Музыка сабағында ән айту дағдыларының маңыздылығы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Музыка сабағында ән айту дағдыларының маңыздылығы.

Мектепте музыкалық тәрбие берудің басты міндеті-оқушылардың музыканы дұрыс тыңдап, түсінуге және оны әсерлі орындай білуге баулу. Орындаушылық шеберлікті шыңдау ән айту дағдыларын жүйелі түрде жолға қоя білумен тығыз байланысты. Сабақта ән салу дағдыларын жүйелі түрде жолға айтқандай үйренеміз де, ал ән үйрену кезінде оларды пысықтап қайталау арқылы есте қалдыруды көздейміз . Ән салу -музыка сабағындағы іс-әрекеттің бір түрі. Ән салуға үйретуде оқушылардың музыкалық қабылдау дағдысы басты рөл атқарады. Алдымен, «әннің өзі не?» дегенге тоқталайық. . Ән -музыка мен сөздің бірлігі ғана емес, осылар арқылы орындаушының өз сезімін білдіруі. Өз сезімін орындаушы ән арқылы бере алғанда ғана орындалған ән тындаушының сезіміне әсер етіп, музыка мазмұнын түсінуге жол ашады . Сабақтағы ән салу - сыныптағы әрбір оқушының өз сезімін музыка арқылы бере білуі үйренуі, сол арқылы музыканы тереңірек қабылдау процесі. Осы орындаушылық шеберлікті меңгере отырып, оқушының музыкалық -теориялық білімі артады. Нотамен ән айта отырып, лад басқыштарын сезіне білу қабілеті дамиды. Бала музыканың ішкі сырын қаныға отырып, кейбір нашар әдеттерден (қысылу, ұяңдық, сылбырлық, т, б. ) арылуға мүмкіндік алады. Әнді көпшілікке қосылып орындау баланың өзіне деген сенімін оятады, оны жеке орындауға психологиялық жағынан біртіндеп төселеді . Оқушының орындаушылық шеберлікке жеткізетін көрсеткіштің бірі -ән репертуары. Ән репертуарына қызықса ғана баланың әнді жақсы орындауға деген ықыласы артады. Оқушыны ән сала білі шеберлігіне үйретуші басты тұлға - мұғалім. Ол оқушылардың дамуын, жас ерекшелігін ескере отырып, соған сай репертуар таңдап, жүйелі жұмыс жүргізсе, балалар әнді толғана сезініп, шығарма мазмұнына үңіле отырып, сол мазмұнын өз даусы арқылы бере біліуге жаттығады. Әуенде дыбыс жасау дыбыс аппараттарының құрлысына байланысты. Балалар дауысының ересектер дауысынан ерекшелігінің өзі де осында. Бала дауысы жоғары болғанымен, дипазоны шектеулі. Көмекейдің (дыбыс апараттарының) жоғары орналасуы, қысқалығы мен майысқақ, жұмсақтығы дауыс сипатын анықтайды. Он жасқа дейін балалардың вакальдық еттері біртіндеп дамиды. Сондықтан да дауыс дипазоны да біртіндеп кеңейеді. 9-10 жастан бастап обертондармен байиды, дипазоны да біртіндеп кеңейеді. Он жастан бастап қыз балалардың даусы- «сопрано», ұл балалардың даусы -«дисконт» деп сипатталады. Музыка сабағына берілетін уақыт көлемі қаншалықты тығыз болғанымен, мұғалім әр баланың дауыс мүмкіншілігін жылма -жыл зерттеп, бақылап отырған жөн. Баланың әнді жай болса да орнықты, дыбысты толқытпай айтуы табиғи жеңілдік пен дыбыс бояуын сақтауға көмегін тигізеді. Сонымен, мектептің бастауыш сыныптарында балаларға ән айтқызуда олардың даусының әлсіздігін, нерв жүйесінің тез шаршап, дауыс апараттарының жетілмегендігін үнемі естен шығармаған жөн. Әнді таза айта алмайтын оқушылармен жұмыс жасау. Мұндай балалардың барлығы бірдей ән айтуға шамасы жетпейді немесе музыкалық есту қабілеті жоқ деп қарауға болмайды. Олармен жұмыс жасауды әнді таза айта алмау себебін анықтаудан бастаған жөн. Балалардың кейбірі әнді қысылып, ұялшақтықтан яғни психологиялық дайындығының жоқтығынан айта алмаса, енді біреулер естіген дыбыс биіктігін даусымен бере алмайды. Екінші біреулерінің вокальдық дағдысының төмен болуы мүмкін. Алайда бұл екі топтағылар да дыбыс биіктігін анық сезе алатын оқушылар болып келеді.

Әнді таза айта алмаушылардың дауыс регистрі төмен болып, көкірек резонаторымен айтады да, бұлардың дауысы біртіндеп кіші октавада қалыптасады. Естігенін жоғары немесе орташа регистрде сәйкестендіре алмайды.

Таза айта алмаушылардың ішінде музыкалық есту қабілеті төмен оқушылар кездеседі. Бұлардың дауысын, есіту қабілетін жетілдіру ұзақ уақытты қажет етеді.

Дыбыс аппараттарының ауру болып келуіне байланысты әрбір оқу жылының басында медициналық бақылаудан өткізіп отыру баланың дауысын сақтауға көмектеседі.

Әнді қатты, айқайлап айтқандықтан, дауысы жарықтанып шығатында оқушылар кездеседі. Ал жай айту кезінде дауыста қосалқы шуыл пайда болады. Оқушылар дауысындағы бұл кемшілік көбіне мұғалімнің вокальдық білімінің төмендігінен және баланы қоршаған ортаның әсерінен (теледидардан, радиодан тыңдаған концерт), орындаушылардың немесе өз ата-аналарының ән айту мәнеріне еліктеуден туындайды.

Балалардың кейбірінің ән айту қабілетінің төмен болуы музыка сабағына, оның ішінде ән айтуға бөлінетін уақыттың шектеулі болуына да байланысты. Тағы бір себеп-ән айтудың жалпылама хор түрінде жүргізілуінен.

Мұндай оқушылармен мынадай жұмыстар жүргізілуі тиіс:

Мұғалім әрбір сыныпта әнді таза айта білмейтін оқушылардың кімдер екенін анықтап, музыка сабағында олардың отыратын орнын белгілейді. Мұндай оқушылардың қасына әнді таза айта білетін сенімді оқушылар отырғызылады.

Үйретілетін әннің орындауға қиын соғатын бөлігі вокальдық есітуі нашар оқушыларға бөлек үйретіледі.

Алғашқы үйрену кезеңіндегі әндерді баланың іштей орындауы арқылы есіту мен дыбыс жасау мүмкіндігі арасында бірлікті қалыптастыру, ішкі сезімін жетілдіру.

Үйретілген әнді сүйемелдеусіз орындату оқушыға бірыңғай өз дауысын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқушының дауысын жеке бақылау үшін мұғалімге де тиімді.

Бұл топтағы оқушылардың үйретілген әнді игеру сапасын тексеру кезінде әнді таза айтатын оқушымен бірге сұрау оны қыслып, ұялудан арашалайды. Ән айту қабілеті төмен оқушылармен үнемі үздіксіз жұмыс жүргізу баланың вокальдық сезімінің біртіндеп дамуына жол ашады. Баланың ән айта алмауы мұғалімге үнемі жауапкершілік жүктейді.

Ән айту жаттығулары негізінде мына төмендегі бағыттарда қолданылады:

а) жаттығулар жасап, дауысты ән айтуға дайындау;

б) оқушылардың назарын дайындық кезінде шешілуге тиісті көптеген маңызды, әрі түйінді мәселелерге бағыттап, олардың ынтасын арттыру. Жаттығуларды да, репертуарды да балалардың дауыс мүмкіндіктерін ескере отырып таңдаймыз. Оларды тамағына күш түсірмей, әнді айқайламай айтуға дағдыландыру керек. Осыған байланысты жаттығулар дауыс еркін жететін дыбыс аумағында ( примарная зона ) жүргізіледі. Бұл -бірінші октаваның до- си ноталар аралығы. Ән айту кезінде ең басты назар аударатын нәрсе - дұрыс тыныс ала білу. Оқушыларды дұрыс тыныс алудың негізгі үш ережесімен таныстырамыз.

Дем өте қысқа, әрі жылдам, жеңіл ғана алынады;

Тыныс ала салысымен бір сәт тына қалып, демді айқындап, әнді барлық бала бір мезетте бастауы керек;

Ән айтқан кезде ауа легін асықпай біртіндеп, әрі бір келкі шығарып отыру қажет.

Демнің ережеге сай өте жеңіл, қысқа болуын және дем алған кезде иықтың көтерілуін қадағалаймыз. Ал ыңылдап жабық ауызбен айту үнінің жинақы және нақтылы шығуына көмектеседі. Алайда бұл әдісті дұрыс орындай білу қажет: ерінде бірі - біріне сәл ғана жанасып, ал астыңғы және үстіңгі тістер мүлдем жақындаспай тұруы тиіс. Көмекей ашық ( сәл есінегендей ), таңдай көтеріңкі келіп, ауызда кішкентай алма бар сияқты әсер болуы керек. Сонда дыбыс еркін, әрі жарқындау шығады. Бұл жаттығулар тамақты қысып айтатын жағымсыз әдеттен арылуға да септігін тигізеді. Жаттықтыру бірінші октаваның до- ля ноталары аралығында жүргізіледі. Оқушыларға үйретілетін келесі негізгі дағды- әнді дыбыс сарынын үзбей, үнемі жалғастыра, ұластыра әдемі үнмен айта білу. Ол үшін ән өлеңде кездесетін дауысты дыбыстарды дұрыс қалыптастыра білудің маңызы зор. Мысалы: «ә», «е», «и», «і», «а», «я» сияқты езулік ашық дауысты дыбыстарды ерінді шеңберлей жинақылап, жабыңқы үнмен айту талап етіледі. Оларды орындаған кезде еріннің дөңгеленуі, иектің төмен түсіп, таңдайдың жоғары көтерілу мөлшері, көмекейдің ашылу кеңдігі барлық орындаушыларға бірдей болып келуі - вокалды хор дикциясының басты шарты. Осы шартты орындағанда ғана әншілердің үндері бірігіп, таза унисон болып шығады. Әнде дауыстылармен қатар дауыссыз дыбыстарды да дұрыс айта білу талап етіледі. Ол үшін дауыстау мүшелерінің жұмысын жақсартатын, атап айтқанда, ерінге, тілдің ұшына және таңдайға әсер ететін жаттығулар пайдалы. Жылдам екпінде орындалатын әндердің үзіндісін де осы мақсатта жаттығу ретінде пайдалануға болады. Әсіресе тез айтылатын әндерді айту тиімді. Осылайша жаттығулар айтқызу арқылы біртіндеп балалардың дауыс аумағын ұлғайтып, оның икемділігі мен жүрдектілігін қалыптастырамыз. Оқушылар әнді бірде баяулатып, бірде асқақтата шырқай, әр түрлә екпінде және жылдамдықта орындай алуы тиіс. Әрине, сабақ немесе репетиция кезінде ән айту дағдысы үйрету және оқушылардың дауысын тәрбиелеу мақсатында пайдаланылатын жаттығулар сан алуан. Ән айту дағдысын қалыптастырудан бұрын балалардың дауыс аппараттарының кедергісіз, еркін жұмысын қамтамасыз ету міндеті қойылады. Ол үшін денені дұрыс ұстап отырудың мәні зор: басты төмен салбыратпай немесе өте шалқайтпай, еркін, түзу ұстау қажет, өйтпеген күнде көмекей қысылып, дауыс еркін шықпайды. Дене салмағын екі аяққа тең түсіріп, нық тұру, отырғанда аяққа салмақ салып, орындықтың шетіне ғана отыру, денені тік, еркін ұстау, әнді отырып айтқанда қолды тізеге еркін қою қажет. Әншілердің бүкшиіп отыруы тек дауысқа ғана емес, дене бітіміне де зиянды әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларының омыртқасының майысуына әкеліп соғады, диафрагмаға салмақ түсіреді. Тынысты дұрыс алу-вокальдық -ән айту шеберлігін меңгерудің негізі. Дыбыс жасаудың сапасы вокальдық ән айту шеберлігінің осы түріне байланысты . Ән айту кезіндегі тыныс алу мен әдеттегі тыныс алудың арасында үлкен айырмашылық бар. Ән айтуда дауысты дыбыстардың созылыңқы, ұзақ айтылуына байланысты ауа көп шығындалады. Сол себепті оқушыларды дұрыс тыныс ала білуге үйретудің де маңызы зор.

Жалпы, ән сөздерінің айтылу ерекшеліктері шығарманың мазмұнына, жылдамдығы мен жанрына байланысты болады. Марш екпініндегі героикалық немесе патриоттық мазмұнындағы салтанатты әндерде дауысты дыбыстар іріленіп, қомақтыланып, ал дауыссыздар нық айтылады; Оқушылар ән әсерінен туған ішкі жан тебіренісін бет бейнесіне, дауыс ырғағына, үн бояуына берсе, шығарманы сезіммен әсерлей орындауы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының Ана тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту
Музыкалық қызмет түрлері
Бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Музыкалық білім беру
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Музыка сабағы - өнер сабағы
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz