Өтпелі кезеңдегі және бүгінгі таңдағы газет полемикасының басты тақырыптары мен көтерген мәселелері


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

І Тарау

Полемика және оның теориялық сипаты . . . 6-23

ІІ Тарау

Ұлт мүддесімен өрнектелген полемика . . . 24-57

ІІІ Тарау

Қазақ баспасөзі полемикасы мен түрік баспасөзі

полемикасының ұқсастықтары мен ерекшеліктері . . . 58-71

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72-75

Сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер . . . 76-79

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі: Полемика бүгінгі таңда зерттелуге сұранып тұрған ең өзекті тақырыптардың бірі. С. И. Ожеговтың сөздігінде полемикаға «полемика - спор при обсуждений, выяснении каких-либо проблем, вопросов»[1], -деген анықтама беріледі. Яғни полемика қоғамдағы белгілі бір проблемалар мен туындаған сұрақтар төңірегіндегі талас-тартыс, дау-дамай, мәселені шешудегі, анықтаудағы қарама қарсы пікірлердің тоғысуы.

Жалпы қоғам бар жерде дау-дамай да, пікірталас та болады. Бұл өмірдің заңы. Тіпті өсудің, дамудың заңы.

Пікірталас - ауызға келгенді айта беру, айтқыза беру емес, негізгі ұсынылған тақырыпты, мәселені айқындауға қажетті ой-пікірді білдіруді мақсат етеді. Алаштың білімдар тұлғаларының бірі А. Байтұрсынұлы: «Талас-тартыс - табиғаттың негізгі заңы. Тілеусіз, мақсатсыз адам болмаған соң, талассыз тартыссыз да адам жоқ» [2], -дейді. Қазақ баспасөзіндегі алғашқы айбынды полемика ХХ ғасырдың бас кезеңдерінде өріс алып, Алаш және Алашорда зиялыларының арасында «Сары арқа », «Қазақ»газеттері арасында саяси мәселелер төңірегінде өрбіп, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы үлкен дауға ұласқан. Қазақ баспасөзі тарихындағы және қазіргі қоғамдағы полемика қоғамның өзекті мәселелерін сөз етіп, өздерінің өткір сындары арқылы, қарама-қарсы ой-пікірлері мен көзқарастары негізінде хат жазысып, қоғамның шынайы бет-пердесін ашуға, ақиқатты тануға талпынған. Қазақтың көзі қарақты публицистерінің тың ойларынан бастау алған полемика бүгінгі тәуелсіз ел баспасөзінде жаңаша сипаттармен нақышталып, публицистиканың жаңа қырларын ашуда, қаламгерлердің шеберлігін шыңдауда, баспасөздің оқырманмен байланысын жетілдіруде елеулі рөл атқарып отыр. Қазақ баспасөзіндегі полемика ертеректе қалыптасқанымен, жанрлық, теориялық тұрғыдан жете талданбаған. Менің диплом жұмысының өзектілігі де осы тың тақырыпқа терең бойлай отырып, газет бетіндегі полемиканың қоғам өміріндегі маңызын ашып көрсетуде және ғылыми-теориялық сипаттарын айқындауда ғылымға жақындатудағы талпыныста жатыр.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі: Диплом жұмысын жазу барысында қазақ баспасөзінің туу тарихынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі газет-журналдардағы материалдар жинақталып, газет полемикасына қатысты дүниелер топтастырылды. Сондай-ақ, түрік тіліндегі газет-журналдарды, интернет материалдарын кеңінен пайдаланылды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті: Диплом жұмысының мақсаты өтпелі кезеңдегі және бүгінгі таңдағы газет полемикасының басты тақырыптары мен көтерген мәселелерін анықтау, талдау және салыстыру.

Полемиканың жанрлық белгілерін ажыратып, қазақша атау беру арқылы қазақ ғылымына енуіне жол ашу. Полемиканың халықтың ой-санасын көтерудегі, қоғамдық пікір қалыптастырудағы маңыздылығын түсіндіру.

Диплом жұмысының әдістемесі: Жалпы полемика соның ішінде газет бетіндегі полемика практикалық тұрғыда қолданылғанымен, теориялық- ғылыми айналымға еніп, әдістемелік жолы толық енгізілмеген. Диплом жұмысымның әдістемелік зерттеу обьектісі интернет материалдарындағы полемиканың қызметін, мақсаттары мен міндеттерін, негізгі қағидаларын зерттеу, жекелеген ғалымдардың еңбектерін ақтарумен шектелді.

Диплом жұмысының практикалық маңызы: Диплом жұмысының практикалық маңызы келешекте полемика тұрғысында студенттердің ұғым түсінік аясын кеңейте түсуге септігін тигізіп, зерттеу нысанына айнала беретіндігінде жатыр деп есептеген жөн.

Диплом жұмысының жаңалығы: Диплом жұмысын жазу барысында қазақ баспасөзіндегі полемика мен түрік баспасөзінің полемикасын салыстыру арқылы оның ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды. Сондай-ақ полемикаға берілген «қақпайласу», «қарымталасу», «публицистикалық айтыс», «шешендік өнер» секілді қазақша атауларды салыстырыла отырып, зерттеуші өз көзқарасын айқындайды. Дипломшы полемикааның журналистика саласындағы жанрлық белгісін айқындауға алғаш рет талпыныс жасайды.

Диплом жұмысының сыннан өтуі: Диплом жұмысын алдын-ала қорғау кезінде дайындық 45 пайыздық есеппен бағаланды. Бірнеше ұсыныс-пікірлер айтылып, ақыл-кеңестер берілді.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысының құрылымы үш тараудан тұрады. «Полемика және оның теориялық сипаты» атты алғашқы тарауда полемиканың шығу тегі, публицистикамен байланысы, мақсат-міндеттері, принциптері мен қызметтері туралы баяндалады. «Ұлт мүддесімен өрнектелген полемика » деп аталатын екінші тарауда полемикаға практикалық бағдар беріледі. «Қазақ баспасөзіндегі полемика мен түрік баспасөзіндегі полемиканың ұқсастықтары мен айырмашылықтары» атты үшінші тарауда қазақ газеттеріндегі полемика мен түрік баспасөзіндегі полемика салыстырылады. Ал жұмыстың түйінінде ғылыми зерттеу қорытындылары дәйектеледі.

І Тарау

Полемика және оның теориялық сипаты

Кез-келген кеңес дәуіріндегі болмаса бүгінгі таңдағы энциклопедиядан немесе ғылыми жинақтардан полемиканың жанр ретіндегі жалпы ұғымын табу өте қиын. Қазіргі кезде интернет сайттарында, газет-журнал беттерінде кездесіп қалатын публицистикалық айтыстың рөлі мен қоғамдағы орны енді ғана маңызға ие болып келеді. Бұған қарап полемика бұрын болмаған, енді ғана қалыптасып келе жатқан жанр деп ойлауға болмайды. Полемика жанр емес, публицистиканың белгілі бір саласы ретінде ғана қарастырылып келген. Ал полемика қазіргі кезеңде заман тудырған жаңа жанрлар топтамасына кіреді.

Полемиканың тереңіне үңілу үшін алдымен публицистикалық қыр-сырын анықтап алғанымыз жөн.

Жалпы публицистика дегеніміз - латын тілінен аударғанда (publicus) қоғамдық деген мағынаны білдіреді. Әдебиет және журналистика салаларының бір түрі. Қоғамдағы актуальды, саяси, экономикалық, әдеби, философиялық тағы да басқа проблемаларды қарастырады. Публицистиканың мақсаты қоғамдағы соның ішінде жаңа қоғамдағы пікірге, мінез-құлыққа, өмір сүріп жатқан саяси институттарға әсер ету.

Публицистика әрқашан да (ашық және жасырын) саяси, наным-сенімдік немесе философиялық күрес.

Публицистикалық стиль біржақтылығымен, полемикалылығымен, қызуқандылығымен ерекшеленеді. Оған интонация, шешендік өнер тән.

Публицистика газет-журналдың барлық жанрында (мақала, фельетон, памфлет, эссе, очерк, ашық хат т. б. ) қолданылады. Сондай-ақ әдебиет, кино, театр, телевидение жанрларында да өзіндік орны бар.

Публицистикаға былайша баға беріледі: «Дамыған публицистика әрқашан да өмір шындығын туғызуға тырысты. Қоғамдағы жаңа өзгерістерге оң баға беріп отырды және әділ шешімдерге барып, қоғамның шынайы бет пердесін танытты». [3]

Публицистиканың көпқырлы салаларына мыналар жатады: оқиғалық-ақпараттық, позитивтік-аналтитикалық, сыни-аналитикалық, полемикалық, дискуссиялық публицистика.

Осыдан келіп біз полемика публицистиканың бір саласы екенін анықтадық. Яғни публицистикаға тән нәрселер полемикаға да тән.

Ал полемиканың басты ерекшелігі диалогтық немесе монологтық әдіс арқылы, өзара пікір алысу, сондай-ақ айтыс-тартысқа түсе отырып шынайы шындықта анықтау.

Сонымен, Бекжігіт Сердәлінің «Ұлт журналистикасының ұлықпаны» атты кітабында полемикаға мынадай анықтама беріледі: «Полемика(қақпайласу немесе қайымдасу) дегеніміз - идеялық пікір алысудың қажетті компоненті, бір-біріне қарама-қайшы немесе әртүрлі көзқарастарды салыстыру және олардың ақиқат екенін немесе жалған екенін айқындау әдісі». [4]

Ендігі жерде, публицистикалық айтыс яғни полемиканың баспасөздегі рөлі қандай? Ол жайында Байжанов былай дейді: «Кезінде кеңес баспасөзі де өзінің бүкіл тарихында осы публицистикалық айтыс дәстүрін сақтай келіп, еліміздің әр кезеңдегі талай актуальді, саяси, экономикалық және адамгершілік проблемаларын қалың оқырман қауым талқысына салып отырды». [5]

Халықтың қалың бұқарасының интеллектуалдық қабілеті мен ойлау жүйесінің диалогтық мәдениетін жетілдіру, қоғамның өзін-өзі басқаруын дамытудың басты шартына, кешіктіруге болмайтын әлеуметтік міндетіне айналған тұста баспасөздегі айтыс проблематикасы кең тынысты демократиялық процесс болып табылады. Бұл процесс публицистикалық айтыстың мазмұны мен формаларына сан алуан сапалық өзгерістер енгізеді. Қазір айтыс арқылы газет көтерген проблемалардың ауқымы әлдеқайда кеңейе түсті.

Мұндай айтыстың түпкі мақсаты тікелей ұйымдық мәселелерді жетілдіруде ғана емес, қалыптасқан таптаурын пікірлерді күйретуге, санадағы психологиядағы, адам мінезіндегі өзгерістерді орнықтыруға ықпал жасау екенін журналистің ұмытпағаны жөн. Елімізде қалыптасып келе жатқан моральдық, адамгершілік ахуал саналуан әлеуметтік өзгерістер қалың бұқараның орасан зор белсенділігін туғызып, мерзімді баспасөзде күрделі тақырыптарды тереңнен топтайтын публицистикалық айтыстарға жол ашты. Солардың біразы бүгінгі күннің мәселелерін батыл көрсетіп, жұртшылыққа терең ой тастады.

Газеттегі айтысқа әзірлік кезінде ең алдымен талқыланатын мәселені белгілеп, егжей-тегжей басын ашып саралаған жөн. Тақырыптың көптігі бұлдырлығы, мәселені бәрін бірден қамтуға тырысу басты проблемадан аулақтатып, айтысты бөлектеп жібереді, оны серпінді ізденістерден айырады.

Айтыс бетімен кетпеу үшін әзірлік барысында оған шамамен болса да басқару бағытын (қисынын) күні бұрын мұқият белгілеп алған дұрыс, әйтпесе В. И. Лениннің «Таластар мен күрестердің екі тәсілі» мақаласында ескертілгендей: «Салғыласқан жан-жалға, өсек-аяңға және ұрыс-керіске айналып кететін таластар да болады». [5, 89] Содан сақ болған жөн. Айтыс объектісін (проблемада қаралатын мекемелерді, географиялық аймақтарды, салаларды т. б. ) әңгімеге тартылатын авторлар құрамын мұқият, таңдаудың қажеттігі осыдан тұрады. Әзірлік жұмысын мұқият жүргізудің түрлі жолдары бар.

Мысалы, проблеманың бағытын белгілеуге мүмкіндік беретін анкеталық сұрақтар тарату тиімді. Бұған дейін кездескен тәжірибелерді ескерсек, әзірлікті үш кезеңге бөлуге болады. Олардың әрқайсысының белгілі міндеті бар, бірақ бұл кезеңдер арасында айқын шекара болмайды, көбінесе біріне-бірі ұласып жатады. Мәселен, бастау кезеңінің мақсаты - проблема қою, талқылаанатын мәселенің ауқымын белгілеу, жұртшылықтың назарын аударып, әңгімеге тарту.

Біз жоғарыда газет айтысының ортақ проблемалары мен құбылыстарына байланысты қоғамдық пікірді топтап тиісті көзқарас қалыптастыру, әлемдік практикада өзгерістерге жету сияқты белсенділігі туралы айттық.

Осы жағдайда зерттеушілік тұрғыдан келсек, баспасөз қызметкерлеріне ой саларлықтай кейбір тұжырымдар жасауға болады. Сол қоғамдық белсенділікке енді танымдық функциялар қосылды.

Ойың біріншісі: мәселені дұрыс қоя білу: айтыс қоғамдық сананың назарын, өмір шындығының проблемалық жайларына, аудара алады ма? Айтысты қажетті арнада жүргізу өнерін жетік игерген журналист тақырыптың батыл беталысына қарай айтылатын ойларды салыстыра отырып кейбір талас туғызатын пікірлерге баса назар аударады. Әңгіменің барысына дер кезінде ойлы түсінік береді.

Екінші функция - талдау (зерттеу) : айтыста ой толғау процестерінде әңгімеге арқау болған басты мәселедегі қайшылықтың мәнін ашу. Осы тұста тапқырлықпен қатар шындық керек.

Журналистер көбінесе объективтік талқылаудың осы жеке сипаттарын дәйім айқын аңғара бермейді. Шынында да мұны толық жүзеге асырмай тұрып насихатпен ұйымдастыру саласында мақсатқа жету мүмкін емес.

Ұзақ мерзімді аяқтау кезеңінің мақсаты - пікірлерді жинақтап тұжырымдарды қорыту. Талқылау барысын балқылаған оқырмандар осыған назар аударып, редактордың пікірлерін, нақты тұжырымдарын күтеді. Айтыстың жай басылып қалуы жұртшылық арасында келеңсіз пікір туғызуы кәдік. Қорытындысында, мақаланың авторлары төреші іспетті. Өйткені оппоненттердің айтқан пікірлері шындықты іздеудегі коллективтік күш жігердің жемісі. Қорытынды мақала ретінде көбінесе оқырман хаттарына шолу ұсынылады.

Қазір баспасөздегі публицистикалық айтыстың бір түрі ретінде «дөңгелек стөл» мәжілісі жиі қолданылып жүр. Көбінесе бұл мәжілістердегі әңгіме бір мақаламен бітеді. Оның ұзақ мерзімді айтыстардан айырмашылығы осында.

Біз қарастырып отырған публицистиканың эпистолярлық жанры әлі де толық зерттелмеген сала.

Бүгінде оған мынадай анықтамалар беріліп келеді.

Бірі полемика шындық жолындағы айтыс-тартыс процесі десе, бірі: «Полемика яғни публицистік қайымдасу - баспасөз бетінде хат түрінде көрінетін екі публицистің бір-біріне деген қоғамдағы түрлі қайшылықтарға деген күйінішін білдіретін ел мүддесін, қоғам мүддесін кезектегі хат арқылы жеткізетін көркем-публицистикалық жанр. Оның міндеті - бүкіл қоғам қайшылықтарынан туындап отырған келелі мәселелер жөнінде ой қозғап, қоғамдық пікір туғызып, оны нақты фактілермен деректермен дәлелдеу» [4, 85], - дейді. Екі анықтаманың айырмашылығы бірі диалогтық әдіспен жүзеге асса, екіншісі тек хат түрінде болады деп жорамалдауында жатыр.

Полемикалық жанрға тән негізгі белгілері былайша сипатталады:

Біріншіден: публицистік қайымдасу ойды жалпыдан жалқыға қарай өрбітеді. Онда сірескен цифр жадағай дәлелдемелерден гөрі, авторлық толғаныс, авторлық пікір басым болады. Талас тудырар пікірлер молынан кездеседі. Әр айтылған ой нақты тұжырымдармен дәйектеледі.

Екіншіден, әлдебір субъектіге бағытталған хат түрінде жазылады. Баяндау тәсілі талдамалық сипат алғанымен, өткір публицистік сарын, жинақты ой, нақты тұжырымдармен, топшылаулармен астасып жатады.

Үшіншіден, ол - оқиғалық фактінің шындықтың жанры. Өмірден алынған нақты оқиғалар, құбылыстар жайлы пікір қозғап, сол туралы оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Төртіншіден, лирикалық субъективтілік тән яғни, публицист өзінің жан айқайын, сенім-сезімін, ішкі жан дүниесін бүкпесіз аңғартып отырады.

Бесіншіден, тақырып аясы өте кең. Белгілі бір тақырыпты ғана айналшықтап жүріп алмай, қоғам жүгін көтерер түрлі ауқымдағы мәселелерді сөз ете береді.

Алтыншыдан, оперативтілігі, заманмен ілесіп отыратыны. Баяндау барысында өткен жайларды қозғап, суреттеу, елестету әдістерін қолданғанымен, бүгінгі жайды бүгін айтқанды мақұл көреді.

Публицистік қайымдасуда публицстикалық пафос, авторлық толғаныс, тебіреніс басым. Бірақ онда қара басының қамын ойлап, қарсыласын қайтсем сүріндіремін деген жалаң мақсат жат.

Тақырыпты талдау үстінде автор көркем әдебиеттік, сатиралық және көркем-публицистік элементтерге жиі жүгінеді.

Полемика публицистік жанрмен қоса газет жанрлары мен сын жанрларының элементтері жақын. Мысалы талдамалы жанрлар ішінде коореспонденция, баспасөзге шолу, мақала элементтері, сын жанрларынан помфлет, сатира, ирония элементтері де кездесіп жатады.

Бұл сипаттар полемикадағы нақтылыққа, дәлділікке, тапқырлыққа, өткірлікке жауап бере алады.

Сипатына қарай жіктегенде полемика тіке және жанама болып 2-ге бөлінеді. Екеуі де диалогтық және монологтық формада кездеседі.

Диалогтық полемикаға бірнеше адам қатыса алады. Ол сұхбат түрінде де болады. Мұнда полемикаға түсуші адам ниеттесін немесе қарсыласын әңгімеге тартып, сұрақ қойып қана қоймай өз пікірін де білдіріп отырады, немесе бұл бірнеше маман қатысқан әңгіме түрінде де өрбуі мүмкін.

Полемиканы 2 түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: «Достық рәуіште пікір таластыруды мақсат ететін публицистік қайымдасу және ашық айтысқа негізделген публицситік қайымдасу». [4. 87]

Ашық айтысқа негізделген қайымдасу көзқарастары бір-біріне сәйкес келмейтін топтар немесе жеке тұлғалар арасында өтсе, достық рәуішті пікір таластыруды мақсат еткен қайымдасу қоғам қайшылықтарын екеуара сөз ете отырып, одан шығу жолдарын бірлесе іздеуді көздейді.

Алғашқы жағдайда полемика таза академиялық пікірталастан, сөз жарысынан гөрі, жеке мүддені қорғаған айтыс-тартысқа көбірек ұқсайтын болса, келесісінде мәселелер, әлеуметтік проблемалар кеңірек сөз болады.

«Публицистиканың үлгілері сан алуан десек те, оны Элистратова: «Оқиғалы-ақпаратты, талдамалы, сатиралық, полемикалық және пікірталастық»[6] - деп түрлерге бөледі. Осыған қарап, публицистік қайымдасуды әлдебір қатып қалған қағидалармен, ережелермен, әдіс-тәсілдермен жүйелеудің өзі негізсіз. Ол түптің түбінде идеялық көзқарастар арқылы ақиқатқа жетудің құралына айналатын болғандықтан барған сайын мазмұнмен байып, жаңа жанрлық сипаттарға ие бола бермек.

Ешбір полемика аргументтер мен дәлелдер келтірілген тартыссыз өтпейді. Пікірталасу кезінде түрлі ой тұжырымдары және ауызша түрдегі қарсыласулар алмасып отырады.

Осылайша оппоненттер яғни қарсы пікір айтушы адамдар (мен және сен оппоненті) негізін қалау мен талқылау лексикасы полемиканы құрайтын негізгі бөліктері болып табылады.

Полемика кезінде ережелерді сақтау және арбитрлардың яғни қазылардың (сот арқылы шешуге жатпайтын арнайы құрылған қазы) қатысуы қалауынша белгілі бір дәрежеде қажет. Бұлардың болуы немесе болмауы полемика түрлерін топтауға септігін тигізеді: 1) регламенттік полемика (белгілі бір ережеге бағытталған полемика) . 2) хаостық (яғни былыққан, бұл жерде ереже сақталынбайды) . 3) публикалық (ашықтан-ашық өткізілетін және үшінші бір жақтың қатыса алатын түрі) . 4) кулуарлық (ресми емес түрде өткізіледі, бұл жерде барлық қатысушылардың өз ойын білдіруге құқығы бар болады) .

Қатысушылар тек қана көпшілік емес, тағы да арбитрлардың қатысуы көрінсе, онда полемиканың мұндай түрі арбитраждық деп аталады.

Енді полемиканың тақырыбына назар аударсақ. Жалпы полемика арнайы бір тақырыпсыз өте алады ма? Әрине, өте алады.

Осы мәселеге толыққанды қол жеткізу үшін полемиканың тақырыбына анықтама беріледі: «Полемика тақырыбы дегеніміз ол диалог кезінде серіктестердің жақтай алатын тезистерінің жүйесі». [7] Көп жағдайда пікір-таласқа түскен қарсыластардың нақты ұсталған позициясы, болжамы болмайды. Тек қана сол мәселеге қатысу себебін, нені дәледегісі келіп отырғандығын, былайша айтқанда өзінің айтқан позициясын бұлыңғыр түрде ғана түсініп, көре алады.

Кей жағдайда қарсыластар диалогтарының қорытындысында алуан түрлі пікірге келіп тоқтауы мүмкін. Мысалы: кейбіреулер Х фильмін жақсы бағалап жақтап жатса, екінші біреулер оны көңілге қонымсыз деп даттауы мүмкін. Жақтаушылар оны жастар арасында танымал және қоюшы режиссер кәсіпқой екенін атап өтсе, даттаушылар оны көруге тұрарлық нәрсе емес деп теріс пікірін білдіріп жатады. Бұл жерде қызу әңгіме жүре беруі мүмкін, бірақ нақты бағытталған тақырып қойылмайды, өйткені бұл жерде тезистер жүйесі көрсетілмеген.

Ежелгі гректер белгілі бір мақсатқа бағытталған ортақ тақырыбы жоқ пікір-таласты логомахия деп атаған (логомахияны да полемиканың маңызды бір түріне жатқызуға болады)

Керісінше, логомахияға қарама-қарсы ұғым тақырыптық полемика болып табылады. Тақырыптық полемика ішінара ғылыми, философиялық, саяси, діни болып бөлінеді.

Полемиканың өзіне тән мақсаты мен міндеттері қарастырылған.

  • Жұмысқа кедергі болатын ала-құлалық, терминдердің шешімін таппау.
  • Дәлелдердің анықсыздығына шек қою, ақпараттардың жеткілікті болуы, негізгі аргументтерді қолдану мүмкіндігі.
  • Проблеманы шынайы қабылдау және оған деген сұранысты иелену.
  • Қарсылықтан туындаған дұрыс шешім ойша қорытулар мен шешімдерге күдікпен қарау.

Осылардың бәрі полемика тудырушы құбылыстар. Полемиканың мақсаты да оның әрбір құрылым элементіне байланысты.

Полемика терминологиялық ақпаратты ретке келтіру мақсатында жүргізіледі.

  • дәлелдерді анықтау үшін осы жұмысқа жарамдыларын растау немесе керісінше келтірілген тезистердің жалған екенін білдіру: дәлелдердің жеткілікті болу дәрежесін қадағалау,
  • полемика ой қорытындысын құру үшін қолданылады және оның логикалық әдептілігі үшін, мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы сипаттау мақсатымен құрылған ой қорытындысын тастау, яғни софизмге бармау.
  • Полемика мақсаты - шындыққа қол жеткізу.

Ертедегілер жоғарғы философиялық өнер полемика арқылы және сөйлесу арқылы шындықты табу деп түсінген. Тартыс кезінде шындықтың туатыны да сондықтан.

Сол үшін айтысу едәуір тиімді, ал философиялық өнер жасау бәрінен де жоғары. Әрқашан, әркімнің қолынан келе бермейді.

Полемиканың мақсаты мен міндеті оның әрбір құрылымы үшін бірізді және ол қандай қабатқа тиесілі болса да.

Полемиканың тұлғалық мақсаттары мен міндеттері былай құрылған.

Полемикадағы Мен үшін:

  • тартысқа түсуге деген ішкі сұраныс, төзуге, үндемей қалуға мүмкіндіктің жоқтығы: өзіңнің полемикалық мүмкіндігіңді сынауға деген сұраныс, тапқырлығыңмен таң қалдыру, жылдам интеллектуалдық реакцияға, өткірлікке, тапқырлыққа жаттығу, өзіңше айту.

Полемикадағы Мен үшін:

  • келіспеушіліктердің көрінуі, қарым-қатынаста ортақ қорытындыға келу мұқтаждығы, сендіру ниеті, қайта өзіңді-өзің сендіру, өз пікіріңді білдіру, біреуді өзіңе жақтас етіп шығару «ауызба-ауыз» шабуылда жеңіп шығу. Өкінішке орай осы қаситтерге тағы да басқа даңғазалық мақсат қосуға болады, яғни олар адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, оны төмендету, таптау, сөз жүзінде құрту.
  • Мұндай қасиеттердің қатысуымен өтетін пікірталастардың да жиі болатынын атап кетуге болады.

Аудитория үшін:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Полемика және оның теориялық сипаты
Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттелуін қарастыру
Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамытудағы газеттердің рөлі
Қазақ газетінің зерттелуі
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық - саяси қызметі
Алтынбек Сәрсенбайұлы - публицист
Қазақстанды ілгерілету жолындағы билік пен баспасөздің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz