жағынан озып тұрғандығын бірден айта аламыз. Еліміздегі 9 мыңдай мектеп, 4 мыңдай балабақшаға баратын миллиондаған балалар - шығармалары баяғыдан хресто - ма - тия - ға айналып кеткен Жақан Смақовты оқып келе жатқаны қаламгердің абырой мәртебесін көтеретін үлкен артықшылығы, бар-жоғы 42 жыл ғана өмір сүрген Жақан Смақовтың шығармаларының өміршеңдігі. Өйткені, ақын шығармалары - бүкіл мектеп оқулықтарына енген, оны жыл сайын рет-ретімен алмасып отыратын әрбір сынып оқушылары оқып келеді, алда да оқы - ла бермек, заман алдындағы актуал - дығын жойған емес.
Жақан Смақов туралы сөз айту маған жүктелгенде, балаларға арналған газет-журналдарда, баспаларда талай жыл жұмыс істеген менің есіме, өзіммен бірге қызмет істеген әріптестерімнің Жақан Смақовтың шығармаларына жоғары баға беріп, жиі-жиі айтып отыратыны, әсіресе Қазақстан пионері газетінде бірге істе - ген белгілі жазушы Тұрдыбек Алшынбаев көп мақтайтыны жадымда. Сонымен қоса, Жақан Смақовтың өзім жатқа білетін үш шығармасы бірден ойыма түсті. Олар Жалау, Ақтауық, Қаз-қаз бас деген өлең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ балалар поэзиясының көрнектi өкiлi - Жақан Смақов
Бала тілі поэзиясы
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы толғаныс
Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру
Балаларға арнап жазған өлеңдері
Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру
Сәбилік шақтағы балалардың тілін дамыту
Жақан Сыздықов поэмаларындағы ақын шеберлігі және тіл көркемдігі
Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
Пәндер