Кеңестік дәуірде социалистік реализм әдісі талаптарына сәйкес жазылған қазақ романдарын оқытуда алда тұрған міндеттерді айқындау, шешім іздестіру


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Кеңестік дәуірде қазақ әдебиеті тарихында романы жанры қарқынды дамыды: Саттар Ерубаев «Менің құрдастарым», Сәкен Сейфулин «Тар жол тайғақ кешу», Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыз», Мұхтар Әуезов «Қилы заман», «Абай жолы», Ғабит Мүсірепов «Тулаған толқында», «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан», «Жат қолында», Ғабиден Мұстафин «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көзкөрген», Тахауи Ахтанов «Қаһарлы күндер», «Боран», Ілияс Есенберлин «Көшпенділер», «Аласапыран», Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Күйші», «Елең-Алаң», Рамазан Тоқтаров «Бақытты құлдықтың ақыры», Ә. Нұшайықов «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», « Хамза Есенжанов «Ақ Жайық», «Көп жыл өткен соң» т. б. Олардың ішінде түрлі тілдерге аударылып әлемге танымал болғандары да жеткілікті. Қазіргі уақытта орта мектептерде, арнаулы және жоғарғы оқу орындарында осы романдар оқытылады. Олар туралы сол баяғы кеңес кезіндегі идеологияға негізделіп жазылған сын енбектер де көп пайдаланылады. Тәуелсіз еркін елдің ұрпағына өзіміз комунисттік партияның нұсқауымен жазылған ұлттық руханиятқа қарсы романдарды қайталап оқытып жатырмыз. Ол романдардың ішінде жас ұрпақты өз ұлтымыздан шошындыратындай ойлар айтылған, кейіпкерлер сөзі берілген. Бұл өзіміздің ұлттық тәрбиемізге қарсы қару болып шығады. Біз өз диплом жұмысымызда кеңестік дәуірде бүкіл әдебиетке үстемдік еткен социалистік талаптарға сәйкес жазылған романдарды оқытудағы ерекшеліктерді тануды мақсат еттік. Әдеби мұра оқытылмай тұрмайды, оны жоққа шығара алмаймыз, бірақ сол романдар жазылған уақыттың ерекшелігін, сол кезеңдегі саясат ұлтсыздандыруды, өткеннің барлығын қаралауды талап еткенін, әдебиет көп жағдайда сол саясатты насихаттап отырғанына қоса түсінік жүргізілу керек. Қазіргі күні бұл үлкен проблемаға айналған. Осы айтылғандар біздің диплом жұмысымызды орындау үшін таңдаған тақырыбымыздың өзектілігіне дәлел бола алады.

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Кеңестік дәуірде қазақ романдары туралы ірі сыншылар, ірі әдебиет танушы ғалымдар толық талдау жасап отырған. Сыншылар: М. Қаратаев, С. Қирабаев, Р. Бердібаев С. Әшімбаев, С. Кәкішев, Т. Тоқбергенов т. б. еңбектерін атауға болады. Ірі ғалымдар қазақ романдары туралы іргелі зерттеулер жасаған. А. Нұрқатов, Х. Әдібаев, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, Ш. Елеукенов т. б. роман табиғаты туралы ірі еңбектер жазды. Көпшілігі Кеңес еңбеккерлерінің образдарын жасаудығы жетістіктерін сөз етіп отырды. Ұлттық рухани құндылықтары теріс түсіндірілуі кемшілік ретінде аталмады, қоғам үшін өмір сүретін ұлтын дәстүрін дінін терістейтін замандас бейнесін жасау талап етілді. Тәуелсіздік алғалы ғалымдар жаңа ұстаныммен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Жазушылар да тәуелсіз елдің тарихын, дәстүрін, өткен өмірін ұлықтайтын шығармалар жаза бастады. Бұрынғы романдарды да бүгінгі күннің талабымен бағамдау етек алды. Мысалы М. Әуезовтің романдары туралы Т. Жұртбай тарихи шындық пен көркемдік шындықтың кейбір алшақтығын зерттей жазып жүр, Ш. Елеукенов Мағжан шығармашылығы жайлы, А. Ісімақова Ахмет Байтұрсыновтың әдебиеттану ғылымындағы ұстанымдарын басшылыққа алып, қазақ романдарын сол бағытпен зертеуде. Б. Майтанов, Г. Пірәлиева сынды ғалымдар романдардағы психологизм көріністерін түсіндіріп жүр. Бірақ кеңестік дәуірдегі романдардағы ұлттық құндылыққа қарсы айтылған, социалистік реализм талаптарын орындау үшін қазақ ұлтының бар қасиетін терістеген тұстары туралы аттап өтеді, ол туралы сөз қозғалмайды. Тіпті, біз сөз еткелі отырған Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романының құйқылжыған тілі мен автордың суреттеу шеберлігіне ғалымдар тек мадақ айтады. Ал, ондағы ұлт туралы айтылған ауыр пікірлерге назар аударылмайды.

Диплом жұмысының мақсаты, міндеттері. Кеңестік дәуірде социалистік реализм әдісі талаптарына сәйкес жазылған қазақ романдарын оқытуда алда тұрған міндеттерді айқындау, шешім іздестіру диплом жұмысының мақсаты болып есептеледі. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді белгіледік:

- Кеңес дәуірінде жазылған романдарды тақырыптық және идеялық жағынан жүйелеу;

- Кеңестік дәуірдегі классик жазушылар қатарындағы Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафин романдарын зерттей оқу;

- Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы ұлттық құндылықтарын терістелу себептерін түсіндіру;

- Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романын сыни тұрғыдан бағамдау;

Зерттеу нысаны. Кеңес дәуірінде қазақ романдары, қазақ романдары туралы теориялық еңбектер

Теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы

Диплом жұмысында кеңес дәуірінде социалистік реализм әдісін бүркеншік етіп жазушыларды өз құрсауында ұстау үшін белгіленген міндеттер ғалымдар зерттеулеріне сүйеніп анықталды, классик жазушылардың өз романдарына социалистік реализм заңдылығын орындау үшін, ұлтымыздың тарихи санасына кері әсер ететін ойларды енгізгені дәлелденді .

Практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысының нәтижелерін қазақ әдебиетінен сабақ беру кезінде, әдеби, сыни мақалалар жазу, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау кезінде көмекші дерек көзі ретінде, көмекші әдітемелік құрал ретінде пайдалануға болады.

Теориялық және әдіснамалық негіздері. Диплом жұмысын орындау барысында роман жанрын зерттеген қазақ ғалымдарының теориялық еңбектерін, олардың концепцияларын негізге алдық.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі екі тараудан, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫНЫҢ РУХАНИ ӨМІРІМІЗДЕГІ ОРНЫ

1. 1 Кeңec дәуiрiндeгi қaзaқ әдeбиeтi жәнe coциaлиcтiк рeaлизм әдici

«Әдебиет әдебиет үшін деген таңба айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға жол жоқ» [5], - деп ғұлама Мұхтар Әуезов айтып кеткен. Егер әдебиет еш саясатқа бағынбай, өз жолымен, өз заңымен жүрсе, осы айтқан сөз орындалар еді. Қазақ елі еркін өмір сүрген кезеңдегі әдебиет нәрлі әдебиет болғанын ешкім терістей алмайды. Ортағасырлардағы Қ. А. Ясауи, Ж. Баласағұн, А. Иүгінеки, одан кейінгі қазақ хандығы тұсындағы жыраулар поэзиясы, батырлық жырлар мен тарихи жырлар өнегесі осыны дәлелдейді. Қазақ елі Ресей патшалығынын қол астына толығымен бағынған заманнан бастап, әдебиетке сыртқы күштің әсері тие бастады. Патшалы Ресей қазақ халқының жерін тартып алғаннан соң, ендігі кезек рухани байлығы болды. Орыс миссионерлерінің діни шығармаларды қуғындауы осының айғағы. Қазақты орыстандыру, шоқындыру үшін, ең алдымен, ислам діні, тарихы, ислам моралі туралы жазылған, ел ішінде айтылып жүрген діни ағартушылардың жырларын жоққа шығаруға күш салды. Кеңес үкіметі тұсында бұл қысым түрлі құжаттармен бекітіліп, заңға айналды. 1934 жылы 12-18 маусым күндері жазушыларының I съезінде қаралған қаулы бойынша кеңес әдебиеті тек қана социалистік реализм әдісімен ғана жазуға міндетті болды. Бұл әдіс әдебиетті белгілі бір схемаға салды. Шығармадағы бас кейіпкер кедей отбасынан шығып, пролетариат болуы керек деп есептелді және ол өзінің жеке өмірін ойламайтын, қоғам үшін, партия ісі үшін еңбектенуі қажет болды. Ол сол мақсатына жету жолында шығарма барысында коммунист орыспен жолдас болып немесе соның жәрдемі арқылы мұратына жететін болды. Тағы бір талап - социализмді насихаттау мақсатында бұрынғы дәстүрлер, түсініктер ескі деп танылды. Соған сәйкес, қазақ қоғамындағы әйелдің орны мен рөлі теріс түсіндірілді. Әйел теңсіздікте, күңдікте өмір сүрген деген жалған концепция орнықты. Әйелдің теңсіздігін көрсететін көркем шығармалар жазылды.

XX ғacырдың бacы ұлы Aбaйдың aғaртушылық, бocтaндық дәcтүрiн жaлғacтырумeн қaтaр oтaршылдыққa қaрcы күрec пeн тәуeлciздiктi aңcaу идeяcын aшық aйтып көрceту ұғымымeн бacтaлғaн бoлaтын. Кeңec дәуiрiндeгi қaзaқ әдeбиeтiнiң көрнeктi өкiлдeрi Aхмeт Бaйтұрcынoв, Мiржaқып Дулaтoв, Мaғжaн Жұмaбaeв, Бeйiмбeт Мaйлин cынды қoғaм қaйрaткeрлeрi мeн aқын-жaзушылaр қaзaқ әдeбиeтiн aлғa cүйрeп oтырғaн. [9. 142] Қaзaқ ұлты қaрaңғылықтa қaлып, eлдiң күш-қуaты тaуcылып, caлы cуғa кeтугe aз қaлғaн өтпeлi кeзeңдe қaзaқ жaзбa әдeбиeтi көзден тыc қaлмaды. Oлaр қaзaқтың coл уaқыттaғы күйiн cурeттeп, хaлықты шыдaмдылыққa шaқырып, өнeр-бiлiмгe үгiттeгeн. Coның бiрi Мiржaқып Дулaтұлының «Oян, қaзaқ» өлeңi хaлықты рухтaндырып, бaр дaуыcпeн жaр caлды. Кeңec дәуiрiндe әдeбиeткe кeлгeн aқын-жaзушылaрдың бaрлығы дa ocы тoлқынмeн қaйрaттaнды. Әдeбиeтшiлeрiмiз қaзaқ әдeбиeтiн көркeмдiк-эcтeтикaлық тұрғыдaн бaйытып, жaңa жырлaр туғызып, жeтiлуiнe үлec қocты. Cұлтaнмaхмұт Тoрaйғырoв пoэмaлaры, лирикa өлeңдeрi, публициcтик мaқaлaлaры aқынның түрлi caлaдaғы iздeнicтeрiн aйшықтaды. Әдeбиeттeгi cыншылдық бaғытты дaмытып, aғaртушылық идeяны көркeм cөз aрқылы өрicтeтугe Cәбит Дөнeнтaeв, Мұхaмeджaн Ceрaлин, Cпaндияр Көбeeв, Бeкeт Өтeтiлeуoв, Тұрмaғaмбeт Iзтiлeуoв, Ғұмaр Қaрaш, Нaрмaнбeт Oрмaнбeтұлы, Бeрнияз Күлeeв, тағы басқалар eлeулi eңбeк ciңiрдi.

Coвeттiк эcтeтикaны aйрықшa зeрттeйтiн 3 нeгiзгi бөлiм бaр:

  1. Өнeрдiң өмiргe қaрым-қaтыcы дeceк, мұның бүгiнгi биiк типi - coциaлиcтiк рeaлизм;

2. Iлгeрiшiл әдeбиeт пeн өнeрдiң дүниe жүзiлiк дaмуы дeceк, мұның бүгiнгi жaңa кeзeңi - coциaлиcтiк рeaлизм;

3. Бiздiң cурeткeрлeрдiң өз өнeрлeрiнe жeтiлу жoлдaры дeceк, бұлaрдың бiрдeн-бiр шығaрмaшылық әдici - coциaлиcтiк рeaлизм.

Әдeбиeт зeрттeушici, Қaзaқ КCР Хaлық жaзушыcы, прoфeccoр Мұхaмeджaн Қaрaтaeв рeaлизм турaлы былaй дeгeн: «Қaшaннaн кeлe жaтқaн қaнaтты cөз бaр: әр ұрпaқ өмiр көкжиeгiн өзiнeн бұрынғы ұрпaқтaн гөрi кeңiрeк көрeдi, өйткeнi iнiлeр әрқaшaн aғaлaрдың иығындa тұрaды. Coл cияқты coциaлиcтiк рeaлизмнiң күллi қacиeтi өзiнeн бұрынғы рeaлизм aтaулының eң жaқcы түрлeрi мeн дәcтүрлeрiнiң зaңды жaлғacы бoлуындa, oның үcтiнe жaңa дәуiргe caй, жaңa қoғaмғa лaйық жaңa caпa тaбуындa жaтыр. Бұл тaрихи зaңды прoцecc бoлaтын»[9. 467] . Міне, социалистік реализмге Кеңестік дәуірде осындай баға беріп, осы бағытты қолдап отырған. Кеңес үкіметі осы бағыттан ауып, өз бетімен жазылған туындыларды баспаларда бастырмай, қазақ жазушыларын қатан бақылап отырды.

Кеңестік дәуір әдебиетін бір жақты жамандауға, қаралауға болмайды. Қанша саясат талап етсе де, өнер өз құндылығын көрсетеді. Осы бағыттын шырмауынан және партиялық талаптан тарихи романдар құтыла білді. «Тарихи роман халықтың бұрынғысы мен бүгінгісінің жанды байланысын көркем бейнелер арқылы ашады. Мұндай шығармалардың танымдық мәні үлкен. Олардан халық өмірінің өткені мен қазіргісінің арасында қаншалық айырма бар екенін ілгерілеуіміздің сипатынан ұғамыз» [34, 336] .

Кеше мен бүгінгіні сабақтастырып, қайсар рухымен, тар жол тайғақ кешкен тағдырымен халық санасына жол тартқан қаламгер Қажығұмар Шабданұлы. Саяси қылмыскер атанып, 40 жылға жуық өмірін темір тордың ар жағында өткізеді. Темір қапаста жатқанына қарамастан бірталай шығармаларды дүниеге әкелді. Автордың «Қылмыс» атты романы мемуарлық романдар қатарына жатқызылып жүргенімен, шын мәнінде жеке бір адамның ғана емес, сонымен қатар тұтас халықтың, ұлттың басындағы жағдайды, тағдыр тауқыметін, күресті, жеңісті, әлсіздікті, отаршылдықты, тұтас халықтың ерекшелігін, қадір-қасиетін паш ететін туынды. Алты кітаптан тұратын шығарманы оқу барысында автордың кейіпкер аузына салған «қылмыс» сөзінің мағынасы дәл мағынасында емес, сүріп келе жатқан өміріңді, адамның ырқынсыз-ақ маңдайына жазылған өмірінің өзі бір қылмыс екенін аңғарамыз. Автордың өзі бұл жайында: « . . . Шешемнің емшек сүтімен бітіп, бұлшық еттерімнің талшықтарына айналып кетті. Бұл қылмыс сол кездің өзінде-ақ мені жақсы киімнен, жорға тайдан жұрдай етіп, әкемнің жыртық тоны мен кебеже түрмесіне қуып тығыпты ғой!» [36, 31] деп өмірінің әрбір кезеңінің ауыртпалыққа толы болғанын суреттейді.

Шығармадағы басты кейіпкер Биғабыл автордың өзі. Романда суреттелген Биғабылдың әке-шешесі, бауырлары - барлығы өмірде болған тұлғалар. Автор өмірінде болған әрбір тақырыптарды тізбелемей, барлық құбылыстарды бас кейіпкер арқылы ой елегінен өткізіп, таразылап отырады. Туындыдағы кейіпкерлердің басым көпшілігі өмірде болған адамдар, олардың кейбіреулері ғана романда өз аттарымен жазылған. Роман Биғабылдың бала кезінен басталады, одан әрі Қытай жеріндегі сол өлкелерге ауып кеткен қазақтардың хал-жағдайы жөнінде айтылады. Автор бұл туралы романда былай бейнелейді: « . . . Бұл қыстауда бізбен бірге отырған Санатбай, Ақтай атты ағайынды екі жігіт болды. Сол кезде Санатбай қырық жастан асқан еді, Ақтай - отызда. Екеуі де әліге дейін некеленбеген бойдақ. Олардың басын қосып, түтінін түтетіп отырған шешесі еді. Екеуі де белсеніп, білек сыбанып шыға келді. Тіпті Ақтай аудан жағалап жүріп, партия қатарына өтіп алыпты. Содан кейін оның бүкіл өңірге «Ақтай -коммунист» деген атағы шықты . . . ». Осы үзіндіде аты аталған Ақтайдың «көмегімен» Қажығұмар өз атамекенінен жырақтап, Қытай ауып, «өгей бала» атанады. Шабдан әулеті өз еркімен туған жерінен босып, жер ауып кетпейді, оған себепші болған осы Ақтай коммунистің Шабданды итжеккенге айдатуы. Содан Шабдан 90-дағы шешесін бірге алып, Қытайдан бір-ақ шығады. Романда автор осы тұстарды өте әсерлі етіп суреттейді: «Қаупің неден болса, ажалың содан», кешке дейін көз алдымызға елестеген құбыжықтар ымырт жабыла сау ете түсті. Есік алдында жиналған адамның бір тобы үйге кіріп тінту жүргізді. Бірнешеуі ұраларды қазып, астық қаптауға кірісті. Ұясын қорғаған қызғыштай быжақ қағып, шешем барды олардың қасына. Тыңдаған біреуі болған жоқ: Алып жатыр, арбаға басып жатыр.

-Обалдарың өз ауылдарыңнан шыққан атқа мінерлеріңе! Біз айтқанды ғана орындаймыз! - деді де олар астығымызды, аузымыздағы нанымызды алып жүре берді. Біз тағы да үрпиісіп, есік алдында тұрып қалдық. Қап-қараңғы түн болғанымен кетіп бара жатқан ырыздығымыз көңілімізге жап-жарық. Жазда күндіз кеткен қызыл қасқа сиырдай ап-анық кетіп барады. Атыстаған сайын айқындалып, ауыр күйінішіміз бен қайғымызды ауырлата, жап-жас қабырғамызды күйрете жаншып кетіп бара жатқандай . . . Кішкентай саусақтарымызбен әрі теріп, балғын табандарымызға найзаларын сұққанына қарамай, әрең тапқан тары-талқанымыз қош бол!» [36, 47] .

Міне, әуелі жалғыз сиырынан айырылған, ендігі жерде аузындағы нанынан да құр алақан қалған жандардың басқа істер амалы бар ма?! Олардың бір үміті Қытайға ауып, құтылу болатын. Сол Қытай деп қашып құтылып тығылатын жерінде төркіні, не құдасы күтіп отырды ма екен?! Жо-жоқ, бір туысы жоқ, бірақ кейіннен туыстай болып кеткен, дәл өздеріндей қызыл өкіметтен қашып құтылғысы келген қазақтарды пана тұтты. Талай Алаш зиялыларының да пана тұтқаны осы Қытай еді. Романдағы келесі оқиғалар осы Қытай елінде өрбиді. Бұл тыныштыққа бөленген, рахат өмірдің сипаты емес, сергелдеңге түсіп, жан сауғалап, жат жерге сіңіп кетудің, жат жерде аман қалудың қамы болатын. Шекара асып, Шәуешек қаласында босып, қаңғып жүрген, бір тілім нанға зар болған қазақтардың маңдайының екі елі қасіреті. Биғабыл мен шешесі Шәуешекке жеткенде көрген, кездестірген жұрттан осы қаладағы өз таныстары жайын сұрамақшы болады, осы кезде қаланың тұрғылықты ұйғырларынан естіген жауаптары мынау: «-Сұмалак календырлар (сүмелек қайыршылар) қайдан келеді осында!» « . . . -Қалендір емеспіз! Олай деме, шырағым! . . . Еш нәрселеріңнің керегі жоқ, жөн сұрайық, - деп шешем назалана кірді аулаға.

-Қалендір деген немене, апа? - деп сұрадым қыздың жанынан өте беріп.

-Қайыршы дегені болар! Құдайдың уақтысы ғой мұны есіттірген! Келмей жатып естідік- ау! . . .

Бір кекселеу қызыл-сары әйел шешемнің сөзін естіп күлімсірей қарады:

-Кейімеңіз. Қайыршы тым көбейіп кетті, жақыннан бері ығыр болып қалдық. Бейшаралардың бәрі де «қайыршы» десе шамданады. Бұрын ешқайсысы қайыр тілеп көрмеген адамдар көрінеді . . .

Осы аралықта тағы бір әйел кіріп келді. Ол да қазақша сөйлеп, біздің жердегі жайтты сөз етті». Осы бір көріністің өзінен-ақ Жаппар әулетінің ешкімнің ала жібін аттамай, «арым үшін жаным садаға» деген ұстанымды қатаң бетке ұстап, алдағы үмітке қарай адал еңбекпен, таза жанмен, бар ынта-жігерімен тырмысқандарын көруге болады. Әрі қарай автор өзінің басынан өткерген жайттарды романға арқау етеді. Бас кейіпкер Биғабыл Тарымдағы лагерьден қашып, атамекені Қазақстанға өтпекші болады. Шекараға жақындай түскенде, қайтадан қолға түсіп, қайтадан абақтыға екі жылға қамалады. Сондағысы автор осы роман туралы жалпы қауымға айтар ойы қандай? Роман идеясы не? Жазушының бұл романды «Қылмыс» деп қоюының себебі де жоқ емес. Автордың пайымдауынша отаршылдықты ұстап отыруға әбден еті үйренген адамдар өзіне бодан болған елді соншалықты қорлағандарының себебі, олар үшін бодан халықтың барлық жасаған іс-әрекеттері, тіптен өмір сүрулерінің өзі де үлкен қылмыс. Сондықтан да автордың ұстанған бағыты, идеясы, әрине, тәуелсіздік идеясы. Қажығұмар Шабданұлы осы шығармасы арқылы өз көзімен көрген Ресей мен Қытай алпауыт мемлекеттерінің аумағында бодан болып отырған қазақ халқының бір ғасырға жуық уақыт аралығында көрген зорлық-зомбылықтарын, бар қайғы-қасіреттерін өзіндік нақышпен, көркем сөзбен, алаш жұртшылығының тәуелсіздік жолындағы құрбан еткен өмірлерін бүкпесіз оқырман назарына ұсынады.

Жазушы романда берілген бірнеше оқиғаларды сөз еткеннен кейін, оларды ой елегінен өткізіп, терең ойға шомады, алуан түрлі сезімдерді бастан кешіреді, тергеушісін ащы мысқылмен сынап, бойындағы шерін біраз тарқатады. Осы арқылы қалың оқырманды сезім мен ойға жетелейді: «Әділетті «тергеушім» ақ-нақақты адамзатта сіз ғана айырар деп сенемін. Осы үлкен шешемнің өз құрсағынан шыққан балаларын зар қақсатып, ләм демей, рақымсыз ызғарлы күйінде кетуін қарашы, недеген тасбауыр еді! Кішкенелерін есіркемей, тым болмаса маңдайынан ақтық бір рет сипамай, бір жібімей, тас болып қатып, панасыз ием құмға тастап кетуін қарашы . . . Неткен рақымсыз Қылмыс!» [36, 6] .

Шығарманың өн бойынан сезіліп тұрған ащы қасірет, әділетті кек осының бәрі оқырманды тебірентпей қоймайды. Автор өз оқырманымен сырын бөлісіп, жүрегінен шыққан бар сезімдерімен ашумен күлдіріп те, күйікпен қүңірентіп те бөліседі: «Қазақтың ру бұтақ қуалап танысатын қарапайым қаншылдық әдеті бар-ау, бірақ, соны ру төрелері іріткіш уға айналдырғаны қашан. Сол рушылдық уы сүйегіне сіңе уланып, өзара ырылдасумен өткен қазақтан көп ұрылған халық жоқ-ақ шығар! Жоңғар хандығынан жүз жылдап жеген ұмтылмас соққылар тек сол рудың, сол рушылдықтың ғ ана кеселі емес пе?! Менің үлкен аталарым да сол уды мәпелеушілер екен» [36, 12] .

Автор сол кездегі қоғамдық саяси мәселелерге кейіпкерлерін, табиғат көрінісін, кейіпкерлердің ішкі сезім толғаныстарын, арпалыстарын сай етіп бейнелейді. Тіптен, сол кездегі қоғамдық ортаны жан-жақты суреттегені соншалық, кейіпкерлер бейнесін, даралық сипаттарын шынайы көрсете білген. Қаламгердің Жаппарды бейнелегенін алсақ: «Сиректеу қара сақалды, кең иықты, шығыңқы кеуделі, денелі қара кедейдің жуан басы әмсе төмен сала теңселіп, ырғалып, асықпай жай жүретін. Мұнысы сол ауыр жүкті әрең көтеріп келе жатқандығы екенін кейінірек түсіндім» [36, 56] . Осы портреттің өзінен босқын өмір сүріп, сергелдең тұрмыстың қиындығынан әбден ығыр болған, белі бүгіліп, күш-қуаты кеміген бейнені көреміз.

Романдағы сурет пен сезімнің, ой мен көріністің бір-бірімен қиюласып, бір тұтастықтай жатқанын, мына бір табиғат көрінісін сипаттаудан көре аламыз: «Үрімжінің үстіндегі қара сұры тұманды көргенде тұнжыраса қалдық. Көшеге кіргенде үлкен қаланы айқара басып, тұншықтырып жатқандай сұп-сұр. Саяпыл желі үдей соқты. Аспанды қара сұру тозаңмен бояп, көше топырағын ауыз мұрныма ұра соқты. Боран үдеген сайын егесіп, егескен сайын бекіп, бекіген сайын күшей адымдадым» [36, 670] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғабиден Мұстафин өмірі және шығармашылығы
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Қазақ прозасының зерттелуі
Сын көркем әдебиеттің құрамдас бір бөлігі деген пікірді Қазіргі әдеби сын
І. Есенберлиннің шығармасы тілінің көркемдік жүйесі мен көріктеу құралдарының тілдік табиғатын анықтау
Роман жанрының әдебиеттанымдық сипаты
Әдебиет сабағындағы романтизм және реализм әдістері
Әдебиетті ізгілендіру жолдары
Қазақ әдебиетінің тарихын жасау мәселелері мақаласындағы Қазақ халқының мәдениет тарихында әдебиеттану ғылымының тарихы әзір қысқа
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz