Алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайту


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . 8
1 Геологиялық бөлім
1. 1. Алаңның физикалық, географиялық, экономикалық жағдайлары . . . 10
1. 2. Алаңның геологиялық, геофизикалық тарихы . . . . . . 12
1. 3. Литологиялык, стртиграфиялық қимасы . . . ……… . . . 23
1. 4. Тектоника . . . . . . 37
1. 5. Мұнайгаздылығы . . . ……… . . . 51
1. 5. 1. Оңтүстік, оңтүстік - шығыс Каспиймаңы ойпатында тұз карниздерінің таралуы . . . 60
І. 6. Жер асты суларының сипаттамасы . . . …… . . . 63
1. 7. Мұнай және газ қорларын есептеу . . . …… . . . 71
І. 8. Жобалау, іздестіру жұмыстарының әдістері мен көлемі . . . 74
1. 8. 1. Іздестіру жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері . . . 74
1. 8. 2. Іздестіру ұңғымаларын орналастыру жүйесі . . . 76
II Техникалық бөлім
2. 1. Бұрғылаудың геологиялық жағдайлары . . . 77
2. 2. Тасбаған мен шламды алу . . . 77
2. 3. Жуу сұйықтығының сипаттамасы . . . 80
2. 4. Құбырдың конструкциясын жобалау . . . 82
2. 4. 1. Пайдалану тізбегінің беріктігін есептеу . . . 87
2. 5. Пайдалану тізбегін цементеуге есептеу . . . 93
2. 6. Ұңғы сағасына орналастырылатын жабдықтарды таңдау . . . 97
2. 7. Зертханалық зерттеулер . . . 98
III Экономикалық бөлім
3. 1 Өндірістің ұйымдастырылуы . . . 99
3. 2 Материалды-техникалық жабдықтау . . . 100
3. 3 Ұңғы құрылысын қажет мерзімде негіздеу . . . 101
3. 4. Негізгі техника - экономикалық көрсеткіштер есебі . . . 102
3. 5. Жобалау ұңғымасының құрылысын қаржыландыру . . . 109
IV Еңбек қорғау
4. 1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау . . . 112
4. 2 Қорғаныс шаралары . . . 114
4. 2. 1 Жалпылама шаралар . . . 114
4. 2. 2 Өндірістік санитария . . . 115
4. 2. 2. 1 Жалпылама шаралар . . . 115
4. 2. 2. 2 Өндірістік шағын климат . . . 116
4. 2. 3 Техника қауіпсіздігі . . . 118
4. 2. 4 Электр қауіпсіздігі . . . 120
4. 2. 5 Өрт қауіпсіздігі . . . 122
4. 3 Қоршаған ортаны қорғау . . . 122
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 124
ТIРКЕМЕЛЕР
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан мұнай мен газдың қоры бойынша бай мемлекеттердің қатарына жатады. Өлкеміздің басқа мұнайлы - газды алаптарымен қатар, Каспий маңы ойпатының территориясындағы мұнай мен табиғи газдың геологиялық барлау жұмыстарын жеделдету мақсаты алға қойылған [12] . Оның негізгі перспективасы тұз карниздері мен тұзүстіндегі палеозой және мезозой кешендерімен байланысты және бұл кешенге мұнай қорының айтарлықтай үлесі тиеді. Кенжалы - Жарлыоба құрылымы осы тұз карнизімен негізделген.
Тұрлан геофизикалық экспедициясы Каспий маңы ойпатының шы-ғыс ернеумаңы бөлігінде, әсіресе Ақтөбе - Астрахан күмбезінің іргетасын-да 1987 жылдан бастап сейсмобарлау жұмыстарын МОГТ жүргізген. Алдымен сейсмикалық зерттеулер тербелісті жарылыс көзін пайдалану арқылы тудырған, кейін сонымен қатар жармайтын құрылғы СВ - 5150- ді пайдаланған. Диплом жобасы сейсмикалық материалдардың көмегімен құралған. Онда сейсмикалық толқындарды жаратын және жармайтын әдістермен тудырған.
Әкімшілік тұрғыда жұмыс жобаланып отырған алаң Темір ауданы, Ақтөбе облысында орналасқан. Бұл диплом жобасын құрастыруға ертерек-те жүргізілген іздеу жұмыстары негіз болды. Осы процесте тұзастындағы Жақсымай, Шелекті және тұзүстіндегі Кенжалы, Үшбұлақ, Жаманағаш ло-кальді антиклинді кұрылымдары мұнай мен газ шоғырларын іздеуде тәжірибелік қызығушылық тудырды.
Бұл дипломдық жобада 3750 м - ден 5000 м - ге дейінгі 3 ұңғымала-рын бұрғылау көзделіп отыр.
Бұрғылаудың мақсаты - пермотриас шөгінділеріндегі мұнай мен газ шоғырларын анықтау, осы ашылған қимадағы мұнай мен газдың перспективасын айқындау, литологиялық - стратиграфиялық қима және жыныстардың жинауыш қасиетін зерттеу.
Бұл алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайтуға көмектеседі және бұл аймақ бойынша жоспарланған мұнай мен газ қорларының өсуіне жол ашады.
Диплом жобасын құрастыруға диплом алдындағы өндірістік практи-када және геологиялық фондыдан жиналған мәліметтер негіз болды.
1 Геологиялық бөлім
1. 1 Алаңның физикалық, географиялық, экономикалық жағдайлары
Кенжалы - Жарлыоба карниз асты құрылымы Каспий маңы ойпатының шығыс бортында орналасқан. Жоғарыда айтылғандай, зерттелу алаңы администрациялық тұрғыда Ақтөбе облысы, Темір ауданында орналасқан ( 1-сурет) .
Құрылым әсіресе, өзендер мен сайлы жерлерде кеңінен шөпті өсімдіктер таралған далалық белдемге жатады.
Құрылымның гидрографиясы көп салаға салаланған Ойыл өзенімен сипатталады. Ойыл өзенінің салалары болып келетін Кенжалы, Киіл, Шие-лі өзендерінің ағындары және сайлы жерлердің көп болуы сейсмикалық профильдер түсіру жұмыстарына айтарлықтай күрделі кедергі етеді.
Ауданның абсолютті белгілері + 170 м - ден + 270 м-ге дейін ауыт-қиды. Аудан климаты өте континентальды, жазы ыстық және қысы суық болып келеді. Температура жазда + 40°С, қыста - 38°С. Аудан климатының тағы ерекшеліктерінің бірі - солтүстік шығысқа бағытталған катты желдер. Жылдық орташа жауын - шашын мөлшері 120 - 200 мм -ден аспайды. Жауын - шашын негізінен күзгі және қысқы мезгілдерде түседі. Зерттеліп отырған учаскенің территориясында орналаскан ірі тұрғын пункттері - Шұбарқұдық, Қандыағаш, Перелюбовка, Байғанин, Алтықара-су, Қаратөбе кенттері. Олар бір - бірімен асфальтты тас жолдар мен және грунтты жолдармен байланысып жатыр. Зерттелу учаскесінің Қандыағаш - Атырау, Қандыағаш-Қызылорда темір жолдары кесіп өтеді. Бұл екі темір жол бағыттары Қандыағаш станциясында қилысады. Шұбарқұдық темір жол станциясы 15 км жерде орналасқан.
1 - сурет
1. 2 Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттелу тарихы
Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігі аймақтың геолого-геофизика-лық зерттеулердің әртүрлі сатысы бойынша зерттелген тіректік, параметр-лік және тереңдік, құрылымдық іздеу, бұрғылау жұмыстары мен геология-лық түсірулер, масштабы 1: 5, 1: 2, 1: 1 және 1:5 бо-латын аэромагниттік түсірулер, сейсмобарлау МОВ, КМПЗ, МРНП, Г03 және МОГТ, соңғы кезде ғарыштық түсірулер де жүргізілген.
Геологиялық түсірулер, зерттеулер
Бұрғылау жұмыстары
Каспий маңы ойпатының шығыс ернеуі аймағында, яғни Ақтөбе об-лысында мұнай мен газға геологиялық іздеу, барлау жұмыстары 1930 ж бе-рі жүргізілуде. 1947 ж дейін бұл жұмыстар негізінен тұз күмбездеріне жүр-гізілген, ал 1947 ж бастап жұмыс бағыты Ақтөбелік Арал маңына ауысқан болатын.
Кейінгі кезеңде екі мұнай кенорындары ашылған: Шұбарқұдық және Жақсымай. 1959 ж Батыс Мұғалжар маңы және Оңтүстік-Ембі көм-пимелеріне жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде келесі мұнай кенорындары ашылды: Кенқияқ тұзүсті және Боранкөл, ал 1960 ж Прорва кенорны. Бұдан басқа Оңтүстік-Ембі көмпимесінің орталық бөлігінде ор-наласқан Жаңасу алаңындағы бір ұңғымадан Каспий маңы ойпатындағы жоғарғы девон жасты алғашқы екі ауыр мұнай горизонттары ашылды.
1961-1965 жж аралығындағы кезеңде параметрлік бұрғылау жұмыс-тары үлкен көлемде жүргізілді. Алғашқы ұңғымалар XXI аймақтық сейс-мопрофильге қойылды:П-12, Г-88, П-89 Кенқияқ, П-17 Мортук, П-11 Шин-гельший, П-13 Әлібекмола, П-14 Солтүстік Кендісай және басқалар. Пара-метрлік бұрғылау жұмыстары ауданның тереңдік құрылысын анықтауда көптеген мәліметтер берді. Осы жұмыстар нәтижесі бойынша кунгурге дейінгі палеозойдың жоғарғы бөлігінде эрозионды және батысқа қарай моноклинальды төмендеу байқалады. П-13 Әлібекмола ұңғымасының аш-қан ең көне жыныстары ортаңғы таскөмірдің терригенді - карбонатты түзі-лімдері болып табылыды, ал П-89 үңғымасында төменгі таскөмірдің кар-бонатты түзілімдері ашылды.
1970 - 1980 жж "" 27 алаң бойынша құры-лымдық бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Олар: Кенқияқ, Қаратөбе, Қожа-сай, Самбай, Жаңажол, Төрткөл, Шұбарқұдық және басқалар. Олардың жо-балық тереңдіктері 4500 - 5500 м. Бұрғылау нәтижесінде келесі алғашқы тұзасты кешенінің мұнай кенорындары ашылды: Кенқияқ П - 88, Қаратөбе П-25. Осыдан кейін кеңінен жүргізілген мұнай іздеу - барлау жұмыстары-ның нәтижесінде ірі мұнайгаз - конденсатты Жаңажол кенорнының ашы-луына әкеп соқты. Соңынан Урихтау, Қожасай кенорындары ашылды. Қа-зіргі таңда іздеу-бұрғылау жұмыстары негізінен таскөмір жасты ұсақ сулы карбонатты түзілімдер аумағында жүргізілуде: Жаңажол - Төрткөл, Аққұм-Аққұдық, Қобыланды - Тамды, Кенқияқ - Бозаба белдемдерінде ұңғыма-лардың жобалық тереңдігі 4500 - 5500 м таскөмірдің карбонатты түзілім-дерінен өтуге негізделген. Ал 7000 м Қожасай ұңғымасымен шөгінді тысты толық өтуге жобаланған. Жүргізілген бұрғылау жұмыстарының нәтиже-сінде Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінің геологиялық құрылысы туралы мәліметтер алынды. Таскөмір түзілімдерінде екі карбонатты кешен ашылды: КТ-І (жоғарғы таскөмір-гжел) және КТ-ІІ ( жоғарғы визе- башкир - төменгі москва) . КТ - I ең шеткі шығыс ернеуі белдемдерінде орналасқан. Ол солтүстігінде Жаңажолдан оңтүстігінде Шығыс Төрткөлғе дейін созыл-ған. Бұл КТ-І кешені Аққұдық, Аққұм, Арансай, Кенқияқ, Бозаба, Қожасай, Жаңажол, Шығыс Төрткөл алаңдарында ашылған. Бұл кешеннің түзілімде-рінде барлық дерлік алаңдарда мұнай белгілері табылды. Іздеу, барлау учаскелерінен көптеген ұсақ кұрылымдық ұңғымаларда юра, бор триас тү-зілімдері табылған.
Геофизикалық зерттеулер Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінде мұнай мен газ кенорындарын іздеу мақсатындағы геофизикалық іздеу, бар-лау жұмыстары 1930 ж басынан жүргізіліп келеді. Алғашқы кезеңде гравиметриялық, магнитобарлау, сейсмобарлау және электробарлау жұ-мыстары тек белгілі мұнай өндірістерінің қасында шектеулі аймақтар-да ғана жүргізіліп келді. Жоспарлық геофизикалық зерттеулер 1960 ж бастау алды. Бұл жоспарлар ғылыми зерттеу және өндірістік мекемелер-дің негізінде жүзеге асырылды.
Магнитобарлау мен аэромагнитті түсірулер
Жұмыс жүрген алаңның аумағында профильді және аудандық сипаты бар әркелкі масштабты жердегі түсірулер мен аэромагнитті түсірулер жүргізілген. Зерттеу барысында, аймақтық аномалия туғызатын, яғни магнит өрісіне әсер ететін іргетастың кристалды жыныстары ғана анықталған. Осыған байланысты бұл материалдар аумақты тектоникалық аудандастыруға, тұз күмбездерінің жалпы айқындалуына, ірі тектоникалық элементтердің анықталуына ықпал етті. Магнит мәліметтері Каспий маңы ойпаты іргетасының жасын, оның заттық құрамын анықтауға мүмкіншілік берді. Магнит өрісі бойынша іргетастың көтерілімі оң мәндегі магнит өрісін, ал иіндіойыстар теріс мәнді көрсеткен. Сонымен қатар, аномалия негізді құрамды интрузивті жаралымдарға сәйкес келеді. Ал метаморфты жаралымдар(гнейс, гранитті массивтер) магнит өрісі мәнінің төмендеуімен сипатталады.
Электробарлау
Электробарлау жұмыстары Каспий маңы ойпатында бірінші рет 1929-1984 жж тұз күмбездерінің морфологиясын тұзүсті қабатындағы ысырмаларды зерттеу үшін ВЭЗ әдісін қолдану арқылы жүрді.
50-ші жылдар соңында теллур тоғы (ТТ) және магниттеллурлы зонд-тау (МТЗ) әдістері енді. ТТ жіктемесін қолдану 1. 5-2. 0 км тереңдіктегі кун-гурдың галогенді шөгінділерінің жату бедерін сапалы түрде анықтауда ма-ңызы зор болды.
Сейсмобарлау
Каспий маңы ойпатының шығыс ернеуінде жүргізіліп келген сейс-мобарлау жұмыстарын 3 кезеңге белуге болады. Бірінші кезеңде (1931 - 1969 жж) тек түз күмбездері құрылымдарының дөңбек күмбездерінің ма-ңында ғана жүргізіліп отырды. Ол кезде тұзүсті кешенінің төменгі бөлігі мен тұзасты түзілімдер зерттелмей қалып отырды.
МОВ сейсмобарлау жұмыстарының геологиялық эффективтілігін тө-мендететін нәрселер: ол терең, әрі күрделі геологиялық құрылысы болып келеді: еңісті шекараларының тік бұрышты болуы, тұз күмбездерінің күр-делілігі, күмбездердің дөңбек күмбездерінде көптеген жарылымдардың бо-луы және т. б. Осының бәрі күрделі интерференциялық сейсмикалық жаз-балардың болуына себеп болды. Нәтижесінде ауданның тектоникалық құ-рылысы жалпылама зерттелген болатын.
1965-1969 жж МОВ-МРНП арқасында сейсмобарлаудың эффектив-тілігі жоғарлай түсті. Сейсмобарлаудың бұл түрлерін қолдану Ақтөбелік Аралмаңының күрделі тектоникалық құрылысын, оның терең геологиялық қимасын қолданылған 1964 ж МОВ, КМПВ, XXII аймақтық профильдері жасалды. 1965 ж Шұбаркұдықтың күмбездерінің қанаттарында МНРП жә-не МОВ сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді.
Сесмобарлаудың алғашқы объектісі болып күмбездердің оңтүстік -шығыс бөлігі ұсынылды. 1966 ж күмбездің оңтүстік - шығыс қанатында қосымша МРНП жұмыстары жүргізіліп, ол құрылымдарды біршама толық зерттеуге мүмкіндік берді және ол терең бұрғылау жұмыстарына ұсыныл-ды.
МОВ - МРНП іздеу жұмыстарымен қатар 1957 ж КМПВ, МОВ, МРНП аймақтық жұмыстары жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде тұзасты түзі-лімдері және кристалды іргетастың жоғарғы бөлігінің құрылысы туралы мәліметтер алынды (Пилифосов В. М., Мироненко В. Ф., Огай Б. А., Жалы-бин Б. А., т. б. ) . КМПВ аймақтық жұмыстарын МинГеоКаз ССР - дің ИГФЭ, ТГФЭ, "Спецгеофизика" трестімен, ВНИИ геофизика мекемелері жүргізді. КМПВ толқындық өрістерінің күрделілігі әртүрлі мекемелерде жүргізілген мәліметтерді интерпретациялау нәтижелерінің бірдей болмауына әкеп соқты. Мәліметтер бойынша горизонттардың әртүрлі болуы іргетастың жоғарғы бөлігінің әртүрлі болуы, т. б. Әдетте КМПВ сейсмобарлау жұмыс-тары ПСЛ-І-КМПВ немесе ГШИСК - I - 48 КМПВ сияқты екі сейсмо-станцияларда жасалатын. ұзындығы 12 км жә-не 9 км. Сесмоқабылдағыштар қадамы 100 м, жарылыс интервалы 6-12 км және 9 - 18 км болды. Кейбір бөлек профильдерде годогроф ұзындығы 144 км - ге дейін жетті. КМПВ, МОВ, МОП жұмыс нәтижелерінің әртүрлі жылдары жасалған мәліметтерінің жиналуы оларды ортақ бір әдіспен ин-терпретациялауға мүмкіндік берді (ЖалыбинФ. Н., 1969 ж, Комаров В. П., Чистяков ВТ., 1976 ж, Юров Ю. Г., Деменьтев Н. Г. және т. б., 1976 ж, 1978 ж, 1980 ж Сапожников Р. Б., Быкайдаров Б. А. ) . Осы жұмыстар нәтижесінде іргетас бедерінің схемалары, оның құрылысы туралы мәлімет беретін ша-ғылу нұсқалары тұрғызылды. Осы мәліметтер бойынша іргетас дифферен-цияланған бедері мен тектоникалық бұзылыстардың кеңінен таралуымен ерекшеленеді. Іргетас орналасуының тереңдігі 7-25 км аралығында өзгеріп отырады.
Екінші кезең (1970 - 1980 жж) сейсмобарлау жұмыстарының сапалы жаңа кезеңін сипаттайды. Мұнда «Поиск» деп аталатын магнит жазуы бар және далалық мәліметтерді аналогты қондырғыларда қайта жөндейтін ма-шиналық әдістері қолданды (ПСЗ - 2, ПСЗ - 4) . 1973-1974 ж бастап сейсмо-барлаудың жаңа әдістері (МОГТ; ВСП) қолданыла бастады. Бұл әдістер - жарылмайтын қоздырғыш көздері. Дала мәліметтеріне сандық есептеу ма-шиналарында талдау жасады. Күрделі зерттеулердің нәтижесінде - қайта профильдер түсіру, қоздырғыш көздерін біріктіру т. б. ауданның тереңдік құрылысын толық зерттеуге мүмкіндік берді. Көптеген тұзасты кешенінің локальды көмпимелері анықталды.
Үшінші кезең 1980 ж. басталған сейсмобарлау жұмыстарына жаңа әдістемелік және аппаратты игерулердің интенсивті түрде енгізілуімен си-патталады. «Прогресс» пен «ССЦ-3» сейсмостанцияларының қолданылуы МОГТ мәліметтерін ЭВМ - да талдау жасауға мүмкіндік берді. 1985 ж бас-тап Каспий маңы ойпатының шығыс және онтүстік шығыс ернеуінде та-ралған карбонатты түзілімдердің таралу шекарасын анықтау мақсатында сейсмобарлау жұмыстарының біріккен тереңдік әдістерін қолдана бастады. Тұзасты мұнай және газ кенорындарын іздеудің эффективті шешімі аймақ-тың тереңдік құрылысын жан-жақты зерттелгендігін талап етеді. Сондық-тан бұрыннан жиналған Каспий маңы ойпатының шығыс және оңтүстік шығыс ернеу бойының геофизикалық мәліметтерінен басқа да әдістер бо-йынша интерпретациялар жүргізіліп отырды (Гущин Е. С. 1984 ж, Огай Б. А. 1988 ж, Жуйков С. А. 1985 ж, Боранаев В. А. 1981 ж, Волож Ю. А. 1986 ж, Курмашев Е. К . 1984 ж) .
1987 ж бастап Каспий маңы ойпатының ернеу маңы белдемінің терең сулы жағдайындағы Темір карбонатты массивіне Тұрлан геофизикалық экспедициясы МОГТ іздеу, сейсмобарлау жұмыстарын жүргізіп келеді. Ұсынылған жоба 1987 - 1992 жж өткізілген сейсмобарлау жұмыстарының нәтижесі болып табылады
Шелекті с/п 7/91-92 жобасы бойынша МОГТ сейсмобарлау жұмыс-тары вибросейсмикалық әдіс негізінде жүрген. Осы жұмыстардың негізгі мақсаты локальді Шелекті мен Жақсымай тұзасты құрылымдарының ша-ғылу горизонттарын анықтау және терең мұнайгазды іздеу, бұрғылау жұ-мыстарына беру. Шұбарқұдық с/п 7/90 - 92 жобасы бойынша сейсмикалық МОГТ жұмыстар 25 қадаммен шпурлы зарядтарды қолданумен жүрді. Тұзүсті түзілімдерінің құрылысын анықтауға бақылаудың осындай әдісі осы ауданда ТГФЭ бірінші рет қолданған. Осы жоба бойынша далалық байқаулардың нәтижелерінде есеп берудің профильдерін өңдеу жоба тап-сырмаларына тура сәйкес келеді.
Шұбарқұдық с/п 7/90 - 92 жобасы кешеннің геологиялық құрылы-сын, ондағы мұнайгаз болашағы бар объектілердің ашылуын, детализа-циясы мен терең мұнайгаз іздеу бұрғылау жұмыстарын анықтауға бағытталған.
Сонымен бірге қосымша пермь - триас түзілімдерін сипаттайтын “D” шағылу горизонтының құрылымдық картасы, VI - тұздың таралу картасы және VI' - тұз карниздері бойынша карталар тұрғызылған. Алаңның перспективтілігі түзілімдердің тұзүсті кешенімен, юра түзілімдерімен байланысты. Сонымен қатар тұз карниздерінің астында мұнай - газ іздеу осы мезгілде өте актуальды болып келеді. 1 - кестеде аудан көлемінде жүргізілген барлық геофизикалық жұмыстардың түрлері мен жұмыс жүргізүші мекемелердің және жұмыс жүргізушілер берілген.
1 - кесте. Алаңда орындалған геофизикалық зерттеу жұмыстары
1914 ж
1932 ж
1937 ж
1938 ж
1939 ж
1940 ж
1944 ж
1944 ж
1959 ж
1948 ж
1957 ж
1957 ж
1959 ж
1958 ж
1962 ж
1936-64 ж
1936-64 ж. ж
Геологиялық комитет, Миронов С. И
НИГРИ, Храмов Н. А
Ефимов С. М
НИГРИ, Храмов Н. А
НИГРИ, Храмов Н. А, Шведов Г. В
Мұнай геология барлау институты,
Фотиади Э. Э
ВНИИ, Васеленко В. К
ВНИИ, Васеленко В. К, Колтыпин С. Н
ВАГТ, Соколова - Кочегарова А. А
ВАГТ, Муралиев В. С
Ақтөбе мұнай барлау, Тупиков В. П
Трест Ақтөбе мұнай барлау, Шакуов С
Трест Ақтөбе мұнай барлау, Царев В. Я
Трест Орал мұнай барлау, Архипова В. Г
Трест Ақтөбе мұнай барлау, Кенищев В
ВАГТ, Белкин О. А, Малиновский К. Ф
Трест Ақтөбе мұнай барлау, Багаутдинов Р. З, Иванов К.
1 - кестенің жалғасы
1965 ж
1965 ж
1965 ж
1966 ж
1966 ж
1966 ж
1966 ж
1971 ж
1975-78 ж. ж
1976-79 ж. ж
1979 ж
1979 ж
ВАГТ, Аэрогеологиялық экспедиция №10, Волчегурский Л. Ф, Фрейдлин А. А
ВАГТ, Аэрогеологиялық экспедиция №10, Жуков В. Г, Шуткова Л. В
ВАГТ, Аэрогеологиялық экспедиция №10, Щербаков А. Н
ВАГТ, Аэрогеологиялық экспедиция №10, Соколова-Кочегарова А. А
ВАГТ, Аэрогеологиялық экспедиция №10, Романов А. А, Маркин И. Г
ВАГТ, Аэрогеологиялық экспедиция №10, Демидов В. А, Злобин Н. А
ВАГТ, Аэрогеологиялық экспедиция №10, Щербаков А. Н
Басқару Казмұнайбарлау Ембі геологиялық барлау экспедиция, Мурзагалиев М
УК НГР Орталық геология-барлау экспедициясы, Абаханов А
УК НГР Орталық геология-барлау экспедициясы, Абаханов А
УК НГР Орталық геология-барлау экспедициясы, Абаханов А
УК НГР Орталық геология-барлау экспедициясы, Жумашев Н. А
1 - кестенің жалғасы
Сейсмобарлау
КМПВ, аймақтық профиль
МОВ, КМПВ
МОВ нақты түсіру
МОВ нақты түсіру
МОВ, КМПВ
Аэромагниттік
барлау
1978-79 ж. ж
1980 ж
1980 ж
1982 ж
1966 ж
1966 ж
1966 ж
1971 ж
1972 ж
УК НГР Орталық геология-барлау экспедициясы, Махмудов Р, Баймурзин А
Басқару Казмұнайбарлау Атырау геофизикалық экспедиция, Коконов А, Мукашев
Басқару Казмұнайбарлау АГФЭ, Лежебоков В. В
Бірлестік «Каз геофизика»АГФЭ, Савкин В. К, Нұрпейісов Е. Б
Трест «Қазақмұнайгеофизика» АГФЭ, Жалыбин Ф. И, Огай Б. А
Трест «Қазақмұнайгеофизика» АГФЭ, Маемеров М. С, Колошин Д. И
Трест «Қазақмұнайгеофизика» АГФЭ, Фрейдлин А. А
Басқару КНГР АГФЭ, Серенков А. Р
ЮКТГУ ТГФЭ, Курмашев
1 - кестенің жалғасы
Алаңды түсіру
Алаңды түсіру
Алаңды түсіру
1969 ж
1980 ж
1982 ж
1987 ж
«Казгеофизтрест» Оңтүстік Қазақстан геофизикалық экспедиция, Белоусов А. И, Храмов Б. С, Свиридов В. Е
«Оңтүстік геология» КАГГЭ, Сейфулин Ш. М
ПГО «Казгеофизика» АГГЭ, Сейфулин Ш. М, Абубакиров А
ПГО «Казгеофизика» АГГЭ, Калинин М. И,
Сейфулин Ш. М, Демеуов А. С
Электробарлау
Тәжірибелік, әдістемелік және кәсіптік жұмыс «Тура барлау» ЗС; ВЭЗ - ВП
Гравибарлау
1972 ж
1976 ж
1980 ж
1985 ж
1966 ж
Трест «Арнайы геофизика» з. п. 32/72, Кан О. Л, Романенко В. П
КГЭ НПО «Союзгеофизика» э. п. э. 32/75 Федосеева В. Н, Киричек М. А
ПО «Казгидрогеология» Атырау гидрогеологиялық экспедиция, Дидиген Н. А, Бақтыбаев С. А
Юхман Л. И
Трест «Қазақмұнайгеофизика» АГФЭ, Попов Н. А, Мануков Г. И
1 - кестенің жалғасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz