Өндірістегі кәсіптік аурулардан және жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру


Өндірістегі кәсіптік аурулардан және жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі ҚР Еңбек кодексінің 324 бабымен регламенттелген. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбек қабілетінен айырылуына әкелетін, өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысандағы жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данада (әрбір зардап шегушіге жеке-жеке) ресімделеді (жазатайым оқиға туралы акт формасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө «Өндірістегі жазатайым оқиғаға байланысты құжаттар нысандарын бекіту туралы» бұйрығының 2 қосымшасында келтірілген) . Бұйрықтың бұл қосымшасында өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні толтыруға түсініктеме, Жіктеуіштер - Жазатайым жағдайға әкелген оқиға түрі, Жіктеуіштер (жазатайым оқиғаның себептері), Зардап шегуші жарақатының ауырлық дәрежесі, осы актіде қолданылатын бірқатар сөз тіркестерінің, терминдер мен белгілеулердің талданып оқылуы келтірілген, бұл өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардың себептеріне талдау жасауды өткізу кезінде басшылыққа алатын құжат қызметін атқаруы мүмкін. Мұндай талдау жасау ұйымның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі комиссияның белсенді қатысуымен өткізіледі, комиссияның негізгі міндеттерінің бірі жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйіне тексерулер өткізуді ұйымдастыру, жұмыс берушіге еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруға шалдығушылықтың жай-күйіне талдау жасау негізінде еңбекті қорғау проблемаларын шешу жөнінде тиісті ұсыныстар даярлау болып табылады.
Халықаралық еңбек ұйымы 2003 жылы 28 сәуір күнін-Бүкіл дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялады. Негізгі мақсат бүкіл дүниежүзі қауымдастығының көңілін туындап отырған проблемаға аудару, және де еңбек қорғау мәдениетін жасап енгізу жұмыс орындарындағы адам өлімін азайтуға септігі тиетіні еді. Жыл сайын дүние жүзінің 100 елінде осы күн аталып өтіліп, халықтың назарын еңбекті қорғаудың шешілмеген проблемаларына аударады.
2013 жылғы 28 сәуірдегі Бүкіл дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы: «Кәсіптік аурулардың алдын алу». Бүкіл дүние жүзі бойынша кәсіптік аурулар - өндіріске қатысты өлімге соқтыратын негізгі себеп. Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша жұмысқа қатысты болатын 2, 34 миллион өлімнің 321 мыңы ғана өндірістік жарақатқа байланысты, қалған 2, 02 миллион қазалы оқиғаның ( күніне 5500) себебі - әртүрлі кәсіптік аурулар. Осы көрсеткіш дүние жүзінде қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың қаншалықты дәрежеде екенін көрсетеді.
Кәсіптік аурулардың алдын алу жүйесінің жеткілікті түрде дамымауы жұмысшылар мен олардың жанұясына ғана емес, сонымен қатар тұтас қоғамға да кері әсер етеді. Бұл жерде еңбек өнімділігінің төмендеуінен жоғалтатын өнім құны мен әлеуметтік салаға түсетін ауыртпалық туралы айтса да болады. Кәсіптік аурудың алдын алу оны емдеу мен оңалтуға қарағанда анағұрлым арзанға түсетіні белгілі. Сол себепті әрбір жұмыс беруші кәсіптік аурудың алдын алу мүмкіншілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қолдануы керек. Соңғы он жылда Қазақстанда кәсіптік аурулардың өскені байқалады, егер 2002 жылы 357 адамның кәсіптік аурумен ауырғаны тіркелсе, 2010 жылы олардың саны 741 жеткен.
Облыс ұйымдарында 2013 жылдың 1-тоқсанында 20 жазатайым оқиғалар орын алып, 21 қызметкер жапа шекті, оның 3 қайғылы қазаға ұшырады. Кәсіптік аурулар тіркелген жоқ.
Ең көп жапа шегушілер экономика салалары бойынша құрылыс, химия, энергетика салаларында.
Жыл сайын аталып өтетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Талас ауданында аудан ұйымдарының басшылары, еңбек қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлері қатысқан семинар-кеңес өткізілді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер дүниежүзі атап өтетін осы күнге орайластырып, барлық ұйымдарда кәсіподақтардың, жұмысшылар өкілдерінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселерді талқылауды ұйымдастыруы керек. Еңбек қауіпсіздігі мәселесінің тек қана басшыға, мамандарға ғана емес, әрбір қызметкерге қатысты екенін, әркім өз жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтағанда ғана өндірісте болатын жазатайым оқиғалар санын азайтуға болатынын барлық адамдардың түсінуі-біз жүргізген барлық түсінік жұмыстарымыздың нәтижесі болар еді.
Шілде айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы жарық көргені белгілі. Мақаласында Елбасымыз «тұтынушылық қоғам» атты масылдық идеологияға сындарлы балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев болашақта тек еңбек қана қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алатындығына ерекше назар аударуы баршамызды еңбек саласындағы заңнамаларға тың көзбен қарап, жауапкершілігімізді арттыруға міндеттейді.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңы және Еңбек кодексі кәсіпорындарға тексеру жүргізу бөлігінде Қазақстан ратификациялаған Халықаралық Еңбек Ұйымының № 81 Конвенциясына сәйкес келмей отыр. Өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын күшейту талап етіліп отырғанда, мемлекеттік еңбек инспекциясы бір ай бұрын ескерте отырып қана тексерулер жүргізе алады, сөйтіп тексерудің өткірлігі мен күтілмегендік мәні төмендейді.
Елбасымыз қадап айтқандай бұл адамдар өміріне қатысты мәселе, сол себепті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына және Еңбек кодексіне тексеру жүргізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілу қарастырылып жатыр.
Президенттің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берген бір тапсырмасы 2013 жылдан бастап қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының негіздеріне оқыту жүйесін ұйымдастыру. Мемлекеттік еңбек инспекторлары бұл жұмысты әруақытта жүргізіп келеді, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оқу семинарларын ұйымдастыру арқылы, тікелей сұрақтарға жауап беру арқылы, сонымен қатар департаменттің сайтын пайдаланып еңбек заңдарына түсінік беріп, қызметкерлердің құқықтық сауатын көтеруге күш салуда. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап еңбек заңдарының негіздеріне оқыту жүйелі түрде жүргізілуде, облыстың 60 ұйымында қызметкерлерді оқыту тендер арқылы арнаулы оқыту ұйымдарына берілді, ал мемлекеттік еңбек инспекторлары әрбір жоспарлы тексеру жүргізу кезінде жұмысшылардың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында лекциялар, оқулар жүргізуде.
Мемлекет басшысы «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына апаратын 20 қадамның» басты қағидасы ретінде еңбек өнімділігін атап отыр. Осы еңбек өнімділігі біздің экономикалық биіктерге ұмтылыстағы басты құндылығымыз болуы шарт. Жұмыс берушілер жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасағанда, адам өмірі мен денсаулығын сақтап қана қоймай өнімді еңбекке де қол жеткізеді. Сонда ғана біз көздеген мақсатымызға, Елбасымыз көрсетіп берген межемізге жетеміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz