Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. . . . 3

1. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы

1. 1 Мемлекеттік тәуелсіздіктің жариялануы . . .

1. 2 Конституциялар және конституциялық реформалар . . .

1. 3 Тәуелсіздік жылдарындағы шекара мәселесі . . .

2. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі

2. 1 Экономикалық реформалардың бастапқы кезеңі . . .

2. 2 Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан экономикасы . . .

2. 3 Қазіргі таңдағы Қазақстандық экономика моделі . . .

3. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік - мәдени процестері

3. 1 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты . . .

3. 2 Білім, ғылым, мәдениет саласындағы реформалар . . .

3. 3 Этнодемографиялық үдерістер . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Магистрлік диссертацияның өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айла-шарғысымен кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір дәуір, кезең тарихы қайта объективті зерттеуді талап етіп отырған ұлт пен мемлекеттің дамуы мен қалыптасуына талдау жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялап, қоғамдық өмірдің барлық салалары бойынша дамудың толыққанды субъектісіне айнала бастады. Тәуелсіз Қазақстан мәдени, әлеуметтік, экономикалық дамудың әлеуетіне ие, Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орынды алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі.

Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста бетпе-бет келген жиырма сын-қатер алдымызда тұрды. Олар: 1. Заңды ресімделген және халықаралық мойындалған мемлекеттік шекараның болмауы; 2. Қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық қару арсеналының болуы және Семей полигоныпроблемалары; 3. Дербес қарулы күштердің болмауы; 4. Криминогендік ахуалдың нашарлауы және ұйымдасқан қылмыстың өсуі; 5. Ескірген заңнамалық база; 6. Мемлекеттік басқарудағы Әміршіл-әкімшіл жүйенің тиімсіздігі; 7. Экономикадағы дағдылы байланыстардың үзілуі; 8. Ауыл шаруашылығының күйреуі, селодағы тұрмыс деңгейінің күрт төмендеуі; 9. Мемлекетте қарды құралдарының жетіспеуі, алтын валюта резервтері мен ұлттық валютаның болмауы; 10. Гиперинфляция, ақшаның күрт құнсыздануы; 11. Каспий теңізі мәртебесінің құқықтық реттелмеуі, мұнай-газ кен орындарының игерілмеуі; 12. «Байқоңыр»космодромыбола тұра, өзінің ғарыштық бағдарламаларының жоқтығы; 13. Тұрғындар өмір сапасының күрт нашарлауы; 14. Шет елдерде тұрақты тұруға тұрғындардың жаппай ағыны, керімиграциялық баланс; 15. Туудың күрт құлдырауы, демографиялық дағдарыс және тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығының төмендеуі; 16. Халықаралық деңгейдегі мамандардың өткір жетіспеушілігі мен нарықтық жағдайларға сайма-сай емес білім беру жүйесі; 17. Жедел тартылып келе жатқан Арал теңізі сияқты аса ірі экологиялық апаттардың салдары; 18. Әлемнің беделді мемлекеттерімен халықаралық байланыстардың және қатынастардың болмауы; 19. Этносаралық қақтығыстар қысымы мен қатерінің өсуі; 20. Қазақ этносының топтаспағандығы, қазақ тілін жоғалту қатері, ұлттық мәдениеттің дағдарысы. Бұндай қатерді жеңіп, әлемге танылған еліміздің тарихын зерттеп, оған талдау жасау өзекті мәселе. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан тарихын жазып зерттеу шынайы, ақиқаттылығы басым, ешбір бұрмаланып жазылмайтын, нақты тарихи деректерге сүйеніп жазылатын дүние. Бұл зерттеуді қажет ететін, келер ұрпақтың тарихы.

Магистрлік диссертациялық зерттеудің негізгі нысаны . Тәуелсіз Қазақстанның 1991 жылдан бастап қалыптасуы мен 2012 жылға дейінгі дамуы болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы оның экономикасы мен әлеуметтік-мәдени процестері , зерттеу пәні болып табылады.

Магистрлік диссертацияның зерттелу деңгейі.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет ретіндегі даму кезеңінің тарихын қазіргі уақытта отандық ғалымдар да, шетелдік ғалымдар да құлшына зерттеуде. Жаңа мемлекеттің орнауы, президенттік институттың орнығуы мен эволюциясы, билікті бөлісу, жүйесін дамыту, қоғамдағы демократияландыру, мемлекеттік-құқықтық жүйе мен сот жүйесінің қалыптасуы проблемасы бойынша бірқатар еңбектер бар. Ұлттық бірегейлік, мемлекеттілікті нығайту барысындағы этносаралық үйлесімді қатынастарды қалыптастыру мәселелері қызу талқылануда.

Орыс зерттеушілері А. Безбородовның, Н. Елисееваның, В. Шестаковтың «Перестройка и крах СССР» [1] атты ұжымдық еңбектерінде КСРО құлағаннан кейінгі Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі және Н. Ә Назарбаевтың президент болып сайланғаны туралы жазған. Сондай-ақ орыс зерттеушісі Е. Т. Гайдар өзінің «Гибель империи»[2] атты еңбегінде 15 республиканың КСРО-дан бір жола шығулары туралы қай уақыт аралығында шешім қабылдағандары жайлы мәлімдейді.

Шет ел зерттеушілері Марта Брил Олкот «Қазақтар»[3; 3 б. ] атты еңбегінде: «Орталық Азия елдеріне тәуелсіздіктің ешқандай күрес жүргізбестен оңай олжа ретінде келгендігін меңзеді.

Сонымен қатар зерттеуші В. Поп өзінің «US News and World Report»[4; 3 б] журналында жарық көрген еңбегінде: « . . . бүгінгі таңда орыс-қазақ байланыстары, жұмсартып айтқанда, бұлыңғыр. Қазақтар орыстарды ұлы халық ретінде емес, бағы тайған халық ретінде көріп отыр. Қазақтар бұрынғы отарлаушы ел болған Ресейге астықты экспорттық өнім ретінде сатуда. Ұлғайып келе жатқан этностық теке-тірестер тікелей қақтығыстарға себеп болады. Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тұрып жатса, ұлт құраушы қазақтар халықтың 42 пайызын, орыстар оларға жақын 40 пайызды құрайды. Қазақстан Ресеймен келіспеушілікке ұрынуының да әбден ықтимал екенін атап көрсетті.

Тәуелсіздік жылдарындағы елімізде туындап жатқан жаңа үрдістерге өз ұстанымы және оларды көре білу ең бірінші елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 20-дан астам кітаптарынан көруге болады. Оларға: «Тәуелсіздік белестері», «Сындарлы он жыл», «Әділеттің ақ жолы», «Еуразия жүрегінде», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан жолы» және т. б. кітаптарын келтіруге болады.

Н. Ә. Назарбаев еңбектерінің тарихнамалық маңызы жоғары. Себебі, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің шығармалары ой-пікірлерінің жалпы ғибраттық желісін сақтай отырып, ылғи да түсіндірушілік-түсіндірмелік сипатта болып келеді. Адамзат пен қоғамды толғандыратын көкейтесті мәселелер жайында, олардың өткенін, бүгіні мен келешегін көрегендікпен пайымдайтын мемлекет басшылары санаулы ғана болған. Тәуелсіздік тәжірибесінің тағылымдарына негізделген болашаққа шынайы ғибратты өнеге ахуалын жасаған тәуелсіздік сәулеткерінің ой-арманы жас жеткіншек пен тәуелсіздік құрылысшысының - Қазақстан азаматтарының жүрегіне етене жақын сезіледі.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен даму тарихы жайлы Х. М. Әбжановтың, Б. Ғ. Аяғанның, Д. А. Махаттың «Қазіргі Қазақстан тарихы» атты ұжымдық еңбектерінде, Қазақстан тарихының көне замандардан бүгінге дейінгі өзекті мәселелеріне тоқталады. Мелекеттің саяси даму, мемлекеттік стратегияның маңызды тұстары, қоғамның қазіргі даму ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелік тұрғыдан қарастырылады.

Сондай-ақ, Б. Ғ. Аяғанның, Х. М. Әбжановтың, Г. Р. Нұрымбетованың «Егемен Қазақстан тарихы: Тәуелсіздікке 20 жыл: Тарихи-құжаттық зерттеу» атты ұжымдық тарихи-құжаттық жинақта тәуелсіз Қазақстанның саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік салалардағы жетістіктері, сыртқы саясаттағы табыстарына қатысты құжаттар мен деректер өзекті ғылыми мақалалар жинақталып берілген.

Тәуелсіз Қазақстан тарихына байланысты тағы да бір Б. Ғ. Аяғанның, Х. М. Әбжановтың, М. С. Томанованың ұжымдық еңбектері, ол «Тәуелсіз Қазақстан: Күннен-күнге. Оқиғалар хроникасы» деп аталады. Бұл еңбекте Тәуелсіз Қазақстаның 20 жылдық тарихындағы маңызды деректерді жинақтаған алғашқы ақпараттық анықтамалық басылым болғандығымен құнды. Шежіреге енген оқиғалар мен үдерістер еліміздің тәуелсіздік алған жылдардағы қоғамдық саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және ішкі саяси өзгерістерді қамтиды.

О. Сәбденнің «ХХІ ғасыр табалдырығындағы өтпелі кезеңнің экономикалық саясаты» атты еңбегі мемлекеттің өтпелі кезең жағдайындағы экономикалық саясатының өзекті проблемаларына арналған.

Ал, Қазақстан экономикасы жайлы зерттеп еңбек жазған, А. Е. Есентүгелов. Оның «Қазақстанда экономиканың институттық - құрылымдық түрленуі»атты еңбегінде, экономиканы реформалау үрдісіндегі жекешелендірудің, шетелдік инвестицияларды тартудың, өтпелі кезеңдегі баға саясатының күрделі мәселелеріне тоқталады.

З. С. Баймағанбетовтың «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени саясаты: әзірлеу, іске асыру, проблемалар (1980-2000 жылдар) : тарихи талдау» атты монографиясында Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуы тарихының мәселелеріне егжей-тегжейлі талдау жасалады. Зерттеуде ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап, Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуындағы неғұрлым елеулі кезеңдерге талдау жасалған.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының деректік негізінің бірінші тобын құқықтық сипаттағы деректер құрайды. 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы, 1993 жылғы Қазақстан Конституциясы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде конституциялық жолмен ресімделуінің түпкі дереккөздері болып табылады. Сонымен қатар, дерек ретінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан - 2030: барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»(Алматы, 1997) .

Зерттеу жұмысының деректік негізінің келесі тобын мерзімдік баспасөз материалдары құрайды . Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып, даму деңгейін ашып көрсетуде, қарастырылып отырған жылдардың басылымдарында жарияланған мақалалардың орны бөлек. Атап айтқанда, «Егемен Қазақстан», «Ақиқат», Қазақ тарихы», «Саясат» сияқты газет-журналдарда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен оның экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуына байланысты сипаттамалары құнды болып табылады.

Диссертацияда ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының мына қоры пайдаланылды: қор 2263, тізбе 1, 12-іс, 146 - п.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. 1991-2011 жылдар аралығындағы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихын, оның ішінде мемлекеттің тәуелсіздікке жетуін, экономикасын және әлеуметтік-мәдени процестерін объективті түрде ашып көрсету, диссертацияда басты мақсат етіліп қойылды. Осыған орай мынадай міндеттерді шешу назарға алынды:

  • Мемлекеттік тәуелсіздіктің жариялануын ашып көрсету;
  • Конституциялар және конституциялық реформалардың маңыздылығын айқындау;
  • Тәуелсіздік жылдарындағы шекара мәселесінің тарихи маңызын анықтау;
  • Экономикалық реформалардың бастапқы кезеңін ашып көрсету;
  • Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан экономикасының негізгі мәселесін айқындау;
  • Қазіргі таңдағы Қазақстандық экономика моделінің жеткен жетістігін ашып көрсету;
  • Мелекеттің әлеуметік саясатына талдау жасау;
  • Білім, ғылым және мәдениет саласында жүргізілген реформалардың тарихи маңызын айқындау;
  • Этнодемографиялық үдерістерге талдау жасау.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі .

Диссертациялық жұмыстың теориялық-методологиялық негізін тарих, философия және т. б. қоғамдық ғылымдардың қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми тұжырымдары құрады. Сонымен бірге тарихтың тарихи-методологиялық мәселелерін зерттеуші шетелдік және отандық жетекші ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып отырған тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ой-пікірлері басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі . Зерттеу жұмысының хронологилық шегі 1991-2011 жылдарды қамтиды. Алғашқы кезеңде Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің жарияланып, шекара мәселесі қарастырылса, одан кейінгі кезеңдерде тәуелсіз Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік-мәдени процестері туралы көрініс тапты.

Аумақтық шегі . Тәуелсіз Қазақстанның тұтастай аумағы қарастырылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қарастырылып отырған кезеңдегі Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы экономикасы мен әлеуметтік-мәдени процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың даму тарихына кешенді түрде талдау жүргізілді. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихының тарихнамасы сараланып, мәселенің теориялық-методологиялық негіздемесі мен деректік негізіне талдау жасалынған.

Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы .

Диссертацияда жасалынған тұжырымдар мен қорытындыларды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәні бойынша жүргізілетін арнаулы курстар мен семинар сабақтарын өткізуде пайдалануға болады.

Сонымен бірге зерттеу жұмысының тұжырымдарын 1991-2012 жылдардағы тарихи кезеңді зерттеуге арналған ғылыми зерттеу еңбектерінде, оқу құралдары мен оқулықтарда қолдануға болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысының тұжырымдары жоғары және орта арнайы оқу орындарында дәрістер оқуда және семинар жүргізу барысында пайдалануы мүмкін.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих және тарихты оқыту әдістемесі» кафедрасында сараптау кеңесіне өтті. Дисстертацияның мазмұны мен нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми конференцияның журналдарында жарияланды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.

- Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетіп, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.

- 1995ж. 30 тамызда жаңа Конституция жобасының негізінде адам және азаматтардың еркіндіктері мен құқықтарының үстемдігі орнап, Қазақстандағы мықты президенттік мемлекеттің негізі қаланды.

- 1993 жылы 13 қаңтарда ҚР «Мемлекеттік шекара туралы»заңы қабылданып, өзімен шетесіп жатқан бес мемлекетпен шекарасын анықтады.

- Экономикалық реформалардың нәтижесінде, Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды.

- 2003-2005 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы қабылданды.

- әлеуметтік реформалар жүргізе отырып, халықтың әлеуметтік жағдайы көтерілді.

- Білім, ғылым және мәдениет саласындағы реформалар, осы салалардың дамуын анықтады.

-. 2012 жылғы санақ бойынша, Қазақстан халқының саны 16 млн-ға жетті.

Диссертацияның құрылымы: Магистрлік диссертацияның құрылымы кіріспе, ІІІ негізгі бөлім және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

  1. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуыМемлекеттік тәуелсіздіктің жариялануы

Көптен аңсап күткен тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Сонау «ақтабан шұбырынды»жылдардан басталған, ел басына қауіп төнген ауыр кезеңнен бастап, орыс отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық көтерілістер, қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі саяси серпілісі және 90-жылдардың басындағы қызыл империяның тұяқ серпер алдындағы жанталасына қарсы ұлт республикаларының саяси күресі, осылардың бәрі ғасырларға созылған отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткізген баспалдақтар еді. [5; 230 б. ]

1991 жылдың көктеміңде одақ пен егеменді республикалар арасындағы қарым-қатынастар жаңа сатыға көтерілді. Одақтас республикалардың егемеңдікке деген жаппай ұмтылысы - 1991 жылдың сәуірінен маусымына дейін Мәскеу түбіндегі Ново-Огареводағы президент резиденциясында одақтас республика басшыларының бірнеше дүркін бас қосуларына алып келді.

Ново-Огоревада 1991 жылы 23 сәуірде РКФСР, Украина, Қазақстан, Белоруссия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары кездесіп, нәтижесінде «9+1» деп аталатын жаңа Одақтық шарт дайындалды. Бұл одақ енді Кеңестік Егеменді Республикалар Одағы деп аталатын болды (КСРО-ның тоғыз одақтас республикасы мен КСРО Президенті) . Тоғыз сағаттық келіссөздерден кейін, елдегі жағдайды тұрақтандыруға шұғыл шара қолдану және дағдарысты еңсеру туралы мәлімдемеге қол қойылды. Құжатта мемлекеттердің егемеңдігі, одақтық өкімет орыңдарының қайта сайлануы мен одақтық жаңа Конституцияның қабылдану қажеттілігі айтылды. Мәлімдеменің мәтініңде болашақ Одақ турасыңда «КСРО» деген түсінік аталынбады.

КСРО-ның тағдыры туралы 17-ші наурыздағы референдумда азаматтардың көпшілігі одақты сақтап қалу жөнінде өз пікірін білдірсе, екінші жағынан республика басшылары, бірінші кезекте Б. Н. Ельцин, Одақтың арқасында өз ұстанымын күшейтуге тырысты. Осындай күрделі жағдайда М. С. Горбачев жаңа одақтық шарт жасауға талпынды. Сөйтіп, тұжырымдар мен мүдделерді үйлестіру мәселесі төңірегінде қарама-қайшылықты үдеріс басталды. [6; 120 б. ]

1991 жылы 12-ші маусымда Ресей Президенті болып Б. Н. Ельцин сайланды. Бұл - Мәскеуде қос өкіметтілік ахуалын бұрынғыдан да шиеленістіре түсті. 17-ші маусымда елде қатты пікірталас тудырған, қайта өңделген шарт жобасы одақтас республикаларға таратылды. 29-шы маусымда М. С. Горбачевтің Н. Ә. Назарбаев және Б. Н. Ельцинмен құпия кездесуі барысында жаңа одақтық шарттың кезекті талқылануы өтті. Бұл кездесуде шартқа 20-шы тамызда қол қою туралы және жаңа басшылықтың құрамы жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Егемен Мемлекеттер Одағының Премьер-министрі қызметі Н. Ә. Назарбаевқа, Президент қызметі М. С. Горбачевке ұсынылды. Б. Н. Ельциннің пікірінше, бұл келісімнің мазмұны 1991 жылғы тамыз бүлігіне түрткі болды. Жаз бойы тайталасушы күштер (бұрынғы одақ пен жаңа одақты жақтаушылар) бір-бірінің ісін аңдып, өздеріне одақтас іздеп және халықаралық қауымдастықтың көзқарасын да анықтауға тырысты. Осыңдай қайшылықты жағдайдағы М. С. Горбачевтің іс-қимылы да оның қарсыластарын 1964 жылы Н. С. Хрущевты орнынан алғандай, мемлекеттік төңкеріс жасау жобасына итермеледі. [7; 245 б. ]

1991 жылдың тамыздың 19-на қараған түні - КСРО Президенті М. С. Горбачев Қырымдағы Фороста демалыста жүрген жерінде биліктен кетті.

1991 жылы 19-шы тамызда Кеңес Одағының радиостанциялары КСРО вице-президенті Г. И. Янаев, КСРО премьер-министрі В. С. Павлов және КСРО Қорғаныс Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары О. Д. Бакланов қол қойған мәлімдемені жария етті. Мәлімдемеде КСРО Президенті М. С. Горбачевтің денсаулығына байланысты өз міндеттерін атқара алмайтындығынан, бұл қызметтің КСРО вице-президенті Г. И. Янаевқа өтетіндігі туралы айтылды. Елді басқару және төтенше жағдай тәртібін тиімді жүзеге асыру үшін құрамына жоғарыда аталғандардан басқа КСРО МХК төрағасы В. И. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б. К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д. Т. Язов т. б. кірген 8 адамнан тұратын төтенше жағдай жөніндегі КСРО Мемлекеттік комитеті құрылды. КСРО Президенті қызметін атқарушы Г. И. Янаев мемлекеттер мен үкімет басшыларына және БҰҰ Бас хатшысына үндеу жолдап, төтенше жағдайдың елде 6 айға енгізілетіні туралы мәлімдеді. БҰҰ тарапынан тиісті түсінікпен қарауға шақырды. ТЖМК-ның №1 қаулысы бойынша негізінде саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралык қозғалыстардың қызметі тоқтатылды. Митинг, шеруге шығу, ереуіл жасауға тыйым салынды. Бұқаралық ақпарат құралдарына қатаң бақылау орнатылды. Астық жинау науқанына кәсіпорын және ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, студенттер, әскери қызметкерлер т. б. жұмылдырылды.

19-шы тамызда бірқатар жарлықтар шықты. №2 қаулысында демократия мен прогреске айрықша ықылас көрсеткен «Комсомольская Правда», «Московские новости» газеттерінің басылуына тыйым салынып, «Известия», «Труд», «Рабочая жизнь» басылымдарын шығаруды шектеді. Мәскеуге әскер мен бронетехника кіргізілді. Өзінің мәні жағынан ТЖМК мемлекеттік төңкеріске талпыныс еді. Осыған байланысты М. С. Горбачев бейтарап саясат ұстанып, оқиғалардың одан әрі қалай өрбитінін күтті. Бірақ жанжалдасушы екі жақтың қайсысы жеңсе де, оның елдің шынайы көшбасшысы ретінде саяси карьерасын жалғастыру мүмкіндігі жоғалған еді. [6; 122 б. ]

ТЖМК барлық республикалардың президенттеріне «КОКП ОК Саяси бюросы мәлімдемесінің» жобасын таратты, онда төтенше жағдай енгізудің себептері айтылды. Қазақстан халқы Мәскеудегі тамыз төңкерісіне әртүрлі көзқараста болды. Елдегі «бүлікшілерді» жақтаушылар арасында қазақстандықтар да бар еді. ТЖМК шешімдерін орындау үшін көптеген облыстарда жұмыс топтарының құрылуы соны айғақтайды. «Кейбір шенеуніктер кабинеттерінен М. Горбачевтің суретін алып тастап жатты. Әлдекімдер бүгінде басқаша сөйлегенмен, шын жағдайдың сол кезде тап осылай болғаны рас».

Халықтың басым көпшілігі құрылған комитетті қолдамады. «Азат», «Желтоқсан», «Қазақстанның социал-демократиялық партиясы» ТЖМК-ны қабылдаған жоқ және тұрғындарды оның жарлықтарына бағынбауға шақырды. 19-шы тамызда Президент Резиденциясында министрлер, әскерилер, кеңес қызметкерлері мен Қазақстан Компартиясы ОК басшыларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізілді. Н. Ә. Назарбаев жиналғандардан бұл жағдайда не істеу керектігін сұрады. [7; 250 б. ]

Түрлі ұсыныстар айтылды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы В. Г. Ануфриев бірнеше рет сөз сөйлеп, ТЖМК-ны қолдауды жақтады. Мәжіліс барысында жұмыс комиссиясы құрылды. Осы күні кешке қарай Н. Ә. Назарбаев қазақ теледидары арқылы алдында сөз сөйледі. «Еліміз үшін аса бір жауапты сағатта, - деді ол өз сөзінде. - Сіздерді тыныштық пен сабыр сақтауға шақырамын». Қазақстан Президенті республика егемендігін нығайту саясатына, демократия ұстанымдарына, КСРО-ның біртұтастығын сақтауға жақтастығын танытты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев елде төтенше жағдай енгізу, тек КСРО Жоғары Кеңесі мен одақтас республикалардың келісімімен ғана, қүқықтық негізде жүзеге асырылуы тиіс екендігі туралы мәлімдеме жасады. Сонымен бірге бұрынғы Ново-Огарево келісіміне қол қоюға шақырды. Бірақ бүлікшілер әрекеті мүмкіндік бермеді.

Президенттің бүл үндеуі республика түрғындарын тыныштандырды. Бұл кезде Мәскеуде жағдай аса ауырлап, шиелінісе түсті. Мыңдаған адамдар халық аузында «Ақ үй» атанған - РКФСР Жоғарғы Кеңесі ғимаратын қоршап алып, Мәскеуге кіргізілген танк, броне-транспортерлерді жібермеді. ТЖМК-ға қарсылық тобын Ресей Президенті Б. Ельцин, вице-президент А. Руцкой, РКФСР Жоғарғы Кеңесі төрағасы міндетін атқарушы Р. И. Хасбулатов, Ленинград мэрі А. Собчак басқарды. Солдаттар арасына үгітшілер жіберілді. «Ақ үйді» қорғаушылар оны берік қамалға айналдыруға кірісті. [6; 123 б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Елбасымыздың тәуелсіздік жолында баяндалған туындыларын тарихнамалық тұрғыда талдау және осы туындылардың Қазақстандық қоғам және ғылым үшін таңдағы қажеттілігі мен маңызы
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Н. Ә. Назарбаев - тарихтағы тұлға туралы
Қазақтың тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz