Әбілқасым Фирдауси “Шаһнама”
1 Әбілқасым Фирдауси “Шаһнама”
2 Пайдаланылған әдебиеттер
2 Пайдаланылған әдебиеттер
Әбілқасым Фирдауси (940-1020) — шығыс ақыны. “Шаһнама” дастанын (ақын Дажини бастаған) 35 жыл бойы жазған, ол 55 мың бәйіттен (қостағаннан) тұрады. 1-нұсқасы 994 ж., 2-нұсқасы 1010 ж. біткен, тұңғыш рет 1829 ж. Үндістанда жарық көрді. Дастан 3 бөлімнен құрылған:
мифологиялық аңыздар,
батырлық жырлар,
тарихи шежірелер.
Сонымен қатар романтикалық, драмалық сарындағы бірнеше поэмалар, дидактикалық және филос. толғаулар енгізілген. Негізгі сюжет иран және тұран халықтарының басынан кешкен 4 мың жылдық тарихи оқиғаға байланысты өріледі.Жүсіп Баласағұни “Құтадғу білік” дастанында (1069) “Шаһнаманың” түркі тайпаларына жақсы мәлім екенін айтады. Қазақ халқы “Шаһнамамен” ертеден таныс. Поэма қаһармандары қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездеседі (мысалы, “Атымтай мен Наушаруан” ертегісі, “Иранғайып шаһ Ғаббас” дастаны т.б.). “Шаһнаманы” қазақ тіліне аудару ісі 19 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қолға алынды. 1856—1870 ж. Ораз Молда “Шаһнаманың” үш аудармасын жасады, 1888 ж. Сердәлі ақын бір тарауын, 1914—1915 ж. Мұқамеджан Сералин (1872—1929) “Рүстем және Зораб” деген бөлімін аударды. “Шаһнаманы” тәржімалауда Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882—1939) көп еңбек сіңірді. Оның аудармасы 40 мың жолдық 3 бөлімнен тұрады (“Жәмшиднама”, “Рүстем-дастан”, “Дарап-нама”). Осылардың ішінен “Рүстем-дастан” 1961 ж. жарық көрді. Ақын Б. Алдамжаров “Мәнушеһір” тарауын аударды (1972). Абай Құнанбаев Әбілқасым Фирдауси ұстаз тұтты. Сондай-ақ “Шаһнама” дастаны Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев сияқты халық ақындарының шығармашылығына біршама ықпал етті. Әбілқасым Фирдаусиге қазақ ақындары С.Мұқанов,Қ.Бекхожин, Қ.Жармағамбетов, Ө.Күмісбаев т.б. жыр жолдарын арнаған.

1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
2. Истины: Изречения персидского и таджикского народов, их поэтов и мудрецов. Перевод Наума Гребнева. Издательство Наука. Главная редакция восточной литературы. Москва 1968;
3. Спб.: Азбука-классика, 2005. 256 с
4. Литературная энциклопедия. Т. 11, 1939.

Әбілқасым Фирдауси "Шаһнама"
Әбілқасым Фирдауси (940-1020) -- шығыс ақыны. "Шаһнама" дастанын (ақын Дажини бастаған) 35 жыл бойы жазған, ол 55 мың бәйіттен (қостағаннан) тұрады. 1-нұсқасы 994 ж., 2-нұсқасы 1010 ж. біткен, тұңғыш рет 1829 ж. Үндістанда жарық көрді. Дастан 3 бөлімнен құрылған:
мифологиялық аңыздар,
батырлық жырлар,
тарихи шежірелер.
Сонымен қатар романтикалық, драмалық сарындағы бірнеше поэмалар, дидактикалық және филос. толғаулар енгізілген. Негізгі сюжет иран және тұран халықтарының басынан кешкен 4 мың жылдық тарихи оқиғаға байланысты өріледі.Жүсіп Баласағұни "Құтадғу білік" дастанында (1069) "Шаһнаманың" түркі тайпаларына жақсы мәлім екенін айтады. Қазақ халқы "Шаһнамамен" ертеден таныс. Поэма қаһармандары қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездеседі (мысалы, "Атымтай мен Наушаруан" ертегісі, "Иранғайып шаһ Ғаббас" дастаны т.б.). "Шаһнаманы" қазақ тіліне аудару ісі 19 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қолға алынды. 1856 -- 1870 ж. Ораз Молда "Шаһнаманың" үш аудармасын жасады, 1888 ж. Сердәлі ақын бір тарауын, 1914 -- 1915 ж. Мұқамеджан Сералин (1872 -- 1929) "Рүстем және Зораб" деген бөлімін аударды. "Шаһнаманы" тәржімалауда Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882 -- 1939) көп еңбек сіңірді. Оның аудармасы 40 мың жолдық 3 бөлімнен тұрады ("Жәмшиднама", "Рүстем-дастан", "Дарап-нама"). Осылардың ішінен "Рүстем-дастан" 1961 ж. жарық көрді. Ақын Б. Алдамжаров "Мәнушеһір" тарауын аударды (1972). Абай Құнанбаев Әбілқасым Фирдауси ұстаз тұтты. Сондай-ақ "Шаһнама" дастаны Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев сияқты халық ақындарының шығармашылығына біршама ықпал етті. Әбілқасым Фирдаусиге қазақ ақындары С.Мұқанов,Қ.Бекхожин, Қ.Жармағамбетов, Ө.Күмісбаев т.б. жыр жолдарын арнаған.
Парсы әдебиетінің классигі Фирдоусидің Шахнамасы -- жер жүзінің жыр жақұты. Өткен аптада Ұлттық кітапханада өткен Ұлы Дала Өркениеті және Шахнама тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференцияда осындай баға берілді. Фирдоусидің Шахнамасына қатысты ғылыми-зерттеу қызметіндегі іс-тәжірибелерді таратуды мақсат еткен конференция аясында пленарлық, секциялық отырыстар Ұлы Жібек жолындағы Түрік-Иран қатынастары: тарихи-мәдени аспектілер тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ұлттық кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан Фирдоусидің Шахнамасы және Ұлттық кітапхананың жалпы қорынан Шахнама қазақ топырағында атты кітап көрмелері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты Табылды Мұқатовтың Шахнама желісі бойынша жасалған иллюстрациялары, Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының елшілігі тарапынан Шахнама шығармасына арналған 60-тан астам иллюстративті суреттер мен мүсіндер көрмелері ұйымдастырылды. Сонымен қатар қазақтың белгілі ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуұлының Шахнама дастанын қазақ тіліне аудару кезіндегі басынан кешірген оқиғалары жайлы баяндалатын Сыр сүлейі фильмінің премьерасы, Шахнама туралы құжаттық шығармалар Тус қаласы - Фирдоусидің отаны деректі фильмдері көрсетілді. Осыған орай әлем әдебиетінің әйгілі дастаны Шахнама туралы профессор, шығыстанушы Өтеген Күмісбаевтың Даналық дариясы атты мақаласын ұсынып отырмыз.
Фирдоуси Шахнамасы даналық дариясында жүзіп жүрген алып кемені елестетеді. Бұл телегей теңіздей шалқыған Шахнама иран шахтарының тарихы, тұран-иран шайқастары ғана емес, бастан аяқ батырлық, ізгілік, жақсылық һәм махаббат дастандарынан тұрады. Әлем әдебиетінде мұндай мұнаралы мыңғырған ойы бар, жұлдызды аспанға дейін жырына ғашық етіп жырлататын фәни дүниенің даңғылын, кем-кемістігін қамтыған, әрбір жолы атой салып алға шақырып, шабыт беретін шырқау поэмалар антологиясы кемде-кем дер едім.
Хамеша хирадро ту дастур дор,
Бад-у үонат аз носазо дур дор -
деп ақын бекерге айтқан жоқ. Осы ұланғайыр дастандар галереясының Х ғасырда тарих сахнасына шығуы да тектен тек емес. Дәл сол бір аласапыран Саманидтер дәуіріне адамдықты, достықты, игілікті, қаһармандықты, сүйіспеншілікті, сағыныш саздарын жер жүзіне жеткізетіндей ұлы дауыс, қылыш қалам аса қажет еді. Ондай дауыс, қалам тек қана Туста туған Әбілқасым Фирдоусиде ғана бар еді. Араб тұлпарларының тұяғы батып, қылыштарынан қан тамшылап тұрған кезде ержүрек иран халқының жүрегі Шахнама арқылы шаңқ ете қалып, кекшіл құдірет найзағайымен көкті тіліп өтті.
Әбілқасым Фирдоуси Тус аймағындағы Баж деген қыстақта дүниеге келген қатардағы диқаншының баласы. Болашақ ақынның бар күш-қуаты туған жерінің топырағынан. Ол өз Отанын кереметтей сүйе білді, сүймесе Шахнамадай шығарманы жаза алмас еді. Ол нағыз патриот, үлкен парасат иесі болатын. Патриот болмаса Рүстем батырдай бейнені сомдай алмасы анық, иран халқының таңғажайып эпосын жасай алмаған болар еді.
Фирдоуси бала кезінен бастап туған халқының тамаша дастандарын, әпсаналарын құмартып, қызығып тыңдап, көкірегінің сандығына салып, жүрегімен тербете білді. Бижан мен Маниже, Сухраб Акуан дию, Рүстем шайқасы секілді аңыздарды жатқа айтып, өзі де биіктеп өсе берді. Дакики, Әбу Мансүр еңбектерін оқып, зердесіне тоқыды. Жасы қырықтың қырқасына тақалғанда Шахнаманы жазуға отырды. Сөйтіп, сондай ересен жыр жұмысына отыз жылдай өмірін арнады.
Арабтар шапқыншылығынан бастап, Сасанидтер әулетінің құлауына дейінгі аралықты ақын елу бөлікке, мифологиялық, батырлық және тарихи бөлімдерге бөліп, Шахнаманы тұтас бір бүтін шығарма етіп шығарады. Тарихи материалдармен қатар моральдық-дидактикалық материалдар эпостан қомақты орын алады.
ХІІІ ғасырда Кавам уд-Дин Бондари Шахнаманы араб тіліне аударды. Содан соң-ақ ұлы туынды дүние тілдерін аралап кетті. Ислам тарихындағы ең ұлы ақын Фирдоуси деп танылды. Ондаған, жүздеген шайырлар оған жүрек жырларын арнады. Белгілі панегирист Анвари: Фирдоуси біздің ұстазымыз, біз оның шәкірттеріміз, ол поэзия құдайы болса, біз оның құлдарымыз деп жазды. Огюст Ренан, Т.Нельдеке, Н.Г.Чернышевский Шахнама шыңын мойындап кетті. Сондықтан да кітаптар шахы, шах кітап атанып кетуі тегін болмаса керек.
Содан бері қаншама заман өтті, ғасырлар ауысты. Шахнама бүгінгі таңда жазылғандай жаһандық құдіретін сақтап қалды. Илиададан, Рамаюн, Роланд туралы жыр, Игорь полкі туралы дастандар даңқын бірнеше орап артқа тастады. Лирикалық, пәлсафалық, тарихи қаһармандық, көркемдік қасиетімен дүниені таңқалдырды. Даналық сөз дара келмес, ол зор мехнаттан, машақаттан туады.
Біреулер отыз жылда отыз кітап жазып бастырып шығарады, енді бірегей бүтін біреу отыз жылда бір-ақ кітап жазады. Және сол кітап атын мәңгілік үлесіне қалдырып кетеді. Фирдоусидың Шахнамасы сондай сан алуан дастантардың басын біріктірген біртуар інжу-маржан еді. Шахнама ол да бір Гималай шыңы іспеттес, қарасаң басың айналады. Шахнама Тустің топырағынан туа салған жоқ, оның алдында аңыздар, шежірелер, дастандар, иранның халық эпостары, Авеста жатты емес пе.
Әр ақынның өзінің ерекше құдайы, өз сенімі, өз ережесі бар, әрбір жәдігердің өз дүниесі, танымы, сұлулығы, өрісі, өркені бар. Ақын әлемі көлеңке мен күншуақтың күресінен туады, кемеңгерлігі күрсінуден, күйінуден шығады. Бірнеше ғасырларды, патшалықты қамтыған Шахнама -- Фирдоусидің Құс жолы сияқты болған. Ал, Құс жолында екі жүздей өркениет барын бүгінгі ХХІ ғасыр ғалымдары анықтап отыр.
Фирдоуси шахбәйіттері - қостармақтары немесе жалқы жолдары ақынның алтындай ақылдан құйған бекеттері: Фирдоуси шахбәйіттері аспаннан ағып түскен арманның ақ жұлдыздары соңғы аққу әні, тағдыры сияқты. Әрбір шахбәйіттері бір-бір хикаяға, біртұтас поэмаға, романға татиды. Шахнама сынды шалқар, шексіз теңізге көгілдір аспаннан құлап түсіп жатқан, аппақ гүлдерді, ақ бұршақтарды елестетеді.
Фирдоуси Шахнамада ізгілік, тәртіп және қайтарымды іс, жақсылық туралы тереңнен теріп ңығыздап айтады.
Бұл дүниеде қалдырмайық зұлымдық,
Тек жақсылық бәріне сол мұрындық.
Немесе:
Бақытты бол игі есімің жұбаныш,
Жүрегіңмен егіз болсын қуаныш
Тағы да:
Қорқынышты жүректерден қуыңдар,
Қолдан келсе тек ізгілік туыңдар
Фирдоуси атаңыз шымыр шахбейіттері арқылы өзін емес, дүниені түсіндіреді, талғайды, толғайды. Небәрі екі жолға барлық уақыт, барша кеңістік, бедерлі болашақ белестері сыйып кетеді. Қосжолды өлеңнің микрокосмосы болашақ ғасырларға арналған Шахнамада сансыз соғыс шайқастарының - жекпе-жектердің, қақтығыстардың қалтарысында ақын шалқыған теңіздің тулаған толқындарындай тегеурінді бәйіттерін санаңа салып, қолыңа ұстатып кетеді. Ақын қапаландырады, ойлантады, адамшылығыңды тексереді, алға қаратады. Әйтеуір сені бей-жай қалдырмайды. Шахнама - алып аспанға төбесін тіреп ішіндегі жарқылдаған қосжұлдызды жырлардың бір ұшқыны. Шахбәйіттер - тау басынан сылдырап аққан бұлақтар, еңкейіп бұлақтарға ерін тигізсең тыңайып, түлеп қаласың:
1. Касе куба рақ бир конад жарор чох
Сазад гар кунад хештанро нигох
2. Кім қазып қойса жолға терең құдық,
Ойлансын өзі жайлы болса құлық.
Және бір мысал:
1. Хунар бехтар аз гавхар омад падид
Хунар бо хирад низ бешаз
2. Өнер қымбат асыл тастан маржаннан
Өнердегі даналық жасалмаған арзаннан -
дейді ақын. Біреуге құдық қазсаң құлығың жоғалады, өнерің азаяды. Барыңды бағалай біл, өр иран шайыры. Оқырман өзін мұхиттың түбіне сүңгіп, дүрлер қоржынын арқалап шыққандай сезінеді. Өмір деген қасқағым сәтте адам боп қалу көп қиын, ақылың таңыл болса, мақұлың мұңаяды. Фирдоуси Шахнамадағы дастанның басына, ортасына, соңына сондай соны қазықтар қағып кетеді. Әр уақиғаның, тартыстың, ғаламат шайқастардың, жекпе-жектердің, монологтардың, мінездердің, әрекеттердің түйіндерін түймедей етіп, бәйіттерге іріктеп беріп отырады. Сөзбен сурет салады, сөзбен сазды иірімдерге апарады, сөзбен илантады, жылатады, жұбатады. Пенденің қамшының сабындай қып-қысқа өмірін екі жолға салып, жетелеп жібереді.
Әрбір форманың өзінің қозғалысы, алға ұмтылуы болады, динамикалық күш-қуатының ширатылуы бар. Шахнамадағы шахбәйіттер соншалықты күрделі құбылыстан ішкі ой иірімдерінен, эпикалық құдіреттен тегеурінді тербелістерден туған бүтіні де бітімі де бөлек туындылар. Лирика мен эпостың, ой орманын жарқыратып көрсетіп тұратын нажағай қамшылары іспесттес. Шахнама эпосындағы шуақты шахбәйіттер Фирдоусидің автопортреті секілді, монодрамалардай естіледі, эпикалық құлашы кең поэмалардың іргетасындай мықты жатыр. Шахнама тарауларын, дастандарын біріктіріп, берекелендіріп тұрған алтын көпірлердей көрінеді. Фирдоуси кейде лирик, кейде эпик.
Ақын Х ғасырдың қақтөрінен қайран қалдырып сөйлеп берсе, жырлап берсе, ХХІ ғасыр босағасын батыл аттап бізбен сөйлеседі, сырласады, мифопоэтикалық эстетикасы өзіндік құдіретімен бүкіл эпосты сәулелендіріп жібереді, даналық дариясының айдынына апарады. Ақыл, білім, өнер, тәжірибе, игілікті істер, әділет, ынсап, әке-шеше, перзент, достық, сөз өнері, жамандық амал, жақсылық мәселелері - Шахбәйіттердің шырайын келтіріп, шапағат шырағын жағып тұрғаны таңдайды тұшындырады.
Суреткерлер мен аштардың көздері бірдей өткір деген екен Владимир Хлебников. Фирдоусидің көзі кірпік дірілінен бастап, қияда қанат қаққан қыранның қанатының сыпсылын, көктегі жұлдыздардың күрсінісін жердегі алысты шырмаған алып теректер тамырларының дүрсілін, алты қырдың астындағы айқайды, ана жатырындағы сәбидің ашуын, келе жатқан дауылдың иісін көреді, сезеді, түйеді, түйсіндіреді, сендіреді. Бірнеше мысал:
Өмірің өтіп жатса бақытты боп
Жіберме уайымға уақытты көп.
* * *
Ақылыңа бағынсын тіл мен жүрек
Төге берме сөздерді допша күреп.
* * *
Ақылды бол түк зияның тимесін
Тіліңнің де ашып алма түймесін.
* * *
Жақсылық пен жамандық өтер, кетер
Ақылы аз байғұстар азап шегер.
Қосжолдар ғасырлар қолтаңбасында тайға таңба басқандай дәйектеліп, елу електен өтіп бізге еміреніп жетіп отыр. Ақын адамзаттың ақылына айрықша мән берген. Тікенді терме, тозған ақылға ерме, төрге шығамын десең терле, ақылсызға еркіңді берме дейді автор. Шахбәйіттер Шахнама айсбергтерінің бір қыры ғана, сансыз сыр-қыры ырғағында жатыр. Біз сол сыр күмбезіне әлі жете алмай келеміз.
Фирдоусидің Шахнамасы - Иран халқы мен мемлекетінің бірнеше мыңжылдық мирасының қазынасы және ирандықтардың ойы, тарихы және мәдениетінің энциклопедиясы. Бұл кітап ирандықтардың сасанилер кезіне дейінгі ұлттық естеліктердің, халықтың түрлі топтарының әлеуметтік ахуалы мен тұрмысының, салт-дәстүрлерінің, философиялық ойлар мен батырлық сезімдер мен байлықтарының ең көне жинағы.
Осы жинақтың ең негізгі тақырыбы - Иранның өмірбаяны мен Иран халқы тарихының құбылмалары болып табылады. Фирдоуси Шахнамасында аңыздық, палуандық, және тарихи кезеңдер түрлі пішіндерде суреттелген. Шахнаманың аңыздық кезеңі ең алғашқы патша Киумарстан басталып, Фаридунның пайда болуымен аяқталады. Сонымен қатар ұста Ковенің көтерілісінен бастап Рустамның өліміне дейінгі әңгіме Шахнаманың палуандар бөлімін құрайды. Ескендірдің Иранды сондай-ақ сасанилер үкіметін жаулауы Фирдоуси Шахнамасының тарихи бөлімін қамтиды.
Фирдоуси Иранның дәстүрлі тарихын халық арасында кең таралған аңыздар мен тарих негізінше поэма қылды. Жақсылық пен жамандықтың аяқталмас күресі, әділетке баса айту және әділетсіздікке жол бермеу, адам өмірі мен әлемнің тұрақсыздығы Фирдоусидің адамгершілік бейнесі мен Шахнаманың философиялық және ахлақтық табиғатын көрсетеді. Шахнама - Иранның тарихы мен ұлттық эпосы. Фирдоусидің руаяттары Хұдайнамалар мен басқа да деректерден бастама алатын арабша деректермен бір жағынан бірдей болса, басқа тұрғыдан айырмашылық етеді. Бұл айырмашылықтың себебі, Фердуси фольклорлық руаяттар мен дастандарды жинастырып, Әбу-Мансури шахнамасы мен басқа да деректерге қатар қойып, ретіне келтірген.
Жалпы алғанда Шахнама төрт негізгі және бір қосымша бөлімнен тұрады. Аңыздар бөлімі, ертегілік эпостық бөлімі, палуандар бөлімі, тарихи бөлімдер және тәуелсіз дастандар бөлімі. Фирдусидің қалауымен құрылған тәуелсіз дастандар, аңыздар бөлімінен басқа барлық жерде кездеседі. Осындай алуан түрлі бөлімдері бар мұндай зор шығарманы жазуда Фирдоуси тарихи ұйқастықты шамасы келгенше сақтауға тырысқан. Шахнаманың тақырыбы - ерте замандардағы аңыз бен палуандық өткеннен бастап тарихқа дейінгі ирандық халықтың толық әңгімесі.
Шахнама дастандарына терең ой салатын болсақ, зұлымдықты жеңу оның ажыратылмас бөлігі екенін көреміз. Әкімдер мен палуандардың тағдыры, олардың шыншылдығы немесе қисықтығы, жақсылығы мен жамандығына және бақыты мен бақытсыздығына байланысты. Фердуси шығармасында ахлақтық жүйе басым екендігін анық. Шахнаманың деректері Тустың ұлы шешеніне осы ахлақтық негізді сақтауға рұқсат бермеген жағдайда Фердуси өзінің әсерлі екпінімен тыңдаушының ойын бекер нәрседен ауытқытып, ойландырарлық философиялық дүниеге жетелейді. Фирдоуси хикметінің негізі - жақсылық пен жамандықтың күресі. Кейбір зерттеушілер мұндай хикметті Фирдоусидің мистикаға көңіл аударуы себебінен туындайды деген сенімде. Фирдоусидің жаратылыс пен әлем істеріне терең көзқарасы мистикамен байланыссыз емес екендігі шүбәсіз.
Зерттеушілер "Фирдоуси Шахнамасын - парсы тілінің сақталып жалғасуының сыры" деп атайды. Шахнама Иран халқы мен елінің тек ежелгі мирасы ғана емес бәлке парсы тілінің ұлылығы мен құндылығының құжаты және ирандық мәдениет пен өркениет салтанатының куәсі болып табылады. Өйткені оны парсы тілінің сөзі мен шешендігінің қазынасы деп атауға болады.
Иранның ұлы хәкімі Фирдоуси Шахнаманы Иран халифалардың билігі астында болған кезде жазды. Қоғамның жоғарғы орталарындағы ресми әдебиет - араб әдебиеті болды. Әкімшілік хаттармен алмасу және ғылыми жазбалар көбінесе араб тілінде жүргізілді. Осындай қалың кітап жазумен Фердуси түрлі тақырыптарды баяндаудағы парсы тілінің қабілеттерін көрсетіп, оның тіректерін нығайтты. Өзінің осы әйгілі шығармасымен Фирдоуси Шахнаманың тілін мың жыл бойы парсы тіліне өлшем және тірек етіп қоя алды.
Қазіргі таңда парсы тілі өзінің мың жылдық өзгерісіне қарамастан, Фирдоуси тілін жалғастырушы және тіпті сауаты жоқ ирандықтар әлі күнге шейін Шахнама тілін түсінеді, ал бұл - Фирдоуси ақылы мен шеберлігінің мұғжизасы. Еуропалық ұлттардың көбі өздерінің екі жүз жыл бұрынғы әдеби шығармаларын оңайлықпен түсінбейді, олар кейде сол шығармаларды түсінуде қиналады. Алайда Фирдоуси мен Шахнаманың тілін қазіргі ирандықтар өздерінің қазіргі тілі деп сезінеді. Бұл тіл - адамзаттың бай және жарқын мәдениетін тасушы.
Мың жыл өтсе де қазіргі таңда барлық ирандықтар Шахнаманы түсінеді. Бұған екі себеп бар: біріншісі, Фирдоуси оны өз заманындағы, халық қолданып жүрген қарапайым тілмен жазған. Ұстаз Фрузонфардың сенімінше: "Гуршасбнаманы оқушыларға қарағанда Шахнаманы оқушылар сөздікті азырақ қолданады". Екінші себебі, өткен мың жыл бойы ирандықтар оны үнемі оқып келді және Шахнаманың сөз тіркестері әрдайым қолданыста болды, сондықтан ол ұмытылмады. Алайда кейбір жүз жыл бұрынғы өлеңдерге ой салмай және сөздікке қарамай түсінбейсіз.
Шахнамадағы Фирдоусидің әңгімелеу тәсілі - қарапайым, анық және түсінікті. Ол көп жерлерде сөйлемді қысқартып, оны қажетсіз созудан аулақ болған.
Мысал үшін, Зал мен Рудобе дастанын оқысақ, барлық дастан және Мехраб Кабули мен Залдың сұхбатында, немесе Рудобе күңдерінің Залмен әңгімесінде, Зал мен Рудобе сұхбатында және Самның Манучехрге хатында хижра жыл санауы бойынша төртінші ғасырдағы қарапайым тіл қолданылғанын көреміз. Сол себептен осы күнге дейін тіпті сауаты жоқ кісілер де Шахнаманы құштарлықпен тыңдап, оны түсінеді. Алайда Шахнамадан 1-2 ғасыр кейін жазылған мәтіндердің тілі қиын болғандықтан, оларды тіпті әдебиет факультеттерін аяқтағандар да оңайлықпен түсіне қоймайды.
Шахнама - халыққа арналған және сол кездегі қарапайым халықтың тілімен жазылған шығарма. Фирдоусидің сыры, оны өзінен кейінгі сауатты тұлғалар ғана оқи алатындай етіп проза түрінде жазбауында. Фирдоуси зейіндерде Шахнаманың мәңгі сақталуы үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz