Бастауыш сынып математика сабағында анализ және синтезды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

K I P I С П Е

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасымен барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігіне арттыру қажет деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кезде математика негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы туралы Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көңіл аударылған. Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар аударылып отырғаны белгілі. Бұл жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде үш тенденция байқалады: барлық оқушыларға математикадан бір дәрежеде білім берудің қажеттілігі және оған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу; математиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің барлық сатысының оқу жоспарларына енгізу; мектептің жоғарғы сатысында математикадан білім беруді жеке даралау мен топтау әдістері арқылы іске асыруды кеңінен енгізу.

Осы орайда математиканы оқытудың негізгі мақсаттары болып оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, табиғатты ғылыми тұрғыдан танудың негізгі заңдылықтарының математикадағы көрінісін бейнелеу;

Оларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру; оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге, практикалық есептерді шығаруға, сондай-ақ математиканы басқа пәндерге қолдана білуге үйрету; Оқушылардың өздігінен білім алуына көмектесу және т. б. табылады.

Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде кайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Болашақ коғам мүшелерінін өмір сүріп нәтижелі қызмет етуінде математикалық білімдердің жасайтын ықпалы мол.

Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады.

Ал оның негізгі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сынып математика сабагында ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейкесті мәселе.

Жұмыстың мақсаты - Бастауыш сынып математика сабағында анализ және синтезды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына талдау жасау.

Жұмыстың болжамы - егер бастауыш сынып математика сабағында анализ және синтезді қолдану арқылы оқушычнпчын пй-өрісі дамытылатын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды, өйткені пәнге деген қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.

Зерттеу объектісі - бастауыш мектеп оқушыларына математика оқыту процесі.

Зерттеу пәні - бастауыш мектеп математика сабағында анализ және синтезді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдары.

Зерттеу жұмысының мақсатына және болжамына сәйкес зерттеудің төмендегідей міндеттері анықталады.

Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттерімен танысып,
оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан шолу жасау;

Бастауыш сынып математика сабағында анализ және
синтезді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын
арттыру мүмкіндіктерін анықтау.

Бастауыш сынып математика сабағында анализ және
синтезді қолдану арқылы оқушыларды пәнге деген кызығуын
арттыру және оның тиімділігін тексеру.

Жұмыстың практикалық құндылығы - тапсырмалар мен анализ және синтездік кейбір мұғалімдер мен әдіскерлердің іс-тәжірибеде қолданылуында және орта мектептердің бастауыш сыныптарында пайдалануға болатындығында.

І. Бастауыш мектеп математикасындағы білім мазмұнының ерекшелігі

1. 1 Бастауыш мектеп математикасын оқыту ерекшеліктері.

Оқушылардың ақыл-ой дамуының негізін олардың меңгеретін білімдерінің жүйесін қалайды. Оқушылардың санасында белгілі бір білім қоры болмайтын болса, онда олар ойлай да алмайды. Егер оқушы мәселені өз бетінше шешуге үйренбесе, тек қана белгілі бір үлгілер бойынша жұмыс істеуге ғана дағдыланған болса, жаңа жағдайлардың тууына байланысты олар алған білімдерін ррменсіздік танытып жатады.

Мектеп практикасында оқушылар теоремаларды кітаптағы немесе оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша еркін дәлелдеп береді де, егер сызбадағы әрптерді басқа әріптермен ауыстырып қоятын болса, не болмаса сызбаны басқаша орналасқан жағдайда теореманы дәлелдей алмай қалады. Бұл оқушыларды улгілер арқылы жұмыс істеуге дағдыланып, ойлаудың жалпы логикалық нәтижесі болса керек. Сондай-ақ мектептегі оқушылардың білімділігін оқу пәнінің ұғымдарын, анықтамалармен теоремалардың тұжырымдамаларын, формулалар, ережелер т. б. мазмұны мен көлемінің игерілу дәрежесіне қарай бағалайды да, ал ондай ақыл-ой әрекеттері арқылы нәтижелерге жететіні ескерілмейді.

Оқушыны жеткілікті білім қорымен қаруландыру және өз бетінше ойлауға үйрету мәселесі, егер оқушының өзінің білім алуға ынта-жігері, құмарлығы, қызығушылығы, білімдерді меңгеру әдістерін білуге құлқы болмаған жағдайда түпкілікті шешілуі мүмкін емес. Міне сондықтан да В. Ф. Паламарчук оқушылардың ойлау қабілетін дамыту процесінде оқытудың мынадай үш құрамды бөліктерін ескерту қажет деп есептейді: мазмұндық, амалдық, мотивациялық. Оқытудың мазмұндық құрамдас бөліктеріне оқушылардың білуіне тиісті ұғымдар жүйесі, ережелер, зандылықтар т. б. жатады. Оқытудың мазмұндық бөлігі оқу бағдарламалары мен оқулықтарда баяндалады. Оқытудың амалдық құрамдас бөліктеріне ақыл-ой қызметінің тәсілдерін меңгеру жатқызылады. В. Ф. Паламарчук оларға оқу материалындағы ең бастыны ажырата алуды, деректерді, құбылыстарды салыстыру, сәйкестендіру мен жалпылауды, өз ойын дәлелдей алуды, яғни ойлаудың операциялық құрамды бөліктерін жатқызады.

Оқушыларға не мақсатпен, не үшін оқиды, білім мен дағдылар не үшін қажет деген мәселелерді түсіндіру оқытудың мотивациялық аспектісін құрайды.

Оқушылардың ойлау дамыту оқыту материалының мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

1-4 сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамытуда мазмұнды есептермен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерін үйрету негізгі орын алады.

Мектеп тәжірибесінде мазмұнды септерді практикалық. графиктік, арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығарады. Негізінен кеңінен қолданылатын - арифметикалық және алгебралық тәсілдерге көп назар аударады.

Математикалық мазмұнды есептер шығару кезінде оқушылардың ойлау әрекетін дамыту мақсатында есептерді талдаудың жалпы тәсілдерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу орынды.

Бастауыш сынып оқушыларының мазмұнды есепті талдай білу іскерліктерін меңгеруі олар келесі сыпыптарда бұл іскерліктсрді мазмұнды есептерді алгебралық тәсілдермен шешкенде пайдалануға мүмкіндік береді.

Бастауыш сыныптарда математика есептерін шығару кезінде оқушылардың есептерді талдай білу іскерліктерін қалыптастыру оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал етеді.

Ойлау-баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, зандылықтарды ұғады. Ойлау, сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау-белгілі бір міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады.

Оқушылардың танымы-өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларды танымдық белсенділік дегеніміз-оқушының оқуға, білімге деген ынта ықыласының, қүштарлығының ерекше көрінісі.

Жалпы орта білім беру жүйесінде іргетасы бастауышта білім беруден басталады, ал жалпы білім беру жүйесінің алғашкы маңызды сатысы. Бастауыш мектепте баланың оқу мен психикалық негіздері қалыптасады.

Оқуды өзінше әрекеттің бір түрі дегенде бәлендей мазмұнды сөз, не нақты бейне арқылы, белсенділікпен үғьтнуды, айтады. Оқу әрекеті тек білім алумен шектелмейді осыған ептілік пен дағдылануда керек. Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар оалалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі.

Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыластары болып дарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып осыдан нәтиже шыққанда мақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындау түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей, және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады, Ал, жанама ықылас сол нәрсе қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жаксарткысы келгендіктен бопапы Ықыластың соңғы түрі кіші оқушылардың өмірінде негізгі роль атқаруы тиіс.

Бастауыш мектеп оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмеиді. Мысалы, бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Солай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай, жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегенінен кездеседі.

Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынадай екі түрлі жолмен беріледі.

Біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді.

Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі (образец) беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексті беріледі. Осы текске өзгере енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып балаоны жаттап алады. Ал тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп - тапсырманы орындаудың оірінші тұрін және проблемалық мәселелерді орындай білуді айтады. Осыған әр түрлі пәннен айталық грамматикалық, географиялық, математикалық т. б. есептер шығару жұмысы жатады. . Әдетте оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни проблемалық мәселені, шешу дегенде, осының мынадай үш сатыдан тұрататын. айтады: біріншіден, берілген тапсырманың шартымен танысудан, екіншіден, соны орындаудан, үшіншіден, осының қалай /дұрыс, не бұрыс/ орындалғанын тексеруінен.

Пәндер неше түрлі болғандықтан, осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В. В. Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады.

  1. тапсырмадан, яғни оқу ситуациясынан;
  2. тапсырманы орындаудан;
  3. орындаған тапсырманы тексеру кезеңінен,
  4. баға қоюдан.

Мысалы, біздің әуелгі схемадағы тапсырманың шарты мен танысу дегенді мұнда оқу ситуациясы деп атайды. Себебі бала үшін тапсырма өзінше проблемалық ситуация болатыны екендігі жөнінде айтылып отыр.

Ал соңғы саты баға бұл өзінше баланың тапсырманы қалай орындағаны дәрежесін оған білдіру. Бұл мектептің күнделікті өмірінде кездеседі.

Математиканы оқытудағы негізгі міндеттер оқушылардың өздігінен анализдей, синтездей білу, математикалық қорытындыларды кеңейтіп, дамыту болып есептеледі.

Бұл үшін:

  1. Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға әзірлеу.
  2. Математиканы оқытудын көрнекілігі және өмірменбайланысты болуы.
  3. Баяндалған теориялық мәселелер ғана терең де тиянақты болады.
  4. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дұрыс қоя білу.

Яғни, осы 4 міндетті өз деңгейінде толық шешу үшін оқу процесін ұйымдастыру барысында, бір жүйемен келе, академик В. М. Монахов ұсынған казір көптеген мектегттерпе копаныи жүрген педагогикалық технологиясын зерттеп, кейбір өзгерістер Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Әйтсе де бұл баланы қайткенде де неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың жетілген бейнелі формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схеманы ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, шогикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің ешбір мәнін жоғалтпайды.

Бастауыш оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда (ол шамамен І-ІІ сыныптағы . оқытуларға тура келеді) . Олардың ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу материалдарын талдау бұл жерде көрнекі әсер ету жоспарында басым болады.

Ойлауды дамытудың екінші кезеңі осы өзгерістермен байланысты І-ІІ сыныпта-ақ мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердің жекелеген элементтері арасындагы болатын байланысты көрсету үшін ерекше қам жасайды.

Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.

Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларыныц дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру (тапқырлық пен зеректік), логикалық ойлауды қажет ететш мысалдар құрастыру, есептер шығарту - баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы.

Баланың ой операциясын дамытып талдау, жинақтау, топтау және жіктеуге арналған мынадай жаттығулар жүргізуге болады. Балаға бірнеше заттардың бейнесі көрсетіледі. Бала сол суреттерге қарап талдап, топтап, жүйелеп логикалық ой қорытындысын шығара білу керек. Мысалы: 4-5 түрлі бас киімнің ішінде 1 етіктің суретін көрсетіп, мына суретте не артық деп сұрасақ, бала артық заттың атын атайды. Мына жерде етік артық, өйткені басқалары бас киімдер.

Осындай ой толғауларын әр сабақта тиімді қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Сабақтың сапалы ұйымдастырылуының өзі - табыс кілті. Сабақ сапасына, сабақ үстінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға көбірек көңіл бөлуді талап етеді. Логикалық есептер - кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір немесе бірнешеу болуы мүмкіы. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарымпазды болуды талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйеніледі. Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру болуы ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылықка, еңбектене білуге тәрбиелейді.

Арнайы формула қолдануға келмейтін, әрқайсысына өзінше
талдау жасауды кажетсінетін есептерді логиалық есептер дейміз.

1. 2 Оқыту әдістері және тәсілдеріне жалпы сипаттама

Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді творчестволықпен жүзеге асыруына байланысты. Оқыту әдісі ақыл-ой, санаға байланысты. Онсыз ешқандай оқыту әдісі жоқ. Осыған орай индукциялық (жалқыдан-жалпыға), дедукциялық (жалпыдан-жалқыға) әдістердің орны бөлек. Бұл жерде анализ (талдау), синтез (жинақтау), салыстыру, дифференцация, интеграция арқылы оқыту білімінің мазмұнын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

Дегенмен оқыту әдістерінің өзінше қолайлы етіп таңдаудың теориялық қағидалары, іске асыру жолдары бар. Олар: әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі; әр әдістің педагогикалық, психологиялық тиімділігі, атқаратын қызметі. Мысалы, әңгіме әдісін баланың сана-сезімін қалыптастыруға қолдансақ, түсіндіру әдісін баланың логикасын, ал прблемалық ситуацияны баланың ой-өрісін дамытуға қолданамыз.

Әдістің ұстаз бен шәкірт қызметтестігін ұйымдастыруға бағыттылығы: қарым-қатынас, іс-әрекет, оқып-үйрену, үйрету.

әдістің оқушылардың жас және дербес ерекшелігіне сәйкестігі: сөйлеу, ойлау, өмір тәжірибесі, эмоционалдық дамуы, ес, қабілет т. б

әдістің ұстаздың жалпы мәдениетіне, қабілетіне, дайындығына, білімділігіне, шығармашылық және әдістемелік деңгейіне, жеке басының қасиетіне байланысты.

Әдістің оқытудың түріне байланысты. Мысалы, лабораториялық сабақтарда нұсқау, тапсырма, кеңес беріп, тексеріп қорытындылауға болады.

әдістердің өзара байланысында. Мысалы, лекцияда әңгіме, иллюстрация, демонстрация әдістері қолданылады.

Оқыту әдістерінің нәтижелі қолданылуы ұстаздың шығармашылығына, шәкірттердің білімге деген құштарлығына байланысты. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі ұстаз бен шәкірт қызметтестігінен туындап, шәкіртке білім-тәрбие береді. Оқыту әдістері мен оларға білім беруді ұйымдастырып дүниетанымын қалыптастырады.

Жалпы оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес қосқандар да баршылық. 20-жылдары Ресейлік Б. Е. Райков, К. И. Ягодовский, М. М. Пистрак оқытудың түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін ұсынды. 30-жылдары Ресейлік М. М. Пистрак, И. Н. Щимбириев, И. Т. Огородников оқытудың жаңа әдістерін: әңгіме, әңгімелесу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмысты ұсынды. 50-жылдары Д. О. Лордкипанидзе әдістерді топтастырып үш түрін берді: сөздік, кітаппен жұмыс, оқыту-практикалық. 60-жылдары Е. Я. Голант, С. Г. Шаповаленко, Н. М. Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін енгізді: сөздік, көрнекілік, практикалық. И. А. Данилов пен Б. П. Есипов әдістер классификациясын (жіктеп-топтау) жасағанда оқыту процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алды: жаңа білімді меңгеру, білікті, дағдыны қалыптастыру, білімді қолдану, бекіту, шығармашылық іс-әрекетін дамыту. Дидактикаға оның ішінде оқыту әдістеріне үлес қосқандар: С. Т. Шацкий, Н. А. Менчинская, В. В. Краевский, М. И. Махмутов, А. Н. Алексюк, В. Ф. Паламарчук, В. И. Паламарчук, С. Г. Шаповаленко, А. Н. Леонтьев, Г. И. Щукина, И. Д. Зверев, М. Н. Скаткин, Ю. К. Бабанский, Б. Т. Лихачев, И. Ф. Харламов, Р. Г. Лемберг, Н. А. Сорокин т. б.

Оқыту әдісі дегеніміз - гректің “методос” айтып беру деген сөзінен туындаған. Ол оқушы мен оқытушының сабақтағы жұмыс тәсілі дегенді білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда: ”Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, білікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүние танымы қалыптасады, қабілеттер дамиды”- жазылған.

Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған, өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері. Сонымен, оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

“Оқыту әдісі “ және “Әдістемелік тәсіл” ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды бөлімдері) . Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т. б. “Әдіс” пен “тәсілдің” шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:

1. Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.

2. Оқушылар зерттеу негізінде суреттер мен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.

3. Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдістерінде қолданылады.

4. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады. Әдіс және тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәндерді оқытқанда қолданылады. Мысалы, тарих сабақтарында хронологиялық әдіс, арифметикада бүтін (тұтас) сандар әдісі, химияда және физикада лабораториялық, практикалық жұмыстар қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикалық білім беру
Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын арттыру (анализ және синтез әдісі негізінде)
Функционалдық сауаттылықты дамыту
Бастауыш мектеп математикасын оқыту
Бастауыш мектеп математикасын оқытудағы оқушылардың жас ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта математика сабағында арифметикалық амалдарды оқыту
ЕСЕПТЕРДІ ӘРТҮРЛІ ТӘСІЛДЕРМЕН ШЫҒАРУ
Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару
Бастауыш сынып математика сабақтарында пайдаланатын оқыту əдістерін таңдау
Бастауыш мектептегі математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz