Ежелгі үндістан мемлекеті



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.5

І . ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
1.1 Үндістан мемлекетінің қоғамдық құрылымы және құрамы ... ... ... ... ..6.7
1.2 Үндістан мемлекетінің даму тарихы және геосаяси жағдайы ... ... ... ..8.9
1.3 Британдық Үндістан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.12

І . ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ.
2.1 Ежелгі Үндістан құқығының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.14
2.2 Ману заңдарының пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.19
Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-ашель мәдениетіне жататын тс құралдар табылған.
Инд өзенің жазығынан табылған қола мәдениетінің қалдықтары б.з.б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысынан б.з.б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да бұрынырақта пайда болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті). Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты, соңынан Ганг жазығын мекендеді.
Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен жадылау өлеңдерінің жинағы — ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді. Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-саттық жүргізді. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Бұл кезеңнің тарихы аз зерттелген. Б.з.б. 6 ғасырдағы құл иеленуші мемлекеттердің көпшілігі Солтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде, Ганг мен Джамна өзендерінің алаптарында орналасты (Анга, Магадха, Вриджи, Каши, Кошала, Панчала, Ватса, Куру, т.б. мемлекеттер). Олардан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай орналасқан Гандхара, Аванти, т.б. мемлекеттер жөнінде деректер аз сақталған.
Ежелгі Үндістан жерінің көлемі және халқының саны негізінде өте ерте уақыттардың өзінде-ақ Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын.
Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістан мемлекетінің батыс-солтүстік аймақтарында мәдениет өте жоғары болды.
Үндістан — аграрлы-өнеркәсіпті ел. Экономикасы көп құрылымды. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі уақыт ішінде Үндістан бұрынғы отардан экономикалық жағынан қуатты елдердің қатарына қосылды.
Негізгі табиғи ресурстары: тас көмір, темір, мыс, хром кентастары, боксит, алтын, марганец, мырыш, қорғасын, мұнай, табиғи газ, алмас.
Экономикадағы табыстар ішкі және жалпы жиынтық өнімнің мөлшері бойынша Үндістанға әлемдегі алғашқы он елдің қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Салық жүйесіне өзгерістер енгізу, банк-қаржылық секторға бақылауды күшейту, мемлекеттік бюджет зәрулігін қысқарту, экономикадағы өнеркәсіп саласын реттеу мен нарықтық қатынастарға бейімдеу, сауда-тариф жүйесіне өзгерістер енгізу, т.б. шаралар жүзеге асырылды. Инфляцияға қарсы саясат табысты жүргізілді. Үндістан экономикасына тән көрсеткіш — шетелдік инвестицияларды мол тарту болып табылады.
1. Абдыхалықов Қ.С. Үндістан – КСРО қатынастарының қалыптасу
2. Ашок Кумар мукерджи. Үндістанда бір ғана ұлт
3. Ғабитов, Тұрсын Хафизұлы ж.б. Мәдениеттану., жоғарғы оқу
4. Ғабитов, Тұрсын Хафизұлы, Өмірбекова, Маргарита Шаяқынқызы. Мәдениеттану.
5. Жұманбаева, Л.Қ. Ежелгі шығыс тарихы., әдістемелік нұсқаулар.-Өскемен.
6. Ж.Жеңісұлы, Ежелгі Үндістан., саяси – құқықтық ілімдер.
8. Тұяқбаев, Мұсланнәби. шежіре үндес Үндістан: //Нұр Астана.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І - ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
1.1 Үндістан мемлекетінің қоғамдық құрылымы және құрамы.
1.2 Үндістан мемлекетінің даму тарихы және геосаяси жағдайы.
1.3 Британдық Үндістан.
І - ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ.
2.1 Ежелгі Үндістан құқығының даму тарихы.
2.2 Ману заңдарының пайда болуы.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-5

І - ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
1.1 Үндістан мемлекетінің қоғамдық құрылымы және құрамы ... ... ... ... ..6-7
1.2 Үндістан мемлекетінің даму тарихы және геосаяси жағдайы ... ... ... ..8-9
1.3 Британдық Үндістан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-12

І - ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ.
2.1 Ежелгі Үндістан құқығының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 13-14
2.2 Ману заңдарының пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 15-17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-19

КІРІСПЕ
Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-ашель мәдениетіне жататын тс құралдар табылған.
Инд өзенің жазығынан табылған қола мәдениетінің қалдықтары б.з.б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысынан б.з.б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да бұрынырақта пайда болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті). Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты, соңынан Ганг жазығын мекендеді.
Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен жадылау өлеңдерінің жинағы -- ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді. Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-саттық жүргізді. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Бұл кезеңнің тарихы аз зерттелген. Б.з.б. 6 ғасырдағы құл иеленуші мемлекеттердің көпшілігі Солтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде, Ганг мен Джамна өзендерінің алаптарында орналасты (Анга, Магадха, Вриджи, Каши, Кошала, Панчала, Ватса, Куру, т.б. мемлекеттер). Олардан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай орналасқан Гандхара, Аванти, т.б. мемлекеттер жөнінде деректер аз сақталған.
Ежелгі Үндістан жерінің көлемі және халқының саны негізінде өте ерте уақыттардың өзінде-ақ Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын.
Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістан мемлекетінің батыс-солтүстік аймақтарында мәдениет өте жоғары болды.
Үндістан -- аграрлы-өнеркәсіпті ел. Экономикасы көп құрылымды. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі уақыт ішінде Үндістан бұрынғы отардан экономикалық жағынан қуатты елдердің қатарына қосылды.
Негізгі табиғи ресурстары: тас көмір, темір, мыс, хром кентастары, боксит, алтын, марганец, мырыш, қорғасын, мұнай, табиғи газ, алмас.
Экономикадағы табыстар ішкі және жалпы жиынтық өнімнің мөлшері бойынша Үндістанға әлемдегі алғашқы он елдің қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Салық жүйесіне өзгерістер енгізу, банк-қаржылық секторға бақылауды күшейту, мемлекеттік бюджет зәрулігін қысқарту, экономикадағы өнеркәсіп саласын реттеу мен нарықтық қатынастарға бейімдеу, сауда-тариф жүйесіне өзгерістер енгізу, т.б. шаралар жүзеге асырылды. Инфляцияға қарсы саясат табысты жүргізілді. Үндістан экономикасына тән көрсеткіш -- шетелдік инвестицияларды мол тарту болып табылады.
Күріш, бидай, тары, майлы дақылдар, кофе, шай, қант құрағы, мақта өсіріледі. Ірі қара мал, ешкі, қой, шошқа, түйе, құс өсіру дамыған. Сыртқа шай (дүние жүзінде бірінші орын алады), кофе, балық, темір мен болат, тері, тігін бұйымдарын, киім-кешек, асыл тастар, қолмен тоқылған кілемдер, күрделі техника, химия өнеркәсібі өнімдерін шығарады. Сырттан ауыр машина жасау өнімдерін, минералдық отын мен майлар, маржан, қымбат, жартылай қымбат тастар, химия өнеркәсібі өнімдерін, көліктік құрал-жабдықтарын алады.
Қысқа мерзім ішінде ауыр және жеңіл өнеркәсіп, станок жасау салалары құрылды. Атом, ғылым мен ғарыш техникасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында үлкен нәтижелерге қол жеткізілді.
Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, ТМД елдері, Ұлыбритания, Германия. Қазір Қазақстанда үнді компаниялары мен фирмаларының 30-дан астам өкілдіктері жұмыс істейді. Үндістанның "Испат Интернэшнл" компаниясы Қарағанды металлургия комбинатын, бірқатар көмір кеніштері мен электр энергиясы нысандарын өз басқаруына алды. "Аджанта-Фарма" Қазақстан -- Үндістан бірлескен кәсіпорны Алматы қаласында фармацевтика затты құрылысын жүргізуде.

І - ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
1.1 Үндістан мемлекетінің қоғамдық құрылымы және құрамы.

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үнді түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан - өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел.
Ол терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухуни мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптармен дәстүрдің, жер-жиһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Үндістанның құрамына 25 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы - Дели қаласы. Үндістан шығысында Бангладешпен (шекарасының ұзындығы 4503 км), Мьянмамен (1463км), солтүстігінде Қытаймен (3380 км), Непалмен (1690 км), Бутанмен (605 км), батысында Пәкстанмен (2912 км) шектеседі.
Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы,шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Шекарасының жалпы ұзындығы - 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Елдің жалпы ауданы - 3 млн 288 мың км2. Үндістан Ұлыбританиядан тәуелсіздігін 1947 жылы 15 тамызда алған. Заңдары ағылшынның жалпы құқығына негізделіп жасалған. Ұлттық мейрамы 26 қаңтарда - республиканың жариялаған күні (1950 ж.). Үкімет билігі президент (мемлекет басшысы) пен Министрлер кеңесінің басқарушы премьер-министрдің қолында. Заң шығару екі палаталы парламент тарапанынан жүзеге асырылады. Жоғары палата - халықтық палата, төменгі палата - штаттар кеңесі. Ең ықпалды саяси партиялары: Үндістан ұлттық конгресі (ҮҰҚ), Бхаратия джаната партиясы (БДП).Үндістан экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашылығының дамуына қолайлығымен ерекшеленеді . Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді мұхитының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен байланыстырып тұрады. Ұлыбританияның Үндістан отары бөлінгеннен кейін (1947 ж) оның орнында құрылған Үндістан, Пәкстан, Бангладеш арасындағы құрлықтағы шекарада табиғи кедергі жоқ. Алайда Үндістан мен Пәкстан арасындағы аумақтық мәселелер әлі күнге дейін шешілмей келеді, сондықтан да бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қиындатып отырғаны рас.
Ал Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жолы қиын, зәулім таулы Гималай жоталары бойынша өтеді. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстан және Түрікменстанды Үндістаннан тар аймақ - ауған жері бөліп жатыр. Осы бір тар аймақта Памир, Гиндукуш және Гималай тау жүйелері тоғысады, бұл құрлық көлігіне кедергі туғызады.

1.2 Үндістан мемлекетінің даму тарихы және геосаяси жағдайы.
Қазіргі Үндістан аумағында өте ертедегі ежелгі адамзат өркениеті пайда болған. Б.з.д. 3мың жылдықтың ортасынан б.з.д. 2 мыңжылдықтың бірінші жартысына дейін Үндістан аумағында харапп өркениеті дамыды.
Бұл өркениеті веда тілін алып келген үнді-арий тайпалары қиратты. Б.з. VI ғ. Үндістанның солтүстік-батысы Парсы империясының 1 Дарий қоластына өтті. X ғ. Соңындағы мұсылмандар басып алғанға дейін Үндістан аумағында үнді мәдениеті мен діні басым түрлі мемлекеттер тіршілік етті.
Үндістанның басым бөлігіндегі мұсылман иелегін Темірлан шапқыншылығы алмастырды (1398-1399 жж.). Осы кезде ислам діні дамыған Дели сұлтандығы өзінің бір қатар иеліктерінен айырылды.Темірланның немересі Бабыр шах 1526 ж. Делиді басып алып, Үндістан аумағында Ұлы Моғолдар империясының негізін салды. Бұл империяның шарықтау шегі ғ. Басына тура келеді. Осы кезде Үндістан аумағына бір қатар еуропалық державалар көз аларта бастады. Бұл аймаққа деген ықпал үшін Франция мен Англия арасындағы тартыс Англиянын пайдасына шешілді.
Жаңа колонияны белсенді игеру Британия тарапынан XVIII ғ.соңы мен ХIХ ғ. Басында іскке асырылды. Үндістандықтардың соңғы қарсылығы 1818 жылы жойылды. 1858 жылы сипайлар көтерілісін басып тастаған ағылшындар Ұлы Моғолдар империясының жойыоғанын паш етті. ХХ ғ. 40-жылдарының басында өткен Махатма Ганди бастаған ұлт-азаттық қозғалысы 1947 жылы елдің тәуелсіздігін алып келді.
1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға - Үнді одағы мен Пәкстанға бөлінді.
Тәуелсіз Үндістанның бірнеше премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлар Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағысыз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан республикасына айналды. 1962 жылы Қытай арада шекара жөнінде қысқа мерзімді соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкстанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы сайлауда премьер-министр болып Дж. Нерудың қызы Индира Ганди сайланды.
1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкстанды жеңіп, Шығыс Пәкстанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкстан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх Гандиді атып өлтірді Премьер-минисстр болып Гандидің ұлы Раджив Ганди тағайындалды. Ол да 1991 жылы сайлау науқанында адам өлтірушілер қолынан қаза табады.

1.2 Британдық Индия.
17 ғасырдың бас кезінде Үндістанда ағылшындық Ост-Индия мен голландтық Біріккен Ост-Индия компаниясы (1600, 1602 жылы құрылған) түрінде еуропалық сауда капиталы пайда болды. Олар португалдардан Үндістанмен теңіз саудасын жүргізу монополиясын тартып алып, елде факториялар сала бастады (Үндістандағы бірінші ағылшын факториясы 1613 жылы Суратта пайда болды). 17 ғасырдың 2-жартысында француздық Ост-Индия компаниясының (1664 жылы құрылған) сауда факториялары ашылды.
Үнді көпестерінің көмегімен ағылшындар, голландықтар мен француздар үнді өндірісінің тауарларын сатып алып, оларды Еуропаға ғана емес, Иран, Индонезия, Жапония, Қытай, т.б. елдерге жеткізді. Ұлы Моғолдар империясы билеушілерінің арасындағы өзара үздіксіз жүргізілген тақ таласы ағылшын және француз Ост-Индия компанияларының Үндістанға сауда экспансиясымен қатар әскери экспансияға да көшуіне қолайлы жағдайлар туғызды.
Ұлыбритания мен Франция Үндістан рыногы үшін өзара күрес жүргізді. 1746 -- 1763 жылдары үздіксіз жүргізілген соғыстың нәтижесінде Оңтүстік Үндістанда ағылшындар өз қарсыластарын толық талқандап, Бенгалияны жаулап алды, Карнатик пен Аудты тәуелділікке түсірді. 1767 -- 1799 жылдары Оңтүстік Үндістанның елеулі бөлігі ағылшындық Ост-Индия компаниясының иеліктеріне қосылды. Майсур, Хайдарабад шекараларына ығыстырылған ұсақ князьдіктер ағылшын бодандығын мойындады. Делиден айрылған (1803) Ұлы Моғолдар империясы ағылшындық Ост-Индия компаниясына бағынышты болды. 1775 -- 1818 жылдары ағылшын отаршылдары Пешва мемлекетін жойды, 1814 -- 1826 жылдары Гималай тауларының оңтүстік баурайы мен Ассам, 1843 жылы Синд, 1845 -- 1849 жылдары Пенджаб қосылып алынды. Ағылшындардың отаршылдығы Үндістанның экономикалық және әлеуметтік дамуына кері әсер етті.
Үнді қолөнері бұйымдарын төмен бағалармен сатып алу мен оларды Еуропа рыноктарында сату -- отарлық қанаудың қайнар көздерінің бірі болды. Ұлыбритания билеуші топтарының арасында Үндістанды отарлық езгіге түсіруге ұмтылушылық жолындағы күрес Ост-Индия компаниясын ағылшын парламентінің бақылауына алатын заң қабылдаумен аяқталды (1773). 1774 жылы Үндістанда ағылшын генерал-губернаторы тағайындалды. 1813 жылы Ост-Индия компаниясы Үндістанмен сауда жүргізу монополиясынан айрылып, 1833 жылы сауда ұйымы ретінде жойылды. Үндістанға ағылшын өнеркәсіптік бұйымдары әкелініп, жергілікті ауыл шаруашылық шикізатын метрополияға тасу басталды.
Үндістан біртіндеп Ұлыбританияның аграрлы-шикізаттық отарына айналды. Отарлық езгі Үндістан халқының қарсылығын туғызды. 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап елдің әр түрлі аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістері басталды. Отаршылдыққа қарсы жаппай қозғалыс діни формаларға да ие болды (саньяси, уаххабшылар).
Алғашқы үнді саяси ұйымдары пайда болды. Ағылшын капиталы экспорт пен импортты, ішкі сауданың бір бөлігін сауда үйлері мен банкілер жүйесі арқылы бақылап отырды. Темір жолдар және суландыру жүйелері салынып, шай плантацияларының негізі қаланды. 19 ғасырдың ортасынан бастап Үндістан ұлттық қозғалысы күшейді. Отарлық езгіге қарсы, әсіресе, Джамна-Ганг өзен аралығы мен Бенгалияның халқы қатты қарсылық көрсетті (1857 -- 1859). Ол елдің орталығын да қамтыды. Көтерілістен кейін 1858 жылы Үндістан британ тағының тікелей бақылауына көшті . ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үндістан мемлекеті және құқығы
Ежелгі үндістан мемлекеті мен құқығы
Ежелгі Үндістан мемлекеті жайлы
Үндістан мемлекетінің пайда болуы және оның құқығы
Ежелгі үндістан мемлекетіңі қоғамдық құрылысы
Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқық тарихын кезеңдерге болуі
Ежелгі Үндістандағы құқық
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылысы
Инновациялық технологиямен оқытудың ерекшеліктері
Пәндер