Ортақтық және қоғам


Фердинанд ТЁННИС
ОРТАҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
(1855-1936) . Неміс әлеуметтанушысы, неміс әлеуметтану ассоциясының негізін қалаушы. Бәрінен бұрын қауымдастық (Gemeinschaft) пен қоғамдастық (Gesellschaft) арасындағы айырмашылықты көрсетуімен танымал. Айырмашылық шамамен әрбір топтың үлкен-кішісіне тән қатынастардың әртүрлі тұрпатымен айқындалады. Біріншісінде, халық негізінен тұрақты жерде статус та айқын. Де. иек, деревня мен шағын мекендер қауымдастық қатынастарымен айналып, еңбек процестері мен құралдарының күрделіленуіне байланысты жойылып, кең ауқымды ұйымдар мен қалалар енді қоғамдастық пошымында көрінеді. Тённис қауымдардың жойылуына, осы заманғы қалалық қоғамда бәсекелестік пен өзімшілдіктің барынша етек алуына өкініш білдіреді. Бұл ретте ол утилитаризмнің сыншысы, пессимист және консерватор болды. Тённистің қауымдастық пен қоғамдастық арасындағы айырмашылық деп көрсететіні Дюркгеймнің механикалық және органикалық бірлік арасындағы айырмашылығымен үндес.
I
Әлеуметтану дегеніміз адамды зерттеу, бірақ оның тәндік, жан дүниесіндегі мәнісін емес, әлеуметтік мәнісін зерттеу, демек, оның тәндік және жан дүниесіндегі мәнісі әлеуметтік мәніске шарт есебіндегі нәрсе ғана. Осылайша, біз бір адамдарды басқаларымен біріктіретін, оларды бірге ұстап тұратын, оларды бірлескен қам қарекеттер мен өзара қарекетке итермелейтін немесе ынталандыратын пиғылдар мен қозғаушы күштерді ғана емес, қайта, және ең алдымен, соның салдарынан пайда болатын ортақ мәністі сақтап, қолдап отыру үшін қажет адам ойының жемістерін танып, зерттеуге ұмтыламыз. Адам ойының жемістері қауым (Gemeinde), мемлекет, шіркеу тәрізді, көбіне болмыстың элементтері, кейде тіпті жаратылыстан тыс нәрсе ретінде қабылданатын маңызды пошымдармен аяқталады . . . Біздің әрқайсымыз басқа адамдармен тікелей және жанама түрде көптеген байланыстарда және қарым-қатынастарда өмір сүреміз. Біздің әрқайсымыз көп адамдарды білеміз, бірақ бүл олардың жалпы санымен салыстырғанда - аз адамдар. Мен басқа адамдарды қалай білемін?
Бұл мәселені қарастырмас бұрын, әуелі кейбір айырмашылықтарды айқындап алайық. Мен біздің айналамыздағы адамдарға қатысты төрт айырмашылықтың ішіндегі ең бастылары - білу мен білмеу, таныстық пен бейтаныстық арасындағы айырмашылық деп білемін.
1. Таныстық пен бейтаныстық (жаттық)
. . . Бөтен қалада, бөтен адамдар ортасында сіз аяқ астынан танысыңызды, тіпті "жақсы танысыңызды" немесе жай ғана ескі танысыңызды кездестіресіз. Әдетте, бұл - қуанышты жәйт. Онымен әңгімелесуге құмарлық бірден пайда болады, ал бөгде адаммен біз мұндай құмарлықты сирек байқаймыз - өйткені осынау бұлдыр, әлсіз тілек көбіне басқа тілде сөйлесумен тойтарылып тасталады. Егер ұшырасқан адамды сіз тек жүзтаныстық арқасында білетін болсаңыз, онда, тегінде, сіз бірінші рет (бұл соңғы рет болуы да мүмкін) онымен қол алысып амандасасыз. Және де танысыңыз басқа бір тұрғыдан - бір жолы сіз онымен кездесіп, азын-аулақ тіл қатысқаныңыздан басқа, немесе сіз оны өздеріңізді жақындастыратын кейбір қасиеттері бойынша, мысалы, кәсіп яки мамандық жағынан әріптес ретінде білетіндігіңізден басқа жағдайда - сонымен, басқа бір тұрғыдан ол сізге мүлдем бөгде адам, атап айтқанда, басқа ұлттан болып, басқа тілде сөйлейтін адам болып шығуы мүмкін: бәрібір ол - танысыңыз, тіпті, сіздер қиналып ұғынысатын және бір-біріңіздің тіліңізді нашар түсінетін болсаңыздар да солай. Біздің тіліміз таныс пен біз жай ғана білетін адамның арасындағы айырмашылықты ғажап айырады. Таныс - менің 3
танысым - мені де біледі; ал мен жай ғана білетін адам шындап келгенде мені білмейді немесе, бері салғанда, мені біле бермейді. Биік адамды - жаратылыстық мағынада да, рухани мағынада да - кеп адам керіп, біледі, алайда ол оларды көрмейді де, білмейді де, ал кейде білгісі де келмейді. Мен жай ғана білетін адам мені есінде сақтамаған; тіпті есінде қалсам да мен туралы ештеңе білмеуі де мүмкін. Не ол маған салғырт қарайды, не мен оған ұнамаймын. Ал таныстарды, керісінше, кейбіреулер достарының санатына қосады - бүл ой машығының немесе сөйлеу тәсілінің үстірттігінің айғағы, дегенмен таныстық үшін өзара ұнатып қалудың, жаттық үшін - өзара ұнатыспаудың жеңіл тенденциясы тән: бар болғаны тенденция, бірақ тенденциялар маңызды.
2. Ұнату және ұнатпау
Адамды жай ғана білу де, онымен таныс болу да біз оған жамандық тілей, немесе, керісінше, ол бізге ұнайды, сондықтан оны жақсы көреміз (бүл әлдеқайда сирек кездеседі) деген сөз емес. Біз ұнататындар мен біз ұнатпайтындардың арасы жер мен көктей. Ұнату да, ұнатпау да - эмоция, кейде оны адамға дейінгі бірдеңе деп біліп, инстинкт деп атайды; шындығында олар көбіне ең асқақ, ізгі адам үшін ерекше сезімдермен байланысты, көп жағдайда сондай сезімдерден, демек, біз ойлайтын, білетін нәрселердің бәрінен туындайды. Бұған дейін айтылғанындай, таныстық пен ұнатудың - жаттық пен ұнатпаудың арасында белгілі, нақты мәні бар өзара байланыс болады. Ұнату мен ұнатпау неғұрлым инстинкт! болса, олар сыртқы құбылыстарға, әсіресе әйелдерде, соғұрлым тәуелді бола түседі; бүл ең алдымен еркектің оларға әсерінен туындайтын сезімге қатысты, олар - оның дене пішімінен, сырт келбеті мен бет әлпетінен, оның қалай киінетінінен, өзін қалай ұстайтынынан, сөйлейтінінен, мәнері қандай екендігінен, оның даусы қалай естілетіндігінен туындайтын әсерлер. Еркектер де әйелге бір көргеннен ғашық бола береді: біреулерге әдемі пошым, екінші біреулерге тамаша бейне, тағы біреулерге жай ғана көз жанары немесе батыл сөз, енді біреулерге әдемі көйлек немесе сәнді қалпақ ұнап қалады. Алайда, тікелей инстинктік ұнату мен ұнатпауға бөтен адамдармен танысу тәжірибесі кереғар шығуы мүмкін. Бұл орайда алғашқыда жағымсыз эсер қалдырған біреу, кейін аса сүйкімді, қызықтыратын, тіпті тартымды адам болып шығуы мүмкін екендігі басшылыққа алынады; әйелдер мен қыздарда басында өздеріне ұнамаған еркекке ғаламат ынтызарлық туындайтыны бола береді, мысалы, жесір королеваның Ричард ІІІ-ге ынтызарлығы сондай. Осыдан ұзаққа сілтейтін адал махаббат, оның үстіне мәңгілік махаббат өсіп шыға ма - бұл басқа мәселе. Көбіне-көп кейінгі ащы тәжірибе қуаттайтын алғашқы әсер қалай десек те дұрыс болып шығады. Бірақ қарама-қарсы ситуация да дағдылы дерлік нәрсе: алғашқы тамаша әсер, аса бір жағымды иланым неғұрлым жақын таныса келе сағым сияқты сейіліп кетеді де, біз сыртқы жарқыраққа оп-оңай алданғанымызға опық жейміз.
Бірақ көптеген адамдар - бейтаныс, бөтен адамдар ғана емес, өзіміз білетін, бәлкім, тіпті жақсы білетін адамдар - бізде ешқандай сезім тудырмайды, бізді селқос қалдырады. Рас, селқостық үнемі қатып қалмайды, ол не ана, не мына жағына оп-оңай бет бұрады. Ұнату мен ұнатпаудың реңктері көп, әсіресе егер жоғарыда тілге тиек болған парасатты, яғни, біздің ойлы санамызда негізі бар ұнату мен ұнатпауды ескерсек солай болып шығады. Көбіне-көп былай болып шығады: біз өз жағымыздағы, өз қосынымыздағы адамдардың бәріне - біз онымен бұрыннан таныспыз ба, әлде, енді ғана танысып жатырмыз ба, соған қарамастан, оларға белгілі бір дәрежеде, азырақ та болар, іш тартамыз, олар - дауға қатысушылар, дос-жар, жерлес немесе шағын отандас, кәсібіміз бір әріптес, діндес немесе партиялас жолдас, жұмыстас әріптес болуымыз мүмкін; кейбір, әдетте, шамалы іш тартуымыз мұның өзі едәуір дәрежеде өмір тәжірибесінің молдығына байланысты - енді бір сословиеге жатуымыздың арқасында, мысалы, дворяндар санатына, немесе бір тапқа - дәулеттілерге немесе дәулетсіздерге жатуымызға қарай туындайды. Және керісінше, ұнатпау да дәл осындай жолмен, басқа қосындағылардың бәріне қатысты туындап, орын 4
алады; бұл ұнатпау көбіне, әсіресе, әңгіме нағыз күрес жайында болғанда, өшпенділікке айналып кетеді, ал өзге бір жағдайларда ұнатпау тек көбірек немқұрайдылық ретінде көрінеді, соның есебінен ол әлсірей береді, сөйтіп басқа бір себептер болған жағдайда және неғұрлым жақын танысқанда ол оп-оңай шынайы ұнатуға айналып кете алады. Екінші жағынан, өзара, ұнатуды ояту үшін жете түсінілген ортақ немесе бері салғанда жақын мүдделердің болуы, және ұнатпау үшін мүдделердің қарама-қарсы болуы жеткілікті. Мысалы, кейде көптеген адамдардың тұтынушылар ретіндегі мүдделері ортақ болып, олар сол ортақтықты сезінеді, соның салдарынан олар бір-біріне біршама ұнайды. Олардың мүддесі өндіруші мен тұтынушының мүддесіне кереғар, сондықтан оларды ұнатпайды, бұл ұнатпау тұтынушылардың бір-бірін ұнатуынан күштірек болады.
3. Сену және сенбеу
Мен назарыңызды аударғым келетін үшінші айырмашылық - біз басқа адамдарға сенеміз бе, әлде сенбейміз бе деген нәрсе. Өзімізге таныс адамға біз белгілі бір дәрежеде сенеміз, бірақ, ол көбіне әлсіз сенім, бөтен адамға белгілі бір дәрежеде сенбейміз, бірақ бүл көбіне күшті секем. Әдетте, сену ұнатудан оп-оңай және жедел туындайды, бірақ көбіне-көп мұнымызға дәл солай оп-оңай, кейде күтпеген жерден өкінуге тура келеді, ал ұнатпау сенбеуді оятады немесе бері салғанда оны күшейтеді, нәр береді, бұлдағы негізсіз нәрсе емес. Бірақ мұнда да реңк қаншама! Таңдаулылардың ілуде біреуіне ғана біз зор да шексіз сеніммен қарап, олардың даусыз адалдығына, бізге бүйрегі бұратындығына, сатып кетпейтіндігіне тас қабырғаға арқа сүйегендей үміт артамыз; және де осынау ілуде біреулер, тіпті де ылғи "біз секілді" еместігі белгілі, сондықтан оларды әдетте біз өз табымыздың, өз сословиеміздің адамдарындай ұната бермейтінімізді біледі. Адал малай, адал жар дегендеріңіз тек әдеби-поэтикалық бейнелер ғана емес, дегенмен неғұрлым қарапайым, ауылдық ортада солай атауға болатын адамдар қазіргі қаладағыдан әлдеқайда жиі ұшырасады. Алданған сенім - кейде баз кешіп кеткіңді келтіретін тағлымды, ащы тәжірибе. Бірақ сенбеу де сенімге айналып кете алады, сол сияқты алданған сенім, реніш, ыза, өшігу туғызатындығын былай қойғанда, тікелей сенбеуге, олай болмаса біз бұрынғыша сене беретін өзге адамдарға да көшірілетін сенбестікке оп-оңай айналады. Сенуге немесе сенбеуге жетелейтін тек төл тәжірибе емес, сонымен бірге өзгенің де тәжірибесі, яғни, кісінің сенуге болатын немесе "онымен араласу сақтықты қажет ететін" күмәнді абыройы, беделі. Бірақ, екінші жағынан, сенім едәуір дәрежеде араласудың өзі арқылы заттық сипатқа не болады, демек көбіне әңгіме кісі туралы емес, оның "ахуалы" туралы болып жатады, кісілік жағынан үлкен сенімге лайық болмауы да мүмкін, іскер адамның тол мүдделері оның қолынан келіп тұрғанда қарызын төлеп отыруға мәжбүр етеді: сенімге ие болу қабілеті жоғалып, қарызын төлей алу қабілетіне айналып кетеді. Қарызды төлей алу қабілеті әдетте - фирма атрибуты: фирма иесінің немесе жетекшісінің моральдық қасиеттеріне қарамастан, ол не сенімді болады, не солай деп саналады, олар кредит беру арқылы көрсетілген сенімнің арқасында, басқаша ойлауға сүбелі себептер бола тұра, жоғары бағалана береді. Осылай кісілік қасиеттерге сенім кісінің немесе фирманың қарызды төлей алуына сеніммен араластырылып жібереді. Көптеген адамдарға қаяусыз сенеміз, сонда олармен жөндеп таныс болмасақ та, олар жөнінде олардың аталмыш жерде тұратындығынан, аталмыш қызметке ие екендігінен басқа олар туралы атүсті білетінімізді басшылыққа аламыз - осының бәрі де затқа айналдырылған сенім. Егер жеке сенім әрқашанда сенген адамның кісілігімен - оның ақылымен, және әсіресе адамдарды білуімен, яғни осынау білу негізделген тәжірибемен елеулі түрде айқындалатын болса, демек, жалпы алғанда аңқылдап қалған, тәжірибесіз адам, сенуге бейім тұратындықтан не нәрсеге де сенгіш, тәжірибелі адам күмәнға бейім тұратындықтан әрең-әрең сенетін болса - затқа айналған сенім тұсында бұл айырмашылық жайына қалады. Біз өзіміз мініп келе жатқан пойыздың машинисін, өзіміз жүзіп келе жатқан кеменің капитанын немесе штурманын білмейміз, көп жағдайда біз ақыл-кеңес алып қана 5
қоймай, сондай-ақ, хирургиялық жолмен емдеу үшін өміріміз бен денемізді сеніп тапсыратын дәрігердің кім екенін білмейміз; көбіне біз өзіміздің ісімізді жүргізуге тапсыратын адвокатты, ол-ол ма, біздің пайдамызға немесе басқаның пайдасына шешім шығаратын, өзіміздің құқығымыз бен абыройымызды қалпына келтіреді деп үміттеніп, көмек күткен қазының да кім екенін білмейміз. Осынау жағдайлардың барлығында да біз өзіміз сенген адам: 1) көмектесе алады және 2) бізге көмектескісі келеді деп үміттенеміз. "Көмектесе алады" дегенге келсек, біздің оған сенуіміздің негізі бар: а) өйткені бұл оның кәсібі - егер ол дәрігер, адвокат, қазы болмаса, оған өзін дәрігер, адвокат, қазы деп атауға кім жол береді? - етікші, слесарь, тігінші, әдетте, өз кәсібін біледі ғой. Біздің ісіміз неғұрлым күрделі болса, соғұрлым аталмыш еркектің немесе аталмыш әйелдің кәсіптік қызметіне, олардың сол қызметті алуына мүмкіндік берген: ә) емтиханға, б) тәжірибеге, в) беделіне, г) жеке кеңестері мен ұсыныстарына сенеміз. Рас, машинист пен капитанға келгенде көбіне-көп әңгіме ә) және б) жөнінде ғана болады. Ал, "көмектескісі келеді" дегенге келетін болсақ, біз, біріншіден, әдеттегі моральдық қасиеттерге және біз сенетін адам солардың минимумына ие болмаса, қазіргідей бола алуы екіталай ғой дегенге иек артамыз. Екіншіден, оның жеке мүдделері - материалдық та, идеалдық та мүдделері сонымен тығыз байланысты, және де олар көбіне-көп бірігіп, тұтасып кетеді. Бірақ біз өзіміздің сабырлылығымыздың, қауіпсіздік сезіміміздің, демек, келтіретін уәделеріміздің негізінде тағы бірдеңелердің жатқандығын тез байқаймыз, бірақ олар туралы, рас, бас қатыра бермейміз, ол бірдеңе, атап айтқанда, әлеуметтік еріктің үлкен үш жүйесінің, әрқилы дәрежеде болса да, жүйелі де сенімді қызмет атқаруына сенім, ол жүйелерді мен тәртіп, құқық және мораль деп атаймын, және де соңғы екі жүйе - құқықтық және инсанияттық тәртіптер біріншісінің дамыған, қалыптасқан пошымдары.
4. Байланыстылық
Енді мен алғашқы үшеуінен бөліп алуға болмайтын, ішінара солардың өзінде бар төртінші айырмашылыққа, атап айтқанда, мен басқа адамдармен әйтеуір бір дәнекермен "байланыстымын" ба, әлде олардан бостанмын ба деген мәселеге көшемін. Бірлесу, байланысу бостандыққа қарама-қарсы, ол міндеттену, тиісті болу, рұқсат берілмеу деген сөз; ал бұларда біздің алдымыздан бірлесудің алуандығы ашылады, тегі әрқилы байланыстылық арқылы туындайды, оларды біз сондай-ақ әлеуметтік мәністердің түрі немесе адамды басқа адамдармен біріктіретін пошымдары деп атаймыз. Адамның басқа адамдармен байланысты болатыны, ол солармен байланысты екендігін білетіндіктен; ол мұны не көбірек дәрежеде сезім арқылы не көбірек дәрежеде ой арқылы біледі; осыдан міндеттілік, тиістілік, жол бермеушілік сезімі немесе соларды анық түсіну және теріс нәрсенің құқыққа қарсы, заңға қарсы және ақыр соңында жалпы құқыққа томпақ, инсаниятқа томпақ нәрсенің, ұят қарекеттер мен мінез-құлықтың салдарынан әділ түрде жирену туындайды.
Байланыстылық - барлық әлеуметтік байланыстарды олардың төл мағынасында емес, жалпы мағынада қалай түсіну керектігін білдіретін бейнелі сөз. Адам баласының басқаға табын болатыны оның толық тәуелділік ахуалының айғағы бола алады - бұл да бейнелі сөз, оның мәні онда не төл ырық болады, не өзінің барлық талап-тілектерінде басқа біреуге тәуелді болғандықтан, ондай ырыққа не бола алмайды. Нәрестенің және кішкене сәбидің анасына және оған анасы секілді қамқорлық жасайтын басқа да адамдарға тәуелділігі (ол біртіндеп азаяды) - осы тектен айдан анық факт. Тәуелділіктің осындай басқа да пошымдары бар, ондайда бір адамның қуанышы мен қайғысы оның өзінікіне емес, басқаның ырқына көбірек дәрежеде байланысты болады. Таза күйінде бұл кіріптарлықтан, құлдықтан және тағы сол сияқтылардан көрінеді, ал, ең анық та дөрекі түрде - бұрын құлдарға және қазіргі кезде ауыр қылмыс жасағандарды алып жүргенде қолданылатын жазадан - денесін бұғаулаудан көрінеді. Себебі өзінің толық ынжықтығы болуы мүмкін өз ырқы бойынша қарекет жасауға қабілетсіздік туралы, гипноздалған 6
адамдар туралы, жыныстық тәуелділік және тағы басқалар туралы біз осы мағынада айтамыз.
5. Әлеуметтік байланыстылық
Әлеуметтік байланыстылық өзара тәуелділікке айналуға ұмтылады, мұның мәні мынадай: біреудің ырқы басқаның ырқын ынталандыра яки шырмай отырып немесе соның екеуін де жасай отырып оған ықпал етеді; ал егер біреудің ырқы басқаның ырқымен сәйкес келсе, бірігіп немесе араласып кетсе, онда ортақ ырық пайда болады, оның біртұтас ырық деп түсінілуі мүмкін, өйткені ол өзара байланысты - себебі ол жорамалдап, талап етеді, демек, Б ырқына сәйкес А ырқына және А ырқына сәйкес Б ырқына ие болуды қалайды. Бұл екі индивидтің (бұдан былай оларды біз кісілер деп атаймыз) әрқайсысының басқасы жөніндегі, демек екеуінің к бір-бірі жөніндегі ырқы мен ісіне қатысты әлеуметтік ырқының көрінуінің ең қарапайым оқиғасы. Дәл солай бір кісі екінші кісімен байланысты болғаны секілді, ол көптеген кісілермен байланысты, ал, олар өз кезегінде, бір-бірімен байланысты бола алады, демек осы көпшілікке кіретін әрбір жеке кісінің ырқы жиынтық ырықтың бір бөлігі болып табылады және бір мезгілде жиынтық ырықпен анықталады, соған тәуелді болады . . .
II
Айырбас әлеуметтік байланыстылықтың аса қарапайым көрінісі ретінде
. . . Бірақ кез-келген өзара қызметті және кез-келген өзара жәрдемді айырбас деп түсінсек, онда кез-келген бірлескен өмір де өзара қызмет пен жәрдемнің үздіксіз айырбасы екендігі айдан анық және де бірлескен өмір екеуара ғана болса, тіпті көбірек анық; бір мезгілде екі жақтың елеулі себебі (ең қарапайым жағдайда екі кісі ойда болғанда) - басқадан қызмет күтіп, соны талап ету болмаған немесе басқалардың көмегі арқылы күту, талап ету, мәжбүрлеу (сондай-ақ аталмыш индивидті байланыстыратын, яғни оны басқалармен біріктіретін және қажетіне қарай басқаның орнына жүретін жиынтықтан күту мен талап ету) арасындағы айырмашылық анық бола түседі, басқаның, басқалардың және тұтас көпшіліктің пайдасына өзіңнің тілегің мен қалауың, тіпті осы тілегің мен қалауың - бері салғанда солай деп санау сіңіп кеткен - басқаның немесе басқалардың сондай тілегі мен қалауынан нәр алған кезде де солай болады. Мұндай тілек пен қалаудың нәтижесі басқа индивидке немесе басқа индивидтер жөніндегі мүлдем басқа позиция болып табылады. Ол позиция өздігінен-ақ ананың балаға, ол әлі парықсыз сәби кезінде одан ештеңе күтпейтін және талап етпейтін махаббаты сияқты шүбәсіз, ал оның есі кіріп, парасатқа ие болған кезде, ондай махаббат болған күнде де, ол айқындаушы рөл атқармайды. Жалғыз махаббат өздігінен байланыстыра алмайды. Қатты ұнату мен бүйрегі бұрып түру да сол секілді; өзара махаббатсыз махаббат қатып-семіп қалады, бірақ ол, қайрансыз үмітті, сүйікті адамының бар екендігін білуді ғана талғажау етіп, әупірімдеп өмір сүре береді, өйткені сүйіктісі үшін жақсылық тілеумен қатар, әсіресе жыныстық махаббатта, өзіне де ләззат тілейді; жыныстық махаббатта ынтызарлық неғұрлым күшті болса, соғұрлым күштірек өшпенділікке айналады, өйткені бұндай жағдайда ол - өзін-өзі жақсы көру көбіне өзін өлтіріп жіберу ырқын туғызатыны секілді, азғындаған махаббат.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz