М. Әуезов шығармашылығындағы авторлық идея мен көркемдік шешімнің өзгеруі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 М.ӘУЕЗОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ
АВТОРЛЫҚ ИДЕЯ МЕН КӨРКЕМДІК ШЕШІМНІҢ ӨЗГЕРУІ ... ... ... ..6
1.1 “Еңлік . Кебек” пьесасындағы өмірлік шындық пен
көркемдік шешім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 «Қаракөз» трагедиясындағы авторлық идея мен
көркемдік концепция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.3 «Хан Кене» трагедиясының тағдыры және әдеби
сында бағалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2. М.ӘУЕЗОВТІҢ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ АВТОРЛЫҚ ИДЕЯНЫҢ
КӨРКЕМДІК ШЕШІМГЕ ҰЛАСУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
2.1 «Қилы заман» повесіндегі тарихи оқиға желісі мен
көркемдік таным ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
2.2 «Қорғансыздың күні» әңгімесінің жазылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... 71
2.3 «Оқыған азамат» әңгімесіндегі өмір шындығы
мен автор идеясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...73
2.4 «Кінәмшіл бойжеткен» шығармасындағы авторлық позицияның
өзгерісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...80
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .85
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .87

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кеңес идеологиясы қара таңба басып, беті жабылып келген көптеген архив материалдарымен танысуға жол ашылған бүгінгі уақыттың жаңа тынысына байланысты қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында маңызды өзгерістер жүзеге асырылуда. Әдебиеттегі ақтаңдақтарды анықтау, зобалаң жылдарда нақақтан жазаға ұшырап, шығармалары ел көзінен зорлықпен тасада ұсталып келген көркемсөз шеберлерінің асыл қазынасын халық қолына қайтадан ұсыну, мәдени мұраны бағалауда орын теуіп келген дағдылы көзқарастар мен белгілі деректерді қайта қарап таразылау, жаңаша пайымдау – осының бәрі бүгінгі әдебиет зерттеу ісіндегі өте маңызды, соны құбылыстар.
Кейінгі кезге шейін қарауға тиым салынып, тасада бүркеліп келген сан алуан нақты деректермен танысуға 80 жылдардың соңында мүміндік туып, жол ашылғанда, сарғайған архив қағаздары Мұхтар Әуезовтей кемеңгер суреткердің де заманнан жәбір көріп, талай рет қияметтің қыл көпірінен өткені, тағдырының трагедиялық кезеңдері жайында ауыр сырлар шертті. Ұлы жазушы шындықты бүкпесіз айтқаны үшін, елінің, ұлтының мүддесін қорғағаны үшін қудаланған. Азаттық идеясын көтерген шығармалары “сарыны жат” деп мансұқталып, қара таңба басылған, оқуға тиым салынған, театр сахналарынан алынып тасталған. Жиырмасыншы жылдардың күрделі кезеңіндегі М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына әсер әткен саяси жағдайлардың, шығармаларының алғашқы нұсқасы мен екінші нұсқасының жазылуының әлеуметтік-саяси астарын ашу, сондай-ақ жазушы туындыларындағы авторлық идея мен көркемдік шешімнің өзгеруін анықтау зерттеудің көкейкестілігін құрайды.
Зерттеудің нысаны. Зерттеудің нысаны ретінде М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек”, “Қарагөз”, “Хан Кене” пьесалары, “Қорғансыздың күні”, “Оқыған азамат”, “Кінәмшіл бойжеткен” әңгімелері мен “Қилы заман” повесі алынды.
Зерттеудің дереккөздері. Бітіру жұмысын жазу барысында академик М.Әуезовтің ғылыми мақалалары мен белгілі ғалымдар С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, З.Қабдоловтың, Т.Кәкішевтің, Қ.Мұқаметхановтың, З.Ахметовтың, М.Мырзахметұлының, Т.Жұтбайдың, К.Сыздықовтың, Б.Майтановтың еңбектері негіз болды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. М.Әуезов туындыларының әуелгі авторлық идеясы мен көркемдік шешімінің өзгеруі автордың өз еркімен жүзеге асты ма, жоқ иделогиялық қысымның кесірінен өзгеріске ұшырады ма? Жазушыға қай шығармасы үшін қандай сын айтылып, айып тағылды, кім айтты және оның кейінгі өзгертуге ықпалы қандай болды? Жұмыстың алдына осындай күрделі мақсат көзделе отырып, оны шешу үшін мынадай міндеттер қойылды:
- М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасындағы тарихи негіз және көркемдік таным мәселесін анықтау;
- жазушының «Қаракөз» трагедиясындағы авторлық идея мен көркемдік концепцияны айқындау;
- драматургтың «Хан Кене» трагедиясының тағдырына үңіліп, оның әдеби сында бағалануына сараптама жасау;
- қаламгердің «Қорғансыздың күні» әңгімесінің жазылу тарихына зерттеу жүргізу;
- «Оқыған азамат» әңгімесіндегі өмір шындығы мен автор идеясын пайымдау;
- «Кінәмшіл бойжеткен» шығармасындағы авторлық позицияның өзгерісін ашу;
- «Қилы заман» повесіндегі тарихи оқиға желісі мен көркемдік
шындықты табу.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Әуезовтану ғылымы саласында зерттеушілердің назарын аударатын және арнайы зерттеуді тілейтін ғылыми бағыт өз ізденушілерін күтіп тұр. Ұлы суреткердің жеке өміріне қатысты тағдыр талқысы мен танымдық тамырларының кейбір шешуші кезеңдері кеңестік саясат пен идеологияның қысымы салдарынан мүлде айтылмады немесе теріс тұжырымдалды. Тіпті, саяси және рухани тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары да М.Әуезовтің қайраткерлік қызметі мен шығармашылық нысанасы әрқалай бағаланып келеді.
Әуезовтану ғылымындағы осы мәселелер жазушының шығармаларындағы әуелгі авторлық идея мен көркемдік шешімнің өзгеруіне әкеліп соқты. Сондықтан бітіру жұмысында жазушының аталған шығармаларының жазылу тарихына көз жіберіліп, алғашқы нұсқасының кейіннен өзгеріске ұшырауының себептеріне зерттеулер жүргізіледі.
Зерттеудің әдістері. Жұмысты орындау мақсатына қарай баяндау, жинақтау, саралау, талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Бітіру жұмысының барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдардың, қорытындылардың теориялық және практикалық мәні зор. Зерттеу нәтижелері педагогикалық колледждердің, орта мектептердің әдебиет пәнінде М.Әуезовтің шығармашылығы орны туралы сөз қозғағанда пайдалануға болады. Әсіресе, М.Әуезов шығармашылығы бойынша курс жұмысын жазу, ғылыми жоба қорғау, реферат дайындау, тағы басқа жұмыстарда еңбек қосымша материал қызметін атқара алады.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Әдебиеттану. Терминдер сөздігі / Құраст. З.Ахметов, Т.Шаңбаев. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б.
2 Сыздықұлы К. М.Әуезов шығармаларыныңбейтаныс беттері // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1997. №5-6. Б.52-67.
3 Ауэзов М . Открытое письмо в редакцию / М.Ауезов // Литературной газеты. - // Абай. – 1996. - №2.
4 О грубых политических ошибках в работе института языка и литературы Академии Наук Казахской ССР - // Большевик Казахстана. – 1947. - №1.- 24 с
5 Күрделі заманның қайсар қайраткері Жұмабай Шаяхметов туралы естеліктер – Астана: Аударма – 2002
6 В райком ВК(б)П тов Голощекину от заключенного Ауэзова Мухтара Заявление. – РКФ «Дом Ауэзова», п 634. // Абай. – 1997. - №4.
7 Жұртбаев Т. Өмір үшін өнерінен бас тартқан / Т.Жұртбай - // Абай. – 1995. - №1 – 2.
8 Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы / Р.Нұрғали. – Астана: Елорда, 2003. – 424 бет.
9 Жұртбаев Т. Еңлік-Кебек пьесасының тарихи негіздері , жинақ «Мұхтар мұрасы» / Т.Жұртбай - Алматы: Қазақстан, – 1997.
10 Лихачев Д.И. Литература реальности / Д.И.Лихачев.- Москва: Советский писатель, - 1981.
11 Баишев С. Профессор М.Әуезов өткендегі қателерінің шырмауында / С.Баишев // Социалистік Қазақстан. - 1947 -14 март -№52 // Абай -1997. № 2 -3
12 Байғалиев Қ. Әдебиетіміздің идеялық және көркемдік дәрежесі жоғары болсын / Қ.Байғалиев // Әдебиет және Искусство – 1953. - №3. // Қазақстан коммунисі – 1953. - №4.
13 Мұхаметханов Қ. Семей театрының тарихынан / Қ.Мұхаметқанов // Қазақ әдебиеті – 1984. - 4 мамыр.
14 Жұртбаев Т. Бесігіңді түзе / Т.Жұртбай // Алматы: – 1997.
15 Жұртбаев Т. Бесігіңді аяла / Т.Жұртбай // Астана: - 2002.
16 ЗАЯВЛЕНИЕ М.Ауэзова Папову / Заявление - // Абай – 1997. - №2- 3.
17 Әуезов М О. Жиырма томдық шығармалар жинағы / М.О.Әуезов // Алматы: Жазушы, – 1979- 1985.
18 Нурушев С.Н. До конца искоренить буржуазно-националистические извращение в изучении творчества Абая / С.Н. Нурушев // Вестник Академии Наук Казахской ССР. – 1953. - №4. // Абай. – 2000. - №1.
19 Сармурзин Ғ. Өнеге / Ғ.Сармурзин – Алматы: – 1975.
20 Орманбайұлы Ж. Қаракөз / Ж.Орманбайұлы // Абай. - 1996. - №8
21 Әуезов М. О. Қаракөз / М.О.Әуезов // Сана. – 1923. - №1.
22 Жұртбаев Т. Қаракөз қалай жазылды? / Т.Жұртбаев // Қазақстан өнері: –Алматы: Өнер.- 1979.
23 Әуезов М О. Ескілік көлеңкесінде / М.О.Әуезов //Алғысөз: – Алматы: – 1935.
24 Кенесары – халықтың қас жауы. // Әдебиет және Искусство - 1951
25 Заманымызға сай шығармалар жасайық. Әдебиет мәселелері жөнінде ҚКП(б) ОК болған мәжілістен - // Социалистік Қазақстан – 1948. – 4 август.
26 Кузнецов П. Величание в место критики / П.Кузнецов // Правда – 1953 -30 январь ; Сынау орнына мадақтағандық - // Әдебиет және Искусство. – 1953. -№4.
27 Әуезов М О. Абай жолы. Роман-эпопея / М.О.Әуезов // Алматы: Жеті жарғы, – 1997.
28 В ЦК ВКП(б) товарищу Сталину - // Абай: - 1997. -№2 – 3.
29 Қазақ әдебиетінің тарихы 3-том; 1-кітап / Алматы: – 1967.
30 Қабдолов З. Әуезов және оның әсемдік әлемі / - Алматы: Білім 1986
31 Дәуітова С. “Хан Кене” трагедиясындағы авторлық концепция / С.Дәуітова // Жұлдыз, 1998. - №2. – Б. 176-181.
32 Фаизова Р. Жауынгерлік айбыны жоқ сын / Фаизова.Р // Литературная газета – 1952. -31 январь. // Әдебиет және Искусство. – 1952. - №2.
33 Тоғжанұлы Ғ. Әдебиет және сын мәселелері / Тоғжанұлы Ғ. – Қызылорда: - 1929.
34 Махат Д. Қазақ зиялыларының қасіреті / Д.Махат // «Сейфуллиншілдік».- Алматы: – 2001.
35 Алматы қаласының жазушылар мен көркем өнер қызметкерлер жиналысының қаулысы - // Әдебиет және Искусство. – 1946. - №1.
36 Габдуллин М.О. Состоянии и задачах изучение казахского эпоса / М.О. Габдуллин // Вестник Академии Наук Казахской ССР – 1953. - №4. Абай. – 2000. - №1.
37 Полномочное представительство ОГПУ в Казахстане секретно-политический отдел. Докладная записка. - // Абай. – 1997.- №3.
38 Мұхаметханұлы Қ. Мұхтар кешкен қилы заман / Қ. Мұхаметқанұлы // Абай. – 1992. - №3.
39 Тұңғыш толық жинақ . // Абай. – 1995. №1 – 2.
40 Мырзахметов М. Әуезов және Абай / Алматы : Қазақстан – 1997
41 Жұртбаев Т Қилы заман қалай жазылды? // Лениншіл жас -1990 -№24-29
42 Жансүгіров І. Қата қайда? / І.Жансүгіров // Абай. – 1995. -№1.
43 «Отырыр» кітапханасындағы Қ. Мұхаметхановтың қолжазбалар қоры.
44 Жұртбаев Т. Бетпе-бет / Т.Жұртбаев // Абай. – 2000. - №1.
45 Қазақ ССР Ғылым Академиясы Президиумы мен Қазақстан Совет Жазушылары Одағының Президиумында «Қазақ әдебиетінің классигінің өмірі мен творчествасын ғылыми жолмен зерттеу жөніндегі айтыстың қорытындысы туралы» // Әдебиет және Искусство. – 1951. - №9.
46 Ұлтарақов Қ. Қилы заиан қалай жазылған / Қ.Ұлтарақов // Жұлдыз. – 2002. №8.
47 Мұқанов С. Абайдың шәкірттері туралы / С.Мұқанов // Әдебиет және Искусство. – 1951. - №7. // Абай. – 1992. - №4.
48 Тайжанов А.Т. М.Әуезов шығармаларында дүние-танымдық өзектері / А.Т. Тайжанов. – Алматы: – 1995.
49 Шаяхметов Ж. Қазақ халқының әдебиеті / Ж.Шаяхметов // Социалистік Қазақстан. – 1949. – 14 май. - №93.
50 Майтанов Б. Қорғансыздың күні / Б. Майтанов // Қазақ әдебиеті. – 2004. - №37.
51 Әуезов М О. Шығармашылығы / М.О Әуезов // Шолпан. - №6–7-8 сандары
52 Әуезов М О. Қараш-Қараш / М.О.Әуезов // ҚТӘБ; Алматы: – 1960.
53 Әуезов М О. Оқыған азамат / М.О.Әуезов // Шолпан. – 1922. - №2 – 3.
54 Выступление М.О. Ауэзова на дискуссии по казахскому эпосу 13 апреля 1953 года / М.О.Әуезов // Абай. – 2000. - №2.
55 Қазақ совет әдебиеті өсуінің кейбір мәселелері туралы // Социалистік Қазақстан: – 1948. - 21 – 21 декабрь. - №252.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы М.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ ИДЕЯ МЕН КӨРКЕМДІК ШЕШІМНІҢ
ӨЗГЕРУІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 М.ӘУЕЗОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ
АВТОРЛЫҚ ИДЕЯ МЕН КӨРКЕМДІК ШЕШІМНІҢ ӨЗГЕРУІ ... ... ... ..6
1. “Еңлік – Кебек” пьесасындағы өмірлік шындық пен
көркемдік
шешім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...9
2. Қаракөз трагедиясындағы авторлық идея мен
көркемдік
концепция ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 20
3. Хан Кене трагедиясының тағдыры және әдеби
сында
бағалануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...35
2. М.ӘУЕЗОВТІҢ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ АВТОРЛЫҚ ИДЕЯНЫҢ
КӨРКЕМДІК ШЕШІМГЕ
ҰЛАСУЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...48
2.1 Қилы заман повесіндегі тарихи оқиға желісі мен
көркемдік таным
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .60
2.2 Қорғансыздың күні әңгімесінің жазылу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ...71
3. Оқыған азамат әңгімесіндегі өмір шындығы
мен автор
идеясы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..73
2.4 Кінәмшіл бойжеткен шығармасындағы авторлық позицияның
өзгерісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .80
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 85
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...87
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кеңес идеологиясы қара таңба басып, беті
жабылып келген көптеген архив материалдарымен танысуға жол ашылған бүгінгі
уақыттың жаңа тынысына байланысты қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында
маңызды өзгерістер жүзеге асырылуда. Әдебиеттегі ақтаңдақтарды анықтау,
зобалаң жылдарда нақақтан жазаға ұшырап, шығармалары ел көзінен зорлықпен
тасада ұсталып келген көркемсөз шеберлерінің асыл қазынасын халық қолына
қайтадан ұсыну, мәдени мұраны бағалауда орын теуіп келген дағдылы
көзқарастар мен белгілі деректерді қайта қарап таразылау, жаңаша пайымдау –
осының бәрі бүгінгі әдебиет зерттеу ісіндегі өте маңызды, соны құбылыстар.
Кейінгі кезге шейін қарауға тиым салынып, тасада бүркеліп келген сан
алуан нақты деректермен танысуға 80 жылдардың соңында мүміндік туып, жол
ашылғанда, сарғайған архив қағаздары Мұхтар Әуезовтей кемеңгер суреткердің
де заманнан жәбір көріп, талай рет қияметтің қыл көпірінен өткені,
тағдырының трагедиялық кезеңдері жайында ауыр сырлар шертті. Ұлы жазушы
шындықты бүкпесіз айтқаны үшін, елінің, ұлтының мүддесін қорғағаны үшін
қудаланған. Азаттық идеясын көтерген шығармалары “сарыны жат” деп
мансұқталып, қара таңба басылған, оқуға тиым салынған, театр сахналарынан
алынып тасталған. Жиырмасыншы жылдардың күрделі кезеңіндегі М.Әуезовтің
өмірі мен шығармашылығына әсер әткен саяси жағдайлардың, шығармаларының
алғашқы нұсқасы мен екінші нұсқасының жазылуының әлеуметтік-саяси астарын
ашу, сондай-ақ жазушы туындыларындағы авторлық идея мен көркемдік шешімнің
өзгеруін анықтау зерттеудің көкейкестілігін құрайды.
Зерттеудің нысаны. Зерттеудің нысаны ретінде М.Әуезовтің “Еңлік –
Кебек”, “Қарагөз”, “Хан Кене” пьесалары, “Қорғансыздың күні”, “Оқыған
азамат”, “Кінәмшіл бойжеткен” әңгімелері мен “Қилы заман” повесі алынды.
Зерттеудің дереккөздері. Бітіру жұмысын жазу барысында академик
М.Әуезовтің ғылыми мақалалары мен белгілі ғалымдар С.Мұқановтың,
Б.Кенжебаевтың, З.Қабдоловтың, Т.Кәкішевтің, Қ.Мұқаметхановтың,
З.Ахметовтың, М.Мырзахметұлының, Т.Жұтбайдың, К.Сыздықовтың, Б.Майтановтың
еңбектері негіз болды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. М.Әуезов туындыларының әуелгі
авторлық идеясы мен көркемдік шешімінің өзгеруі автордың өз еркімен жүзеге
асты ма, жоқ иделогиялық қысымның кесірінен өзгеріске ұшырады ма? Жазушыға
қай шығармасы үшін қандай сын айтылып, айып тағылды, кім айтты және оның
кейінгі өзгертуге ықпалы қандай болды? Жұмыстың алдына осындай күрделі
мақсат көзделе отырып, оны шешу үшін мынадай міндеттер қойылды:
- М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасындағы тарихи негіз және көркемдік
таным мәселесін анықтау;
- жазушының Қаракөз трагедиясындағы авторлық идея мен көркемдік
концепцияны айқындау;
- драматургтың Хан Кене трагедиясының тағдырына үңіліп, оның әдеби
сында бағалануына сараптама жасау;
- қаламгердің Қорғансыздың күні әңгімесінің жазылу тарихына зерттеу
жүргізу;
- Оқыған азамат әңгімесіндегі өмір шындығы мен автор идеясын
пайымдау;
- Кінәмшіл бойжеткен шығармасындағы авторлық позицияның
өзгерісін ашу;
- Қилы заман повесіндегі тарихи оқиға желісі мен көркемдік
шындықты табу.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Әуезовтану ғылымы саласында
зерттеушілердің назарын аударатын және арнайы зерттеуді тілейтін ғылыми
бағыт өз ізденушілерін күтіп тұр. Ұлы суреткердің жеке өміріне қатысты
тағдыр талқысы мен танымдық тамырларының кейбір шешуші кезеңдері кеңестік
саясат пен идеологияның қысымы салдарынан мүлде айтылмады немесе теріс
тұжырымдалды. Тіпті, саяси және рухани тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары
да М.Әуезовтің қайраткерлік қызметі мен шығармашылық нысанасы әрқалай
бағаланып келеді.
Әуезовтану ғылымындағы осы мәселелер жазушының шығармаларындағы әуелгі
авторлық идея мен көркемдік шешімнің өзгеруіне әкеліп соқты. Сондықтан
бітіру жұмысында жазушының аталған шығармаларының жазылу тарихына көз
жіберіліп, алғашқы нұсқасының кейіннен өзгеріске ұшырауының себептеріне
зерттеулер жүргізіледі.
Зерттеудің әдістері. Жұмысты орындау мақсатына қарай баяндау,
жинақтау, саралау, талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Бітіру жұмысының
барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдардың, қорытындылардың теориялық
және практикалық мәні зор. Зерттеу нәтижелері педагогикалық
колледждердің, орта мектептердің әдебиет пәнінде М.Әуезовтің
шығармашылығы орны туралы сөз қозғағанда пайдалануға болады. Әсіресе,
М.Әуезов шығармашылығы бойынша курс жұмысын жазу, ғылыми жоба қорғау,
реферат дайындау, тағы басқа жұмыстарда еңбек қосымша материал қызметін
атқара алады.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 тараудан,
қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 М.ӘУЕЗОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ
ИДЕЯ МЕН КӨРКЕМДІК ШЕШІМНІҢ ӨЗГЕРУІ
Қазақ халқын төрткүл дүниеге танытуға, оның әдебиеті мен мәдениетін
әлемдік дүниеге көтеруге өлшеусіз мол үлес қосқан заманымыздың ұлы суреткер
жазушысы, кемеңгер ғалымы Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасының қалың
әлеуметке әлі де кеңінен танылмай, жете ашылмай, айтылмай келе жатқан
жәйттері баршылық. Арнайы сөз еткелі отырған тақырыбымыз – М.Әуезовтің
әңгімелері мен драма жанрындағы шығармаларының авторлық идеясы мен
көркемдік шешімін табу. Ең алдымен әдебиет теориясы тұрғысынан авторлық
идея жайлы сөз қозғамас бұрын, авторлық қолжазба дегеніміз не екенін
анықтап алайық. Яғни, ол – “әдеби шығарманың, автордың өз қолымен жазылған
түпнұсқасы. Шығарманың авторлық қолжазбасы болуының үлкен мәні бар. Бұл
авторлық текст басылымдар тұсында қандай өзгеріске ұшырағанын білуге,
пайымдауға қажет жағдайда ғылыми-текстологиялық түзетулер жасап, алғашқы
нұсқасын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Авторлық идея – текст
басылымдарының барысында автордың шығармадағы идеясын түпнұсқадағы идеямен
астастырып, ауытқымау негізгі көзделетін мақсат”, - дейді академик
З.Ахметов [1, 31 б.]. Алдымен М. Әуезовтің 1932 жылға дейінгі қолжазба,
шығармашылық мүлік, мұрасы оның әдеби-мемориялдық мұражайында да ертеректе
ғалымдар қарастырған Семей, Ташкент, Алматы, Мәскеу, Петербург архивтерінде
де сақталмаған. Сондықтан да бұл арнада жұмыс жасаудың өзі біршама
ауыртпалықтарымен кездессе де, көптеген ғалымдарымыздың еңбектері арқау
болды [2, 52 б.]. Сондай дүние-мүліктер туралы ғалымдардың кездестірген
бірер мағлұматына деректер келтіре кетейік.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармашылық саладағы ізденіске толы,
мағынасы терең еңбектері үшін халқынан алған алғысымен қатар әміршіл-
әкімшіл жүйе қиянатын да көп көрді. 1934 жылғы Ашық хатында: Менің
әдебиет пен саясат жолында бұрын қандай адам болғаным туралы Қазақстанның
партиялық-кеңестік жұртшылығы өзінің қоғамдық сынын айтқан болатын. Ол сол
ашық, нық айтылған дұрыс сын еді. Ондағы берілген баға бойынша мен бай мен
алашордашыл оқығандардың салт-санасын әдебиет жүзінде іске асырушы кісі
болғам. Осы жай бар жұртшылыққа да, менің өзіме де мәлім. Бұл сияқты тарихи
дұрыс сана қажет болған, менің өз ісімнен туған әділ сынды жасаушылар
кімдер болды? Ол – Қазақстанның партиялық-кеңестік баспасөзі. Соның ішіне
жылдар бойына сын ретімен, айтыс ретімен тексеру жүргізген ҚазАПП тобының
төңкерісшіл-марксшіл сыншылар, жазушылар, газет қызметкерлерінің сындары
болды -деп жазды [3, 183 б.].
Кеңестік билік алдыңғы толқын алаш зиялыларын Ескі интеллигенция
өкілдері ұлтшылдар деп атап, оларға күдікпен қарады. Алдымен олардың
рухани, мәдени сала мен саясатқа араласуына қарсылық көрсетілді де, уақыт
өте келе саяси тұрғыда ашық қуғындалды. Коммунистік партия саясаты мен
идеологиясын насихаттау, ұйымдастыру партиялық мерзімді басылымдарға
жүктелді. Партиялық сын, мойындау хат, ашық хат, қазақ зиялыларының бір-
біріне жазған ашық хаттары немесе ұлт зиялыларының партия мен өкімет
ұстанып отырған саясатқа иланып, бірін-бірі мерзімді басылымдарда айыптау,
сынау кеңестік кезеңде кең орын алды. Сыбағама қу заман сені берді өз
кейіпкерінің аузымен айтқызғандай, заңғар жазушымыз Мұхтар Омарханұлы
Әуезовтің өмірі мен қызметі кеңестік қызыл империя қыспағында өтті.
М.Әуезов шығармашылығына қарсы сан мәрте шабуыл жасалып, ұлтшыл деген атау
оның көлеңкесіндей өмір бойы еріп жүрді[4, 24 б.].
Қазақстанда ұлт зиялыларына қарсы саяси қуғын-сүргін Ф.Голощекин
билікке келгеннен кейін тіпті қыза түсті. Ұлтшылдарды, Оңшылдарды,
солшылдарды, зиянкестерді партия көсемдері іздеп тауып бірінен соң
бірін абақтыға жауып жатты. Партия сыншыларының көзі М.Әуезов
шығармашылығына түсті. 1927-1928 жылдары басылған Жыл құсы атты жинақтың
№2 санында Жұмабай Орманбайұлы Қаракөз деген мақаласында: Қаракөзде
пролетариат әдебиетінің иісі де жоқ, оның жолына да қайшы, пролетариат
салтына да сыймайды. Тілегіне келмейтін бөтен... Бізде Мұхтардың атағына
сенетін, ізіне сыйынатын, еретін азаматтар әлі де бар. Мұхтар пролетариат
тілегіне келтіріп, кітап жаза білмейді. Жаза білсе де жазбайды. Мұхтардан
өзіміздің қойшымыз әдемі жазады, - деп сын айтты [5, 35 б.]. Көп ұзамай
1929 жылы 30 желтоқсанда М.Әуезов ұлтшыл жазушы атанып тұтқындалды. Түрмеде
жатып ОГПУ прокуроры Столбова мен ОСО тергеушісі Поповқа өтініш жазған.
Онда Ә.Байділдиннің берген жауабындағы және Ф.Голощекиннің Қазақстанның 10
жылдығына арнап жасаған баяндамасындағы негізсіз пікірлер жөнінде өзінен
жауап алуды өтінген. 1930 жылды 12 желтоқсанында тұтқында отырған М.Әуезов
Қазақ Өлкелік Партия комитетіне және Ф.Голощекинге өтініш хат жолдады.
Онда М.Әуезов 1930 жылдың 6 желтоқсанындағы 58 статьяның 7 және 11
тармақшалары бойынша тағылған айыптың кейбір тұстарымен келіспейтінін
мәлімдеген. Түпнұсқадан үзінді келтірейік: по предъявленному мне от 6. XII
обвинению по ст.58 п.п 7 и 11 и по формулировке его я понял, что будто я
состоял в организации Досмухамедова Тынышбаева исполняя задания этой
организация пытался своей деятельностью, осуществить идейное влияние ее в
советских органах, наперекор всем важнейшим мероприятиям советской власти,
в отраслях как: землеустройства, печать, школа и проч.., и будто бы вел
линию подрыва этих плановых государственных мероприятий.
Никогда в жизни не будучи бы один день на роботе в каком бы то ни
было хозяйственном учреждении, вопрос об экономической контрреволюции,
вытекающей из смысла п.7, считаю ни в какой мере не относящимся к себе.
Кроме того, с 1924 г., я не работал на территории Казахстана (до 1928
года учился, живя в Ленинграде, а с 1928 года до ареста работал в Ташкенте,
состоял научным сотрудником СОГУ)... Касаясь выступления в печати, обращаю
ваше внимание на то, что идеологическая борьба в казахской периодической
печати длилась в виде дискуссии в течение ряда лет, и я ни одной статьи не
выступил (после 1922-1923гг) в защиту позиции той литературной группы, к
которой меня заочно причислили, единственным напечатанным произведением
после 1926 года является повесть Қилы заман, но как историческая повесть,
она не имеет непосредственного отношения к сегоднишнему дню. А
напечатанными учебными пособиями за последние годы я только помогал
казахской начальной школе [6, 57 б.].
М. Әуезов түрмеден 1932 жылғы 10 шілдедегі Казахстанская правда және
Социалды Қазақстан газеттерінде қателіктерін мойындап Ашық хат
жарияланғаннан кейін босатылды. Партиялық мерзімді басылым беттерінде Ашық
хат жариялап, ұлт болашағы үшін күрестің басқа әдісіне көшу себебі ғалым
Қайым Мұхаметханов естеліктерінде баяндалады. Ахмет Байтұрсынұлы Әлімхан
Ермеков пен Мұхтар Әуезовке: сендер жассыңдар. Біз сияқты саясатта аттарың
шығып, әйгіленіп қалған жоқсыңдар. Біз жаздық, жаңылдық – деп айқайласақ та
олар сенбейді және түрмеден шығармайды. Осы тұзақтың түскені-түскен. Сендер
қателіктеріңді мойындап ашық хат жазыңдар. Бәріміз бірдей өліп кетсек,
арманымызды алдағы күнге кім апарады. Екіншіден: сендер әлі ешнәрсе
тындырған жоқсыңдар. Халықтың парызын өтеңдер. Үшіншіден: бұлар сендерге
сенеді. Сондай-ақ, олар халыққа бізді жексұрын көрсетуі үшін қатесін
мойындайтын адамдарды іздеп отыр. Оған сендер лайықсыңдар. Бұл да күрестің
бір түрі -деп ақыл айтқан [7, 186 б.]. Ұлттық идеядан нәр алған жастар
жағы алдыңғы толқын алаш зиялыларын рухани ұстаз тұтты, оларды аса
құрметтеді. Әлімхан Ермеков пен Мұхтар Әуезовте рухани ұстаз, кемеңгер
ғалым Ахмет Байтұрсынұлының ақылын алып, ел үшін, еркіндік үшін күрестің
басқа бір жолын іздеуге бел буғаны байқалады. А.Байтұрсынов айтқандай
жоғарыда аталған партиялық газеттер Алаштың екі көсемі өздерінің
қателіктерін мойындады! деген үлкен тақырыппен М.Әуезов пен Ә.Ермековтің
қателіктерін мойындаған Ашық хатын басып, алаш зиялыларының ұстанған
бағыты мен идеясының халыққа қарсы бағытталғанын дәлелдеуге тырысты.
1.1 “Еңлік – Кебек” пьесасындағы өмірлік шындық пен көркемдік шешім
Әдебиеттану ғылымында өмір және өнер, өмірлік шындық және көркемдік
шындық төңірегінде талас пікірлер көп. Кейбір эстетиктердің айтуынша,
көркемдік шындық – өмірді әшекелейтін бояу; көркемдік шындық тек
суреткердің қиялында ғана туады; бұл таза эстетикалық категория; ал
болмыста негізі тамыры жоқ.
“Біз осының үшеуіне де қосылмаймыз”, - дейді академик Р.Нұрғали [8,
102 б.]. Ұлы неміс жазушысы Гете былай деген: “Мен шығармаларымда тек
данышпандық арқасында ғана жазған жоқпын, олардың тууына мың сан дүние
адамдар нәр берген. Олар – ақымақтар, һәм ақылдылар, естілер һәм есіріктер,
балалар, жігіттер, һәм шалдар; бәрі де бастарындағысын, не ойлайтындарын,
қалай тірлік етіп, қандай қарекет қылатындарын айтқан. Мен үшін ештеңе де
қалған жоқ”.
“Көркемдік шындық – өмір шындығының жазушының ой-елегінен,
творчестволық көрігінен өтіп, қорытылып, әдеби шығармалардағы баяндалған,
көркем суретке айналған қалпы. Көркем шындық өмірдегі шындықты кең толғап
түсіну, терең сезіну, оған жазушы өз қатынасын білдіру арқылы туады” [1,
193 б.].
Көркемдік шындық жазушы қиялы арқылы екшелген, сұрыпталған,
идеологиялық мақсат тұрғысынан бейнеленген шындық. Бұл өмірлік шындықтың
көшірмеі емес. Ол – шашылып жатқан, араласып жатқан жүйесіз, үзік-үзік
құбылыстардың басын біріктіреді; соны сұрыптайды. Бұл орайдағы ең шешуші
фактордың бірі – суреткер қиялы. Мұхтар Әуезов өзінің шығармашылық қаз-
қадамын неден, қандай шығармадан бастады? Бұл әрине, жай жеңсік - қойлықтан
туып отырған жоқ. Оны анықтап айырудың әдеби, ғылыми-танымдық маңызы бар
екені сөзсіз.
1917 жыл. Маусымның жетінші жұлдызы. Бұл күнді Абай ауылы ерекше
ықыласпен күтті. Және сол тағатының таусылғанына орай есте қаларлықтай
болып өтті. Ойын- сауық жағына жастар құлшына кірісті. Одан Мұхтар да шет
қалмады. Суырып салма ақын Әубәкір, әнші – Жебірейіл, домбырашы, скрипкашы
– Зікайыл сияқты жастар бас қосып: Әкемнің кенже қызының тойында ел-жұртқа
тосын өнер, мәдениеттің жаңа түрін көрсетейік. Абай дәстүрінің өшпегенін,
өскенін байқататын болсын, - десті. Ақын өмірден көшкен соң оның сөзін
ұстап қалған Тұрағұл да ел таныған шешен бидің бірі болатын. Дәстүрді,
халық тарихын жақсы білетін. Сол кісінің әңгімесінен ұшқын алды ма, жоқ
Мағауияның Еңлік-Кебек, не Шәкәрімнің Жолсыз жаза дастанын скрипкаға
қосылып орындау туралы ұсынысынан әсерленді ме, белгісіз, әйтеуір жиырма
жасар Мұхтар: Осы айтқан мандолин, скрипка, сырнайларының барлығы қазір
қыр қазағына, оның ішінде Абай аулына таңсық емес. Одан өзгеше, бұрын
сахарада болмаған, әкеміздің өзі де армандап кеткен тосын сый жасайық.
Оқиғалы ойын қояйық, - деп ұсыныс айтады [9, 124 б.].
Сол отырыста Мұхтар Еңлік-Кебек туралы пьеса жазуға уәде етеді.
Рольде ойнайтын адамдар да бекітіледі. Әйгерім рұқсатын берді. Өзінің сегіз
қанатты екі ақ үйін жапсарластыра тігуге келіседі. Ол туралы Николай Анов
мынадай естелік қалдырыпты:
-Бірде Мұхтар екеуміз Абай бульварының бойында серуендеп жүрдік.
Мұхтардың көңілдене қалған сәті екен. Ол маған: Кел, отырайық. Мен саған
Еңлік-Кебекті қалай жазғанымды және ол пьеса маған не үшін қымбат екенін
айтып берейін. Есіңде ме, Абайдың үшінші кітабындағы мына жер. Пьесаның
өмірі сахнада басталады ғой. Ал, төңкеріске дейін қазақша театр жоқ
болған. Сол кезде маған да, пьесама да тосын оқиға жол ашты. Ғашықтардың
қабірінен он бес шақырымдай жерде Абайдың екінші әйелі Әйгерім немересі
Ақышты ұзатып жатты. Міне, сол кезде менің достарымның біріне жас отау
иелеріне сый ретінде Еңлік-Кебекті қоюды ұсындым -деп айтып беріпті [10,
268 б.].
Әңгімені Николай Иванович араға үзақ уақыт өткізген соң қағазға
түсіргендіктен де кейбір сөздердің жалпылама баяндалғаны байқалады.
Мұхтардың Мағауияның Еңлік-Кебек поэмасы бойынша пьеса жазғанын айтады.
Ол кезде Шәкәрімнің атын атауға рұқсат етілмеген де, оның Жолсыз жаза
дастанын аузына алмаса керек... Екіншіден пьеса Ақыштың тойына қатыссыз,
одан бұрын жазылды деген емеурін бар. Ол - жаңсақ. Каникулда жүргенде,
Тұрағұлдың көмегімен Шәкәрімнің дастаны бойынша сахналанған.
Тобылғы мен қараған бүршік атып, ойпат пен белес ақша гүлге малынып,
хош иіс аңқыған шақта Мұхтар салт атпен Еңлік-Кебектің қабіріне қарап
тұрып: кейін өзінің романында Абай арқылы айтқызған: Бұл қос мола-ішінде
аса бір ауыр сыр бүккен молалар. Шанда бір осы тұсқа соғып өткенде әлдебір
арылмаған қарызым бардай боламын. Ақындық парызым сияқтанады -деген ой
келген де шығар, кім білсін? [11, 254 б.]
Ералы жазығының ортасындағы жалғыз төбеден бүкіл аймақ тегіс көрінеді.
Шыңғыс тауларының беталысындағы көлденең жатқан бел кіші орда. Соның бүйрек
тұсында, ұры қалта сияқты жасырынып біткен жартастың қуысында – Еңлік пен
Кебек мекен еткен. Алты – жеті шақырым оның оң жағында – Ақшоқы. Қос
мұңлықтың баласы соның басында құндағында ораулы қалған. Ал, мына екі
ортадағы жазықта екеуі ат бауырына сүйретіліп өлтірілген. Сол жазықта -
әне, Әйгерімнің кос киіз үйі тұр. Оқиғалы ойын сонда болмақ. Ол ойынды, сол
бір жолсыз жазаны жүзеге асырған билердің ұрпақтары да көрмек. Кейбірі,
тіпті, өздері қатысады. Рушыл, аруақшыл желіккен жұрт өз аталарының
қатыгездігіне түңіліп, жазғырып қарай ма, жоқ, өре түре келіп, жанжал
шығара ма? Шындығын айтқан Мағауия мен Шәкәрімге өкпе артып, өштескен адам
аз ба еді. Ондай ит көрген ешкікөзденгендердің бетін Абай қайтарған. Ал
бұған кім араша түседі?
Тұңғыш шығарманың жазылу азабымен қоса Мұхтарды осындай күдіктер де
қатты толқытты. Сондай сәттер де жүрегін орнықтырып, батылдана түсу үшін,
шындықтан ауытқымауға тырысу үшін Еңлік - Кебектің қабірінің басына
барып, іштей өзін-өзі қайраған. Оның мұндай толғаныста жүрген кезін ағасы
Разақ талай байқапты. Разақты Абай жақсы көріп, іш тартады. Әзіл аралас
өлең де шығарған. Мұхтардың бар қиындығын көтеріп, елуінші жылдарға дейін
не керек еді дегізбей, әкесінің орнына әке болған кісі. Семинарияда оқуда
жүргенде де Райхан осы үйде қалған. Сол Разақ Еңлік – Кебекті жазу
тұсындағы Мұхтардың бір мінезі жөнінде жазушы Кәмен Оразалинге мынадай
естелік айтыпты
Мұхтар менің атымды мінген бойда Кіші ордадағы Еңлік – Кебектің
тығылып жатқан үй тасына барып, жолдан зиратына соғып қайтқан екен. Бұл
кезде Еңлік – Кебектің жазылып бітіп, қойылмақ болып жатқанын кейін
білдім [12, 35 б.].
Мұхтар тек пьеса авторы емес, сонымен қатар спектакльдің режиссері де
болды. Гете өзінің пьесаларын өзі қойып, маскараттар ұйымдастырды. Сөйтіп,
неміс ұлттық театрының дамуына үлкен үлес қосты. Ал Мұхтар үшін бұл –
қажеттілік еді. Ол Еңлік – Кебек арқылы мұқым бір халық өнері жанрының
көзін ашты. Сол ойынды бала кезінде журналист Ғайса Сармурзиннің әсері
мынадай:
1917 жылдың жаз айы. Біздің ауыл биыл да Абай ауылдарына қанаттасып,
Ойқұдықта отырған-ды. Оразбайдың Медеуінің баласы Саниязға Тұрағұлдың Ақыш
деген қызын ұзатқалы жатқан. Той болардан бірер күн бұрын: Еңлік-Кебек
жайында Мұхтар жазған пьеса деген бір жаңа ойын ойналды екен деген хабар
естідік. Сол пьесса деген ойынды көруге құмартып, бірнеше бала тай-
құнанмен шапқылап сол ауылға келгенбіз. Ышқырымыз толған асық. Реті келсе,
алдыңғы ауылдағы Жәкіммен ойнап (Мағаштың кіші баласы Жағыпарды Жәкім
дейінбіз), әнеукүнгі ұтқызған кенейлерімізді қайтарып алу да ойымызда бар.
Сөйтсек, ойынның көкесі пьеса екен. Екі киіз үйді тіркестіріп
тігіпті. Сол үйдің бірі Мұсабайдың Бестеми деген баласының үйі екенін
дөдеге үзіктерінен байқадық. Ойынға жұрт көп жиналыпты. Төр алдында жүк
жасау жиналыпты. Ойнаушылар бөтен киімдер киіп, өңдерін өзгертіп, бірнешеуі
сақал-мұрт жасап, Жапал деген қойшысы (Тұрағұлдың Жебеші) бетін күйелеп те
алыпты. Оларды кім екенін дауыстарынан ғана айырасың. Ұзын шаш тағынып,
үстіне шағи көйлек, дүрия шапан, басына кәмшат бөрік киген Еңлігі - Әуездің
Ахметі, Кебек боп ойнағаны – Ақкенже, Матай шалы – Бестеми, оның кемпірі –
Жағыпар, Абызы – Зікайыл, ал шымылдықты ашып-жауып тұрғаны Сәлімғазы екен.
Әлгі жүк жиналған төр алдына біреуі келіп, біреуі кетіп жатады. Әйтеуір
сөздің бәрі Еңлік пен Кебек жайында екенін ғана аңғарасың. Бір мезетте
билер дауласып кеп кетті... Сонда отырған бір бидің: сапты аяққа ас
құйып, сабынан қарауыл қарайтын болсаң, мен билік айтпаймын!-деген ажарлы
дауысы саңқ ете қалды. Дәл осы сәтте бұдан бір жыл бұрын менің атам мен
Әуез ақсақал әңгімелесіп отырғанда Мұхаңның дәптеріне жазып алған осы сөзі
есіме түсе кетті. Сөйтсем, кейін аңғардым, Мұхаң сол кездің өзінде- ақ
әңгіме, сөз тыңдағанда өзіне керектісін жазып алып отырады екен [9,
127б.].
Иә, Еңлік- Кебектің де жазылуын, оның түұңғыш рет қойылуын көрген
адамдар болған. Сол куәлар мен қоса Мұхтар өмірінің талай-талай жұмбақтары
да ғайыпқа айналды. Қуанышқа орай осы пьессаның дүниеге келуіне себепші
болған Ақыш Тұрағұл қызымен жүздесіп қалудың сәті түсті. Он шақты жыл бойы
сыр тартып, ой суыртпалықтап біраз дерек алдық. Ол кісінің әрбір сөзінің
астырынан талай-талай қымбат оқиғалардың жаңғырығы естілелді. Сондықтан да
тым ұзақтылығына қарамастан, ол мәліметтерді толық келтіре алмадық. Бұл-
тек Еңлік – Кебектің алғашқы қойылымының жайын ғана қамтымайды. Сонымен
бірге Абай мен Мұхтардың арасындағы рухани өзектестіктің тамырынан да
мағлұмат береді. Ақыш Тұрағұл қызының әңгімесінен үзінді:
Әлі есімде 1917 жылдың жаз айы. Көк бас көтеріп, гүл шешек атқан
мезгіл. Мен де сол жылы он жетіге толып, Оразбайдың Медеуіне келін болып
ұзатылғалы жатқанбын. Той жасау қамына да кірісіп, бәрі еңсерілді. Жаз
жайлаудағы, биенің байлаудағы кезі. Өзге ағайын туысқанның бәрі Шыңғыс
асып, жайлауға көшті. Біз төрт ауыл қоныста қалдық. Әйгерім апа мен Тұрағұл
ағаның және Әуез ақсақалдың екі ауылы. Онда Ералы жазығының шалғыны кесе
өткен құлынды жығып, атты адамның етегіне оралытып еді ғой. Теңіздей
тербеліп, жайқалып тұратын Ойқұдықтамыз. Той күні ерекше жаңалық болды.
Әйгерім шешемнің сегіз қанат отауының іші жастарға толды. Мен таң қалдым.
Өйткені, Әйгерім шешем мен бірге әкемнің (Абайдың) кенже әйелі бауырына
басқан, Әйгерімнің туған қызы Кенженің үйін қосақтап тігіп жатыр. Кенженің
куйеуі қайтыс болып, жыл толғаннан кейін осында көшіріп алғанбыз. Ол
Мұсатайдың ауылының жігіті болатын. Сегіз қанат сырлы үйге өрнекті шимен
керегені ұстаған. Сөйтсем, қаладан келген Мұхтар бастаған жастар Еңлік –
Кебек ойынын көрсетпек екен. Ол кезде пьесса дегенді солай айтатынбыз.
Күндіз Әйгерім шешемнің үйінде Еңлік - Кебек қойылды. Төрт ауылдың
адамдары түгел тамашалады. Егер ұмытпасам, кісі басы елу тиыннан билет алды
ғой деймін. Оны Семейде оқитын кедей қазақ жастарына жинап табыс етуге
ұйғарыпты [13, 256 б.].
Мұхтардың шығармашылық қайнар көзінің бастауында Тұрағұл Абайұлы
тұрды. Ол адамның ақыл – кеңесі, рухани қолдауы және ел арасындағы беделі
жас жігітке шешуші ықпал жасады. Жаңа жол тапты. Мұхтардың әр қадамын қатты
қадағалап, қамқорлық көрсетті. Еңлік – Кебек пьесасы Тұрағұл болмаса
жазылмас та еді. Билердің айтысын, әр кейіпкердің мінезі мен өмірін
Мұхтарға өз үйінде отырып қағазға түсірткен де Тұрағұл. Ең алғашқы
мақаласын газетке бастырған да сол адам [14, 365б.].
Мұқабасына Еңлік - Кебек үш перделі, бес суретті трагедия (қайғылы
қал) тарихи әңгіме, ескі қазақ тұрмысынан деп жазылған бұл жинақ 1922 жылы
Орынбор қаласындағы Мемлекеттік баспасөз бөлімінің кіндік қазақ
баспаханасынан жарық көрді. Алғы сөз де сол басылымға арналған пьессаның
алғашқы нұсқасымен Сөз басының жазылуының арасында бес жыл уақыт бар.
Театр зерттеушісі Бағыбек Құндақбайев 1917 және 1922 жылғы нұсқаларды
мүлдем салыстыруға болмайды деген пікірді ұсынады. Әрине, солай. Киіз үйге,
қарапайым ойын-сауықшыларға арналған пьессаның өзгерек болуы заңды. Бірақ,
кейіннен түзеп, өңдегенде қандай – қандай өзгерістер енгізілді, ол арасы
Бағыбек Құндақбаевқа да бізге де, өзге жұртқа да беймәлім. Және Мұхтар
Әуезовтың өзі 1943 жылғы нұсқасы туралы сан рет ескертсе де алғашқы үлгіні
өзгерткенін еш жерде ескертпейді. Соған қарағанда ішінара текстік жөндеулер
енгізілгенімен, оқиғаны құру жүйесі, кейіпкерлер әрекеті, олардың саны
онша көп өзгеріске ұшырамаған – деп жорамалдауға негіз бар. Сондықтан біз
де 1922 жылғы кітапқа түпнұсқа ретінде жүгінеміз. Басқа қолжазба
сақталмаған. Мұхтар Әуезовтың жиырмасыншы жылдардағы толқымалы көңіл күйі,
алабұртқан жастығы, жан дүниесінің, ақыл – ойының буырқанған қуат - күшінің
ыстық табы анық білінеді. Есіле шешілген шешендік те, өр дауыс та, кейде
кілт түңілуге ауысып сала береді. Романтизмді, өз тілімен айтсақ
сарнамашылықты құлақ күйі етіп алған да, сыншыл реалистік бағытқа иек
тіреген жас таланттың тырнақ алды туындысының кіріспесінде және Нысан абыз
толғауында батырлықпен, жыраулықпен, серілікпен күн кешкен өткен өмірді
аңсау сарыны да қылаң беріп, қобыз үні арқылы күңіріне естіледі [14, 364
б.].
Поэзияның шыңы – трагедия... Өлеңмен жазылған драма – көрермендерді
идеялық-психалогиялық тұрғыдан тәрбиелеу үшін аса қажет-дейді, Еңлік-
Кебекті орыс тіліне аударған ақиық ақын Илья Сельвинский [16, 4б.].
Жиырма жасар Мұхтардың трагедияны таңдауы да тегін емес. Бұл Жолсыз жаза
оның сол кездегі жүрек буырқанысын, санадағы ой сабылысын, көзқарасын
жеткізуге толық мүмкіндік береді.
Ол Еңлік-Кебек трагедиясы арқылы бүкіл феодалдық қоғамға, әлі де сол
тозған дәуірден етек-жеңін жиып ала алмай феодализмнің қураған мүйізінен
тас қып ұстап тұрған билерге шырға тастады.
Жазу-ол үшін рухани қажеттілік, ой соқтылықтан арылудың ең сенімді
жолы еді. Қағазға жазылған тарихи шежіре тапшы болса да:
Өткен адам болады көзден таса,
Өлді, өшті, оны ешкім ойламаса.
Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп ұмытпаса,-
деп, Шәкәрім айтқандай, Мұхтар атадан балаға ауыз екі әңгімеленген аңыз
дастандарға сүйенеді [17, 357 б.]. Мысалы:
Пьесадан бұрын дүниеге келген Мағауияның Еңлік-Кебек, Шәкәрімнің
Жолсыз жаза дастандарындағы адамдардың да, жердің де аттары бірдей.
Үшеуіндегі оқиға да, тартыс та ұқсас. Сондай-ақ оқиғаның желісі де Жолсыз
жазаның жолымен тартылған. Дастандағы пейзаждардың, тұрмыстық сипаттардың
барлығы сахналық көрініске ауысқан. Диалогтардағы сөздердің арасына
Шәкәрімнің өлеңдері шумақ-шумақ күйінше сол қалпында алынған.
Алғашқы шымылдық ашылғанда Нысан абыз сахнаға щығады. Дастанда абыздың
әйелі Таңшолпан жоқ. Пьесада ол да сәуегейдің бірі болып көрінеді. Оқиғаның
ұйытқысы Жолсыз жазада да, Еңлік-Кебекте де Нысанның Кебек батырдың
болашағы туралы бал ашуынан басталады. Екі шығарманың жанрлық ерекшелігіне
қарай бірі-өлеңмен, екіншісі-қара сөзбен баяндалғаны болмаса мағыналарында
ешқандай айырма жоқ. Еңлік-Кебектің бірінші нұсқасында (1917) Мұхтар
Шәкәрімнің Жолсыз жазасының сахналық нұсқасын жасағанын жорамалдауға
болады. Кейін баспаға дайындағанда қайта өңдеп, тың оқиғалар мен
кейіпкерлер қосып, дербес шығарма дәрежесіне көтерген. Соның өзінде де 1922
жылғы нұсқасында Шәкәрім дастанының ізі, ұзын ырғағы сақталған. Шындыққа
көз жеткізу үшін шағын бір үзіндіні салыстырумен шектелеміз. Өзге
ұқсастықтарды талдау барысында зиялы оқырманның өзі де аңғарар деп үміт
артамыз. Сонымен:
Жолсыз жаза, Абыздың толғауы:
Шырағым бал аштым деп мал алмаймын,
Ол үшін саған ақы сала алмаймын.
Жаман айтсам жабығып қала көрме,
Жанның сөзін жасырып қала алмаймын.
...Мұңлы дауысы щықса зарлап,
Ықтиярсыз кетеді бой шымырлап.
А дейді де тыңдайды анда-санда,
Құлағына кеткендей жан сыбырлап...
...Нысан Абыз қысылып, батқан терге,
Қарады да сөйлейді Кебек ерге,
Ажалдың биік қабақ сұрлау құздан,
Батырым ондай қызға көңіл бөлме.
Еңлік-Кебек, 1922 жылғы нұсқа:
Абыз: Ал піріңмін, піріңмін, - піріңнен туған еріңмін.
Аз ұл олжай ішінде- таңдап бір қонған жеріңмін. (Бақсының сарынынан
бірталай сөзді өлеңдетіп айтып келіп, анда-санда маңқылдап, былдырлап)
Мұндай шіркін не дейді?!... Алтын берсең алмаймын, айтқаныңа
нанбаймын.(Сілкініп басындағы тақиясын ұшырып жібереді, аздан соң қызуланып
тағы сөйлейді, үйдің іші шылдырлайды, аздан соң шаңқ етіп) Қыз?!.. Қыз ба?
Не дейді? Сұрлау?.. ей... ой, шіркін... жартас дейді (Үйдің іші тағы да
шылдырлайды, тоқтап терін сүртіп алып, басын шайқап) Батырым! Сұңғақ бойлы,
биік қабақ, сұрлау қыздан ажалың бар. Ол қыз жартас түбінде кез болады,
кез болса, кешікпейді, тез болады, сақтықта қорлық жоқ, осы сөзді есіңе
ал! [18, 20 б.].
Бірі – шәкірт, бірі – ұстаз екі адамның жазған шығармаларының өзара
ұқсап тұруының пәлендей айып-шамы жоқ. Мұхтарға Жолсыз жазаны Ақыштың
ұзатылу тойына қойылуына рұқсатын берген Шәкәрімнің өзі. Оған делдалдық
жүргізген – Тұрағұл. Сондықтан бұл арада таңданатын ештеңе жоқ. Және дәл
сол Жидебайда, пьесадаға кейіпкерлердің ұрпағының ішінде тұрып поэмаға
қандай да бір өзгеріс енгізудің өзі мүмкін емес-тін. Екіншіден, Мұхтардың
өз жаңалығы да бар. Ол – оқиғаның өзегін билер айтысына құрды. Бұл
феодалдық қоғамның ірі қайраткерлерінің образы арқылы әлеуметтік жағдайдың
сырын ашуға желі тартты. Трагедияның түп тамырын шешендік өнерімен, билер
кеңесі арқылы ашқан ең үздік туындының бірі осы Еңлік-Кебек . Үшіншіден,
сол тұста Еуропа мен Ресей сахналары символизмнің шарпуында болатын. Мұхтар
Әуезовтың өзі Метерлинктің абстрактілі пьесаларын сүйіп оқып, қатты еліктеп
Қыр суреттері атты символикалық әңгімелер жазғаны да мәлім. Нысан абыз
сияқты көріпкел-балгердің ол үшін ерекше жұмбақ құбылыстың, ішкі тұспалдың
сәтті тоғысындай көрінуі заңды да. Көзсіз болашақтағы тағдыр зауалы алдын-
ала анықталып қойылғанына қарамастан Кебек пен Еңліктің (Метерликте-
соқырлар) сол дүлей күшке қарсы жүруі де адамзаттың әлдебір тығырыққа кеп
тірелетінін меңзейді [8, 187 б.].
Яғни, адам жақсылыққа қанша ұмтылғанмен де жазмыштың пешенеңе
жазғанына көнесің, одан аса алмайсың деген тұспал.
Он жетінші – жиырма жетінші жылдардың арасында Мұхтар Әуезов осы бір
түңілуге толы толғанысты, эмоциялық экзотиканы шығармашылығындағы сарыны
бөлек көңіл күйі етіп алып еді. Пьесадағы идеялық нысана, өңдеулер мен
толықтырулар, сахналық шешімдер қақында Рымғали Нұрғалиев пен Бағыбек
Құндақбаев өз монографияларында егжей-тегжейлі қарастырғандықтан да, біз
тек тарихи тұлғалардың өмірлік деректеріне тоқталамыз [15, 348 б.]. Еңлік-
Кебек оқиғасы қай заманда өтті, оған себепкер болған кімдер? Бұл да
жауабын табуға тиісті түйткілі толғаудың бірі. Шығарманың өмірлік шындығына
көз жеткізу де қызықты жайт. Алайда, одан гөрі ғасырлар бойы екі елдің
арасына сынадай қағылған осынау қасіретті оқиғаның түпкі себебін табу -
өткен өмірді білу үшін де қажет-ау.
Адал махаббатың құрбаны болған ғашықтар жайлы алғашқы хикая 1892 жылы
Дала уалаяты газетінің №31-39 сандарында Қазақтардың естерінен кетпей
жүрген бір сөз деген атпен басылды. Содан кейін Мағауияның Еңлік-Кебек,
Шәкәрімнің Жолсыз жаза дастандары ел арасына тарады. 1900 жылы Дала
уалаяты газеті Қазақтың тұрмысынан хикая деген атпен аңыз-хиссаны
қайталап жариялады. Дастандарда да, қара сөзен баяндалған әңгімелер де,
пьесада да оқиға Кебектің аң аулап жүріп, Нысан Абы0зға жолығуынан
басталады да жарыса өрбиді. Біз тарихи оқиғаның нақтылығын сақтау
мақсатымен осы үш нұсқаны ретіне қарай алмастыра пайдаланамыз.
Оқиға өткен мезгіл 1975-1980 жылдардың шамасы. Тобықты мен Матай
тайпасы жер үшін таласып, кісі өліп, бірі құныкер, бірі жығынды болып
тұрған аласапыран шақ. Сыртқа шықпаса да ата жаулықтары басылмай,
демігіп, қыжыл көбейе түскен. Елде біресе өшіктірген Кеңгірбай мен
Еспенбеттің уақытша ішінен тыншыған кезі. Тоқтамыс батырдың атақ-беделі
кеңінен тараған тұс. Кебек оның жамағайын інісі.
Сол бір қасіретті күні Еңлік пен Кебекті Ералы жазығының шығысындағы
Шұбар төбеге жерлепті. Ол – маң жазықтың ортасындағы бәйге, той, жиын
өткізілетін, жамбы тігілетін ойын-сауық орны болатын. Енді махаббат
құрбандарының мазары орнады. Жыл өткесін тастан қалқа тұрғызады. Атақты
Біржан сал мен Абай басын бұрып, мүнәжат етіпті. (Екі арасы 10-15 шақырым).
Орда тауындағы әйгілі тас қалау шебері Рыскелді дегеннің Мамай батырға
зират тұрғызғанын естіп, Біржан оны шақырып алып Еңлік-Кебектің қабірін
қайта сандықтап, құйма кірпіштен шағын мұнара тұрғызған. Қабір
сандықшасының тұрқы тұтас, құбыла жақ басы екі айыр болған. Бұл қабірдегі
екі адамды білдірген ишара болса керек, кейін мұнара құлап, ізі қалған.
Жоқ, ізі өшкен жоқ. өшуі мүмкін емес [19, 65 б.].
Сонымен, қашанда көркем шындықтың негізінде өмірлік шындық жатады.
Кейбір жазушылар қаһармандарын тірлікте болған адамның бейнесіне лайықтап
жасайды.
2. Қаракөз трагедиясындағы авторлық идея мен көркемдік концепция
Абай дүниеге келген Қасқабұлақтың жотасын тіле өткен Семей-Қарауыл
жолының күнбатыс жағында екі жүз метрдей жерде мәрмәрмен көмкерілген мұнара
тұр. Ол Махаббат мұнарасы. Қазақтың Ромеосы мен Джульеттасының рухы жатыр.
Тағдыр мен тауқымет, махаббат пен ғадауат. Серілік пен сергелдең.
ақынның құмарлығына елтіген уыз жастар мен зар еңіреген көшпелі Заман.
Ойы екіге жарылған адамның Ақыл азабы, Есіле көсіліп шаттанып, егіле жылау
Мұхтар шығармаларының ішінде тек Қаракөздің маңдайына жазылған сыбаға.
Жазушының бірде-бір шығармасы дәл осындай қарама-қайшы сезімдердің
шарпуына, күрделі құбылыстың қақтығысына құрылған емес, шығармашылық тарихы
өте ауыр, бұралаң мен қатпары мол, шығармашылық психологиялық тұрғысынан
алғанда да қилы-қилы сезім күйді қамтыған, жазушы мен кейіпкер ойының
араласып кеткені сондай, қайсысы кімнің сөзін жеткізіп отырғанын ажыратуы
қиын туынды да осы Қаракөз. Көкірегіне жиылған запыранды, жан тебіренісін
Сырым боп сыртқа шығарған М.Әуезовтың ащы даусын естіртетін де Қаракөз.
Біресе, Арқаның қоңыр желі садақ оғына жыртылған жүрегін жалғады ма - деп
сонау елесі өшкен дәуірді; біресе, Қарауылдан аңқып ұшқан алғыр құсы
Сырымдай бүгінгі жігіт қиыннан тоят іздейме екен?-деп, біресе: бұлаң
жігіт, кермарал ерке тотыны елестетіп, көңілі алып-ұшқан Әуезовтың бұл
кездегі жан дүниесінің толғағын аңғартқан да Қаракөз. Кейін сан
өкіндіріп, ашындырып-аялаған да –Қаракөз [20, 129 б.].
Тағдырдың талқысына салып, тәлкілеуге ұшыратқан да, болашақтағы
зауалдың алғашқы қара құйыны боп соққан да, осы Қаракөз. Соның ішінде,
пьесаның алдындағы ескі пішінді шал, үлкен ақсақалдың толғауы Мұхтарға
жүрегін жыртқан садақ оғындай қадалды. Абыз бейнесіндегі ақсақал хан мен
қара, би мен бек, ана мен баланың қиялын тербеткен жыршысындай көрінеді.
Әлеуметшіл сыншылдар әр сөз бен әр ноқаттың арасынан жасырын сыр, емеурін
іздеді. Олар үшін Қаракөз соны аңсаған зар, көшпелі әлемнің жоқтауы ғана
еді. Ал бір ысып, бір суыған творчество адамының көңіл-күйіне пысқырып та
қарамады. Сырымның, Қаракөздің қабірі басындағы монологынан құранның
уағызын естігендей боласың. Кедейшіл сыншы Жұмабай Орманбайұлының пікіріне
сүйенсек, Қаракөздің халыққа беретін тағылымы мынау:
Қазақтың қойылмай келе жатқан жаман әдеттері: молаға түнеу, оны
жебеді деп соған сену, өлі аруақтың құрметі мен құдайдың рақымын түсіру...
Енді пролетариат үстемдігі езілген ұлт, бүтін еңбекшілерді теңгеремін,
оларды социалшыл тұрмысқа жетектеймін деп отыр. Ол үшін түрлі әдістер,
жолдар іздеп отыр. Бір жағынан шаруасын, екінші жағынан жауыз байлардың
қолындағы саяси билікті алып, үшінші жағынан салт-сананы байлардың қолынан
алып, осы күштің бәрін сол еңбекшілердің пайдасына жұмсайды. Байлардың
пайдасына жұмсалып жүргендегі түрін өзгертеді, олардың күшін байларға қарсы
қояды. Олай болса Қаракөз нені көрсетіп отыр? Байлардың сол молаға
түнеуін, аруақ, құдайға жалбарынуын, оған құдайдың, аруақтың анық
жебейтінін, ғашықтардың ақіретте бір-біріне қосылады дейтіндерін анықтап,
еңбекшілерге Сырым мен Қаркөзді дәлел қылып көрсетіп отыр... Қаркөздің
бұл жағынан біздің қарсы тапқа тиетін пайдасы көп, бізге зияннан басқа
келтіретін пайдасы жоқ. Ендеше, біздің пролетариат әдебиетінен орын алмауы
керек [21, 64 б.].
Иә, Мұхтар Әуезовтың есімін әдебиеттен сызып тастауды талап еттірген
де Қаракөз. Бұл Мұхтар Әуезовке жасалған алғашқы шабуыл, бірінші атылған
оқ. 1928 жылы пролетариат сыншыларының басын біріктірген-Құс жолы жинағы
шықты. Сонда Қаракөз атты аты шулы мақала басылды. Жинақтың мақсаты-таза
кедейшіл әдебиет пен сұлу, бірақ байшыл әдебиеттің арасын ажырыту, яғни
жік тастау. Шет қақпай қалған жазушының мүддесін қорғау үшін Мағжан
Жұмабаев Ташкент қаласында Алқа атты әдеби ұйым ашты. Көркем шығарманың
тек-тамырын, табиғатын түсінуді былай қойып, әлеуметшілдер, Мұхтар мен
Мағжанның, Жүсіппектің аузынан шыққан әр сөзді тәжіке етуге көшті. Әсіресе,
Қаркөздің прологы қатты сынға ұшырады. Бір сөйлемді жеке-жеке жіліктей
бөліп алып, келеке-келемежге айналдырды [14, 345 б.].
Қаракөздің барлық маңызын, түйіні осы прологында көрінуі керек.
Сонда қандай маңыз, түйіні көрінеді, мұнда кімдердің өмірін жоқтайды?
Қаракөз өткен дәуірлерде даланың еркін ескен желі, осы күні еспейді
дейді. Осы күн жел неге еспейді. Жел еспейтін ақсап қалып па? Жоқ олай
емес. Еркін ескен желіндей үстем болушы тап жоғалды деп көксейді, би мен
хан-қараның сері жігіті шығады [21, 36 б.].
Бұл сыншылдықтың бастауы ғана. Еркін ескен жел-үстем тап емес,
жастықтың, махаббаттың шалқыған шаттығы, ақынның шабыты екенін Жұмабай
Орманбайұлы түсінбей отырған жоқ.
Бұл-жалынның кіріспесі ғана. М.Әуезовке ашық түрде алғыс та, қарғыс
та жіберген...
Иә, сол Қаракөз. Осыншама авторды сүйініш-күйінішке ұшыратқан бұл
пьеса арқылы Мұхтар Әуезов суреткер көзімен, кейіпкер қимылымен өзінің
барлық ойын жеткізді. Санына қылбұрау салған құлынның шұрқыраған даусы
жеті қат аспанды жарып өткені сияқты, Қаракөз оның жеке басының да көкей
кесті күйі еді.
Ол-сонысымен де қымбат. Сонысымен де күрделі. Сондықтан да сиқырлы
сұлу сияқты-тылсым күшке, қылықты құдіретке ие. Тұла бойын еріткен сезімін
де, сорғалаған тілін де, тереңдегі тебіренісін де, серілікпен өткен
күндердің сағынышын да, көзі қиса да көңілі қимаған жан азабын да, әйтеуір
табиғат берген таланттың барлық қасиетін Қаракөзге сарқа жұмсап,
көкірегінің ащы өтін жарып жібергендей таусыла жырлайтын себебі не?
Өйткені бұл Мұхтар Әуезовтың жастық шағымен, Шыңғыстаумен, сүйген жары-
Кәмиламен қоштасу еді. Ешкім оларды айырған жоқ. Бірақ ажырамасқа лажы да
жоқ. Саналы түрде, суық ақылмен таңдап алған азапты жол!
Барлық құпия – Қаракөзді жоқтап, Сырымның аузынан айтылған осы сөзде
жатыр: Кімді іздеп өмір сүрем? [20, 70 б.].
Бұл сұрақтың жауабын табу, 1925 жылы екі арудың ыстық жүрегінің
ортасында қорғасындай балқып, сынаптай толқып жүрген Мұхтар Әуезов үшін-
ғұмырлық таңдау, ертеңгі күннің тіршілік мұратын шешумен бірдей еді.
Дала шежірісі академик Әлкей Марғұланның марқұм жұмсақ креслоға
шалқайыңқырап, шапанын қаусыра жамылып, сиреген бурыл бұйра шашы даланың ақ
шашақты селеуіндей сепсіп, арасында құмыға даусын ішіне тарта күліп, кейде
біз тек француз коньягін ішетінбіз, кейде біз де серіміз, екеуміз де
білеміз ғой, Әй, Мұхтар деп желпінгенінің өзі жарасып, арасында: Ой
Шыңғыс кел, келе ғой-деп немересімен ойнай отырып, көп күндерде мол сыр
айтып еді. Біз баспасөз бетінде жарияланған, қолжазба күйінде көрсеткен
материалдарына иек артып, естелігін сол өзі айтқан әңгімелерімен қоса
Тұрсын Жұртбай өзінің ғұмырнамалық-толғауында келтірген екен.
Әлкей Марғұлан: - Семейдегі педтехникумда жүрген жылдарында Мұхтармен
сырлас, дос болдым. Ол сол кездегі аса белгілі қазақтың бірі еді. Мен төрт
жыл бойы Мұхтардың қасында жүріп, әңгіме-пьесаларын қолжазба түрінде
оқыдым. әрі ұстаз, әрі дос еді. Ленинградқа кететін жылы қыстыгүні
Мұхтардың ауылынан мықты айғыр жеккен шана келді. Мұхтардың күтуші іспетті
серігі бар. Пысық, жақсы жігіт екен. Мені шақырып жүрген. Аттанып кеттік.
Жиырма шақырымнан соң қатты боран басталды. Ештеңе көрінбейді. Тау
алқымындағы үйге келсек, ұйысқан қалың керуен. әйгілі Күшікбайдың қақаған
кезеңі. Әлгі жігіт лып етіп кетіп қалып, екеуімізді бөлек үй тауып
орналастырды. Кілең Ташкенттің көпестері. НЭП-тің кезі ғой.
Әйтеуір үш күн дегенде әрең жеттік. Абай ауылы-аяулы ауыл. Күніне екі-
үш қонақ. Ойын-сауық және төсекті жайлы салады. Не ғыласың ән, музыка.
Оркестрге қосылып, неше ұлттық әуен салады. Зікәйіл үнемі жеңін түріп
жүреді. өзі солбыр киінеді, өнерлі еді. Жағыпар - пысық, сері. Оның домбыра
тартысы ғажап. Жебірейілді Мұхтар керемет сыйлап, қатты ұнататын. Ол
дегенің қандай әнші, қандай талант. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz