Құран Кәрім және ғылым



1. Құран және ғылым
2. Құран Кәрім оқудың сауаптығы
3. Құран туралы том.том кітаптар
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктердің Құран Кәрімде осыдан он төрт ғасыр бұрын яғни, микроскоптан, телескоптан мақұрым ғасырда қорытынды түрде дөп басып айтылуы бұл күнде батыс-шығыс ғалымдарын таңғалдырып, Исламға бас идірген. Бұл Құранды Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар жазбағанын, Алла тарапынан жіберілген иләһи кітап екендігін айқын білдіреді.
Өсімдіктердегі аналық-аталық ұрықтарының ғылыми тұрғыдан соңғы ғасырларда ғана зерттеліп айқындалғаны мәлім. Ал Құран мұны он төрт ғасыр бұрын былай деп көрсеткен:
«Жерден өніп-өсетін барлық өсімдіктерді, өздеріңді және сендердің білмейтін нәрселеріңді жұп-жұп қып жаратқан Алла қандай пәк» «Ясин» сүресі, 36-аят.
Сондай-ақ, зерттеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне бай- ланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі Құранның «Рахман» сүресінде былайша баяндалады:
«Алла тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір-бірімен араласпайды» «Рахман» сүресі, 19-20-аяттар.
Иә, бір-бірімен қосылып жатса да, сулары араласпайтын теңіздердің жоғарыдағы аятта айтылған ерекшелігі жақында ғана мұхит зерттеушілері тарапынан Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының тоғысқан жерінен табылды. Ғасырлар бойы бір-бірімен түйісіп тұрған теңіз суларының тығыздықтарының әр түрлі болуы сол – екі теңіздің сулары бір-біріне араласпай ортада көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.
Құран адамзаттың екі дүниелік бақыты үшін түскенін білсе де, көре алмай, Құранды пенде кітабы етіп көрсетіп, оны жоққа шығаруға тырысқан Құран дұшпандары қанша жанталасқанмен, оның мәңгілік жарығын өшіре алмасы анық. Құранда: «Олар Алланың нұрын ауыздарымен үрлеп өшіруге тырысады. Алайда Алла кәпірлер қаламаса да нұрын толықтырады»«Саф» сүресі, 8-аят, – дейді.
Сондықтан да Құран жайлы сын айтып, сөз таластырмақ болғандар мәңгілік сөнбес нұрдан мақұрым қалмақ. Ал Қасиетті кітаптың хақтығына қалтқысыз сеніп: «Раббымыз, біз «Раббыларыңа иман етіңдер» деп шақырған (Пайғамбар, Құран) шақырушыны естіп, дереу иман еттік...»«(Әли Имран» сүресі, 193 аят)дегендер сол бір нұрдың бақытына бөленіп, «Раббымыз, бізге пайғамбарларыңа уәде еткендеріңді бер, һәм бізді қиямет күні қорлама. Күдіксіз, Сен берген уәдең мен сөзіңнен айнымайсың»(«Әли Имран» сүресі 194 аят) деп дұға етіп, ақыретте Ұлы Жаратушының уәдесі бойынша Оның таусылмас қазынасы мен сарқылмас сый- сыяпатына қол жеткізеді.
Иә, Құран – жеті қабат ғаламзатты жоқтан жаратқан жалғыз Жаратушы Алла тағаланың мән-мағынасы шексіз, мәңгілік кітабы.
1. Фетхуллаһ Гүлен. Очерктер-мақалалар-пікірлер. А., 2008.ж.
2. Фетхуллаһ Гүлен. Ғасыр тудырған күмәндер. І. ІІ А., 2009 ж.
3. Фетхуллаһ Гүлен. Ғұмырлық өлшемдер.А., 2008 ж.
4. Абай Өлеңдері. Алматы. 2007 ж.
5. М. Мақатаев .Жырлайды жүрек. Алматы. 2003 ж.
6. Ислам және Өркениет. 2008. 2009.
7. Шапағат-Нұр. 2009. № 4.5.
8. Ақиқат. 2007. № 9
9. Мұхтасар-ғылымхал. Алматы. 2006.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Құран және ғылым
2. Құран Кәрім оқудың сауаптығы
3. Құран туралы том-том кітаптар
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Құран және ғылым
Кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктердің Құран Кәрімде осыдан он төрт ғасыр бұрын яғни, микроскоптан, телескоптан мақұрым ғасырда қорытынды түрде дөп басып айтылуы бұл күнде батыс-шығыс ғалымдарын таңғалдырып, Исламға бас идірген. Бұл Құранды Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар жазбағанын, Алла тарапынан жіберілген иләһи кітап екендігін айқын білдіреді.
Өсімдіктердегі аналық-аталық ұрықтарының ғылыми тұрғыдан соңғы ғасырларда ғана зерттеліп айқындалғаны мәлім. Ал Құран мұны он төрт ғасыр бұрын былай деп көрсеткен:
Жерден өніп-өсетін барлық өсімдіктерді, өздеріңді және сендердің білмейтін нәрселеріңді жұп-жұп қып жаратқан Алла қандай пәк Ясин сүресі, 36-аят.
Сондай-ақ, зерттеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне бай- ланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі Құранның Рахман сүресінде былайша баяндалады:
Алла тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір-бірімен араласпайды Рахман сүресі, 19-20-аяттар.
Иә, бір-бірімен қосылып жатса да, сулары араласпайтын теңіздердің жоғарыдағы аятта айтылған ерекшелігі жақында ғана мұхит зерттеушілері тарапынан Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының тоғысқан жерінен табылды. Ғасырлар бойы бір-бірімен түйісіп тұрған теңіз суларының тығыздықтарының әр түрлі болуы сол - екі теңіздің сулары бір-біріне араласпай ортада көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.
Құран адамзаттың екі дүниелік бақыты үшін түскенін білсе де, көре алмай, Құранды пенде кітабы етіп көрсетіп, оны жоққа шығаруға тырысқан Құран дұшпандары қанша жанталасқанмен, оның мәңгілік жарығын өшіре алмасы анық. Құранда: Олар Алланың нұрын ауыздарымен үрлеп өшіруге тырысады. Алайда Алла кәпірлер қаламаса да нұрын толықтырадыСаф сүресі, 8-аят, - дейді.
Сондықтан да Құран жайлы сын айтып, сөз таластырмақ болғандар мәңгілік сөнбес нұрдан мақұрым қалмақ. Ал Қасиетті кітаптың хақтығына қалтқысыз сеніп: Раббымыз, біз Раббыларыңа иман етіңдер деп шақырған (Пайғамбар, Құран) шақырушыны естіп, дереу иман еттік...(Әли Имран сүресі, 193 аят)дегендер сол бір нұрдың бақытына бөленіп, Раббымыз, бізге пайғамбарларыңа уәде еткендеріңді бер, һәм бізді қиямет күні қорлама. Күдіксіз, Сен берген уәдең мен сөзіңнен айнымайсың(Әли Имран сүресі 194 аят) деп дұға етіп, ақыретте Ұлы Жаратушының уәдесі бойынша Оның таусылмас қазынасы мен сарқылмас сый- сыяпатына қол жеткізеді.
Иә, Құран - жеті қабат ғаламзатты жоқтан жаратқан жалғыз Жаратушы Алла тағаланың мән-мағынасы шексіз, мәңгілік кітабы.

Құран Кәрім оқудың сауаптығы
Әрбір мұсылман Құранды өзі ғана оқып үйреніп қоймай, оны өзгелерге де үйретуге міндетті. Себебі, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріпте: Сіздердің ең жақсыларыңыз - Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз, - деген.
Құрансыз өмірдің бос өмір екендігін әрбір мұсылман жақсы түсінуі керек. Құран оқылмаған үйде, жерде, елде береке, тыныштық болмайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл туралы хадис- шәріпте былай дейді: Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар. Себебі, Құран оқылмаған үйде жақсылық, береке аз болады. Ондай үй қиыншылықтан көз ашпайды. Яғни ондай үйде тыныштық болмайды.
Құрансыз дүниедегі ешбір нәрсе адам баласын бақытты ете алмайды. Отбасында тыныштық, татулықты тек Құран ғана бере алады. Әсіресе қазіргі заманда болып жатқан әлеуметтік құбылыстарға зер салсақ, отбасы мүшелері арасындағы түрлі араздасулар, келіспеушіліктер, ұрыс-керістердің көпшілігі дін жолын ұстанбайтын, Құран оқылмайтын үйлерде, отбасылар- да болады. Құран оқылған үйге Алла тағаланың шексіз мейірім, рақымы жауады.
Бұрын өткен ата-бабаларымыз заманында ажырасулар, ер- лі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс, әке мен бала арасында та- лас-тартыс өте аз ұшырасқан, себебі олар Құран жолымен өмір сүрген, Құранды үйреніп, бала-шағаларына үйретіп отырған. Әрбір мұсылман Құранды өзі оқи білген. Сондықтан отбасында береке, жақсылық, бір-біріне деген ізет, құрмет сақталған.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Бір үйде Құран оқылса, аспаннан періштелер енеді. Шайтандар қашады. Үй-ішіне жақсылық, тыныштық енеді, жақсылық көп, жамандық аз болады. Бір үйде Құран оқылмаса, ол жерге шайтандар үйірсектеп, пері- штелер кірмейді, онда жайсыздық орнайды, жақсылық азайып, жамандық көбейеді, - деген.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Құран қарайған жүректерге нұр береді деп те ескерткен.
Құран адамды рухани күйзелістерден, пейілдің тарылуынан сақтайды. Құран өзіне ынтық жандар үшін - үміт бастауы. Құран мұсылмандарға үмітке толы өмір сыйлайды.
Пайғамбарымыз бір хадис-шәріпінде: Құран оқу - көңілдің шипасы, - дейді.
Иә, Құран қай жерде болса да дертке дауа. Себебі, Алла тағала былай дейді:
Әй, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат болған, жүректегі дертке дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау болған кітап (Құран) келдіЮнус сүресі, 57-аят.
Құран - рухани ауруларға да қарсы шипа көзі. Дәрі-дәрмекпен емделмейтін аурулар Құранмен шипа табады.
Мұсылман адам іштей құлазып, көңілін мұң басқанда дереу дәрет алып, Құран оқығаны жөн. Жабырқаудың жалғыз емі - Құран оқу, оқыған Құранды тыңдау.
Құран дауа ретінде түскен. Алла тағала: Біз Құранда шипа болатын аяттарды түсірдік, - деген.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Кім Құраннан шипа таппаса, оған басқа ем жоқ деп ескетркен.
Құран Кәрімде шипалық қасиеттері бар бірнеше аяттар кез- деседі (Жүніс сүресі, 57-аят, Тәубе сүресі 14-аят, Нахл сүресі, 69-аят,Исра сүресі 82-аят, Шуара сүресі 80-аят, Фуссилат сүресі 44- аяттары). Бұл аяттар - Құранның шипа көзі. Мысалы Исра сүресінің 82-аятында:
Мүміндерге рақымы, шипасы бар Құранды түсіреміз. Залымдардың шеккен зияны арта түседі делінген.
Яғни Құранда баяндалған үкімдер - теріс ақида (сенім), жалған көзқарас және жаман мінез-құлық сияқты рухани ауруларға бірден-бір шипа көзі. Оның ішінде Алла тағаланың әмірін орындағандар үшін Құран - рақымдылық пен мейірімділіктің бастауы. Сондықтан Құран - әрі шипа, әрі Жаратушы Иеміздің пенделеріне түсірген рақымы.
Ибн Масғуд (р.а.): Құран шапағат етеді, иесіне пайда тигі- зеді. Сондықтан кімде-кім Құранды жолбасшы етсе, ол оны жәннатқа жетелейді. Кімде-кім Құран жолын ұстамаса, бұл жағдай оны тозаққа сүйрейді деген.
Бұл сөздің мағынасы: өзін оқып, үкімдеріне амал жасаған кісіге Құран Алла тағаланың алдында шапағатшы болады. Құран өзін оқымаған, үкімдеріне амал етпеген адамға да қарсы куә бо- лады. Құранның бұл куәлігін Алла тағала қабыл етеді дегенді біл- діреді.
Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) риуаят еткен осыған ұқсас тағы бір хадис-шарифте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
Алла кітабынан бір әріп оқығанға бір жақсылық бар, ол он есе жақсылық болып жазылады. (Яғни, бір әрпіне он сауап беріледі). Мен әлиф, ләм, мим - бір әріп демеймін. Әлиф - бір әріп, ләм - бір әріп, мим - бір әріп деп айтамын, - деген. Яғни әлиф, ләм, мимді оқыған кісіге отыз сауап жазылады. Сондықтан біз, мұсылмандар, Құран оқудың қасиетін жақсы түсіне білуге тиіспіз. Бір әріп үшін сонша сауап берілетін болса, Құран Кәрімді толық оқып шыққан кісіге қанша сауап жазылатынын ойлап көрейікші! Ендеше, қасиетті кітапты оқып, мол сауапқа кенелейік, құрметті бауырлар!
:: Құран Кәрімнің енді-енді, кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді осыдан он төрт ғасыр бұрын айтып кетуі көптеген батыс-шығыс ғалымдарын таңғалдырып, Исламға бас идірген. Міне, бұл Құранның авторы Мұхаммед (с.а.у.) емес, Құранның Алла тарапынан жіберілгендігінің дәлелі.
Тоғызыншы ғасырдың аяғында яғни осыдан он бір ғасыр бұрын өмір сүрген Ибн Жәрир әт-Табарани атты ғалым жоғарыдағы аятты тәпсірлегенде: Әуелі жел өсімдіктерді тозаңдайды, сосын бұлттарды тозаңдайды - деп, желдің өсімдіктерді һәм бұлттарды да тозаңдайтынын айтуы таң қаларлық.
Міне, Құран Кәрім он төрт ғасыр бұрын желдің аналық-аталықтан тұратын өсімдіктерде және позитив-негативті бұлттарда тозаңдандыру қызметін атқаратынын ашық айтып кеткен. Ғылыми тұрғыда кешірек дәлелденген аталмыш табиғат заңдарын 1400 жыл бұрын ешбір адамның білуі мүмкін емес еді. Олай болса, Құран адам емес, осы заңдарды жаратқан Ұлы Құдіреттің сөзі болмақ.
Адам баласы үшін шынайы өмірдің мәні ғылым - білімді игеруде жатыр. Ал, өзінің үйренген нәрсесін басқаларға үйретуден қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құран – тұтастай тұңғиық ғылым
Қасиетті Құран Кәрімнің түркі тіліндегі алғашқы аудармалары
Әлемдік дін
Құран Кәрім
Ислам шариғатындағы ижтиһадтың түсінігі мен түрлері
Құран Кәрім оқудың сауаптары
Баланың құрсақ ішінде сабақ оқуы
Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі
Психология және когнитивтік психология
Құран Кәрім - Ислам дінінің негізгі көзі
Пәндер