Латын әліпбиіне көшу – тіл реформасының бір сатысы



Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы қазаққа керек пе, жоқ па? Көше қалсақ, бізге не береді? Бүкіл қазақ халқының көкейіндегі сұрақ осы. Ұтамыз ба, ұтыламыз ба? Шыққан қаражат орны тола ма, әлде толмай ма? Ең бастысы, өзін ғана емес, елін де, ұлтын да ойлайтын зияткерлік ұлтты қалыптастыруға бұл әліпбидің титімдей болса да септігі тие ме? Міне, осы сұрақтан келетін болсақ, күні бүгінге дейін шешілмей жатқан біраз жайттарға тап болатынымыз анық.
Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін айтып өтті. Шын мәнінде, бұл мәселе өз шарықтау шегіне жеткен болатын. Латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанын көпшілік жақсы біледі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілшілері осы мәселені қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының әліпбиінен латын әліпбиіне көшу туралы жазған еді. Сол кезде кей ғалымдар көне түрік жазуын қолдаса, кейбіреулері Қытай, Монғолия, Иран, Түркия, Ауғанстан мемлекеттерінде тұрып жатқан қандас бауырларымыздың араб жазуына негізделген қазақ жазуын қолданып жүргенін ескеріп, араб графикасына негізделген қазақ жазуын қолдаған болатын. Дегенмен де, сол кездің өзінде-ақ, латын жазуына негізделген әліпбиді қолдағандар басымырақ болғаны жасырын емес. Бүгінде бұлардың қатары көбеймесе азамағаны анық.
К.Хұсайын, Ә.Жүнісбек бастаған арнайы комиссия латынға көшу бағдарламасын әзірлегені көптеген тілшілерге белгілі. Латын әліпбиіне көшуді қолға алатын уақыт жеткенін «Ана тілі» үнжариясында № 53 саны 27 желтоқсанда жарық көрген профессор Ә.Жүнісбектің «Латын қарпіне көшуден ұтарымыз көп» атты мақаласын оқып шыққан өзін қазақпын деп санайтын әр адамның түсінуі керек.
Кейінгі тарихқа көз салсақ, латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі. «Қазақ жазуының теориялық негіздері» атты 2010 жылы жарық көрген зерттеуінде Қ.Күдеринова қазіргі кириллицаға негізделген әліпбидің жобалары 19-ғасырдың соңына қарай жасала бастағанын жазады. Ол былай деп жазады: «Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: (үстіне ноқат салды – Ғ.Қ.Хасанов) а – (ә), о – (ө), у – (ү), і – (і), ы – (ы), н – (ң), к – (қ), г – (ғ). Сөйтіп, зерттеуші он шақты қосымша белгі алғанымен, орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын қолданбады» [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 115 б.]. Н.И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды. Ол жөнінде былай дейді: «кроме приспособления русских букв к татарским звукам, мне пришлось постепенно изменять и установлять орфографию. В первом издании букваря я писал су – вода,аулъ – деревня, аю – медведь. Теперь мы пишем сыу, ауыл, айыу».

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Латын әліпбиіне көшу - тіл реформасының бір сатысы

Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы қазаққа керек пе, жоқ па? Көше қалсақ, бізге не береді? Бүкіл қазақ халқының көкейіндегі сұрақ осы. Ұтамыз ба, ұтыламыз ба? Шыққан қаражат орны тола ма, әлде толмай ма? Ең бастысы, өзін ғана емес, елін де, ұлтын да ойлайтын зияткерлік ұлтты қалыптастыруға бұл әліпбидің титімдей болса да септігі тие ме? Міне, осы сұрақтан келетін болсақ, күні бүгінге дейін шешілмей жатқан біраз жайттарға тап болатынымыз анық.
Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін айтып өтті. Шын мәнінде, бұл мәселе өз шарықтау шегіне жеткен болатын. Латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанын көпшілік жақсы біледі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілшілері осы мәселені қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының әліпбиінен латын әліпбиіне көшу туралы жазған еді. Сол кезде кей ғалымдар көне түрік жазуын қолдаса, кейбіреулері Қытай, Монғолия, Иран, Түркия, Ауғанстан мемлекеттерінде тұрып жатқан қандас бауырларымыздың араб жазуына негізделген қазақ жазуын қолданып жүргенін ескеріп, араб графикасына негізделген қазақ жазуын қолдаған болатын. Дегенмен де, сол кездің өзінде-ақ, латын жазуына негізделген әліпбиді қолдағандар басымырақ болғаны жасырын емес. Бүгінде бұлардың қатары көбеймесе азамағаны анық.
К.Хұсайын, Ә.Жүнісбек бастаған арнайы комиссия латынға көшу бағдарламасын әзірлегені көптеген тілшілерге белгілі. Латын әліпбиіне көшуді қолға алатын уақыт жеткенін Ана тілі үнжариясында № 53 саны 27 желтоқсанда жарық көрген профессор Ә.Жүнісбектің Латын қарпіне көшуден ұтарымыз көп атты мақаласын оқып шыққан өзін қазақпын деп санайтын әр адамның түсінуі керек.
Кейінгі тарихқа көз салсақ, латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі. Қазақ жазуының теориялық негіздері атты 2010 жылы жарық көрген зерттеуінде Қ.Күдеринова қазіргі кириллицаға негізделген әліпбидің жобалары 19-ғасырдың соңына қарай жасала бастағанын жазады. Ол былай деп жазады: Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: (үстіне ноқат салды - Ғ.Қ.Хасанов) а - (ә), о - (ө), у - (ү), і - (і), ы - (ы), н - (ң), к - (қ), г - (ғ). Сөйтіп, зерттеуші он шақты қосымша белгі алғанымен, орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын қолданбады [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. - Алматы, 2010, 115 б.]. Н.И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды. Ол жөнінде былай дейді: кроме приспособления русских букв к татарским звукам, мне пришлось постепенно изменять и установлять орфографию. В первом издании букваря я писал су - вода,аулъ - деревня, аю - медведь. Теперь мы пишем сыу, ауыл, айыу. Ильминскийдің бұл жобасына В.В. Григорьев қарсы шығып, өзінің О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки деп аталатын мақаласында орыс әліпбиіндегі таңбалар өзгермеуі тиіс деп көрсетеді.
Бұл әліпби В.В. Григорьев тарапынан сыналғанымен қазақ тілі дыбыстарын алғашқы әріптерге түсіру әрекеті еді. Бүгінде тіліміздің сөйлеу жүйесін бұзып отырған орыс қаріптерін Н.И.Ильминскийдің қолданбауы қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарынан мүлде бөлек екенін аңғаруында жатса керек. Қ. Күдеринова ол туралы: Оқымысты тарапынан осындай сынға ұшырағанмен Н.Ильминскийдің орыс графикасымен берген қазақ әліпбиінің қазақ тілі дыбыстар жүйесін белгілеуде артықшылығы бар, - деп жазады [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. - Алматы, 2010, 116 б.]. Бұндағы артықшылықты ол Н.И.Ильминскийдің е дыбысының жуан, жіңішке вариантарын таңбалаудан көреді. Сонымен бірге, біздіңше, тағы бір артықшылық артық орыс әріптерін қазақ әліпбиіне енгізбеуінде деп білеміз. Әліпби өзгерген сайын орфографиялық нормалар да өзгереді, ал орфоэпиялық нормалар өзгеріске түсе бермейді. Алайда әріпке сүйене сөйлеу етек алған кезде тілдің басты өзегі болатын орфоэпиялық нормаларға да қауіп төнетінін бүгінгі күннің өзгерісі көрсетіп отыр.
Ал мың жылға жуық араб жазуында болған қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары да соған байланысты өзгеріске ұшырағаны анық. Алайда бұл өзгеріс араб-парсы сөздерін сол тілдердің айту нормаларына байланысты дыбыстаудан туғаны анық. Оған дәлел, Абайдың өлеңдері мен қарасөздеріндегі араб-парсы сөздерінің дыбысталуын алсақ та жеткілікті.
Ал елімізде 1927 жылы әуелі Ташкентте, сосын Қызылордада өткен конференцияларда араб графикасын жақтағандар: А. Байтұрсынов, І. Ахметов, Е. Омаров, Ә. Байтасов, ал Ә.Байділдаұлы, Т.Шонанұлы, Ә.Ермеков тағы басқа оқығандар латын әліпбиін қолдады. Араб жазуын қолдағандар мынадай дәлелдер келтірді:
1) Араб әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бере алады;
2) араб әліпбиі оқуға, жазуға, сауат ашуға қолайлы;
3) өнер құралдарына орнатуға қолайлы;
4) көзге көркем көрінеді;
5) араб әрпімен жазғанда қол сағат тілінің бағытымен бірдей оңнан солға қарай жүреді;
6) жазу машинасына, баспа машиналарына орнатуға араб әліпбиінің жаңасы латындікінен анағұрлым артық [Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. - Астана: Елорда. - 2000, 189 б.].
Ал, олардың қарсыластары араб әрпі сауат ашуға, оқуға, жазуға қиын, себебі:
1) бір әріптің 4 түрі бар;
2) араб әрпінің көбі бір түсті;
3) жазу оңнан солға қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай жазылады. Бұл жазуда да, баспа жұмысында да қиыншылық тудырады;
4) ғылыми кітаптарда (алгебра, геометрия, физика т.б.) пән белгілері латын әрпімен жазылдаы, араб әрпі бұған жарамайды;
5) араб әрпі нотаны жазуға жарамайды;
6) араб әрпі баспахана жұмысында көп қиыншылық туғызады: теру, басу, жөнінде қымбатқа түседі [Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. - Астана: Елорда. - 2000, 189 б.]. Міне, осы таластан соң туатын қорытынды: алаш зияларының басты мақсаты орыс жазуына жоламау болатын. Екі жақтың да ұстанған ұстанымдары қалай болса да кириллицаға көшпеу болатын. Екі әліпбиді ұстанған екі тараптың басты ұстанымы фонетикалық принципті орфографияға негіздеу болатын.
Мәселен, Ж. Аймауытов Емлені өзгертуге жоба деген мақаласында: ...Емлені өзгерту керек дегендегі көзде тұтатұн бас нысанам - сөзді грамматике заңына тірей бермей, қалай естілсе, солай жазу, емле ережелерін азайту, яғни жоғалту, - деп жазған болатын [Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. - Астана: Елорда. - 2000, 186 б.]. Ал А. Байтұрсынов та араб жазуына негізделген әліпбиді ұсынғанда фонетикалық ұстанымды мақұл көрді. Ол: Хасыл кәләм ойым: сөз жазылу керек айтылатұғын түрінше, яғни сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әрпін жазу, естілген дыбыстың әріпі жазылмай басқа әріп жазу керек болса, не үшін ол керекті ғылым наху не сарф жолыменен ыспат етілсін, - дейді [Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы, 1992, 382 б.]. Ол өзінің 24 әріптен тұратын әліпбиін осы ұстаным бойынша түзеген болатын. Латын әліпбиін қолдамаса да осы ұстанымды негіз етіп Х. Досмұхамедұлы латын әліпбиінің жобасын жасағаны белгілі. 1926 жылы Баку сиезінде көпшілік дауыспен (101 дауыс, арабқа 7 дауыс) латын әліпбиі қабылданғанымен қазақ тілін бұл әліпбиге көшіру оңай болмады. Бұндағы қайшылық фонетикалық немесе морфологиялық ұстанымның қайсысы қолайлы болады деген күрделі сұрақтан туды. Қ. Күдеринованың көрсетуінше, латын әліпбиінің алғашқы жобасы 1927-1928 жж. Еңбекші қазақ, Лениншіл жас, Тілші газеттерінде 24 әріп, 1 дәйекшемен жарияланды. Бұл алғашқы әліпби сол кездегі А. Байтұрсынов жасаған әліпбимен бірдей болды және өте дұрыс әзірленіп, жасалған әліпби еді, себебі теориялық база бірден-бір дұрыс еді. Латын әліпбиін енгзу әлі ерте деп Мәскеудегі жиналыста айтқанымен, латын жазуына енгізделген қазақ жазуын жобасын Н. Төреқұлов 28 әріп бойынша әзірледі. 1929 жылы Қызылордада Т.Шонанұлы, Е. Омаров, Қ. Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, Е.Д. Поливанов т.б. қызу талқылаған конференцияда бұл әліпби жетілдірілді. Латын жазуына көшу баяу жүргеніне қарамастан 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне 29 әріппен көшті. Бұл мәселелер Н. Әміржанованың Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы (Алматы, 2010) кандидаттық зерттеуінде қарастырылғанын айта кету керек.
1-кесте - 1929ж. латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. - Алматы, 2010, 131 б.].

Қ. Күдеринова бұл қазақ әліпбиінде 9 дауысты мен 20 дауыссыз фонема болғандығын жазады [132 б.]. Қазір күннің тұрғысынан келгенде бұл дыбыстарға тән жайттарды орынды ескерген әліпби екендігі анық байқалады. Бұл әліпбиде фонетикалық ұстаным орынды түрде ескерілді, сондықтан емлетану да осы ұстанымға сай жасалды. Сол кезде Т. Шонанов былай деп жазыпты: Наш фонетический принцип - не принцип фонетической академической транскрипции. Мы понимаем под словом фонетическим принципом передачу без искажения смысла слова, звуков нашей речи деп жазыпты [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. - Алматы, 2010,, 133 б.]. Бұл әліпбидің артықшылығы мыналар:
1. Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым;
2. кірме әріптер жоқ;
3. жол асты, жол үсті белгілері жоқ.
4. бір дыбыс - бір әріп ұстанымы сақталды.
Қабылданған әліпбидің кемшілігі ретінде ә, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сәйкес алынбағанын айтуға болады. Осы кезден бастап, латын графикасына қазақ тілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының Түркі халықтарымен бірге латын графикасына көшуі
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
Латын әліпбиіне көшу мәселесі
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
Қазақ жазуының бастаулары
Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы
ХХ ғ. басында Қазақстанда латын алфавитіне көшу идеясы
Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы туралы
Қазақ әліпбиінің жүйелері
Қазақ тілі орфографиясындағы негізгі және қосалқы принциптер
Пәндер