Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс (лекция жинағы)


КІРІСПЕ
1. лекция. Гуманитарлық білім жүйесіндегі философиялық антропология
2. лекция . Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі адам феномені
3.лекция. Түркі тілдес халықтардың философиясындағы антропологиялық ойлар
4.лекция. Түрік суфизмі және оның өкілі: Қожа Ахмет Ясауи
5.лекция. Қазақ халқының ерте замандағы антропологиялық көзқарастары.
6.лекция. Қазақ хандығы дәуіріндегі философиясындағы антропологиялық ойлар
7.лекция. Билер және «зар.заман» философиясы
8.лекция. ХІХ ғ. қазақ ағартушылығы философиясындағы антропологиялық дискурс
9.лекция. А. Құнанбайұлы дүниетанымындағы рухани құндылықтар және Абай даналығын жаңғыртудағы М.Әуезовтың орны
10.лекция. ХХ ғ. басындағы қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс
11. лекция. Қазақтың ұлттық ояну философиясы
12. лекция. Кеңестік кезендегі қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс
13. лекция. Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурсының . бостандық, шығармашылық, өмірдің мазмұны, жаупкершілік мәселелерің қарастыруы
14.лекция. Посткеңестік кезендегі ұлт философияның антропологиясы
КІРІСПЕ
1. лекция. Гуманитарлық білім жүйесіндегі философиялық антропология
2. лекция . Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі адам феномені
3.лекция. Түркі тілдес халықтардың философиясындағы антропологиялық ойлар
4.лекция. Түрік суфизмі және оның өкілі: Қожа Ахмет Ясауи
5.лекция. Қазақ халқының ерте замандағы антропологиялық көзқарастары.
6.лекция. Қазақ хандығы дәуіріндегі философиясындағы антропологиялық ойлар
7.лекция. Билер және «зар.заман» философиясы
8.лекция. ХІХ ғ. қазақ ағартушылығы философиясындағы антропологиялық дискурс
9.лекция. А. Құнанбайұлы дүниетанымындағы рухани құндылықтар және Абай даналығын жаңғыртудағы М.Әуезовтың орны
10.лекция. ХХ ғ. басындағы қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс
11. лекция. Қазақтың ұлттық ояну философиясы
12. лекция. Кеңестік кезендегі қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс
13. лекция. Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурсының . бостандық, шығармашылық, өмірдің мазмұны, жаупкершілік мәселелерің қарастыруы
14.лекция. Посткеңестік кезендегі ұлт философияның антропологиясы
15.лекция. Қазіргі заманғы қазақ антропологиясындағы бірегейлік (идентификация) мәселесі
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Әлеуметтік философия. Хрестоматия. –Алматы: Ақыл кітабы, 1997.
2. Нысанбаев Ә, Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. –Алматы: Қазақ Университеті, 1992.
3. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар жүйесі: әлеуметтік –философиялық талдау. –Алматы, 2000.-265б.
4. Түркістан. Халықаралық энциклопедия. /Бас. ред. Ә. Нысанбаев/.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000.- 565б.
5. Нысанбаев Ә.Н. Жаһандану және Қазақстанның орнықты дамуы. – Алматы, 2002. – 264 б.
6. Нысанбаев Ә.Н., Әбжанов Т.Ы.Қысқаша философия тарихы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 272 б.
7. Мұсаева Н.Р. Мүлгіген жанды рух оятар // Ақиқат, 1998 ж. – № 8. – 52–53 бб

Пән: Философия
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 112 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге


Ф-ӘД-001/026
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР КАФЕДРАСЫ
Дайрабаева Г.Б.
Малдыбек А.Ж.
Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс
(Лекция жинағы)
Түркістан - 2015
КІРІСПЕ
Қазақ философиясы әлем халықтар философиясының табиғи бір арнасы.
Ойлау мәдени кеңістігі болмаған тарихта халық болған емес. Осы тұрыдан
алғанда қазақ халқының ойлау мәдени кеңістігі негізінде екі тарихи өлшеммен
анықталмақ.
Қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов адамға өз өмірінің терең
мағынасы мен мақсатын түсіндіре алатын бірден-бір ғылым философия екендігін
ескерте келіп, уақытша қиындықтарға ұшырап отырған оның болашағына үлкен
көрегенділікпен: "...философия көркейеді. Көркейгендегі жемісін адам жаны
қорек қылады", - деп болжам жасаған болатын.Терең ойлы қаламгердің бұл
пікірі ұлттық философия ғылымының казіргі даму деңгейіне арнап айтылғандай
болып шықты.
Кеңестік дәуірде одақтағы таңдаулы философиялық мектептердің бірі
болып, таным диалектикасы мен логиканы зерттеу саласында сол заман талабына
сай жетістіктерге қол жеткізген казақстандық кәсіби философия мектебі
өркендеудің шын жолына қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін ғана түсті
деуге болады. Себебі, ұзақ жылдар бойы орталықтан басқарылған философиялық
жүйені ырқынан шыға алмаған философтардың назарынан қазақ халқының ұлттық
дүниетанымы мен ұлттық ойлау ерекшеліктері тысқарылау қалып келген еді.
Әрине, бұл салада бұрын ештеңе атқарылмады десек, артық айтқандық болар.
Бірақ, идеологиялық сипаттағы туындылар қазақ халқының философиялық
дүниетанымының терең, қайталанбас ұлттық мәнін көрсете алмады, ой еркіндігі
болмаған қоғамда ол мүмкін емес те еді.
Соңғы он жылдың аумағында қазақтың ұлттық философиясы даму жолында
айтулы қадамдар жасады. Ғалымдарымыздың бұрын амалсыз тежеліп, құрсауға
салынған, енді еркіндік алған ойларының негізінде жазылған туындылары
бірінен соң бірі дүниеге келіп, ұлттық ойлаудың көкжиегін кеңейтті. Бұл
еңбектер менің қарастырып отырған мәселелерімдегі неміс философиялық
ескерусіз жүзеге асыруға болмайды. Сананың өзгеруі ішкі логикаға
байланысты, сонымен бірге әлеуметтік болмыс шарттарының да әсері мол.
Экономикалық және саяси тұрақтылық түпкілікті орнығып болмай тұрған қазіргі
жағдайда көптеген адамдар өмірдін мәнін таба алмау немесе қате, бұлыңғыр
түсіну қатеріне тап болып отыр. Өмір күрделенген сайын адамға өмірден өз
орнын табу, өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру қиындай түсуде. Адамы да,
қоғамы да өзгерген, өзі қырық құбылған заманда болашағы бұлдырланған «адам
жалғыздық пен өгейсінуге, белгісіздік пен бөгделікке ұшырап отыр».
дүниетанымының ерекшеліктерін саралап берді және бұл саладағы жұмыстар
толассыз жалғасуда, себебі, тереңдеп тексеретін мәселелер ұшан-теңіз.
Олардың қатарында өмірдің мәні мәселесі де бар.
Бұрынғы кеңестік философияда бұл мәселеге жеткілікті назар
аударылмады. Дәстүрлі философия ғылымы өзінің негізгі мақсатын адамды тану
деп танығанымен, уақыт өте, әсіресе соңғы сексен жылда философиялық
антропология философия ғылымының зерттеу шеңберінен шығып қала жаздады.
Кеңестік философияның мол мүмкіндіктері мүлдем басқа мақсаттарға жұмсалды.
Идеологияның қызметшісіне айналған философия ғылымы негізінен алғанда жалпы
қоғамның, таптар мен топтардың көзқарасын қалыптастырумен айналысты да,
жеке адамды мазалаған мәселелер мардымсыз, үстіртін және біржақты
зерттелді. Тұлғаның өзі жалпылық сипаттағы ұрандар мен қағидалар
көлеңкесінде қала берді.
Адам болмысын даралық, ерекшелік, жалпылық деңгейінде көрсету
философиялық антропологияның жаңа бағыттарының біріне жатады. Себебі ХХ
ғасырдың батыс ойшылдары өз еңбектерінде диалектиканың категорияларын көп
қолдана бермейді. Классикалық философияның өкілдерінің негізгі көзқарастары
болмыс арқылы адамды тануға бағытталған. Ал ХХІ ғасыр философиясы үшін
адамның өзі болмыс ретінде философияның негізгі мәселесі болып табылады.
Осыған байланысты зерттеу жұмысының негізгі нысаны – адам болмысын
классикалық онтологизм, гносеология және логиканың категориялары арқылы
анықтау болып табылады. Яғни классикалық философия мен философиялық
антропологияны өзара біріктіріп, белгілі бір толықтық ретінде қарастыру
жұмыстың басты мақсаттарының бірі.
1- лекция. Гуманитарлық білім жүйесіндегі философиялық антропология
1. Адамтану философиялық антропологияның міндетті іспеттес.
2. Әлемдік дүниетаным суреттемесіндегі философиялық антропология.
3. Әлем бейнесі және адам бейнесі қатынасы.
Адам туралы ілімнің мән-мағынасын ашпастан бұрын, антропология
сөзінің мағынасын ашып алған дұрыс. Сонымен, anthropos-адам және  logos-
ілім, сөз деген мағынаны білдіреді.Табиатттың жоғары және ең жетілген
перзенті ретіндегі адамға көз-қарас, адамды тану табиғаттың құпия сырларын
ашуға мүмкіндік береді, өйткені адам атқаратын қызметтердің табиғи
бірлігіне табиғаттың барлық күштері қатысады.
Антропология адамды оның бастапқы мәні ретінде көріп шұғылданады.
Оның мақсаты-жалпы адамзаттық психология емес,жекелік сипаттағы адамың
ерекше болмысы сияқты  адамның әдеттегі болмысы. Антропология өмірдің
қайталанбас белгілерін –дененің құрылымын,нәсілін,мінезін,рухани өмір
мәдениетінайқындайтын тәсілдердің біріне айналды.
Адам – ғарыштың тудырған ғажап пендесі, ол текті ұғым болып
табылады, сондықтан адамзат тегіне қатысты барлық белгілер бейнеленеді.
Бірақ мұндай көз-қарас адам мәнін анықтау үшін жеткіліксіз. Адам-қайшылықты
пенде. Оның, бір жағынан –денесі, екінші жағынан, сана, рухы бар екенін
әркім біледі. Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су, ауа, жылу, қоректену ,
ұрпақ жалғастыру  т.с.с.қажет. сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады,
өмірде өз орнын іздейді, шаттанады, қайғырады, сүйеді, жек көреді т.с.с.
егер жануарды оның инстинктері итермелесе,  адам өз инстинктерін әлеуметтік
нормаларға бағындырады, ол — өз-өзін бақылауға ала алатын  пенде. Десек те,
адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әртүрі шешіледі. Мысалы, Орта
ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп,
дене ретінде құлдыратып, тіпті жануарлардан да төмен қояды.
Философия тарихы адамның мәні жайыдағы түрліше ой-пікірлерге толы.
Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе де
болады, өйткені философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам
жөніндегі , оның дүниеде алатын орны мен атқаратын қызметі туралы ой-
толғауларынан туған.
Философияның көп мәселелерінің ішінде ең өзектілерінің бірі-адам
мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғылымдар ғана емес, сонымен қатар
жаратылыс танушылар да «антроптық принципті»қолдап отыр. Осыдан 13 млрд.жыл
бұрын «Ұлы жарылыстың» негізінде пайда болған Дүние – Ғарыш Әлемі  қажетті
түрде сан алуан кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін
саналы пендені, адамды, тудырған екен.  Философия тарихында мыңдаған жылдар
шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар берілді. Солардың ішіндегі ең
көп тарағаны «Homo Sapiens» -саналы адам, «Homo Faber»-құралданған адам деп
Д.Франклин айтқан. «Zn Politicon»-қоғами жануар деп айтқан Аристотель.
«Нomo Morales» деген атты И.Кант берген, Абай оны «Нұрлы жүрек», Шәкәрім
«үш анықтың» біреуіне  жатқызды. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса , ол
жануарлардан құлық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жантүршігерлік
сайтанға айналар еді .   «Homo Aesteticus»-сұлулыққа ұмтылған адам деген
анықтама да адамның бізге ғажап жағын көрсетеді. Адам-дүниедегі жекелген
нәрсенің әсем жағын байқап, одан ляззат алатын  пенде. Біз тек ар-ұжданға,
моральдық құндылықтарға сенер едік, өйткені , өкінішкі орай  , бүгінігі
өмірде салқын лебізді, ар-ұжданның талабына сай келмейтін сұлулық жиі
кездеседі. Голландия ойшылы адмға «Homo Ludens» -ойнайтын адам деген ұғым
берген. Адам өз өмірінде жүздеген ролдерді ойнайды. Шекспирдің айтуынша,
«Наша жизь-театр, а мы в нем актеры»,- дегендей…   «Homo Erectus»- тік
жүретін адам деген анықтаманың да терең мағынасы бар.  Адамға ұқсас
маймылдардың тарихи адамға айналу барысында, оның алдыңғы екі қолы жерге
түскеннен кейін босап, еңбек ету арқасында нағыз  ғажапқа- ешқандай теңдесі
жоқ адамның қолына айналды. Адам өз қолдарымен 2000-нан астам әртүрлі
нәрселерді жасай алады екен (микроскоп арқылы көздің жарасын тігуден
бастап, алып экскаваторды басқаруға дейін). Бірде-бір жануардың осындай
икемі бар  дене мүшесі жоқ. Француз ойшылы Э.Кассирер адамға  «Homo
Simbolicus»-нышан, белгі жасайтын адам деген анықтама берген болатын. Кең
түрде алғанда, символ қайсібір халықтың тілі, бабалардан қалған аңыз-
дастандар, дін, өнер қағидаларын неше түрлі өмірде кездесетін белгілерді
жатқызамыз. Қайсыбір көркем әдебиеттегі салыстырма , нақыл сөздер , бейне
мысалдардың , т.с.с. ар жағында неше түрлі мән-мазмұнның жатқанын байқауға
болады. Мысалы , Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүю (гуманизм), ал
Сизиф болса, нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек , Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу 
— мөлдір махаббаттың символдары ретінде көрінеді. Ф.Ницше адамға «уәде
беретін жануар», Ж.Ж.Руссо «бұзылған жануар» деген анықтама берген болатын.
Сонда адам деген не? Былай қарағанда, бұл аса қарапайым сұрақ
сияқты: адам дегеннің не және кім екенін кім білмейді? Ересек адам түгіл 
бала да адамның не екенін біледі, ал оның ішкі мәніне үңіле қарасақ,одан
күрделі ұғымдар шамалы.
Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық қызық құпия
жоқ депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз
зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете
алмайды.Бірақ жеке ғылымдардың адам туралы нақты білімдерін жай қоса
салғаннан ол жүйелі біртұтас білім шықпайды. Сондықтан философия әрдайым
адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың
көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын , өз
тағдырын «жасау» мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты.Адамды танып білудің
философиялық бағдарламасын Сократтың: «Өзіңді-өзің танып біл»-деген қанатты
сөздерімен қысқа ғана тұжырымдауға болады.
Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама-
қарсы екі бастаманың «жан» мен «тәннің» іштей қайшылықты бірлігі болып
жаратылған деп түсіндірілді. Сондықтан, мысалы, Августин адамды жаны
тәнінен тәуелсіз, өлмейтн жан деп түсінсе, Фома  Аквинский адам жан мен
тәнінің бірлігі, жануар мен періштенің арасындағы бірдеңе деп түсінді. Тән
өледі , жан өлмейді, о дүниеде Құдай алдында жауап береді, сондықтан адам
күнәсінен тазару үшін Құдайға жалбарынуы тиіс деп уағыздады діншілдер.
Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған
(негіздеу) биологиялық және әлеуметтік редукциализмді келтіруге болар еді.
Бүгінгі таңдағы ғылымда адамның био-әлеуметтік  табиғаты мойындалды .
Адамның дене ретіндегі өмір сүруі биологиялық заңдарға тәуелді күнбе-күнгі
өмірімізде адамдардың табиғат өзгерістеріне тәуелді екенін байқауға оңай
болады. Адамның өмір сатылары да биологиялық заңдарға тәуелді. әрбір
адамның тарихтағы  қайталанбастығы да оның әке-шешесі арқылы берілген
генетикалық ерекшелігінде жатқанын мойындамасқа болмайды. Мұндай деректер
шексіз көп.
Сонымен қатар адамның өмір сүруі мен қалыптасуы, дамуында
әлеуметтік факторлардың орасан зор ролін көрсетпесе болмайды. Мысалы,
алғашқы қауымдық  қоғамдық адамның орта жасы 25-те болса, қазіргі дамыған
қоғамдарда ол көрсеткіш 75-78-ге келді.
Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында индивид, тұлға,
индивидуалдық сияқты ұғымдар қолданылады. Адам адамзат тегінің жекелеген
өкілі ретінде индивид түрінде қарастырылады. Бүкіл адамзат тегіне тән жалпы
белгілерімен қатар , оның өзгелерден ерекшеленетін  өз қасиеттері бар. Бұл
табиғи – бойы, көзінің түсі, дене құрылысы және әлеуметтік-дамуының
интеллектуалдық дамуының деңгейі, психологиялық қатпары , рухани
мәдениетінің әр-түрлі деңгейі сияқты ерекшеліктері болып табылады.
Индивидуалдық күрделірек және жан-жақты болады. Индивидуалдық ең алдымен
адамның табиғи және психикалық қасиеттерінен, нақтылап айтқанда, оның
жадынан, темпераментінен , мінез-құлқынан , эмоционалдылығынан көрінеді.
Индивидуалдық белгілер адамның саналы әрекекттерінен де , оның пікірінен,
қылығынан, мәдени қажеттіліктерінен де байқалады. Бір  әлеуметтік топтың 
өкілдері арасында айырмашылық аз болғанымен, индивидуалдық үшін өзгеше
нәрселер тән болады, оның тұлғаға айналуы болып табылады. Көбіне адамның
биологиялық табиғатына негізделетін индивидпен, индивидуалдықпен
салыстырғанда тұлға мәнінің ерекшелігі оның әлуметтік қасиеттерге
негізделетіндігінде. Бірақ табиғи индивидуалдықтың тұлға дамуына өз әсерін
тигізетінін ескеру керек.
Әлеуметтік индивидуалдық, әрине, бос жерде пайда болмайды. Адам нақты
тарихи уақытта және әлеуметтік кеңістікте, тәрбие мен практикалық әрекет
барысында қалыптасады. Сондықтан да тұлға әлеуметтік индивидуалдық ретінде
– бұл әрқашан да нақты нәтиже, өте әр-алуан факторлардың әрекеті мен
синтезі. Адам неғұрлым үлкен деңгейде әлеуметтік-мәдени тәжірибені бойына
жинақтаса, соғұрлым тұлға маңыздырақ және ол өз кезегінде , оның дамуына
өзінің индивидуалды үлесін қосады.
Енді «индивид» (дара адам,жеке адам),
«индивидуальность»(ерекшелікті адам), «личность» (кісі, тұлға) ұғымдарын
қысқаша талдай кетсек, индивид (латын сөзі) – бөлінбейтін, тұтас, өзіндік
деген мағына береді екен. Осы тұрғыдан алғанда бұл ұғымды индивид деген
күйі алған немесе дара адам деп аударған дұрыс сияқты.
Дара адам (индивид) – көптің бірі, жалпы адамзаттың нақты өкілі,
дара. Көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер мен
келбетке ие болса болғаны. Оның санасы жоғары ма, жоқ па, елмен сөйлесе ала
ма, әлде сөйлесе алмай ма, бұлардың оған қажеті аз. Әлемде қанша миллиард
адам бар, соның әрқайсысы – жеке-дара адам.
Ерекшелікті адам (индивидуальность). Ол- өзіндік, тек соған тән
дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, тұр-сипаты, азаматтық қасиеті,
т.б.бар адам . Ерекшелікті адам – сол қасиеттермен қайталанбас феномен. Ол
дүниеге бір ақ рет келеді, әркімнің орны бөлек. Сондықтан бір заманда қағаз-
құжаттарға бармақты басу мөр орнына жүрген. Сол сияқты әрбір адам болу үшін
оның мінезі бар ма , жоқ па, көзі көк пе, әлде қара ма, бойы ұзын ба, жоқ
па-бұлардың еш қажеті жоқ, ал ерекшелікті адамға мұның бәрі қажет. Жоғарыда
келтірілген Әл-Фараби айтқан адамдағы 3 қасиет те осыған жатады. Әрбір
адамда әр қилы қабілет, бейімділік бар. Ол да сондай ерекшелік.
Кісі дегеніміз — жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен
тумаған белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын
әлеуметтік- психологиялық және моральдық қасиеттер қосындыларының иесі,
ақиқатты , болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет
субъектісі. Басқаша айтқанда, ол-қоғамның өмір тәрбиесін бойына сіңіріп,
байыған, жетілген адам. Кейбір адам өрескел қылық көрсеткенде халқымыздың:
«Әй мынау кісіліктен жұрдай екен бар болғаны сүйек пен еттен жаралған пенде
екен»-деп ренжитіні белгілі. Ойлана келгенде «кісі», «кісілік» деген
түсініктер (личность)деген ұғымға біртабан жақын келетін сияқты. Ал
кісілігі мол, азаматтығы жұрттан асқан, көпшіліктің көңілінен шыққан,
ардақты да, ақылды да адамдарды халқымыздың  «маңдайға  біткен» тұлға деп
дәріптейтіні белгілі. Жаңа туылған баланы нәресте, дара адамды индивид деп
атауға болады, бірақ ол әлі кісілікке, тұлғалық сипатқа ие болған жоқ.
Ондай кісі болып жетілудің биологиялық та, психологиялық та, тіпті
әлеуметтік те алғышарттарының мүмкіндіктері бар. Алайда адамзат
мәдениетінің тарихи жемістерінің игеру тәжірибесі ол үшін әлі алда. Кісілік
деңгейге көтеріліп, өзінің  «мәнін» тұрақты бекіту үшін сол керек.
Психологтар адамдарды жігерлілер, жігерсіздер деп екі топқа бөледі.
Жігерлі адам әрқашан да өзінің тұрақты қалпын сақтайды, өз алдына емін-
еркін қызмет жаайды., ұстаған жолынан, қабылдаған шешімінен қайтпауға
тырысады. Ал жігерсіз адамның әдетте тұрақтылығы,  батылдығы жетіспейді.
Тіпті өте білімді, қабілеті мол , бірақ жігері аз адам өзінің бай рухани
мүмкіндіктері қолайлы жағдайлары болып тұрған күннің өзінде де іске асыра
алмай қалатын фактілер жиі кездеседі. Бірақ, түптеп келгенде, мәселе
жігердің күштілігінде немесе әлсіздігінде емес. Оның екеуін де тәрбие
арқылы әр адамның еңбегін, қоғамдаық тәртібін, жұртшылық алдындағы, өзінің
ар-ожаны мен отбасы алдындағы жауапкершілігін көтеру арқылы реттеп отыруға
болады.
Адам дүние жөнінде неше түрлі ұғымдар мен бейнелерді тудырып,
солар арқылы кеңістік пен уақыттың шектеуінен ой арқылы шығып кету
дәрежесіне көтеріледі. Ол-заттар мен құбылыстардың ішкі сырын аша алатые\н
пенде. Ол неше түрлі рухани құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді,
сонымен қатар оларды жойып, тіпті озін жойып жіберетін кездер де болады. Ең
соңында , адам-өз-өзін бақылап, баға беріп, өзімен өмір мен өлім дөнінде
сұхбаттаса алатын пенде. Егер жануарлар өз табиғатына сай өмір сүрсе, адам
алдында «мен неге дүниеге келдім?», «не үшін өмір сүруім керек?» , «қалай
өмір сүруім керек?» деген т.с.с. сұрақтар пайда болады. Оның себебі
жоғарыда көрсетілген адамның ішкі рухани өмірінде жатыр. Міне, бұл қойылған
сұрақтар адам өмірінің мән-мағынасын анықтауға итереді.
Адам өмірінің мән-мағынасы ғасырлар бойы талданып келе жатқан
мәселе. өмір өзгерген сайын болашақта да бұл мәселе талай рет көтерілетіні
созсіз. Яғни бұл адамзаттың өзіне қойған «мәңілік» сұрақтарының біреуіне
жатады. Орыстың ұлы ойшылы Л.Н.Толстой : «Адамның ішінде екі «мен» бар
сияқты және олар бір-бірімен сыйыспай, күресіп жатқан сияқты», -дейді. Бір
«мен»: «мен ғана нағыз өмір сүріп жатырмын, қалғандардың бәрі өмір сүріп
жатқан сияқты ғана, сондықтан бүкіл дүниеніңмән-мағынасы маған деген
жақсылықтың болуында»,-дейд. Екінші «мен» : «Бүкіл Дүние саған емес, өз
мақсаттарына, сондықтан саған бұл өмірде жақсы ма әлде жаман ба, ол оны
білгісі дке келмейді», — деп қортады ұлы ойшыл. Әрине, адамның ішкі өмірі
неше түрлі қайшылықтардан тұрады. Бір шама жағдайда біз тек ақыл-оймен ғана
емес, инстинктер, интуиция арқылы бір нәрселерді жасауымыз ғажап емес…
Адам өз өмірінде, басқа тіршіліктер сияқты, әртүрлі қажеттіліктерін
өтейді. Жалғыз ғана дәулетке жету адамды қанағаттандырып, оның өмірінін мән
мағынасын құрай аламайды. Оның сыртында талай рухқа негізделген адамның
қажеттіліктері тұр. Уақытында американың ғылымы А.Маслоу адам
қажеттіліктерінің төменнен жоғары көтерілетін тізбесін жасаған болатын. Ең
төменгі басты физиологиялық (тамақтану, тыныс алу, қозғалу, киім, баспана
т.с.с.) жыныстық  (дүниеге ұрпақ әкелу) қажеттіліктер. Екінші –
экзистенциялдық қажеттіліктер (қауіпсіздік, еретенгі күнге деген сенімдік,
өмір сүру жағдайларының және қарым-қатынасқа түсетін қоршаған адамдардың
тұрақтылығы т.с.с.). Үшінші — әлуметтік қажеттіліктер (басқа адамдармен
бірігіп, қарым-қатынасқа түсіп, соларың сый-сияпатына ие болу). Төртінші –
престиждік, яғни беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек сатыларымен
жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т.с.с. Бесінші – рухани
қажеттіліктер – шығармашылық арқылы өз мүмкіндігінді өмірге енгізу, іске
асыру.
А.Маслоудың ойынша, төменгі қажеттіліктер өтелмейінше, жоғарғылар
әліде болса адамға қызықты емес. Өтелген қажеттіліктер өз күшін жойып,
адамды жоғарғы қажеттіліктерді игеруге итермелейді.
Сонымен өмірідің ең биік мән-мағынасы шығармашылық сатыға, өз
қабіліттерінді іске асыру, соның арқасында өз тұлғаңның ерекше орнын
анықтап, қанағаттану керек. Ондай адамға тәң нәрселер:
• өмірдің әрбір күнін тендесі жоқ сый ретінде қунаышты сезіммен
қабылдау;
• басқаларды өзінді сияқты бағалап қабылдау;
• басқаларға тәуелді болмау, әр мәсәле бойынша өз пікіріңді көрсете
білу;
• өзегелердің пікірін де қабылап сыйлау;
• өз тандаған ісінді сүю, шығырмашылық денгейде игеру;
• өне бойы өз қабілеттерінді әрі қарай дамытуға кірісу;
• мақсат мұратқа жететің құралдарды таңдау, жақсылық пен жамандықты,
сұлулық пен түрсздікті айыра білу;
• қай жерде болмасын өзінді қарапайым күндегідей ұстай білу; т.с.с.
Басты мәселе — өмірдің мән-мағынасын тудыру, жасауға болмайды, оны
тұлға өзі іздеп тауып алуы керек. Бұл Дүниеде өмірге келген әр адамның оз
орны бар, сондықтан әр адам өмірінің мән-мағынасы өзгеше. В.Франклдің
айтуынша, бұл өмірде әр адамға өзіне керек іс тауып, қайсыбір ахуалдың
шеңберінде өмірлік мән-мағынаны ашуға болады. Біреу өмірінің мән-мағынасын
балаларын жеткізуден, екінші – табиғи дарынын ашудан, үшінші – сүйген адамы
үшін өмір сүруден т.с.с. көруі мүмкін.
Адамның өмірінде тіпіті ойға келмейтін қиын жағдайлар туып (соғыс,
жер сілкінуі, түрмеге түсу, қатерлі ісіктің пайда болуы т.с.с.) қолынан еш
нәрсе келмей, тағдырдын тәлкегіне түскен кезде ол өмірінің мән-мағынасын
жоғалтып, түңіліуі мүмкін. Ондай жағдай болмағанның өзінде әр адам өз
өмірінің аяғында «қайғылы үштіктен» (зардап, күнә, өлім) өтеді. «Осындай
жағдайдың өзінде адам өз өмірінің мән-мағынасын жоғалатып алмауы керек», —
дейді В.Франкл. Ол «ой-толғау құндылықтарына» көшу керек, сонда зардап
шегудің өзінен жан дүниенің тазартатын, көп нәрселерге жаңа баға берілетін
мән-мағынаны табуы мүмкін.
Абай философиясының антропологиялық негіздерінің тұрғысынан
қарасақ. Абай – ұлы философ, ойшыл. Оның дүние танымдық және философиялық
ой-толғаныстарында өте коптеген мәселерге көңіл бөлінген. Бүгінгі күнге
дейін Абай мұрасының толық зерттеліп болмағанына қарамастан, кезінде
М.Әуезов белгілеп берген Абай зерттеулерінің тәрбиелік, ұстаздық, ұждан,
мораль философиясы, әсіресе адам мен адамгершілік мәселелері – оның рухани
мұрасының кең алқымдылығын, теренділігін көрсетеді. Абайдын осы ой
толғаулары мен философиялық ізденістерінде адам мәселесі орталық орын
алады. Абай адам мәселесін жан-жақты философиялық, биологиялық,
психологиялық, эстетикалық және этникалық тұрғыдан қарастырады. Абайдын
бүкіл философиясынын квинтэссенциясын, негізгі принципі ретінде «Адам бол!»
деген ой тұжырымын алуға болады. Абай өзінің бүкіл болмысын, білімі мен
өмірлік тәжірбиесін, поэзия мен прозасын, бүкіл ой толғанысы мен
философиясын адма бойында кісілік пен адамгершілікті, білімділік пен
парасаттылықты, әділеттілік пен қайратты, елдің қамын, бүкіл адамзат қамын
ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан карайтын Азамат адамды тәрбиелеуге
жұмсайтын. Абайдың пікірі бойынша, адагершілік нормаларымен принциптерін
күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп
есептеуге болады, сондықтан : «Адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз…бес
нәрседен қашық бол (бес дұшпан — өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер
мал шашпақ). Бес нәрсеге асық бол (бес асыл іс – талап, еңбек, терен ой,
қанағат, рақым)». Адам үшін онын өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе —
өз бойындағы адамилықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір
сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден де адам болып кету
керек. Адамнын адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау бұл да
адамнын ең алдымен өз алдындағы, басқа адамдардың алдындағы жауап
кершілігі, ол адам тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет
етеді.
Қорыта келгенде, Адам деген – ол бір микрокосмос, әр кезеңде
көптеген ғұлама ойшылдар, хакімдер адамға деген, жалпы адамзатқа деген көз-
қарастарын әр-түрлі қалыптастырған болатын, сонымен қатар, оған болашақта
да  көңіл бөлмей қалдырмайды деп білемін. Сонымен, біздің пайымдауымызша,
адамның мүмкіншіліктері шексіз, оның осы өмірдегі маңызы ерекше жоғары.
Кісі, тұлға – жетілген, кәмелетке жеткен адам. Жас нәресте де, бала
да – адам. Олардың нақты ерекшеліктері бар. Бірақ ол  кісі болған жоқ,
кәмелетке жетпеген. Кісі деп ер жеткен, бұғанасы қатқан , ақылы толған, өз
ісіне өзі жауап бере алатын адамды айтады.Әрине, ондай адам әр-түрлі :
азамат, тәрбиелі, зиялы адам да, маскүнем де, қылмыскер де, ел басшысы да
болады. Әр кісінің тарихта алар орны әр-түрлі.
Егер адам белгілі бір мәнді өмірге ұмтылса, адамдық қасиеті бар
болатын болса, одан бірақ мән адамды адам жасайды немесе адамды адам етеді.
Әдебиеттер:
1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973.
2. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық. – Шымкент, 2005.
3. Философия тарихы: Оқулық / Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли. –
Алматы: Жеті жарғы, 1999.
4. Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008.
5. Ғабитов Т. X. Адам өмірінің мағынасы мен мақсаттары. - Алматы:
Білім, 2006
6. Әбжанов Т., Нысанбаев Ә. Адамға қарай бет бұрсақ. Алматы. 2000.
7. Пьер Тейяр де Шарден. Адам феномені. Париж, 1986. -312с.
2- лекция . Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі адам феномені
1. Протоқазақтардың предфилософия. Тәңіршілдік-дүниетаным ретінде.
2. Шаманизм және пұтқа табынушылдық.
3. Буддизм, зороастризм.
4. Синкреттік дүниетанымның қалыптасуы.
 
Адам болмысының даралық деңгейінде адамның басты мақсаты өзін
табиғаттың, ғарыштың бір бөлшегі ретінде анықтау болғандықтан, ол үшін
мемлекет, белгілі бір қоғамдық орта түсініктері айтарлықтай рөл атқарған
жоқ. Осыған дәлел ретінде Орынбеков М.С. «... қазақтың көне және соңғы
тарихында мемлекеттіліктің әлсіз болғаны белгілі. Табиғат әрқашан Қазақстан
тұрғындары үшін абсолюттік және жалғыз бастық рөлін атқарды» - деп
тұжырымдайды.
Дегенмен табиғат күшіне жалғыз адам қарсы тұра алмайтындықтан олар
өзара бірігіп, рулық қарым-қатынаста өмір сүрді. Тіршілік барысында адамдар
өзара байланыста болатындықтан, олардың арасындағы қарым-қатынастарды ретке
келтіретін белгілі бір заңдылықтар қажет еді. Заңдылықтарды бекітетін
мемлекет сияқты ресми құрылым болмағандықтан, адам болмысының даралық
деңгейінде өзара қарым-қатынастарды анықтау атадан келе жатқан дәстүр
түсінігімен тығыз байланысты болды. «Дәстүр позициясы әсіресе алғашқы
қауымдық мәдениетте мықты (сондықтан да ол кезеңді дәстүрлі деп те
атайды)».
Дәстүр бойынша рулық қауымда адамдар арасындағы, рулар арасындағы өзара
қарым-қатынасты белгілеп отыруда ру ақсақалдарының рөлі өте зор еді. Ру
ақсақалының шешімі адамдар үшін нақты түрде орындалуы тиіс екі рет
қайталанбайтын заң ретінде қабылданған. Осыған орай ру басы мен ру белгілі
бір тұтастық ретінде рудың даралығын, толықтығын, анықтамалылығын
көрсетеді.
Адам болмысының даралық деңгейінің ошағы ретінде қабылданатын ежелгі
Шығыс пен антик заманына тән сословиялық бөліністер негізінде белгіленген
демократиялық құрылым Қазақстан тұрғындарына да тән болды. «Ашина (көк
бөрі) ұрпақтары VI ғасырда хандықтың басқару жүйесін құқықтық негізде
құрды. Өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар алқасының (кейінгі
қазақ хандығында – билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан
жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді – кішілі лауазымдар иесіне жүктеледі.
Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия арқылы
жүзеге асырылған».
Дүниенің айналымдылығы арқылы белгіленетін адам болмысының даралық
деңгейі үшін белгілі бір құдай түсінігінің қажеті болған жоқ. Ежелгі Шығыс
немесе антик заманына тән мифологиялық санада адамдар мен құдайлар бірге
өмір сүріп өзара ұштасып жататын. Әр адамның даралығы мифтік құдайлардың
бойына тән (күш, әдемілік, зұлымдық т.б. сияқты) белгілі бір қасиеттер
арқылы анықталынды. Осыған байланысты қасиеттердің бәрін өз бойына
абсолютті түрде сіңірген құдай әр адамның даралығын анықтай алмас еді. Яғни
жер бетінде кездесетін әр дененің өзіне тән даралығы, өз құдайы болды.
Қорқыт ата туралы аңыздарда айтылғандай «әр нәрсенің өз иесі бар».
Космоцентризм ағымы бойынша әр заттың өз иесінің болуы сияқты әр адамның
қайталанбас тек соған ғана тән даралығы, анықтамалылығы, толықтығы болуы
керек. Сонымен қатар әр адам ғарышпен, жермен, сумен, отпен т.б. табиғат
құбылыстарымен өзара үйлесімділік жағдайында ғана өз даралығын анықтай
алады. Табиғатпен үйлесімділіктің ең басты шарты - әр адамның дүниедегі өз
орнын таба білу қажеттілігі. Дүниеде өз орнын таба алмаған адам,
айналасымен ешқандай үйлесімділікте бола алмайды. Күнделікті өмірде ондай
адамды бақытсыз адам деп атайды. Ұлы Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеде,
тетігін тап-та бар қалан» - деген ұлағатты сөзі осыған байланысты айтылған.
Адам болмысының даралық, ерекшелік, жалпылық деңгейлері жалпы
адамзаттың дамуының белгілі бір кезеңдеріне сәйкес келгенімен, олардың
қайсысы болмасын бүгінгі күні де өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Себебі әр
адам өмір сүру үдерісінде бүкіл адамзат тарихының әр кезеңінен өтуі тиіс.
Яғни дүниеге келген әр адам болмыстығын белгілеу үшін біріншіден өзінің
өзгелерден даралығын, сосын ерекшелігін және жалпылығын анықтауы қажет. Тек
сондай жағдайда ғана ол адам деген ұлы атқа сәйкес өмір сүре алады. Осыған
байланысты бүгінгі күнге дейін жетіп отырған отты аттап өтуге, күлді
басуға, суға түкіруге сияқты т.б. тыйымдар ескінің қалдығы емес, керісінше
дүниеге келген әр адамның табиғатпен үйлесімділікте болуының алғышарттары.
Мұндай тыйымдардың әр халықта әр түрлі болуы, олардың табиғатпен, қоршаған
ортамен қарым-қатынастарының ерекшеліктері арқылы анықталады. Жер бетіндегі
әр халықтың табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруге талпынысы осының айғағы
болып табылады. Үйлесімділік арқылы болмысының даралығын анықтаған адам
ғана өзінің дамуының келесі сатысына, яғни ерекшелік деңгейіне өте алады.
Қазақ санасында адам болмысының даралық деңгейінен ерекшелікке өту
қалай басталғандығы Т.Х. Ғабитовтың философиялық еңбектерінде жан-жақты
талқыланған. «Дәстүрлі мәдениетте уақыт басымдылығын жоғалтып,
жаңашылдықтарға бейімделе бастайды. Мысалы көшпенділердің дәстүрлі құдайы
Тәңірі уақыт өте келе Алла бейнесімен бірігіп кетеді, Албасты бірте-бірте
исламның зұлым рухтары қасиеттерін бойына сіңіріп, ал Баба түкті Шашты Әзиз
мұсылман әулиесіне айналады».
Жалпы қазақ халқында адам болмысының даралық деңгейінің тарихи ұзақ
уақытқа созылуы біріншіден табиғи ортаға байланысты болса, екіншіден
қазақтардың табиғатқа деген қамқорлық қасиетімен тығыз байланысты болды.
Бұл туралы А. Байтұрсынов өзінің «Қобыланды аңызындағы әйел бейнесі» атты
шығармасында «Кең байтақ ... және өзгелерге толығымен таңсық болған қазақ
даласы өз ұлдарына ұлттық сипат пен халықтық ерекше бет-бейнені әуел
бастапқы тазалығын бүлдірмей, ұзақ уақыт сақтап қалуға септігін тигізді.
Сыртқы ықпалдан жерана арқылы қорғалған қазақтар әдет-ғұрпын, өз халқына
(номадқа) тән өзіндік өмір тәртібін сақтап қалды» - деп тұжырымдайды.
   Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-
мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін –
руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты
мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең
тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын,
оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни
жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін
оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек,  айтылған тұжырымның
маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің
барлық салаларын қамтып жатты.
Көптеген мәдениеттанушылар дінді мәдениеттерді бір өркениетке біріктіретін
фактор ретінде қарастырады. Н. Данилевскийдің, К. Ясперстің, А.
Тойнбидің,  О. Шпенглердің, П. Сорокиннің еңбектерінде тарихи-мәдени
типтердегі діни ерекшеліктер бітім құрастырушы және мәдени айрықшалықты
білдіретін нышан ретінде баяндалады. Үлкен өркениеттердің қалыптасуында
ұлттық діндердің тар шеңберден шығып, рухани-мәдени тұтастықты құрауы,
дүниетаным мен адами қасиеттердің жаңа мазмұндарын қалыптастыруы ерекше
маңызды.
Алайда, өркениет ағымына қосылған этностар мен этностық топтар
өркениетке ортақ дінді, оның рәсім-рәміздерін қабылдағанмен, олардың наным-
сенімдері мүлдем жоғалып кетпейді. Олар халықтың әдет-ғұрпында,
дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсінуінде, сезінуінде сақталады. Сол
себепті қазақтардың діни көзқарасында Алла мен Тәңірі ұғымдары  синонимдер
ретінде қолданылады. Әрине, қазақ мәдениетінде қалыптасқан архетиптік наным-
сенімдерден исламдық діни жүйеге ауысу бірнеше ғасырларға созылды және бұл
қарым-қатынас тұтастану бағытында өтті.
Ислам діні мен араб мәдениетінің қазақ халқының руханиятына тигізген
игі әсерін, тарихтағы үйлестіруші қызметін теріске шығаруға болмас, алайда
қазақтарды өзіндік халық, этнос ретінде қалыптастырған, руханиятының өзегін
құрап, тұрақтандырған архетиптік наным-сенімдерін ұмытпаған жөн, оларсыз
мәдениетімізді толыққанды түсіну мүмкін емес.
Қазақтардың діни жүйелерін қарастырғанда олардың бір-бірімен қатар
дамығанын, оларды бөліп қарастыру тек ғылыми абстрактілеу арқылы,
қолайлылық мақсатында қолданылғанын естен шығармаған жөн. Нақтылы тарихи
даму барысында олар бір-бірімен қабаттасып, тұтасып кеткен.
Қазақтардың мифологиялық және архетиптік тарихи даму кезендерінде
генотиптік діни жүйелер басым болды. Профессор Т.Ғабитов генотиптік діни
жүйеге төмендегідей анықтама береді: “Генотиптік діни жүйе деп рулық-
тайпалық қауымға тән  ілкі ата текті қастерлеп, оларды жаратушы және
қоғамдық өмірдің барлық салаларында шешуші күш ретінде қабылдайтын сенімдер
мен нанымдардың бірлігін айтады. Генотиптік сенімнің орталық бейнесі
–аруақ”. Ата-баба аруағын қастерлеу – сақтар заманынан осы күнге дейін
жалғасқан дәстүр. Қазіргі күндері ел мен жерді жаудан жан аямай қорғап,
ерлігімен, әділеттілігімен көзге түскен, сол арқылы халық жадында сақталған
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сияқты батырларды, Төле, Қазыбек,
Әйтекедей билерді  қастерлеп, оларға атап ас беру – осы дәстүр көрінісі.
Артында қалған ұрпағы о дүниелік болған адамның аруағын риза етуді парыз
санаған. “Өлі риза болмай, тірі байымайды” деген халық даналығында аруаққа
деген көзқарас айқын көрініс тапқан.
Көне түркілердің генеалогиялық мифтері тотемистік нанымдардың да генотиптік
сипатта болғандығын айқындайды. Түркілердің ұйытқысы болған ашин тайпасының
өкілдері өздерін көк бөрінің ұрпақтарымыз деп санаған.
Адам баласы өз табиғатында тек тәндік қана емес, сонымен қатар
руханилықтың бар екендігін ерте ұғынса керек және ол осы ұғымын
мифологиялық тұрғыда бейнелеген. Мысалы, Өгізхан, Шыңғысхан туралы
аңыздарда олар күн сәулесінен жаралған делінеді. Бұл аңыздарда хан қызы күн
сәулесі түскеннен кейін жүкті болып, ұл туады. Аталған аңыздарда ел билеуші
хандардың құдайлық табиғатын, яғни билігін заңды деп тану мағынасында
қолдану кейінгі кездерде қалыптасқан, ал олардың бастапқы мәні адамның
руханилығын, трансценденттігін негіздеу болып табылады.
Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын — жан тұрағы деп қарастыру оларды
құдіреттендіруге жол ашады. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен
сананың, тән мен рухтың аражігін ажыратады және соң ... жалғасы







Ұқсас жұмыстар
Тақырыб Бет саны
«Сәләфизм» ағымы туралы8 бет
Ежелгі Үнді және Қытай философиясы туралы6 бет
Антропология және оның міндеттері2 бет
Сақ,үйсін,қаңлылардың діни сенімі8 бет
Тарихи антропологияның мәні және оның методологиясы мен әдістемелері17 бет
Тұлға туралы мәдени-антропологиялық ой8 бет
Ғұндар және үйсіндер археологиясы7 бет
Қазақ халқының қалыптасуы туралы10 бет
Қазақстан халықтарының этнографиясы пәні бойынша практикалық (семинар) сабақ тарының оқу-әдістемелік нұсқауы28 бет
Өлшемдік антропологиялық стандарттар13 бет


+ тегін презентациялар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь