Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 135 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 3
КІРІСПЕ . . . 4
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Экологиялық таза өндірістің қалыптасуы мен экологиялық таза өнімді өндірудің ғылыми-теориялық ерекшеліктері . . . 8
1. 2 Экологиялық таза тамақ өндірісінің әлеуметтік - экологиялық-экономикалық қырлары . . . 19
- Экологиялық таза тамақ өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі . . . 32
2 ТАБИҒИ ШЫРЫН НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы жеміс - көкөніс өнімдері өнеркәсібін талдау . . . 41
2. 2 Қазақстан Республикасындағы табиғи шырындар нарығының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу . . . 53
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғи шырын өндіретін кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 65
3 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ТАМАҚ ӨНІМІ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ
- Экологиялық таза өнімді дамыту тұжырымдамалары . . . 85
3. 2 Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің әлеуметтік-экологиялық-
экономикалық тиімділігін анықтау жолдары . . . 92
3. 3 Экологиялық таза тамақ өнім өндірісіне инвестицияны тарту тиімділігі . . . 109
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 124
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 126
ҚОСЫМШАЛАР . . . 131
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АКК - Алиментариус Кодекс Комиссиясы
АҚШ - Америка құрама штаттары
Био - биологиялық
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ДДСҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ДСҰ - дүниежүзілік сауда ұйымы
халықаралық федерация
Эко - экологиялық
ЕО - Еуропалық Одақ
ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ЖШШ - жол берілетін шекті шама
ЖКӨ - жеміс - көкөкніс өнеркәсібі
ИСО - халықаралық сапа жүйесі
ҚҚС - қосымша құн салығы
ҚР - Қазақстан Республикасы
МемСТ - мемлекеттік стандарт
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
СМЖ - сапа менеджментінің жүйесі
СТ- стандарт
ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достығы
ТУ - техникалық талаптар
ФАО - Халықаралық азық - түлік және ауыл шаруашылық жөніндегі ұйым
ЭТӨ - экологиялық таза өнім
IFOAM - органикалық ауыл шаруашылығының қозғалысы жөніндегі
FDA - тамақ өнiмдерi мен медикаменттер сапасын бақылау басқармасы
OHSAS - Кәсібі мен денсаулық қауіпсіздігін басқару жүйесі
ТGМ - тотальды сапа менеджменті
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сапалы тамақ өнімдерін өндіру - нарықтық шаруашылықтың кезек күттірмейтін элементі болып табылады. Ол шаруашылық салалары мен халықтың қажеттілігін қанағаттандырудағы экономикалық қатынастардың негізін құрайды. Сондықтан тамақ өнімдері мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін, тамақ өнімдерін тұтыну сұранысын қамтамасыз етеді.
Сапалы өнімдерді өндіру Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мүмкіндіктерін айқындайтын және әлемдік нарықтағы бәсекелік қабілетін арттыратын маңызды факторлардың бірі. Қазіргі кезде елімізде Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге дайындық жұмыстары жүргізілуде, бұл орайда отандық өнімдердің сапасын арттыру алдыңғы кезектегі мәселеге айналды.
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасында жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану арқылы - өмір сүру сапасының деңгейін арттыруға ерекше мән берілген. Атап айтқанда, ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесінде экономикалық жетістіктерге, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалануға, сондай-ақ ұлтты сауықтыру үшін тамақ өнімдерін қатаң бақылауға, халықтың жан басына шаққандағы табиғи шырындар мен сүт өнімдерін ұлғайтуға, ішкі нарықтағы тамақ өнімдерінің сапасын бақылауды күшейтуге ерекше көңіл бөлу қажеттілігі айтылған.
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілеттілігін арттыратын экологиялық таза технологияны қолдану нәтижесінде алынатын экологиялық таза өнімдер арқылы халықтың орташа өмір сүру деңгейінің өсуіне, генетикалық ауытқулардың азаюына, иммунитеттің нығаюына, кәсіпорындардың қосымша пайда табуына, денсаулықты қалпына келтіру шығындарын азайтуға, соның нәтижесінде еңбекке қабілеттілікті арттыруға қол жеткізе аламыз.
Соңғы он жылдықта шет мемлекеттерде қазіргі жаңа технология бойынша минералды тыңайтқыштар қолданылмаған қоспасыз, табиғи шикізаттан алынатын, экологиялық таза аймақтарда өсірілетін экологиялық таза тамақ өнімдерді өндіретін саланы дамытуға баса назар аударуда.
Еуропада 2005 жылы экологиялық таза өнімдердің нарықтағы үлесі бұрынғы 5-тен - 10 пайызға дейін артты. Еуропа елдерінде жыл сайынғы сауда көлемінің өсуі келесідей: Германияда - 5-15%, Данияда, Швеция және Швецарияда - 30-40%. Келтірілген мәліметтерден көрінгендей, Батыс Еуропада экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру алдыңғы орында тұр. Мұнда экологиялық таза тамақ өнімін өндіретін кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау жүйесі жүзеге асырылады, сертификатталған экологиялық таза тамақ өнімдерін өткізудің ұтымды саясаты жүргізіледі.
ТМД мемлекеттерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасында әзірге отандық кәсіпкерлік құрылым әлсіз дамыған: себебі мұнда қаражат, өндіріс қуаты жетіспейді және мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмейді. Дегенмен де елімізде шет елдердегі сияқты экологиялық таза тамақ өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпкерлік құрылымдар бар. Бірақ мұндағы экологиялық таза тамақ өнімге қызығушылық қосымша пайда табу нысанына айналды.
Экологиялық таза өнім өндіру мен тұтыну үлкен әлеуметтік-экономикалық мағынаға ие, ол - бір жағынан өндірістік - инновациялық кәсіпкерліктің арнайы түрін дамыту; екінші жағынан ұлт денсаулығы мен өмір сапасы деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге қол жеткізу.
Осы орайда экологиялық таза тамақ өнімдерінің өндіру мен тұтыну бойынша сараптаулар мен талдауларды, ұтымды және маңызды факторларды, экономикалық тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен пайымдауларды ғылыми негіздеудің маңызы арта түседі. Бұл ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындап, оның ғылыми - тәжірибелік құндылығын көрсетеді.
- Мәселенің зерттелу дәрежесі. Табиғатты пайдалану экономикасы, экологиялық таза тамақ өндірісі, экологиялық таза технология, сапа және бәсекеге қабілеттілік мәселелерін зерттеуге көптеген отандық және шетелдік ғалым - ізденушілер үлес қосты. Олардың қатарында: В. Игнатов, А. Кокин, Л. Батурин, Н. Бурецева, В. Данилов-Данилян, В. Протасов, С. Тяглова, А. Молчанов, Э. Арустамов, И. Левакова, Н. Баркалов Н. А. Киприянов, Р. Қ. Ниязбекова, М. С. Тонкопий, Е. М. Үпішев, С. Мұқаұлы. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылық өндірісті экологизациялау, экологиялық таза ауыл шаруашылығы өндірісімен байланысты экологиялық-экономикалық мәселелер, сапалы тамақ өнім өндірісі мен бәсекеге қабілеттілік С. А. Бабаева, С. К. Диярова, Е. Исабеков, Е. Әмірбекұлының еңбектерінде қарастырылған.
Тамақ өнеркәсібі мен халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету, сапа және бәсекегеқабілеттілік туралы ғылыми еңбектер тамақ өндірісі өнеркәсібінің дамуына үлес қосты. Дегенмен экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру мен тұтынудың әлеуметтік-экологиялық-экономикалық қырлары толық зерттелінбеген: экологиялық таза өнімдерге шекті бағаны есептеу әдістемесі және өндірушіге қосымша пайда алуға мүмкіндік беретін бағалау әдістемесі қарастырылмаған. Сондықтан аталған мәселелерді теориялық және әдістемелік тұрғыдан зерттеу қажеттілігі диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты - экологиялық таза тамақ өндірісінің тиімділігі мен бағалау жолдарының теориялық әдістемелік тәсілдерін зерттеу және экологиялық таза тамақ өндірісін дамыту туралы ұсыныстар енгізу. Осы мақсатқа сәйкес, зерттеу міндеттеріне келесілер жатады:
- экологиялық таза өндіріс пен экологиялық таза өнімді өндіру ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерін жүйелеу; экологиялық таза өнім өндірудің экономикалық тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін баға шектерін анықтау; экологиялық таза тамақ өнімі өндірісін дамыту стратегиялық бағыттарын анықтап, тұжырымдамасын жасау; экологиялық таза өнім өндірісінің әлеуметтік-экологиялық-экономикалық тиімділігін анықтау; экологиялық таза тамақ өнімі өндірісін басқарудың экономикалық механизмін ұсыну
Зерттеу тақырыбы - Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру -экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы табиғи шырын өндіруші мен жеміс-көкөніс өңдеуші кәсіпорындар, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы АҚ «ЭкоПродуктГруп» алынды.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздерін табиғат пайдалану экономикасы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза тамақ өнімі өндірісін ұйымдастыру мен басқару жөніндегі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Мәселені зерттеу барысында жүйелік, логикалық, статистика - экономикалық, салыстырмалы талдау, топтастыру, сараптама әдістері қолданылды.
Зерттеудің нормативтік-құқықтық базасын Қазақстан Республикасында қабылданған табиғат қорғау заңдары, заңдық-нормативтік, құқықтық актілер жинағы, бюллетеньдер, ҚР Президенті мен Үкіметінің Жаршысы, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы туралы», «Тұрғындардың санитарлы-эпидемологиялық игілігі құқықтарын қорғау туралы», «Экологиялық кодекс», «Стандарттау мен сертификаттау туралы», «Тауардың пайда болу орнының атауы мен қызмет көрсету белгілері, тауарлық белгілері туралы», «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңдары, мемлекеттік бағдарламалар мен халықаралық келісім құжаттары, Президенттің «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына жолдауы және «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы» құрайды.
Зерттеу жұмысының ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитетінің статистикалық жинақтарының мәліметтері, «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамының материалдары, тұтынушылардан сауалнамалық сұрау нәтижесінде алынған ақпараттар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың материалдары, ғылыми журналдар мен мерзімдік басылымдарда жарияланған мәліметтер құрады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Нарық жағдайында тамақ өнеркәсібінің ғылыми-теориялық әдістемелік тәсілдерін зерттеп, экологиялық таза тамақ өндірісінің әлеуметтік-экологиялық-экономикалық тиімділігін анықтап, дамыту жолдарын ұсыну.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
- Экологиялық таза өндіріс пен экологиялық таза өнімді өндіру ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздері жүйеленді.
- Экологиялық таза өнім бағасында экономикалық пайда алуға мүмкіндік беретін баға шектері анықталды.
- Экологиялық таза жеміс-көкөніс кластері мен болжау жасалынды.
- Экологиялық таза өнім өндірісінің әлеуметтік-экологиялық-экономикалық тиімділігі айқындалды.
- Экологиялық таза өнім өндірісін қаржыландыру көздері мен экономикалық басқару механизмі ұсынылды.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері мен ұсыныстары, әдістемелік нұсқаулары келесі бағыттарда қолданылуы мүмкін:
- тұрақты даму бағдарламасын іске асыру бағыттарында; экологиялық таза өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындардың іс-әрекеттерінде; табиғатты пайдалану экономикасы, экология пәндері бойынша дәрістік және тәжірибелік оқу үрдісін дайындауда.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы. Зерттеу жұмысы М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Менеджмент» кафедрасының ҒЗЖ жоспарына сәйкес орындалды.
Зерттеудің негізгі мазмұны мен нәтижелері мерзімдік басылымдарда жарияланды және келесі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды: «Қазақстан аймақтарының тұрақты даму үлгісінің қалыптасуы» /
М. Әуезов атындағы ОҚМУ (Шымкент қ., 2002 ж. ) ; «ХХІ ғасырдың басындағы ғылымның, білімнің және қоғамның тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары» / М. Әуезов атындағы ОҚМУ (Шымкент қ., 2003 ж. ) ; «Қазақстандық әлеуметтік - саяси, құқықтық және экономикалық қамтамасыз ету жолы», халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы / Д. А. Қонаев атындағы Университет (Алматы қ., 2005 ж. ) ; Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Әлемдік шаруашылық жүйесін жетілдірудегі орта азиялық елдердің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын модернизациялау» / Х. А. Иассауи атындағы ХҚТУ (Түркістан қ., 2006 ж. ) ; «Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру: мәселелер, тәжірибе, келешегі» / ҚазГЗУ-дің Оңтүстік Қазақстан заңтану, қаржы және қаржы құқығы институты (Шымкент қ., 2006 ж. ) ; «Индустриалды-инновациялық даму - Қазақстанның тұрақты экономикасының негізі» / М. Әуезов атындағы ОҚМУ (Шымкент қ., 2006 ж. ) .
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертация тақырыбы бойынша 3. 9 баспа табақ бетті құрайтын 13 ғылыми жұмыс жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
- Экологиялық таза өндіріс пен экологиялық таза өнімді анықтау- дың ғылыми - теориялық негіздері
Aдам денсаулығы үшін қауіпті нәрсе тамақ өнімдерінде болатын - ауыр металдар (РШШ - рауалды шекті шама деңгейінен жоғары) . Кез - келген тамақ өнімдерінен ауыр металдарды байқауға болады, бірақ әрбір тағамда металдық ластану дәрежесі (құрылымы) әр түрлі болып келеді (Қосымша А) .
Ауыр металдардың шамамен 70 пайызы адам ағзасына тамақ өнімдері арқылы түседі. Тамақ өнімдерінің уытты металдармен ластануы адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Өндірілетін өнімнің металлдық ластану құрылымы негізгі дайындалатын шикізатты өсіру жағдайы мен тазалылығы, оны технологиялық өңдеудегі сапалылығы сияқты қосымша материалдарға тәуелді болады. Сол себепті экологиялық таза өнімді алу аз қалдықты технологияның нәтижесінде ғана жүзеге асады. Аз қалдықты технология экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, кепілді сапаға негізделген тамақ өнімдерімен де қамтамасыз етеді [4] .
Аз қалдықты технология немесе қалдықсыз технология туралы түсінік 1970 жылдардың басында қалыптаса бастады. Осы жылдары аз қалдықты технологияны өнеркәсіп пен өндіріс орындарына енгізу мәселелері жан - жақты қарастырылды [5] .
Әлемдегі тамақ өндірісінің негізгі міндеті - өндірілетін өнімнің сапасына қатысты жаңа талаптар мен озық экологиялық стандарттарды тиімді пайдалану болып табылады. Бұл мақсаттарға қол жеткізудің бағыты «экологиялық таза өндіріс» (ағылшын терминологиясында - «Cleaner Production», «таза өндіріс») . «Cleaner Production» туралы ұғым экологиялық таза технология мен қалдықсыз технология туралы пікірлер негізінде пайда болды. 1979 жылы Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы экологиялық таза технология туралы алғашқы терминді бекітіп, онда келесі үш мәселені қарастырды:
1) табиғи ортаға (суға, ауаға, жерге) тасталынатын қалдықтардың мөлшерін азайту;
2) қалдықтар мөлшерін азайту (қалдықсыз немесе аз қалдықты технология негізінде ) ;
3) табиғи ресурстарды (су, энергия, шикізат) пайдалануды азайту.
1992 жылы ЮНИДО бағдарламасы «экологиялық таза өндіріске» - «қоршаған орта және адам үшін тәуекелділікті төмендету мақсатымен бұйымдар мен үрдістер үшін қоршаған ортаны қорғаудың жиынтық стратегиясын үздіксіз пайдалану» деген анықтама берді [6] . 1996 жылы Оксфордта экологиялық таза өндіріс туралы өткен конференцияда экологиялық таза өндіріске берілген анықтамалар келесідей түсініктермен толықтырылды:
- экологиялық таза өндірісті пайдалану өндірістік үрдістерде пайда болатын барлық қалдықтардың уытты деңгейін төмендету, санын азайту, материал мен энергия шығындарын қысқартуды білдіреді;
- экологиялық таза өндірісті қолдану бұйымның өмірлік циклінің барлық ағымында - өндіріс үшін шикізатты өңдеуден өнім тұтынылғанға дейінгі аралықты қамтиды;
- экологиялық таза өндірісті қызмет көрсету саласында пайдалану қызмет көрсету аясында экологиялық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.
Экологиялық таза өндіріс - өндірісті басқару саласында кешенді көзқарасты талап етеді, ол дегеніміз:
біріншіден, ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен энергияны үнемдеу, материалдарды алмастыру, уытты қалдықтарды жою, аз қалдықты технологиялар жағына қарай өнімдер мен жабдықтарды бейімдеу, өндірістік үрдісті жетілдіру, өнімнен ластаушы заттарды алып тастау, өнімді өңдегенге дейін және өңдеу үрдісінде барлық қалдықтардың мөлшері мен уыттылығын (уытын азайту, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыру) және қоршаған ортаны қорғау бойынша бірінші кезектегі шара ретінде ұқсату мен өңдеуді қолдану;
-өнім шығару саласында өнімнің бүкіл айналымында - яғни шикізатты алудан өнімді шығаруға дейінгі кезеңде оның қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға басты назар аудару керек;
-өндірістің, технологиялар мен өнімнің қауіпсіз және экологиялық ұтымды жүйесін пайдалану;
-өндірістік өнімді немесе жобаны жасағанда өнімді бастапқы шикізаттан ұқсатуға дейінгі толық циклін (айналымын) бағалауға мүмкіндік беретін бағалау әдістемесін пайдалану;
- қоршаған ортаны ластануды азайтатын және өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін таза технологияларды жасау арқылы ғылыми - техникалық қызметтерді дамыту.
Осы жағдайда, таза өндіріс адам және қоршаған орта үшін қауіпті шектеу немесе алдын - алу мақсатымен өнімдердің айналым циклі мен өндіріс үрдісінің барлық фазасында жүзеге асырылады. Мұнда өнімнің айналым циклі - шикізатты материалды өндірісте пайдаланып, дайын өнімді алу, тұтыну және оның жойылуына дейінгі аралығы қатаң бақыланады. Экологиялық таза өндірістік үрдістер, технология мен өндірістік құралдар ластаушы заттардың пайда болуының алдын - алып, қалдықтардың аз деңгейде түзілуіне себепші болады. Осының нәтижесінде ресурс тұтыну азайып, қалдықтардың түзілуі кеми бастайды және аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар энергетикалық шығындарды үнемдеуге болады; ең бастысы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өнеркәсіп қалдықтарының қолайсыз әсерлерін елеулі дәрежеде төмендетеді. Бұл қадам бірнеше ұйымдастыру деңгейінде мәселені бірден шешеді және технологияда, қолданыста, еңбекті ұйымдастыру, өндірісті басқару жүйесінде, өнімді пайдалануда, нормативтік заң саласында принципті өзгерістерді, яғни технология деңгейін бағалауда, өнім сапасын қамтуда, экологиялық көрсеткіштерді қамтамасыз етуде кешенді шешімдер қабылдауды талап етеді. Экологиялық таза өндіріс идеологиясына сәйкес фирма немесе кәсіпорын деңгейіндегі ластаушы агенттерге қатысты қызметтерді келесі ретімен орналастыруға болады:
-Қалдықтар мен ластаулардың алдын-алу;
-Қалдықтар мен ластаулардың пайда болуын азайту;
-Қалдықтарды қайта пайдалану және өңдеу;
-Энергия мен материалдарды ұтымды ұқсату;
-Қалдықтар мен ластауларды залалсыздандыру және жою;
Экологиялық таза өндірісті бағалау негізінде, яғни таза технология түсінігінде үздіксіз жетілген принципі жатыр. Экологиялық таза өндіріс сындарына сәйкес, сараптама жүргізуде әсер етуші немесе жобаланған сындар төмендегідей бағаланады:
- Энергия шығыны мөлшері бойынша;
- Материалдарды сақтау мен рециклингтің әртүрлі нұсқаларын қолдану бойынша;
- Қоршаған ортаға қалдықтарды шығару шамасы бойынша.
Өнімдерді қалдықсыз технология тәсілімен өндіру идеясын алғаш кеңестік ғалым академиктер Н. Н. Семенов, Б. Н. Ласкорин, М. В. Петров, Соколовтар ұсынған. 1979 жылы Женевада өткен жалпы еуропалық Кеңесте арнайы Декларация қабылданған болатын, яғни онда «аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны қолданудың және қалдықтарды пайдаланудың маңызды мақсаты - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» - деп көрсетілді. [5, 7, 8] .
Қалдықсыз өндіріс технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т. б. міндеттермен өзара күрделі байланысқан қатаң шешімдерді және көп уақытты қажет етеді. Сондықтан қазіргі таңда аз қалдықты технологияны өндіріске енгізу қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды тастауды санитарлы- гигиеналық норма деңгейінен асырмауды көздейді, нәтижесінде техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық және т. б. себептерге байланысты шикізат пен материалдың бір бөлігі (салалық нормативтермен анықталады) пайдаланатын қалдықтарға айналады немесе арнайы жерлерге көмуге бағытталады.
Қалдықсыз өндірісте немесе экологиялық таза өндірісті қолданғанда алынатын өнімнің экологиялық тазалығы сақталынумен қатар қоршаған ортаға жағымсыз әсерлер азаяды, соның нәтижесінде өндіріс тұрғындарға зиянын тигізбейді және табиғаттың тепе-теңдігін бұзбайды.
Қалдықсыз өндіріс - бұл өндіріс нәтижесінде шикізаттың соңғы өнімге айналуы. Экономист - ғалым Е. М. Үпішевтің айтуынша, қалдықсыз технология - энергия мен шикізатты кешенді әрі ұтымды пайдалану барысында өнім өндірілуі (үрдіс, кәсіпорын, аумақтық-өндірістік кешен) және «шикізат ресурстары-өндіру-тұтыну - қайтарымды шикізат ресурстары» циклінің жүзеге асуы барысындағы кез келген іс - әрекеттің қоршаған ортаға зиянын тигізбеуі [5, 8] .
Өндірісті экологияландырудың басым бағыттарының бірі - қоршаған ортаны ластауларды азайту және пайдалы өнімдерді алу үшін, биологиялық үрдістер мен тірі ағзалардың қызметі негізінде биотехнологияларды кеңінен пайдалану. Биотехнология негізінен агроөнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Нан пісіру, шарап ашыту т. б. микробиологиялық технологияның негізінде жүзеге асырылады. Биотехнологияны өнеркәсіпте қолдану кеңінен өріс алуда. Шындығында, табиғи биологиялық үрдістер технологиялық үрдістермен салыстырғанда таза әрі үнемді.
Өнеркәсіпте биотехнологияны қолдану ауыл шаруашылығында зиянды заттарға қарсы күресуге қолдануға, топырақ құнарлығын арттыруға және жануарлар үшін жем өндіруге зор мүмкіндіктер береді. Мәдени өсімдіктерді өсіру, бағалы биопрепараттарды синтездеу, витаминдер мен дәрі - дәрмектер, ұлпаны биоалмастырушыларды өндіру, өндірістің шығарылымдарын тазалау - міне, осының барлығы микробиология, биохимия, гендік инженерия салаларында кеңінен қолданылады. Биотехнологияны қолдану ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірістерінің сапалы өсуіне көптеген мүмкіндіктер береді.
Экологиялық биотехнология саласы келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
- Қатты қалдықтарды биологиялық өңдеу;
- Ауа мен ақаба суларды жағымсыз иісті заттардан биологиялық тазалау;
- Органикалық және мұнай қалдықтарымен ластанған топырақты биологиялық тазалау;
- Химиялық тыңайтқыштармен ауыл шаруашылығы алқаптарының ластануына қарсы биологиялық балама тыңайтқыштар қолдану.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz