Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер


1 ГЛОССАРИЙ
1. 1 Әдіс - құбылыстарды танып білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
1. 2 Әрекет - іс-қимыл, құрал. Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.
1. 3 Бейін алды даярлық - білім алушылардың жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.
1. 4 Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау мен даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.
1. 5 Білімдену - оқу барысында шәкірт игерген білім, ептілік, дағды және ойлау тәсілдері жүйесі.
1. 6 Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
1. 7 Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
1. 8 Даму - адам ағзасында жүріп отырған
Дедукция - ойлаудың бүтіннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы.
Дидактика - педагогикалық ғылымның оқыту әдістерін баяндайтын бөлімі.
Дүниетану - дүниенің даму заңдылығын білу қабілеті, жалпы ой- өріс.
Индукция - жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі.
Индивид - жеке адам, тек өкілі.
Инновация /латын/ - білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс - тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасау және оларды қолдану.
Интерактивтік - интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек өтуі.
Институционалдық аккредиттеу - білім беру ұйымының білім беру
Кешенді тестілеу - ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.
Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушылардың және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.
Концепция /тұжырымдама/- қайсыбір құбылысты түсінудің, түсіндірудің тәсілі, оның мәнін ашу үшін қолданылатын басты идеялар, жетекші ойлар.
Қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушылардың және педагог қызметкердің жанама /алыстан/ немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қалыптасу - барша жағдаят (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және т. б. ) ықпалдары негізінде адамның әлеуметтік өмір өкілі ретінде бой тіктеуі. Тәрбие - тұлға қалыптастырушы жағдаяттар арасында аса маңыздысы.
Метод - бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы. Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді.
Модуль - сызба-жоспар, кесте түрлерінде баяндау үшін құрылған шартты бейне.
Модель - үлгі (эталон, стандарт) .
Мотив - ынта-ықыластың аууы.
Мониторинг - күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу.
Нысан - субъектің, яғни адамның таным мен іс-әрекет аймағы.
Объект - адамның, іс иесінің таным әрекетінің бағыты, әрекет құбылысы, зерттеу нысаны.
Өлшем - бір нәрсені бағалауда, анықтауда немесе жіктеуде негізге алынатын белгілер, бағалау өлшеуіштері. Бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсыну жөніндегі қызметін бағалау.
Педагогикалық әдіснама - педагогикалық білім және оны меңгеру үрдісі туралы ілім. Олар: бастапқы, өзекті, іргелі, философиялық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар сияқты әдіснамалық мәні бар ілімдер .
Парадигма - ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымда қабылданған теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы, олар ғылыми таным барысында пайда болатын болжамдар мен мәселелерді шешуші ғылым тұрғысында түйсіну үшін үлгі, нұсқа, стандарт ретінде қолданылады.
Педагогика пәні - тұлға тәрбиесі, оқуы, білімденуі, дамуы, қалыптасуы.
Педагогикалық үдеріс - оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет, ілгері қозғалыс.
Субъект - сыртқы ортаны нысанды танып білетін және өзінің мүдделеріне бағындыру мақсатында ықпал жасаушы. Оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Технология - қандай да қызмет, іс-әрекеттерді (үдерістерді) жүзеге келтірудің жолдары мен шаралары (средства) жөніндегі білімдер жиынтығы.
Түйін - сөз мәнінің қысқа баянды, сөздің қорытынды түйіні, міндеттердің, әрекет аясының, өкілеттік қызметтің ықшам айтылуы.
Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі.
Эксперименттік алаң - жаңа педагогтік технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
Элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша алынатын білім.
2 ДӘРІСТЕР
№1 модуль 1Модуль. Сауат ашу әдісі туралы ұғым.
2. 1. 1-дәріс тақырыбы: Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
1. Cауат ашу әдістемесі пәні туралы түсінік беру.
2. Cауат ашу әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері.
3. Cауат ашу әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Бастауыш мектептерде сауат ашу әдістемесі - қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс - тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білік, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ.
«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі » - ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.
«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі» пәнінің міндеті - студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру, яғни, сөз және ұғым, мағына, сөз мағынасы, оның даму жолдары, құрылымдық түрлері, сөздік құрамның толығу жолдары, кірме сөздер, олардың алатын орны, шығу тегі, семантикалық сипаты, жалпы тіл білімінде тілдік категориялардың зерттелуіндегі әлі толық ашылмаған жайттарға студенттердің назарын аудару. Студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу.
Пәннің міндеті - студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу жолдарын меңгерту. Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерте отырып, оның ішкі құрылыс жүйесін, өзгерістерін талдауға жетілдіру. Лексиканың актив және пассив қоры туралы түсініктерін молайтып, қазақ тілінің сөздіктерімен жұмыс жасатудың ең оңай әдіс - тәсілдерін меңгерту.
Метод - бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы, тәсілі деген тұрғыда анықтама берілген. /под ред. проф. Д. Н. Ушаков. «Толковый словарь русского языка» том 2, стр 199. / Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді. Метод - халықаралық термин болып орныққан сөз. Метод - сөзбе - сөз алғанда жол, прием т. б.
«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі» ғылымның бір сал䀰ﴃ鼼Ѐде педагогика ғылымының құрамына енеді. Ол ең алдымен оқушыға тілдік категорияларды қандай әдіс - тәсілдер арқылы оқытсақ нәтижелі болады деген мәселелерді қарастырады және ана тілінен білім берудің жолдарын үйретеді. Бастауышта сауат ашу әдістемесі лингвистика, логика, педагогика, психология пәндерімен тығыз байланысты.
Дәрісті қорытындылау: Бастауыш сыныпта сауат ашу пәні, мақсаты мен міндеттері. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы. Бастауыш мектептерде сауат ашудың оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы. Бастауыш мектептерде сауат ашуға қойылатын ғылыми - әдістемелік талаптар. Сауат ашу әдістемесі - ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді оқушыларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым екендігі. Білім беру жолдары мен құралдарына: 1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал;
2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету әдістері жататындығы туралы түсіндіру.
Бақылау сұрақтары:
1. Cауат ашу әдістемесі пәнінің маңызы неде?
2. Cауат ашу әдістемесін түсіндір
3. Ана тілін ұғыну заңдылықтарының білім беру жолдары мен құралдары
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Инновационные подходы в практике работы дошкольных учреждений-
Семипалатинск, 2006
2 . Г. Ж. Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.
3. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет
4. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997
5. Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. -Алматы-1992
6. З. Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2002
7. Қ. Қасабекова. Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары. -А., 1984
8. Қ. Т. Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Ана тілі, 1985
9. Ф. Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселері-Алматы: Мектеп, 1959
10. С. Қалиев, Б. Баймұратова. Өзіміз оқып үйренеміз. А. 1991
11. Қ. Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004
12. Ф. Жұмабекова, А. Салиева. Мектепке дейінгі педагогика пәнін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытудың ерекшеліктері-« Ұлт тағылымы» журналы №2/2006, 59-б
2. 1 2-дәріс тақырыбы: Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
1. Cауат ашу әдістемесі пәнінің ұстанымдары.
2. Дайындық кезеңін оқыту.
3. Әліппе кезеңінің оқу-тәрбие міндеттері.
4. Әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақ жүйелері.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Сауат ашу пәні бойынша стандарт ҚР БМЖМС 2. 003-2002 негізінде дайындалды және "Сауат ашу" пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. Стандарт ережелері:
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне қарамастан, "Сауат ашу" пәні бойынша оқушылардың жалпы білімдік дайындығын жүзеге асыру кезінде,
- орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында берілген пән бойынша педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде,
- білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында пән бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында,
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарында "Сауат ашу" пәні бойынша педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында,
- білім саласындағы орталық жөне жергілікті атқару органдарында "Сауат ашу" пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда қолданылуы және сақталынуы міндетті.
Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім беру ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Сауат ашу" пәні бойыпша осы стандарт мектептің бастауыш сатысындағы базистік оқу жоспарымен білім беру ұйымларының типтік оқу жоспарымен және жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта:
- ҚР БМЖМС 2. 003-2002 "Жалпы орта білім. Негізгі ережелерге",
- ҚР ЕР. 40. 1. 01-2000 ҚР МЖС-нің "Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын құруға, мазмұндауға, рәсімдеуге, мазмұнына және белгілеуге қойылатын жалпы талаптарына" сілтемелер жасалған.
3 Анықтамалар мен қысқартулар
Осы стандартта Қазақстан Республикасы «Білім туралы" Заңына және ҚР БМЖМС 2. 003-2002 сойкес қысқартулар, терминдер және анықтамалар қолданылды. Оларға қосымша осы стандартта келесі анықтамалар мен қысқартулар келтірілген.
"Сауат ашу" пәні бойынша білім беру стандарты - Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының барлық типтеріне ортақ сауат ашуда оқушылардың алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайындайтын құжат.
"Сауат ашу" пәнінің базалық мазмұны - мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын оқу пәні мазмұнының құрамы мен құрылымының тізбесі.
БМЖМС - Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
БОЖ - базистік оқу жоспары
4 Жалпы ережелер
4. 1 "Сауат ашу" пәнін оқытудың басты мақсаты
"Сауат ашу" пәнін оқытудың басты мақсаты оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру: байланыстырып сөйлеуге үйрету; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту; ана тіліне сүйіспеншілікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
4. 2 "Сауат ашу" пәнін оқытудың басты міндеттері: Әліппеге дейінгі кезең: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Әліппе кезеңі: оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Әліппеден кейінгі кезең: оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.
4. 3 "Сауат ашу" пәнінің зерттеу объектілері Интеграцияланған (оқу, жазу) мазмұндағы "Сауат ашу" пәні - ана тілінің байлығын меңгертудегі алғашқы саты, "Филология" білім саласына кіретін пән. "Сауат ашу" пәнінің оқыту аясы:
- қазақ тілінің дыбыстық және әріптік (графикалық) жүйесі;
- қазақ тілінен алғашқы грамматикалық мағлұматтар;
- балалар көркем әдебиеті шығармалары.
4. 4 "Сауат ашу" пәні мазмүнының даму болашағы. Мектептің бастауыш сатысындағы "Сауат ашу" пәнінің мазмұны 2-4-сыныптарда "Қазақ тілі" және "Әдебиеттік оқу" пәндері, негізгі мектепте "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" пәндерінің мазмұнында дамытылады.
4. 5 "Сауат ашу" пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны БОЖ-да "Сауат ашу" пәні "Филология" білім саласына кіретін, мектептің бастауыш сатысында міндетті түрде оқытылатын пән ретінде берілген. Сауат ашуды оқытуға бөлінетін сағат бастауыш сатының БОЖ-дағы мектеп компонентіне (тандау пәндері) бөлінген сағаттар есебінен көбейтілуі мүмкін.
5 "Сауат ашу" пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері
"Сауат ашу" пәні білім берудің негізгі бағдарламасы пәнінде жүзеге асырылады.
"Сауат ашу" пәні оқу бағдарламасының мазмұны
!. Әліппеге дейінгі кезең: сөздің дыбыстық құрамын бағдарлай білу: саусақтарын жазуға даярлау (әр түрлі сызықтар өрнектер мен таңбалар сыздыру) ; сөздік қорын молайту; бай-ланыстырып сөйлеуге үйрету.
2. Әліппе кезеңі: әріптердің баспа және жазба түрлері, бас әріп пен кіші әріп; сөздің дыбыстық-буындық құрылымын модельдеу; сөзді буындап оқу және тұтас сөзбен оқу; сөйлемдерді, мәтіндерді оқу; әріптерді жазу, сөз ішіндегі әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу; сөз, сөйлем жазу; мәтінмен жұмыс жүргізу (сұрақтарға жауап беру, оқығанын мазмұндау, мәтін құрастыру) .
3. Әліппеден кейінгі кезең: сөз, сөйлем, мәтін оқу және жазу: дауысты және дауыссыз дыбыстар, сөз таптары туралы алғашқы грамматикалық маглұматтарды меңгерту (заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер) ; сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазу, кісі аттары, жер-су атаулары және үй жануарларына қойылатын аттарды бас әріппен жазу.
6 "Сауат ашу" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
'Сауат ашу" пәні аптасына 7 сағаттан және оқу жылында 238 сағат оқытылады.
I жартыжылдықта - 1 12 сағат;
II жартыжылдықта - 126 сағат.
"Сауат ашу" пәні интеграцияланған мазмұндағы екі оқулық арқылы жүзеге асырылады:
I жартыжылдықта - "Әліппе" оқулығы;
II жартыжылдықта - "Ана тілі" оқулығы.
7 "Сауат ашу" пәнінің базалық білім мазмұны
Әліппеге дейінгі кезең
Сөйлеу. Сөйлем. Сөз. Буын. Дауысты жоне дауыссыз дыбыстар. Сөзді дыбыстық талдау.
Әліппе кезеңі
Әріптердің баспа, жазба түрлері. Бас әріп және кіші әріп. Сөз. Буын. Сөйлем. Мәтін. Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптері. Сөзді дыбыстық-буындық талдау. Орфографиялық және пунктуациялық ережелер (бас әріппен жазылатын сөздер; сөйлемнің соңына нүкте қою) .
Әліппеден кейінгі кезең
Сөйлеу. Ауызекі және жазба тілде сөйлеу. Қазақ алфавиті. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Жуан және жіңішке. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Буын. Тасымал. Заттың атын білдіретін сөздер. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Заттың сынын білдіретін сөздер. Заттың санын білдіретін сөздер. Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мәтін. Әңгімелер, өлеңдер. ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер.
8. "Сауат ашу" пәні бойынша мектептің бастауыш сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
8. 1 "Сауат ашу" пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар
Әліппеге дейінгі кезең (I жартыжылдық) Біліктілігі:
- сөйлеуден - сөйлемді, сөйлемнен - сөзді, сөзден - дыбысты ажырата алу және бөліп көрсете алу;
- сөздің дыбыстық (фонемдік) құрылымын бағдарлай алу; сөздегі дыбыстардың ретін және санын анықтай алу; сөз басындағы, сөз ортасындағы, сөз соңындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алу;
- сөзді буынға бөле алу;
- сөздің дыбыстық және буындық сызбасын; хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің графикалық таңбаларын айыра алу;
- жазу дәптерінің жолын сақтап, әр түрлі сызықтар. өрнектер, таңбалар сыза алу; әріп элементтерін жаза алу;
- лексикалық тақырыптар бойынша әңгіме құрастыра алу. Әліппе кезеңі (I жартыжылдық)
Білімі:
- қазақ алфавитіндегі әріптердің баспа және жазба түрлерін білу; бас әріп пен кіші әріптерді білу;
- кісі аттары мен үй жануарларына қойылған аттар және жер-су аттарының бас әріппен жазылу ережелерін білу;
Біліктілігі:
- әріпті дыбыстап айта алу, сөздің дыбыстық-әріптік сызбасын құра алу;
- сөзді буынға бөле алу; сөздің, сөйлемнің шегін ажырата алу;
- буынды мейлінше дыбысталатын етіп, дауысты дыбыс әрпіне бағыттап оқи алу;
- сөйлем интонациясын сақтап оқи алу;
-- байланысты мәтіндерді оқи алу; сұраққа жауап бере алу; оқығанын мазмұндай алу;
- әріп, буын, сөз. Сөйлем (3-4 сөзден тұратын) жаза алу. - сөйлемдегі сөздерге кім? не? кімдер? нелер? қандай?
қай? не істеді? не қылды? қайтті? қанша?неше? нешінші? т. б. грамматикалық сұрақтарды қоя алу.
Әліппеден кейінгі кезең (I жартыжылдықтың қорытынды 1-1 сағаты және II жартыжылдық)
Білімі:
қазақ алфавитіндегі әріптердің аталуын және олардың дыбысталуын білу;
-- дыбыс түрлерін; дауысты және дауыссыз дыбыстарды, жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды білу;
-- жуан және жіңішке айтылатын сөздерді білу;
- жуан және жіңішке жұп дауыстыларды білу;
- сөздерді буынға дұрыс бөле білу және тасымалдай білу;
- заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді және оларға қойылатын сұрақтарды білу;
~ сөйлемді, сөйлемдегі сөздердің байланысын білу;
- кісі аттары мен үй жануарларына қойылған аттарды және жер-су аталуын бас әріппен жаза білу;
- сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен бастап, ондағы әрбір сөзді бөлек жаза білу; сөйлем соңына нүкте қоя білу;
-- қысқа өлеңдерді жатқа айта білу (мұғалімнің таңдауы бойынша) .
Біліктілігі:
- байланысты мәтіндерді дұрыс, сапалы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқи алу;
- сұрақтарға жауап бере алу; оқығанын мазмұндай алу;
- сөйлемдегі сөздерге грамматикалық сұрақтар қоя алу;
- жеке сөздерді, сөйлемдерді және шағын мәтіндерді жаза алу;
- мұғалімнің айтуымен жаза алу; сұрақтарға жазбаша жауап бере алу;
- диктант жаза алу;
- мазмұндама, шығарма жаза алу (II жартыжылдықта) ;
- тақырып бойынша берілген тапсырманы өз бетінше орындай алу.
8. 2 "Сауат ашу" пәні бойынша оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне жетуін тексеру.
"Сауат ашу" пәнінен оқушылардың міндетті қойылатын талаптар, диктант, ауызша сұрау, тестілеу арқылы жүзеге асырылады.
Оқуға қойылатын талаптар
Дұрыс оқу: әріптерді тастамай түгел оқу; артық әріп қоспау, орындарын ауыстырмау, басқа әріппен алмастырмау.
Саналы оқу: оқыған мәтіннің мағынасын түсіну; сұрақтарға жауап бере білу, мәтінге ат қою.
Мәнерлеп оқу: сөзді дауыстап және анық оқу; мәтін түріне байланысты сөйлеу мәнерін сақтау; логикалық екпінді қоя білу; кідіріс жасау; дауыс ырғағын сақтап оқу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz