«Сәләфизм» ағымы туралы



«Ас-Салафия» сөзі араб тіліндегі «салаф», «алдыңғы өткендер, бұрыңғылар» яғни «бұрын өмір сүрген бабалар, аталар», сондай-ақ «ізашарлар, жол салушылар, негізін қалаушылар», - дегенді, «ас-Сәләф ас-Салих» термині «біздің заманымыздан алдын өмір сүрген ізгі бабалар, ізгі жол салушылар, ізгі негіз қалаушылар», деген ұғымды білдіреді. Және оларды «алтын дәуір саналған жүз жылдықта» өмір сүрген мұсылман үмбетінің алғашқы ұрпағының тілегі бір адамдар тобы өкілдерінің ең ізгілері, жақсылары санайды.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өз сахих хадисінде: «Ең қайырлы буын - менің замандастарым. Одан кейін олардың соңынан ергендер. Сосын бұлардан кейін келгендер» деген. Мұхаммед пайғамбардың бұл хадисіндегі «ең қайырлы буын» деген атқа ие болған алғашқы үш буынды араб тіліндегі «салаф» деп атайды. Ислам ғұламаларының басым бөлігінің пікірінше ол алғашқы үш буынға; 1) Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуірінде ғұмыр кешіп, оған иман келтіріп, оның жолында жанын қиған және тәлім алған сахабалар. 2) Ол сахабалардан кейін табиғин буыны келеді. Табиғиндер сахабалардың жанында аса зеректілікпен тәлім-тәрбие алып, ғылымды, ақида және шариғат мәселелерін үйреніп, алған ілімдеріне аса ұқыптылықпен амал жасаған. Сахабалар уақытында кезікпеген көптеген бейтаныс пікірлер мен шариғаттағы туындаған жаңа мәселелерді шешті. Табиғиндер дәуірінде түрлі діни ағымдар мен философиялық мектептердің пайда бола бастаған кезі еді, айтарлық негізгі дәстүрлі исламға қарсы келетін философиялық ойдан өрбіген (муғтазила, жәбрия, муржиға т.с.с.) басқа ағымдар пайда бола бастады. 3) Табиғиндердің соңынан ергендер, олардан түрлі пән бойынша дәріс алып, амалдарына нық берік болған әтбәғут-табиғиндер (табиғиндерге ілесушілер) болды. Бұл кезеңде ілімнің тамыры тереңге жайылып, әртүрлі салаларға бөлінді. Пайғамбарымыздың хадистері кең таралып, арнайы кітаптарда жинақталды. Табиғиндер дәуірінде мәзһабтардың негізі қалана бастаса, бұл кезең - мәзһабтардың бірегей қалыптасып, жан-жаққа етек алып, тарай бастаған кезең болды.
Жоғарыда қысқаша тоқталып өткен үш толқынды Алла тағала Құран Кәрімінде, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз хадистерінде мақтауға лайық етіп баяндады, өйткені олар, бізге Ислам дінінің таза қалпында сақталып жетуінде негізгі әрі маңызды міндеттерді атқарды
Салафилік жайында
Салафилік - бұл Ислам дінін «ас-Салаф ас-Салих» яғни, «біздің заманымыздан алдын өмір сүрген ізгі бабалар» түсінігімен түсініп, олар амалға асырған іс-әрекеттерді сол қалпында қабылдауды мақсат тұтқан діни-саяси бағыт.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
СӘЛӘФИЗМ ағымы туралы

Ас-Салафия сөзі араб тіліндегі салаф, алдыңғы өткендер, бұрыңғылар яғни бұрын өмір сүрген бабалар, аталар, - дегенді, ас-Сәләф ас-Салих термині біздің заманымыздан алдын өмір сүрген ізгі негіз қалаушылар, деген ұғымды білдіреді.

Ас-Салафия сөзі араб тіліндегі салаф, алдыңғы өткендер, бұрыңғылар яғни бұрын өмір сүрген бабалар, аталар, сондай-ақ ізашарлар, жол салушылар, негізін қалаушылар, - дегенді, ас-Сәләф ас-Салих термині біздің заманымыздан алдын өмір сүрген ізгі бабалар, ізгі жол салушылар, ізгі негіз қалаушылар, деген ұғымды білдіреді. Және оларды алтын дәуір саналған жүз жылдықта өмір сүрген мұсылман үмбетінің алғашқы ұрпағының тілегі бір адамдар тобы өкілдерінің ең ізгілері, жақсылары санайды.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өз сахих хадисінде: Ең қайырлы буын - менің замандастарым. Одан кейін олардың соңынан ергендер. Сосын бұлардан кейін келгендер деген. Мұхаммед пайғамбардың бұл хадисіндегі ең қайырлы буын деген атқа ие болған алғашқы үш буынды араб тіліндегі салаф деп атайды. Ислам ғұламаларының басым бөлігінің пікірінше ол алғашқы үш буынға; 1) Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуірінде ғұмыр кешіп, оған иман келтіріп, оның жолында жанын қиған және тәлім алған сахабалар. 2) Ол сахабалардан кейін табиғин буыны келеді. Табиғиндер сахабалардың жанында аса зеректілікпен тәлім-тәрбие алып, ғылымды, ақида және шариғат мәселелерін үйреніп, алған ілімдеріне аса ұқыптылықпен амал жасаған. Сахабалар уақытында кезікпеген көптеген бейтаныс пікірлер мен шариғаттағы туындаған жаңа мәселелерді шешті. Табиғиндер дәуірінде түрлі діни ағымдар мен философиялық мектептердің пайда бола бастаған кезі еді, айтарлық негізгі дәстүрлі исламға қарсы келетін философиялық ойдан өрбіген (муғтазила, жәбрия, муржиға т.с.с.) басқа ағымдар пайда бола бастады. 3) Табиғиндердің соңынан ергендер, олардан түрлі пән бойынша дәріс алып, амалдарына нық берік болған әтбәғут-табиғиндер (табиғиндерге ілесушілер) болды. Бұл кезеңде ілімнің тамыры тереңге жайылып, әртүрлі салаларға бөлінді. Пайғамбарымыздың хадистері кең таралып, арнайы кітаптарда жинақталды. Табиғиндер дәуірінде мәзһабтардың негізі қалана бастаса, бұл кезең - мәзһабтардың бірегей қалыптасып, жан-жаққа етек алып, тарай бастаған кезең болды.
Жоғарыда қысқаша тоқталып өткен үш толқынды Алла тағала Құран Кәрімінде, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз хадистерінде мақтауға лайық етіп баяндады, өйткені олар, бізге Ислам дінінің таза қалпында сақталып жетуінде негізгі әрі маңызды міндеттерді атқарды
Салафилік жайында
Салафилік - бұл Ислам дінін ас-Салаф ас-Салих яғни, біздің заманымыздан алдын өмір сүрген ізгі бабалар түсінігімен түсініп, олар амалға асырған іс-әрекеттерді сол қалпында қабылдауды мақсат тұтқан діни-саяси бағыт.
Алғашқы салафилік идеяны уағыздаушы Абул-Аббас Тақиаддин Ахмад ибн Абдулхалим ибн Мадждиддин ибн Абдуссәләм ибн Тәймия (12631328 миләди) жылдары Харран қаласында дүниеге келген.
Ол сәләфиттік әрекеттің философиялық және құқықтық дүниетанымының негізін қалады.
Ибн Таймия бірқатар мұсылман мемелекеттерін жеңіліске ұшыратып, оларға өктемдік еткен моңғол-татарлардың шабуылдаған кезеңінде жасады.
Бұл ислам өркениетінің біраз тоқыраған кезеңі болатын.
Ибн Таймия бұл тоқыраудың себептерін қарастыра, сондай-ақ исламның басымдылығын қайта жаңғыртуда тынымсыз оған жету жолдарын іздене отырып, өзінің сәләфилік идеяға негізделген доктринасын өрбітті. Алайда ибн Таймияның философиясы өз дәуірінде ешқандай қолдауға ие бола алмай, жалғасын таппайды.
Алайда кейінгі уақытта Ибн Таймияның тәлімінің барлық идеологиялық және методологиялық принціптері қазіргі күнге дейін исламдағы әртүрлі реформаторлық мектептерімен жиі қолданылып келеді.
Соның бірі XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Сауд Арабиясының Нежд өлкесіндегі Рияд қаласы маңындағы Ұяайна елді мекенінде дүниеге келген Мухаммед ибн АбдулУаһһаб ибн Сүлейменнің реформалық қозғалысы.
Ол ханбали мәзһабының негізінде алғашқы діни білімді өз әкесінен оқып, Құран Кәрімді жат алды. Кейін Меккеде, Мәдинеде, Басрада, Бағдадта ілім алды. Өмірінің көп уақытын ел арасында саяхаттап, бірқатар елдерді аралап, мұсылмандар шектен тыс зираттарға, ескерткіштерге, ағаштарға табынып, негізгі ислам дінінен қиғаштап жатыр деген ұранмен үгіт-насихат жүргізе бастайды.
Жиырма жасы шамасында Басра қаласында ол мұсылман жұртшылығына исламдағы тек бір Құдайға сыйыну нормасына қайтуға үгітін жүргізе бастайды. Бірақ оның үгітін құптамастан, оны қаладан қудалайды. Осы жағдай онымен бірнеше рет қайталанады.
Мұхаммед ибн АбдулУаһһаб саяси қолдауын Бани Ханифа тайпасынан шыққан жергілікті ад-Дарияның ханзадасы Сауда ұлы Мұхаммедтен және оның өлімінен кейін оның ұлы Абдул-Азиз ибн Мұхаммед ибн Сауда тарапынан табады.
Өз идеологиялық және методологиялық принциптерін уағыздай келе, оны қолдаушылары мен қарсылас дұшпандары да арта түседі.
Теолог АбдулУаһһаб пен саудид тегінің одақтастығы осы идеяларды іске асыруға негізделді.
Кейінірек саяси қуат алған АбдулУаһһаб пен саудид тегінің одақтастығы Араб түбегінде біртұтас араб мемлекетін құру мақсатында жікке бөлінген араб тайпаларын олардың үстінен өктемдік жүргізіп отырған Осман империясынан азат ету мақсатында күресу туына айналады.
Османдық империядан азат етіп, Сауд Араб мемлекетін құру мақсатымен Араб жазирасында суфилік пен уаһабиліктің жақтастары арасында үлкен қан төгіс орын алады. Өйткені суфилік идеяның Осман империясы мұсылмандары өміріне кең таралған еді.
Сауд Арабиясындағы осындай қатты қантөгіс орын алып жатқан жағдайға қарамастан, көршілес Иемен мемлекетінде сондай-ақ Мысыр, Марокко, Иран, Пакистан, Ауғаныстан мемлекеттерінде суфилік бағыт кең етек алған еді. Өйткені сол халықтардың психологиялық ерекшеліктерінде, нәсілдік мәдениеттерінде, ұлттық салт-дәстүрлерінде осы суфилік идея негізгі тірек бола, кеңінен сіңіскен еді.
Уаһабилердің мүташабиһ аяттар мен хадистер жөніндегі көзқарастары
Уаһабиліктің басты белгілерінің бірі - мүташабиһ (ұқсау) аят-хадистердің сөздік ұғымын негізге ала отырып, өз қалпында қабылдау болып табылады. Яғни, уаһабилер Құран мен хадистегі қол, бет, көз, келу, түсу, Аршыға отыру, ашулану, қуану және т.б. Алла тағаланың сипаттарын жаратылысқа тән сипаттарға теңеп, қабылдайды. Ал Құрандағы көптеген аяттар Алла тағаланың аталмыш сипаттарын жаратылыстың сипаттарына ұқсатудың орынсыз екенін көрсетіп береді.
Сондай-ақ олар:
1. Қабірлерді зиярат етуден;
2. Дұғаларда пайғамбарлардың, әулиелердің, періштелердің есімдерін айтудан;
3. Өлгендерге Құран оқып бағыштаудан;
4. Мешіттерге садақа тастауға;
5. Тәспі қолдану, т.с.с. басқа амалдарды дінге енген жаңалық санап, оларға қатаң тиым салды.
Уаһабилік тұрғыда осындай суфилік рәсімдік ерекшеліктер, өзін турашыл санайтын мұсылмандар үшін қабыл етуге рұқсат етілмейтіндей дінге енген жаңалық (бидғат) деп қарастырды.
Бұл ағымға ерушілер өздерін муаххидун, яғни бірқұдайшылдармыз - деп санайды. Олар бидғат (жаңалық енгізу) арқылы исламнан тайған барлық мұсылмандарды мүшрік санап, оларға қарсы қатаң соғыс жүргізу керек, - деп есептейді. Уаһабилік ағым - салафиліктің ең шегіне жеткен үлгісі деп саналады.
Уаһабилік ағым кәләм мәзһабтарын құптамады, олардың әдістемесіне қарсы шықты. Олар дәстүрлі исламдағы ең үлкен кәләм ғалымдары Әбу Мансұр әл-Матуриди мен Әбіл Хасан әл-Әшғариге кәләмдік дәлелдерді қолданып, ақылды Құран мен хадистерден жоғары ұстау арқылы таза Ислам сенімін былғады деп айып тақты.
Уаһабилік немесе салафилік доктрина ислам әлемінде түрлі ағымдардың пайда болуына көп ықпал етті. ХХ ғасырдың басында осы ағымды және бағытты үлгі тұтатын діни реформалық әрекеттер пайда болды. Олар Суданда маһдия, Ливанда мадрасат санусия, Мысырда Мұхаммед Абдоның ағымы, Жамалиддин әл-Ауғанидің медреселері және Үндістандағы бірнеше ағымдар.
Уаһабилік ағымының ханбали мәзһабынан төмендегінше айырмашылықтары бар:
1. Адам баласы иман калимасын айтқанымен, ол адамды иманды санамайды;
2. Алла атын айтқанда тәспі орнына саусақ буындарын қолданады;
3. Мешіттердің мұнарасы болуына, оның зейнеттелуіне қарсы тұрады;
4. Медине қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың қабырының басына баруды көптәңірлікке теңейді;
5. Намазды міндетті түрде жамағатпен оқу керектігін айтады.

Алайда ибн АбдулУаһһабтің өзі ислам дініне жаңалық енгізген жоқ еді. Оған деген тағылған айыптардың көбісіне көзі тірісінде жоққа шығарушы еді. Ибн Сухаймудің хатындағы өзіне тағылған айыптарға жауап ретінде ол; Менің төрт мәзһаб бойынша жазылған кітаптарды жоққа шығарып, хижра бойынша алтыншы ғасырда (ибн Таймиядан кейінгі кезеңдерде) жұртшылықты адасуда болды деп, тақлидті (мәзһабқа ілесу) жоққа шығарып ижтиһад жасауға үміттенеді деп, тауассулді (Алла тағала ризалығына жетуде бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
Шығыс әлеміндегі және Қазақстандағы дінаралық қарым-қатынас
Терминдер қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция
Қауіпті ағымдардың қақпанынан аулақ жүр!
Сәләфи ағымы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
Ислам тарихындағы алғашқы саяси радикалды ағым
ИСМАТУЛЛАШЫЛАР. Шығу тарихы
Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Ислам және батыстық БАҚ
Пәндер