Кәсіпорын бәсекелестікке қабілеттілігн жоғарылатудағы маркетингтің рөлі


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

1 КӘСІПОРЫН БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГН ЖОҒАРЫЛАТУДАҒЫ МАРКЕТИНГТІҢ РӨЛІ

1. 1 Коммерциялық банктердің бәсекеге қабілеттілігінің алғы шарттары

Банк саласы үшін жоғарғы дәрежеде дамыған бәсекелестік қатынастар (латын тілінен аударғанда «concure» - мақсатқа ұмтылу) . Бәсеке бұл - экономикалық құбылыс секілді экономикалық бәсекелестік процесі, сатушы мен өндіруші арасындағы өнімді өткізу үшін күресі, жеке өндіруші мен жеткізуші арасындағы тауар немесе өндіру мен өткізудің ең қолайлы жағдайға қызмет көрсету үшін бәсекелестігі. Бәсекенің субьектілері сатушы мен сатып алушы болғандықтан, бәсекені сатушы мен сатып алушы арасына байланысты айырады.

Бәсекенің ерекше белгілері:

  1. Сатып алушы үшін альтернативтік қабілеттілік таңдауы бар нарықтың болуы;
  2. Өзара бәсекелескен әр түрлі нарықтық құралды қолданатын сатушы немесе сатып алушының болуы.

Банк саласында кредиттік ұйымдар арасындағы бәсекелестік процесі банктің қызмет көрсетуі мен несиелеу бағыттарында жүзеге асады. Кредиттік ұйымдар өзіне берік жағдайлар жасау үшін талпынады.

Нарықтың басқа да секторларында бәсекенің арнайы спец эффекті сипаттары бар.

Банктік бәсекенің ерекшеліктері:

  • Банктік бәсеке жоғарғы қарқындылық пен дамыған формаларымен ерекшеленеді;
  • Көптеген басқа санаттағы бәсекелестер коммерциялық банктердің бәсекелесі болады. Әмбебап банктермен мамандандырылған банктермен бәсекелеседі (жинақтық, ипотекалық, инвестициялық банктер, кіші және орта бизнес кәсіпорындарына қызмет көрсететін), банктік емес кредиттік ұйымдар, финанстік емес ұйымдар (ломбардтар, кредиттік одақтар, клирингілік төлемдер, зейнетақы фонды, пошта, сауда үйлері) ;
  • Көптеген банк нарығы бәсекелестік кеңістіктің өкілі бола алады, біреуінде банктер сатушылар ретінде бой көрсетеді;
  • Сала ішілік бәсекелестік артықшылығы, түрлі сипаттамаларға ие, бұл банктік өнім мен қызмет көрсетудегі дифференцияға байланысты;
  • Банктік өнімдермен қызметтер бір-бірін өзара байланысқан, бірақ бәсекеге қабілетті «сыртқы» (банктік емес) алмастырушысы жок, осының әсерінен сала аралық бәсекелестік капитал құю арқылы жүйеге асырылады;
  • Банктік қызметте ішкі асулар бола бермейді, асулардың бар болуы көптеген салаларға тән және бұл саладағы бәсекелестіктің салыстырмасы үлкен қарқындылыққа әкеледі;
  • Банктік нарық әр түрлі кешенді ұйымдардың нарықтық саясатын сәйкестендіру және кооперация үшін кең мүмкіндіктерге ие дифференцияланған олигополия нарығы болып табылады;
  • Жеке банктік бәсекелестікпен қатар топтық бәсекелестік да алуы мүмкін [1] .

Банк үнемі ауыспалы орта жағдайында жұмыс істейтініндіктен, банктердің қызмет көрсету нарығында тұрақты бәсекеге қабілетті ұстанымды қамтамасыз ету үшін оның басшылығы клиенттердің талаптарына үнемі әрі жылдам бейімделуі керек және тепе-тең баға саясатын қолдап, бәсекелестер ұсынатын банктік өнімдер мен қызмет көрсету спектрі өзгерістерін сезінуі, елдегі экономикалық және саяси ортақ өзгерістертерді есепке алулары қажет. Осындай жағдайларда банктің динамикалық бәсекелестік артықшылығына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылық арта түседі. Ондай артылықшылықтар банк басшылғының шешімдерді жылдам қабылдау, қызметкерлерді оқыту, ақпаратпен алмасу және ең жақсы тәжірибе енгізу қабілеттілігін білдіреді. Динамикалық бәсекелестік артықшылықтар банктің динамикалық дамуының негізгі өлшемі болып табылады. Тұрақты динамикасы бар, клиенттік базасы өсіп отыратын және депозиттік, несиелік, инвестициялық портфельдері бар, сонымен қатар банктік қызметінің кірісі мол т. б. банктер бәсекеге қабілеттірек болып келеді. Бәсекеге қабілетті артықшылықтардың аталмыш тобы банк дамуының ортақ үрдісін жылдам бағалауға, нарықтың жеке сегменті немесе бүкіл нарықта басты артықшылықтарды, тікелей және әлеуетті бәсекелестермен салыстырғанда, оның қызметіндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанның банк секторындағы бәсекелестікті айтқанда, шынайы сектор мен банктік жүйенің дамуы соңғы бірнеше жылда оның қалыптасуы мен жылдам дамуына себепші болғанын айқындай аламыз. Клиент үшін қатаң күрес жүруде және банк бәсекелестік күресте түрлі құралдарды қолданып келеді. Сонымен қоса, банк секторында, кем дегенде, бәсекелестік өз сипаты бойынша ерекшеленетін үш сегментті атап көрсетуге болады, олар:

- коммерциялық банктер арасындағы бәсекелестік;

- коммерциялық және шетел банктері арасындағы бәсекелестік;

- қазақстандық және шетел банктері арасындағы бәсекелестік;

Коммерциялық банктер арасындағы бәсекелестік барынша назар аудару мен оны зерттеуге лайық, әсіресе, дәл осының нәтижесінде банктік жүйедегі жалпы бәсекелестікті талдауға болады.

Экономикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда, бәсекелестік «еңбек және өндіріс ұйымының ең тиімді деген нұсқаларын таңдау әдісін», яғни технико-технологиялық, ұйымдық және әрбір кәсіпкер алдында тұратын өзіндік экономикалық мәселелер шешімдерінің ең дұрысын таңдауды білдіреді. Сонымен қоса тиімділіктің критерийі істің табыстылығы болып табылады. Онда күш те, аталмыш критерийдің шектеулері де бар. Басқаша айтқанда, белгілі бір мәселенің сол немесе басқа шешімі кәсіпкердің табысын көтерсе, онда сол шешімді кәсіпкер ең дұрыс шешім деп қабылдайды.

Қаржылық қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті қорғау заңында берілген анықтама келесідей: «Қаржылық қызмет көрсету нарығында бәсекелестік - қаржылық ұйымдардың өзіндік жеке қызметтері олардың әрбіреуінің нарықта қаржылық қызмет көрсетуді ұсынатын ортақ талаптарына біржақты әрекет ету мүмкіндігін тиімді түрде шектейтін қаржылық ұйымдар арасындағы жарыс».

Тауар нарығындағы монополстік қызметтердің бәсекелестіктері мен шектеулері туралы» заңда біртұтас анықтама келесідей (әрине, бәсекелестік әртүрлі нарықта өзіндік ерекшелікке ие) : "Бәсекелестік - шаруашылық субъектілердің өзіндік жеке қызметтері олардың әрбіреуінің нарықта тауар айналымының ортақ талаптарына біржақты әрекет ету мүмкіндігін тиімді түрде шектейтін шаруашылық субъектілердің жарысы.

Бұл анықтамалардың кемшілігі ортақ: тиімді бәсекелестік - бұл бәсекелестікті жүзеге асырудың бір нұсқасы ғана.

Бәсекелестіктің керемет анықтамасын "Уралвнешторгбанк" ОАО президенті, Ресей Банктері Ассоциациясының вице-президенті береді.

Попков В. В. : «Бәсекелестік - бұл нарыққа қатысушылардың арасында өз бизнесін қалай жақсы жүргізу керектігі жөніндегі білімді құру және тарату үрдісі. Шаруашылықтың мүмкіндіктері мен қабылдаулары жөніндегі жаңа білімді құрушылар күштілердің деңгейлеріне жетуге талпынушы басқалардың алдында қысқа мерзімдік артықшылыққа ие болады. Ал үйрене алмайтын немесе ресурстардың шектеулері әсерінен өз білімін қолдана алмайтындар нарықтан кетуге мәжбүр. Осылайша, өндірілетін тауар мен қызмет көрсетулердің деңгейінің өсімі жүзеге асады».

Бәсекелестіктің өзгеше белгілерін бөліп көрсетуге тырысайық:

- сатып алушы (сатушы) үшін таңдаудың альтернативті мүмкіндіктері бар нарықтардың болуы;

- өзара жарысушы және нарықтық саясаттың түрлі құралдарын қолданатын сатып алушылардың (сатушы) көп немесе аз болуы.

- осы құралдарды қолдану келесі бәсекелестердің және басқа бәсекелестердің жауапты шараларының кезегі.

Ұқсас: «Банктік бәсекелестік - бұл коммерциялық банктердің және басқа да несиелік институттардың динамикада жүзеге асатын бәсекелестік үрдісі. Сол үрдіс барысында коммерциялық банктер және басқа да несиелік институттар несиелер және банктік қызмет көрсету нарығында өздерін берік жағдаймен қамтамасыз етуге талпынады» [2] .

Банктік бәсекелестік саласы банктік нарық болып табылады. Оның ерекшелігі кең шекарасы бар және көптеген элементтердер тұратын күрделі құрылым болуында. Бұл жерде бір ғана емес, бірнеше банктік нарықтар туралы айтқан жөн.

Қазіргі коммерциялық банктер барлық нарықтық секторда сатушылар немесе сатып алушылар рөлін атқарады. Нарықтық жүйені сату-сатып алу нысаны тұрғысынан қарағанда, оған келесідей секторлар кіреді деп айтуға болады:

1. Құралдарды өндіру және өндірістік қызмет көрсету нарығы. Бұл нарыққа коммерциялық банктер өнеркәсіптер үшін банктік қызмет көрсетулердің сатушылары (есептік қызмет көрсету, есеп шотты енгізу, корпорация қаржыларын басқару), қаржылық делдал ( өндірістік нысандарды несиелеу), сонымен қатар өндірістік ресурстарды сатып алу (кеңселік құрал-жабдықтарды алу) рөлінде шығады.

2. Заттарды тұтыну және тұтынушылық қызмет көрсету нарығы. Бұл жерде банктер қаржылық делдалдар рөлін атқарады (тұтынушылық мақсат үшін несие беру), алайда кейде сатып алушылар (қоғаммен жұмыс аясындағы қабылдауларды ұйымдастыру) ретінде де қызмет етеді.

3. Еңбек нарығы. Ол банктердің осы нарыққа сатып алушы ретінде шыға отырып, уақыт өте келе өзінің персоналын жаңартып немесе толтырып отыру қажет кадрлық саясатының мақсатты саласы болып табылады.

4. Зияткерлік-ақпараттық өнім нарығы. Бұл нарықта банктер банктік қызмет көрсетулердің сатушылары (қаржылық кеңес беру) ретінде де, өндірістік ресурстардың сатып алушылар (бағдарламалық қамтамасыз ету) ретінде де шығады.

5. Жылжымайтын мүлік нарығы. Мұнда банктер көбінесе қаржылық делдалдар (ипотекалық несие беру) ретінде қызмет етеді және сатып алушылар (жер телімдерін және кеңсе үшін ғимарат алу) немесе сатушылар (қайтарылмаған ипотекалық несие бойынша кепілдемені жүзеге асыру) салыстырмалы түрде аз шығады.

6. Қаржылық нарықтар. Бұл салада банктер ең негізгі қызмет етуші жақтың бірі болып табылады. Олардың ішінде келесілерді атап өтсе болады:

- несиелік капиталдар нарығы. Бір жағынан, банктер өздерінің салымшыларынан қаржылық ресурстарға уақытша құқық сатып алады, басқа жағынан қарағанда, несие беруде сатушылар рөлінде болады.

- құнды қағаздар нарығы. Клиенттердің тапсырмаларын орындай отырып, банктер өз еркімен құнды қағаздарды сатып алу-сатуды жүзеге асырып, кейде сатушылардың, кейде сатып алушылардың рөлін ойнайды.

- валюталар және бағалы металдар нарығы. Банктердің рөлі бұл нарықта құнды қағаздар нарығындағы рөліне ұқсас.

Осылайша, банктік бәсекелестік саласы өте ауқымды, ал бәсекелес орта әртүрлі және әртекті екендігін көреміз.

Нарықты және банктің өзіндік мүмкіндіктерін зерттеу банктің материалдық немесе материалдық емес активтері, сонымен қатар банк үшін стратегиялық маңызды және бәсекелестерін озып шығуға көмектесетін қызмет ету саласы сияқты банктің бәсекелестік артықшылықтарын анықтауға мүмкіндік туғызады. Бәсекелестік артықшылықтарға ие болу нарықта берік ұстанымға ие болуына мүмкіндік туғызады.

Бәсекелестік ұғымын бәсекеге қабілеттілік ұғымымен жанастыратын болсақ, ол мынадай анықтамаға сайып келеді: бәсекеге қабілеттілік - перспективаны анықтау, жету қабілеттілігі, бұл банктің нарықтық, әділ бағасына өту және оны акционерлер қалауы бойынша басқару. Толығырақ айтқанда, бәсекеге қабілеттілікке жету - бұл батыстың ең жетік басқару әдістеріне көше отырып, банк бизнесін және қауіп-қатерін бағалау [3] .

Келесі анықтама бойынша, ұйымның бәсекеге қабілеттілігі - ұйымның бәсекелік күрес жағдайында өмір сүріп, табысты даму қабілеті, ол ұйымның әлеуетімен және оны пайдалану деңгейімен анықталады. Мұнда қаржылық - экономикалық, өндірістік, ғылыми - техникалық, кадрлық, маркетингтік құрамдас элементтер туралы айтылған. «Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі» ұғымы «өнімнің бәсекеге қабілеттілігі» ұғымынан кеңірек. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - өнімнің нарықта табысты бәсекеге түсу қабілеті, ең алдымен оған тұтынушылар тарапынан басқа ұқсас өнімдермен салыстыруда жоғары бағалауды кепілдейтін сервис деңгейімен және белгілер жиынтығы есебінен жүзеге асады.

Сонымен қатар, банк бәсекеге қабілеттілігіне мынадай анықтама беруге болады: банк бәсекеге қабілеттілігі - банктің комплексті түрде бар корпоративті тұтынушыларын қажеттіліктерін толық қанағаттандыра отырып ұстап тұру және жаңа құралдары мен аймақтарды игеру арқылы жаңа тұтынушыларды тарту қабілеті [4] . Анықтама жіктелуі 1 суретте көрсетілген:

1 сурет. Банк бәсекеге қабілеттілігінің анықтамасы

*сурет [4] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Коммерциалық банктің бәсеке қабілеттілігі бәсеке артықшылықтарының келесі факторларына тәуелді:

Банк имиджі. Себебі, коммерциалық банктің бәсекеге қабілеттілігі белгілі мөлшерде оның имиджімен байланысты. Жүйелі түрде нарықтағы банк имиджін тексеріп отыру өте қажет.

Тарифтік саясат. Банктің тарифтік саясатының жүйеленуіне байланысты әр түрлі тәсілдер ашу қызметінің қол жетімділік деңгейінің жоғарлауына әкеледі. Нарықта ең төменгі бағаға сәйкестік деңгейі бағалауда фактордың максималды мағынасына сәйкес болады.

Шекаралық қолжетімділік. Коммерциялық банк қызметтерін қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ету арқылы жүзеге алады.

Инвестициялық тартымдылық. Коммерциялық банкпен берілетін қаржылық құралдардың көрсеткіштерін сипаттайтын жүйемен анықталады.

Бәсеке қабілеттік формуласын қысқаша мына түрде көрсетуге болады: Бәсеке қабілеттілік=сапа+ баға+ қызмет көрсету деңгейі. Комерциялық банк бәсекеге қабілеттілігін бағалау сипаттмасын 1-кестеден көруге болыды:

1 - кесте. Комерциялық банк бәсекеге қабілеттілігін бағалау

Бәсекелестік артықшылықтар
Негізгі мазмұны
Бәсекелестік артықшылықтар: Бағалаушының мінездемесі бойынша
Бәсекелестік артықшылықтар: Корпоративті клиенттер ескеретін бәсекелестік үстемділік
Негізгі мазмұны: Сенімділік, кепілдеме, тұрақтылық, банк танымалдылығының дәрежесі, беделі, қашықтықта қызмет көрсету мүмкіндігі;
Бәсекелестік артықшылықтар: Жеке клиенттер ескеретін бәсекелестік үстемділік
Негізгі мазмұны: Банк қызметінің құны, филиалдар жүйесінің таралуы, банк жұмыс уақытының кестесі, клиентке ілтипат танытуы, банктік қызмет тізімі, банктің салымдарды сақтандыру жүйесіне қатысуы;
Бәсекелестік артықшылықтар: Банк қызметіне қатынасы бойынша
Бәсекелестік артықшылықтар: Экономикалық
Негізгі мазмұны: Банктік операциялар мен қызметтер тарифтері, клиенттің уақыт шығыны, операцияны, қызметті қолдану эфектісі;
Бәсекелестік артықшылықтар: Бейэкономикалық
Негізгі мазмұны: Клиентке бәсекелестік қызмет көрсету, салымдар құпиялығын қорғау;
Бәсекелестік артықшылықтар: Бәсекелестік басымдылықтар
Бәсекелестік артықшылықтар: Банк имиджі
Негізгі мазмұны: Бнк туралы түсініктің қалыптасуы, нырықтағы позициясы, аймақтағы коммерциялық банк статусы, тауар белгісі, товарный; знаваемость, репутация
Бәсекелестік артықшылықтар: Тариф саясаты
Негізгі мазмұны: Комиссия көлемі, түрлі критерийлерге байланысты қызмет көрсету тәртібі, жеңілдіктер жүйесі;
Бәсекелестік артықшылықтар: Банкке территориялық қолжетімділік
Негізгі мазмұны: Клиенттердің тіркелген аймғына байланысты жеке коммерциялық банктердің бар болуы, бөлімшелер орналасуының территориялық ыңғайлығы;
Бәсекелестік артықшылықтар: Иневестициялық тартымдылық
Негізгі мазмұны: Жеке және корпаративті клиенттер үшін инвестициялық бағдарламалары, кәсіпорын капиталы мен активтерін басқару туралы ұсыныстар;
Бәсекелестік артықшылықтар: Құзірет дәрежесі бойынша
Бәсекелестік артықшылықтар: Ішкі құзіреті
Негізгі мазмұны: Ұйымдастырылушылық жүйе, маманданған персонал, техникалық жабдықталу, ішкі ережелерінің, регламентінің және нұсқаулардың бар болуы;
Бәсекелестік артықшылықтар: Сыртқы құзіреті
Негізгі мазмұны: Клиент және оның қажеттіліктері, акционерлермен, инвесторлармен, мекмлекеттік ұйымдармен байланыс;
Бәсекелестік артықшылықтар: Динамикалық құзіреті
Негізгі мазмұны: Инновация енгізу жылдамдылығы, операциялар орындау жылдамдығы, экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны, басқару шешімдерін қабылдау жылдамдығы.
Бәсекелестік артықшылықтар: * кесте [5] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Тәжірибеде банктің бәсекелестік артықшылықтары түрлі формаларға ие болуы мүмкін:

  • банк бейнесі
  • көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы;
  • жарғылық капиталдар мен активтердің көлемі;
  • валюталық немес бас лицензияның болуы;
  • тұрақты клиенттер;
  • тілшілік желі;
  • есептер жүйесі және көрсетілетін қызметтің спектрі;
  • филиалды желінің болуы және оның кеңеюінің мүмкіндіктері;
  • ұтымды жарнама;
  • қызметкерлердің біліктілігі, сапалы менджмент, жұмысшылар квалификациясы, жинақталған жұмыс тәжірибесі т. б.

Бәсекелестік артықшылыққа жетудің бірнеше түрлері бар, олар - бәсекелестіктің дифференциациясы, банктік қызметтердің сандық аясын кеңейту, шығын мөлшерін азайту. Бәсекелестік артықшылыққа жетудің өзге де түрлері жетерлік, мысалы, «пионерлік стратегия». «Пионерлік стратегия» дегеніміз - нарыққы жаңа ұсыныс немесе тауар шығару.

Қазіргі экономикалық жағдайда көптеген банктердің қолынан барлық тұтынушының толық категориясын қамту келемейді, көп жағдайда пайда да әкеле алмайды. Көп банктер нарықтың өз сегментін бөліп, жеке тұтынушылардың жеке сұранысына қарай қызмет көрсету керектігін, яғни, дифференциация стратегиясын асыру керектігін түсінеді.

Дифференциация көрсетілетін қызметтердің тұтынушылардың белгілі тобына бейімделуді көздейді, тұтынушыға бірегей қызмет . Бірдей қызмет түрлері сапасы мен бағасы толық сәйкес болса да, тұтынушыларға бірегей әрі таптырмас болып көрінеді. Тұрақты тұтынушылық таңдау жүзеге асады, «банк-клиент» байланысы қадыптасады. Бұл өз кезегінде, жаңа, беймәлім қаржылық-несиелік ұйымдардың нарыққа енуін қиындатады.

Шет елдерде бірдей қызметтердің сапалық дифференциациясы кеңінен қолданылады. Олар баға (қарапайым және эксклюзивті), мақсаттық сегменттер (көпшілік және индивидуалды), пайда көзі (банктік қызметтер, банк автоматтары, кеңес беру орталықтары) бойынша негізделеді. Қызмет сапасының дфференциациясы ортақ тұтынушыға қызмет көрсету сапасын арттырудан басқа, банк алдына банк тауарларының сапа талаптарын анықтау проблемасын алға тартты. Бұл мәселені шешуді екі көзқарасты ұстануға болады, тұтынушы және банк көзқарастары.

Банктің позияциясы банк әрекетінің қорытындысы мен басқа қаржылық-несиелік ұйымдармен салыстырғандағы артықшылықтар мен кемшіліктермен айқындалатын банктің нарықтағы орны.

Әр бөлікке бағытталған шолу банктің беделін анықтайтын, бәсекелестік пен пайданың орнын анықтайтын факторларды бөлуге мүмкіндік береді. Бұл факторларды ретімен атап өткен жөн.

Қаржының жеткіліктілігі. Қаржы нарығының кең әрекеті мен фиктивті балансы қолданылатын фирмалардың көбеюі реттеуші қардрлық органдардың назарын Халық Банк есептулерінің талапқа сай келуіне аударып отыр (І деңгей капиталының ІІ деңгей капиталына қатынасы) .

Сенімділіктің ортақ рейтингі. Бұл рейтингтік бағалауға несиелік ұйымдардың нарық қатысушылармен анықталатын қаржыландыру мен ұйым беделінің сенімдігі жатады.

Өнім масштабымен сәйкестендірілген үнемдеу. Ол бастапқы үлкен ассигнация және инфрақұрылым мен ақпараттық технологияны қолдау үшін жасалған өндірістік шығындар, пайданың басқа альтернативті жолын іздеу банк ұйымына белгілі және жүйелі шығыны бар сипат береді.

Қызметтің кең аясымен сәкестендірілген үнемдеу. Артықшылықтар кешені мен синергиялық эффектке тұтынушы мен нарықты жан-жақты тексеріп, ақпарат алу арқылы қол жеткізуге болады.

Тауар, сала және нарықты экспертизадан өткізу. Банктердің дәстүрлі қызметі келе келе капитал иелері мен инвесторлардың нарық капиталын тура пайдалануға әкеледі. Сондықтан, банктік ұйымдар, маман ретінде аналиктиктер, яғни, фондтық нарықта жасалған келісім-шарттарды білетін эксперттерді алуға бейім.

Бедел - әр қаржылық қызмет көрсететін ұйымның «байлығы» болып табылады. Тұтынушымен қарым-қатынас көптеген келіссөздермен анықталып, олармен оңтайлы қатынас уақытша болған кезде, банк жетістігінің кепілі дифференциация болып табылады. Инвестициялық банктер қызметінде банк беделі келісім-шарттардың көлемі, саны және сапасымен, сонымен қатар, беделдік кестедегі орнымен белгіленеді. Сондықтан, банк беделінің өсуі, банк ішінде жетістіктер мәліметінің таралуы тұтынушыларды көбейтетін негізгі себепкер болып табылады.

Халықаралық қаржы нарығынан үлгі алу. Ұлттық нарықтың келемі инвестициялауға қолайсыз болса, инвесторлар халықаралық нарықта жұмыс істейді, банктер шекарадан тыс қызмет етеді.

Банк бәсекелестігі мен пайда орнын анықтайтын факторларды анықтау банктің бәсекелестермен салыстырғандағы, не болмаса тұтынушылар жадында қалыптасқан беделін анықтауға жәрдемдеседі және сонысымен маңызды болып табылады [5] .

  1. Маркетинг банк бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізі ретінде

Бәсекелестіктің, банк бәсекелестігінің, банктің басекегеге қабілеттілігінің факторларын анықтап алғаннан кейін, банк бәсекеге қабілеттілігінің негізгі тетігі ретінде маркетингті қарастырып өтелік.

Бәсекеге қабілеттілік түсінігі әр түрлі көздерде әртүрлі түсіндіріледі және негізінен маркетинг және менеджмент ғылымдары шеңберінде зерттеледі, сонымен бірге өнімнің (қызметтің), кәсіпорынның, саланың, бүкіл экономиканың да бәсекеге қабілеттілігі бағаланады. Зерттеу аясы кеңірек болған сайын бәсекеге қабілеттілігін бағалау объектісі үлкенірек және оны жүзеге асыру күрделірек болады.

Банк аралық бәсекелестіктің күшеюіне әлем экономикасындағы белгілі бір тенденцияның дамуы себеп болды.

Оның негізгілері:

1. Банк институттарының интернационалдануы. Олардың аса ауқымды өсу мүмкіндіктері мен даму банктердің көп ұлтты сипатқа ие болуына, олардың шетелдік нарықтарға шығуына әкелді. Бұл өз кезегінде әлі күнге дейін ұлттық аяда қалған көптеген проблемаларға интернационалдық сипат берді.

2. Барлық елдерде банктерде бәсекелес болып табылатын көптеген банктік емес мекемелер пайда болып, дамыды.

3. Банк индустриясының әртараптануы (жан-жақты дамуы) . Банк көрсететін қызмет спектрі ұлғайды әрі ақшалай қаражатты қарызға алудың банктік емес әдістері дамыды.

4. Ақпараттық технологияның және коммуникация құралдарының осы заманғы техниканың негізінде дамуы қаржылық институттардың аймақтық және ұлттық қызметін кеңейтті.

5. Банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес институттар арасында қаражат тарту және несие беру бойынша бәсекелестік күшейді.

6. Мемлекеттік реттеумен байланысты банктік қызмет көрсету нарығында бағалық бәсекелестікке шектеу қойылған, сондай-ақ, пайыз мөлшерінің бергілі бір шектен аз болмауы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Егер банк процент мөлшерін жоғары белгілейтін болса, пайда ала алмай қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің теориясы
Бәсекелестік. Алматы нан» АҚ әлеуетін талдау
Кәсіпкерлік қызметті дамытуда маркетингтің ролі туралы
Қазақстан Республикасындағы «Сан-Фарма» компаниясының мысалында халықаралық маркетингтік қызметті талдау
Кәсіпорындардың маркетингтік іс-әрекет
Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі
Халықаралық маркетинг істерін жоспарлау
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Халықаралық маркетингтін қазіргі проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz