Ұжымдық рефлекция



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1.Ұжымның түрлері және басқару мүшелері ... .5
2. Оқушылар ұжымын қалыптастыру жолдары..8
3. Оқушылар ұжымы және оның қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... .9
4. Оқушылардың өзін.өзі басқаруы, оның мақсаттары мен міндеттері..10
Қорытынды ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... .23
Ұжым (collectives –лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.
Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым – ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы.
Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.
Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.
Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы.
Профессионалды білім алу саласында ұжымдық бірлестік үшін маңызды ролді оқушыларға деген нақты талап жүйесі мен олардың жүріс – тұрысын иеленеді. Қоғамға пайдасы тиер азаматты тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп қойған педагог бірінші күннен бастап-ақ барлығына ортақ талап қоюуы тиіс. Бұл талаптардың қойылуы уақытына емес, әрбір педагогтың жалпы ұжымның үздіксіз әреккеті болуға тиіс. Егер оқушыларға мақсатқа бағытталған талапты ұжым емес бір ғана педагог ұсынса бұл нәтижесіз болмақ.
1. Аймауытов Ж .Тәрбиеге жетекші. Орынбор, 1924.
2. Аймауытов Ж. Сабақтың комплекстік жүйесі. Қызылорда, 1929.
3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы, 1980.
4. Алтынсарин тағылымы. ( Құрастырған М. Жармұхамедов ) Алматы, “ Жазушы ”, 1991.
5. Амонашвили Ж.А. Здрасвствуйте, дети! Москва “ Просвещение ”, 1983.
6. Антология педагогический мысли Казахстана. Алматы, “ Рауан ”, 1995.
7. Ахмедова Ж. Мектеп басқарудың кейбір мәселелері. Алматы, 1973.
8. Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1996.
9. Әлмаханова Х. Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1990.
10. Бабанский Ю.К. Педагогика. Москва, “ Просвещение ”, 1988.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1.Ұжымның түрлері және басқару мүшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Оқушылар ұжымын қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Оқушылар ұжымы және оның қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ...9
4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы, оның мақсаттары мен міндеттері..10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Кіріспе

Ұжым (collectives - лат. жинақтық) қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.
Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым - ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы.
Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.
Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.
Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы.
Профессионалды білім алу саласында ұжымдық бірлестік үшін маңызды ролді оқушыларға деген нақты талап жүйесі мен олардың жүріс - тұрысын иеленеді. Қоғамға пайдасы тиер азаматты тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп қойған педагог бірінші күннен бастап-ақ барлығына ортақ талап қоюуы тиіс. Бұл талаптардың қойылуы уақытына емес, әрбір педагогтың жалпы ұжымның үздіксіз әреккеті болуға тиіс. Егер оқушыларға мақсатқа бағытталған талапты ұжым емес бір ғана педагог ұсынса бұл нәтижесіз болмақ.
Оқушылар ұжымына деген жоғарғы талап - бұл тек қана олардың әрқайсысы үшін норма болып қалыптасуға тиісті ережелерді орындау ғана емес, осыған қажет шарттар да болып табылады. Осындай шарттардың бірі - педагогикалық ұжымның өзіндегі жоғарғы талап: педагогикалық жұмыскерлерге - админстрация, әр педагогты - жолдастарына, ал ең басты - өз -өзіне. Тек осылай ғана тәрбие жұмысында біріккен, ортақ, ұжымдық методиканы жасап шығаруға болады.
Біріккен талаптардың жүзеге асу маңыздылығы білім орындарының педагогикалық кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен педагогикалық талаптардың мағынасын түсіндіру, олардың мазмұнын нықтау мен әдістеменің және оның жүзеге асуын қадағалау олардың, яғни кеңестің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Әрбір педагог оқушылар ұжымына немесе оның бір мүшесіне қойылатын талаптардың нақтыланған, сарапталған болуы керектігін жақсы біледі. Ал оқушылар болса мұндай жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін өте жақсы білуі тиіс. Педагог оқушыдан не талап ету керектігін, ал оқушы өзіне қойылған талаптың қандай екенін түсінгенде ғана ұжымдағы талаптылық бекілген.
Ең мақсаты деп табылатын талаптар қатарына мыналар жатады:
- жалпы талаптар
- теориялық оқу сабағындағы оқушылардың өзін - өзі ұстауына қойылатын талаптар.
- шығармашылық оқудағы оқушыларға қойылатын талаптар.
- Жатаханадағы жүріс- тұрысына қойылатын талаптар.
Аталмыш талаптарды орындау оқушыларға оның мән-мағынасын, мазмұнын, жүйелік дайындығы мен бақылауын түсінуге көмектеседі. Түсіндіру немесе анықтау талаппен жүргізіліп отыру тиіс, оны алмастырудың қажеттігі жоқ . Талаптың міндеті орындалуын талап ете алатын және сол талаптарды категориялық формада ұсынып білетін оқытушылар мен шеберлер ғана мұндай біріккен, ортақ талаптардың орындалуына қол жеткізе алады.
Оқушының бұл талаптарды орындау маңыздылығы мен пеагогтың қатаң талабын түсіну өте қажет. Жүріс - тұрыс ережелерін орындау талабы оқушының бұйрығы түрінде де жүзеге асуы тиіс.
Қойылар талаптардың орындалуына оқушылардың еркін араласуы, яғни оқу орнындағы кезекшілік арқылы тәртіп сақтаулары да үлкен орынды иеленеді. Бұзылған тәртіп ережелері өз уақытында көңіл бөлінуі тиіс. Бірақ, бұл дифференциалды түрде, жүріс - тұрыс мотивтарын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жағдайда индивидуалды әдіс ең маңызды педагогикалық жағдайлардың бірі болмақ .
Барлық талаптарды орындау жұмыстары тек оларды жүйелі бақылауға алғанда ғана жүзеге асады. Бақылау әсері оның үнемі жүргізіліп отыруына байланысты әрі оқушылар шығарылған қорытындыларды біліп отыруы тиіс.
1.Ұжымның түрлері және басқару мүшелері

Кәсіптік мектептегі жұмыстар үшін ұжым және ұжым мүшелерінің құрылымы туралы хабардар болуы маңызды болмақ .
Алғаш ұжым - мұнда тәрбиеленушілер үнемі іскерлік және тұлғааралық өзара әсерде болады. Алғашқы ұжымның тұрақты және уақытша түрлері бар. Дамыту немесе жетілдіруге қатысты алғашқы ұжымды ұйымдасқан әр түрлі жетілдіру қызметтері (сыныптар, отрядтар, топтар); жетілдірудің бір ғана түріне негізделуі (кружоктар, клубтар, секциялар. т.б.); тұрғылықты жері бойынша оның немесе басқа түрлері негізінде ұйымдасқан жетілдіру іскерліктеріне ажыратуға болады. Жас ерекшеліктеріне қарай алғашқы ұжым құрамы бір жастағы адамдардан құралғандай, әр жастағы да болуы мүмкін.
Сәтті функцияланған оқушылар ұжымы оларды ортақ мақсаттарына қарай бағыттап отыратын ұжымның бас мүшелерін керек етеді. Ұжымның басты ұйымы жиналыс болып табылады. Оперативті тапсырмалардың орындалуы үшін староста және профорг сайланады. Топтың бас мүшелері осылар болады.
Старостаны жиналыста жақсы оқитын оқушылар қатарынан сайлап, оны оқу орнының директорының рұқсатымен бекітеді. Егер староста өзіне жүктелген қызметті дұрыс орындай алмаса, топ басқа старостаны талап ете алады. Староста оқу ісі меңгерушісінің басшылығында қызмет жасап, оған есеп беріп отырады.
Топ старостасы (топ жетекшісі): мұғалімдерге сабақ өткізуді дайындауға көмектесуге, оқушыларды ішкі тәртіпті сақтаумен қамтуға, тәртіп бұзылған жағдайды топ жиналысында мәлімдеуге, кезекшіні тағайындап, оның өз міндетін атқаруын қадағалауға, топы әр түрлі кружоктар мен спорттық секцияларға қызықтыруға міндетті болып табылады. Профоргпен бірге староста сынып оқушыларының тәрбиесі туралы жиналыс өткізеді.
Белсенді топтардың қарастыратын мәселелері төмендегілер: үлгерімді жоғарылату, нашар оқушыларға көмектесу, экзаменге дайындық, тәртіптің мықтылығы, мәдени шаралар жүргізу т.б.
Белсенді топтардың жұмыстары әр түрлі формада келеді. Олар: индивидуалды және топтық инструтаж, кеңесулер және тәжірибе алмасу семинарлары, т.б. Актив топтармен жүйелі түрде жұмыс жасау керек: индивидуалды кеңестерді активист жұмыстарын анализдеу; оның топтағы нақты тіркелген жағдайының тапсырмасын анықтау, кеңес рекомендацияларын белсенді қабылданғандығын тексеру , өзі үшін қандай қортыдылар жасады осыны барлығын тексеру. Топ кеңестерінде оқудағы қорытындылар, конференцияға дайындық,, шығармашылық қабілет мәселелері т.б. қаралады.
Белсенді ұйымдастыру - бұл тұтасқан, мықты оқушылар ұжымының ұйымдасуына алғашқы қадам болмақ .Мұндай ұжымдардың әрекеті тәрбиесіне де зор үлесін қосады. Сапалы білім мен тәрбие алудағы басты ролді оқушылардың өздері иеленуі тиіс. Ұжымның жұмысын оның мүшелері жауапкершілікті тек өздері үшін ғана емес жалпы ұжым үшін де сезінетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Ұжымды қалыптастыруда, ұжым мүшелеріне тапсырмалардың дұрыс бөлінуі де маңызды орын иеленеді. Әрбір оқушы өз тапсырмасын орындау барысында топ ісіне өз үлесін қосып отырады. Сондықтан,еңбек тәртібіне, жүріс-тұрыс мәдениетіне, еңбек қауіпсіздігіне дайын өнімді тапсыру мен ОТК - ға жауаптыларды тағайындау керек.
Ұжым уақытша, оқушылық, тәрбиелік бщлып бөлінеді.
Уақытша ұжым - шектеулі уақытта құрылып, берілгені уақыт көлемінде өз қызметн атқарып, өмір сүруін тоқтады.
Бұл ұжым өзінің уақытша екеніне қарамастан тұлғааралық қарым-қатынас пен уақытша ұжымдағы жұмыс істеу деңгейі жоғары болуы мүмкін. Бұл ойлары, қажеттіліктері бір жерден шыққан оқушылар мен оқытушылар тарапынан жүзеге асады.
Профессионалды оқу орнының ұжымы басқа ұжымдардан өзінің оқыту жұмыстарымен ерекшеленеді. Мұндай іскерліктің мақсаты тек қана білім алу емес, сондай-ақ қабілеттілік, кей жағдайда тіпті өнімі шығару болып табылады. Аталмыш ұжымға қатынас спецификацияся ондағы оқушылардың жас ерекшеліктерімен және педагогикалық емес ұжым құрылымымен анықталады. Топты басқару өндірістік оқытудың шебері және сынып жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.
Ұжым құрылымының нәтижесінің көрсеткішіне: ортақ пікір білдіру мен талпыныс таныту тұтастығы, мақсатқа жетудегі бірізділік және табандылық, іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және сақтап қалу шеберлігі жатады.
Тәрбиелік ұжым оның мүшелерінің өзін-өзі тануына, дамытуына зор үлес қосады.
Оқыту ұйымы басқа әлеуметтік ұйымдарда оқитындарға тәрбие әсерін ескере алмайда. Олардың ішінде әншілер, суретшілер, спортшылар т.б. маңызды орынды иеленеді.Ұйымдар өмір сүру уақытымен (уақытша және тұрақты) басқару формасымен
( формалды емес ұйымдар) , кәсіпкерлік мазмұнымен ( қоғамдық - политикалық, потриоттық, танымдық т.б.) классификацияланады. Мұндай шағын ұйымдар оқушылар мен мұғалімдердің бірігіп, жеке экономикалық мәселелерді шешіп отыру үшін құрған топтары. Бос уақытқа арналған ұйымдар оқушылардың сенімділігін , мәнерлі сөйлеуін, қабілеттерін, адамдармен қарым- қатынасын жасау мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі.

Ұжым дамуын басқару.
Оқу орнында педагог пен оқушы алдында тұрған тапсырмаларға барлық оқушы өзінің қатынасын сезінетін қалпын жасауы керек. Бұл жағдайда оқушылардың өз ұжымын басқару басты орынды иеленбек. Өзін басқарудың дамуы әлеуметтік қарым-қатынасты сезінуге көмектеседі.
Өзін- өзі басқаруды түсінудің жаңа әдісі оқушылардың әлеуметтік қалыптасу шарттарының пайда болуын болжайды. Ал бұл ұжымдағы күрделі мәселелерді шешуімен қамтамассыз етеді. Оқушылар осындай күрделі мәселелерді шешуге атсалысу барысында, өмірде кездесетін қиындықты төтеп бере алатын қасиетке ие болады. Басқарушылық проблемаларының шешімін табу позициясы олардың бірлескен іскерлікке деген қатынасына тәуелді болады.
Оқушылардың өзін -өзі басқару - қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін өздігінен жеке шешімдер қабылдауды дамытудағы оқушылар ұжымындағы ұйымның формасы. Өзін -өзі басқару ол оқушылардың таңдау мен алға қойылған мәселелерді өзі шешім қабылдайтын жағдайда ғана пайда болады. Сонымен ұжымның дамуы мен қалыптасуында шешім қабылдау ғана бастау болады.

2. Оқушылар ұжымын қалыптастыру жолдары

Ұжым дегеніміз - бір мақсат көздеген бірнеше адамнан құрылған топ.
Ұжымда жеке адамның жан-жақты дамуына жақсы жағдайлар жасалады.Бұл туралы А.С.Макаренко былай деген: Егер балалар ұжымының нағыз ұйымы болса, онда ғажайып нәрселер жасауға болады.
Нағыз топтасқан ұжымға мынадай сипаттар тән:
идеялық-нысаналық;
оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру;
оқушының өзара тығыз әрекет етуі;
жеке мүшелеріне жекелеген талаптар қою.
Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі:
дені таза;
қоғамдық пікір;
сенім;
жоғары талап.
Сондай оқушылар ұжымы толық қалыптасуы үшін оған:
игі дәстүр;
перспектива қою;
сергек көңіл-күй;
жоғары тәртіп орнату;
сын мен өзара сынды дамыту керек.
Мұндағы педагогтың міндеті - оқушылардың бір-бірімен араласуын
ұйымдастыру, олардың өзара дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.
Топта өз-өзінен шағын топтар (микроұжымдар) пайда болатыны аз емес. Мұнда Ө.О.Ш. сол шағын топтардың жұмысын орта мақсатқа бағыттау керек. Осы топтағы оқушылардың жалпы топтық, жалпы мектептік істерден тыс қалмауына ұмтылу керек. Ұжымның өсу және даму процесінде онда топ пен мектеп өмірінің маңызды мәселелері жөнінде немесе оқушылардың ісін бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады.
Топтасқан ұжым қоғам пікірінің ұшы мен әр оқушыға оның мінезі мен тәртібі мен игілікті әсер жасайды. Оқушылар жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін тыңдайды. Әрине қоғамдық пікірдің барлығы жақсы роль атқара бермейді. Мысалы, кейбір топ тәртіп бұзатындарды бүркемелейді, жасырады. Ұжым өз ішінде байсал сын, өзара сын оның мүшелерінің теріс қылықтары ұжым болып айыптау бар жағдайда ғана тәрбие берудің қуатты құралына айналады.

3. Оқушылар ұжымы және оның қалыптасу кезеңдері

Жеке тұлғаны, адамды өмірге, белгілі бір ұжым арқылы кәсіпке баулып қалыптастыру барысы - объективті қасиеттілік. Адам тұлғасын жан-жақты және үйлесімді дамыта отырып, оның қоғам алдындағы борышын орындау, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыру үшін оның бойында еңбек сүйгіштік, рухани, құқықтық, күш-қуаттың саналарды, өзіндік іс ерекеттерді жеке қасиеттері арқылы дамытып, тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын жүзеге асырады. Оқушыларды оқытудағы саналығы, тәрбиелілігі олардың белсенділігімен тығыз байланысты. Белсенділік танымдық іс - әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, бойындағы жеке ерекшелік қасиетгерін қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Саналылық пен белсеңділіктің демек, өзін - өзі басқара білудің ең жоғарғы керінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде, қоғамдық сұраныс қажет етіп отырған замана талабына лайық нәтижені пайдалана білуі болып отыр. Тәрбиелену және білімді игеру, кәсіби біліктілікті қалыптастыру барысында қоғамда белгіленген ережелерге окуыылардың өз тәртібін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады. Жаппай оқыту, тәрбиелеу жұмыстары оқушылар ұжымы және топтарға бөлу арқылы жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептерде оқупылар ұжымы жас ерекшеліктеріне қарай сыныпқа бөлінсе, кәсіптік білім беретін оку орындарында мамандық саласына қарай топтарға бөлінеді. Мұндай білім алушылар, тыңдаушылар ұжымын арнаулы және жоғарғы оқу орнында оқушылар я студенттер контингентті деп атайды.
Бұл әлеуметтік бірлік мына төмендегі жағдайларды жүзеге асырғанда ғана ұжымдық міндетін атқара алады.
1. Белгілі бір нәтижеге бағытталған мақсат пен іс-әрекет негізінде ұйымдасады.
2. Ұжым мен әрбір жеке адам арасындағы мақсаттың өзара үйлесімділігі.
3. Ұжым мен оның әрбір мүше арасындағы өзара жауапкершілік.
4. Барлық ұжым мүшелерінің өзара теңдігі мен өздері сайлап алған басшыларына бағыныштылығы.
5. Әрбір ұжым мүшелерінің жеке қасиеттерін дамыту алғышарттарының болуы.
6. Ұжымдык іс - әрекет қызметіне оның көпшілік бөлігінің канағаттануы.
7. Ұжымның барлық мүшелері бірігіп шығарған өнімінің теңдей бөлінуі.
8. Басқа ұжымдармен (оқу орны басшылық ұжымы, кәсіподақ, жастар ұйымы т.б.) өзара мақсатқа жұмылдырылған сыйластық қарым-қатынаста болуы.
9. Кәсіптік мектептің жалпы әкімшілік ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуы. Оның қалыптасу кезеңдері бар (сатылары).
Бірінші саты. Мұндай жағдайдағы талап негізінен оқушыларға тек педагогтер ғана қояды. Мұғалім педагогикалық талаптарға дұрыс жауап бере алатын, білімге қызығушылығы бар оқупылар мен оқу топтарын анықтай алады. Бұл оқушылар мен топтар келешекте белсенділік танытып, ұжым ұйытқысы болуы мүмкін. Егер олар тәртіпті болып, топта оқытушы мен шеберлер, кураторлар талаптары орындалатын болса, топтық белсенділері оларды қолдап, жақсы жетістіктерге жетер болса, онда бұл саты өз деңгейінде қала береді.
Екінші саты. Оқу тобының белсенділері педагогтердің талаптарын қолдап қана қоймай, қалған оқушыларды да өз қатарына тартып, жетелейтін болса, онда бұл ұжым ұйымдасқан барлық қажетті нәрселерді өздері шеше алатын өмірге бейім, жоғары мақсаттарға қол жеткізе алатын ұжым. Берік сенімге ие болуда өзін - өзі тәрбиелеу мен өз бетімен білім алып, ғылыми мақсатқа жетуде мүмкіндігі мол екендігін айқындайды.

4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы, оның мақсаттары мен міндеттері

Адам тұлғасының қайталанбас ерекшелігі, оның бүкіл адамзаттық құндылықтарды өндіру және жетілдіру қабілеті дамуының жоғары сатысында тұрғандығы.
Тіршілік иесі ретінде адам басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жалпы адамзаттық мәдениет мүраларын жасау түрлерін, тәсілдерін және құралдарын игере отырып қана өмір сүреді.
Жеке тұлға өз бетімен білім алуымен айналыса отырып, өзінің рухани, талғамдық және басқа да мәдени талап-тілектерін қанағатгандырады, өзінің бойындағы бар білімін толықтырады. Оқупының өмірмен белсенді үстамы - оның дүниетануды жалпы және кәсіптік білім алуды меңгерудегі күш-жігерінің, сенімдерінің туындысы.
Өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі басқара білу тұлғаның өмір шарттарымен және қоғамдық тәрбие ықпалымен пайда болатын құндылықтарына, әлеуметтік бағдарына, мүддесіне, мақсатына сәйкес өз саналарын жасауға, жетілдіруге немесе өзгертуге бағытталған іс - әрекет. Бұл адамның өзіндік тәрбиесінің, өз бетімен білім алудын, саяси кұқықтың, еңбектік, талғамдық, қуаттық жетілудің әрі объекті, әрі субъекті жасайтын бағыт.
Оқу, еңбек, қоғамдық пайдалы іс - әрекет барысында ұғынудың және өзін - өзі ұғыньш басқара білудің белгілі бір деңгейіне жетеміз, адам өзіне - өзі талдау жасау, байқау, бағалау қабілеті пайда болып дамиды, өзінің тұлғалық сапаларын қоғам талабы деңгейіне жеткізу қажеттігі ұғымылады, өзін - өзі жетілдіруге ұмтылыс туындайды. Өзін - өзі басқарудың ең маңызды әдістері өзін - өзі талдау, өзіне - өзі міндет арту, оның орындалуына сыни көзбен карап, жүйелі тексеру, байқау, өзіише пайымдау болып табылады. Қойылған мақсатқа жетуде мұндай тексеру, қиындықтарды саналы түрде жеңу, өз бойындағы кемшіліктерге төзбеу адамның еркін дыңдай түседі, өзін - өзі басқару, тәрбиелей білу мақсатын жүзеге асыруға көмектеседі. Өзін - өзі тәрбиелеу нәтижесі қоғам белгілеген ережелерге сай тұлғаны жетілдірудегі орнымен, кәсіпті игеру шеберлігімен тексеріледі. Жанұя, мектеп, жоғары арнаулы оқу орны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, ақпарат құралдары әрбір жеке тұлғаның өзін - өзі жетілдіру ұмтылысын туғызуы қажет, өйткені қоғамдық тәрбие мен адамдардаң өзін - өзі тәрбиелеуі мен басқаруының өзара үйлесім табуы ең жоғаріи нәтижеге жетуге кепіл бола алады. Қазіргі жағдайда еліміз әдемдік өркениетке еніп коғамды демократияландыру процесінің кең құралын жая бастаған кезде, жас ұрпак бойына ізгілік белгілерін қалыптастырып, жаңа өмірге бейімдеу қажеттігі туындап отыр. Тіпті кейінгі уақытта билік тармақтарының кіші бөлігі - жергілікті өзін-өзі басқару органы атты құрылымдар пайда болып, өз жемісін бере бастады. Ал, жоғары және арнаулы оку орындарында оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істеудс орнылардың өзін - өзі басқаруының басты мақсаты оларды еңбек ұжымдарын түрлі қоғамдық ұйымдар мен құрылымдарда басқаруға үйрету, ең сонында - мемлекетті, елді басқара білу қабілетіи жетілдіру болып табылады. Оның негізгі міндеттері мыналар:
- ұжымдық өзін - өзі басқаруда оқушыларда дағды мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның даму ұғымы
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс
Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі
Білім беру кеңістігіндегі педагог тұлғасы
Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі дамыту
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап
Дамыта оқытудың тиімділігі
Жоғары мектепте оқытудың ерекшеліктері және дамыта оқытудың тиімділігі
Педагог - тәрбиеші
Дамыта оқытудың мәселелері
Пәндер