Ахмет Байтұрсынов - халық ағарту комиссары


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ХАЛЬІҚ АҒАРТУ КОМИССАРЫ

Халық ағарту комиссариатының архив орындары материалдар, негізінен, 1920жылдың ортасынан басталады. Онда өте құнды құжаттар сақталған. Хронологиялық, тәртіп сақталмауы зерттеу жұмысында қиындықтар туғызады.

А. Байтурсынов туралы алғашқы құжат 8-шілдедегі Қырғыз (Қазақ)
өлкесінің Халық ағарту комиссириаты алқасының мәжілісінде берілген.
Онда ғұлама ғалымның әліппесін жарыққа шығару туралы мәселе
қозғалады.

Ахаңның Халық ағарту қомиссары болып сайланғаны туралы бұйрық сақталмаған. 1920 жылы 4-қазанда Қазақ АССР-і құрылғаны белгілі. 16-қазанда Халық ағарту комиссариаты алқасының мәжілісін А. Байтұрсынов төраға болып ашыпты. Соған қарағанда ол Халық ағарту комиссариатына комиссар болып осы уақытта келген секілді.

Халық ағарту комиссары болғаннан-ақ А. Байтұрсынов жұмысты уездердегі жағдайды тексеруден бастаған. 1920 жылы 16-казанда ол төраға болып ашқан алқа мәжілісінде нұсқаушылар баяндама жасайды. Орал гу-берниясы халық ағарту бөлімінің нұсқаушысы Гадальшиннің баяндама-сында екі күрделі мәселе қозғалған. Біріншісі - Орал қаласында қазақ тұрғындары үшін халық ағартудың ерекше бөлімін құру, екіншісі - қазақ мектептері үшін бағдарлама жасау.

Гадальшиннің айтуынша, губерния бөлімі тек орыс тұрғындарына қызмет еткен. Сондықтан Орал губерниясы үшін ортақ халық ағарту бөлімін ұйымдастыру, қазақ мектептері үшін бағдарлама жасауды қолға алу сияқты мәселелерді қарау туралы қаулы қабылданған.

Келесі баяндамада Қостанай халық ағарту бөлімінің нашар жағдайы сөз болған. Осыған байланысты Халық ағарту комиссариаты Халық комиссарлары Кеңесіне Қостанай уезінің Қырғыз (қазақ) АССР-іне жақында қосылғанын ескертіп, Кеңес қорынан Қостанай ағарту бөліміне көмек үшін 45 миллион аудару керектігі» өтінтен. А. Байтұрсынов басшылығымен жоғары оқу орындарында оқушыларға берілетін стипендияны көбейту мәселесі көтеріліп, бұрынғы 100 степендияға қосымша қазақтар үшін әзірше 20 стипендияны қосу шешімі қабылданған.

1920 жылы, 22 қазанда Комиссариаттың алқа мәжілісінде мектеп, мектептен тыс және мектепке дейінгі бөлім нұсқаушыларының материалдық жағдайының жақсартылу, әсіресе оларды аяқ киіммен және мануфактурамен қамтамасыз ету және азық-түлік мәселесін жақсарту, оларға тұрғын үй бөлу мәселелері көтерілген.

Бұл мәселе алқа атынан Коренковқа тапсырылған. Қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсарту туралы, соның ішінде, қызметіне сай жалақы төлеу жөнінде бұйрық шығарылғаң. Комиссариат қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсарту жөнінде Қырғыз (қазақ) республикасы Халық Комиссарлары Кеңесіне ерекше баяндамамен кіру туралы мәселе қойылған.

Сонымен бірге І9-қазаннан бастап төмендегідей іс-шаралар жүргізу
жоспарланған:

Осыдан көріп отырғанымыздай, ағарту саласында ұлттық кадрлар жетіспеген. Сөйте тұра ағартушы әрі әдебиетші Ж. Аймауытовты орны-нан алуы большевиктердің алаш қайраткерлеріне сенбегенін айғақтаса керек.

Жинақ шығару комиссариаттардың басшы қызметкерлерінен тұратын жауапты комиссияға тапсырылады. Оның құрамына Халық ағарту комиссариатынан - Байтұрсынов, Статбюродан - Крутилина, Промбюродан - Покровский, Наркомпродтан - Саматов, Наркомземнан - Хорлов, Наркомюсттан - Әлібеков енеді. Сондай-ақ Халық ағарту комиссариатымен тығыз байланыста жұмыс жасауға Ә. Бөкейхановтың құқысы бар. Меңдешов және қырғыз (қазақ) әскери комитеті өкілдері қатыса алады, ал А. Байтұрсынов төралқаның алдында барлық жұмысқа жауапты деп көрсетіледі.

Республика халқына арнаған үндеуде Халық ағарту комиссариаты жа-нындағы аз ұлттардың ағарту бөлімі жинақ шығаруға қаулы қабылдады, ол аз ұлттардын ағарту бөлімінің қызметіне арналған, жинақта, негізінен, патша өкіметінің ұлттық саясаты, уакытша өкімет, ұлттық республика және ақ гвардияшылар өкіметі кезеңі, пролетариат диктатурасы мен ұлттық мәселелер көрсетіледі делінген. Соған қарағанда бұл таза тарихи жинақ болуы керек.

1920 жылдың 20-карашасында А. Байтұрсыновтың төрағалық етуімен алқа мәжілісі шақырылады. Оған қырпромбюродан Маневич Азық-түлік Халкомынан - Иоффе, Жер халкомынан - Сириус, кәсіби-техникалық білім беру бөлімінің менгерушісі - Борман және Кенжин, Бөкейханов қатысады. Онда 7-баптағы «өлкеде» сөзін, «КССР-да» деп өзгерту, ал «Қырғыз (қазақ) Ағарту комиссариатының алқасы арқылы» сөзін «Қырғыз (қазақ) Ағарту комиссариаты арқылы» деп өзгерту туралы шешім қабылданады.

Ағарту комиссариатының 15-16-қарашадағы өткен мәжілісінде Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің (БОАК) 1920 жылы 10-қазанда «Известияда» жарияланған қаулысы және Халық комиссарлары Кенесінің 8-қарашадағы мәжілісінің хаттамасы тыңдалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынов туралы
Кеңес өкіметіне қарсы саяси күштері
Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында - Қазан төңкерiсiнiң Қазақстанның қоғамдық саяси өмiрiне әсерi
Қазақ зиялыларының большевиктермен жүргізген келіссөзі
Алашорда үкіметі және мемлекеттік тіл саясаты
А.Байтұрсыновтың ағартушылық мұрасының зерттелу жайы
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі ( 1872 - 1937 жж. )
Алаш партиясының құрылуы туралы
Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz