Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисінің табиғаты және профессор Т.Сайрамбаевтың қосқан үлесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисінің табиғаты
және профессор Т.Сайрамбаевтың қосқан үлесі

1.1 Т.Сайрамбаевтың қазақ тіліндегі сөз тіркесі
теориясына қатысты ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Т.Сайрамбаев және сөз тіркестерінің күрделену процесі ... ... ... ... ...

2 Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисі және Т.Сайрамбаев

2.1 Сөйлем және оның белгілері жөніндегі Т.Сайрамбаевтың
қағидалары жайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Т.Сайрамбаевтың сөйлем мүшелері мәселесіне
байланысты еңбектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың басшылыққа алатын историзм принципі бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек. Қазіргі заман тіл білімі – дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім. Оның құрамында әртүрлі лингвистикалық бағыттар, мектептер, зерттеудің әртүрлі әдіс-тәсілдері бар. Оның сипатын, бүгінгі күйін басқаларынан бөлініп алынған жеке бір мектеп, я зерттеудің жеке бір әдіс-тәсілі көрсете алмайды, оған өресі жетпейді. Сол бағыттарды, мектептерді, әдіс-тәсілдерді бірлікте алып қараған жағдайда ғана тіл білімінің қазіргі күйін, сипатын толық түсінуге болады.
Сөз жоқ қазақ тіл білімінің жалпы лингвистика ғылымынан ойып алатын орны бар. Бүгінде кемелденіп алуан салада өсіп-өрбіп отырған, ғылыми деңгейде зерттеле бастағанына жүз жылдан енді ғана асқан ғылымымыздың алғашқы бұлақ-бастауларын А.Байтұрсынов сынды тіл білгірлерінің еңбектерінен алғандығы айқын. «Қазақ тіл білімінің атасы» атанған бұл кісінің татымды-татымды толғаныстары мен тоқтамдары заманының ғана емес, маңыздылығы жылдан-жылға артып келе жатқан теориялық негізі бар дүниелер. А.Байтұрсыновтың өкшесін басқан Қ.Жұбанұлы, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Р.Әміров сияқты ірі ғалымдарымыздың әрқайсысы қазақ тілінің әр саласына бар өмірін арнаған кісілер. Ал кейінгі буын ғалым-зерттеушілер аталмыш ғылымның мәселелеріне өз үлестерін қосқанда сол алғашқы үлгілерден бағдар алғандығы даусыз. Дегенмен, қалыс қалған, айтылмаған кейбір мәселелерді қарап, өзінің ұстаным-тұжырымдарын жүйеге енгізген, кейінгі буындардың ғылымда өзіндік орын алғандығын да мойындау керек, яғни, Ә.Хасенова, Т.Ерғалиев, А.Ысқақов, Р.Сыздықова, Серғалиев, Т.Сайрамбаев, т.б. ғалымдардың ғылымға әкелген жаңалықтары мен қосқан үлесі зор.
«Ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің творчестволық мұрасы санымен немесе көлемімен өлшенбейді, мән-маңызымен, белгілі салада атқарған тарихи қызметімен, жалпы дамуға тигізген әсер ықпалымен өлшенеді, бағаланады»,- [1.55] десек, жоғарыда аталған ғалымдардың кез келген еңбегінің өзіндік маңыздылығы, мәні бар.
Айтайын дегеніміз, еңбегіміздің нысанына айналып отырған профессор Т.Сайрамбаевтың қаламынан туындаған тіл білімінің салаларына арналған 200-ден астам ғылыми мақалаларының, көп жылдар бойы Жоғары оқу орындарында дәріс оқып студенттерге арналған әдістемелік құралдар мен монографиялық еңбектері және оқулықтарының ғылымға сіңірген әсері санымен емес құндылығы арқылы бағаланған деуге болады. Алғашқы ғылыми жұмыстарын 60 жылдары бастап, жарты ғасыр бойы қуат-жігерін ғылымға арнаған Т.Сайрамбаевтың өте көп үңілгені грамматиканың синтаксис пен сөз тіркесі саласы болатын. Өте ауқымды саналатын бұл сала бойынша өзіне дейінгі ғалым М.Балақаевтың зерттеулерінен нәр алған ол түркі тілдерін зерттеген қазақ (Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, А.Әбілқаев, Н.Ұйықбаев, Р.Әмір, О.Төлегенов т.б.) және орыс ғалымдардың (Е.И.Убрятов, Н.К.Дмитриев, Н.К.Баскаков, П.М.Мелиоранский т.б.) еңбектерін салыстыра отырып сәтті ойларына қосылатындығын білдірсе, шалыс орныққан тұжырымдармен қате көзқарастарына қарсылығын нақты дәлелдермен көрсетеді және ешкім сөз ете қоймаған көптеген мәселелері төңірегінде де талай саналы зерттеулерін орнықтырып, белгілі жүйеге келтіреді. Сөз тіркесі сөйлем мүшелерінің қасиеттерін ашу мақсатында да, арнайы нысана арқылы да, морфологиялық кейбір құрылымдардың қызметтерне де көп көңіл бөліп және тыныс белгілеріне байланысты шартты ережелердің бір ізге түсуіне жеткілікті еңбек етті. Сол сияқты қазақ тілінің емле ережелеріне байланысты «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы», «Үлкен жазу симпозиумы», «Қазіргі қазақ тілінің тыныс белгілері: үтір: методикалық талдау» атты ғылыми туындыларында жеке бір төбе деуге толық негіз бар. Мектеп және ЖОО-дағы қазақ тілін оқыту мен орыс тілді жастарға қазақ тілін меңгерту жолдары турасындағы шығармалары бүгінгі күнге тиімді әдістемелік құралдар қатарында саналады.
1 Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. - Алматы, 1990. -580 б.
2 Сайрамбаев Т.Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері.- Алматы,1981. - 130 б.
3 Петерсон М. Очерки синтаксиса русского языка.- М., 1923. - 180 с.
4 Виноградов В.В. Вопросы изучения словосочетаний. //«Вопросы языкознания», 1954, № 3
5 Сайрамбаев Т. Сын есімді етістік сөз тіркестері //Қазақ тілі мен әдебиеті. № 1. 1999./ М.Жолшаевамен бірге.
6 Жұбанов Қ. Қазақ тіліндегі зерттеулер. –Алматы, 1999. – 260 б.
7 Аманжолов С.Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.- Алматы,1992. - 340 б.
8 Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1971. – 280 б.
9 Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі.//Қазақ тіл білімінің мәселелері. Сөз тіркесі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. – 640 б.
10 Баскаков Н.А. Историка-типологическая характеристика структуры тюркских языков. (Словосочетаниие и предложение) -М., 1975. -360 с.
11 Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. –М.-Л.,1948. –386 с.
12 Убрятова Е.И. Исследования по синтаксису якутского языка. М. –Л., 1950.-280 с.
13 Сайрамбаев Т. Есімді сөз тіркестері // Қазақ грамматикасы: фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. – 627 б.
14 Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі: сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Оқулық.- Өңделіп және толықт. 4-бас. – Алматы: Санат, 2003. - 239 б.
15 Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы, 1972. -220 б.
16 Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары туралы // ҚазССР Ғылым академиясының Хабарлары: Тіл, әдебиет сер. -1988. - №2.
17 Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Педагогикалық училищелерге арналған оқу құралы. -Алматы, 2000. -220 б.
18 Балақаев М. Изафеттік құрылыстағы анықтауыштар // Халық мұғалімі, 1948, №11; 1949, №1.
19 Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың мәтіндері. -Алматы,1973. -120 б.
20 Әмір Р. Екінші дәрежедегі коммуникативтік талаптардың құрмалас сөйлемдер жүйесіндегі көрінуі // Жұбанов тағылымы Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Ақтөбе, 2002.
21 Поцелуевский А.П. Основы синтаксиса туркменского литературного языка. - Ашхабад, 1943.- 220 с.
22 Потебня А.А. Из записок по русской грамматике. - Харьков, 1888. -180 с.
23 Виноградов В.В. Грамматика русского языка. -М.,1960.- 340с.
24 Бабайцева В.В., Максимов Л.Ю., Современный русский язык. Пунктуация. -М., 1981.-340 с.
25 Валгина А. Синтаксис современного русского языка учебник для студентов факультета журналистики. -М.,1978.-380 с.
26 Шведова Н.Ю. Активные процессы в современном русском синтаксисе. -М.,1966 .- 400 с.
27 Ильенко С.Г., Персонализация как важнейшая сторона предикативности.//Теорические проблемы синтаксиса современных индоевропейских языков. -М., 1975.-640 с.
28 Гвоздев А.Н. Современный русский литературный язык. 2. Синтаксис. М.,1998. -450 с.
29 Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. -Алматы, 1998. -220 б.
30 Басымов Х. Сөйлем мүшелері туралы // Ауыл мұғалімі, 1939.
31 Байтұрсынов А. Тіл - құрал. Сөйлем мүшесі және түрлері. ІІІ тіл. танытқыш кітап. 2-басылуы. - Орынбор, 1924.-380 б.
32 Серғалиев М. Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы. –Алматы, 1991. -188 б.
33 Кайдаров А. Структура односложных корней и основ в казахском языке. -Алматы, 1998. -210 б.
34 Қайдаров Ә., Жайсақова Р. Принципы классификации фразеологизимов. Известия АН КазССР Серия филолог., 1979. №3
35 Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. -Алматы, 1970. -220 б.
36 Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. -Алматы, 1998. -266 б.
37 Қосымова Г. Қазақ эпосындағы тұрақты сөз тіркестері. -Алматы,1997.
38 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -Алматы,1992 -256 б.
39 Аманжолов С., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ бөлім, Синтаксис, А., 1939.
40 Қазақ тілі. Энциклопедия. -Алматы,1998. -780 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисінің табиғаты
және профессор Т.Сайрамбаевтың қосқан үлесі

0.1 Т.Сайрамбаевтың қазақ тіліндегі сөз тіркесі
теориясына қатысты ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Т.Сайрамбаев және сөз тіркестерінің күрделену процесі ... ... ... ... ...

1 Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисі және Т.Сайрамбаев

2.1 Сөйлем және оның белгілері жөніндегі Т.Сайрамбаевтың
қағидалары жайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Т.Сайрамбаевтың сөйлем мүшелері мәселесіне
байланысты еңбектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

К і р і с п е
Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың басшылыққа алатын историзм принципі бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек. Қазіргі заман тіл білімі - дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім. Оның құрамында әртүрлі лингвистикалық бағыттар, мектептер, зерттеудің әртүрлі әдіс-тәсілдері бар. Оның сипатын, бүгінгі күйін басқаларынан бөлініп алынған жеке бір мектеп, я зерттеудің жеке бір әдіс-тәсілі көрсете алмайды, оған өресі жетпейді. Сол бағыттарды, мектептерді, әдіс-тәсілдерді бірлікте алып қараған жағдайда ғана тіл білімінің қазіргі күйін, сипатын толық түсінуге болады.
Сөз жоқ қазақ тіл білімінің жалпы лингвистика ғылымынан ойып алатын орны бар. Бүгінде кемелденіп алуан салада өсіп-өрбіп отырған, ғылыми деңгейде зерттеле бастағанына жүз жылдан енді ғана асқан ғылымымыздың алғашқы бұлақ-бастауларын А.Байтұрсынов сынды тіл білгірлерінің еңбектерінен алғандығы айқын. Қазақ тіл білімінің атасы атанған бұл кісінің татымды-татымды толғаныстары мен тоқтамдары заманының ғана емес, маңыздылығы жылдан-жылға артып келе жатқан теориялық негізі бар дүниелер. А.Байтұрсыновтың өкшесін басқан Қ.Жұбанұлы, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Р.Әміров сияқты ірі ғалымдарымыздың әрқайсысы қазақ тілінің әр саласына бар өмірін арнаған кісілер. Ал кейінгі буын ғалым-зерттеушілер аталмыш ғылымның мәселелеріне өз үлестерін қосқанда сол алғашқы үлгілерден бағдар алғандығы даусыз. Дегенмен, қалыс қалған, айтылмаған кейбір мәселелерді қарап, өзінің ұстаным-тұжырымдарын жүйеге енгізген, кейінгі буындардың ғылымда өзіндік орын алғандығын да мойындау керек, яғни, Ә.Хасенова, Т.Ерғалиев, А.Ысқақов, Р.Сыздықова, Серғалиев, Т.Сайрамбаев, т.б. ғалымдардың ғылымға әкелген жаңалықтары мен қосқан үлесі зор.
Ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің творчестволық мұрасы санымен немесе көлемімен өлшенбейді, мән-маңызымен, белгілі салада атқарған тарихи қызметімен, жалпы дамуға тигізген әсер ықпалымен өлшенеді, бағаланады,- [1.55] десек, жоғарыда аталған ғалымдардың кез келген еңбегінің өзіндік маңыздылығы, мәні бар.
Айтайын дегеніміз, еңбегіміздің нысанына айналып отырған профессор Т.Сайрамбаевтың қаламынан туындаған тіл білімінің салаларына арналған 200-ден астам ғылыми мақалаларының, көп жылдар бойы Жоғары оқу орындарында дәріс оқып студенттерге арналған әдістемелік құралдар мен монографиялық еңбектері және оқулықтарының ғылымға сіңірген әсері санымен емес құндылығы арқылы бағаланған деуге болады. Алғашқы ғылыми жұмыстарын 60 жылдары бастап, жарты ғасыр бойы қуат-жігерін ғылымға арнаған Т.Сайрамбаевтың өте көп үңілгені грамматиканың синтаксис пен сөз тіркесі саласы болатын. Өте ауқымды саналатын бұл сала бойынша өзіне дейінгі ғалым М.Балақаевтың зерттеулерінен нәр алған ол түркі тілдерін зерттеген қазақ (Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, А.Әбілқаев, Н.Ұйықбаев, Р.Әмір, О.Төлегенов т.б.) және орыс ғалымдардың (Е.И.Убрятов, Н.К.Дмитриев, Н.К.Баскаков, П.М.Мелиоранский т.б.) еңбектерін салыстыра отырып сәтті ойларына қосылатындығын білдірсе, шалыс орныққан тұжырымдармен қате көзқарастарына қарсылығын нақты дәлелдермен көрсетеді және ешкім сөз ете қоймаған көптеген мәселелері төңірегінде де талай саналы зерттеулерін орнықтырып, белгілі жүйеге келтіреді. Сөз тіркесі сөйлем мүшелерінің қасиеттерін ашу мақсатында да, арнайы нысана арқылы да, морфологиялық кейбір құрылымдардың қызметтерне де көп көңіл бөліп және тыныс белгілеріне байланысты шартты ережелердің бір ізге түсуіне жеткілікті еңбек етті. Сол сияқты қазақ тілінің емле ережелеріне байланысты Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы, Үлкен жазу симпозиумы, Қазіргі қазақ тілінің тыныс белгілері: үтір: методикалық талдау атты ғылыми туындыларында жеке бір төбе деуге толық негіз бар. Мектеп және ЖОО-дағы қазақ тілін оқыту мен орыс тілді жастарға қазақ тілін меңгерту жолдары турасындағы шығармалары бүгінгі күнге тиімді әдістемелік құралдар қатарында саналады.
Осыған қарамастан, ғалымның өмірі, шығармашылығы әлі күнге дейін ғылыми зерттеудің негізіне айналмақ түгілі, арнайы жазылған мақалалар жоқтың қасы деп айта аламыз. Сондықтан, яғни қазіргі шақтағы қазақ тіл білімінің ғалымға байланысты еңбектерге зәрулігі, біздің тақырып етіп таңдауымызға себеп болып отыр.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Ғалым мұраларын сөз ету ғылымға ерекше жаңалық ретінде қосылмайтындығын мойындаймыз, алайда кез келген ғалымның ғылыми жаңалықтарын айқындап, тұжырымдарын сұрыптау арқылы ғылымның дамуына көп септігін тигізуге болады, еленбей қалған мәселелер болса ашыла түсуіне жол ашуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан ғалым Т.Сайрамбаев еңбектері арқылы қазіргі қазақ тілінің синтаксисіндегі түйінді мәселелердің, атап айтқанда сөз тіркесі, сөйлем, сөйлем мүшелеріне байланысты қалыптастырған жүйелерінің орнын зерделеудің орасан маңыздылығы бар.
Жекелеген ғалымдардың мұрасын оқып-үйрену - ғылым үшін, оның болашағы үшін аса маңызды қажеттілік. Лингвистикалық мұраны зерттеу жалпы тіл білімінде, соның бірі түркі тілдерінде, ғылым туралы ғылым ретінде әбден орныққан, қалыптасқан дәстүр болып табылады. Қазақ тіл білімінде бұл мәселе 1970-ші жылдардан басталады. К.Ш.Хұсайынның Исследование фонетики и лексики казахского языка в трудах В.В.Радлова (А.,1971) атты кандидаттық диссертациясында қарастырылып, одан кейін жеке ғалымдардың мұралары монографиялық тұрғыда зерттеле бастады. Бұл қатарда К.Ертаев, Ж.Тектіғұлова, Г.Әмірова, А.Омарова, А.Иманғазина, О.Жұбаева еңбектерін атауға болады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі нысанына айналып отырған профессор Т.Сайрамбаевтың қазіргі уақыттағы ауқымды сала синтаксистің өзекті мәселелеріне арналған пікір тұжырымдарын алғашқы және қазіргі қазақ және шетелдік ғалымдардың ой-пікірлерімен салыстыра отырып зерттеу мақсаты ғалымның еңбектеріндегі қағидалардың негізгі танымын аша түсу міндетін жүктеп отыр. Сондықтан қаралғалы отырған тақырып мақсаты орындалу үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
oo қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисіне байланысты еңбектерді жинау және қорыту міндеті;
oo ғалым Т.Сайрамбаевтың Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестері атты еңбегі бойынша сөз тіркесінің күрделену процестерінің табиғаты туралы танымын ғылыми негізде саралау міндеті;
oo ғалымның сөйлем мүшелеріне қатысты ұстанымдарын өзге ғалымдардың ұстанымдарымен салыстыра отырып, өзі қалыптастырған қағидаларын айқындау міндеті;
oo тұрлаулы мүшелерге байланысты жазылған еңбектердің зәрулілігінен туындаған Т.Сайрамбаевтың еңбегіндегі жаңа сипаттағы пайымдарын көбірек негіз ету міндеті т.б.
Зерттеу нысаны. Жұмысымыздың негізгі нысаны профессор Т.Сайрамбаевтың қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисіне және синтаксистің іргелі мәселелеріне қатысты ізденістері мен ұстаным, қағидаларынан туындаған пікірлері мен тұжырымдары.
Теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы. Дипломдық жұмыста қаралатын Т.Сайрамбаевтың лингвистика ғылымына, сөйлем, сөйлем мүшелері және сөз тіркестеріне байланысты зерттеулерін талқыға салуымыздың себебі бүгінгі таңдағы ғылым талабынан туындап отыр. Демек ғалым еңбектері жөніндегі алғашқысы саналатын бұл еңбектің ғылымға тағы бір үлес болып қосылғандығымен қоса ғылыми жаңалықтарын атап өтуге болады.
oo зерттеу барысында ғалымның нысанаға алған мәселелерінің бірі сөз тіркестерінің құрылымдық түрлеріне байланысты ерекшеліктердің түсіндірілуі қақында тұңғыш рет сөз етілді;
oo Т.Сайрамбаевтың танымы негізінде қазақ тілінің синтаксис саласындағы мәселелер саналатын сөз тіркестерінің күрделелену тәсілдеріне байланысты қырлары түсіндірілді;
oo Т.Сайрамбаев зерттеген жай сөйлем синтаксисінің негізгі белгілерін айқындау мақсатында жүргізілген басқа ғалымдармен салыстыру әдісінің көмегі арқылы сөйлемдердің құрылымы мен құрылысына, байланысу түрлеріне талдау жасалды;
oo Т.Сайрамбаевтың және т.б ғалымдардың сөйлемнің негізгі мүшелері бастауыш пен баяндауышты құрауға қабілетті тұлғаларды топтастыра отырып, қасиеттерін бағамдауға талпыныс жасалды.
Практикалық маңыздылығы. Зерттеуде алынған нәтижелер және зерттеу материалдары оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, морфология пәні, функционалды грамматика бойынша лекциялар курсында кеңінен қолданылады. Жұмыстың кейбір деректері ғалымның еңбектері туралы энциклопедияларда, қазақ тілі бойынша анықтағыштарда қолданылады.
Теориялық және әдіснамалық негіздері. Жалпы тіл білімі жекелеген тілдерді зерттеудің негізінде дамиды. Жеккелеген тіл білімі өкілдерінің зерттеулері ұлттық тіл ғылымының тарихындағы теориялық бағыттар мен мектептердің, оның көрнекті өкілдерінің алатын орны мен рөлін анықтауда ерекше маңызды болып табылады. Қазақ тіл білімінде Т.Сайрамбаев сынды ғалымдардың теориялық көзқарастарын, ой-тұжырымдарын, ұстанған бағыттарын арнайы зерттеу сол ғылым саласының қалыптасу, даму тарихын қазіргі тіл білімінің жетістіктері және жаңа салаларымен сабақтастығын теориялық тұрғыдан пайымдауға жол ашады.
Нысанымыздың негізі болып отырған Т.Сайрамбаевтың қазақ тіліндегі синтаксис мәселелеріне қатысты кітаптары, оқулықтары мен мақалалары негізгі және синтаксис саласына сүбелі еңбек еткен М.Балақаевтың, С.Аманжоловтың, Р.Әміровтың, М.Серғалиевтың, К.Ахановтың еңбектері ғылыми жұмысқа жетекші дереккөздері ретінде пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының міндетіне сай мақсатқа жету үшін жұмыс барысында сипаттама, салыстыру, жинақтау, топтастыру әдістері пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисінің табиғаты және профессор Т.Сайрамбаевтың қосқан үлесі
1.1 Т.Сайрамбаевтың қазақ тіліндегі сөз тіркесі теориясына қатысты ұстанымы
Қазақ тіл білімінде кенжерек дамыған сала ретінде саналатын сөз тіркесі жөніндегі зерттеулер қазіргі шақта едәуір биікке көтерілді деуге болады. Жалпы сөз тіркесінің жүйелі қарастырылуына бірталай елеулі еңбек еткендердің басында С.Аманжолов, Р.Әміров, Ә.Аблақов, М.Серғалиев, М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, Е.И.Убрятова, Н.А.Баскаков, Н.К.Дмитриев, Қ.Басымов сияқты тілші ғалымдардың тұрғандығы сөзсіз.
Дегенмен түркі тілдеріндегі сөз тіркестері жөніндегі ең алғашқы таза теориялық туынды профессор М.Балақаевтың еңбегінен басталған болатын. Олай деуіміздің себебі, ғалымның 1954 жылы шыққан Қазіргі қазақ тілі деген кітапқа енген Сөз тіркесі бөліміндегі мақаласы мен 1957 жылы жарық көрген Основные типы словосочетаний в казахском языке еңбегіне дейінгі зерттеулердің тек мектеп грамматикаларының көлемінде айтылып келгендігін, онда да сөз тіркесіне толық анықтама беріп, оның түрлі жақтарын егжей-тегжейіне дейін зерттеген ешкім болмағандығын оның ізбасар шәкірті Т.Сайрамбаев өз еңбегінде атап өтеді [2,28].
Бұл бөлімнің негізгі өзегіне айналып отырған Т.Сайрамбаевтың сөз тіркестерінің табиғаты туралы айтылған түсінік қағидалары турасында сөз етуді бұлай бастауымыздың себебі де бар. Ең алғашқы ғылымға қадамын сөз тіркестеріне байланысты ғылыми мақаласымен бастап, тіл білімінің синтаксис саласына жарты ғасырлық ғұмырын арнаған ф.ғ.д., профессор Т.Сайрамбаевтың елеулі еңбектерінің мол бөлігінің жетекшісі М.Балақаев қағидаларынан бастау алатындығымен қоса үндес екендігін байқау қиын емес. Мәселен, докторлық тақырыбы ретінде 1981 жылы Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері атты монографиясын негізге алсақ болады.
Аталған еңбекте автор М.Балақаев пен т.б. ғалымдарының зерттеулерінен тыс қалған, тіпті түркі тілдері бойынша еш сөз болмаған мәселелер жөнінде алғаш зерттеу жүргізген болатын және бұл дүниелердің орнын баса алатын еңбектердің қазірде жоқтығын сеніп айта аламыз.
Жалпы, тіл білімінің синтаксис саласын зерттеу барысында сөйлем, сөйлем мүшелерінің айналасында сөз болған жағдайда сөз тіркесіне байланысты әңгіменің болмауы мүмкін емес. Өйткені, синтаксистің негізгі обьектісінің өзі - сөз тіркесі мен сөйлем және сөйлем құрылымына қатысты элементтер. Осы орайда айта кететін мәселе, сөз тіркесі жөніндегі осы күнгі жүйеленген ғылым жылдар бойғы зерттеліп, сараланып, сұрыпталып, пісіп-жетілген теорияның нәтижесі деуге толық негіз бар. Қазақ тіліндегі сөз тіркесі саласы туралы ХХ ғасырдың 20 жылдарынан кейін сөз қозғала бастағанымен, жалпы тіл білімі бойынша ХІХ ғасырдың басында пайда болған қисындық бағыт өкілдерімен байланысты. Сол ғасырдың орта кезеңіне дейін беделін жоғалтпаған бұл бағыттың әр түрлі ойлары кейінгі зерттеушілер тарапынан қате деп табылғанымен, сөз тіркесін сөйлеммен қатар синтаксистің қарамағында қарау қағидасы жоққа шығарылмайтын мәселе болып қала берді. Олар синтаксистік ұғымдарды формалды логиканың мүддесі тұрғысында, соған тәуелді мәнде қарады, синтаксистің міндеті логикалық категориялардың тілдегі баламасын айқындау деп түсінді. Сөйлемге болсын, оның мүшелеріне болсын анықтама беруде бірден-бір сүйеніш - қисын заңы деп білді. Сөйлем - қисындық пайымдаудың көрсеткіші, ол екі мүшелі ғана болады: оның бірі - субьект, екіншісі - предикат. Бұл екі категорияның тілдегі көрсеткіштері - бастауыш пен баяндауыш дегенді айтты. Көптеген олқылықтары барлығына қарамастан қисындық бағыт ХІХ ғасырдың ортасына дейін елеулі беделге ие болып келді. Оның сарқыншағы күні бүгінде де кездесіп қалады. Тіпті, сол кезден бергі жарық көрген грамматикалық әдебиеттердің барлығында да синтаксисті грамматиканың бір саласы ретінде қарау жүйесі бүгінгі шақтағы ғылымымыздың да сипаты. Соншалықты ұзақ тарихына, түрліше кезеңдеріне қарамастан, синтаксистің негізгі обьектілерін айқындауда әлі күнге дейін пікір қайшылықтары әркез кездесіп қалады. Өткен ғасырдың аяғына дейін синтаксистің ең негізгі және бірден-бір обьектісі сөйлем делінген болса, үстіміздегі ғасырдан бастап оның қарауына сөздер тіркесі де жатады дейтін пікір пайда болды. Тіпті, орыс тіл білімінің көрнекті өкілдері Ф.Ф.Фортунатов пен оның шәкірті М.Н.Петерсон секілді ғалымдардың тарапынан сөздер тіркесі - синтаксистің бірден-бір обьектісі, сөйлемнің өзі де сөз тіркесі құрамына енеді дейтін қағидалар пайда болған болатын. Бұл бағыттағы ғалымдардың пікірінше, синтаксистің түйінді мәселесі, негізгі обьектісі - сөздер тіркесі. Сөйлем дегеніміз сөздер тіркесінің бір түрі ғана. Сондықтан синтаксистің қарауына тек сөз тіркесі түріндегі сөйлем ғана жатады деп есептейді [3,28].
Қай пікірдің, зерттеудің болмасын сөз тіркесі тіл біліміндегі ең негізгі тұлға екендігін көреміз. Орыс тілінде сөз тіркестерін алғаш қолға алғандардың бірі В.В.Винградов сөз тіркестерінің түрлері, байланысу формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады [4,179]. Осы орайда, академик В.В.Виноградов сөз тіркестерінің тілдің коммуникативті және номинативті құралдарының қатарына енетіндігі жайында былай дейді: Сөйлем құрамында ғана және сөйлем арқылы сөз тіркестері тілдің коммуникативті құралдарының жүйесіне ене алады. Сөйлемнен тыс, тек соған керекті құрылыс материалы ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да, тілдің номинативті құралдарының саласына, заттарды, құбылыстарды, процестерді белгілеу құралдарының қатарына енеді [4,179].
Ғалым Т.Сайрамбаевтың айтуынша, орыс тіл білімінің белгілі зерттеушісі И.П.Мелиоранский Краткая грамматика казах-киргизского языка деген еңбегінде сөз тіркесі туралы арнайы тоқталмағанымен, простое предложение деген бөлімінде бастауыштың баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс көрсеткен [5,34]. Ал септіктерге жеке-жеке тоқтай келіп, онда әрбір етістіктің мағыналық топтарының қайсысы қандай сөздерді меңгеретінін анықтаған. Меңгеру туралы айта келіп, онда үміттену, берілу, бағыну, келісу, мақтану, күлу, шыдау, жылау, мұқтаж болу т.б. етістіктер барыс жалғаулы сөздерді меңгеретінін дәлелдеген. Ал қабыса байланысу туралы ешбір сөз қозғалмайды. Бірақ автордың Определение деген бөліміндегі мынадай мысалдар: ақ тас - белый камень; жақсы кісі - хороший человек; үшінші жыл - третий год дегенде сөздердің қатар келіп орналасатынын сөз етеді [5,35]. Мұның өзі қабысу терминінің жалпы орыс тілінде де көп уақытқа дейін енгізілмеу себебіне байланысты ма деп ойлауға болады.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі синтаксисі жеке ғылым болып елуінші жылдары профессор М.Балақаевтың әсерімен қалыптасты дегенімізбен, синтаксисті сөйлемнің қандай түрлері болатынын, қандай бөлшектерден құралатынын қарастыратын грамматиканың бір саласы деп анықтаған қазақ ғалымдарының алғашқыларының бірі, профессор Қ.Жұбанов синтаксистің қарауына сөздер тіркесі де жататындығын отызыншы жылдары айтқан болатын. Грамматиканың мәнін өзінше түсіндіруге тырысып, оның үлкен бір саласы синтаксисті құрастыру, құрылыс деп атаған ол О формах сочетания слов в казахском языке атты мақала жазса, сондай-ақ оқулық ретіндегі Қазақ тілінің грамматикасында (1936) да бұған арнайы тарау беріп (сөз қиыны деп атаған), тоқтала кетеді. Автордың сөз қиыны деп отырғаны - біздіңше, қазіргі ұғымымыздағы сөз тіркесі. Бұл жайында ғалым былай жазады: Сөйлемде бір сөз болмай, бірнеше сөз болса, бұл сөздер бір-бірімен қиындасып тұруы керек. Қиынын келтірмей құрастырған сөйлем не тіпті сөз болмай шығады да, немесе айтайын деген сөзің болмай, басқа бірдеме болып шығады [6,146]. Сөз қиыны дұрыс болу үшін екі шартты атайды: ... әр сөзді орны-орнына дұрыс қою керек және ... бір сөзді екінші сөзге байлап беретін жалғаулар бар, соны жалғау керек.
Сөз тіркесіне байланысты тағы бір мәселе - автордың айтатаныдай, жетек сөз бен жетекші сөз. Бұл - тілімізде қазіргі баяндалып жүрген меңгерілуші сөз бен меңгеруші сөз. Бұларды ғалым былайша түсіндіреді: Сөйлем ішінде сөздер бірін-бірі ерте де, біріне-бірі ере де байланысады. Еруші сөзді жетек сөз, ертуші сөз жетекші сөз дейміз[6,148]. Осылайша сөздердің бір-біріне бағына байланысудағы заңдылығы ашылады. Мұның бәрі, жоғарыдағыдай, автор өзі айтқан синтаксистің құрастыру, құрылыс табиғатымен тығыз байланысып жатады. Терминдердің аталуы болмаса көптеген пайымдаулар осы күнгі зерттеудің бастауы болған Қ.Жұбановтың сонымен сөз тіркесі мәселелері болсын - қай-қайсысысын да таза синтаксистік тұрғыдан сипаттап қоймай, ол жайларды лингвистикалық стилистикамен сабақтастыра түседі.
Алғашқы зерттеулердің бірі С.Аманжоловтың да сөйлем, сөз тіркесіне қосқан пікірлері әлі күнге маңызын жоймаған оның еңбектерінде біршама сөз болады. Ол 1940 жылы Қазақ әдеби тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы деген кітабын он жылдан кейін Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы деген атпен қайта бастырғанда, әдейі Сөздер тізбектері [7,51] деген тақырыппен берілген болатын. Әрине, бұл кітапта тіліміздің барлық сөз тіркесін сөйлемге берілген анықтамалардың ыңғайында атап жүрді. Сондықтан да, С.Аманжоловтың пікір-тұжырымдары өз уақытысындағы ғылыми еңбектердің ұстанымына сәйкес келуі мүмкін еді, Мәселен; Тиянақты ойды білдіретін сөзді я бірнеше сөз тіркесін сөйлем дейміз, кейбір сөз (сөйлем мүшесі) басқа сөзді анықтап, толықтырып, пысықтап немесе түрліше қиюласып, бірін-бірі керек ету жолымен байланысады. Мұндай байланыстарды сөйлемдегі сөздердің тіркесі дейміз, -деген өзіндік пікірлері осының айғағы.
Қалай десек те, ХХ ғасырдың алғашқы бөлігінде оқулықтар жазып, ой айтқан профессорлар Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтар сөз тіркесі тіліміздегі елеулі категория екенін жақсы түсінгендіктен азда болса өз еңбектерінің нысанына айналдырды.
Сөздер тіркесі синтаксистің қарауына енетінін жоғарыда айтып өткендей кейінгі жылдары М.Балақаевтың еңбектерінде өте жүйелі айтып өтеді. Ол өзінің жай сөйлем синтаксисіне арналған зерттеуінде синтаксис сөйлемнің грамматикалық жүйесін құрамын, сөздердің тіркесуін қарастырады - десе, соңғы еңбектерінде одан гөрі айқындаңқырап, сөз тіркесін синтаксистің бірінші обьектісі дәрежесіне дейін көтереді [8,140]. Ол грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі ерекшеліктері бар топтарын - грамматикалық единицалар - тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек - бөлімдерден құралғанымен, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз деп осы грамматикалық құрылымдардың айырым белгілері жөнінде біраз қасиеттерді атайды.
М.Балақаев пен Т.Сайрамбаевтың пікіріне сүйенсек, егер сөйлем қарым-қатынас жасаудың, адам ойын білдірудің негізгі формасы болса, сөз тіркесі және сөз - сөйлем құраудың материалдары, яғни, бұдан шығатын қорытынды сөздер тіркесі синтаксис қарауына жататын мәселелердің бірі екені даусыз. Ол сөйлеммен тығыз байланыста қаралуы керек. Бірақ сөз тіркесі синтаксистегі тұлға емес, оның негізгі тұлғасы - сөйлем. Сөз тіркесі, көптеген ғалымдардың көрсеткеніндей, сөйлемнің бір бөлшегі - сөйлем құрауға қажетті материал. Мұндай сөз тіркесі мен сөйлемнің арасындағы айырмашылықтарды тану мәселесі тілші ғалымдардың көбіне ой салған болатын. Мәселен, В.В.Винградов бастаған көптеген ғалымдардың сөз тіркесін номинативті, сөйлемді - предикативті деп таныған сипаттамалары болды. Алайда, сол кездегі (Н.А.Баскаков) және кейінгі ғалымдардың тарапынан (М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, К.Аханов т.б.) бұл түсініктер біраз сынға ұшараған еді. Өйткені, сөз тіркестерін үнемі, түгелдей номинативті деп қарау дұрыс емес. Ондай сөз тіркестері тек олардың жұмсалу орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға болатындары бар. Мысалы, сөз тіркестері құрылымында пайда болған тұрақты атаулар (социалистік жарыс, партия оқуы, қант қызылшасы, қызыл бұрыш, темір жол, мал дәрігері, су қоймасы, қол басы, су диірмен, отан соғысы, т.б.). Осындай ауыс мағыналы сөз тіркестерінен біріккен, кіріккен күрделі сөздердің жасалуы олардың екінші рет атауыш (вторичная номинация) дәрежесіне көтерілу болмақ (Мысалы: атқұлақ, қараторғай, тасбақа, балықкөз, өнеркәсіп, қолөнер, кәсіподақ, қайнаға, ашудас, белбеу, бүгін т.б.)[9,33] деп тұжырымдасақ болады. Демек, сөз бен сөз тіркесі тілдің номинативті құралдарының қатарына енгенімен, бұл екеуінің номинативті сипаты бірдей емес деген сөз. Біріншіден, - сөз дара ұғымның атауы болса, еркін сөз тіркесі кемінде екі ұғымның, бірақ бір-біріне қатысты, өз ара байланысты ұғымдардың атауы, екіншіден, - жоғарыда аталып өткендей, сөз затты, құбылысты, сапа-белгіні немесе іс-әрекетті бір-біріне қарым-қатынассыз, жеке-дара күйінде атаса, еркін сөз тіркесі оларды бір-бірімен байланысында атайды; үшіншіден, - сөз сөйлеу кезінде тілде бұрыннан бар, қалыптасқан, даяр тұрған, бұрыннан бар атау емес, сөйлеу кезінде толық мағыналы сөздердің тіркесуінен жасалатын, олардың мағыналық және грамматикалық бірлігінен пайда болатын тіркестер ретінде ұғынылады, анығырақ айтқанда, сөз тіркестері номинативті сипатқа бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған единицалар ретінде емес, сөздердің тілдің грамматикалық заңдары бойынша тіркесуі арқылы ие болады [9,38]. Осылай, сөз тіркесін номинатив деп тану оны сөз дегенмен бірдей деп санауға саятындықтан, оған басқаша анықтама, сипаттама берушілер болды. Мысалы, Н.А.Баскаков екі синтаксистік единицаларды (сөйлем мен сөз тіркесін) қарама-қарсы екі түрлі ойлау процесінің тілдегі көрінісі деп табады: абстракциялау, конкреттеу [10,105]. Солардың бәрі - өзара тығыз байланыста, бірінсіз-бірі бола бермейтін екі түрлі синтаксистік тұтастықты екі бөліп оқшаулауға лайықталған сипаттамалар.
Сөз тіркесін сөйлемнен ажырату - жалпы тіл білімінде негізгі мәселелердің бірі. Осыған орай ғалым Т.Сайрамбаев сөз тіркесіне синтаксистік топ құрайтын барлық сөздердің тіркесін жатқызамыз ба, әлде предикативті қатынасты жатқызамыз ба? деген сауалға жауап іздеп, осының негізінде бұл күні жоққа шығарылған қағидалардан бастап, қазіргі жүйеге себеп болған ұстанымдарды салыстырып, саралап, жинақтайды. Мысалы, кейбір ғалымдардың, атап айтқанда Фортунатов, Пешковский тағы да басқалардың толық мағынасы бар грамматикалық тіркестердің барлық түрін сөз тіркесіне жатқызуы тілге тиек етіліп, қате ұстанымын айқындауға тырысады. Оның айтуынша: Фортунатовтың пікірі бойынша, сөйлем дегеніміз сөз тіркесінің бір түрі (разновидность), көрінісі. Бұлардың пікірінше, сөйлем мен сөз тіркесінің ешбір айырмашылығы болмайды [2,8]. Ал керісінше, кейбір ғалымдар Буслаев, Потебня, Шахматов т.б. сөз тіркесін жоққа шығарды. Олардың пікірі бойынша, негізгі етіліп сөйлемнің теориясы және сөйлемнің мүшелері алынады. Сөйтіп сөз тіркесі туралы мәселе тек түркі тілдеріне ғана емес, басқа тілдерде де түрліше қаралады [2,8] дейді.
Сондай-ақ, сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылықтары мен өзіндік ұқсастықтарына аса назар аударған ғалым бұдан басқа Н.К.Димитриев, Б.А.Убрятова, Н.А.Баскаков, Г.И.Инжековой-Грекул, В.В.Виноградов сынды т.б. ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып аталмыш мәселеге өз көзқарасын білдіріп, кей тұстарға келіспейтіндігіне толықтай ғылыми дәлел айтады. Егер бастауыш пен баяндауыштық қатынастан болмай, олар тиянақты ойды білдірсе, сөйлем деп, егер бастауыш пен баяндауыштық қатынас болмай, олар тиянақты ойды білдірмесе сөз тіркесі болады (Н.К.Дмитриев, Б.А. Убрятова т.б.) [11,202;12,154], соңғы сөз (басыңқы сөз) есімше не көсемше формасында тұрса ғана сөз тіркесі де, ал етістіктің басқа формаларында келсе, сөйлем (Н.А.Баскаков т.б.) [10,164] деген пікірлер мен соған орай сөз тіркестерін предикативті және предикативті емес деп бөлінуін аса қолдай қоймайды. Өйткені сөз тіркестерінің әрбір сыңарларын бұлай қарау, олардың қасиетін толық аша алмайды. Сөз тіркесі мен сөйлемді ажырату немесе олардың арасына жоғарыдағыдай шек қою дұрыс болып шықпайды. Өйткені мұндай шек қою негізгі критерий бола алмайды. Ол үшін сөз тіркесі мен сөйлемдердің әрқайсысының зерттелетін негізгі обьектілерін ашу керек сияқты [13,61] дей келе, В.В.Виноградовтың кейінгі еңбектеріндегі сөйлем мен сөз тіркестерінің айырмашылығы мен ұқсастықтарын дұрыс байқағандығын атап өтеді.
Бұл принципке қарағанда сөйлемнің сөз тіркесінен бір өзгешелігі - біріншіден әрбір сөйлемнің интонациясы болады. Бұл қасиет сөз тіркесінде болмайды. Екіншіден, негізінде сөйлемдерге тән нәрсе, олар көбіне бастауыш пен баяндауыштық қарым-қатынастан құрылып, біршама аяқталған ойды білдіруі. Бұл құбылыста сөз тіркесінде үнемі бола бермейді. Сөз тіркесі толық мағыналы сөздерден құрала отырып, сөйлемнің осындай айырмашылықтары болғанымен олардың өзіндік ұқсастықтары да бар. Сол сияқты сөз тіркесі сөйлемнің негізінде жасалады. Мысалы: кітап оқыды бұл әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі. Олай болса, бір сөз табы басқа сөз таптарына ауысып отыратыны сияқты, бұл екеуі бір-біріне ауысып отырады. Әрі екеуі құрылысы жағынан кейде ұқсас келеді. Сөйлем де, сөз тіркесі де екі немесе одан да көп сөздерден құрала отырып, сөйлемдермен сәйкес келе береді. Сонымен, қорыта келгенде, сөз тіркесі және сөйлем жалпы тіл қатынасы, ой қатынасы бола отырып, әрқайсысының өзіндік объектілері бар [14.11]. Сөйтіп, Т.Сайрамбаевтың пікірінше: сөз айналадағы обьективтік шындықтың адам басындағы сәулесі (отражения) ретінде жеке-жеке ұғымды (понятие) білдірсе, сөз тіркесі олардың грамматикалық қарым-қатынасын және мағыналық тобын білдіреді. Ал сөйлем жеке ұғымдардың синтезі ретіндегі байымдауды (суждение), хабарлауды, сұрауды, модальділікті білдіреді.
Сөз де, сөз тіркесі де - сөйлем құраудың негізгі материалы. Бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері барын ғалымдар тарапы ертеден-ақ аңғарған, ол туралы бағалы еңбектер де аз емес. Дегенмен, сөз бен сөз тіркесінің ұқсас және айырым белгілерін айқындау үшін, алдымен сөздің негізгі түрлерін ажыратып алуды ескерткен ғалым, әсіресе, сөз тіркесі синтаксисінің үлкен мәселесінің бірі күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің сыртқы тұлғасының ұқсастық белгілеріне және айырмашылықтарына аса назар аударады. Ол күрделі сөз бен сөз тіркестерінің ұқсастығы олардың жасалу жолында емес, сөз санының көбінде, саны жағынан екеуі де екі немесе одан да көп сөздерден құралады [14.36] дей келе, олардың арасындағы бірталай айырмашылықтарды да түсіндіре түседі. Бұл үшін сөздердің тілде атаушы қызмет атқарып, тілдің номинативті құралдарының қатарына жататындығы сияқты, сөз тіркестері де заттардың, сапа-белгілердің, іс-әрекеттердің атаулары ретінде қолданылып, тілдің номинативті құралдарының қатарына жатқызатын [15] К.Ахановтың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік тұтастық белгілеріне қарай ажыратқан классификациясына сүйене отырып дәлелдейді.
Синтаксис мәселелерінің ішіндегі сөз тіркесінің күрделенуіне дербес мағыналы сөздермен (сөз таптары) бірге кейде дербес мағыналы күңгірт сөздердің де қатысты болатындығын дәлелдеп, түбегейлі нүкте қойған еді. Оның пайымдауындағы сөз тіркесінің аясын кеңейтуде:
1) әр сөз тобының күрделі түрі;
2) көмекші есім;
3) көмекші етістік;
4) модаль сөздер;
5) шылаулар;
6) нумеративті сөздер;
7) түрлі қосымшалар;
8) фразеологиялық тізбектер т.б. факторлар шешуші орын алады деген тұжырымы да айқындалып барып жарияланған еді.
Бұл күрделі сөз тіркестерінің жасалу табиғатын терең зерттеу үшін сөз тіркестерінің күрделену процесіне ықпалы бар, ықпалы жоқ тілдік бөлшектердің кез келгенінің қасиеттерін зерттеуіне тура келетіндігін көрсетті.
Т.Сайрамбаев өзіндік ерекшелігі бар синтаксистік байланыс түрі матасудың қиысу мен меңгеруге ұқсастығын мойындайды, сондай-ақ ең алғаш дөп басып айтқан М.Балақаевтың матасу жөніндегі матаса байланысу тек сөз тіркестерінде жұмсалады деген пікірін қолдайды.
Шындығында да, матасу ілік жалғаулы сөздің тәуелдік жалғаулы сөзді қажет етуі жағымен, бірінсіз-бірі қолданыла алмайтынын айқас байланысу жағымен анықтауыш пен анықталушы сөздің анықтауыштық қатынаста жұмсалу ерекшелігінен, бағыныңқы, басыңқы сыңар қызметтерінде зат есім немесе зат орнына жүретін сөздердің қолданылуымен өзге синтаксистік байланыс түрлерінен оқшауланады [16,266].
Матаса байланысатын сөз тіркестерінің әрбір сыңарының жасалуына қарай оларды бағыныңқы сыңардың күрделі түрі, басыңқы сыңардың күрделі түрі, кейде екі сыңардың күрделі түрі деп қарастыру керек сияқты [14,131] деп аталған мәселе жөнінде жеке-жеке қарастырғанда, бағыныңқы сыңарларының күрделену тәсілдеріне қарай;
а) бағыныңқы сыңары зат есімді матаса байланысқан;
ә) бағыныңқы сыңарының ілік жалғаулы сын есімнен және әр түрлі сөз таптарымен келетін матаса байланысқан;
б) бағыныңқы сыңары ілік жалғаулы сан есім мен басқа сөз таптарының біреуімен қосақтасып келетін матаса байланысқан;
в) бағыныңқы сыңары ілік жалғаулы есімше және қимыл есімі, үстеу, есімдік, көсемше т.б. сөздердің келуі арқылы жасалатын матаса байланысқан;
г) бағыныңқы сыңары ілік жалғаулы тұрақты тіркес негігізгі сөздермен, модаль, көмекші етістік, көмекші есім сөздердің түйдектелуі арқылы көмекші сөздердің қатысуымен матаса байланысқан;
ғ) бағыныңқы сыңардағы сөздердің қосарланып барып ілік жалғауын жалғайтын матаса байланысқан;
д) бағыныңқы сыңары кейде ілік жалғаулы қысқарған сөздер арқылы жасалатын матаса байланысқан т.б., ал есімді күрделі сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларының күрделену тәсілдеріне қарай;
а) тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы зат есіммен зат есімнің келуі арқылы;
ә) тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы зат есіммен сын есімнің келуі арқылы;
б) тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы зат есіммен сан есім не есімдіктердің тіркесуі арқылы;
в) тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы зат есіммен есімшенің тіркесуі арқылы;
г) тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы қос сөзді зат есімдер арқылы тіркесетін есімді күрделі сөз тіркесінің болатындығын байқаймыз.
Ғалым бір ғана сөз тіркесінің құрамындағы үш немесе одан да көп зат есіммен келетін күрделі қабыса байланысу түрінің болатындығын дәлелдеуі біраз мәселенің басын ашып бергендігі сөзсіз. Мысалы, аю төс ене, мұз балақ қыран, жылан бас тастар, қошқар мұрын жігіт, қошқар мүйіз ою, мая жүн шекпен т.б. Өйткені бірнеше зат есімнің орын тәртібі арқылы жалғаусыз тіркесі тек профессор М.Балақаевтың еңбегінде бірер сөзбен айтылғаны болмаса, арнайы зерттеудің обьектісі болған емес [14,89] еді. Бұған қарап бұл құбылысқа тән мысалдар тілімізде өте аз деуге болмайды. Үш немесе одан да көп зат есімдер арқылы сол қалпында ғана күрделі сөз тіркесін құрайтын бұларға ғылыми еңбектерде бірталай мысалдар келтіріп, сонымен үш немесе көп сөзді зат есімдердің әрбір бағыныңқы сыңарлары өзара түйдекті тіркес құрай келіп, бір-бірімен сатылана байланысу негізінде (бұл арада олар жарыспа байланысқа түспейді) күрделі сөз тіркесін құрайды деп жалғаулықсыз қабыса байланысқан зат есімдердің түрлерін: қашықтықты білдіретін (Мысалы: Қуғыншылар қол ұстам жерде қалды (Қазақ әдебиеті)), бір нәрсенің неден істелетіндігін білдіретін (Мысалы: Сабалы денесіне мая жүн шепенді желең жамылған (Ә.Нұрпейісов)), бір нәрсенің неге арналғандығын білдіретін (Бескөл құрастырмалы бетон цехы және басқа кәсіпорындар пайда болды(Ә.Нұрпейісов)), кәсіпті білдіретін (Мысалы: Ақанмен аңға шыққандар бағанағы күрең қасқа атты төре тұқымынан Жұпынының Әлжаны мен оның жылқышысы - ақынның қасынан соңғы кезде бір елі қалмайтын қалжыңқой серігі Шәкей, әнші жігіт Сұлтанмұрат еді (С.Жиренов)), бір нәрсені салыстыру ыңғайында көрсететін (Мысалы: Кебеже қарын шаш алғыш шебер үлкен ақ шүберекті менің басыма әкеліп, сілкіп тұр екен (Ғ.Мүсірепов)) т.б. деген бес түрлі мағыналық топтан тұратындығын айтады. Бұдан өзге қабыса байланысқан зат есімдердің қосарлануы арқылы жасалған сөз тіркестерінің болатындығын, олардың өзіндік ерекшелігі барын айтады деп мынадай сөйлемдерді мысалға келтіреді. Мысалы: Беті үлкен тым-ақ өзге денесінен, бұлаңдап түсіп шығар кемесінен; ішіне қарын-қарын суды құйып, шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен (Қазақ халық жұмбағы). Өзен бойлай тағы да үйір-үйір жылқы, қора-қора қой, мөңіреген сиырлар кетіп барады (Ш.Мұртаза) т.б. Осындағы қарын-қарын, үйір-үйір қосарлы зат есімдері де және қосалқы айқындауышты ұстаз - шопан дегендер екі-екі зат есімдерден құрала келіп, күрделі форма жасап отыр, -дейді.
Сол сияқты өзіне дейінгі еңбектерде сөз болмаған таза сын есімді күрделі сөз тіркестерінің топтары жөнінде айтып ізге салған Т.Сайрамбаевтың көзқарасы көпшілік ғалымдар тарапынан сол кезде-ақ қолдау тапқан болатын. Өйткені екі не одан да көп сапалық сын есімдердің түйдектеле қолданылуы, заттың сапасын күшейту үшін қолдану құбылысының қазақ тіліндегі үлгілерін жүйелеудің басы саналатын бұл еңбектердің маңызы зор болды. Әрине, сапалық сын есімдер жөнінде морфологиялық жағын зерттеп сөз арасында ғана затқа қатысты қолданылатынын екі немесе одан көп сапалық сын есімнің күрделі түрде тіркесіп сол тобымен заттың анықтауыштық қызметінде жұмсалатындығы жөнінде Т.Сайрамбаев еңбектерінен бұрын айтылмады дей алмаймыз, бірақ оларда сын есімнің жай сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі тұрғысынан арнайы зеттелмеген болатын.
Сөз тіркестерінің тіл білімінде қалыптасқан есімді сөз тіркестері және етістікті сөз тіркестері деген жүйемен қарастыра отырып ғалым ...бірақ тіліміздегі барлық сөздердің тіркесі осы екі түрдің айналасында топталады деп тұжырымдауға болмайтын сияқты. Тіл-тілде барлық сөзде үнемі есімді, етістікті сөз тіркестері ретінде келе бермей, өзіндік ерекшеліктерімен топталатыны бар. Мәселен, тұрақты тіркес тобы мен түйдекті тіркестер тобын алайық. Олар сол тобымен немесе етістікті не есімді тіркестерге қатысты болмай-ақ сөз тіркестерінің бір сыңары ретінде жұмсалатындығы айқын [2,152] деп есептейді.
Қабыса байланысқан етістікті күрделі сөз тіркестерінің құрамындағы сын есімдердің немесе сын есімденген сөздердің етістікпен тіркесі, сан есімнің етістікпен тіркесі секілді дербес қаралған тақырыптардағы айта кететін мәселе, көп жағдайда түсті білдіретін сапалық сын есімдерде, қатыстық сын есімдерде етістіктермен тікелей тіркеспейтіндігін , тек, сын есім сөз немесе сөз тіркесі заттық мағынаға ауысқан жағдайда немесе зат не құбылыс атауын араға салғанда ғана, сондай-ақ, қосымша арқылы ғана байланысатындығын айтады.
Ал мұндай байланысу формасы қабысу болатындығына күмән келтіреді. Себебі, бұл жағдайда яғни, субстантивтену және сын есім мен зат есім байланысы қабысудың табиғатына келмейді.
Сөз тіркестерінің ішінде етістікпен тіркескен сан есімнің түрлері ғалымдардың пікірінше; бірі мезгілді білдірсе, бірі қашықтық өлшемін білдіреді, енді бірі - қимылдың дүркінділігін білдіреді. Сан есімдердің етістіктермен тіркесі қабілетінің бейімділігі түрлі жағдайда бола беретіндігін (тікелей етістікпен, қосымша арқылы, көмекші есім арқылы) ғалымдардыңі көбісі айтады. Осыған орай Т.Сайрамбаев сан есімдердің етістіктермен тіркесінің таза түрдегі тіркес, нумеративті сөздер, түрлі қосарлы сөздер арқылы тіркесетіндігін айтып, әрқайсысын жекелей қарастырады. Жік бойынша таза сан есімді етістіктермен тіркесінде көбінде есептік сан есімдердің (Үйірін бөрте айғырдың бөліп алып, Құлынды жиырма екі байлап алды ("Батырлар жыры"), Әлемді он сегіз мың киіндіріп... (қазақтың халық жұмбағы) жұмсалуы жиірек болады. Қазақ тілінде ғана емес түркі халықтарына тән көсемше арқылы етістікпен тіркесу тәсілі сан есімдерге де тән екендігінде ғалым көптеген зерттеушілердің еңбектерінен ала отырып, саралап, жинақтайды. Жалпы, көсемшенің етістікпен тіркесетін кезі тілімізде жиі кездеседі. Дей тұрғанмен, ғалымдар көсемшелердің күрделену процесіне арнайы тоқтала қоймаған. Тіпті, М.Балақаевтың еңбектеріне дейін көсемше жөнінде морфологиялық тұрғыда сөз болды да, синтаксистік жағынан олар әрі баяндауыш, әрі пысықтауыш қызметінде жұмсалады деумен шектелді, сөз тіркесі жағынан ештеңе айтылмады. Біз талқылап отырған зерттеушінің еңбектерінде көсемшенің күрделену процесін екі үлкен топқа бөліп, ішінара талқыға салғанда аталған мәселенің біраз жақтарын көрсетеді. Бұл арқылы қимылдың қасиеттері көсемше арқылы түрлі жағдайға көше беретіндігін аңғарамыз (істелу амалын, себебін, мезгілін, мақсатын, шегін, созылыңқылығын, қарқынын т.б.).
Сөз тіркестерінің бірі меңгеріле байланысқан етістіктерден болатындығы талай ғалымдардың еңбектерінде қозғалған мәселе. Н.Сауранбаев ... табыс, барыс, жатыс, болмаса шығыс, көмектес септіктерде тұруын керек етуін - меңгеру десе [17,65], мұның өзі М.Балақаевтың 1948 жылы жазылған еңбегінен соңғы пікір. Өйткені, бұдан ертерек ғалымдар меңгеруге ілік септігін де жатқызған болатын. М.Балақаевтың ілік септігін матасу деп қарауынан соң шешімі табылған еді. Т.Сайрамбаев та етістікті сөз тіркестерінің күрделі түрін сөз еткенде осыны басшылыққа алады. Жіктеу барысы атау мен іліктен өзге септіктерден құралу жағы әрине, М.Балақаевтың жіктелімімен ұқсас келуі заңды нәрсе. Дегенмен, меңгеріле байланысу кезіндегі етістіктің түрлі қасиеттерінің белгісін анықтаған ғалым еңбегі ғылымға бірталай үлесін қосты.
Сол сияқты сөз тіркестері мен сөйлем мүүшелерінің арасындағы қарым-қатынастардың болатындығын былай түсіндіреді:
Еркін сөз тіркестерінен күрделі сөйлем мүшесіне ауысу процесі барлық тілде үнемі жүріп отыратын құбылыс. Бүгін, кемпірқосақ, баспасөз, келісап, жезқазған сияқты біріккен сөздер уақытысында кемінде екі сөзден құралып, өзара еркін сөз тіркесі болғаны белгілі. Сонда олар бұл күн, кемпір қосақ, баспа сөз, келі сап, жезді қазған сияқты әрі есімді, әрі етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарының әлсіреуіне байланысты енді күрделі лексикалық топ құрайды да, сөз тіркесі жағынан бір-ақ сөйлем мүшесі дәрежесіне жетіп отыр. Мұның өзі әдеттегі сөз тіркестері енді өзара бірігу арқылы сөз тіркес іқасиетінен айрылып сөз тіркесінің бір сыңары бола отырып, бір сөйлем мүшесі дәрежесіне ауысуы. Кейде сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына түрлі жұрнақтардың жалғануынан олардағы грамматикалық қатынасы жойылып, сөз тіркесінің күрделі сыңарын құрайды. Мысалы, 15-20 қойлы ауыл деген де қой басыңқы сөзіне -лы қатыстық сын есімінің жұрнағының жалғануы енді ол сөздегі басыңқы сөз бағыныңқы қызметке, яғни, сол тобымен анықтауыштық қатынаста жұмсалатын дәрежеге ауысып отыр. Мұның өзі жалпы сөз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркесінің нормалық сипаты
Ғылымды ұйымдастыру - үлкен сөз
СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ҚАЛЫПТАСУЫ
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтары
Қазіргі қазақ тіліндегі жанасу байланысу формасы
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
С. аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Жақсыз сөйлемнің түрлері
ГРАММАТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ (Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ БОЙЫНША)
Пәндер