Ұлы жағрафиялық жаңалықтар және отарлық жүйенің пайда болуы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ұлы жағрафиялық жаңалықтар және отарлық жүйенің пайда болуы.

Жоспар

  1. ¦лы жаѓрафиялыќ ашулардыњ алѓышарттары.
  2. Потругалдыќтардыњ ашулары.
  3. Христофор Колумб жєне оныњ Американы ашуы.
  4. Васко да Гама. Индияѓа тењіз жолыныњ ашылуы.
  5. Х‡І ѓ. екінші жартысы- Х‡ІІ ѓ. ±лы жаѓрафиялыќ ашулар.

6. “Баѓа революциясы”.

ХV ғасырдың екiншi жартысы мен ХVII ғасырдың ортасына дейiн еуропалықтар сол кезеңге дейiн белгiсiз болған теңiздер мен мұхиттарды, аралдар мен материктердi ашты, бiрiншi рет жер шарын айналып жүздi. Сөйтiп, тәжiрибеде жердiң шар тәрiздес екенi дәлелдендi. Дегенмен, бұл µлы географиялық ашулар отарлық системаның кеңеюiнiң басталуымен, капиталдық алғашқықорлану процесiменқабаттасып жүрiп жатты.

Шығысқа баратын теңiз жолын ашудың негiзгi себебi шексiз жатқан алтын болды. Еуропадағы сауданың дамуы алтынға деген сұранысты күшейттi. Ал Еуропада алтын өндiру белгiлi мөлшерде шектелген едi. Осы кезеңде шығыс тауарларына төлем көбiнесе алтын-күмiспен жүзеге асырылды. Еуропаға қымбат бағалы шығыс тауары өте көп мөлшерде әкелiндi. Мұндай тауарды сатып алу үшiн саудагерлер, королдер мен дворяндардың өзi алтынға мұқтаж болды. Нәтижеде Қытай мен Үндiстанға баратын теңiз жолын iздеу кезек күттiрмейтiн мәселеге айналды. Себебi бұл мемлекеттермен сауда жасау моңғол империясының күйреуi және түрiк османдарының күшеюiмен қиындап қалған болатын. Әсiресе, шығыстың тауарлары өте кем мөлшерде әкелiндi. Ол да болса Венеция саудагерi Египеттiк араб саудагерлермен келiсе отырып, өте қымбат бағаға әкелiндi. Сөйтiп түрiктер мен арабтар соқпай өтетiн жолды табу батыс еуропалықтар үшiн негiзгi мәселе болды. Ұлы географиялық ашулардың басты жеңiсi кеме жасау iсiнiң және географиялық бiлiмнiң жетiстiктерi болды. Бұл жетiстiктерге Испания мен Португалия қол жеткiздi. Олар өте тиiмдi, жетiлдiрiлген, каравеллалары-жеңiл тез бұрылғыш, тез жүретiн және желге қарсы жеңiл жүрiс жасайтын корабльдер жасады. Компасты пайдаланып, картография арқылы ашық мұхитта жүзуге мүмкiндiк жасады. Сөйтiп, жердiң шар тәрiздес деген гипотеза шындыққа айнала бастады. Бiрiншi рет алтыны көп мемлекеттердi iздеуге Үндiстанға португалдық теңiзде жүзушiлер шықты. Бұл экспедицияға Венеция саудагерлерi мен теңiз жүргiзушiлерi белсенеқатысты. Оның басты себебi өздерiнiң әрiптестерiнен шығыс саудасы жөнiнен алға шығу болды. 1415 жылдың өзiнде португалдықтар Африка материгiнде сауда және әскери орталық болған Сеуттi жаулап алған болатын. Аталған экспедицияларды ұйымдастыруда португалдық принц Энрих теңiзде жүзушi үлкен роль атқарды. Оның басшылығымен ұйымдастырылған Африкадағы сауда монополиясы негрлердiқанаумен шұғылданды. Үлкен пайда тапқаны үшiн принц Энрихке Бананың өзi Еуропағақарақұлдарды әкелугеқұқық берген. 1460 жылы португалдықтар “Зеленный Мис” аралдары арқылы Гвиней мүйiстерiне барды. Сөйтiп Азор аралдарын ашты. Осы жол арқылы Африка материгiн айналып өтiп, Үндiстанға бару жолы табылды. 1486-1487 жылдары Бартоломео Диас басшылығымен ұйымдастырылған экспедиция Африка материгiнiң оңтүстiгiне шетiне дейiнгi жердi ашты. яғни, “Добрая Надежда” нүктесi ашылды. Осылайша, Үндiстанға баратын нақты жол табылды. Бiрақ бұл кезеңге дейiн Х. Колумб жаңа өмiр Вест-Үндiстанды ашқан едi.

Христофор Колумбқа дейiн ашық мұхитқа шығу болған едi. Сөйтiп, Атлантикада Модейра, Азор, Канар аралдары ашылған болатын.

Христофор Колумб (1451-1506) Греция тұрғыны болатын. Оның ерте кездегi өмiрбаяны толық белгiлi емес. Ол жас кезiнде тиянақты бiлiм алмаған сияқты. Бiрақ, Христофор Колумб өзiнiң география бiлiмiн жете меңгерiп, картографияны жетiк бiлген секiлдi. Басқа да генуялықтар сияқты Х. Колумб та Португалияға келiп Атлантикаға жасалған бiрнеше , Англияда да болған. Сөйтiп Португалия морягының қызына Порту-Санту аралында үйленiп, қайын атасының теңiздегi картасы мен күнделiгiн мұра ретiнде алған. 1483 жылы Колумб Үндiстанға баратын теңiз жолын ашу экспедициясына шығу үшiн Португалия үкiметiмен келiссөз жүргiзедi. Бiрақ бұл келiссөз нәтижесiз болғандықтан Испанияға барып, испандық басшылармен келiссөз жүргiзе бастады. Сөйтiп үкiметке тиiстi саудагер ақсүйектердiң қолдауымен келiсiмге келдi. Испания королi Колумбқа адмирал атағын бердi. 1492 жылы 3 тамызда Колумбтың басшылығымен құрамында 3 кемесi 90 адамы бар экспедиция Палос портынан Канар аралына жол алды. 10 қыркүйекте батысқа қарап аттанды. Экспедицияның жүруi өте қиын болды. 12қарашада бұл экспедиция Багам аралдарының бiрiне келдi. Осылайша, бiршама аралдарды ашты. Бұл жерлердi Колумб “Эспаньола” (кiшi Испания) деп атады. Сол жағалауға Навидад портын салып ол жерге 29 адамынан тұратын горнизонқалдырды. Бiрақ бұл порт үндiстердiң ұйымдастырылуымен жасалып, горнизон мүшелерi өлтiрiлдi. Колумбтың мақсаты алтын iздеу болды, аталған аралдарда алтын жоқ едi. Колумб Үндiстан менқытайдың жағалауы деп есептедi. 4қаңтар 1493 жыл “Нинья” атты кiшкентай кемемен Еуропағақайтты. Испанияда Колумбты “Үндiстанды” ашушы ретiнде үлкен құрметпен күтiп алды. Ал Колумбтың екiншi экспедициясы 17 корабль және 1510 адамдық өте үлкен экспедиция болды. Аталған экспедициямен Христофор Колумб өте көп жердi ашты және зерттедi. Олар Атил аралдарын, ямайканы, Кубаны ашты. Осылайша Үндiстанды олар таба алмады. Дегенмен, испандықтар жасады. Өлтiрiлген горнизон үшiн кек алды. Колумб 1498 жылы үшiншi рет экспедицияға шыққанда ғана Оңтүстiк Америка жағалауындағы Аризона өзенiне барған. Осы жылы Португалдықтар Үндiстан жағалауына жеттi. 1502-1504 жылдары Колумб 4 рет экспедицияға шықты. Бұл жолы Орталық Американың бiршама жерлерi Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Панама т. б. ашылды. Бiрақ бұл жетiстiктерде испан королi алдында Колумбтың көтере алмады. Оның ашқан жаңа материгi оның атымен емес, 1501-1504 жылы экспедиция жасаған португал теңiзшiсi Америго Виспучи есiмiмен аталды. Колумбтың өлiмi де елеусiзқалды. Ложарингия математигi әрi географы Вальдземюллер айтуымен 1507 жылы бастап Америка жаңа төртiншi материк екенi дәлелденiп атала бастады. ХVI ғасырдың 20 жылдардан бастап дүниежүзiлiк картографтардың жаңа өмiрi ретiндегi терминге айналды.

Испания мен Португалия арасында жаңа ашылған жерлердегi билiк үшiн тартыстар болып тұрды. Көп уақыт келiсу нәтижесiнде 1494 жылы Папаның араласуымен Гордесильясына Испания мен Португалия 50 байлық бойынша келiсiмгеқолқойды. Сөйтiп Испания иелiгiне бүкiл Америка ендi. Ал Португалияға Азия, Африка және Бразилияның бiр бөлiгi берiлдi. Испандықтар Американы ашуы португалдықтарды Үндiстанды ашуға ұмтылдырды. 1487 жылдың өзiнде Испания Ковельян атты жансыз жiберу арқылы Оңтүстiк-Шығыс Африка арқылы Үндiстанға баратын маршурт туралы мағлұмат жиналды. Сөйтiп, 1497 жылы Лиссабоннан құрамында 4 кораблi бар филотилия Васко да Гаманың басшылығымен жiберiлдi. Ол экспедицияға Добрая Надежда мүйiсiне дейiн белгiлi маршрутпен барды. Сөйтiп Васко да Гама 1498 жылы сәуiрде Арабтың тәжiрибелi теңiзшiсi Ахмед ибн-Маджидтың Лоцманықызметiнде болып ешқандайқиындықсыз 20 мамыр 1498 жылы Үндiстанның Калькут қаласына жетiп барды. Осылайша, Үндiстанға баратын жол 10 ай уақыт алды. Португалдықтарды жергiлiктi Раджалар жеккөрiнiшпен күтiп алды. Дегенмен, Васко да Гама келiсiм жасай отырып, бiршама үндi тауарларын сатып алуға келiстi. Ал 1499 жылы 10 маусымда 2 кораблменқұрамында экспедицияның тең жарты адамы болып, Лиссабонғақайтып оралды.

Васко да Гаманың Үндiстанға жасаған экспедициясы португалдықтардың отарлық басқыншылығының бастамасы болды. Сол кезден бастап Португалия әр жылықұрамында солдаты мен артиллериясы бар экспедицияны Үндiстанның порттары мен теңiз базаларын басып алу үшiн жiберiп отырды.

1500 жылы жiберiлген Кабрал экспедициясын Калькутта қаласында қарсылықпен күтiп алғандықтан, Калкуталы және жақын орналасқан Кочина мен Каннакуре қалаларын бомбалады. Осылайша, жергiлiктi халыққа өз үстемдiгiн орнатты. Барынша өздерiне тиiмдi сауда келiсiмдерiн жасады. Сонымен бiрге, оқпен атылатынқарулар мен артиллериялардан пайдаланып сауда бәсекелесi болған араб саудагерлерiн атқылап, олардың сауда базаларын жаулап алып отырды.

1505 жылы Альмейда Үндiстандағы Португалияның вице-королi болып сайланды. Ол ерекше ерлiгiмен Египет флотына соққы берiп Персия шығанағын өзiнеқаратты. Ал оның iзбасары болған Альбукерке болса араб саудагерлерi үшiн Үндiстанда блокка алды. Сөйтiпқызыл теңiзге шығатын жолды кестi. 1510 жылы Альбукерке Гоа қаласын дерлiк барлық халқын өлтiре отырып иемдендi. Португалдықтар өздерiнiң сауда орталықтары мен базасынқұра отырып, өте үлкен территория жаулап алуға ұмтылды. Бұл орталықтар мен базалар тек қана отарлап отырған жерлердегi тауарларды Португалияға жiберiп отырумен ғана шұғылданды. Үндiстанның Малабар жағалауына берiк орналаса отырып, португалдықтар шығыс жақтағы жiбек орталығына жақындай бердi. 1511 жылы Малакканы жаулап алды. Бұл жердi алу Моллук аралдары менқытайға жол ашты. Сөйтiп, 1516 жылы Португалия экспедициясы Қытай жағалауына жеттi. Көп ұзамай Макаода сауда фоктаршынқұрды. Сонымен ХVI ғасырдың басында Португалия өздерi жаулап алған жерлердегi егiн өнiмдерiн “арзан бағаға” (100-200 есе) сатуға мәжбүр еттi. Ал Еуропада олардың бағасы өте жоғары болды. Әр жылы Еуропаға 5-6 кемемен ғана бұл өнiмдер әкелiндi. Өтпейқалғандары сол жерде жоққылынды. Мақсаты бүкiл Еуропада сауда үстемдiгiн жасау болды.

Ал Испания өздерi ашқан жаңа жерлердегi саясаты өтеқатал жауыздық саясат болды. Испан королi мен Шiркеу формальдi түрде ғана ол халықтардықұлдыққа ұшыратуға болмайды делiндi. Олар үндiстердi королдiң ауыр жұмыстарын атқарушы және котолик дiнiне сыйындыруды көздедi. Ал испандықтар олардықұл ретiнде ең ауыр жұмыстарды iстетiп, оброк төлеуге мәжбүр еттi. Өкiмет колонистердiң саясатына жеңiлдiктер бердi. Сөйтiп, үндiстердiң үстiнен патронат орнатуды заңдастырды.

Үндiстердi қанау мен рудникте, плантацияда аяусыз жұмыс iстету жаппай қырылуға алып келдi. Нәтижеде, Эспаньолада 20 жылдан кейiн бар-жоғы 15 мыңдай ғана үндiстерқалды. Ал Аптиль аралдарында ХVI ғасырдың ортасына қарай жергiлiктi үндiстер бүтiндейқырылып кеттi. Испандықтар бұл жерге Африкаданқұл тасып әкелуге мәжбүр болды. 1518 жылы негрлердi әкелу туралы алғашқы келiсiм жасалды. Бiрнеше онжылдан кейiн рудниктер мен плантацияларды үндiстерден тиiмдi, әрi күштi негрлер жұмыс iстей бастады. Ал Африкадақұл саудасы күшейдi. Негрлердiң ақсақалдарықұл саудасынан байып отырды. Өте арзанқұлдар бұлар әскери тұрғындар болып есептелiндi.

Осылайша, алғашқы капиталдың қорлануы үшiн Батыс Еуропа үшiн, капитализм дәуiрiнiң қалыптасуы үшiн жаңа жерлерде құлдық дәуiрi күшейдi. Испания да, Португалия да Батыс Еуропаның отарлық жүйесiнiң қалыптасуына жол ашушы мемлекет болыпқалды.

Колумбтың, Васко да Гаманың тағы да басқа экспедицияларынан кейiн Тынық мұхитқа баратын жолды iздеуге Фернан Магиллан шықты. Ол алғаш португал королiне барды, ол қарсылық көрсеткеннен кейiн, Испания королi I королге ұсыныс жасады. I король оның ұсынысынқабылдап, 20қыркүйек 1519 жылы Магиллан 5 кемеде, құрамында 215 адаммен Испанияның Сан-Лунар портынан Бразилияға жол тартты. Магилланның экспедициясы өте көпқиыншылықтармен жеттi. 15 наурыз 1521 жылы экспедиция аралдар архепилагына барды. Ол жердi болашақ король Филипп II есiмiмен “Филиппин” аралдары деп атады. Осы аралдарда Магиллан жергiлiктi халықпенқақтығыс нәтижесiндеқайтыс болды. Ал экспедицияның қалған мүшелерi “Виктория” атты бiр кемеде ғана Эль-Кано басшылығымен жетiп келдi. Барлығы 18 адам ғана едi. қалған корабльдердi португалдықтар тонап алды. Эль-Кано Магиллан экспедициясында өте үлкен маңызға ие тұлға. Ол жердiң шар тәрiздес домалақ екендiгiн дәлелдедi. Тынық мұхитын ашты. Бұл “Тынық мұхит” дүниежүзiндегi ең үлкен мұхит екендiгi дәлелдендi. Мұнан кейiнгi жер шарын айналып жүзген адам ағылшындық адмирал Дрейк болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақсатандағы ежелгі тарихи және экологиялық процестер
ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік, рухани, мәдени өзгерістерге сәйкес жаңа идеологияның қалыптасуы
Жаңа тас дәуірі
Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы
Қазақтың көне тарихы
Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер жинағы
Монғолия жерінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, тарихы мен ерекшелігі
Халықаралық ұйымдар шегіндегі адам құқықтарының халықаралық-құқықтық негізінің құрылуы
Канаданы Францияның отарлауы тарихы
Канаданы Францияның отарлау тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz