Фонетика-фонематикалық тіл дамымаушылғы бар мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілін қалыптастырудың теориялық мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

  1. ФОНЕТИКА-ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ТІЛ ДАМЫМАУШЫЛҒЫ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІБалалардың сөйлеу тілінін қалыптастырудың психологиялық-

педагогикалық аспектілері

  1. Фонетика-фонематикалық жетіспеушілігі бар балаларда сөйлеу

ерекшеліктері және мінездемесі

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларда фонетика-фонематикалық

жетіпеушілікті түзетуде ойынның рөлі

  1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА СӨЙЛЕУ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУМектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеудің фонетика -

фонематикалық жетіспеушілігін зерттеу

  1. Фонетикалық-фонематикалық тіл кемістігі бар жоғары мектеп

жасына дейінгі балалармен топтық жұмыстарда ойынды қолдану ерекшеліктері

2. 3 Эксперименталды жұмыстың салыстырмалы нәтижелері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беру дамытудың мемлекеттік бағдарламасынада мүмкіндігі шектеулі балаларға көп көңіл бөлінген. Аталған құжатта белгіленгендей, түрлі кемістіктері бар балаларға сонымен бірге жалпы тіл кемістігі бар балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсетудің маңызды міндеттері көрсетілген.

Қазіргі заманғы логопедияда баланың сөйлеу тіліндегі кемшілікті неғұрлым ерте жастан түзету принципі жиі көрінеді, өйткені кезкелген сөйлеу тілінің бұзылысы қандай деңгейде болмасын баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқына сондай-ақ сөйлеу тілінің ары қарайғы дамуына әсер етеді.

Сауаттылыққа оқыту кезеңіндегі баланың анық дыбыстауы оның сөйлеу тілін дамытуда маңызы өте зор болады, өйткені жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тіліне негізделе отырып қалыптасады, сондықтан дыбыстардағы кемшіліктер мектептегі үлгермеушілкке әкеп соқтыруы мүмкін. Сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді мектепке дейінгі жаста түзету тиімдірек әрі нәтижелі екені баршаға мәлім жағдай.

Сөйлеу тілін естіп ажырата алмаған жағдайда дыбыстық анализ бен синтез дағдысын меңгерту, жазуды үйрену мүмкін емес. Мектеп жасында дыбыстық анализ бен синтезді меңгеру кезінде туындайтын қиындықтар жиі дисграфияға алып келеді. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері дисграфияның сол не басқа түрінің дамуының алғашқы белгілері мектепке дейінгі жастағы балалардың 10, 5%-нан 55, 5%-на дейін жететінін көрсетті. Балалардың 25%-нда дыбыстық анализ бен синтездің жетілмеуі негізінде дисграфия туындайтын болса, ал 16, 7%-ында артикуляциялық-акустикалық дисграфия туындауы мүмкін, яғни ол фонематикалық функцияның жетілмеуінің салдары болып табылады. Сонымен жазу мен оқуға үйретудің сәтті болуы сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық жағының дамуы жағдайына да байланысты.

Әдебиеттерде сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық бұзылысына және оны түзетуге арналған зерттеулер аз емес. Бұл балалардағы мұндай сөйлеу тілінің бұзылысының көптігімен, жоғары мектеп жасындағы фонетико-фонематикалық тіл кемістігі бар балалардың бұзылыс деңгейін оң ерекшелігін ескере отырып жүргізілетін түзету әдіс-тәсілдерінің алуан түрлілігімен түсіндіріледі. Аталған мәселе Г. В. Гуровец, С. И. Маевской, И. И. Панченко, А. О. Правдина, Е. Ф. Соботович, Г. А. Фомичева сияқты ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған. Өз зерттеулерінде олар, балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері, жоғарғы мектеп жасындағы балалардың фонетико-фонематикалық тіл кемістігінің ерекшеліктері мен фонетико-фонематикалық тіл кемістігі мәселесі туралы мәліметтер берген.

Әдебиеттерді талдай келе, авторлар дыбыстаудың бұзылысының бірнеше түрін ерекшелігін анықтауға болады: фонетикалық тіл кемістігі, фонематикалық тіл кемістігі және фонетика-фонематикалық тіл кемістігі.

Жалпы сөйлеу тілі жетіспеушілігі бар балаларда әрқашан дыбыс айтудың бұзылысы, фонематикалық естудің дамымауы, сөздік қор мен грамматикалық қатардың қалыптасуындағы айқын артта қалуы белгіленеді. Бұл балалар өзін қоршаған адамдармен байланысқа өзбетінше түседі, алайда оларда еркін тілдесу қиынырақ. Олар дұрыс дыбыстай алатын дыбыстарының өзі олардың еркін сөйлеу тілінде жеткілікті анық дыбысталмайды.

Мектепке дейінгі балармен жүргізілетін логопедиялық сабақтардың алғашқы отандық әдістемелердің авторлары Н. А. Власова және Е. Ф. Рау балалардың өз беттерінше сөйлей алу дәрежесіне байланысты және ауызша сөйлеу тілі деңгейлеріне арналған сөздік жаттығуларды құрастырды.

Сонымен қатар, Қ. Қ. Өмірбекова, К. Б. Бектаева сынды қазақстандық ғалымдар мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық жағын дамыту туралы еңбектерінде аталған мәселе туралы кеңінен атап өткен.

Өмірбекова Қ. Қ., Өмірбекова С. Ж. сөйлеу тілінде кемістігі бар балалардың - сөйлеу тілін жан-жақты тексеру әдістерін жинап ол әдістерге қолданылатын дидактикалық материалдарды ұсынған. Сөйлеу тілі анықтамасы балалардың жас ерекшеліктері мен сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып толтырылады. Осы ерекшкліктерін басшылыққа алып отырып жасалған әртүрлі сөйлеу тілі анықтамсы берілген

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие туралы әдебиеттерде тәжірибе барысында тексерілген әртүрлі ойындар басылып шығарылған. Сонымен қоса әлі күнге дейін фонетико-фонематикалық тіл кемістігі бар жоғары мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға арналған ойын тәсілдері мен ойынның сөйлеу тіліне әсері туралы мәліметтер әдебиеттерде аз, яғни балалардың сөйлеу қызыметін ойын тәсілі арқылы дамыту әдістері аз зерттелген болып табылады.

Жалпы тілі дамымаған мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін қандай жағдайда дамытуға болады? Осы мәселені шешу жолында біз зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Осы мәселелердің қазіргі таңда өзектілігі және маңыздылығы олардың теориялық және тәжірибелік пайдаланылуының жетіспеушілігінің мақсатында тақырыпты «Фонетико-фонематикалық тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу тілін дамытуда ойын мен ойын тәсілдерін қолдану» - деп алуға мүмкіндік береді.

Зерттеу мақсаты : Жалпы тілі дамымауы бар мектепке дейінгі балалардың ерекшелігін ескере отырып, сөйлеу тілінің қызметін қалыптастыру бойынша логопедиялық сабақтарда тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін өңдеу, сөйлеу тілін дамытудың әдіс-тәсілдерін талдау.

Зерттеудің нысаны : Мектепке дейінгі жастағы фонетико-фонематикалық тіл кемістігі бар балалардың ойын іс-әрекеті.

Зерттеудің пәні: ойын мен ойын тәсілдерінің балалардың сөйлеу тіліне әсер ету ерекшеліктері.

Зерттеулердің болжамы: егер фонетико-фонематикалық кемістіктері бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын ойын тәсілдері негізінде түзете-дамытсақ, онда балалардың сөйлеу тілі деңгейі жоғарылайды

Зерттеу міндеттер:

Жалпы тіл бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуының заңдылықтары мен алғы шарттарын талдау.

Жалпы тілі дамымауы бар мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін түзете-тәрбиелеу әдістемелерін өңдеу,

Жалпы тіл кемістіктері бар мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған түзете-дамыту жұмысын жүргізу.

Зерттеуды әдіснамалық негізі:

Қазіргі таңда сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға да жан-жақты көмек көрсету, түзете-дамыту жұмыстары қолға алынған. Осы орайда, атақты психологтар, педагогтар, лингвисттер: К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский, В. В. Виноградов, А. В. Запорожец, А. А. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Ф. А. Сохин, Д. Б. Эльконин сөйлеу тілі дамымауы мәселесі жөнінде зерттеу жұмыстары; Т. С. Табаченко жалпы тіл дамымауы бар балаларда сөйлеу тілі қалыптасуы туралы еңбектері; мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық жағын дамыту туралы еңбектер (Қ. Қ. Өмірбекова, К. Б. Бектаева) және т. б еңбектерінде жазылған.

Соңғы жылдары сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларды ерте жастан түзету-тәрбиелеу жұмыстары отандық ғалымдар тарапынан қолға алынған. Сәбилердің сөйлеу тілі дамуының әдістемесі мен теориясы соңғы онжылдықта Қ. Қ. Өмірбекова, К. Б. Бектаева, Р. А. Сүлейменова және т. б. ғалымдар зерттеулері барысында айтарлықтай толықтырылды.

Зертттеу әдістері: диплом жұмысының тақырыбы бойынша теориялық психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау; эксперимент, тестілеу; сұрау; нәтижелерді сандық және сапалық өңдеу.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: фонетико-фонематикалық тіл кемістігі бар мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытудың маңыздылығы.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: сөйлеу тілін зерттеуде сөйлеу тілін дамыту бойынша тапсырмалар мен жаттығулар кешені арнайы мектепке дейінгі логопедиялық мекемелердің логопедтері мен тәрбиешілеріне қажетті.

Зертттеу базасы: Тараз қаласы №16 ГККП логопедиялық топта жүргізілді.

Зерттеу кезеңдері:

Ғылыми - теориялық іс - әрекет үш кезеңде жүзеге асырылады (2010-2012жж. ) .

Бірінші кезеңде арнайы білім беру теориясы мен тәжірбиесінде мәселенің жағдайы зерттелді, жалпы тіл кемістігінің фонетико-фонематикалық тіл кемістігі бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін зерттеудің жеке фрагменттері өңделді, алдағы зерттеу бағдарламасы анықталынды?

Екінші, негізгі кезеңде зерттеу пәні, нысанасы, міндеттері анықталынды. Диагностикалық әдістемелерді анықтау мен өңдеу бойынша №16 ГККП арнайы логопедиялық балабақшада тәжербиелік эксперименталды жұмыс логопедиялық сабақтарда байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша түзету жұмыстары жүргізілді, зерттеу мәселесі бойынша материалдар жиналды.

Үшінші қорытынды кезеңде тәжербиелік - эксперементалды жұмыс барысында алынған мәліметтерді өңделу жүзеге асырылды.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, 60 атаудан тұратын қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 ФОНЕТИКА-ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Балалардың сөйлеу тілінін қалыптастырудың психологиялық-

педагогикалық аспектілері

Сөйлеуді игеру процесі әр түрлі сипаттағы дифференцияланған аймақтағы белгілерді жұмылдырудың көмегімен жүзеге асырады. Бұл процесс есту анализаторының көмегімен іске асады және бұл көру мен сөйлеу қозғалыс анализаторларының өзара тығыз байланысы кезінде қалыптасады. Баланың психикалық дамуының сенсомоторлы негізі болып дауыс пен есту арасында, қол мен көз арасында пайда болатын координацияны айтамыз. Онтогенезде сөйлеу функциясының қалыптасуы заңдылыққа сәйкес жүреді. Сөйлеу жүйесінің жан-жақты дамуы өзара әрекетте және біртіндеп анықтала бастайды (лексикалық жазудың және грамматикалық қатардың фонетикалық жақтары) . Сөйлеу есту және сөйлеу қозғалыс анализаторларының функционалды байланысы, ауызша сөйлеудің қалыптасу процесінің сұрақтары В. И. Бельтюкова, А. Н. Гвоздева, Н. И. Красногорский, Р. Е. Левина, Н. Х. Швачкин және т. б. зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.

Сөйлеу қозғалыс анализаторының құрылымдарына қарағанда, баланың есту анализаторы біршама ерте қалыптасады. Сөзде дыбыстар пайда болмай тұрып, олар есту кезінде ажыратылуы керек. Баланың өмірінің алғашқы жылдарында дыбыс артикуляциялық аппарат органдарының қозғалысымен пайда болады. Кейінірек дыбыс пен артикуляция арасындағы қатынас түбімен өзгереді: артикуляция айтылатын дыбысқа сәйкестендіріледі (Н. Х. Швачкин) . Бала үшін дыбыстың айтылу үлгісі қоршаған адамдардың сөйлесуі болып табылады. Егер сөздің фонетикалық қатары қалыптасса, есту анализаторы өз бетінше функциональды болып табылады, сөздің дыбыстары қиындықтарына, айтылу ерекшеліктеріне байланысты деңгейлендіріледі. Қарапайым жағдайда сөйлеуді дамыту және оны қолдану үшін қалыпты есту қабілеті болу шарт. Бұл құрылымды адамда есту анализаторы орындайды.

Мектепке дейінгілердің сенсорлы дамуының арнайы педагогикалық әрекетінің қажеттілігі толық түрде психологиялық зерттеулерде дәлелденген. Д. Б. Эльконин және Л. Е. Журованың жұмыстарында [12] ерте мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дайындаудың фонематикалық естудің қажеттілігі ескерілген. И. П. Павловтың айтуынша, қалыпты дыбыстар дифференцациаланады, біріншіден, жалпы қасиеттер бойынша; екіншіден, таза дыбыстық қасиеттер: сөздің құрамына кіретін дыбыстың акустикалық сипаттамасы, көрсетілген белгілердің күрделі үйлесімі көрінеді. Бұл үйлесімнің әр түрлілігі және әр фонеманың тұрақтылығы сөйлеу дыбыстарының сигналды функциясын іске асырады және сөздің мағынасын ажыратуға көмектеседі.

Тілді меңгеру есту қабілетіне негізделеді және ол фонетикалық жүйеге лексикалық және грамматикалық қатарды қажет етеді.

Сөзді қабылдау кезінде таңдауын белсенділік көрсетеді. Ақпаратты қабылдай отырып, ол сөйлеушінің не айтатынын болжап отырады, өзіндік хабарлама моделін тұспалдап көрсетеді. И. М. Сеченовтың айтуынша, біз қабылдайтын сөз естілмейді, ол тыңдалады. Сөйлеу ақпараты дайындалған жобамен салыстырылып, талданады, нәтижесінде түйінделген оймен қорытындыланады.

Фонетикалық жүйенің түсінігі. Фонетикалық жүйе - бұл әр бірлік анықталған ой түрлілігінің белгілерімен сипатталатын тіл фонемінің жүйесі болып табылады. Қазақ тілінде фонеманың белгілері болып жіңішке және жуан, ұяң немесе қатаң, құрастырудың тәсілдері, құрастырудың орны, жақ пердесінің қатысуы болып табылады. Фонематикалық жүйеде белгілі бір қарым-қатынас бар. Әр фонема басқаларынан әр түрлілігімен ерекшеленеді. Егер фонема басқаларынан бірнеше ой түрлілігімен ерекшеленген жағдайда, өзара ұйқаспайтыны емес, алыс дыбыстар жайлы айтылады. Егер фонема тек бір ой түрлілікпен ерекшеленсе, онда олар жақын оппозиционды деп аталады. Осыған байланысты В. К. Орфинский құрылымдарын көрсетті:

-ой түрлілік құрылымы, анықталған фонеманың оймен үйлесуі;

-фонеманың естіп сөйлеу дифференциациясы. Біздің сөзді ажыратуымыздың себебі, сөздің құрамына кіретін әрбір фонеманы дифференциациялаймыз.

Фонематикалық қабылдау және қабілетінің қысқаша сипаттамасы және анықтамасы . Сөйлеу қабілеті сөйлеу жүйесінің басты афферентті бөлімі болып есептеледі. Сөздік және сөздік емес қабілеттер өз бетінше жұмыс жасайтын қабілет жүйесінің формасын ұсынады. Сөйлеу тілі құрылымының негізгі бөліктері, дыбыстар, сөздіктер және грамматикалық құрылысы болады.

Сөйлеу қабілеті өмір сүрудің барысында қалыптасады және осы қоршаған ортаның заңдары бойынша құрылады.

Көптеген лингвистердің айтуынша, Тума нышандардың қатарында тек кейбір есту анализаторларының ерекшеліктерін қарастыруға болады, мысалы, сөйлеу қабілетін жылдам немесе баяу игеру туа пайда болған шартсыз рефлекске бағынады. Сөйлеу қабілеті - бұл фонематикалық қабілет.

Фонематикалық қабілет - жүйелендірілген сезімтал қабілет. Сөздің сыртқы бейнесін құрастырушы фонемалардан тұрады.

Фонематикалық қабілет - сөздегі дыбыстық құрылымның орнығуы және фонематикалық дифференцияның арнайы ақыл-ой әрекеті. Ол артикуляциялық сөз дыбыстарын қабылдау баланың сөйлеуінің семантикалық дамуымен байланысты пайда болады. Артикуляцияның және естудің дамуы бірізді жекеленген фонемдердің пайда болуына әсер етеді.

Сөйлеу тілінің фонетико -фонематикалық дамымауы. Сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық дамымауы (СФФД) -бұл сөйлеу жүйесіндегі дыбыс айту үрдістерінің қалыптасуындағы бұзылыс, ол әртүрлі сөйлеу бұзылыстары бар балаларда дыбыс айту мен қабылдаудың бұзылу салдарынан болады. Бұл топтамаға есту қабілеті мен интеллектісі қалыпты дамыған балалар жатады.

Сөйлеу тілінің фонетико -фонематикалық дамымауы органикалық (механикалық) және функциональдық себептерден болуы мүмкін. Механикалық бұзылыстар сөйлеу аппаратының органикалық бұзылыстарымен, яғни сүйек-бұлшықеттік құрылымымен (мысалы, тіласты байланысының қысқаруы, тілдің азқимылды үлкен немесе тым кішкентай және қысыңқы болуы) туындайды. Бұған жақ құрылымдарының бұзылыстары да кіреді-прогнатия, прогения, ашық тура тістену, ашық бүйірлік тістену, тістердің дұрыс орналаспауы, таңдай құрылымының дұрыс болмауы (төмен, тегіс, готикалық), салбыраңқы төменгі ерін мен үлкен үстіңгі ерін немесе азқимылды.

Сөйлеу тілінің дыбыстық қатарының қалыптасуындағы ауытқушылықтардың барлық түрі екі категорияда біріктіріледі - фонетикалық және фонематикалық (фонологиялық) бұзылыстар. Сөйлеу тілінің фонетикалық бұзылысы моторлы механизмдермен, ал фонологиялық-сөздің дыбыстық қатарының тілдік бағдарлану операцияларының толық болмауымен байланысты деп саналады. Сөйлеу тілінің дыбыстық қатарының қалыптасуындағы бұзылыстарға себепші механизмдердің 7 түрін қарастыру қабылданған:

  1. артикуляторлық мүшелердің иннервациясының бұзылысы (неврологиялық механизм) ;
  2. артикуляциялық праксистің қалыптаспағандығы;
  3. сенсорлы (перцептивті) бұзылыстар (көбіне есту) ;
  4. аралас сенсомоторлы механизмдер;
  5. артикуляциялық мүшелер мен тісжақ аппаратының анатомиялық аномалиясы;
  6. функциональды бұзылыстар;
  7. интеллектуальды жетіспеушілік;

Сөздегі дыбыстардың бірізділігін бөлудегі іс-әрекеттер мен сөздегі дыбыстық элементтерге саналы бағдарлану біліктілігінің қалыптасу деңгейі фонематикалық қабылдаудың жетіспеушілігінің көрсеткіші мен оның біріншілік немесе екіншілік дамымауына тәуелді болып табылады. Фонематикалық қабылдаудың екіншілік дамымауы сөйлеу мүшелерінің анатомиялық және қимыл-қозғалыс бұзылыстары кезінде орын алатын тілдік кинестезия бұзылыстарында байқалады. Бұл жағдайда қалыпты естіпсөйлеу өзара әрекеттестігі бұзылады. Баланың сөйлеу тілі қалыпиасу кезеңіндегі танымдық белсенділігінің төмендеуі, еркін зейіннің әлсіздігі үлкен мәнге ие.

Фонематикалық қабылдаудың біріншілік бұзылысы кезінде дыбыстық талдауды меңгерудегі алғы шарттар мен оның іс-әрекетінің қалыптасу деңгейі екіншілікке қарағанда төмен. Балалардағы фонемалардың фонетикалық дамымауының белгілеріне дыбыстардың қалыптасуы мен дифференциациясының аяқталмағандығы, жіңішке артикуляциялық және акустикалық белгілермен ерекшеленуі жатады.

Сөйлеу тілін жақсы түсіну кезінде жеке сөздер мен ұғымдарды білмеуін, сөздердің мағыналық мәнердін араластыру, әдеби және көркемдік мәтіндерді оқу кезінде көптеген грамматикалық түрлерді меңгерудегі тұрақсыздықты анықтауға болады. Жазу және оқу кезіндегі сөйлеу тілінің дамымауы нәтижесінде спецификалық сипаттағы көптеген қателіктер жіберіледі.

Дыбыс айту мен фонематикалық қабылдаудың қарастырылған ерекшеліктермен қатар, фонетико-фонематикалық дамымаушылығы бар балаларда сөздің түсініктілігі мен айқындылығының жетіспеушілігі байқалады.

Негізінен бұл акустико-фонематикалық және артикуляторно- фонематикалық түріндегі ринолалик, дизартрик және дислалик балалар. Оларға зейіннің тұрақсыздығы, көңіл аударушылық тән. Олар сөздік материалды қалыпты сөйлейтін балалардан әлдеқайда нашар есте сақтайды, тапсырманы көптеген қателермен орындайды.

Фонематикалық қабылдаудағы тексеру нәтижелерін талдай келе логопед төмендегілерге назар аударуы қажет:

  • Дыбыстардың әлсіз қабылдануы лоардың дұрыс емес артикуляциясына (немесе дұрыс артикуляцияның болмауына) сәйкес келе ме;
  • Дұрыс дыбысталмайтын біршама мөлшерднгі дыбыстар кезінде айқын қабылданбайтын дыбыстар саны көп мөлшерде екендігі анықталады ма;
  • Қандай жағдайда фонематикалық қабылдау жағдайымен қалай сәйкестендіріледі;

Мектепке дейінгі жастағы фонетико-фонематикалық дамымаушылығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің негізгі міндеттері:

  • Сөздің формасын ажыратуға бағытталған, сөзді түсінуін дамыту бойынша қарқынды жұмыс;
  • Сөздік қорын толықтыру мен жетілдіру негізінде ауызша сөйлеу тілінің қарапайым түрлерін дамыту, қарапайым грамматикалық ұғымдарды практикалық игерту ;
  • Дұрыс дыбыс айту мен дыбыс ажыратуды меңгерту, сөздің ритмика-буындық құрылымының қалыптасуы;

Фонематикалық қабылдауды қалыптастыру бойынша жұмыс ең алдымен сөздік емес дыбыстар материалында жүзеге асады. Арнайы ойындар мен жаттығулар үрдісінде балаларда сөздік емес дыбыстарды тану мен ажырату қабілеттілігі дамиды.

Балалар ойын кезінде дыбыстық тіркестерді, сөздерді естіп, дауыстың тембрін, күшін және биіктігін ажыратуды үйрене білуі қажет. Осыдан кейін олар дыбыстық құрамы жағынан жақын дыбыстарды, кейінірек-буындарды және қазақ тілінің фонемаларын ажыратуды үйренеді. Жұмыстың соңғы кезеңінің міндеті балаларды қарапайым дыбыстық талдаудың қалыптасуы-сөздегі буындардың санын анықтай білуі, екпінді буынды бөлу, дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау жасау болып табылады.

Дұрыс дыбыс айтылуын бекіту үшін материалдар бірмезгілде сөздік қордың кеңеюі мен жетілдірілуіне, грамматикалық дұрыс сөздікке, байланысты сөйлеу тілі мен сөйлемді дұрыс құрастыра білуіне сәйкестендіріліп алынады.

Фонетико-фонематикалық дамымаушылығы бар балаларды түзете оқыту жүйесі мектеп жағдайындағы логопедиялық пункттерде жұмыстағы негізгі бағыттардың бірлігі қарастырылады - жоқ немесе дұрыс айтылмайтын дыбыстарды қою, қойылған дыбыстарды сөзде қолдану және сөздің дыбыстық құрамын талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту.

Сурет 1. Фонетика-фонематикалық жетіспеушілігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды тексерудің түрлері.

Фонематикалық жетіспеушілігі бар балалар тек дыбыстарды ажыратқанда ғана қиналмайды, сондай-ақ сөздің дыбыстық құрамының анализдерімен бірге сауат ашуды қиындықпен үйренеді. Сөйлеуінде бұзылысы бар балаларда ең көп таралған қателердің қатарына бір әріпті басқасымен ауыстыру жатса, екінші топқа әріптерді тастап кету жатады.

Сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық жетіспеушілігін тексерудің мектепке дейінгі логопедиялық жұмысы бұзылысты түзетумен қатар, сауаттылыққа оқытудың жалпы қабылданған аналитико-синтетикалық әдісін игеруге дайындықты және кейбір сауат ашу элементтерін қарастырады. Ең алдымен логопедиялық әдіс-тәсілдердің көмегімен дыбыстарды қою немесе дыбыстардың артикуляциясын анықтау жүзеге асады. Фонематикалық қабылдауды дамытуға арнайы уақыт бөлінеді, қойылған дыбысқа байланысты әр түрлі жаттығулар немесе айтылған дыбысты есту, сондай-ақ есту қабілетін дамыту.

Фонетико-фонематикалық сөйлеу бұзылысы - сөйлеудің дыбыстық жағының қалыптаспауының нәтижесі лексикалық-грамматикалық қатардың дамуының жетіспеушілігінің салдарын күшейтетін жүйелі бұзылыс. Яғни, мұндай балалар тек сауат ашу, жазу мен оқу процесінде ғана емес, сондай-ақ толығымен бастауыш оқыту бағдарламасын меңгеру қиынға соғады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық - фонематикалық бұзылыстарының ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының даму деңгейін анықтау
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Мектеп жасына дейінгі зиатында ауытқуы бар балаларға психологиялық – педегогикалық мінездеме
Жазбаша тілдің бұзылуы
4-5 жастағы балалармен логопедиялық жұмыс
Қорытынды сөйлеу тілі
БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫС БҰЗЫЛЫСЫН ТҮЗЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сөйлеу дағдысын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz