Киім кию мәдениеті жайында


№1 СОӨЖ сабақ
Жоспары: 1. Киім кию мәдениетінің дамуы
2. Ежелгі Египеттегі костюмдер
Мақсаты: Студенттерге тарихи дәуірге дейінгі материалдық мәдениет, сән және костюм және Египет костюмы жайлы түсінік беру.
Мәтіні (қысқаша) :
Киім кию мәдениетінің дамуы
Адамзат қоғамның дамуы, мемлекеттердің құрылуы, тарихы формациялардың ауысуына байланысты костюм де күрделене түскен. Киім әр уақытта да адамның әлеуметтік белгісінің қоғамдағы дәрежесінің куәсі болып келеді.
Костюм (costume итал. -салт, өнеге) - адамның әлеуметтік, ұлттық, аймақтық жағдайына, жынысы мен жас ерекшелігіне, мамандығына қарай дайындалатын киім элементтері: аяқ кимі, аксессуар т. с. с. заттар жүйесі. Уақыт өткен сайын адамдар өміріндегі жетістіктерге, тұрмыс тіршілігіне, шен-шекпендеріне сай қоғамдағы алатын орнын киімдеріне қарап бірден тануға болатын дәрежеге жетті. Костюмнің құрамына киім, аяқ киім, шаш сәнділігі, косметика, бас киім, қолғап, зергерлік бұйымдар енеді.
Киім адам денесін қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтау қажеттілігінен пайда болады. Адамзат дамуының алғашқы қоғамында киім ретінде аң терілерін, ағаш, өсімдік жапырақтарын пайдаланған. Бертін келе мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды терісінен жасалған киімдерді пайдаланған, неолит дәуіріндегі шөп орамынан тоқылған белдемшелер киетін болған. Тоқымашылық кәсібін игергеннен соң адамдар иықтан, мықыннан киілетін жапқыштар қолданған. Одан кейін тігіссіз киім пішіндері дамыған.
Өркениеттің дамуына баланысты киімнің түрі де, пішіні де өзгерді. Ер адамдарға, қыз-келіншектерге, балаларға арналған киім үлгілері шыға бастады. Күнделікті және мерекелік киімдер, үйлену тойы киімдері, сондай-ақ қаралы күндерге арналған киім үлгілері пайда болды. Еңбектің түріне қарай әр түрлі кәсіп саласына арналған киімдер де өндіріле бастады. Сән үлгісінің демократияландырылуы киімнің жаңа үлгілері технологиясының дамуына себеп болды, оның функционалдық, рационалдық, экономикалық қасиеттері аса бағаланады.
«Киім» сөзін «костюм» ұғымымен де тығыз байланыстырады.
«Костюм» термині киімнің синонимі ретінде пайдаланылады, яғни заттың материалдық объектісі. Жібек жолының сән үлгісі мәдени қолданыста көбірек пайдаланылады. Сән үлгісі костюм пішіні ретінде өзгеріп отырады, осыдан сән үлгісі адамның көркі, даралығы, мәнділігі деуге болады. Ол адамның психологиялық, әлеуметтік, жас және тарихи ерекшелігін сипаттайды.
Әр түрлі тарихи және экономикалық өзгерістер сән үлгісінің пішіні мен түрінің пайда болуына жол ашты. Оның дамуы сән мен стильдің ауысуымен қатар жүріп отырады.
Пішу бөліктерінен алғашқы киімді дайындау Европада дамыды. ХІІ ғасырдың басында көйлекте үш тігіс пайда болды, екі бүйір тігіс және орта тігістері. Жанынан тігілген тігістер киімге әдемі форма беріледі. Сол себептен киімдерді бөліктерге жіктеу рөлі пайда болды. Киім формаларын конструкциялау ХІІІ-ХҮІ ғасырларда дамыды. Орта ғасыр дәуірінде киімде адамның дене пішімінің жеке бөліктеріне тура келетін формалардың пішу бөліктері (арқа, алдыңғы, бой, жең) практикалық жолмен табылды. Бүкпелер, қымтырмалар, жеңінің қолтық ойындылары овальды болып келуі пайда болды. Жең көп уқыттар бойы жеке зат болып есептеліп, бұйымға баудың, тесманың көмегімен біріктірілді. Шалбардың балағы да біріне бірі бірікпей, әр аяғына жеке киіліп, белге бау арқылы байланды, әр балағы әр түсте болды.
Орта ғасыр дәуірі осы уақытқа дейін келген әртүрлі пішу бөліктерінің құрылу уақыты болып табылады. ХІХ ғасырдың басында пішу сызбаның жасалуы басталды. ХҮІІІ ғасырда киімде қалта пайда болды. Бұл уақытқа дейін қалтаның қызметін белбеу атқарып келді. Оған сағат, айна, т. с. с. заттар байланатын.
Ежелгі Египеттегі костюмдер
Египет елі Солтүстік шығыс Африка жерінің ұшы қиырсыз шөл даласында орналасқан. Мұнда қызғылт сары кұм, қаһарлы бейнедегі жартастармен алма кезек алмасып отыратын табиғат құбылыстарымен ерекшеленеді. Осы өлкені әлемдегі ең ұзын өзен Ніл басып өтеді. Өзен аңғары жап-жасыл. Жағалауында кұрма, пальмалары, иісі. жұпар аңқыған қарағандар мен биік папирус қамыстары өсіп тұрады. Ніл аңғарының топырағы жұмсақ, майлы келеді. Халық егін егіп, қолөнермен, малшылықпен айналысты. Ежелгі Египет тарихына көз жүгіртсек, оны негізінен төрт кезеңге бөлуге болады:
Ежелгі патшалық (б. д. д 3000-2400 ж. ж. . )
Орта патшалық (б. д. д 2400-1710 ж. ж. )
Жаңа патшалық (б. д. д 1580-1090 ж. ж. )
Соңғы кезең (б. д. д 1090-332 ж. ж. )
Ежелгі Египет мүсіндері мен фрескаларының рельефіне қарай адамдардың әсемдікке құштарлығы мен олардың киім үлгілерінің негізгі түрлерін байқаймыз. Ранэфера статуясында адам тұлғасы сұңғақ, жауырыны кең, белімен мықынын жіңішке әрі бет әлпеті көрікті. Сонымен қатар, қазіргі заманғы сұлулық ұғымындай әйел бейнесі сұңғақ тұлғасымен, пропорциялық шешімімен, әрі нәзік те әсем келбетті, миндальді көз пішімімен ерекшеленді. Мұндай бейнені біз Раннан мүсінінен көруімізге болады.
Египет тарихының мәліметтеріне қарағанда, ол кенеп матаның шыққан жері болып саналады. Ніл өзені арнасында осы талшықты өсімдікті өсіру аса қолайлы болды.
Тоқыма өнерінде Египет тоқымашылары өте жоғары шеберлікке қол жеткізді. Олар матаның 1см 2 не 84 негізгі, 60 арқау жіп өткізіп тоқыды. 240 м жүқа жіп салмағы 1 гр. ғана ие болды. Тоқымашы өзінің аса сезімталдылығымен осы мата талшығын көзімен емес қолымен ұстап байқап, онан өте жұқа кенеп маталарын тоқыды. Сондықтан Египет кенеп матасы таза жібек матасынан кем түспеді. Осы кенеп матасының жұқалығы соншалықты оның 5 қабатынан адам денесі айқын көрініп тұрды. схемалы сипатқа ие болды. Бейнеленген адамның тұрысы және қимылы канонды және әлеуметті тұлғасы шартты тұрғыда бейнеленді. Ежелгі Египет фараондарының мүсіндерін бейнелеуде статикалық әрі мәңгілік сипатқа тән жасалды. Адам тұлғасының масштабы әлеуметтік шартты тұрғыда суреттеліп, қимыл-қозғалысы белгілі бір мағынаны білдірді.
Әсіресе жаңа патшалық тұсында тор секілді немесе жылтыр моншақтармен, кестемен зерленген маталар шығара бастады. Мата бетіне негізінен геометриялық ою-өрнектер жиектеліп салынатын болды. Мата қызыл, көк, жасыл түсті табиғи материалдармен боялды. Кейінірек сары, қоңыр, көкшілтім түстердің түрлі реңктеріне бояды. Киім әзірлеуде кенеп, мақта, тері, үлпек секілді материалдар пайдаланылды.
Ежелгі патшалық тұсында ер кісілер киім ретінде кенептен немесе теріден әзірленген алжапқышты (схенти) белдеріне байлады: оны Ранэфера мүсінінен байқауға болады. Схентидің бүйір тұсында майда қатпарлар түсірілген. Бұл киім түрі фараондар мен ақсүйектерді қарапайым халықтан ерекшелеп көрсетеді Әйелдер денесін орап тұратьш көкірек тұсынан тобыққа дейін жететін, иығында баумен бекітілген киім түрлерін пайдаланды. Бұл киім үлгісі " калазирис " деп аталды. (1сурет) Киім пішімі барлығына бірдей болып, таптық ерекшеліктері тек киім матасының сапасына байланысты ажыратылды.
Орта патшалық тұсында египеттіктердің киім формасы күрделеніп, көлемі ұлғая түседі, бір киім үстінен бірнеше киім киюді дәстүрге айналдырды. Киім силулэті етегіне қарай кеңейе түседі де пирамида бейнесіне ұқсайды. Қатпарларды көбірек пайдаланылатын болды. Әйелдер киімі айтарлықтай өзгерген жоқ, олар тек тағыншақтарды көбірек қолданды. Киім композациясын дөңгелек пішімді сәнделген жүқа қоңдырмалы жаға (ол шыны моншақ тастармен әсемделген) толықтырды
Жаңа патшалық тұсында ақсүйектер тегі өз киімдерінде түрлі-түсті маталар мен жұқа, қымбат материалдарды, алтын және эмалды тағыншақтармен әшекейленген, қатпарлармен сәнделген киім үлгілерін пайдаланды. Қатпарлар киімнің жеке бөліктеріне қадалып тұрды. Бұл дәуірде киім тігу үшін шеберлер манекен пайдаланғанын байқауға болады. Тутанхамон фараоны табыты ішінен манекен табылғаны соның дәлелі. Сирия елін жаулап алған соң Египеттіктер киімінде өзгерістер ене бастады: екіге бүктелген матаның жоғарғы жағында мойын ойындысын ойып, бүйір тұсына қоса тігілген ерлер мен әйелдер калазерисін қолданады. Оның үстінен бір немесе бірнеше қатпарлы юбка киді. Иығына жамылғы жамылды, қатпарлар киімге сымбат пен ырғақты айқын форма берді. Киім мықын тұсында шаршауланып, алдына қарай қайтарылады. Әскер басшылары ежелгі киім үлгілерін: схенти үшбұрышты алжапқыш пен бір иыққа салатын қобылан терісін пайдаланды (1 сурет) . Әскерлер алжапқыш, көкіректеріне тері байлады. Қарапайым шаруалар киімдерінде айтарлықтай өзгерістер болган жоқ.
Схенти алжапқышы және Калезерис әйелдер костюмі Шешонка II фараоны мүсіні
Ежелгі Египет патшалығы тұсында киімге қосымша сән беретін, адам өңіне әр беретін әртүрлі құпия мағынасы бар тағыншақтар, тұмарлар пайда болды. Күн секілді шеңберлі мойынға тағатын алқа- түсті шынылы моншақтармен, қымбат тастармен, алтын жіппен зерленіп, кестеленді. Аяққа, білекке тағатын білезіктер, алтын тәжі, сақина, моншақтар мен белдіктер кең қолданылды. Күн пішінді алтын алқаны египеттіктер әлемді және барша тіршілікті жаратушы Атон құдайының бейнесі деп санады.
Фараондардың бас киімі екі қабатты "атев тәжі" болды, онда урей -жыланы мен "лашын" символы үстемділік белгісі ретінде саналды, сонымен қатар фараондар бас киім ретінде көбіне "клафт" жолақты мата пайдаланады.
Фараон әйелі басына лашын бейнесі мен лотос гүлін тақты. Әскербасшылары ойын - сауық уақытында қолтырауын, сұңқар, өгіз маскаларын бастарына киді. Фараонның алтын әрі үшбұрышты немесе куб пішінді сақалы оның ерекше күш-құдіретін көрсетеді деп санады.
Египеттіктер аяқтарына палма жапырағы мен папирус терісінен жасалған сандал киді. Оның пішіні өте қарапайым әрі ыңғайлы келді. Шешонка II фараоны жерленген жерден алтын сандал табылған. Қазіргі Каир мұражайында Тутанхамон фараонының салмағы 10 кг келетін алтын маскасы табылған, бұл бейнеден оның басына киген "клафт" орамалы сары және көк түсті жолақты матадан жасалғанын көреміз, орамал өте ұқыптылықпен әсемдеп басына оралған. Клафт орамалы түсіне қарай оны қолданған адамның қоғамдағы орнын білдіретін болған. Мысалы, сары жолақты ақсүйектер киді, қызыл жолақты әскер басшылары, көк түс пен сары жолақты орамалдарды фараондар кигені белгілі.
Басында лашын бейнесі мен лотос гүлі бар Египет фараон әйелі
Бақылау сұрақтары:
- Сәннің даму тарихы
- Костюм деген не?
- Ежелгі дүние костюмінің пішіміне қарай қандай түрлерге жіктеуге болады?
- 2. Шумер мәдениетіне сипаттама беріңіз.
- Египет мәдениетінің ерекшелігі неде?
- Ежелгі Египет тарихын қандай кезеңдерге бөлінеді?
- Египеттіктер қандай әсемдікке құштар болды?
- Египеттіктердің киім матасы мен түсін айтыңыз?
- Орта патшалық тұсындағы египеттіктердің киімі немен
- ерекшеленді?
- Жаңа патшалық тұсындағы египеттіктер киімі қандай?
- Египеттіктердің сәндік әшекей түрлері, бас киімдері мен шаш пішімдері қандай болды?
№ 2. №1 СОӨЖ сабақ
Костюмдегі таптық ерекшелік. Ассирио- Вавилон костюмі
Жоспары: 1. Мемлекетке жалпы сипаттама
2. Әсемдікке құштарлығы
3. Киім үлгілері мен түстері
Мақсаты: Студенттерге Ассирио-Вавилон костюмі жайлы түсінік беру
Сабактын мәтіні (қысқаша) : Сән және костюм
1. Ежелгі Ассирио-Вавилония Ефрат пен Тигр өзенінің арасында орналасқан. Тұрғындар негізінен жер игерумен мал шарушылығымен, қолөнер, жүн маталарын шығару және сауда саттықпен айналысты. Ассирио-Вавилония өнерінің гүлденген дәуірі ІХ-ҮІІ ғ. б. д. д. болып саналады. Мұнда сәулет, сұңғат және мүсіндеу өнері ете жақсы дамыды.
Ассирия-Вавилионияда 1 мыңжылдықта (б. д. д. ) тауар өндірісі қарқынды дамыды. Бұл өнермен әйелдермен қатар ер кісілер де айналысты. Вавилонда түгел бір көшелер бойына тоқыма өндірісімен айналысты. Олар көлденең және вертикальды станоктарда ені 1 . . . 4 м. келетін маталар тоқыды. Ассирио-Вавилионияда алғаш рет қоңыр қызыл (пурпур) түсті және алтын жіпті мата түрлерін шығарды. Қызыл түсті матаны қызыл түсті шашақтармсн әшекейлеп патша киімінде пайдаланды. Жоғары шенді адамдар шашақтары бар енді мойыншалғыны иықтарына салып жүрсе, жәй халықтар киімнің етегіне ғана шашақтар тақты
2. Халықтың эстетикалық әсемдікке деген құштарлығын, археологиялық қазбалардан алынған, патша бейнелерін суреттеу техникасынан байқауға болады. Мысалы, Ашшурнасирапал бейнесі суреттелген рельефте, білек пен балтыр бұлшық еттері патшаның сымбатты әрі күшті дене тұлғасын, бет-әлпеті, толқынды қою шашы мен сақалы мықты денсаулықтың көрінісі. Ерлер ұзын сақал, мүрт жөне мойлау қойьш, оның көлемін үлғайту үшін бүйралап жүрді. Шаштарын майдалап өріп оның үштарын бүйралап сәндеді. Көбіне бастарына парик киді.
Ассирия мен Ежелгі Персиялықтар киімдері. А-ассириялық патша киімі: 1-ұзын канди көйлек, 2-шашақтармен сәнделген конас сулығы, 3-ақ жүннен жасалынған, қызғылт таспа баулармен әшекейленген тиара кидарис; б-ассириялық әскер киімі; в-парсы-ирандық костюм: 1-шалбар, 2-кафтан; г-сузиандық костюм: 1-белшалғы, 2-сулық.
3. Ассириялықтардың негізгі киімі - канди көйлегі болып саналды. Көйлектің ұзындығы тізеге дейін жетті. Оны мықын тұсында енді белдікпен байлайтын. Киімге тагылатын тағыншақтар мен сәңді әшекейлер, киімнің ұзындығы мен қабаты тұтынушының қоғамдағы орнын анықтады. Бір киімнен артық киімді тек патшаға ғана киюге рұқсат етілді. Оның киімі жұқа ақ жүннен иірілген жіптен тоқылган матадан дайындалып, геометриялық ою-өрнектермен, алтын салпыншақтармен және қалың шашақтармен әшекейленді. Канди сыртынан патшалар қатпарсыз, бірақ шашақтармен, кестелермен әшекейленген сулықтар киді. Алтын салпыншақтар күн мен айдың жене жүлдыздың бейнесінде жасалынып, белгілі бір мәнге ие болды. Негізінен олар жеңсіз көйлек пен қысқа жеңді, мықын тұсына байланатын шашақталған қысқа "конас" сулығын пайдаланды.
Әйелдер туника көйлек, белшалғы мен жамылғы - сулық киді. Ассириялық әйелдер көшеге шыққанда беттерін арнайы жапқышпен бүркеп жүрді. Киімдеріне қосымша сән беру үшін моншақтар, аяқ пен қолға арналған темір сақиналар, орама білезіктер тақты. Ассириялықтардың киімдері қондырмалы және шаршауланған киім тұрлерінің үйлесімділігінен шықты. Ұзын немесе қысқа киім үлгілері бір немесе екі бөліктен құрылды.
Ассириялық әскери адамдардың киімдеріне тоқталсақ, олар өкшесі мықты, әрі оның орама бауы бар сандал, бастарына мыстан дайындалған бас киімдері басқа елдердің әскери киімдеріне қарағанда мықты, әрі денені түрлі зақымдардан қорғап тұрды. Патша ақ киізден жасалған тиару бас киімін метал пластинкалармен әшекейлеп, маңдайына тағатын алтын тартпаны қымбат тастармен және шашақтармен сәндеген. Ассириялықтар шалбар киген. Оны мына суреттегі шаруа киімінен байқауға болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ассирио-Вавилония мемлекетіне жалпы сипаттама беріңіз?
2. Ассирио-Вавилондықтардың әсемдікке құштарлығы
3. Ассириялық ерлер киімі қандай болды?
4. Ассирия әйелдері костюмі қандай болды?
5. Ассириялық әскери адамдардың киімдері жайлы білесіз бе?
№ 3. СОӨЖ сабақ
Ежелгі Грек костюмі. Ежелгі Рим костюмі.
Жоспары: 1. Мемлекетке жалпы сипаттама
2. Ерлер костюмі
3. Әйелдер киімі
4. Этрустар мен римдіктер киімдері
Мақсаты: Студенттерге Ежелгі Грек және Рим костюмі, ондағы маталар және олардың қосымшалары, шаш сәнділігі, бас киім, аяқ киім, аксессуарлары жайлы түсінік беру
Сабақтын мәтіні (қысқаша) :
1. Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде адамзаттық өркениеттің бір тамаша дәуірі көне Греция мәдениеті дүниеден өтті. Италияндықтар Ежелгі мәдениет ретінде грек-рим мәдениетін атаған. Мұнда Антика дүниесінің тарихын мынадай кезеңдерге бөлу дәстүрге айналды;
1 Ежелгі кезең эгейлік мәдениет: б. д. д. 3 мың жылдықтан XI ғасырға дейін.
2. Гомерлік жөне архаикалық кезең: б. д. бд. ХІ-ҮШ ғ. ғ.
3. Архаикалық кезең: б. д. д. ҮІІ-ҮІ ғ. ғ.
4. Классикалық кезең: б. д. д. Ү-ІҮғ. ғ.
5. Элинистік кезең: б. д. д. ІҮғасыр - І ғасырға дейін. Сол сияқты, Италия тайпаларының даму кезеңі:
• Этрус мәдениеті-б. д. д. ҮІІІ-ІІ ғ. ғ.
• Ежелгі Римнің патшалық дәуірі - б. д. д. ҮІІІ-ҮІ ғ
• Ежелгі Римнің республикалық дәуірі -б. д. д. Ү-Іғ
• Ежелгі Римнің императорлық дәуірі І-Ү ғасырлары.
Гректер көптеген елдермен сауда-саттық жасап, Қара теңіз жағалауында үлкен колонналар салды. Б. д. д. V ғасырда мәдениеттің гүлденген кезсңі "алтын" ғасыр деп аталды.
Грек костюмі қарапайым пішімдегі архайка кезеңіндегі киімнен күрделі де әсем формалы еді. Эллинизм киімдері әсерлі болды. Шаршаулар грек костюмінің антикалық негізі болып саналды. Ол архитектурадағы антикалық храмның Колоннасы ретінде жасалынды. Киім тігуде негізінен жүн маталарын пайдаланды. Мата тоқу жұмыстарымен үйдегі құлдар, сонымен қатар, бай әйелдер айналысты. Гректер жүн өңдеумен қатар кенеп талшықтарынан мата тоқып шығарды. Ал жібек және мақта маталарын Шығыс елдерінен алдырды.
Гректер мата шетіне қарапайым оюлар салды, кейде бір түсті матаға аппликация тікті. Грек ою - өрнектерінің ішінде ең көп тараған - "пальмета", "моншақ", "меандр", "толқын", "ионик" т. б. өрнек композициясы кеңінен қолданылды. Бұл ою-өрнектер халықтың тұрмыс жағдайына, қоршаған ортаға байланысты пайда болды. Мысалы, теңіздің толқындары ритімді қайталанып отырған бітпес оюларға ұласып отырса, теңіздің иірілімді жағалаулары -күрделі меандр өрнектері, пальма ағашының қабығына ұқсатып палмета ою-өрнектері жасалды. 0
Ерлер тогасын орау тәсілі Грек әйелінің пеплос киімі
Киім түсіне қарай гректер ақ түсті сән үшін пайдаланды, ал шетіне ашық түсті өрнектер салынды. Сонымен қатар, түсті киімдерді де кеңінен пайдаланды. Көбіне матаны сары мен сарғыш реңкті түстерге, көк, қызыл, ашық-жасыл, қызғыш күлгін түстерге бояды. Қызғыш түсті бояуды (пурпур) теңіз молюскаларынан алды, сондықтан мұндай түсті маталар өте қымбат болды.
2. Ерлер киімі негізінен екі бөлектен тұрды, олар - хитон, гиматия.
Хитон - іш киім, сондықтан ерлер бұл киіммен сыртқа шықпайтын. Хитонды тұтас жүн, шұға маталарынан жасады. Матаны екіге бүктеп, жоғарғы иық жағын қаусырма - фибуламен (сәнді түйреуішпен) біріктіріп, киімді шаршаулап, сәндеп киді. Кейде хитонда сол матадан шығарылған жеңі болды. Оның ұзындығы түрліше дайындалды. Мысалы: жастар мен балықшылар, құлдар қысқа - экзомий киімін киді. Ол мықыннан сәл ғана түсіп тұрды. Бұл хитон тек сол иық тұсында түйреуішпен бекітіліп тұрды, ол қолдың қимыл-қозғалысына кедергі жасамады, сондықтан оны әскери адамдар мен түрлі кәсіп иелері, құлдар киді. Ал жасы үлкен кісілердің хитоны ұзын болды.
Гректердің сырт киімдерінің бірі гиматий - сулығы . Ол тік бұрышты жүн матадан (өлшемі 1, 7х4м) әзірленіп, адам денесін түрлі шаршаулармен қымтап орады.
Гиматияны денеге орап, екі қолды да бүркеп күрделі формаға енгізіп, шаршауланған киім, оратор-киімін тек ғалымдар мен ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдар киді. Бұл киімді орау үшін алғаш гиматиді денеге орап шығып, матаны сол иықтан белге дейін түсіріп, өңір тұсында дөңгелектей шаршаулап сол иықтан жота бөлігіне қарай жіберіп иық пен сол қолды жауып тұратындай етіп жасады.
Жастар оваль, тік бұрышты силуэтті - хламис киімдерін киді. Ол бір иықты жауып, екінші иық үстінде фибула тоғасымен бекітілді.
Аяқ киімі ретінде гректер сандал-игюдомати, крепида, етік ретінде эндромина киді. Кедей кісілер теріден тігілген жұмсақ туфли-постоланы киді.
Гректер ақ түсті қысқа шашты өте сәнді деп санады. Сән-салтанатқа арналған шаш түрі - цикада деп аталды. Шаштарын көбіне бұйралап жүрді.
Бас киімді тек суықтарда қолданды олар - петас, кюнэ, пилей. Бұл бас киімдерді киізден, сабаннан, матадан жасады.
Әскери адамдар қысқа хитон және оның сыртынан денеге қынамалы-торакс киімін киді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz