Ғылыми жаратылыстану бағытындағы сыныптарда delphi ортасындағы мәліметтер қоры туралы түсініктерді қалыптастыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
І . ТАРАУ. МӘліметтер қоры жӘне ақпараттық жүйе
- Мәліметтер қоры және реляциялық мәліметтер қоры . . . 6
- SQL-сұраныс тілі . . . 13
ІІ. ТАРАУ. DELPHI ОРТАСЫНДА мӘліметтерге реляциялық ену мүмкіндіктерін оқыту
2. 1 Реляциялық мәліметтер қорымен жұмыс істеу құралдары . . . 37
2. 2 Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеу негіздері . . . 48
2. 3 Мәліметтер қорына реляциялық ену мүмкіндіктерін оқытуға арналған
электрондық әдістемелік құралдың құрылымы . . . 72
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Кіріспе
Информатика-жас ғылым, ол адамзат қызметінің әртүрлі өрісінде қолданылытын ақпаратты іздеу, жинау, өндеу және пайдалануға байланысты сұрақтарды зерттейді.
Орта білім беру жүйесінде «Информатика» пәнінің ролі ақпараттық білімінің ақпараттық орта мен адамның өзара қатынасын үйлесімді етуде және жаңа ақпаратттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылады.
Мәлiметтер қоры ақпараттық технологияларда үлкен рөл атқарады, үлкен ақпараттар жиынын автоматты түрде өңдеудiң маңызды құралы болып табылады. Мәлiметтер қоры мәлiметтермен жұмыс iстеудiң қарапайым, әрi ыңғайлы құралы болып табылады және өндiрiстiң әралуан саласында қолданылады. Мәлiметтер қорының реляциялық жүйесi теориялық жағынан жасалып жүзеге асырылғаннан кейiн мәлiметтер қорының мүмкiндiктерi барынша дамыды.
Реляциялық мәліметтер қоры - белгілі бір пәндік аймаққа жататын объектілерді (процестерді, құбылыстарды) және олардың қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін мәліметтер қорын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі болып табылады
Объектiлi-бағытталған мәлiметтер қоры мен бiлiм қорының жүйелерi кеңiнен таралуда. Бiлiм қоры мәлiметтер қорының жүйесiне реляциялық мәлiметтерден аса жоғары деңгейдегi ақпаратты алуға мүмкiндiк беретiн предикаттар логикасын қолданады.
Есептеу желiлерiнiң дамуы үлестiрiлген мәлiметтер қорының ролiн айтарлықтай жоғарылатты. Клиент/сервер технологиясы үлестiрiлген деңгейде мәлiметтердi өңдеудi мәлiметтерге орталықтандырылған кiру және басқарумен ұштастырады.
Қазiргi реляциялық мәлiметтер қорының теориялық негiздерiн, мәлiметтер қорын жасау принциптерiн меңгеру және құралдарымен жұмыс iстей бiлу әртүрлi МҚБЖ-де мәлiметтер қорымен жұмыс iстей бiлу, практикалық есептер шығару барысында мәлiметтер қорын қолдана бiлуi тиiс.
Жұмыс жасау барысында оқушылар:
-мәлiметтер қорының теориялық негiздерiн, мәлiметтер қорын жасау принциптерiн және онымен жұмыс iстеу құралдарын бiлуi;
-есептеу желiлерi және МҚБЖ-i тәрiздi әртүрлi ортада жұмыс iстей бiлу, практикалық есептердi шығаруға арналған мәлiметтер қорын жасау;
-мәлiметтер қорын жасау мен жобалаудың негiзгi әдiстерiн меңгеруi тиiс.
Зерттеу объектісі: Жалпы білім беретін орта мектептің ғылыми жаратылыстану бағытындағы сыныптарында информатика пәнінен Delphi ортасындағы мәліметтер қоры курсын оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Ғылыми жаратылыстану бағытындағы сыныптарда объектілі бағдарланған программалау жүйелеріндегі реляциялық мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелерін оқытуға әдістемелік нұсқау.
Зерттеу мақсаты: Ғылыми жаратылыстану бағытындағы сыныптарда Delphi ортасындағы мәліметтер қоры туралы түсініктерді қалыптастыру және оны оқытудың жолдарын көрсету.
І ТАРАУ
МӘліметтер қоры жӘне ақпараттық жүйе
1. 1 Мәліметтер қоры және реляциялық мәліметтер қоры
Мәліметер қоры өзінің қызмет бойынша бұл - ақпараттық жүйе және мәліметтер қоры дегеніміз - бұл пәндік саланың қандай да бір мақсатқа арналған модулі, яғни автоматтандырылған жүйені басқаруға қажетті пәндік сала жөніндегі фактілер мәліметтер қорынан көрініс табады.
МҚ-на қатысты объектілер, олардың қасиеттері мен қатынастары белгілі болса, онда МҚ-ың пәндік саласы болып есептеледі. МҚ-ын жобалау пәндік саланы алдын-ала құрылымдаудан басталады.
Пәндік саласы-бұл нақты мәліметтер банкінің қолданылу аясы. Мәліметтер қоры қолданылу сферасына қарай: кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару, көлік, басқару, медицина, ғылыми зерттеулер және т. б. болып бөлінеді.
Мәліметтер қоры - бұл өзінің құрамына пәндік саланың динамикалық ақпараттық моделін сүйемелдейтін арнайы әдістері мен құралдарды қамтитын ақпараттық жүйе болып табылады. Оның мақсаты пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын қамтасыз ету.
Delphi бағарламалау тілінің мүмкіндігі өте жоғары болып келуі, әртүрлі мәліметтерді сақтауға және өңдеуге мүмкіндік береді. Delphi ортасында әртүрлі мәліметтер қорының түрлерімен жұмыс істеуге болады. Мысалы бір компьютерде мәліметтер қорын құрып және осы мәліметтер қорын желіге арнап баптау жасасақ желілік мәліметтер қорына өзгереді.
Бұл мүмкіндіктер әртүрлі мәліметтер қорын Delphі бағдарламалау тілімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Delphi ортасын Paradox, dBase, Microsoft Access, FoxPro, Oracle, InterBase, SyBase т. б. мәліметтер қорын басқару жүйелерін арнай құрауштар комегімен байланыстырып автоматтандыруға болады.
Мәліметтер қоры- бұл ақпаратты сақтау үшін арналған ұйымдасқан құрылғы. Мәліметтер қоры түсінігімен МҚБЖ түсінігі тығыз байланысты. Бұл программалау тәсілінің комплексі, ол жаңа база құрылғысын құру үшін, оның құрамындағы толықтыруларды редактірлеу және информацияларды визуализациялауға арналған.
Мәліметтер қоры - бұл қандай да бір ережемен, кейбір критерийлер бойынша сұрыпталған мәліметтердің біртектес жиыны.
Мәліметтер қоры жазбалардан тұрады. Әрбір жазба бір экземпляр туралы ақпараттардан тұрады. Жазбалар өрістерден тұрады. Әрбір өріс бір экземплярдың сипаттамалары туралы ақпараттардан тұрады. Мысалы, «телефон кітапшасы» мәліметтер қорының жазбасы келесі өрістерден тұрады: Тегі, аты, телефон, электрондық пошта адресі. Әрбір жазба бірдей өрістерден тұрады. Мәліметтер қорын кесте түрінде беру ыңғайлы. Кестенің әрбір жолы жазбаға сәйкес, ал кестенің ұяшықтары - өріс болады. Сонымен қатар, кестенің бағандарының тақырыбы-өріс аты, ал кестенің жолдарының нөмірі-жазбалардың нөмірі. Мысалы:
1. 1 - кесте
«Телефон кітапшасы» мәліметтер қорының жазбаларының өрістерінің сипаттамалары келесі кестеде көрсетілген.
1. 2 - кесте
Ақпараттық жүйелер (АЖ) деп өздерінде техникалық құралдар, атап айтқанда ЭЕМ қолданылатын жүйелер аталады. Қолданыстағы АЖ-лердің көпшілігі автоматтандырылған болып келеді, сол себептен оларды қысқаша АЖ-лар деп атайтын боламыз.
Ақпараттық жүйе - ақпаратты өңдеуден өткізуге арналған есептеу кешені аталады. Ақпараттық жүйе келесілерден құралады:
- компьютерлік құрал-жабдықтан;
- программалық қамтудан;
- мәліметтерден;
- қызмет көрсетуші персоналдан (пайдаланушылар, әкімгер) .
Жергілікті ақпараттық жүйе деп бір компьютерде орнатылып, сонда жұмыс істейтін жүйе аталады.
Клиент/сервер типіндегі компьютерлік желіде жұмыс істейтін ақпараттық жүйелер барған сайын кең түрде таралуда. Бұл жүйелер мәліметтерді орталықтандырылған, сондай-ақ үлестірілген түрде өңделуін қамтамасыз етеді. Бұл ретте жалпы мәліметтер серверлерде орналастырылады, ал клиенттік компьютерлерде жекелеген клиенттердің мәліметтері орналасады.
Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді программалық қамту төмендегілерден құралады:
- жалпы арналған программалық қамту;
- қолданбалы программалық қамту;
- мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары.
Мәліметтер қорын ақпараттық жүйелерде қолданудың үлкен артықшылығы - мәліметтер қоры мәліметтердің клиенттік бағдарламалардан тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, пайдаланушылар мәліметтерді тасымалдағыштарда физикалық орналастыру мен оларға кіру мүмкіндігін ұйымдастыру проблемасынан құтылады.
Кең мағынада АЖ анықтамасы ретінде ақпаратты өңдеудің кез келген жүйесі түсініледі. Қолдану саласы бойынша АЖ-ларды өндірісте, білім беруде, денсаулықты сақтауда, ғылымда, әскери ісінде, әлеуметтік салада, сауда-саттықта және өзге де салаларда қолданылатын жүйелерге бөлуге болады. Мақсаттық қызметі бойынша АЖ-лерді шартты түрде келесі негізгі категорияларға бөлуге болады: басқарушы, ақпараттық-анықтамалық, шешімдерді қабылдауды қолдау.
Кейбір жағдайларда АЖ түсінігі қайсыбір қолданбалы мәселені шешуге қолданылатын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы деген тар түрдегі түсініктеме түрінде қолданылады. ұйымдастыруда, мысалы, өздеріне соған сәйкес келесі міндеттер жүктелген ақпараттық жүйелер болуы мүмкін: мамандар мен материалдық-техникалық құралдардың есебін жүргізу, жеткізушілер мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу, бухгалтерлік есеп және т. б.
Реляциялық мәліметтер қорында қатынастар мазмұнына қарай екі сыныпқа бөлінеді: обьектілік қатынастар және жүйелі ( байланыстар) қатынастар.
Обьектілік қатынас - обьектілер жайлы мәліметтерді сақтайды. Мұнда бірдей кілтті бар жолдар болмауы керек, яғни обектілердің қайталануына болмайды. Бұл мәліметердің бүтіндігін қамтамассыз ететін реляциялық қорының негізгі шектеуі болып табылады.
Жүйелі қатынас - екі немесе оданда көп объектілік қатынастың кілттерін сақтайды, яғни кілтті бойынша қатынас обьектілерінің арасында байланыс орнатылады.
Қазіргі кезде көптеген мәліметтер қоры дербес компьютер үшін реляциалды болып табылады. Реляциалдық модельдің ерекшелігі - қарапайымдылық, құрылымның иілшігшітігі, теориялық жазбасын компьютерде жүзеге асырудың ыңғайлылығы болып табылады.
Реляциялық мәліметтер қоры өзара байланысқан кетелерден тұрады. Әр кесте бір типті обьектілер жөніндегі ақпараттардан тұрады, ал кестелер жиынының топтамасы мәліметтер қорын құрайды.
Мәліметтер қорын құрайтын кестелер қатқыл дисктің бумасында орналасады. Кестелер файлдарда сақталады және бөлек құжаттарға немесе электорндық кестелерге ұқсайды (мысалы Microsoft Excel), оларды көшіруге немесе орнын ауыстыруға болады. Алайды құжаттардан айырмашылығы, мәліметтер қорының кестесі көп қолданушы қатынас құру режимін қолдайды. Яғни бір уақытта оларды бірнеше рет қосымша пайдалануы мүмкін. Бір кесте үшін мәліметтерден, индекстерден, кілттерден тағыда сондай сияқты тұратын файлдардан құралады. Олардың ішіндегі ең бастысы мәліметтерден тұратын файл болып табылады. Бұл файлдың аты кестенің атымен бірде болады.
Кестені таңдау кезінде оның ең басты файлы таңдалады:
dBase кестесі үшін dbf кеңейтілуі бар файл, ал Paradox кестесі үшін db кеңейтілуі бар файл таңдалады. Қалған файлдардың атын кестелер автоматты түрде тағайындайды - көрсетілген файлдың атына сәйкес барлық файлдардың аттары бірдей, кесте атына ұқсас және әр түрлі кеңейтілген түрде болады.
Мәліметтер қорының кез келген кестесі жолдар мен бағандардан тұрады және ақпараттық жүйенің бір типті обьектілері жөнінде мәліметтерді сақтауға арналған. Кестенің жолдарын - жазба деп, ал бағандарын - өріс деп атайды.
жол
жазба
2. 1- сурет. Мғліметтер қоры кестесінің сұлбасы
Өріс белгілі бір типті мәліметтерден тұрады. Мысалы: жолдық, бүтін немесе “дата” типті. Кесте өрісіне мән енгізілген кезде автоматты түрде өріс типі мен мәндер типінің сәйкестігіне тексеріс жүргізіледі. Егер сәйкес келмеген жағдайда, типті өзгерту мүмкіндігі болмаса, онда бұл жағдайда шығу жолы қарастырылады.
Кестелерді ұйымдастыру ерекшелігі мәліметтер қорын енгізу және құру үшін қолданылатын МҚБЖ - не тәуелді. Мысалы: dBase кестесі мен InterBase серверінің кестесінде автоинкрементті типті өріс болмайды. Ал dBase кестесінде кілтті анықтауға болмайды. Мұндай ерекшеліктерді кесте типін (форматын) таңдау барысында ескерген жөн. Өйткені олар тек мәліметтер қорын құру ғана емес, сонымен қатар мәліметтер қорымен жұмыс істейтін қосымшаларды құруға да өз әсерін тигізеді.
Кесте негізін оның өрістерінің жазбасы құрайды, әрбір кесте ең болмағанда бір өрістен тұру керек.
Кесте құрылымы ұғымы өте ауқымды жғне төмендегідей болады:
- Өріс жазбасы;
- Кілт;
- Индекс;
- Өріс мғндеріне мғн қою;
- Кестелер арасындағы бүтін сілтемеге шек қою;
- Парольдер;
Кейде өріс мәндерінің шегін, кестелер арасындағы бүтін сілтеме шегін сонымен қатар қатынас құру құқығын бір терминмен “шек” деп атайды.
Құрылымның бөлек элементтері кесте форматына тәуелді мысалы, dBase кестесі үшін бүтін сілтемеге шек қоюға болмайды (өйткені оларда кілт жоқ) . Құрылымның барлық элементтері физикалық деңгейде беріледі және барлық программаларға әрекет жасай алады. Кестелерге келесі операцияларды орнатуға болады:
- Құру (құрылымын анықтау)
- Құрылымын өзгерту;
- Атын өзгерту;
- Жою;
Кестені құру кезінде құрылымы мен атын білу керек. Дискте сақтаған кезде кестеге қатысты қажетті файлдар құрылады. Олардың аты кесте атымен сәйкес келеді.
Кесте құрылымын өзгерту кезінде аттары мен өріс мінездемесі, құрамы және кілт, индекс аттары және шектер аттары өзгеруі мүмкін. Алайда кесте аты мен файл аттары бұрынғы қалпында қалады.
Кесте атын өзгерткен кезде кесте жаңа атқа ие болады. Нәтижесінде кесте аты өзгеріп қана қоймай сонымен қатар оның барлық файлдарын да алады. Мәліметтер қорының кестесімен жұмыс істеу үшін осыған сәйкес программалар (утилиттер) қолданылады. Мысалы DataBase Desktop немесе Data Pump.
Кестені жою кезінде дисктен оның барлық файлдары жойылады. Аты өзгергенннен кейін кестені жоюды кез келген программаның көмегімен жүзеге асыруға болады.
1. 2. SQL - сұраныс тілі
SQL тілі қазіргі кезде мәліметтер қорын басқару жүйесінің бірден-бір стандартты тілі болып табылады. SQL - Structured Queries Language сөзінің қысқартылған түрі, аударылғанда сұраныстың құрылымдық тілі дегенді білдіреді. SQL тілі реляциялық типтегі мәліметтермен жұмыс істеуге арналған. Ол реляциялық МҚБЖ пайдаланушы істейтін барлық негізгі мүмкіндіктерді жүзеге асырады, атап айтқанда:
а) мәліметтерді ұйымдастыру - мәліметтер қорының құрылымын құру және өзгерту;
б) мәліметтерді оқу;
с) мәліметтерді өңдеу - мәліметтерді қосу, өзгерту және өшіру;
д) мәліметтерге кіру мүмкіндігін басқару - мәліметтерді оқу және өзгерту үшін пайдаланушыға шектеу мүмкіндіктерін беру;
е) мәліметтерді бірге пайдалану - бірнеше пайдаланушылар мәліметтерді жалпы пайдалану;
ж) мәліметтердің бүтіндігі - жүйе істен шыққанда немесе басқа жағдайларда бұзылудан мәліметтерді қорғау;
SQL тілі келесі DML, DDL яғни кіру мүмкіндігін басқару, транзакциямен басқару топтарынан тұратын командалар жүйесінен тұрады;
DML (Date Manipulation Language) мәліметтерді өзгерту тілі;
SELECT - мәліметті оқуға сұраныс;
INSERT - мәліметтер қорында жаңа жазбаларды енгізу (қосу) ;
DELETE - мәліметтер қорында жазбаларды өшіру;
DDL (Date Definition Language) мәліметтерді анықтау тілі;
CREATE TABLE - жаңа кесте құру, оның құрылымын сипаттау;
DROP TABLE - кестені өшіру;
Кіру мүмкіндігін басқару
DROP INDEX - индексті жою;
GRANT - пайдаланушыға шектеу мүмкіндігін беру;
REVOKE - пайдаланушыға шектеу мүмкіндігін алып тастау;
Транзакцияны басқару
COMMIT - транзакцияны аяқтау;
ROLLBACK - транзакцияны алып тастау;
SQL жұмысын келесі сұлбадан көруге болады:
Пайдаланушы не интерактивті режимде, немесе программада SQL сұранысын МҚБЖ -ға жібереді. Нәтижесінде МҚБЖ МҚ-н қарап шығады мәліметтерді сәйкес түрде өңдеп және сұралып тұрған ақпаратты пайдаланушыға кесте түрінде береді.
SQL- тілі мәліметтер базасындағы кестелер мен және кестедегі мәліметтермен жұмыс істейтін іс- әрекеттерді орындауға бағытталған.
Бұл тілдің процедуралық программалау тілдерінен айырмашылығы, SQL- тілінде енгізу- шығару құралдары және есептеу үрдісін басқару (цикл, көшу, тармақталу) нұсқалары жоқ.
Интерактивті интерфейсі бар міліметтер қорын басқару жүйесінде SQL- тілінен хабары жоқ қолданушы жұмыс істей алады.
Microsoft Access, Visual FoxPro немесе Paradox сияқты мәліметтер қорын басқару жүйелері SQL- ге сұранысты программалаумен байланысты іс-әрекеттерді өздері орындайды. Мысалы, Query By Example (QBE) - үлгі бойынша сұраныс.
SQL- тілінді толық функционалды программалау тілдерінің мүмкіншіліктері болмағандықтан, оны көбінесе программа өңдеу құралдары қатарына қосады. SQL- тілі Delphi жүйесіне енгізілген. SQL- командаларымен жұмыс істеу үшін арнайы Query, SQLQuery және ADOQuery сияқты компоненттер бар.
SQL-сұранысының екі түрі бар: Статикалық және динамикалық.
Статикалық SQL- сұранысы өңдеу кезеңінде бастапқы кодқа қосылады және қосымшаның орындалу үрдісінде өзгермейді. өңдеуші текстініде басқа параметрлер болса, сол параметрлердің көмегімен ғана SQL- сұранысты өзгертуге болады.
Динамикалық SQL- сұраныстың коды қосымшаның орындалу үрдісінде өзгереді немесе қалыптасады. Мұндай сұраныс қолданушының іс- әрекеттерін ескеру керек деген жағдайларда ғана қолданады.
SQL- тілінің бірнеше стандарттары бар. Соның ішінде ең көп тараған стандарттар SQL -89 және SQL-92.
Америка ұлттық стандарттар институты (ANSI, American National Standards Institute) және стандарттау бойынша Бүкіл әлемдік ұйымы (ISO, International Standards Organization) бірігіп қолданған SQL-92 стандартын, басқаша ANSI немесе ANSI/ISO деп те атайды.
SQL-тілінде төмендегідей көптеген негізгі нұсқауларды көрсетуге болады:
- Мәліметтерді анықтау;
- Мәліметтерді өңдеу;
- Мәліметтерге қатынас құруды басқару;
- Транзакциямен басқару;
SQL- тілі нұсқасының негізгі мүмкіншіліктерін қарастырайық.
Бұл нұсқаны SQL-92 стандарттарынан бірнеше айырмашылығы бар мысалы мұнда мәліметтерге қатынас құруды басқаруға және алдын-ала қарап шығуға болмайды.
Delphi қосымшаларында BDE-механизімін пайдаланып, SQL-нұсқаларын орындау үшін, Query мәліметтерін пайдалануға болады. SQL-сұранысының тексті Query компонентінің SQL-қасиетінің мәні екендігін және ол қосымшаны әзірлеу барысында немесе орындалу барысында қалыптасатындығын ескерте кеткен жөн. Query компоненті SQL- сұранысының орындалуын және сәйкес мәліметтер қатарын алуын қамтамассыз етеді.
Мәліметтер қабылдауда ұйымдастыру Active қасиетінің мәні True болғанда немесе Open әдісін шақыру арқылы Query компонентін активизациялау кезінде ғана орындалады. SQL-сұранысының текстін интерактивті режимде теру үшін және орындау үшін аспаптық программалар қолданылады. Мысалы, DateBase, Desktop, SQL Explorer SQL Builder
Бірінші екі программа Tools және DateBase командаларымен шақырылады, сұранысты визуалды құрайтын SQL Builder Query компонентінің жанама мәзірі арқылы шақырылады. SQL-сұранысты жөндеу үшін дамыған интерфейсті программалар пайдаланған ыңғайлы, мысалы, DateBase Desktop сұраныс тексті жөндеуден кейін әзірленіп жатқан қосымшаға қойылады. Мұндай жағдайларда көбіне сұраныс құру уақыты қысқартылып, динамикалық қате жіберу ықтималдығы да азаяды.
SQL-тілінің резервтелген сөздерін үлкен әріппен, ал аттары кіші әріппен көрнекілік үшін жазамыз. SQL-нұсқауларының соңына нүктелі-үтір қоймасада болады. Тізімдегі элементтер, мысалы, өрістің немесе кестенің аты үтір (, ) арқылы бөлініп жазылуы керек.
Кестенің немесе өрістің аты апостровқа немесе тырнақшаға алынып жазылады. Мысалы, ”First Name”. Егер атының құрамында бос орын және басқа да арнайы символдар болмаса, апостровқа алмасада болады.
SQL- сұраныста пікірлер жазуға болады, тек оларды
/* */ символдарының ішіне жазу керек.
Тіл функциялары
SQL- тілінің басқада программалау тілдері секілді өзіндік функциялары бар. Соның ішінде ең көп қолданылатындары:
- Агрегатық немесе статистикалық функциялар:
- AVG () -(орташа мән)
- MAX () -(ең үлкен мән)
- MIN () -(ең кіші мән)
- SUM () -(сумма)
- COUNT () -(мәндердің саны)
- COUNT () -(нөлге тең емес мәндердің саны)
- Жолдармен жұмыс істейтін функциялар:
- UPPER (str) -( str жолының символдарының жоғары регисторға ауысуы) ;
- LOWER (str) -( str жолының символдарының төменгі регисторға ауысуы) ;
- TRIM (str) -( str жолының бастапқы және соңәы бос орындарын жою) ;
- SUBSTRING (str From n1 to n2) -(str n1 n2) -( str жолында n1 симвлоынан басталып n2 символынан аяқталатын символдарды белгілеу) ;
- CAST (<Expression>AS <Type>) -(Expression өрнегін Type типіне келтіру) ;
- Уақыт пен күннің жадын декодтау функциялары;
- EXTRACT(<элемент>From<өрнек>) (уақыт пен күннің жадынан тұратын өрнектен, элементке сәйкес келетін мғнді алуға болады) Уақыттың немесе күннің жадының элементтері ретінде келесі мәндерді қолданса болады:YEAR, MONTH, DAY, HOUR. MINUTE және SECOND
SQL-стандарттары
SQL- ді пайдалану 1982 жылы Америка институтында ұлттық стандарттүрінде ANSI() пайдаланыла бастады.
1986 жылы SQL ресми түрде ANSI стандарты болып, 1987 жылы ISO () стандарты түрінде стандарттау бойынша халықаралық ұйымдарда қолданылды.
Бұл стандарт ANSI/ISO 1989 жылы біршама қарастырылды. Сол сәттен бастап SQL-89 немесе SQL1 деп аталынатын болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz