Педагогикалық технологиялардың жіктелуі


Ж О С П А Р
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Педагогикалық технологиялардың жіктелуі
2. 2 Педагогикалық технологиялардың белгілері мен қасиеттері
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктеме берілген:
• Оқытумен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б. Т. Лихачев) ;
• Алдын ала жобаланған оқу-тәрбие үрдісінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В. П. Беспалько) ;
• Оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі (В. М. Монахов) ;
• Педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қызмет ету реті мен жүйелі жиынтығы (М. В. Кларин) .
Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар, бұл: «педагогикалық технологиялар -бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағдайлар жасайды» (М. М. Жанпейісова) .
Педагогикалық технологиялардың жіктелуі
Бүгінгі таңда П. М. Эрдиневтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д. Б. Эльдокин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы Ш. А. Амоншавилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары танымал.
Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің және т. б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Соның бірі -деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы.
Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын оқу үрдісіне енгізуді пән бойынша күнтізбе жоспарын жаңаша құрудан бастайды. Ол үшін дәстүрлі оқытудағы екі бақылау жұмысының арасында өтетін оқу материалын Модуль деп қарастыру керек.
Модульдің дәстүрлі оқытудағы тараудан негізгі айырмашылығы әр бақылау жұмысының алдында оған дайындық екі сабақ өтіледі. Бірінші (n+1) - сабақта оқушылардың модуль бойынша түсінбей қалған кемшіліктерін анықтап, оларды екінші (n+2) - сабақта жою мақсаты көзделген. Әр тоқсанның және жылдың соңында алынатын бақылау жұмыстарының да алдында осындай екі дайындық сабақтары өтеді. Бұл жағдайда: модульдік бақылау жұмыстарынан -тоқсандық, төрт тоқсандық бақылау жұмыстарынан жылдық бақылау жұмыстары құрылады. «Қосымша» сағаттарды ұқсас материалдарды блокқа біріктіріп оқыту арқылы үнемжеуге болады. (n+1), (n+2) - сабақтарын біріктіріп бір 45 минутта өткізсе де болады.
Әр параграфтың мазмұнын (45 минут немесе 90 минутқа арналуы мүмкін ) технологияның талабы бойынша меңгертуді ұйымдастыру үшін оның үш кезеңі анықталған.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы -оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.
Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, толқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз ғой. Ол- оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол оқуылқтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктернің мол екендігін ескере кету қажет, себебі компьютелік техника -оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Бұл жерде оқу мазмұны мен жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда-оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет.
Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, оқулықтағы теориялық материалдардың берілу жолы осы мақсатты қанағаттандыра алатындай болып, оқушылардың өз бетімен білім ала алуына бейімделіп құрылуы керек. Ол бойынша өнер тапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория-Л. С. Выготскийдің «оқыту үрдісінде оқытушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу» туралы теориясы. Бұл ауысу -тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай төрт іс-әрекет деңгейлердің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орындау арқылы оқушы оқу материалының әр түрлі деңгейіне көтеріледі:
Ресей ғалымы В. П. Беспалько бұл деңгейлерді:
Бірінші деңгей- «міндетті, оқушылық»,
Екінші -алгоритмдік,
Үшінші-эвристикалық және
Төртінші-шығармашылық деңгейлердегі қабылдау деп атайды.
Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімлесуші -оқулық бойынша (сабақтың 1, 2-кезеңдерінде) :оқушылар а) жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама, ережелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар «сұрақ-жауап» диалогы түрінде келтіріледі; б) жаңа меңгерген теориялық білімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу-мысалдармен бекітеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.
Жұмыс дәптерлеріндгі (3-кезеңде) : төрт деңгйлік тапсырмалар оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін дамытып, тереңдетуге арналады. Оларды барлық оқушы бірдей бірінші деңгейден бастап орындауға көшеді де, әркім орындап үлгерген тапсырмаларына сәйкес ұпайларын жинайды.
Аталған екі оқу құралының да мазмұндары кейінгі кезде технология бойынша әр пәннен құрастырылып жүрген оқушылардың арнайы оқу құралдарында, әзірге біртұтас беріліп жүр. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы, арнайы пәннен, төмендегідей талаптар қойылады:
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек.
2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланыста болуы керек.
Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылықжақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1 . Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т. с. с.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.
Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар:
-танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т. с. с. ) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс-анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай жұмыс- анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, пробоемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
-әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсінктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару) .
Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар 3 кезеңнің бірінші деңгейі үшін-1, 2 кезеңдерде игерілген теориялық материалды пысықтау мен қайталауға, ережелер мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған тапсырмалар және олар сынақ арқылы бағаланады.
Жоғары деңгейлер үшін-алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге, оларды тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі «басқаруға ыңғайсыз»-делініп, сыналып жатады. Сондағы айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады» дейді.
Мүмкін, дәстүрлі оқу үрдісінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша өздігімен оқытуға тырысып, өздік жұмыстарын жүргізген кезде солай болса, болған шығар.
Бірақ, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:
-Оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып;
-Оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
-Барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.
Сондықтан да, жаңа технолоия бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқущылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде «екіліктер»жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.
Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?»- деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.
Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
Педагогикалық технологиялардың белгілері мен қасиеттері
Педагогикалық техологиялардың белгілері: мақсаттылығы, диагностикалық құралдарының болуы, педагогикалық үрдісті жоспарлауға мүмкіндік беретін оқытушы мен оқушы іс-әрекетін реттейтін заңдылықтар, оқушы мен оқытушы іс-әрекеті мен үрдістерді талдайтын құралдардың болуы.
Осыған сәйкес педагогикалық технологияның төмендегідей қасиеттері мен сипаттары болады: біртұтастылық, тиімділік, нәтижелік, кез-келген мектептің нақты жағдайында қолдануға жарамдылық.
Мақсаттылық белгісі-оқушыны оқытуда, оның жеке тұлғасын дамытуда белгілі бір нақты технологияны қолдана отырып қандай нәтижелерге жетуге болатынын нұсқайды. Технологияның диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілуі мұғалімге педагогикалық ықпалдаң барысы мен нәтижелерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Талдау құралдары мұғалімге өз қызметін және оқушының өзін-өзі дамытуы мен тәрбиелеуі және олардың нәтижелерін бағалай алуы үшін қажет.
Педагогикалық технологияның келесі белгілер тобы- оқытушы мен оқушы қызметтерінің өзара қарым-қатынасын реттейтін, бір жүйеге келтіретін заңдылықтар. Көп жағдайда мұғалім түрлі талаптарды, әдістемелік нұсқауларды есепке алады да, оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын назардан тыс қалдырады. Мұндай жағдайда мұғалімге өз мақсатына жетуге ешқандай технология көмектесе алмайды.
Мұғалімнің қызметі (оның мақсаты, қажеттіліктері мен мотиві, іс-қимылдары, олардың құралдары мен іске асу шарттары т. б. ) оқушының қызметі мен іс-ірекетіне (оның мақсаттарына, мүмкіндіктеріне, қажеттіліктері мен қызығушлықтарына т. б. ) сәйкес келуі шарт. Тек осы негізде ғана мұғалім педагогикалық ықпал құралдарын таңдап, оларды іске асыра алады.
Аталған белгілер педагогикалық технологияның қасиеттерін анықтайды.
Технология тұтас болуы қажет- бұл технология барлық аталған белгілерге жауап беруі тиіс деген сөз. Мұғалімдер жасап шығарған авторлық технологиялар тұтастық принципіне сай емес; яғни, мұғалім ойлап тапқан бір ғана жетістікке көңіл бөлінеді де, технологияның басқа белгілері ұмыт қалады.
Педагогикалық технологияның келесі бір маңызды қасиеті-оптималдылық. "Оптималдылық" термині (латын тілінен аударғанда «optimus»-«ең жақсы» дегенді білдіреді) -белгілі бір шарттар мен міндеттерге ең сәйкесі, тиімдісі дегенді білдіреді. Ю. К. Бабанский педагогикалық үрдістің тиімділігінің бірнеше критерийлерін бөліп көрсеткен еді. Егер, педагогикалық технология сол критерийлерді қолдана отырып төмендегідей шарттарды орындаса неғұрлым тиімдірек болар еді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz