Қазақ руханияты туралы философиялық тұжырымдар
1 . лекция. Руханилық философиялық сараптаудың обьектісі ретінде.
2 . лекция. Адамның рухани кеңістігіндегі элементтер.
3 . лекция. Руханилық адамның субьективті әлем ретінде.
4 . лекция. Әл.Фараби мен қазақ халқының рухани мұрасы.
5 . лекция. Руханилық және бірегейлік.
6 . лекция. Руханилықтың әлеуметтік аспектілері.
7 . лекция. Руханилық және виртуалды реалдылық.
8 . лекция. Руханилықтың феноменологиялық аспектілері.
9 . лекция. Жаһандық кеңістіктегі рухани әлем.
10 . лекция. Руханилық құбылысын салыстырмалы түсіндіру.
11 . лекция. Руханилық және мәдениет.
12 . лекция. Руханилық құбылысы мен заманауи мәдениетке әлеуметтік сараптама.
13 . лекция. Қазақстан қоғамы және рухани даму мәселесі.

Қазіргі уақытта біз адамның рухани дамуы туралы көп айтып, жазып жүрміз.
Жалпы руханилық дегеніміз рухқа жақын болу дегенді білдіреді. «Рух» ұғымы табиғи болмыстың жоғары деңгейін немесе өмір мен ақыл – ойдың жетілген, әдеміленген, әбден пісіп – жетілген күйін сипаттайды.
Адамның рухани дамуы – ақылды, ғарыштық жан ретіндегі мәнінің жан – жақты жетілуі. Оның ең маңызды белгілері.
- тұлғаның этикалық принциптерінің нығаюы және дамуы;
- эгоизмнің барлық түрі мен мінездің нашар сипаттарын жеңу;
- эмоциялық сезімдерді тежеп, оны рухтың бақылауына бағындыру;
- табиғи мүмкіндіктері мен қабілеттерінің жетілген түрін дамыту;
- ақыл – ойын кеңейту;
- адамның ғарыштық мүмкін күштерін ашу және оны дамыту;
- психикалық энергияны дамыту;
яғни, адамның рухани дамуында шек жоқ
Қазақ руханияты туралы философиялық тұжырымдарды айтардың алдында философиялық әдебиеттегі рух, руханилық, руханият ұғымдары жөнінде кейбір пайымдауларға, пікірталастарға тоқтала кетелік. Ежелден жалпы әлемдегі материалдық дүниенің өзге сипаты оның рухани жағы деп түсінілгені белгілі. Рухтың не екеніне жаратылыстану тұрғысынан ешқандай дәлел дәйектемелер болмағанымен, оның нақты болмысы бар екеніне зертеушілердің көбісі күмән келтірмейді. Кез келген діни түсі- ніктер, діни ілімдер рухтың әртүрлі сипаттағы көріністерін (негізінен Абсолюттің заңдылығына бағынатын) «табиғаттың рухы», Жаратушы¬дан тек адамға келетін «қасиетті Рух» деген мағынада жіктеледі. Жалпы табиғаттың заңдылығы материалды әлемнің үйлесімді өзара байланысы бар, суық та қатаң қатынастарына бағынады және онда жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, игілік пен қиратушы күштер түйіспейді. Махаббатқа толы қатынастар тек адам әлемінде, яғни оның жан дүниесінен туындайтын Қасиетті Рух кеңістігінде ғана бар деп түсініледі [2, 351 б.].
Қалайда рухтың өмір сүру формаларын сипаттағанда «руханият және руханилық» деген ұғымдар бекер қолданылмайды.
Руханият – қоғамда тарихи қалыптасқан рухани әлем, қоғамның руха¬ни өмірі мен мәдени кеңістігі. Сондықтан оған оң және теріс мағынадағы рухани элементтер мен түсініктер енуі толық мүмкін екені анық. Дегенмен, «Рух абсолютті мағынада алғашқы» деген Гегель, адам рух арқылы ғана өзінің табиғи шектеулі әлемінен жалпылық дүниесіне, әмбебап қатарға өрлей алатындығын ескертеді [3, 24 б.]. Трансценденттілік әлеміне қарай адами танымдық қадам жасау, әртүрлі процестерді сыни рефлексиядан өткізу субъекті үшін рухты болмыстық іргетас ретінде қабылдаудан бас- талады. Сондықтан, қазіргі кезеңдердегі кейбір философиялық зерттеу- лердегідей «рухты руханилықтың онтологиялық негізі ретінде» түсінудің өнімді тұстары бар екенін атап өту керек [4, 69 б.]. Шынымен де рухтың маңызды құбылыс екенін мойындау арқылы адам әлеміндегі қатынастарға ендейміз.
Ал, енді руханият негізінен ерекше феномен ретінде қауымдастықтың, әлеуметтік субъектінің қалыптасу эволюциясының тарихи кезеңдеріне сай келеді, жалпы оның эволюциясына сәйкес кейіпте көрініс береді. Оны кез келген халықтың өткенінен көре аламыз, ал бұл зерттеуде қазақ руханиятының сатылы тарихына қарап байқауға болады. Руханияттың өзегін құрайтын құбылысқа руханилықты жатқызуға болады. Ол адамды Ақиқаттың жасампаздық жүйесін қалыптастыратын тұсына жақындататын, рухани дамуды қамтамасыз ету арқылы Ғаламды рухтандыратын, қоғамды іштей үйлесімдендіретін оң мағынадағы рухани күш, феномен [5, 67 б.].
Руханилық – еркін шығармашылық белсенділік арқылы, әлемге деген адамгершілік қатынас арқылы қалыптасады және сол құрылымдардың нәтижесінде дамиды, адам өмірінің мәніне айналады. Сондықтан, «руханилық – адамның түпкі мәндік негіздеріне сәйкес келетін дүниеге де¬ген оң мағынадағы ыстық ықыласынан туындаған қатынастар жиынтығы» деген тұжырымға тоқтам жасауға болады. Ал, руханият болса одан әлде кең мағынадағы қатынастар жүйесі. Ол қоғамның рухани өмірінің көптеген қырын қамтиды. Руханилық адамның жан дүниесімен байланыста бол¬са, оның дүниетанымы зерде, ақыл-ой саласымен, рационалдылықпен астасып жатады. Дүниетаным мен руханилықтың өзара байланысын іс- әрекеттер деңгейінің биігінен іздеу керектігін кейбір зерттеушілер атап көрсетуде [6, 129 б.]. Әрине, адам руханилығының парасаттанған формасы дүниетанымдық жүйе ретінде рауажданады. Басқа кейіптегі қатынастар дискретті кейіптегі түсініктерді байқатады. Өкінішке орай, көптеген зерттеушілер арасында руханият пен руханилықты өзіндік қасиеттерге жіктемей, оларды көбінесе толық сәйкестендіру, етенелестіру әдетке айнал- ғанын байқаймыз. Бұл кейбір теориялық және құндылықтық-мағыналық жаңылысуларға, ауытқуларға алып баратынын байқаймыз.

1.Сорос Дж.Советская система: к открытому обществу. -М.: Политиздат, 1991. - 346с. - С. 90-91
2.Лафонтен О.Общество будущего. Политика реформ в из-меняющемся мире. - М.: Межд. отношения, 1991. - 245с. - С. 15.
3. Ұлттық идея және қазақ философиясы. (Нұрмұратов
С.Е., Әлжан Қ.Ұ. және т.б.). Алматы: ФСИ, 2010. - 256 б.
4. http://e-history.kz/kz/contents/view/629

1 - лекция. Руханилық философиялық сараптаудың обьектісі ретінде.
Қазіргі уақытта біз адамның рухани дамуы туралы көп айтып, жазып жүрміз.
Жалпы руханилық дегеніміз рухқа жақын болу дегенді білдіреді. Рух ұғымы табиғи болмыстың жоғары деңгейін немесе өмір мен ақыл - ойдың жетілген, әдеміленген, әбден пісіп - жетілген күйін сипаттайды.
Адамның рухани дамуы - ақылды, ғарыштық жан ретіндегі мәнінің жан - жақты жетілуі. Оның ең маңызды белгілері.
oo тұлғаның этикалық принциптерінің нығаюы және дамуы;
oo эгоизмнің барлық түрі мен мінездің нашар сипаттарын жеңу;
oo эмоциялық сезімдерді тежеп, оны рухтың бақылауына бағындыру;
oo табиғи мүмкіндіктері мен қабілеттерінің жетілген түрін дамыту;
oo ақыл - ойын кеңейту;
oo адамның ғарыштық мүмкін күштерін ашу және оны дамыту;
oo психикалық энергияны дамыту;
яғни, адамның рухани дамуында шек жоқ
Қазақ руханияты туралы философиялық тұжырымдарды айтардың алдында философиялық әдебиеттегі рух, руханилық, руханият ұғымдары жөнінде кейбір пайымдауларға, пікірталастарға тоқтала кетелік. Ежелден жалпы әлемдегі материалдық дүниенің өзге сипаты оның рухани жағы деп түсінілгені белгілі. Рухтың не екеніне жаратылыстану тұрғысынан ешқандай дәлел дәйектемелер болмағанымен, оның нақты болмысы бар екеніне зертеушілердің көбісі күмән келтірмейді. Кез келген діни түсі- ніктер, діни ілімдер рухтың әртүрлі сипаттағы көріністерін (негізінен Абсолюттің заңдылығына бағынатын) табиғаттың рухы, Жаратушы - дан тек адамға келетін қасиетті Рух деген мағынада жіктеледі. Жалпы табиғаттың заңдылығы материалды әлемнің үйлесімді өзара байланысы бар, суық та қатаң қатынастарына бағынады және онда жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, игілік пен қиратушы күштер түйіспейді. Махаббатқа толы қатынастар тек адам әлемінде, яғни оның жан дүниесінен туындайтын Қасиетті Рух кеңістігінде ғана бар деп түсініледі [2, 351 б.].
Қалайда рухтың өмір сүру формаларын сипаттағанда руханият және руханилық деген ұғымдар бекер қолданылмайды.
Руханият - қоғамда тарихи қалыптасқан рухани әлем, қоғамның руха - ни өмірі мен мәдени кеңістігі. Сондықтан оған оң және теріс мағынадағы рухани элементтер мен түсініктер енуі толық мүмкін екені анық. Дегенмен, Рух абсолютті мағынада алғашқы деген Гегель, адам рух арқылы ғана өзінің табиғи шектеулі әлемінен жалпылық дүниесіне, әмбебап қатарға өрлей алатындығын ескертеді [3, 24 б.]. Трансценденттілік әлеміне қарай адами танымдық қадам жасау, әртүрлі процестерді сыни рефлексиядан өткізу субъекті үшін рухты болмыстық іргетас ретінде қабылдаудан бас- талады. Сондықтан, қазіргі кезеңдердегі кейбір философиялық зерттеу- лердегідей рухты руханилықтың онтологиялық негізі ретінде түсінудің өнімді тұстары бар екенін атап өту керек [4, 69 б.]. Шынымен де рухтың маңызды құбылыс екенін мойындау арқылы адам әлеміндегі қатынастарға ендейміз.
Ал, енді руханият негізінен ерекше феномен ретінде қауымдастықтың, әлеуметтік субъектінің қалыптасу эволюциясының тарихи кезеңдеріне сай келеді, жалпы оның эволюциясына сәйкес кейіпте көрініс береді. Оны кез келген халықтың өткенінен көре аламыз, ал бұл зерттеуде қазақ руханиятының сатылы тарихына қарап байқауға болады. Руханияттың өзегін құрайтын құбылысқа руханилықты жатқызуға болады. Ол адамды Ақиқаттың жасампаздық жүйесін қалыптастыратын тұсына жақындататын, рухани дамуды қамтамасыз ету арқылы Ғаламды рухтандыратын, қоғамды іштей үйлесімдендіретін оң мағынадағы рухани күш, феномен [5, 67 б.].
Руханилық - еркін шығармашылық белсенділік арқылы, әлемге деген адамгершілік қатынас арқылы қалыптасады және сол құрылымдардың нәтижесінде дамиды, адам өмірінің мәніне айналады. Сондықтан, руханилық - адамның түпкі мәндік негіздеріне сәйкес келетін дүниеге де - ген оң мағынадағы ыстық ықыласынан туындаған қатынастар жиынтығы деген тұжырымға тоқтам жасауға болады. Ал, руханият болса одан әлде кең мағынадағы қатынастар жүйесі. Ол қоғамның рухани өмірінің көптеген қырын қамтиды. Руханилық адамның жан дүниесімен байланыста бол - са, оның дүниетанымы зерде, ақыл-ой саласымен, рационалдылықпен астасып жатады. Дүниетаным мен руханилықтың өзара байланысын іс- әрекеттер деңгейінің биігінен іздеу керектігін кейбір зерттеушілер атап көрсетуде [6, 129 б.]. Әрине, адам руханилығының парасаттанған формасы дүниетанымдық жүйе ретінде рауажданады. Басқа кейіптегі қатынастар дискретті кейіптегі түсініктерді байқатады. Өкінішке орай, көптеген зерттеушілер арасында руханият пен руханилықты өзіндік қасиеттерге жіктемей, оларды көбінесе толық сәйкестендіру, етенелестіру әдетке айнал- ғанын байқаймыз. Бұл кейбір теориялық және құндылықтық-мағыналық жаңылысуларға, ауытқуларға алып баратынын байқаймыз.
Ал, енді кез келген қоғамдағы, тарихи кезеңдегі руханилықтың ең негізгі өлшемдерінің бірі - адамның жақсылыққа, адамгершілікке қарайталпынысы екендігі анық. Сондықтан Қ. Әбішев жақсылықты адами құн- дылықтардың ең негізгісі деп есептейді [7, 256 б.]. Автор жақсылықты адамның сәйкестікпен үйлесімді дамуындағы, әлемнің сәйкестігін дамы- тудағы негізгі субстанциялардың қатарына жатқызады. Жақсылық жасай білу - адамды адам еткен іс-әрекеттердің бірі, ол руханилықтың құрылы- мын қалыптастырушы өнердің бірі. Ненің жамандық, ненің жақсылық екенін айыра білу - бұл адамның күнделікті тіршілігінде алдынан үнемі шығып отыратын мәселе. Ол адамның шығармашылық белсенділігін ту - ындататын таңдау еркіндігіне жетелейді.
Ал кез келген мақсатқа қарай ұмтылыс адам үшін жақсылыққа қарай барар жол емес, бірақ ол жаңылысқа толы тар жол, тайғақ кешу жолы болса да Ақиқатқа қарай бағытталған жол болып табылады. Зерделі әлем үшін ешқандай қисынға сыймайтын әрекеттер адам үшін рухани қалыптасудың сатылары болып табылады. Әрине, ол пенденің тырысу, қоғамдағы деструктивті, девиантты әрекеттерін ақтап алу емес, тек оған адамзаттың мегатарихы тұрғысынан түсіндірме беруге тырысу, адам бол- мысындағы қайшылықты екі бастаудың өзара байланысын көрсету. Бір жағынан адамда табиғи инстинктерге негізделген өзімшілдік болса, екін- ші жағынан қамқоршылыққа, мәрттікке, жомарттыққа ұмтылатын адам жан дүниесінің жарқырауы бар. Ол махаббат түрінде көрініс береді.
Әрине, егер адам табиғи болмысына басымдық беретін болса, онда ол өзіндік мәндік негіздерін барынша шектейді. Өйткені, пендешілік деңгейдегі мақсат - оған жетуге тиісті құралды ақтайды деген қағида адами өлшем тұрғысынан теріс және шектеулі түсінік болып табылады. Қоғамдағы әділ- дікті ешқашанда күштеу, зорлау арқылы жүзеге асыруға болмайды. Бұл рухани әлемнің заңдылығына қайшы келетін іс-әрекеттер. Тек адамға біт- кен ішкі нұрдың күшімен, шыдамдылық пен мойынсұнушылық арқылы барлық қайшылықты жеңіп шыққанда ғана шын мәніндегі руханилықтың есігі ашылады. Адамның іс-әрекетінен байқалатын қатаңдық пен қатыгез- діктің арасы жер мен көктей. Рухани дамуға қызмет ететін зерделі қатаң- дық дамуға, үйлесімді қатынастарға қажетті нәрсе. Ал іштегі жылуы жоқ әрекеттерден туындаған қаталдық - қатыгездік деп аталады және ол, негізінен, адамның руханилығының таяздығын білдіреді.
Әрине, қателесу мен адасушылық әрбір әлеуметтік субъект үшін даму, жетілу барысындағы міндетті кезеңдер. Мәселе қателікке деген қатынаста. Одан (яғни қателіктен) тиісті қорытынды жасап, болашақты жаңа жасам - паз бағытта қалыптастыру міндеті айшықталады. Сонымен руханилық жолындағы адам үшін басқалардың қателесу жолымен жүрмеуін ескер - те білу қабілетін дамытылуы сұранады. Жалпы басқа адамдарға жаса- лынған жақсылық руханилыққа толы әрекет деп бағаланса, ал енді өзгелер қиналған кезде оларға демеу болғаныңды үнемі еске салып отыру, міндетсу - руханилыққа жатпайды, ол өз әрекетіңді құнсыздануға әкеледі. Ол жақсылығын сатқанмен, міндетсінгенмен бірдей іс болып табыла - ды. Жақсылықтың жасалуы - даңғазаны көтермейді, ол өз қайтарымынкүтпейтін және адамның рухани шынайылығынан туындаған өмірдегі нұрлы қадамдары болып табылады. Бақыттылыққа апарар жол да осында.
Руханилықтың тағы бір келбеті - адамның өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы, яғни ақылын, дарынын, қабілетін, шеберлігін, ішкі нұрын, жүрек жылуын адамдарға, табиғатқа, Ғаламға беруге ұмтылысы. Осындай ұстанымдар басымдық танытқанда ғана адам рухани дамудың жолына түсті деуге болады. Ал енді, керісінше, бұл өмірде, қоғамда, әлеуметтік дүниеде жеке басының қамы үшін қызмет етуді негізгі ұстаным еткен пенде руханилық аясынан алыстай түседі, яғни ол нәпсінің құлына айналады және өзін заманауи талаптарға сай өмір сүретін прагматикпін деп ақтаумен болады. Қазіргі қазақ қоғамындағы руханияттағы үрдіс осы жолға түсіп бара жатқандығы қынжылтады. Қоғам дамуының төменгі гуманитарлық сатысында болғанда тұрпайы қоғамдық пікір осындай пысықайлықты қолдауы да мүмкін. Осының бәрі қоғамның рухани дамуының өлшемі, әмбебап көрсеткіші болмақ.
Қазақстандық философ І. Ерғалидің ізденістерінде Руханилық деге- німіз - барлық Әлемге (макрокосмосқа) эквивалентті (тең деп айтуға бола - ды) адамның (микрокосмостың) Универсуммен (космоспен) жіктелмейтін үйлесімділік (гармониялы) тұтастығы. Универсуммен бұл үйлесімділік тұтастығын адам ең жоғарғы ерекше формаларда сезініп, онымен айрықша бірігіп, ырғақты күйге бөленеді. Адамның өзінің Космоспен (универсум - мен) үйлесімділік тұтастығын сезінетін, соған реалды енетін осы күйін руханилық деп атауға болады деген тұжырымдар келтіріледі [8, 17 б]. Ав - тор бұл анықтаманың рухтық құбылысқа толық сипаттама бере алмайты - нын да айта кетеді. Дегенмен де бұл құбылыстың кейбір қырларын ашу мақсатында І. Ерғали келесі мақаласында руханилықты руханият дегейін- де қарастырып, ол тек эстетикалық, этикалық, теоретикалық формалардың байлығымен ғана анықталмайтындығын, ол сол формалардың түп негі- зінде не тұр, қандай мән бар, олардың әмбебаптылығы, яғни адамдық мағынасы қандай деген мәселемен астасатындығын ескертеді. Сонымен қатар, осы құбылыста олардағы адамдық субъективтіліктің руханилану - ын, махаббат, нұр және жақсылық шапағатын бейнелейтін көптүрліліктің көріністерінің маңызы зор екенін айтады [9, 82 б.].
Пайдаланылған әдебиеттер
2. Религии в Казахстане: Хрестоматия. Часть I. 2-е изд., испр. и доп. - Алматы, 2011. - 380 с.
3. Гегель Г.В.Ф. Философия духа Энциклопедия философских наук. Т. 3. - М.: Мысль, 1977. - 345 с.
4. Омаргазин Р. Дух как онтологическая основа духовности Адам әлемі - Мир человека. 2006. № 3. - 69-76 с.
5. Капышев А.Б., Колчигин С.Ю. Онтология духа. - Алматы: Сага, 2005. - 204 с.
6. Хамидов А.А. Человек и его абсолюты: к архитектонике духовности Қазіргі заманғы руханилық мәселесі. Алматы: Сага, 2007. - 128-137 бб.
7. Әбішев Қ. Философия (жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған). Алматы: Ақыл кітабы, 1998. - 259 б.
8. Ерғалиев І. Адамның жаңа тарихи кезеңдегі рухани қалыптасуы Известия Министерства науки - Академии наук Республики Казахстан. Серия общественных наук. 1998. № 4. - 57 б.
9. Ергалиев И.Е. Формирование духовности человека и философия Казах - станская философия в канун ХХІ века. Алматы: Ақыл кітабы, 1998. - 207 с.
2 - лекция. Адамның рухани кеңістігіндегі элементтер.
Руханилықтың адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсетіп, оны өзін-өзі қозғалтушы, дамытушы күш дәрежесіне дейін көтерген. Бірақ рухани даму жолындағы саналы-ерікті әрекеттердің маңызын төмендетуімізге болмайды. Расында адам руханилығынан айы - рылса, онда ол эмоция мен сезімнен, ақниеті мен пәк пейілінен айыры - лады, жалаң рационализм мен прагматизмнің құлына айналады. Әрине, Ақыл мен Зердені басшылыққа алған адам өмірде көптеген мақсаттарға жетуі де мүмкін. Бірақ, ондай адамның іс-әрекетінің нәтижесі бұл дүниеге шапағатын түсіретін нұр әкелмейді, адамдардың жүрегін жылытпай - ды, қоғамды рухани байытпайды. Руханилықтың табиғаты жайлы пікір айтқан зерттеушілердің қатарындағы А.Г. Косиченконың тұжырымдары назар аударарлықтай. Ол руханилықты адам болмысының ерекше бір белгісі дей келіп, бұл адамның әлемге қатынасының идеалды формасы деп біледі және болмыстың рухани мазмұнын шығармашылығы арқылы қалыптастыратынына тоқталады [10, 74-75 б]. Нақтырақ айтқанда, адамның руханилығы адам іс-әрекетінің қалыпты, орташа үлгілерінен жоғарырақ, адамды өзімен бірге оны қоршаған ортаны оңды жаққа өзгертетін құбы- лыс екендігі айтылады.
Бұл жерде автор руханилықты адамның әлемге қатынасының бір бөлігі- не ғана (интеллектуальдық, эмоциялық, зерделік, түйсіктік, шығармашылық қатынасы тәсіліне, немесе олардың жиынтығы да емес) телінбейді деген тұжырымды ұсынады. Олай болатын болса, онда руханилықтың табиғатын қалай түсінуге болады? Оған А.Г. Косиченко былай жауап беруге тырыса - ды. Руханилық адамның өмір сүру тәсілінің нәтижесі еместігіне сенімдімін, керісінше, ол адамнан бұрын пайда болған және адам сол өзінен тыс рухқа барынша борыштар, өйткені ол оны адам етіп отыр. Адамның өзінің өмір- лік іс-әрекетінің сан түрлі формасына өзінің рухани мағынасын іске асыра алатын қабілеті бар. Сосын біздер олардың басын жинақтап, қордалап, адамнан шыққан рухани дүние деп ұсынамыз [10, 75 б.]. Автор бұл жерде руханилық мәселесіне рухани дамудың ерекше заңдылығы бар екенін мой - ындау арқылы, яғни оның табиғаттың материалдық әлем заңдылығымен сәйкес келе бермейтін тұстарын ескертеді. Бұл тұжырымдардан рухани- лықтың табиғатын жаңаша философиялық тұрғыдан қарастырудың белгі- лері, нышандары байқалады.
Жаңа ғасырдың жаңа философиясы адамның Әлемге деген қатынасын руханилық тұрғысынан қарастыратынына күмән келтіре алмаймыз. Бұл мәселе жөнінде көп пікірталас туғанмен тарихи процесс барлық ауытқу- ды жылдам орнына келтіреді. Бірақ кез келген жаңа бетбұрысты қабылдай қою оңай емес екені де белгілі. Ескі ойлау таптаурындары, әдіснамалық ұстанымдарының үстемдік етуі көптеген зерттеушілердің адам болмы - сын жаңаша түсінуіне кедергі келтіретіндігі туралы соңғы уақытта жарық көрген кейбір еңбектерде айтылуда [11]. Қазақстандық философ Соловье - ва Г.Г. руханилықты адамның ішкі жарықты, нұрды қабылдай білу қасиеті деп айшықтайды. Бұл құбылыстың негізін нақты адамдар әлемінен іздеу қажеттігін айтып, материалды болмыстың заңдылығын мойындау керек екендігін ескертеді [12]. Әрине, Ғаламның суық та, қатал, әрі үйлесімді заң- дылығын мойындағанымыз жөн, бірақ ол Абсолюттің заңдылығы. Деген - мен де адам негізінен руханилық арқылы ғана өзінің мәндік негізін анық- тайды, ал таңғажайып әлем болса адам арқылы рухани құлпыра алады.
Әрине, әрбір адам мәдениеттің, қоғамдық қатынастардың өкілі екені рас. Дегенмен де адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы (ансамблі) етіп қана қабылдау, оның түпкі мәнін айқындауға жеткіліксіз. Өйткені, адамның руханилығы ерекше қасиеттерге ие екені белгілі. Ал, енді руханияттың негізгі қырларына В.С. Барулин төмендегілерді жатқызады: оның жалпыны қамтитын сипаты, идеалдылығы және субъективті әлем екендігі [13]. Яғни рухани өмірдің әртүрлі салаларына: рациональды, эмоциялы-аффекті, гносеологиялық-когнитивті, құндылықтық-мотивациялы, ұстанымдарды және басқа да рухани өмірдің салалары енеді. Руханиятқа ғылыми концеп - циялар, адамгершілік құндылықтар, діни сенімдер, эстетикалық категория- лар, қарапайым білімдер де жатқызылады. Осылардың бәрі бір-бірімен байланысып, біріге адамның және қоғамның руханиятын құрайды делінген. Бұл жерде айта кететін нәрсе қоғамның рухани өмірімен, яғни рухани өндірісімен руханилық құбылысы толық сәйкестендірілгені байқалады. Бұл руханилықтың жеке ерекшелігін бедерсіздендіруге әкелетін іс-әрекет. Өйткені, қоғамның рухани өмірінде (кинода, ғылымда, қарапайым сана - да) руханисыздықты, ұятсыздықты, деструктивті қадамдарды насихаттай - тын, практика жүзінде рухани өнім ретінде ұсынатын іс-қимылдар көп. Оларды да руханилықтың нағыз белгісі деп баға беру сыңаржақтылық де - ген ойдамыз. Бірақ, бұл адам руханилығын ашудағы алғашқы баспалдақ қана немесе механизмі, тетігі, немесе жағдаяты десек те болады. Кез келген идеалдылық руханилық бола алмайды. Ол адамгершілік құндылықтарына, қасиетті нұрға бөленгенде ғана оның ең жоғарғы түрі руханилыққа айна - лады. Сөйтіп, руханилық дегеніміз адамның дүниені жасампаз, оң кейіп- тегі образдар арқылы қабылдауы, рухани үйлесімдікті нығайта түсуі, өз бойындағы рухани жылуын, жақсылығын әлемге риясыздықпен сыйлай алуы екендігі айқын. Адамның руханилығы оның имманентті идеалдылығы кеңістігінде және уақытында қалыптасады. Бірақ, оның өмір сүруі, қызмет атқаруының нақтылығы - қоршаған ортамен түйісуі, қатынас жасауы кезінде ғана айшықталады. Ал, енді өзіндік оқшаулықтағы, бөлектенген руханилық (объективацияланбаған) тек потенциалды руханилық қана болып келеді.
Руханилық құбылысына берілген анықтамалардың ішінде: Рухани- лық - бұл сыртқы болмыс универсумын тұлғаның ішкі ғаламына этикалық негізде айналдыру қабілеті, сол ішкі әлемді құрау қабілеті арқылы үнемі өзгеріп отыратын жағдайдың алдында адамның өзіне сәйкестігі мен оның еркіндігін жүзеге асыра білуі. Руханилық ақыр аяғында өзіндік мағына- лық космогонияға, әлем образының тұлғаның адамгершілік заңымен бірігуіне әкеледі деген тұжырым руханилықты ерекше мағынадағы құбы- лыс ретінде руханияттан біршама ерекшелей түседі деген ойдамыз [14].
Сонымен, руханилық - медитациялық тәжірибе емес, сананың ауқымы немесе деңгейі де емес, белгілі бір діни конфессияның өкілі болу ғана емес. Руханилық - іс жүзіндегі Махаббат, барлығына және барлық нәрсеге де - ген Махаббат, ол негізінен әрбір адамға тән және ол оның шынайы адами дамуына қажетті дүние. Руханилықтың әлеуметтік салада көрініс беруіне, рауаждануына негізгі тәсіл және тетік болатын сала өнер болып табылады. Қазақ руханиятындағы әрбір шынайы өнер туындысы адам әлемін жаңа рухани күшке, рухани атмосфераға айналдырғанын байқаймыз. Ондай деңгейге көтерілмеген туындылар - жалған құндылықтар, үйлесімділікті шайқалтушы теріс дүниелер. Негізгі саралаушы, електен өткізуші тарихтың өзі. Адамдар сонау тарих қойнауынан негізінен өзінің руха - ни әлемін байыта түсетін дүниелерді, мәдени жәдігерлерді сақтауға ты - рысады. Бұл барлық ұлттық мәдениетке тән құбылыс. Сондықтан халық шығармашылығының, ұлы суреткерлердің туындыларының құдіретті күші бар. Этнос мәдениетінің, руханиятының жарқын үлгілерін жоғалту, немесе жеткілікті деңгейде қадірлемеу адами қалыптасуға қарсы жасалған қылмыс болары анық.
Руханилықтың қыры мен сырын терең зерттеген ғалымдардың бірі Б.К. Құдайбергенов оның ерекше қасиеттеріне, бағыт-бағдарларына тоқ- талған еді. Ол өзінің еңбегінде руханилықтың тұлғаға бағдар беретін құбылыс екенін және адам өзінің еркіндігін табиғи және әлеуметтік ор - таны белсенді түрде жетілдіруге жұмылдыру арқылы танытатынын айта - ды. Адамның қоғамдағы қызметтері шығармашылық сипатқа енгенде ғана өзінің шынайы мәнін ашатындығына назар аударады [15, 103 б].
Бұл жерде зерттеушінің негізгі тұжырымдамасы руханилықтың баға- лау қызметіне, құндылықтарды жіктеу қабілетіне басымырақ құрылған. Біздің ойымызша, адамның дүниетанымы негізінен осы құндылықтар әлеміне деген көзқарасқа байланысты қалыптасады. Әрине, қалыптасу барысында кез келген адам жаңылысу, адасу, қателесу кезеңінен өтеді. Бұл Ақиқаттың адамға берген еркіндігіне, таңдау құқығына байланысты жүзеге асып отыратын құбылыстар. Бұл еркіндікті тек өзіне ыңғайлылық пен қолайлылықты іздеуге қолданатын адам, рухани дамудан шеттеп қалады, рухани құндылықтар әлемінің есігін де қаға алмайды, ол тарихтың қоқысына айналады. Жоғарыдағы аталған зерттеушілердің көзқарастары- на қосыла отырып, руханилыққа жетелейтін шығармашылықтың тағы бір маңызды қыры бар екенін айта кетуді жөн көрдік. Ол шығармашылықтың шынайылығы, прагматистік есепке құрылмауы, әрбір туынды шабыттың шыңындағы дүние болуы қажеттігін атаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
10. Косиченко А.Г. Духовный путь: от существования к осмысленному бытию Проблемы духовного развития. Алматы: Ақыл кітабы, 1998. - 195 с.
11. Қапышев А., Колчигин С. Философия Грядущего (Истинный Путь Челове - ка). - Алматы: ТОО (Комплекс), 1999. - 184 с.; Последний Завет. Санкт-Петербург, 1997-2000 г. І-ІV т.
12. Соловьева Г.Г. Вл. Соловьев: вера и любовь Проблемы духовного разви - тия. Алматы: Ақыл кітабы, 1998. - 193 с.
13. Барулин В.С. Социальная философия. Учебник. - Изд. 2-е. - М.: ФАИР- ПРЕСС, 1999. - 560 с.
14. Крымский С.Б. Контуры духовности: Новые контексты индивидуальности Вопросы философии. 1992. № 12. - 213 с.
15. Кудайбергенов Б.К. Социально-философские поиски духовности: традиции и современность. - М.: Изд-во МГАП - Мир книги, 1995. - 218 с.
3 - лекция. Руханилық адамның субьективті әлем ретінде.
Адамзат тарихының тарихи субъектілерге байланысты руханиятының ең маңызды түпнегізі оның ақыл-ойының деңгейінен, парасатты ойлау тәжірибесінен байқалады. Ойлаудың ұғымдық, түсініктік жүйеленуі әлем- дік философиялық дәстүрдің жарқын көрінісі ретінде танылады. Жал - пы адами эволюцияның өлшемі ретінде даналық үлгілерін алуға толық болатыны анық. Осы тұрғыдан алғанда адамзат тарихындағы кез келген халықтың философиялық пайымдаудың үлкен жүйелі құрылымдарынан бастап өлшеулі деңгейдегі тұжырымдар мен түсініктерден тұратын ерек - ше сілемдер аралығындағы көптүрлілікті аңғаруға болады. Олардың бар- лығына әр қилы бағалаулар беріп, әртүрлі өлшемдер арқылы сараптау- лардан өткізу міндеті гуманитарлық ғылымдар алдында тұрған қасиетті міндет. Дегенмен, негізінен ойлау жүйесінің адами принциптерінің өзара ұқсастығына тәнті боламыз және әрбір мәдениеттің өзіндік көріністерінің, ерекше сипаттарының бар екенін де мойындауға тиістіміз. Міне, осыған орай халқымыздың өзіндік ойлау жүйесі, философиялық мәдениеті бар екеніне еліміздің көрнекті ғалымдары өткен ғасырдың екінші жартысында түбегейлі көңіл бөле бастады, көптеген философиялық мәселелер кәсіби тұрғыда игеріле бастады. Қазіргі заманғы руханилық мәселесінің әртүрлі қырларының гуманитарлық білім саласындағы ғалымдардың арасында күн тәртібіне қойылуының өзі қоғамымыздың құндылықтық бағдарынан хабар беретіндей [1].
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы -- еңбек пен ата-ана үлгісі (Ыбырай Алтынсарин)
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады. Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский; Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие -- бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа... Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға -- деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс -- тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады, -- дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы -- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі -- келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени -- ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу -- біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие -- балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.
Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледідегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. Үлкенді сыйла, Сәлем бер, жолын кесіп өтпе деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық Иман жүзді кісі деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызының Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада эқсперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.
Өзін-өзі тану пәні -- баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді. Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де Өзін-өзі тану пәнінің үйлесіне тимек. Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті -- халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде Өзін-өзі тану курсының ерекше. Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу -- әдістемелік кешен Өзін-өзі тану курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтардың негізгі құрылымдары Амандасу рәсімі, Шаттық шеңбері, Көңіл күйді көтеру сабақтың негізгі мазмұны Сергіту сәті, Тыныштық сәті,Ойын, Дәйексөз, Шығармашылық тапсырма ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады.
Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз. Сөзді кішірейтіп айт, Кәне сөз іздейік, моншақтан жасалған әріптерден сөздер құрастыру.
Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазіргі заманғы руханилық мәселесі. Алматы: Сага, 2007. - 560 б.
2. http:bilimsite.kzadistemelik592 -adamgershilik-ruhani-tarbienin-man yzdylygy.html
4 - лекция. Әл-Фараби мен қазақ халқының рухани мұрасы.
Рухани құндылықтың жалпыға ортақ, ұлттықтан тыс мәнге ие екен- дігі белгілі. Оны әралуан елдердің адамдары бірдей қабылдайды. Рухани құндылықтар бүкіл моральдық-этикалық көзқарастар мен қондырғы- лардың өзегін құрайды. Осы себепті де олар жер бетіндегі кез келген адамның рухани дүниесіне ауқымды ықпал ете алады. Бірақ рухани құндылықтар, дәлірек айтқанда, оларды түсіну мен анықтау айқын аңға- рылатын ұлттық бояуға боялады. Мұндай ерекшелік, құндылықтардың ұлттық бірегейлігінің даралығы халықтың дүниетанымына, оның ұлттық мінез-құлығының өзгешеліктеріне негізделеді, ол діни және моральдық- этикалық сананың ерекшеліктерімен астасып жатыр, онда этностың та - рихы бейнеленген. Құндылықтарды анықтау мен оларға деген қатынас халықтың менталитетінің (ділінің), мәдениетінің квинтэссенциясы (мәйегі) түрінде көрінеді.
Біздің ұлттық дүниетанымымыздағы бақыттың мән-мағынасы орта- ғасырлық түркілік философиядан бастау алады және олардың арасын - да терең рухани сабақтастық бар. Қоғамдағы сабақтастық адамдар оны сезінсін, мейлі сезінбесін, алдыңғы іс-әрекеттің нәтижелерін кейінгі ұрпақ- тың мұралануы ретінде қызмет етеді. Мұралану мен қабылдаумен салыс- тырғанда сабақтастық қоғамдық дамудың бір деңгейінен екіншісіне өту барысында байқалатын адамдардың арасындағы тарихи байланысты біл- діреді [19, 12 б.]. Дәстүрлі қазақ мәдениеті тарихи-мәдени тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да түркілік мәдениетті мұраланды.
Бақыт ұғымын, таза құндылық ретіндегі бақыт түсінігін осы құндылық өмір сүретін мәдениет жүйесінен тыс қарастыру негіздің, іргетастың теориялық құрылысын жоюды білдіреді. Ортағасырлық түркілік философияның өмірмәндік ілімдеріндегі бақыт туралы түсініктер дәстүрлі түркілік мәдениет пен дүниетанымнан нәр алып, сусындап отырды. Сонымен бір мезгілде түркілік философия ислам ренессансының да күшті әсерін сезінді. Ғылым мен білімге кеңінен жол ашатын ислам дінінің өмірге келуі ортағасырлық түркілік философия- ның әртүрлі бағытта дамып, әлемдік деңгейге көтеріле алуына негіз бол - ды. Бұл дәуірде халықтың осы адамгершілік дәстүрлерін өз бойларында қорытып, әлемдік рухани қазынаға үлесін қосып, лайықты ұсына білген түркілік ойшылдар да аз болған жоқ. Мысалы, Қорқыт ата мен әл-Фараби, Ж. Баласағұн мен М. Қашқари, Қ.А. Ясауи мен А. Йүгінеки және т. б. руха - ни ықпалдары қазақтың дана ақын-жырауларының, Абай мен Шәкәрімнің шығармашылықтарынан сезілді.
Мұсылман философиясы антикалық дәуірдің философиялық ойында көтерілген мәселелерді қайта жаңғыртып, философияның дамуын жаңа ар - нада дамытты. Дәстүрдің жалғастығы болғандығын теріске шығаруға бол - майды. Дегенмен, ислам философиясының пайда болуы мен қалыптасуының ең басты қайнар көзі - Құран мен Сүннет. Құран Кәрім негізінен діни мәтін болып табылады. Бірақ діннің философияның барлық мәселелеріне қатысы бар. Дін де философия да Алла, әлем, адамның рухы мен осылардың өзара қарым-қатынасын, жақсылық пен жамандық, таңдау еркіндігі мен ерік, өлімнен кейінгі өмірге байланысты мәселелерді қарастырады.
Бақыттың мәні - парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында деген Отырар қаласынан шыққан даңқты ба - бамыз Әбу Насыр әл-Фараби осы ислам философиясының әлем мойында- ған ең көрнекті өкілдерінің біріне жатады. Өз заманында-ақ Муаллим-и сани (Екінші Ұстаз), Мантикий (Ақылды, Логик) деген атақтарымен даң- қы шыққан отырарлық данышпан ойшыл, энциклопедист ғұлама ғалым әл-Фараби ортағасырлық ислам философиясының негізін қалаушылардың бірі болды.
Ислам дүниетанымының нәрінен сусындаған әл-Фарабиді мате- риалистік сана басымдылық танытқан кеңестік әдебиет зайырлы гуманист, ислам негіздерін бұзушы еретик етіп көрсетуге тырысты. Ал шындығында, ұлы философ, түркі әлемінің мақтанышы, Шығыстың Аристотелі әл- Фараби шынайы мұсылман, терең иманды, нағыз теософ (ойшыл-хакім) болды. Оның Аристотель логикасына жүгінуі дінге төзімділік жағдайында билеушілердің сарайында әртүрлі дін өкілдерінің арасында көпшілік сөзсайыстар өткізіліп тұрған тұсында исламды қорғау ниетінен туындаған еді. Жаратушының Барлығы мен Бірлігін интеллектуалдық жолмен дәлелдеуге ұмтылғанына, оның көзқарасының исламдық монотеизммен (тәухидпен) толық сәйкес келетініне біздің де еш күмәніміз жоқ. Өзінің терең метафизикалық, әлеуметтік-философиялық, этикалық әрі сан-салалы энциклопедиялық шығармашылығымен де, таза тақуалық өмірімен де әл- Фараби адамзатты бақытқа жетелеудің үлгі-өнегесін көрсетіп кетті.
Мемлекет, әл-Фараби бойынша, адамдардың өзі тәрізділермен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігінен туындайды. Бақытқа жету туралы еңбегінде әл-Фараби: ... Әрбір адам қол жеткізе алатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz