Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер, олардың сан алуандылығы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Жаратылыстану факультеті

Биология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер, олардың сан алуандылығы.

Қабылдаған:Толбаев Н.

Орындаған:Утепбергенова Ш.

Тобы:ЖБЛ-016.

Түркістан-2012

Мазмұны:

Кіріспе . . . . . . . . . 3

1-тарау. Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы5

1. 1. Сүт қоректілердің дене құрылысына жалпы шолу 7

2-тарау. Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер8

2. 1. Бунақденеқоректілер отряды-INCECTIVORA 8

2. 2. Қолқанаттылар отряды-CHIROPTERA. Азия жалпаққұлақты жарқанаты (лат. Barbastella leucomelas) . 8

2. 3. Кемірушілер отряды-RODENTIA. Жайра тұқымдасы(Hystrіcіdae) Үнді жайрасы(H. іndіca) . . . 11

2. 4. Қоянтектестер отряды. . 14

3-тарау. Жыртқыштар отряды-CARNIVORA15

3. 1. Аю тұқымдастары. Тянь-Шань қоңыр аюы (лат. Ursus arctos isabellinus) . 15

3. 2. Мысық тұқымдастары. Барыс (лат. Uncia uncia) 20

3. 3. Сусар тұқымдастары(MUSTELIDAE) . Тас сусары (лат. Martes foina) 23

4-тарау. Жұптұяқтыларотряды(AKTIODACTULA) 26

4. 1. Күйіс қайтармайтындар (МОNRUMINANТІА) 26

4. 2. Күйіс қайтарушылар отряд тармағы-(RUMINANTIA) 30

5-тарау. Тақтұяқтылар отряды(PERISSODACTYA) 31

5. 1. Жылқы тұқымдасы(Equidae) Керқұлан(лат. Equus heminonus) 31

6-тарау. Сүт қоректілердің экономикалық маңызы33

Қорытынды 37

Пайдаланылған әдебиеттер38

Қосымша39

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Ұзақ уақыттан бері Оңтүстік Қазақстан аумағында көптеген сүтқоректі жануарлар мекен етіуде, зерттеулар барысында олардың түрлі табиғи орта жағдайына жақсы бейімделгендігі, сондай-ақ олардың жер шарында кеңінен таралғандығы белгілі болды. Сүтқоректілердің көптеген түрлері Қазақстан территориясының әр аймақтарында, әсіресе Оңтүстік Қазақстанда көп кездеседі. Ал осы аймақта кейбір сүтқоректілер белгілі бір жағдайларға байланысты саны жағынан азайып, жойылып баруда. Бұл жағдайларды болдырмау мақсатында Оңтүстік Қазақстанда қорықтар мен саябақтар ұйымдастырылған. Оларға: Ақсу-Жабағылы, Алматы жәнеҚаратау қорығы, сондай-ақ Алтынемел ұлтық саябағы, Шымкенттегі хайуанаттар саябағы жатады. Бұл қорықтар мен саябақтарда бір-біріне ұқсамайтын көптеген сүтқоректілер тіршілік етуде. Бұл қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Кез-келген мемлекеттің ең басты ұлттық байлығының, дәулетінің, іргетасының бірі оның табиғи қорлары, табиғат байлығы. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік-Қазақстан облысында орналасқан, ол 1926 жылы құрылды. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы.

Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Жануарлардан мұнда елік, карақұйрык, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т. б. жануарлар кездеседі. Онда таутеке, ілбіс, суыр, шақылдақтар, бауырымен жорғалаушылардан алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, қосмекенділерден жасыл құрбақа және көлбақа, ал құстардан гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, ұлар, кезеген торғай, шауқарға, қозықұмайлар мекендейді. Қорыктың аумағында құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, қосмекенділердің 2 түрін, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, түркістан сілеусіні, жыртқыштарданілбіс, ала мысық, барыс, борсық.

Ал Алматы қорығы Алматы облысында орналасқан, ол 1931 жылы ұйымдастырылды. Аумағы 71, 7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. . Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь- Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда корықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды.

Қаратау қорығы Оңтүстік-Қазақстан облыснда 2004 жылы құрылды. Қорықта жануарлар дүниесінен омырткалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь- шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген. Сүтқоректілердің қорғау

Соңғы кездерде халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты қоршаған ортаға төнген экологиялық апаттар жан-жануарлар дүниесінің азаюына, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әсер етуде. Республикада сүтқоректілердің 40-тан астам түрі қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”, ал соның ішінде жұпартышқан, қызыл қасқыр, қабылан, қарақал, барыс, құлан, Мензбир суыры Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Зоология ғылымының сүтқоректілерді зерттейтін саласын териологиядеп атайды

Курстық жұмыстың мақсаты: Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысымен, экологиялық топтарымен, класс тармақтарымен, басқа жануарлармен айырмашылықтарымен, қорғау шараларымен шаруашылықта маңыздылығымен танысу. Оңтүстік Қазақстанда тіршілік ететін сүтқоректілермен танысу.

1-тарау. Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы.

СҮТҚОРЕКТIЛЕР КЛАСЫ ( МАММАLIА)

Сүтқоректiлер немесе аңдар класының негiзгi белгiлерi: тiрi туу, балаларын қоректендiру үшiн сүт бөлетiн сүт бездерiнiң болуы, дене қуысын төстi және құрсақты етiп диафрагмамен бөлу және жылықандылық. Бұл кластың маңызды ерекшелiгi - жоғарғы жүйке жүйесiнiң дамуы. Сүтқоректiлер эволюциясының шыңы болып адам туысы және саналы адам {Homo sapiens} түрi есептеледi. Сүтқоректiлердiң тарихи дамуы үш бағытта жүрдi: жұмыртқа салушы сүтқоректiлер, қалталы сүтқоректiлер және плацентарлы сүтқоректiлер. Тек плацентарлы дамыған төл туатын жоғарғы сүтқоректiлер, тiршiлiк үшiн күресте жеңiп шықты.

Сүтқоректілер басқа жануарлармен салыстырғанда түрлі табиғи орта жағдайларын жақсы бейімделген. Жер шарында кеңінен таралған. Олар құрлықта, ауада, ағаш басында, жер астында, түрлі су айдындарында тіршілік етеді. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:

  • Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер - Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді, Тұяқты сүтқоректілер: құлан, жолат, ақбөкен, қарақұйрық, арқарлар да құрлық аңдары. Бұта мен ағаш арасынан бұғы, бұлан, аю, сілеусін, бұлғындарды кездестіруге болады.
  • Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер - көртышқандар, соқыр-тышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді. Алдыңғы аяқтары мен күрек тістері жақсы жетілген. Топырақ арасындағы жәндіктермен қоректенеді.
  • Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, кәмшаттар, түлендер, киттер жатады. Түлендер көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа (су бетіндегі қатқан мұзға) шығады. Қалған уақытта суда тіршілік етеді. Киттердің барлық тіршілігі су ішінде өтеді.
  • Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар (жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2-5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.

Түрлері

. Қазіргі кезде сүтқоректілер класы 2 класс тармағынан: құрамында жұмыртқа салушылар отряды бар алғашқы аңдар класс тармағынан және құрамында қалталы жануарлар мен ұрықжолдастылар инфракласы бар нағыз аңдар класс тармағынан тұрады. Сүтқоректілердің 4, 5 мыңнан астам түрі белгілі. Жылы қандылығы, ұрпағына қамқорлық жасауы, жоғарғы жүйке жүйесінің болуы сүтқоректілерге жер шарының Солтүстік полюсінен бастап, Антарктида жағалауларына дейінгі барлық жерді мекендеуге мүмкіндік берді. Қазақстанда сүтқоректілердің 8 отряды (жәндік жегіштер, қолқанаттылар, кеміргіштер, қоянтәрізділер, жыртқыштар, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар және ескекаяқтылар), 31 тұқымдасы және 180-нен астам түрі кездеседі. Әсіресе, қосаяқ, аламантәрізділер, қуысмүйізділер, жертесерлер, т. б. тұқымдастарының түрлері өте көп. Жеке жүріп (кірпі, жертесер, сусар, аю, т. б. ), топталып (шақылдақ, сарышұнақ, суыр), табын, үйір болып (арқар, таутеке, ақ бөкен) тіршілік етеді. Сүтқоректілердің кейбіреулері (суыр, үлкен құмтышқан, т. б. ) қорегін күндіз, басқа түрлері (тоқалтіс, кейбір жыртқыштар, т. б. ) іңірде не түнде, ал үшінші біреулері күндіз-түні аулайды. Аю, жанат, жанаттәрізді ит, борсық, т. б. қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Көптеген сүтқоректілер (қарақұйрық, ақ бөкен, түлкі, қасқыр, қолқанаттылар, т. б. ) маусым сайын қоныс аударып отырады. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 1 рет, кейбір түрлері (кемірушілер, жәндікқоректілер, т. б. ) 2 - 3 рет балалайды. Буаздық мерзімі де әр түрлі, мысалы, тышқантәрізділерде - 12 күн, борсық пен жылқыда - бір жылдай. Кейбіреулері 1 айда (сары тоқалтіс), ал кейбіреулері (құлан, марал, бұлан) жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі. Тіршілік ету ұзақтығы 14 - 18 айдан (тоқалтіс) 20 - 30 жылға (бұлан, марал, жылқы) дейін созылады. Сүт қоректілердің көптеген түрлерінің саны жыл сайын өзгеріп отырады. Оның ішінде әсіресе кемірушілердін. және кейбіржыртқыштардың (тиіндердің, кояндардың, ондатралардың, су тышқандарының, күзендердің, қарсактардың, түлкілердін т. б. ) саны миі ауытқиды. Тұяқтылардың кейбір түрлерінің (солтүстік бүғыларының, киіктердің, жабайы шошқалардың) саны да жылма-жыл өзгеріп түрады. Жеке жүретін баяу көбейетін ірі жыртқыштардың санының ауытқуы шамалы болады. Жануарлардың санының жыл сайын ауытқып түруы көбею кабілетіне, тіршілік жағдайына және тарауы, жыртқыштардың санының өсуі, қоректік азықтың мөлшері және ауа райының тұрақсыздығы және т. б.

1. 1Сүт қоректілердің дене құрылысына жалпы шолу.

Қаңқасы. Бассүйек, омыртқа, төс клеткадан, алдыңғы және артқы аяқтарының белбеулерiнен, еркiн аяқтардан тұрады, бассүйек милы және беттi бөлiктен, көз қарашығынан, астыңғы және үстiңгi жақтардан тұрады (күрек тiстер, иттiстер, азу тiстер) . Тiстерi шұңқырда орналасып, түбiрден, мойыннан және эмальмен қапталған қабықтан тұрады. Сүттiлерi әрқашанда ауысып отырады. Омыртқасы 7 мойынды, 12 төстi, қозғалмалы қосылған 6 белдi омыртқадан, 3-4 крестi, жамбаспен өскен, (қозғалмалы қосылған) құйрықты омыртқалардан тұрады. Құйрықты омыртқалардың саны әртүрлi. Көкiрек клеткасы омыртқаның төстi бөлiгiнен, төстiктен және 12 жұп қабырғадан түзiлген. Иық белбеуi: қарға сүйекгi бiтiсiп кеткен жауырыннан және бiр, бұғанадан құралады. Артқы аяқтарының белбеуi: жамбасының сүйектерi - сербек, қасаға және шонданай.

Бұлшықеттер. Ең күштiлерi шайнағыш, арқа және аяқтарының бұлшықеттерi. Диафрагма - тыныстық қозғалыстарға қатысып, дене қуысын төстi және құрсақты бөлiкке бөлетiн бұлшықет. Ымды бұлшықеттер.

Ас қорыту жүйесi. Тiстi ауыз, дәм сезушi клеткалары бар, бұлшықеттi тiл, сiлекей бездер. Жұтқыншақ, өңеш, қарын, iшек (алдыңғы, аш және тiк iшектер) . Бауыр және қарын асты бездер. Жануарлармен және өсiмдiктермен қоректенедi.

Тыныс алу жүйесi. Тыныс алуы кеуде клеткасы мен диафрагма көмегiмен iске асады. Тыныс алуы жиi, терең емес, сондықтан жылуберуi жоғарғы тыныс жолдарының ауыз қуысы мен тiлiнiң бетiнiң суытылуы арқылы iске асады. Қанайналым жүйесi. Жүрегi төрткамералы. Екi қан айналым шеңберi бар. Жүрек соғысы 1 мин. 120 соғады.

Зәр шығару жүйесi. Бұршақ формалы жамбас бүйректерi, зәрағар, қуық, зәр шығару каналы. Зәр шығару сонымен қатар терi арқылы да жүредi (тер бездерi) . Жүйке жүйесi. Орталық - бас ми және жұлын, ал перифериялық - олардан шығатын жүйкелер. Мидың жарты шарының қабығы - жоғарғы жүйенiң iс-әрекет ортасы. Қабығы қартар түзедi. Мишық жақсы дамыған. Шартты және шартсыз рефлекстерi күрделi.

Сезiм мүшелерi. Иiс сезу, жанаса сезу және есту жақсы дамыған. Түстi көруi дамымаған, бiрақ бейненi, ымды, қозғалысты көредi, себебi олар бас миының қабығында сарапталады.

2-тарау Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер.

2. 1 Бунақденеқоректілер отряды-INCECTIVORA.

Бұған ертеден келе жатқан қарапайым белгілері бар сүтқоректілер жатады. Миы нашар дамыған әрі ми сыңарларында иірімдер болмайды. Дене температурасы онша тұрақты емес және тістерінің құрылымы да біркелкі. Көзі нашар көреді, оның есесіне иіс сезуі жақсы дамыған. Тұмсығы алға қарай шығыңқы. Оған кірпілер, жұпартышқан, жертесерлер, көртышқандар жатады.

Кірпілер тұқымдасы-ERINACEIDAE.

Кірпінің 3 түрі - кәдімгі, құлақты және қара кірпі өлкемізде кездеседі. Құлақты кірпі Қазақстанның далалы, шөлейтті аймақтарында кеңінен таралған. Кәдімгі кірпі еліміздің солтүстік батыс, солтүстік өңірінде орманды дала аймағында мекендейді. Қара кірпі Маңғыстау алқабындағы шөлейтті, шөлді жерлерде тіршілік етеді. Кірпілер бунақденелілермен қоректенеді. Олар жылына бір рет 2-7 ұрпақ береді.

Жұпартышқан-DESTANATOSCHATA.

Жұпартышқан Еділ, Жайық, Тобыл, Обаған шағын өзендерінде кездеседі. Ол бунақденелілермен қоректенеді, үлбірі бағалы.

2. 2. Қолқанаттылар отряды-CHIROPTERA. Азия жалпаққұлақты жарқанаты (лат. Barbastella leucomelas)

Қолқанаттылар отряды-CHIROPTERA.

Қолқанаттылар отрядының Қазақстанда 27 түрі кездеседі. Түнде белсенді тіршілік етеді. Салпаңқұлақты, ақбауыр жарқанат, қатпар ерінді жарқанат түрлері шағын аймақтарда мекендейді. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

Жарқанат - қолқанаттылар отрядының бір тармағы. Арктика, Антарктида және Мұхит аралдарынан басқа құрлықтарда кең тараған. Дүние жүзінде 20 тұқымдасқа бірігетін 700-дей түрі, Қақстанда 3 тұқымдасы: тағатұмсықтылар, бір туысы, үш түрі (кіші тағатұмсықты жарқаннат, үлкен тағатұмсықты, жарқанат, бұхар тағатұмсықты жарқанаты) ; жалтыртұмсықтылар, оның 8 туысы 23 түрі, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген) ; иттұмсықтылар, онын бір туысы, бір түрі (кеңкұлақты жарқанат - Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген) бар.

Бұлардың дене тұрқы 3 см-ден (кіші тағатұмсықты жарқанат ) 9, 2 см-ге (кеңқұлақты жарқанат) . Салмағы 3, 5 г-нан (ергежейлі жарқанат) 47 г-ға (қызғылт жарқанат) дейін жетеді. Тері жамылғысында қоңыр және сұр түстері басым. Көздері нашар көреді. Тырнақтары болмайды. 18-20 тісі бар, азу тістері бұдырлы. Жарқанаттардың есту мүшесі жақсы жетілген. Кеңістікте өзі шығаратын жоғарғы жиіліктегі ультрадыбыстарды (40-80 кГц), сондай-ақ, адам естімейтін, төменгі жиіліктегі инфрадыбыстарды (12 кГц) қайта қабылдау арқылы бағдар алады. Жарқанат ұя салмайды, үңгірлерді, ағаш қуыстарын, үй, құрылыс шатырларын, жарқабақтардағы құс індерін мекендейді. Күндіз жеке не топтанып, бастарын төмен салбыратып, аяқтарымен тасқа, ағашқа, жарға жабысып демалады. Кешкі ымыртта және түнде жемтігін қалықтап ұшып жүріп аулайды. Әр түрлі омырткасыздар, әсіресе, түн жәндіктерімен қоректенеді. Қазан-қараша айларында қысқы ұйқыға кетеді. Бұл кезде жарқанаттардың дене температурасы қоршаған орта температурасынан 1-2°С-ка ғана жоғары болады. Наурыз, сәуір айларында оянады. Ал қыс жылы болған жылдары қысқы ұйқыға кетпейді. Жарқанат табиғи жағдайда 20-25 жылдай тіршілік етеді. Жылына бір рет көбейіп, жалқы кейде егіз табады. Балалары анасына жабысып өмір сүріп, бір айдан соң өз бетінше ұша бастайды. Жарқанаттар өсімдіктерге зиянды әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылықтарына пайда да келтіреді. Сондай-ақ, түрлі аурулар (әсіресе, құтыру) таратып, адамға, жануарларға залалын да тигізеді.

Азия жалпаққұлақты жарқанаты (лат. Barbastella leucomelas ) - қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жататын сүтқоректі. ҚазақстандаАзия жалпаққүлақты жарқанаты әзірге 3 жерден: Іле Алатауының шығыс Бартоғай мекеніндегі және Қорам қыстағының маңындағы үңгірден, Жаркент қаласындағы ескі ғимараттардың шатырларынан ұсталған. Өзен бойындағы жартасты жерлерді мекендейді . . . Дене тұрқы 48-53 мм, қанат сүйегінің ұзындығы 42 мм. Арқасы ақшыл, бауыры ақ түсті. Тұмсығы келте, түбіне қарай бірігіп кеткен құлақ қалқаны жалпақ әрі ұзын келеді, қанат жарғағы қара қоңыр болады. Жылдам әрі мәнерлі ұшады. Түрлі түн жәндіктерімен қоректенеді. Жылына бір рет көбейіп, 1-2 жарқанат туады. Азия жалпаққүлақты жарқанаты тіршілігінің көп қырлары ғылымға әлі беймәлім. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996) .

Азия жалпаққұлақты жарқанаты

Статус IV-шісанат. Зерттелмеген түр. Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Солтүстік Тянь-Шаньтауына енген алдыңғы азия - үндіқытайлықтүр.

Таралуы Батыс Арабия мен Солтүстік ИндияданҮндіқытай мен Жапонияға дейін таралған. Орта Азияда Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның оңтүстігінде, Оңтүстік Қазақстанда белгілі.

Мекендейтінжерлері. . Орта Азияда жартылай шөлейпіті ормансыз қоныстарда және құрғақ тау етектерінде мекендейді. Қазақстанда табылған екі жарқанат Іле Алматауы етегінен 1200 м биіктіктен қазылған қазба орнының қабырғасынан және сазды үңгірден табылған. Қыста тау етектеріндегі жазықта, үңгірлерде кездессе, ал жазда тауда 2200 м биіктікке дейін мекендейді.

Саны Мәлімет жоқ .

Негізгі шектеуші факторлар Белгісіз. Биологиялық ерекшеліктері

Қазақстанда мәлімет жоқ. Өзбек зоологтары Қазақстанның оңтүстік шекарасынан 20 шақырымдай жердегі Қарақамыс селосы маңындағы үңгірде бұл жарқанатты көргенін хабарлады. Мұнда олар қыркүйек айының бірінші онкүндігінде ұшып келеді. Осындағы үңгірлер мен қуыстарда қыстап шығып, сәуір айында қоныс аударады. Кейбіреулері мамыр-маусым айларына дейін осы маңда тіршілік етеді. Ташкент маңындағы үңгірлерде 1-ден 3-ке дейін бұл жарқанат кездескен. Бір-бірінен алыстау қоныстанады. Мамырдың алды мен маусымда 1-2 жас жарқанат дүниеге келеді. Жазда тау құздарындағы қуыстарды мекендесе, қыста үңгірлерде қыстайды. Насекомдармен қоректенеді.

Қолда өсіру Мәлімет жоқ. Қабылданған қорғау шаралары Алматы қорығы мен «Алтынемел» ұлттық паркінде қорғалады.

2. 3. Кемірушілер отряды-RODENTIA. Жайра тұқымдасы(Hystrіcіdae) Үнді жайрасы(H. іndіca)

Кемірушілер отряды-RODENTIA.

Бұл отрядқа күрек тістері жақсы жетілген сүтқоректі жануарлардың 2500-ге жуық түрі жатады. Олардың ішінде құрлықта, ағаш басында, суда, жер астында тіршілік ететін түрлері бар. Дене тұрқы 5 сантиметрден 1 метрге дейін жетеді. Қазақстанда кемірушілердің 80-нен астам түрі таралған. Оның 8 түрі Қызыл кітапқа тіркелген.

Көк суыр

Көк суыр Батыс Тянь-Шань(Тәңіртау) тау жоталарында шағын аймақта таралған. Саны күрт азайып келеді. Бадам, Өгем өзендерінің жоғары ағысындағы таулы алқаптарда кездеседі. Көк суыр Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген, аулауға тыйым салынған. Көксуыр Ақсу-Жабағылы қорығында және Сайрам-Өгем ұлттық табиғи саябағында қорғауға алынған. Үнділік жайра Маңғыстаудың оңтүстігінде, Тәңіртау (Тянь-Шань), Қаратауда, Шу, Іле Алатауларының етегінде таралған, саны аз. Алматы, Қарағанды, Шымкент хайуанаттар бақтарында қолдан өсіріледі.

Жайра ( Hystrіcіdae ) - кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы. Бұлар негізінен Еуразия мен Африканың субтропиктік және тропиктік аймағында тіршілік етеді. Қазақстанда Талас Алатауында, Қаратауда, Маңғыстау түбегіндегі тау жоталары мен бөктерлеріндегі ормандар мен тоғайларда, өзен аңғарларында мекендейді. 6 түрі бар, оның бір түрі - үнді жайрасы (H. іndіca) , ол Қазақстандағы ең ірі кеміруші.

  • Тұрқы 60 - 90 см, құйрығының ұзындығы 12 - 15 см, салмағы 15 - 27 кг. Оның дене бітімі ерекше - арқасы мен бүйірінде қаптаған ине (шамамен 30 - 35 мыңдай) болады. Жайралар інін тастың қуысына, өзен бойындағы биік жарға салады.
  • Інінің тереңдігі 4 м-ге дейін барады. Ол көбіне шөппен, өсімдік, тамыр жеміс, жеміспен қоректенеді. Қоректенуге түнде шығады. Жылына бір рет (2 - 5-ке дейін) балалайды.
  • Буаздық мерзімі 60 - 90 күн. Жаңа туған жайралар өте әлсіз, денесіндегі инелері алғашқы тәуліктерде жұмсақ болады. Қолда ұстағанда үнді жайрасы 20 жылдай тіршілік етеді. Үнді жайрасының жылдан-жылға саны азаюда мысалы, Алматы мен Шымкенттегі хайуанаттар саябақтарында 5 жұбы, Қарағандыда 2 жұбы бар (1996) .
  • Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның«Қызыл кітабына»енгізілген.

Үнді жайрасы (H. іndіca),

Кеміргіштер отряды - Rodentia

Жайратектестер тұқымдасы - Hystricidae

Статусы. IV-ші санат. Сирек кездестін аз зерттелген түр.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы. Қазақстан фаунасында тұқымдастың жалғыз түрі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда кездесетін рептилиялардың сан алуандылығы, таралуы, жойылып бара жатқан түрлерін қорғауға алу шаралары
Алматы қорығының сирек және жойылып бара жатқан жануарлар популяциясының экологиясы
Сүтқоректілер экологиясы
Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар
Солтүстік Қазақстандағы аңшылық аңдар биологиясы
Астық тұқымдастар
Орман қорын қорғау, кешенді пайдалану мәселелер
Приматтар отряды – Primates
Жыртқыштар отрядына жалпы сипаттама
Биоалуандылық және түрлер жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz