Касса операциялары бойынша есеп айырысу және журнал ордерлерін толтыру
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГЗДЕРІ 4
1.1 Кассалық операцияларды есепке алудың маңызы мен міндеттері 4
1.2. Бақылау.касса машиналарын қолдану ережелері 6
1.3. Касса операцияларын жүргізудің алғышарттары 9
2 КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ 12
2.1 Құжаттардың маңызы және оларды тіркеу принциптері 12
2.2 Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма.қол ақшаның есебі және журнал ордерлерін толтыру 14
2.3 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма.кол ақшаның есебі 20
2.4 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма.қол ақшаның есебі 21
3 КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖАСАУДА ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРЫН ДАЙЫНДАУДА 1С:БУХГАЛТЕРИЯ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 23
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
1.ҚОСЫМША КАССАЛЫҚ КІТАП 28

Бүгінгі нарықтық экномика заманында кәсіпкерліктің рөлі күннен-күнге артуда. Мұны өзі Қазақстанның тек алға қадам басып жатқанының дәлелі. Яғни кәсіпкерліктің дамуымен қатар, ондағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызы артып отыр. Кәсіпорынның негізгі көрсеткіші ақша қаражаты, сондықтан да кассалық операциялардың дұрыс орындалуы ақша қаражатын реттеудің негізгі көрсеткіші.
Халықаралық қаржылық есеп стандартының №7 “Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп” бойынша ақша қаражаты деп кәсіпорынның кассадағы және ағымдағы шотындағы ақшаны айтады.
Қолма – қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса – бұл қолма – қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй жай.
Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды жауапты адам болып табылады да, ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.
Жазылған курстық жұмыстың өзектілігі бүгінгі таңда кассалық операцияларды дұрыс орындау және есепке алу әрбір кәсіпорынның міндеттілігімен түсіндіріледі.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорындағы кассалық операциялардың орындалу тәртібі мен есебі, сондай-ақ құжаттардың дұрыс рәсімделуін көрсету. Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:
- кассалық операциялардың маңызы мен міндеттерін қарастыру;
- бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері айту;
- құжаттардың маңызы және оларды тіркеу принциптерін көрсету;
- касса операциялары есебін талдау;
- касса құжаттарын дайындауда 1С:Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктерін нақты мысалдармен жеткізу.
Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, 3 бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады
Кіріспеде курстың жұмыстың өзектілігі, мақсаты, алға қойған міндеттері қарастырылады. Бірінші бөлімде кәсіпорындар мен ұйымдардың кассалық операцияларының теориялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде касса операциялары бойынша есеп айырысу және құжаттарды рәсімдеу жолдары көрсетілген. Үшінші бөлімде касса құжаттарын дайындауда 1С:Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктерін нақты мысалдармен айтылған.

1 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы // "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 12 наурыз N 63-64
2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23 мамыр 2007ж бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
3 Мырзалиев Б. С. «Бухгалтерлік операцияларды жүргізудің әдістері».
4 Оразбекұлы Бахыт. «Инвестициялық институттардағы бухгалтерлік есеп».
5 Көкенова Фатима. «Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі».
6 Бухгалтер бюллетені 2009 №16
7 Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), 10-желтоқсан, 2008 ж // Алматы: ЮРИСТ, 2009 254 б.
8 Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». Алматы Экономик'С, 2003
9 Назарова В.Л., М.С. Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Алматы- Экономика, 2005.-298 бет..doc
10 Бухгалтердің және шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру.// Бухгалтер бюллетені №15 .2009
11 Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А.Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы Экономик'С, 2003.
12 Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. (халықаралық стандарт) оқулық - Алматы 2006 жыл.
13 Нысанбаев С.Н., Қожамкүлова Ж.Т.Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері. Оқу құралы. — Алматы Казақ университет., 2004. — 138 бет..
14 Попова Л.А. Бухгалтерский учет на предприятии, Учебное пособие – Караганда: «Арко», 2005.
15 Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях/Учебное пособие. – Алматы,2006.-472с.
16 Сариев Д.Б. «1с:кәсіпорын» жүесінің бүгінүгі күнгі жетістіктері // Егемен Қазақстан газеті, № 62. 2008 ж.

Тақырыбы: Касса операциялары бойынша есеп айырысу және журнал ордерлерін
толтыру
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГЗДЕРІ
4
1.1 Кассалық операцияларды есепке алудың маңызы мен міндеттері 4
1.2. Бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері 6
1.3. Касса операцияларын жүргізудің алғышарттары 9
2 КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ 12
2.1 Құжаттардың маңызы және оларды тіркеу принциптері 12
2.2 Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі және журнал
ордерлерін толтыру 14
2.3 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-кол ақшаның есебі 20
2.4 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі 21
3 КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖАСАУДА ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРЫН ДАЙЫНДАУДА 1С:БУХГАЛТЕРИЯ
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 23
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
1-ҚОСЫМША КАССАЛЫҚ КІТАП 28
Кіріспе
Бүгінгі нарықтық экномика заманында кәсіпкерліктің рөлі күннен-күнге
артуда. Мұны өзі Қазақстанның тек алға қадам басып жатқанының дәлелі. Яғни
кәсіпкерліктің дамуымен қатар, ондағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
маңызы артып отыр. Кәсіпорынның негізгі көрсеткіші ақша қаражаты, сондықтан
да кассалық операциялардың дұрыс орындалуы ақша қаражатын реттеудің негізгі
көрсеткіші.
Халықаралық қаржылық есеп стандартының №7 “Ақша қаражатының қозғалысы
туралы есеп” бойынша ақша қаражаты деп кәсіпорынның кассадағы және ағымдағы
шотындағы ақшаны айтады.
Қолма – қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық
субъектісінде касса болады. Касса – бұл қолма – қол ақшалар мен өзге
құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы
жабдықталған, оқшауланған үй жай.
Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды жауапты
адам болып табылады да, ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.
Жазылған курстық жұмыстың өзектілігі бүгінгі таңда кассалық
операцияларды дұрыс орындау және есепке алу әрбір кәсіпорынның
міндеттілігімен түсіндіріледі.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорындағы кассалық операциялардың
орындалу тәртібі мен есебі, сондай-ақ құжаттардың дұрыс рәсімделуін
көрсету. Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:
- кассалық операциялардың маңызы мен міндеттерін қарастыру;
- бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері айту;
- құжаттардың маңызы және оларды тіркеу принциптерін көрсету;
- касса операциялары есебін талдау;
- касса құжаттарын дайындауда 1С:Бухгалтерия бағдарламасының
мүмкіндіктерін нақты мысалдармен жеткізу.
Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, 3 бөлімнен, пайдаланған
әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады
КІРІСПЕДЕ КУРСТЫҢ ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ, МАҚСАТЫ, АЛҒА ҚОЙҒАН МІНДЕТТЕРІ
ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ. БІРІНШІ БӨЛІМДЕ КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ КАССАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН. ЕКІНШІ БӨЛІМДЕ КАССА
ОПЕРАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ ЖОЛДАРЫ
КӨРСЕТІЛГЕН. ҮШІНШІ БӨЛІМДЕ КАССА ҚҰЖАТТАРЫН ДАЙЫНДАУДА 1С:БУХГАЛТЕРИЯ
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН НАҚТЫ МЫСАЛДАРМЕН АЙТЫЛҒАН.
1 КӘсіпорындар мен ұйымдардың кассалық операцияларының теориялық негздері
1.1 Кассалық операцияларды есепке алудың маңызы мен міндеттері
Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға
байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді
заманға сай жаңғырту мен одан эрі даму үшін фирмадан ақшалай кдражат талап
етеді. Сондықтан акшалай қаражатпен олардьщ баламаларын дұрыс ашып көрсету
мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп 4 бухгалтерлік есеп
стандартында ақалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол
ақша ретінде белгіленген. Ақшалай қаражат қозғалысы - олардың операциялық,
инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп 7 қаржылық есеп беру
стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге
дейінгі салымдар кіреді. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және
есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес
жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Касса - бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған
бөлме. Операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің
және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері
мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылдаған құндылықтардың
сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық
операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрьқ
шыққаннан кейін басшы оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен
таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады.
Шартта қарастырылған тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері әкімшілік
өкілі мен кассирдің қолымен бекітіледі. Кассир болмаған кезеңде толық
материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалык
операцияларды атқарады.
Кәсіпорьшдар өздерінің есеп шоттарынан қолма-қол ақша алады, бұл
мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып,
онда талап етілетін соманың тағайындалуын (еңбекақы төлеуге, жірдемақыға
және шаруашылық шығындарына және т.б.) көрсетуге міндетті. Қолма-қол ақша
алу үшін субъект банкке алдын ала талап етілген сомаға тапсырыс жолдайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге
есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік
құралдарына қажетті шығандарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе
тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды
пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы
жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған,
және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер орналасқан
уақытта, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы (жайлы)
бұйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорынмен касса қызметкері арасында
материалдық жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет. Кәсіпорындар мен
ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты
ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады.
Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек
кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке
банк мекемесінен алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның жұмсауға тиісті нақты
ақшаларының сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып
көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы
қол қойып, осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Барлық толтыруға тиісті
ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке
лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (екі
адамның қолдары қойылмайынша), мөр басуға рұқсат етілмейді. Кәсіпорындар
мен ұйымдардың касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк
бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк
мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорындар мен ұйымдардың
кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін
тол-тырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Кәсіпорындардың кассасына
қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің
немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы
керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық
кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау
барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша
төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін
ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы, жылы)
жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет. Кассалық кіріс
ету ордері мына үлгілі түрде болады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасыннан нақты ақша кассалық шығыс ету
ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу
тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас
бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар
тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің
деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөртаңба (штамп) басылуы керек. Егер
кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіпорындар мен
ұйымдардың басшысының "рұқсат етемін" деген жазуы және қолы қойылған болса,
онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету
ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның
төл құжатын немесе өзін қуәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап
етуі керек. Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда
жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының нөмірін
және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс
ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс
ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын
сандармен көрсетеді.
Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық
шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін
құжаттарды кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері сиямен
немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды
өзгертуге олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат
етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе
олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия
қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады. Кассалық шығыс ету ордері
мына үлгілі түрде болады:
Кассалық кітаптың беттері (парақтары) нөмірленіп және оған жіп
өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып, куәландыруы
керек. Кәсіпорынның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе кәсіпорынның
кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақшалардың кімнен келіп түскендігін
немесе кімге не үшін төленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған
құжаттардың нөмірі және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске
алынған, сондай-ақ шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс. Күн
сайын кәсіпорынның касса қызметкері кассадағы нақты ақшалардың қалдығын
жұмыс күнінің соңында санап, және оның сомасын кассалық кітапқа жазады. Бұл
кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге жол
берілмейді және касса операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтырылатын
құжаттардың дұрыстығына ұйымның бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек.
1.2. Бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері
Фискальдық жады бар бақылау-касса машинасы - тауарлар сату мен
қызметтер көрсету кезiнде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн
пайдаланылатын, ақпараттың түзетiлмейтiн ауысым сайынғы тiркелуiн және
энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн, фискальдық жад
блогы бар электронды құрылғы жәненемесе банктiк компьютерлiк жүйе (бұдан
әрi - Машина);
Машинаны салық органдарында тiркеу және есептен шығару. Машинаны
қолдану басталғанға дейiн қызметтi жүзеге асыру орны бойынша оны Салық
кодексiне сәйкес салық органдарында тiркеу жүргiзiледi. Машинаны тiркеу
Машиналарды тiркеу журналына Машина мен салық төлеушi туралы мәлiметтердi
енгiзе отырып салық органына есепке қоюды және фискальдық жады бар бақылау-
касса машинасын тiркеу карточкасын (бұдан әрi - Карточка) берудi бiлдiредi.
Машинаны тiркеудi салық төлеушi өтiнiштi, салық төлеушi заңды тұлғаны
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi немесе жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк
тіркеу туралы куәлiктi берген кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде салық
органы жүзеге асырады. Үлгiлерi Қазақстан Республикасының аумағында
пайдалануға рұқсат етілген Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген техникалық ақаусыз Машиналар тiркеуге
жатады. Машинаны тiркеу Машинаға тiркеу нөмiрi берiліп және Машинаны
пайдаланудың барлық мерзiмi iшiнде салық төлеушiде сақталатын Карточкада
Машинаны тiркеу нәтижелерi ресiмделiп жүргiзiледi және салық органдарының
талап етуi бойынша көрсетiледi. Машинаны (банктiк компьютерлiк жүйелердi
қоспағанда) тiркеу кезiнде салық төлеуші салық органдарына мыналарды
ұсынады:
1) Машина;
2) Нөмiрленген, тiгiлген, салық төлеушiнiң қолымен жәненемесе мөрiмен
бекiтiлген: машина арқылы өткiзiлген қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы (бұдан
әрi - Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы); машинаны қолданбай тұтынушылармен
есеп айырысу кезiндегi тауар чектерiнiң кiтабы (бұдан әрi - Тауар
чектерiнің кiтабы);
3) Машинаны дайындаушы зауыттың паспорты.
Банктiк компьютерлiк жүйелердi (бұдан әрi - БКЖ) тiркеу кезiнде салық
төлеушi салық органына БКЖ-ны жасаушы ұйым әзiрлеген БКЖ-ның қызметтік
мүмкiндiктерi мен сипаттамасының қысқаша баяны берiледi.
Салық органының лауазымды адамы Машинаны тiркеу кезiнде:
1) өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң Машинаны тiркеу көрсетілген және
берiлген құжаттарға сәйкестігiн тексередi;
2) Машинаның таңба тақташасында бейнеленген зауыттық нөмiрiн
дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген машинаның нөмiрiмен
салыстырады;
3) Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және Тауар чектерiнiң кiтабын
ресiмдеудiң дұрыстығын тексередi;
4) Машина жұмысының фискальдық режимiн белгiлейдi;
5) Машинаны пломбалайды;
6) Машиналарды тiркеу журналына салық төлеушi мен Машина туралы
мәлiметтердi енгiзедi;
7) Карточканы ресiмдейдi;
8) Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын, Тауар чектерiнiң кiтабын өз
қолымен, салық органы басшысының қолымен және салық органының мөрiмен
растайды;
Машинаны пайдалану. Кассир техникалық қызмет көрсетуге Машинаны қояды.
Кассир осы машинаны пайдалану жөнiндегi басшылыққа сәйкес тауар (жұмыстар,
қызметтер көрсету) құнын енгiзу операциясын жүзеге асырады. Салық
төлеушiнiң жауапты адамы күн сайын ауысым соңында машинаның үлгiсiн
дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес "ауысым соңы" рәсiмiн орындайды
және қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын толтырады. Машина арқылы өткiзiлген
қолма-қол ақшаны әрбiр беру кезiнде (қайтарып беретін соманы бергеннен және
ақша айырбастаудан басқа) салық төлеушiнiң жауапты адамы жүргiзiлген беру
туралы Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабында жазба жасайды.
19. Бақылау чегінде мынадай ақпарат болуы тиiс:
1) салық төлеушiнiң атауы;
2) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
3) Машинаның зауыттық нөмiрi;
4) Машинаның тiркеу нөмiрi;
5) чектiң реттiк нөмiрi;
6) тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) сатып алу күнi мен
уақыты;
7) тауардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) бағасы жәненемесе
сатып алу сомасы;
8) фискальдық белгі.
Қосылған құнға салық көрсетiлетiн бақылау чегi мынадай ақпаратты
қамтуы тиiс:
– қосылған құнға салық бойынша есепке қою туралы куәліктің сериясы мен
нөмiрi;
– тауардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) атауы;
– қосылған құнға салықтың сомасы.
БКЖ бақылау чегiнiң нысаны мен мазмұнын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен
келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Бақылау чегінде және бақылау таспаларында Машинаға техникалық
талаптармен көзделген қосымша басқа да деректер болуы мүмкiн. Кассир ауысым
iшiнде соманы енгiзу және чектi өтеу мүмкiн болмаған кезде қате енгiзiлген
сомаға тиiстi чектi мөрмен "жою" рәсiмiн орындайды. Ауысым соңында "жою"
чегiн қоса отырып, соманы жою туралы акт жасалады.
Тұтынушыға сапасы нашар тауар (жұмыстар, қызметтер көрсету) үшiн
ақшаны қайтару (iшiнара немесе толықтай) кезiнде салық төлеушiнiң жауапты
адамы пайдаланылмаған бақылау чектерi бойынша тұтынушыға ақша сомасын
қайтару туралы актiнi жасайды және ресiмдейдi, оларды өтейдi, қағаз параққа
желiмдейдi және актiмен бiрге бухгалтерияға немесе жеке кәсiпкерге
тапсырады. Тұтынушыларға қайтарымдар бойынша төленген соманы Қолма-қол ақша
есебiнiң кiтабына жазады.
Машинаның техникалық ақаулығы жағдайында салық төлеушi ақаулық пайда
болған кезден бастап үш күн мерзiмде Машина тiркелген салық органына жөндеу
жүргiзу мерзiмiн және ақаулық себебiн, ақау болған күн басында Машина
есептегішiнiң сомалық көрсеткiштерiн көрсете отырып, еркiн нысанда өтiнiш
бередi. Өтiнiш хабарламамен бiрге тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлуi
мүмкiн.
Кассир тауар чектерiнiң кiтабын толық толтырған жағдайда еркiн нысанда
өтiнiш бередi және нөмiрленген, тiгілген, қолымен жәненемесе мөрiмен
бекiтiлген Тауар чектерiнiң кiтабын ұсынады. Салық органының лауазымды
адамы Машиналарды тiркеу журналында Тауар чектерiнiң кiтабын беру туралы
мәлiметтi енгізедi.
Машина мына жағдайларда ақаулы деп саналады, егер:
1) баспаса, анық баспаса немесе бақылау чегiндегі деректемелер толық
басылмаса;
2) салық органдарының бақылауды жүзеге асыруы үшiн қажеттi фискальдық
жады бар деректердi алуға мүмкiндiк бермесе;
3) онда бақылау немесе чек таспалары жоқ болса;
4) салық органының пломбасы жоқ болса немесе бүлiнсе;
5) дайындаушы зауыттың таңбасы жоқ болса.
Фискальдық есептi салық органының лауазымды адамы Машинадан мынадай
жағдайларда алады:
1) салық органдарының салықтық тексерiстер жүргiзуi;
2) фискальдық жадтың блогын ауыстыру;
3) Машинаны есептен шығару;
4) жөндеу фискальдық жадқа ену үшiн пароль енгiзудi талап ететiн
жағдайда Машинаны жөндеудi жүзеге асыру;
5) Қолма-қол ақша есебi кiтабының жоғалуы;
6) қосылған құнға салық бойынша есепке қою туралы куәлiктiң сериясы
мен нөмiрi туралы мәлiметтердiң өзгеруi.
1.3. Касса операцияларын жүргізудің алғышарттары
Касса – арнайы жабдықталған, дабылдама (сигнализация) орнатылған және
ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлімде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы
нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш арқылы басылып жабылатын
сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш басатын мөр касса
қызметкерлерінде, ал кілттің екінші данасы ұйымның басшысында болады. Касса
қызметкері әр бір жұмыс күнінің соңынды кассаны жауып қызметшіге тапсыруға
тиіс. Кәсіпорындар, ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол
есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі бергенше кітапшасы ғана арқылы ғана
алады.
Кассир - материалдык жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке
дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа
адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып,
осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Сондықтан банк мекемесінің алынған нақты
ақша сол алынған күні ұйымдардың кассасына кіріске алынуы керек және ол
үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң кассалық кітапқа
жазады.
Кассада негізінен кіріс және шығыс ордері толтырылады, соңында бұл
ордерді кассалық кітапқа енгізеді. Күн сайын кәсіпорын касса қызметкері
кассадағы нақты ақшалардың қалдығын жұмыс күнінің соңында санап оның
соммасын қаржылық кітапқа жазады.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп
айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын
ашады. Бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын
көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де
жүргізіледі және ол ағымдық жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар,
бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай – ақ заңды тұлғаның
ақшаланған бөлшектері үшін де ашылады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі негізгі нысандары: төлем тапсырмасы,
чек, вексель, төлем – талап тапсырмасы, кеден және салық қызметінің
органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеушілер мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім – шарт
негізінде анықтайды, сондай – ақ олардың арасында болатын талаптары мен
міндеттемелері зачетқа да жазыла алады.
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген сомманы бенефициардың пайдасына
ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттер көрсетіледі:
- Төлем тапсырмасының нөмірі;
- Төлем тапсырмасының жазылған күні;
- Жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған)
коды (ЖТК және ИИК);
- Жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- Бенефициар аудару жасалған ақша қаражатын алушы.
Бір жақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң
нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аудармалы болып бөлінеді.
Қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және жұмсау үшін кәсіпорында касса
болады. Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу ережелері ҚР-ы Ұлттық банкінің
нұсқауымен бекітілген.
Нұсқау мыналарды ұйғарады:
- ҚР-ы банк мекелерінде барлық ақша қаражаттарын сақтау; чекте
көрсетілген мақсаттарға, банктерден алынатын қолма – қол ақшаларды жұмсау;
- банк мекемелерімен бекітілген лимиттер шегінде кәсіпорынның
кассасында қолма-қол ақшаны сақтау;
- кассалық құжаттарды дайындау және қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру
тәртібі;
- ақша қаражаттарын сақтау мен тасымалдау кезінде олардың түгелдігін
қамтамасыз ету бойынша көрсетулер;
- кәсіпорын кассаларының орнын жабдықтау тәртібі.
Кассир жұмысқа орналасқан кезде кассалық операцияларды жүргізу
ережелерімен танысып және кәсіпорын әкімшілігімен толық жеке материалдық
жауапкершілік туралы келісім шартқа отыруға тиісті. Ол өзі қабылдаған
құндылықтардың түгелдігі үшін материалды-жауапты болады.
Кассалық операцияларды дайындау кезінде төмендегі құжаттар
пайдаланылады:
-кіріс кассалық ордерлер;
-шығыс кассалық ордерлер;
-кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы;
- кассалық кітап.
2 Касса операциялары бойынша есеп айырысу жӘне құжаттарды рӘсімдеу
2.1 Құжаттардың маңызы және оларды тіркеу принциптері
Шаруашылық жүргізу фактысының алғы шарты құжаттау болып табылады.
Бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу үшін арнайы модельденген үлгілі
құжаттарға шаруашылық операцияларының көрсеткіштері міндетті түрде
жазылады. Үлгілі құжаттарға жазылған мәліметтер мен ақпараттар логикалық іс
әрекетке жауап беретіндей тіркеліп, тек шындық операцияларды көрсетуі
керек.
Шаруашылықтағы нақтылы орындалған іс – әрекеттер мен экономикалық
қатынастарды құжаттарға түсіріп жазу бухгалтерлік есеп жүйесінің негізін
құрайды. Бухгалтерлік есеп шоттарына жазылған және түсірілген
операциялардың мазмұнын тіркеу принципі деп атайды. Яғни бухгалтерлік есеп
жүргізу құжаттарға ғана бағынышты. Құжаттарға түспеген жазулар – жоқ
жазулар. Тіркеу принципіне тікелей сүйене отырып, кәсіпорындар мен жеке
тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастарды ажыратуға болады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz