Заттар және олардың қасиеттері


Заттар және олардың қасиеттері
Химия осыған дейін өздерің оқып үйренген география, биология, физика сияқты жаратылыстану ғылымдарының бірі. Мұнан баска химия ғылымы геология, экология, т. б. ғылымдармен терең астасып жатады.
Ғылым салаларының бұлай байланысып жатуы дүниенің біртұтастығынан, оны оқып білуге әр жағынан келуге болатындығын көрсетеді.
Химия ғылымының энергетикалық, экономиялық, экологиялық, ауыл шаруашылык, медициналық және тағам өндірісіндегі мәселелерді шешудегі маңызы да орасан зор.
Химия - заттар және олардың өзгерістері туралы ғылым. Заттар дегеніміз денелердің құраушылары, мысалы, күнделікті өмірде шыныдан, пластмассадан және металдан жасалған құйғыштар пайдаланылады (су, сүт, бензин құйғанда) . Бір дене әр түрлі заттан жасалған. Физикалық денелер - бізді коршаған бұйымдар. Денелердің массасы мен көлемдері болады.
Ағаштан орындық үстел, төсек, т. б. үй жиһаздары жасалады. Бұл мысалда бір заттан әр түрлі денелер дайындалатынын көреміз. Заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсететін белгілері олардың қасиеттері деп аталады. Оларға заттың агрегаттық күйі, түрі, түсі, тығыздығы, балқу және қайнау температуралары, жылу және электр өткізгіштіктері, ерігіштіктері жатады. Мысалы, шыныдан, пластмассадан жасалған шөлмектер алып, оларды ұрып көрсек, шыны шөлмек оңай сынатынын, ал қыздырғанда пластмасса шөлмек оңай балқып, олардың пішіндерінің өзгеретінін байқаймыз. Мұндай өзгерістер физикалық құбылыстар деп аталады.
Ал енді осы шөлмектерді жағып көрсек, ең оңай өзгеретіні - пластмасса шөлмек, ол алдымен балқып, сосын қара күйеленіп жанады, ал шыны мен металдан жасалғандары Мұндай езгеріске түсу үшін оларды өте жоғары температураға дейін қыздыру керек. Бір заттың екінші бір затқа айналуыхимиялық құбылысқа жатады, мысалы, сүт тасып кеткенде ол күйіп, көмірленеді. Пластмасса жанғанда басқа заттар тұзіледі.
Физикалық құбылыс кезінде заттардың табиғаты өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні өзгереді, жаңа зат пайда болмайды. Химиялық құбылыс кезінде бір зат басқа жаңа бір затқа айналады.
Заттардың химиялық қасиеттерін химия ғылымы зерттейді.
Осы кезде сан алуан заттар белгілі, олардың саны күн өткен сайын артып отыр, себебі тұрмыстық және өндірістік кажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қасиеттері әр түрлі заттар жасанды жолмен алынуда.
Заттардың қасиеттерін жете білу оларды саналы түрде колдана алуға мүмкіндік береді. «Білмеген у ішеді» деген мақалда халықтың көп жылғы бақылауынан түйген даналық ой айтылған. Шынында да қасиетін білмей тұрып кез келген затты иіскеп, колға алып уқалап немесе дәмін татып көруге болмайды: себебі күйіп, тіпті уланып қалу қаупі бар.
Химияның атқаратын көптеген маңызды міндеттері бар.
- Заттардың құрамы мен қасиеттерін зерттеу.
- Қоғамның кажеттілігіне карай жаңа сапалы заттар алу.
- Қоршаған ортаның байлығын тиімді пайдаланып, оларды корғау.
Біздің киген киіміміз, ішкен асымыз, тұтынып отырған заттарымыз - бәрі де химиялық қосылыстар. Тіпті біздің өмір сүруіміздің өзі ағзаларда жүретін химиялық құбылыстарға негізделген.
Заттардың (таужыныстардың, минералдардың) физикалық қасиеттері
Заттардың (таужыныстардың, минералдардың) физикалық қасиеттері - заттың (таужыныстың, минералдың) құрам және құрылыс ерекшеліктерімен анықтала отырып, сырт ортаның нақтылы жағдайындатұрақты қалпын сақтайтын яки барша өзгерістері сол сырт орта өзгерістеріне тәуелді болып келетін сапалыққасиеттер жиынтығы. Таужыныстардың (минералдардың) тығыздығы, қаттылығы және аққыштығы деген ұғымдар бағзы заманнан бері белгілі; XVI-XVIII ғасырлар аралығында олардың электрлік, серпінділік т. с. с. қасиеттері белгілі болды; XIX ғасырда ажыратқыш микроскоптың жасақталуына байланысты, таужыныстардың өте маңызды қасиеттерінің бірі - оптикалық қасиеттері жан-жақты зерттеліп, петрографияның негізі қаланды. Қазіргі кезде заттардың меншікті салмағын, кеуектілігін, бүкіл механикалық қасиеттерін зерттеу істері де маңызды рөл атқарады. XX ғасырдың 20-сыншы жылдарынан бастап таужыныстардың геофизикалық тұрғыдан саралауға керекті қасиеттері дәйекті түрде зерттеле бастады (петрофизика) ; геофизикалық зерттеулер барысында таужыныстардың төменде келтірілген қасиеттері сараланады: тығыздық; кеуектілік; өткізгіштік; электрлік кедергі; сәуле ажырату (дербестеу) қабілеті; диэлектрлік өткізгіштік; магниттелу қабілеті; магниттік сезімталдық; серпінді толқындарды тарату жылдамдығы; табиғи радиоактивтілік; термикалық қасиеттері т. с. с.
Балқу
Мұздың еруі
Балқу - қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысуы (І текті фазалық ауысу) . Таза заттар балқуының басты сипаттамалары - балқутемпературасы және балқу жылуы. Белгілі бір сыртқы қысымда қатты кристалдықзаттың сұйық күйге ауысу температурасы балқу температурасы деп, ал тұрақты қысымда қатты кристалдық затты толықтай сұйық күйге ауыстыруға қажет жылу мөлшері балқу жылуы деп аталады. Балқу температурасы сыртқы қысымға тәуелді.
Қалыпты атмосфералыққысымдағы (1013, 25 гПа немесе 760 мм сын. бағ. ) Балқу температурасын балқу нүктесі деп атайды. Қыздыру кезінде қаттыкристалдық заттың температурасы, әуелі балқу температурасына дейін көтеріледі, сосын балқу басталып, зат толық балқып біткенге дейін температура өзгеріссіз қалады, одан әрі температура тағы да жоғарылайды. Заттың салқындауы кезінде процесс керісінше өтеді (заттың температурасы балқу температурасына дейін төмендейді, зат толық қатайып болғанша бұл температура өзгеріссіз қалады, одан әрі қатты күйдегі заттың температурасы қайтадан төмендей бастайды) . Балқу кезінде көпшілік заттың көлемі артса, кейбіреуінің (су, висмут, сүрме, т. б. ) көлемі кішірейеді. Балқығанда заттың көлемі ұлғайса, қысым артқанда оның балқу температурасы жоғарылайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz