Медициналық мекеменің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Қазіргі кездегі web.технологияның маңызы 4
1.2 Web.технологиялар арқылы ақпараттандыру ісін ұйымдастыру 5
1.3 Электрондық сауда 7
1.4 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары 8
1.4.1 WWW технологиясы 8
1.4.2 “Клиент.сервер” технологиясы 9
1.4.3 AJAX технологиясы 11
1.5 Web.серверлер жұмысын ұйымдарстыру 11
1.6 Мәліметтер базасын құру жолдары 15
1.7 Ақпараттық жүйе жасау есебінің қойылымы 17
2 WEB ТЕХНОЛОГИЯДА «ДӘРІХАНАЛЫҚ ІС» ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Ақпараттық жүйе функционалдық құрылымын жасау. 18
2.2 Дәріхана жүйесінің құрылымдық сұлбасы 19
2.3 Жүйенің программалық модульдерінің өзара байланысу сұлбасын құру 20
2.4 Қолданушының навигациялық сұлбасын құру 21
2.5 Программалық құралдар сипаттамалары 23
2.5.1 MySQL арқылы база жасау 23
2.5.2 HTML тілін пайдалану 27
2.5.3 XML тілі ерекшеліктері 33
2.5.4 ASP туралы жалпы мәліметтер 34
2.5.5 PHP тілі мүмкіндіктері 38
3 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ ҮШІН ПРОГРАММАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР ТАҢДАУ ... ... ... .45
3.1 Denwer жүйесін орнату 47
3.2 Дәріхана жүйесінің негізгі модульдеріне сипаттама 50
3.2.1 Негізгі меню модулі 51
3.2.2 Интерфейс тілін таңдау 51
3.2.3 Іздестіру модулі 52
3.2.4 Каталог модулі 52
3.2.5 Прайс.тізім модулі 53
3.2.6 Қоржынның пайдаланылуы 53
3.2.7 Тапсырысты өңдеу модулі 53
3.2.8 Дәрілерді бағалау ісін ұйымдастыру 54
3.2.9 Дәріхана жүйесінің администратор модулі 55
3.3 Қолданушыға нұсқаулық 57
3.4 Желі администраторына нұсқаулық 58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
ҚОСЫМШАЛАР
Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы ¬– ақпараттандыру, яғни адам қыз¬мет¬і¬нің түрлі аймағына қазіргі компьютерлік технологияларды пайдаланып, ақпараттандыру. Қазіргі заманда технологиялық үрдістер өте жылдам қар¬қын-мен дамуда. Қоғамдағы осы жаңалықтарды тез арада және әр уақытта адамдар-ды хабардар етіп тұру үшін түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Сол ақпарат көз¬дерінің таралу жолдары алуан түрлі болып келеді. Ақпараттар теледидар, газет-жур¬налдар арқылы, әр жерлердегі түрлі жарнамалар арқылы таралады. Осы ақпарат көздерінің таралуының ең жас, ең тиімді түрінің бірі интернет желі¬сі болып табылады. Интернет желісі өте жақсы дамып келеді. Оның дәлелі желі ар-қ¬¬ылы ақпарат қана алып қоймай, сауда жасап, үйден шықпай, керек зат¬қа қол жет¬кізуге болады. Бұл жаһандану заманында адам баласының қол жеткізген ең¬ үлкен табыстарының бірі[1].
Дер кезінде ақпараттанудың маңызы адам баласының уақытын үнемдейді және дұрыс таңдау жасап, қаржысын үнемді пайдалануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жаңа пайда болған заттың да тез арада таралып, шығарған ком-пବни¬ясына немесе фирмасына тез көтерілуіне көмектеседі.
Бұл жұмыс ақпараттандыруды интернет желісі арқылы қамтамасыз етуге бағытталған болып табылады. Соның ішінде медициналық мекеменің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру. Үлкен қалаларда өте көп дәрі¬ха-на¬лар бар, бірақ дәрінің құрамы, қан¬дай жағдайларда ішетіні туралы, қандай баға¬да сатылатыны туралы алдын-ала ақпарат ала бермейміз. Науқас адамдарға жылдам қызмет көрсетіп, жедел ақ¬пар¬ат¬пен қамтамасыз ету үшін web технология негізінде жасалған жүйе керек. Бұл жүйе фармация бизнесі үшін де таптырмас пайданың көзі болатыны айдан анық. Сонымен, бұл дипломдық жұмыс Медициналық мекеменің автоматтандырылған ақ¬пар¬ат¬тық жүйесін жасауға арналған болып табылады.
1. Б. Досыбаев. Интернет көшінен кеш қалмайық //Егемен Қазақстан, 2002 жыл. – 27 шілде /170/
2. Аррантс С.Е. Web-сервер, Web-сайт. - СПб.: Питер, 1997.
3. Александр Колесников. Іnternet для пользователя. - Киев: BHV, 2000.
4. Компьютерные сети и Интернет http: //www.kbsu.ru/book/
5. Аткинсон Леон. MySQL. Библиотека профессионала. - М.: Издательский дом "Вильяме", 2002.
6. Аргерих Л. и др. Профессиональное РНР программирование. - СПб: Символ-Плюс, 2003. – 250с.
7. Брент Хесл, Ларри Бодник. HTML-с самого начала. - Киев: BHV, 1997. – 453с.
8. Джой Крейнаж, Джой Хебрейкен. Энциклопедия Интернет. - М., 1999.
9. Йорге Штеффен. Іnternet: сотни полезных рецепт. - Киев: BHV, 1996.
10. Мазуркевич А.М, Еловой Д.С. PHP: Настольная книга программиста.- Минск, 2003. – 353с.
11. Колисниченко Д.Н. Самоучитель PHP5. - СПб: Наука и техника, 2004. – 467с.
12. Дариелл Р. [removed] справочник. - СПб: издательство “Питер”, 2000.
13. Пек С. Web-сервер Web-сайт. - Киев: Наукова думка, 1997. – 430с.
14. Кручинин В.В. Разработка компьютерных учебных прорамм – Томск, 1998
15. Адров Д. Стиль //Компьютер Пресс. – 1998. – № 2. –32-34с.
16. Алексей Гончаров. Самоучитель HTML. – СПб.: Питер, 2002. – 240с.
17. Браун С. “Мозаика” и “Всемирная паутина” для доступа к Internet: Пер. c англ. - М.: Мир: Малип: СК Пресс, 1996. - 167c.
18. Крол Эд. Все об Internet: Руководство и каталог / Пер. c англ. С.М. Тимачева. - Киев: BNV, 1995. 591 c.
19. Левин В.К.Защита информации в информационно-вычислительных cис-темах и сетях // Программирование. - 1994. - № 5. - 5-16с.
20. Фролов А.В., Фролов Г.В. Глобальные сети компьютеров. Практическое введение в Internet, E-mail, FTP, WWW, и HTML, программирование для Windiws Sockets. - Диалог - МИФИ, 1996. - 283 c.
21. HTML тарихы. http//:www.cern. c
22. Леонтьев Б. HTML 4.0. Справочник. М.: 2000.-457 б.
23. HTML. www.softportal.ru
24. JavaScript. http://www.compdoc.ru/internet/html/htmljava/
25. Сеть. http://www.intweb.info/
26. HTML, CSS, СКРИПТЫ: практика создания сайтов www.bhv/ru
27. Николенко Д. Практические занятия по JavaScript. – СПб.:БХВ – Петербург, 2005.-200с.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Қазіргі кездегі web-технологияның маңызы 4
1.2 Web-технологиялар арқылы ақпараттандыру ісін ұйымдастыру 5
1.3 Электрондық сауда 7
1.4 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары 8
1.4.1 WWW технологиясы 8
1.4.2 “Клиент-сервер” технологиясы 9
1.4.3 AJAX технологиясы 11
1.5 Web-серверлер жұмысын ұйымдарстыру 11
1.6 Мәліметтер базасын құру жолдары 15
1.7 Ақпараттық жүйе жасау есебінің қойылымы 17
2 WEB ТЕХНОЛОГИЯДА ДӘРІХАНАЛЫҚ ІС ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..18
2.1 Ақпараттық жүйе функционалдық құрылымын жасау. 18
2.2 Дәріхана жүйесінің құрылымдық сұлбасы 19
2.3 Жүйенің программалық модульдерінің өзара байланысу сұлбасын құру 20
2.4 Қолданушының навигациялық сұлбасын құру 21
2.5 Программалық құралдар сипаттамалары 23
2.5.1 MySQL арқылы база жасау 23
2.5.2 HTML тілін пайдалану 27
2.5.3 XML тілі ерекшеліктері 33
2.5.4 ASP туралы жалпы мәліметтер 34
2.5.5 PHP тілі мүмкіндіктері 38
3 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ ҮШІН ПРОГРАММАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР ТАҢДАУ ... ... ... .45
3.1 Denwer жүйесін орнату 47
3.2 Дәріхана жүйесінің негізгі модульдеріне сипаттама 50
3.2.1 Негізгі меню модулі 51
3.2.2 Интерфейс тілін таңдау 51
3.2.3 Іздестіру модулі 52
3.2.4 Каталог модулі 52
3.2.5 Прайс-тізім модулі 53
3.2.6 Қоржынның пайдаланылуы 53
3.2.7 Тапсырысты өңдеу модулі 53
3.2.8 Дәрілерді бағалау ісін ұйымдастыру 54
3.2.9 Дәріхана жүйесінің администратор модулі 55
3.3 Қолданушыға нұсқаулық 57
3.4 Желі администраторына нұсқаулық 58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы – ақпараттандыру, яғни адам
қызметінің түрлі аймағына қазіргі компьютерлік технологияларды пайдаланып,
ақпараттандыру. Қазіргі заманда технологиялық үрдістер өте жылдам
қарқынмен дамуда. Қоғамдағы осы жаңалықтарды тез арада және әр уақытта
адамдарды хабардар етіп тұру үшін түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Сол
ақпарат көздерінің таралу жолдары алуан түрлі болып келеді. Ақпараттар
теледидар, газет-журналдар арқылы, әр жерлердегі түрлі жарнамалар арқылы
таралады. Осы ақпарат көздерінің таралуының ең жас, ең тиімді түрінің бірі
интернет желісі болып табылады. Интернет желісі өте жақсы дамып келеді.
Оның дәлелі желі арқылы ақпарат қана алып қоймай, сауда жасап, үйден
шықпай, керек затқа қол жеткізуге болады. Бұл жаһандану заманында адам
баласының қол жеткізген ең үлкен табыстарының бірі[1].
Дер кезінде ақпараттанудың маңызы адам баласының уақытын үнемдейді
және дұрыс таңдау жасап, қаржысын үнемді пайдалануын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, жаңа пайда болған заттың да тез арада таралып, шығарған
компаниясына немесе фирмасына тез көтерілуіне көмектеседі.
Бұл жұмыс ақпараттандыруды интернет желісі арқылы қамтамасыз етуге
бағытталған болып табылады. Соның ішінде медициналық мекеменің
автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру. Үлкен қалаларда өте көп
дәріханалар бар, бірақ дәрінің құрамы, қандай жағдайларда ішетіні туралы,
қандай бағада сатылатыны туралы алдын-ала ақпарат ала бермейміз. Науқас
адамдарға жылдам қызмет көрсетіп, жедел ақпаратпен қамтамасыз ету үшін web
технология негізінде жасалған жүйе керек. Бұл жүйе фармация бизнесі үшін
де таптырмас пайданың көзі болатыны айдан анық. Сонымен, бұл дипломдық
жұмыс Медициналық мекеменің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жасауға
арналған болып табылады.

1 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Кез келген саналы адам халқына қандай да болса пайдасын тигізуге
тырысады. Отанымызды қорғаудың, елімізді сүюдің, халықымызға қызмет етудің
бастамасы осы елдің әр азаматына қамқорлық жасап, оларға жақсы әлеуметтік
жағдай көрсету болады.
Адамзат баласының өмір сүріп, алдына қойған мақсаттарына жетіп, осы
өмірдің мән-мағынасын түсінуіне, адамның адам болып қалыптасуына, ең
алдымен, денсаулық ықпал етеді. Өкінішке орай, барлық адамдарға мұндай
мүмкіншілік беріле бермейді. Түрлі себептермен адамдар ауырып, оған қарсы
ем іздейді. Біз осы елдің азаматы ретінде көмек беруге тырысып, жақсы
әлеуметтік жағдай қалыптастыруға талпыныстар жасаймыз. Әрине, қазіргі кезде
қызмет көрсететін дәріханалар жетерлік. Бірақ, заман жаппай компьютерленіп,
ақпараттанудыру желі арқылы тиімді болып жатқандықтан, заман ағымына сай
дәріханаларға да желі арқылы тарайтын ақпараттық жүйе құру өте маңызды
болып тұр[1]. Оның маңыздылығы сол – адамның асыл байлығын сақтап, көмек
көрсететін дамыған, заманға сай ақпаратық жүйе. Бірақ, еліміз жаңа көшке
ілініп жатқандықтан мұндай жүйелер жоқтың қасы. Сондықтан дәріхана ісі
үшін ақпараттық жүйе құру өте маңызды.

1.1 Қазіргі кездегі web-технологияның маңызы

Осыдан біраз жылдар бұрын компьютер арқылы ақпарат жіберуді тек
тәжірбиелі қолданушылар ғана білген болса, қазірде әлемдік желіні
пайдалану компьютердің өзі қандай танымал болса, дәл солай танымал бола
бастаған. Қазіргі таңда компьютер комуникацияларын пайдалану үшін аса
білімді қажет етпейді. Кез келген қарапайым қолданушыға түсінікті және еш
қиындықсыз интернет желісін пайдалануы веб технологияның жетістігі десе
болады. Себебі интернет желісіндегі ақпараттар белгілі бір технология
негізінде құрылады. Қарапайым тілмен түсіндірсек, кітапханадағы кітаптар
жік-жігімен қалай реттеліп, қол жеткізгенге оңай орналастырылса,
интернетте де дәл солай реттеліп, web порталдар, web сайттар, web парақтар
түрінде келеді[2].
Web-сайт немесе сайт (ағыл. website, web – өрмек және site – орын) –
ол HTTPHTTPS протоколдары арқылы іске асырылатын және тек бір ғана
адреске бағытталған бір немесе бірнеше web-беттердің жиынтығы. Сайт
беттері ортақ түпкі адреспен, сонымен қатар, әдетте, басты атаумен,
логикалық құрылымымен, авторымен және бет келбетімен біріккен[3].
Барлығына қол жететін сайттар жиынтығы дүниежүзілік өрмекті құрады.
Web-сайт – ол жарнама орны. Онда мекеме жайлы барлық керекті ақпаратты
(мекеме қызметі, орындалған жұмыстары, байланыс телефондары, реквезиттер
және т.б.) орналастыруға болады.
Сайт тәулік бойы жұмыс істейді және ақпаратты тұтынушыларға ыңғайлы
уақытта жеткізуге мүмкіндік береді.
Сайт адресін барлық жарнамалық материалдарда (визитка немесе
билбордта, әр түрлі анықтамалық кітаптарда және т.б.) орналастыруға
болады. Әрдайым өзгертулер енгізу, жаңалықтарды жаңарту, хабарламалар
орнату жылдам және оңай орындалады. Сонымен қатар, өте аз уақыт, күш және
қаражат жұмсалады.
Сайтқа кіруші тұтынушы болып саналады. Тұтынушы санына қарай сайт
мәртебесі артады. Web-сайт арқылы потенциалды тұтынушылар шеңбері
кеңейеді. Тұтынушылар іздеу серверлері арқылы сайтты таба алады, ол арқылы
мекеменің қызметтерімен танысып, хабарласып, нағыз тұтынушыға айналады.
Сайттағы пайдаланушылар интернет арқылы қажетті деректерді көрсетіп,
сұраныс жасап және тапсырыс беруі мүмкін. Сондай қызмет жасау арқылы
пайдаланушылар сайттан керек деректерін тез тауып ала алады[2].
Web-сайт – пайдаланушылармен қарым-қатынас орнату үшін керек. Сайт
көмегімен пайдаланушыларға жаңалықтарды және т.б. жеткізуге болады.
Сонымен қатар, сайтта Сұрақ-жауап бөлімін құруға болады, онда
пайдаланушылар өз сұрақтарын, ойларын жазады және сол сұрақтарға толық,
жоғары квалификацияланған жауап жазуға болады.
Міне, алда айтылған жағдайларға қарасақ, Web технологиясының біздің
өмірімізде алатын орны ерекше. Қандай салада болмасын адамдардың тез және
оңтайлы жұмыс істеуіне көмек береді. Инновация заманына сай бұл салада
ерекше қарқынмен дамуда. Енді бұл технологияның басқа да қырлы жақтарынан
көрінуін уақыт өте келе күтудеміз[13].

1.2 Web-технологиялар арқылы ақпараттандыру ісін ұйымдастыру

Ақпарат деп кей байланыс формаларының белгіленуі немесе материалдық
әлемнің белгілі заңдылық класына бағынатын, және оның адам санасындағы
бейнесі болатын обьектілердің, үрдістердің, құбылыстардың тәуелділіктерін
айтамыз.
Ақпарат мәліметтерге тәуелділігіне, өздерімен жұмыс істеу әдістеріне
байланысты белгілі бір қасиеттермен сипатталады. Солардың маңызды түрлері
төменде көрсетілген:
- ақпарат қоршаған орта туралы өзі келгенге дейін болмаған жаңа
мәлімдемелер береді;
- ақпарат тасымалдаушыда өзінің белгілер мен сигнал түрінде келетініне
қарамастан ақпарат материалды емес;
- белгілер мен сигналдар тек оны танып қабылдай алатын алушы үшін ғана
ақпарат жеткізеді;
- ақпарат физикалық тасымалдаушыдан ажырамайды, сонымен қоса белгілі
бір тасымалдаушыға байланысты емес және белгілі бір тілге байланысты
емес;
- ақпарат дискреттік – ол хабарлама түрінде берілетін нақты
мәліметтерден тұрады;
- сонымен қатар, ақпарат үзіліссіз – ол жинақталып және біртіндеп
дамиды.
Ақпараттың сапасын көрсететін қасиеттер төмендегідей:
- репрезентативтілігі – таңдау дұрыстығы және берілетін құбылысқа
ақпараттың бара-бар құрылуы осылай аталады;
- мазмұндылығы – хабарламадағы семантикалық ақпарат санының өңделетін
ақпараттың көлемінің қатынасына тең болатын ақпараттың семантикалық
көлемі;
- жеткіліктілігі – шешім қабылдау үшін хабарлаушы көрсеткіш жиынтығының
құрамының тығыздығы;
- қол жеткізушілігі – ақпаратты көрсету формасының ыңғайлылығы;
- өзектілігі – ақпараттың сол сәтте қолданудағы құндылық деңгейі;
- құндылығы – нақты мәселелерді шешудегі маңыздылығы;
- түсініктілігі – қолданушының білім деңгейіне ақпараттың мазмұнының
сәйкестігі;
- ықшамдылығы – хабарланатын мәлімдемелердің баяндаулығының сығылу
деңгейі.
Технология сөзі өнер, шеберлік, істей алу дегенді білдіретін гректің
techne сөзінен шыққан, гректің logos сөзі – түсінік, оқу дегенді
білдіреді.
Технология – бұл ғылыми және инженерлік білімнің жиынтығы. Ол өнім
немесе қызмет көрсетуді іске асыратын материалдық, техникалық,
энергетикалық, өндірістің еңбек факторларының жиынтығы[4].
Ақпараттық технология – бұл ақпаратты сақтаумен, өңдеумен айналысатын
адамдардың еңбегін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін үйрететін, өзара
байланысқан ғылыми, технологиялық, инженерлік дисциплиналар кешені.
Жалпы, кез келген ақпараттық технологиялар қажет ақпаратты талап
етілген сапа мен белгіленген тасымалдаушымен жеткізуге бағытталған болып
табылады.
Ақпараттық технологиялар негізгі үш компоненттен тұрады:
- техникалық құралдар кешені – есептеуші, телекммуникациялы және
техникалық ұйымдастыру;
- программалық құралдар жүйесі – жалпы(жүйелік) және
функционалды(қолданбалы) программалық жабдықтама;
- ұйымдастырушылық – әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі.
Жүйе бір мақсатқа жетуге бағытталған бүтін, өзара байланысқан
элементтер жиынтығы.
Қоғамның дамуының қазіргі деңгейі жалпы ақпараттанумен сипатталады,
яғни барлық ғылым мен техника салаларына компьютеризация мен ақпараттық
технологиялардың енуімен сипатталады. Осыған байланысты негізгі мағынасы
болып, күнделікті қызметте ақпаратты өңдейтін құралдар мен әдістердің
қолдануы болады. Жаңа ақпараттық технологияның әсер етуімен өндірісте және
басқару процестерінде үлкен өзгерістер болып отырады. World Wide Web –
әлемдік компьютерлік торап құрамында алуан түрлі ақпарраттары бар
миллиондаған сайттардан тұрады. Адамдар Internet технологияларын қолдану
арқылы сол ақпараттарға қол жеткізеді.WWW кеңістігінде пайдалану үшін
арнайы программалар – Web техноглогиялары қолданады. Web браузердегі
бүкіл ақпарат WWW негізгі байт элементтері болып табылатын Web парақтар
түрінде беріледі[8].
Web-парақтар мультимедия технологиясын қолдағандықтан, өзіне түрлі
ақпараттарды біріктіре алады: текст, графика, дыбыс, анимация, видео. Web-
парақтардың қаншалықты сапалы және әдемі жасалуы көп жағдайда торапқа
байланысты[17].
Қолданушылар тартымды және графикамен , анимациямен шегімен
безендірілген, сонымен қоса, дұрыс, жылдам жүктелетін Web-парақтарды
қарайды.
WWW технологияларының кең мүмкіндіктері WWW серверінің өсу нәтижесіне
және Internet желісінің өсуінің салдарынан пайда болады.WWW сервер- бар
ақпараттарды сақтайтын,қолданушыларға гипермәтіндік құжаттарға қол
жеткізетін, глобальді немесе ішкі корпоративті торап. Қолданушы WWW
серверімен қарым-қатынас жасау үшін арнайы программалық жабдықтама –
браузер (англ. browser) яғни көру программасы деп атайтын жабдықтама
қолданылады[20].
WWW-серверінің жұмыс жасау схемасы келесідей:
1. Торапты қолданушы браузер деп аталатын программалық жабдықтама пакетін
жібереді.Оның құрамына келесі функциялар кіреді:
Сервермен байланыс орнатады
a) қажет құжатты алады;
b) алынған құжатты көрсетеді;
c) қолданушы әрекеттеріне жауап қату, жаңа құжаттарға қол жеткізу.
Қолданушының әсер етуімен немесе браузерді жібергеннен кейін, WWW-
cерверімен байланыс орнатады және оған берілген құжатты алу үшін сұраныс
жібереді.
2. WWW-сервер сұраған құжатты іздейді және браузерге нәтижені қайтарады.
3. Браузер құжатты алып, қолданушыға көрсетеді және оның қозғалысын
күтеді[20].

1.3 Электрондық сауда

Электрондық сауда - бұл әлемдік интернет желісі арқылы виртуалды
дүкендер, дәріхана және тағы басқа жаңа сапамен түрлі қызмет көрсететін
бизнестің жаңа түрі. Ол тауар өңдіруші компаниядан немесе жаңа қызмет
ұсынушыдан еш делдалдың көмегінсіз, тікелей байланысқа кіреді, сонымен
бірге, сол қызмет туралы әдеттегіден көбірек ақпарат біліп, алдын-ала
шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Тағы да, атап айта кететін жайт,
тікелей жеткізу және ақша төлеу жүйесінің икемділігі. Осы аталған барлық
циклды еш қиындықсыз, кез-келген адам үйден шықпай іске асыра алады.
Интернет жүйесінде сауда жасау екі жақ, яғни, алушы мен сатушыға да өте
қолайлы[9]. Сатушы үшін қолайлы, себебі, тауар туралы және компания туралы
ақпаратты тек орналасқан аймақ емес, жалпы Қазақстан немесе одан да басқа
мемлекеттер көлемінде бизнесті дамытып, өсуге үлкен мүмкіншіліктері бар.
Тіпті, кішкентай компаниялар да әлемдік масштабта бизнеспен айналысуына
болады. Сонымен бірге, тапсырыс берушінің ойын, талабын тікелей біліп
отыра алады. Қорыта келгенде, электронды бизнес қызмет көрсетудің ең
тиімді, қаржыны үнемдейтін және өсуге икемді заманға сай бизнестің жаңа
түрі.
Ал, клиенттер үшін де бұл жүйенің тиімділігі баршылық. Оларға, тауарды
басқа да ұсынушылардың ұсынысымен салыстырып, ұтымды, ыңғайлы таңдау
жасауға мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге, берген сұраныстарына тез жауап,
ақпарат ала алады.
Интернет арқылы бизнес жасаудың тиімділігінің негізгі үш факторы бар:
баға, уақыт және тікелей қарым-қатынас[18].

1.4 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары

Көпфункционалды интернет – қосымшалары термині қолданысқа бірнеше жыл
бұрын енді, дегенмен оның түсініктемесі:
- сценарийдің алыстатылған тілі;
- хInternet;
- көпфункционалды Web-клиенты;
- көпфункционалды Web-қосымша ретінде белгілі болған.
Интернет өте үлкен көлемді ақпарат көзі, көптеген технологиялар осы
ақпаратты жеткізу жолдарын жақсарту мен Web-те жетілдірілген және қолайлы
әдіспен сақтауға арналады. Web-қосымшалардың көбінде өңдеудің көп бөлігі
серверде жүзеге асады. Бұл үлкен көлемді ақпарат пен оны өңдеу серверге
үлкен күш түсіреді, сонымен қатар желілік трафикке тәуелділікті
жоғарылатады.
Ескі клиент-сервелі архитектура үлкен ыңғайлы және функционалдылы
болған, бірақ Web-дәуірінде жоғалды. Бұның бір себебі біркелкіліктің
жоқтығы немесе клиенттік қосымшалардың стандартталуы. Енді ешқандай
күмәнсіз, жалпылама қабылданған Web-құрал болып браузер табылады.
Дегенмен, оған интеллектуалды өңдеулердің мүмкіншіліктері жеткіліксіз.
Осының есебіне клиенттің қосымшаларға қолданушылардың ақпаратын жеткізу
мен қарапайым өңдеу жұмыстарын жүргізу міндеті артылған. Көпфункционалды
интернет-қосымшалар браузердің негізінде ең жақсы, тез, назар аударарлық
және функционалды қолданбалы қосымшаларды өңдеуге мүмкіндік береді[9].
Қолданушы интерфейсімен Web және Интернет деңгейінде байланысатын
өңдеушілер қолданушы интерфейсі деңгейінде жиі тәжірибелер жүргізеді және
ең аз сыртқы қолдаусыз нәтижелі жұмыс жасауға қабілетті әр түрлі RIA-
құралдарды байқайды. Көбінесе браузер қалыпты жұмыс істеу үшін модульге,
кеңейтуге және жүктелетін файлға қатысты біршама қолдаулар қажет[25].

1.4.1 WWW технологиясы

Бұл технология World Wide Web(қысқартылғаны –WWW немесе жай Web) –
Әлемдік тор жүйесін қолдануда негізделеді. Бұл жүйе құралдық ортаның
әртүрлілігін және гипертексті түсініктеме негізіндегі ақпараттың форматын
интегралдау әрекеті болып табылады. Гипертекст ұғымы белгіленген сөздерді,
сөйлемді немесе тіптен пиктограммаларды сәйкес ақпаратқа осы немесе басқа
құжатқа сілтеме жасауда қолдану деген мағына береді. WWW-навигаторлар деп
аталатын және қолданушыға WWW жүйесінде жұмыс істеуді қамтамасыз ететін
программалар гипертекстің түсініктемесін желінің түрлі түйіндерінде
орналасқан құжаттар арасында байланыс жасай отырып кеңейтеді[20].
WWW жүйесінде құжаттар әдетте толық полиграфиялық форматта көрсетіледі
және құрамында графикалық ақпараттар мен фотосуреттер, аудио, видео
файлдарға сілтемелер бар. Осылайша, WWW жүйесі
–гипертекст+мультимедиа+ақпаратты навигация бөлімдерден тұрады. WWW –
навигаторларға Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer сияқты
кең танымал программалар жатады. Өздерінің интеграциялау тапсырмаларын
орындай отырып, WWW – навигаторлар тек қана WWW-серверлерінің ақпаратына
ғана емес, басқа да жүйелердің ақпаратына (телеконференция, FTP, Gopher
т.б) рұқсат алуды іске асырады.
WWW технологиясы қолданушылардың мойындауына тез қол жеткізді және
бүгінгі күні заманға сай Интернетті қалыптастыратын ең әйгілі құралдардың
қатарына кіреді. 1995 жылы интернетке WWW-серверлердің саны әр бірнеше
айда екі еселеніп отырды, ал оларға арналған жалпы трафик тұрақты түрде
бірінші орынға шықты. Интернетте индексті іздеуді WWW – сервердің және
басқа бірнеше жүйелердің (FTP, Gopher) 90%-ына жуық орындауға мүмкіндік
беретін жүйелер (Yahoo, Lycos т.б) қарқынды дамуда[18].
WWW – серверді өңдеушілерінің энтузиазмын түсіну оңай. Ақпараттық
мәселе қандай болмасын – анықтамалық жүйелер, әр түрлі бағыттағы
құжаттарға архив (мысалы, жарнама материалдарын), мәліметтер базасына,
оқыту жүйесіне әдемі интерфейс құру – осының бәрі WWW – технологиясының
негізіне жатады.

1.4.2 “Клиент-сервер” технологиясы

Бұл дипломдық жобадағы программалық жабдықтау клиент-серверлік
технологияларға негізделген.
Мұнда Интернет желісінің сервері деп клиент машинасының сұранысы
бойынша web-парағын бейнелейтін, сондай-ақ көптеген басқа пайдалы
функцияларды орындайтын, арнайы программа орнатылған компьютер аталады
(ол сервер, web-сервер немесе http-сервер деп те аталады). Жергілікті
желідегі компьютерлердің өзара қарым-қатынас сипаты, олардың функционалдық
міндеттерімен байланыстырылған. Тікелей қосылуы жағдайындағы тәрізді,
жергілікті желі шегінде клиент және сервер түсініктері пайдаланылады. Яғни,
сіздің үйдегі компьютеріңіз сервермен байланысып, одан қажетті
мәліметтерді, мысалы, web-парағының кодын алған кезде, ол клиенттің рөлін
орындайды, ал бұл жағдайда барлық жүйе клиент-сервер байланысы деп
аталады[13].
“Клиент-сервер” жүйесі деп қолданушының қарамағына өз қорларын беретін
алыстағы компьютер мен осы қорларды пайдаланатын қолданушының компьютері
арасындағы ақпаратты беру механизмін атайды. Мұнда өзінің қорларына
қосылуды ашатын компьютер - “сервер”, ал бұл қосылуды алушы “клиент” деп
аталады.
“Клиент-сервер” технологиясын қысқаша келесідей түрде ұсынуға болады:
- клиент сұранысты жасайды және серверге, басқаша айтқанда сұранысты
өңдейтін программаға жібереді;
- бұл программа сұранысқа сәйкес қорытынды жасайды және оны клиентке
жібереді;
- клиент қорытындысын алады, оны дисплейде бейнелейді және қолданушының
әрі қарайғы әрекетін күтеді. Қоданушы сервердегі жұмысын аяқтағанша,
цикл қайталана береді.
Клиент-сервер технологиясы – бұл компьютерлердің бірінен (сервер)
екінші компьютерге (клиентке) өз қорларын ұсынатын, жергілікті желідегі
компьютерлердің өзара қарым-қатынасының ерекше тәсілі.
Жоғарыда ескертілгендей, Интернет қорларын тарату принциптеріне
қолданылатын негізгі түсініктердің бірі, “клиент-сервер” тәсіліне сәйкес
мәлімет беруді ұйымдастыру болып табылады. Бұл технологияның қалай жұмыс
істейтінін талдап көрелік[13].
Клиент браузеріне web-парақты жүктеу үшін сервер, серверлік компьютерде
орнатылған http-сервер деп аталатын арнайы программаға сұраныс жібереді
және одан алынған мәліметті өңдейді. Мұнда браузердің міндеттеріне
серверден белгілі бір параққа сұраныс жасау, оны алып және қолданушының
экранына бейнелеу жатады. Әрі қарайғы әркетті сервер өзіне алады. Ол
сұранысты қабылдайды, сұралған құжатты іздейді және клиентке табылған
файлдың мазмұнын немесе мұндай файлдың табылмағанын не оған қосылуға қандай
да бір тыйым салынған қателіктер туралы хабар береді.Бұл үдерісті түсіну
үшін маңызды сәт, http-серверінің берілген құжатының мазмұнын
талдамайтындығы болып табылады. Ерсі айтқанда, сұралған файлдың ішінде не
бар екені http-серверге бәрібір, ол тек оны броузерге жеткізеді, алынған
ақпараттың бейнеленуі мен құрылымы жөніндегі барлық жұмысты браузер өзіне
алады. Бірақ, бұл ережеде де өзгешеліктер болады.
Сондай-ақ, сұрастырылған парақты іздеу, серверлік компьютердегі осы
сайтқа бөлінген белгілі бір директорияда жүзеге асырылатынын атап өту
керек. Бұл директорияға сілтеме қолданушының енгізген адресінде болады.
Егер сұраныс нақты бір құжатқа емес, тұтастай сайтқа арналаған болса, онда
http-сервері берілетін файл атауының орнына автоматты түрде бастапқы
парақ деп аталатын файлды береді. Бастапқы парақ index.html атымен
аталады (кейбір жағдайларда – default.html). Бұл құжат міндетті түрде,
сіздің сайтыңызды орналастыру үшін бөлінген түпкі каталогта немесе егер бұл
алдын ала айтылған болса, WWW деп аталатын директорияда орналастырылуы
қажет. Қалған басқа файлдардың барлығын осы каталогта немесе салынған
директорияда орналастыруға болады. Әсіресе бұл, бірнеше тақырыптық
тараулардан немесе айдарлардан тұратын сайттарда өте қолайлы[14].
Сондай-ақ, серверлік директория құрамында сіз жасап салған папкалардан
басқа, тағы да бірнеше каталогтар болады. Біріншіден, бұл CGI-BIN папкасы.
Мұнда CGI-скриптері мен сіздің сайтыңызда қосылатын басқа да интерактивті
қосымшалар, сондай-ақ сервердің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті бірнеше
қызметтік директориялар орналастырылады. Бастапқы кезде оған көңіл
аударудың қажеті жоқ. Кейде index.html сақталған каталогта бірнеше қосымша
файлдар болады. Олар: not_found.html – егер http-сервер қолданушы сұраған
файлды таба алмаған жағдайда бейнеленетін құжат, forbidden.html –
сұратылған құжатқа қосылуға тыйым салынған қателіктер туралы хабарлау
ретінде бейнеленеді, robots.txt – іздестіру машинасымен сіздің сайтыңыздың
индексациялау тәртібін арнайы түрде сипаттайтын файл.
Барлық айтылғандарға қарай отырып, клиент броузері, ақпаратты серверден
тек ала алады және оны өңдей алады. Ал оны орналастыру мен өзгерту, егер
файлдарды серверге жүктеу серверлік web-интерфейсіне қосылған арнайы CGI-
скриптерінің көмегімен НТТР хаттамасының негізінде жүзеге асырылған
жағдайда ғана болады. Барлық басқа жағдайларда, арнайы программалық құралы
арқылы қажетті файлдарды автоматты түрде оларды сізге бөлінген сайттағы
директорияға бере алатын, ftp-серверін пайдалана аласыз. Бұл екі жағдайда
да жүйеге қосылу үшін сізге тіркеліп, атыңыз бен пароліңізді(құпия код)
білу қажет болады[17].

1.4.3 AJAX технологиясы

AJAX, HTML-дан тұрады, JavaScript™, DHTML және DOM технологиялары,
ауыр салмақты Web – интерфейсі интерактивті AJAX – қосымшасын аударуға
көмектесетін керемет әдіс. AJAX бойынша эксперт, автор бұл
технологиялардың бірігіп жұмыс істеуін көрсетеді (жалпы шолудан бөлшекті
зерттеуге дейін) мақсаты – өте нәтижелі Web – өңдеуді күнделікті шындыққа
айналдыру. Ол сонымен қатар XMLHttpRequest-ті қосқандағы AJAX-тің
негізгі концепцияларын ашып көрсетеді[23].
AJAX – web-қосымшалардың интекративті қолданушы интерфейсін құруға
арналған әдіс және браузердің web-сервермен, ақпаратпен фондық алмасуына
негізделеді. Нәтижесінде, ақпаратты жаңартқанда web-парақ толығымен қайта
қосылмайды және web – қосымшалар тезірек және қолайлырақ болады.
Кітапханалар:
1) AJAX.OOP – JavaScript фреймворк;
2) Dojo – көпфункционалды JavaScript құралдар жиыны;
3) Google Web Toolkit – Java өңдеушілерге арналған құралдар жиыны
4) jQuery – JavaScript кітапхана;
5) MooTools – JavaScript кітапхана;
6) Extjs – JavaScript кітапхана;
7) Prototype – JavaScript кітапхана, сонымен қатар Ruby on Rails-
де
қол жетерлік;
8) script.aculo.us – JavaScript кітапхана;
9) ZK Framework – тегін ZK Framework кітапхана;
10) Xajax – PHP және JavaScript кітапхана.

1.5 Web-серверлер жұмысын ұйымдарстыру

Web-сервер — бұл бүкіл әлемдік ғаламтордың бір немесе бірнеше сайтына
түскен сұрауларға қызмет ететін сервер.
Әдетте Web-браузер болып табылатын клиент, Web-сервер-ден қор алу үшін
URL – адресі болып белгіленген сұраныс жасайды. Қор – бұл клиентке қажет
HTML – парақтар, суреттер, файлдар, медиа-ағындар немесе басқа ақпараттар.
Web-сервер жауап ретінде клиентке сұралған ақпараттарды береді. Бұл
айырбас HTTP протоколы бойынша жүзеге асады.
Web-сервер деп осы функцияларды орындайтын программалық жабдықтаманы
және осы программалық жабдықтама жұмыс істейтін компьютерді де атайды.
Интернетте 20-ға жуық сервер жұмыс істейді. Олардың негізгілері -
Apache және MS IIS (Microsoft Information Server) және тағы басқалар.
Сонымен қатар, интернеттегі сайттың көпшілігі (60–70 %) Apache
басқармасында жұмыс істейді.
Apache Web-сервері Windows және Unix сияқты (Linux, FreeBSD, Solaris
т.б) операционды жүйелермен жұмыс істейді. Apache Web-сервері ашық шығу
коды бар тегін өнім болып табылады. Көбінесе Unix(Linux, FreeBSD)-PHP
байланысында қолданылады. Apache сервер бастауын NCSA httpd – серверінен
алады. Ол интернеттегі Web-серверлер ішіндегі бірінші не екінші орында
тұр. Бұл Apache сервер тез жұмыс істелетініне және тегін таралуына
байланысты[11]. Бұл сонымен қатар HTTP1.1, SSI протоколдарын, модульді
архитектураны, ұқсас NSAPIISAPI қолдайтын және көптеген түрлі
функцияларды, мысалы Peri – сценарилерді немесе HTML-конструкцияларды
интерпретациялауды орындайтын тегін модульдері бар өте қуатты сервер.
Дегенмен, Apache бәріне сәйкес келе бермейді. Біріншіден, бұл коммерциялық
емес пакет. Интернетте бұл өнімді өте кең қолдау барына қарамастан,
көптеген компаниялар маңызды жүйені қолдауын тұтынушылардың өздері
жүргізетін өнімге салуға сенімсіздік танытады. Соған қарамастан, Linux
операционды жүйесіндегідей, түрлі компаниялар Apache серверге коммерциялық
негізде қолдау көрсетеді. Apache сервердің таралуына кедергілердің – бірі
оның көбіне UNIX – жүйесіне арналғаны. Бірақ шығарылуға дайындық кезінде
Windows 95 Windows NT-ге арналған версиялары да табылады. Осылайша,
Apache серверін қолдану орта сыртқы және коммерциялық емес Web-
серверлермен шектеледі, бірақ интражелілерге сәйкес келмейді. Және
соңғысы, орнатқан кезде кейде орнату файлдарын қолдан ауыстыру керек
немесе кейде тіптен программаның өзін қайтадан құрастыруға тура келеді.
Web – сервер қолданушылардан іздеуге сұраныс қабылдайды, қайта құрады және
арнайы программаға – іздеу машинасына өткізеді. Іздеу машинасы индекстің
ақпаратты базасын қарастырады, сұраныстың шарттарын қамтамасыз ететін
парақ тізімін жасайды (осы парақтарға сілтемелер тізімін) сосын Web –
серверге қайтарады. Web – сервер орындалған сұраныстың нәтижелерін
тұтынушыға қолайлы түрде жөндеп, клиенттің машинасына өткізеді.
Графикалық ақпаратты іздеу (оның ішінде видео ақпараттар) – компьютер
технологиясында, әзірше, принципиалды шешілмей отырған мәселе.
Мамандандырылған анықтамалық қызметтер – бұл белгілі бір тақырып
бойынша серверлердің адресі жиналған тақырыптық каталогтар (subject
catalogs). Индекстің әмбебап базаларына қарағанда, тақырыптық каталогтарды
мамандар құрастырады және клиентті желі туралы тура және жүйеленген
ақпаратпен қамтамасыз етеді[15].
Netscape компаниясы өзінің Web-сервер ассортиментін әрдайым толықтырып
отырады. Оған FastTrack-тан бастап Enterprise Server-ге дейінгі
программалар кіреді. Netscape-тің Web-сервері UNIX (Solaris, SunOS, AIX,
HP-UX, Digital UNIX және IRIX) – тің көптеген нұсқаларында жұмыс істейді,
сонымен қатар Windows 95 Windows NT- ге арналған түрлері бар. Бұл жүйе
жеткілікті деңгейде дамыған, мәліметтер базасына қосылу, парақ құрамын
басқару, HTTP I.I протоколымен жұмыс істеу мүмкіндігі және басқа да көп
функциялар қарастырылған. Netscape программалық пакеттің орнату үрдісі
мен сервер администрациясын жақсарту арқылы коммерциялық табысын
жоғарылатуға тырысты. Тұтынушылар шағымданатын Netscape-тің жалғыз
кемшілігі олардың кейде жұмыс істегендегі бәсеңділігі.
Microsoft компаниясының ақпараттық интернет сервисі (IIS) Windows NT
платформасына арналған. Windows 95 үшін ұқсас бірақ әлсіздеу түрі бар. Web-
сервер MS IIS тек Windows астында ғана жұмыс істейтін коммерциялық өнім
болып табылады. Көбіне Windows-ASP немесе Windows-Java байланысында
қолданылады.XAMPP – Web-сервердің кроссплатформалық жинағы. Құрамына
Apache, MySQL, РНР скриптерінің түсініктемесі және Perl программасының
тілі және көптеген толық Web-сервер қосуға мүмкіндік беретін қосымша
кітапханалар кіреді[21]. XAMPP Microsoft-тың барлық 32-разрядында және
сонымен қатар Linux, Mac OS X және Solari-мен жұмыс істейді. Программа
GNU General Public License лицензиясына сәйкес тегін таратылады және Web-
сервермен жұмыс істегенде тегін, ыңғайлы, динамикалық парақтарға қызмет
етуге мүмкіншілігі бар. Бүгінгі күнде XAMPP Web-сервердің ең жақсы
жиындарының бірі. Осы жиын көмегімен тұтынушы өз компьютерінде кішкентай
динамикалық парақтардан бастап үлкен корпоративті сайтқа дейін жасай
алатын толық және тез Web-сервер орната алады.
Linux-ке арналған XAMPP. Linux-ке арналған пакет Ubuntu, SuSE, RedHat,
Mandriva, Debian-де тестілеуден өткен және құрамына Apache, MySQL, PHP 5 +
PHP 4 & PEAR, Perl, ProFTPD, phpMyAdmin, OpenSSL, GD, Freetype2, libjpeg,
libpng, gdbm, zlib, expat, Sablotron, libxml, Ming, Webalizer, pdf class,
ncurses, mod_perl, FreeTDS, gettext, mcrypt, mhash, eAccelerator, SQLite и
IMAP C-Client, FPDF кіреді. Бастапқыда әр жүйені қосқанда қосылмайды, оны
қолдан қосу керек, дегенмен, жүйені әр қосқанда автоматты түрде іске
қосылатындай етіп орнатуға болады.
Mac OS X-ке арналған XAMPP.
Mac OS X-ке арналған пакетке Apache, MySQL, PHP & PEAR, SQLite, Perl,
ProFTPD, phpMyAdmin, OpenSSL, GD, Freetype2, libjpeg, libpng, zlib, Ming,
Webalizer, mod_perl, eAccelerator, phpSQLiteAdmin кіреді.
Solaris-ке арналған XAMPP.
Solaris-ке арналған пакетті жасап, тестілеуден өткізген Solaris 8,
Solaris 9, құрамына Apache, MySQL, PHP & PEAR, Perl, ProFTPD, phpMyAdmin,
OpenSSL, Freetype2, libjpeg, libpng, zlib, expat, Ming, Webalizer, pdf
class кіреді.
Denwer - дистрибутив жинағы (Apache+SSL, модуль түріндегі PHP5, MySQL5,
Perl, phpMyAdmin т.б) және Web – өңдеушілері ( программалаушы және
дизайнерлер) сайтты үйдегі Windows – машинада интернетке кірмей-ақ жөндеу
үшін қолданатын программалық қабық. Denwer – дің базалық пакетінің
құрамына Apache 2.2.4 + PHP 5.3.1 + MySQL 5.1.40 + PhpMyAdmin 3.2.3,
көпжобалылық, Flash – жинақтаушымен жұмыс істеу кіреді. Denwer-дің ең басты
айырмашылығы – алыстатылған жұмыс барысында бірден бірнеше белгісіз
жобалармен жұмыс істеу қолайлылығы және Flash – жинақтауышқа орналастыру
мүмкіндігі[19].
Denwer-дің маңызды ерекшелігі – әрқайсысы жеке виртуалды хостта
орналасқан бірнеше жобалармен жұмыс істеу мүмкіндігі. Жобаларға арналған
виртуалды хосттар автоматты түрде орнатылады, мысалы, бізге жоба файлдарын
homeИмяПроектаwww-ға көшірсек болды, ол бірден http:ИмяПроекта
адресінде көрінеді (DOCUMENT_ROOT де дұрыс болады). Бұл әсіресе бір
уақытта бірнеше сайттармен жұмыс істейтін Web-студияларына, сонымен қатар
CVS немесе Subversion версиялы бақылау жүйелерінің байланысында қолайлы.
Директорияға ат беру сұлбасы біздің виртуалды хост шаблонындағы хостингте
жеке түрде орнатыла алады.
Жинақтың аналогтарынан негізгі айырмашылығы:

1) модулділік, кеңдік, компактілік. Жеке компоненттердің көпмегабайттық
дистрибутивтерін алудың қажеті жоқ. Денвердің негізгі түрі
Apache+SSL+PHP5+MySQL5+phpMyAdmin-д ің көлемі бар болғаны шамамен 6,1МБ
және толық функционалды;
2) әрқайсысы жеке виртуалды хостта орналасқан бірнеше жобаларды бірден
қолдану және автоматты конфигурация;
3) қосылудың орталықтанған жүйесі және Денвердің барлық компоненттерінің
тоқталуы. Өзінің автономдылықтығының арқасында Денверді тоқтатқаннан
кейін толығымен жүйеден жоғалады және басқа директорияға көшірілуі
немесе өшірілуі мүмкін;
4) sendmail эмуляторы: почтаны жіберетін скрипті жөндеу мүмкіндігі. PHP-
скрипте жасалған хаттардың барлығы сыртқа жіберілмей, арнайы
tmp!sendmail директориясында жиналады;
5) кеңейту пакеттері. Денверге арналған кейінірек орнатуға болатын
көптеген компоненттер (PostgreSQL, Python, FireBird, Parser, ескі
версия PHP4 және PHP4, MySQL4 т.б) бар. Олардың барлығын Денвердің
ресми сайтынан алып орнатуға болады. Сонымен қатар кез келген сервисті
қолмен орнатып алуға болады және Денвердің компоненттерін ешқандай
қиындықсыз ресми дистрибутивтерінен жаңартуға болады;
6) жинақтың құрамына кіретін программаларды түрлі өңдеушілер жазған.
Олардың ерекшелігі кейде бірігіп жұмыс жасауды қиындатуы мүмкін.
Сонымен бірге бір программаның түрлі версияларының принципиалды
айырмашылықтары болады, бұл көбінесе орнату мен күйге келтіруді
қиындатады. Денвердің компоненттері комплекс құрамында толыққанды
жұмысты қамтамасыз ету үшін конфигурация мен тестілеуден өткен.
Комплекстің құрамы: SSL, SSI, mod_rewrite и mod_php қолдауымен.
1) PHP5 орындалатын файлдар, Apache Web – серверіне арналған модуль,
дистрибутивті және бейімделген конфигурациялық файл, GD кітапхана,
MySQL және sqLite қолдау модульдері;
2) innoDB қолдауымен MySQL5, транзакция және орыс кодировкасы;
3) phpMyAdmin – MySQL мәліметтер базасы бар басқару панелі және Web-
интерфейс арқылы жаңа MySQL тұтынушысын қосылуды оңайлататын скрипт;
4) инсталлятор (InstallShield-ге ұқсас);
5) стандартты кітапханасыз Perl ядросы (бөлек қойылады);
6) хатты жазбай оларды eml форматта tmp!sendmail директориясына
жазатын sendmail (usrsbinsendmail) және SMTP-сервердің жөндейтің
эмуляторы;
7) виртуалды хост пен hosts жүйелік файлды және Apache кескін
үйлесімін автоматты түрде іздейтін жүйе. Оның көмегімен жаңа
виртуалды хостты (немесе үшінші дәрежелі доменді) қосу үшін тек home-
де қарапайым каталог құрып (бар хостқа ұқсас етіп), комплексті
қайта қоса салу керек. Барлық өзгертулер конфигурациялық және
жүйелік файлдарға автоматты түрде енгізіледі, бірақ хост шаблонының
механизмі арқылы бұл процесті басқара алмайды;
8) инсталлятор (flash – жинақтауыштың инсталляторы да жұмыс істейді);
9) жүйе flash – жинақтауыштан ешқандай кедергісіз жұмыс істеуі мүмкін;
10) perl ядросы стандартты кітапханасыз (олар жеке қойылады);
11) денвердің барлық компоненттерін қосу мен өшіру жүйесі.

1.6 Мәліметтер базасын құру жолдары

Мәліметтер базасы (database) – бұл белгілі бір құрылымды ретпен
орналасқан ақпарат жинақталған файл немесе файлдар жиыны. Осы
ақпараттарды, яғни мәліметтерді басқару үшін мәліметтерді басқару
программалары қолданылады. Қазіргі таңда олардың сан алуан түрлерін
кездестіруге болады. Мысалға кеңінен қолданылып келе жатқан мәліметтер
базасымен жұмыс жасайтын Microsoft Access программасын атап айтуға
болады. Мәліметтер базасы жинақталған ақпаратты құру құрылымына қарай
бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде өте кең таралғаны реляционды
мәліметтер базасы[14].
Реляционды мәліметтер базасы – ол бір-бірімен байланысқан кестелер
түріндегі құрылымы бар мәліметтер жиынтығы. Бұл әр түрлі тізімдер,
журналдар, каталогтар, бухгалтерлік кітаптар, анықтамалықтар және де т.б.
кестелер болуы мүмкін. Реляционды мәліметтер базасы ақпараттың дұрыстығы
мен бүтіндігін қатаң тәртіппен қадағалайды. Сонымен қатар, бұл МБ
келісілген программада тез өңделеді. Реляционды МБ-на мысалы: Microsoft
Access, Corel Paradox, Borland dBase, Microsoft FoxPro жатады. Осы
аталғандардың барлығы қарапайым қолданушыларға арналған. Олар өздері
қолданушының компьютерінің қатты дискісіне немесе файл сервердің
дискісіне өздері сақтап, тікелей қолдана береді.
Ал, енді үлкен көлемдегі ақпараттармен жұмыс жасау үшін осы ақпаратқа
көптеген қолданушылар қосыла алатын күшті программаларды атап айтсақ:
BorlandInterBase, MySQL, FireBird, Microsoft SQL Server, Informix, Sybase,
Oracle.
Осы аталған МБ-да жұмыс жасайтын программалардың әрқайсысының өзіне
тән форматы бар. Әр МББЖ (мәліметтер базасын басқару жүйесі) ақпаратты
тек өзінің форматында сақтайды. Осылардан өзімізге керегін, осы дипломдық
жобада қолданылып отырған SQL(Structured Query Language, сұраныс жасауға
арналған құрамды тіл) тілін қарастырайық. Бұл сұраныс тілі барлық
программалармен жұмыс жасай алады. Сонымен қатар МБ-ғы ақпараттармен
сенімді, тез, қарапайым жұмыс жасайды. Осы тіл арқылы клиент серверге
сұраныс жіберіп өзіне жауабын ала алады.SQL тілінде сұраныс жасау арқылы
ақпарат қосуға, жоюға және өзгертуге болады[5].
Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) – мәліметтер базасын
ұйымдастырумен жүргізуге арналған арнайы программа (көбіне программалар
комплексі). Программаны алгоритмдік тілде жасау үшін транслятор қалай
керек болса, ақпараттық жүйені жасау және басқару үшін МББЖ да сондай
маңызды.
Көптеген мекемелер өздерінің жұмыс үрдістерін қолдау үшін электронды
мәліметтер базасын қолданады. Көбіне бұл 1-2 қолданушыға арналған dbf-
бағытталған дамыту қолданбаларының көмегімен жасалған жүйелер: MySQL,
Clipper, Dbase, Oracle, FoxPro, Paradox, Access. Әдетте осындай өзара
тәуелсіз базалар қатары қолданылады. Егер мәліметтер базасындағы ақпарат
тек қолданушыға емес, басқа да тұлғаларға қызықты болса, онда ақпараттың
ары қарай таралуына мәліметтер базасы жасаған қағаз есептер мен
анықтамалар қолданылады.
Локальды желілердің пайда болуының, сондай торлардың Интернетке
қосылуының, корпоративті аралық желілердің жасалуының арқасында кез келген
жұмыс орнынан желінің ақпараттық қорына қол жеткізу мүмкін болып отыр.
Бірақ, жұмыс атқаратын мәліметтер базасын қолданар кезде жұмыс орнының
біртектілігін талап ететін (туған интерфейсті қосу кезінде), желідегі
үлкен трафикпен байланысты, файлдық серверді жүктеу мен аралықтан жұмыс
істеудің мүмкін еместігі сияқты проблемалар туындауы мүмкін (мысалы,
командировкадағы жұмысшылар). Бұл қолайсыздықтардың шешімі ретінде бір
жүйеге келтірілген WWW интерфейсін мекеме ресурстарына қол жеткізуде
қолдануды айтуға болады[20]. МББЖ-ның негізгі функциялары:
1) сыртқы жадыдағы (дискілерде);
2) оперативті жадыдағы мәліметтерді дискілік кэшті қолдану арқылы
басқару;
3) өзгерістерді тіркеу, резервті көшіру және қате жұмыстан кейін
мәліметтер базасын қайта қалпына келтіру;
4) МБ тілдерін қолдану (мәліметтерді табу тілі, мәліметтерді басқару
тілі).
МБ-на қол жеткізу әдісі бойынша:
Файл-серверлік.Файл-серверлік МББЖ мәліметтер файлы орталықтандырылып
файл-серверде орналасады. МББЖ әр клиенттік компьютерде орналасады. МББЖ-
ның мәліметтерге қол жеткізуі локальді желі арқылы жүзеге асады. Оқылу және
жаңарту синхронизациясы файлдық блоктандыру арқылы жүзеге асады. Бұл
архитектураның артықшылығы деп сервердің орталық портына түсетін аз
жүктемені айтамыз.
Кемшіліктері: локальді желінің потенциалды жоғары жүктемесі; жоғары
сенімділік, қол жетімділік және қауіпсіздік сияқты маңызды сипаттардың
орындалуының қиындығы. Көбіне мәліметтер базасын басқару функциялары
қолданылатын локальді қосымшаларда пайдаға асады. Қазіргі кезде файл-
серверлік МББЖ ескірген болып есептеледі. Мысалы: Microsoft Access,
Paradox, dBase, FoxPro, Visual FoxPro.
Клиент-серверлік. Клиент-серверлік МББЖ серверде мәліметтер базасымен
бірге орналасады және МБ-на монопольді режимде қол жеткізіледі. Барлық
мәліметтерді өңдеуге байланысты клиенттік сұраныстар клиент-серверлік МББЖ-
да орталықтандырылып өңделеді. Клиент-серверлік МББЖ-ның кемшілігі
серверге деген жоғары талап болып табылады. Артықшылықтары: потенциальді
локальді желінің біршама төмен жүктемесі; орталықтандырылған басқарудың
ыңғайлылығы; жоғары сенімділік, қол жетімділік және қауіпсіздік сияқты
маңызды сипаттардың орындалуының ыңғайлылығы. Мысалдар: Oracle, Firebird,
Interbase, IBM DB2, MS SQL Server, Sybase, PostgreSQL, MySQL, ЛИНТЕР,
Caché, MDBS.
Орнатылатын. Орнатылатын МББЖ – локальді машинада бір жүйеге
келтірілген түрде мәліметтердің үлкен қорын сақтауға мүмкіндік беретін
кітапхана. Мәліметтерге SQL арқылы немесе МББЖ-ның кез келген айрықша
функциясы арқылы қол жеткізуге болады. Орнатылатын МББЖ қарапайым клиент-
серверліктен жылдамырақ және сервердің орнатылуын талап етпейді, сондықтан
үлкен мәліметтер қорымен айналысатын локальді программалық жабдықтамада
сұранысқа ие (мысалы, геоинформациялық жүйелер). Мысалдар: OpenEdge,
SQLite, BerkeleyDB, Firebird-тің бір түрлері, MySQL, Sav Zigzag, Microsoft
SQL Server Compact, ЛИНТЕР.

1.7 Ақпараттық жүйе жасау есебінің қойылымы

Функционалды-ақпараттық сайт негізіндегі web-портал бизнестің дамуына
айрықша әсер етеді. Интерактивті web-қосымшаның көмегімен компанияға
өзінің функцияларын іске асыруына мүмкіндік беретін маркетингтің
мәселелері шешіледі. Функционалды қосымшалар маңызды сұрақтарды қамтиды,
мысалы клиенттермен жұмыс жасауға және компанияның өзін басқаруға көп
көмегін тигізеді. Қазіргі кезде әр фирма ережеге сәйкес, интернет әлемінде
өзінің өкілдігін жариялайды. Егер осыған дейін сайтта тек статистикалық,
ақпараттық контент көрініс тапса, онда қазір web-қосымша потенциалды
клиенттермен кез-келген сұрақтары бойынша байланыса алады. Қарастырып
отырған қосымшаға сәйкес, мысалға алып қарайтын болсақ, потенциалды клиент
ретінде интернет арқылы турларға, билеттерге, қонақ үйлерге және т.с.с.
тапсырыс беру мүмкіндігі жатады.
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келсек, мұндай web-қосымшалар дамыған
серверлік бөлімді қолдану арқылы клиент-сервер технологиясымен жасалынған.
Берілген қосымша web-программалаудың әртүрлі тілдерінде іске асырылған
және мұнда жеке бөлінген сервер – Мәліметтер Базасы қолданылған.
Программалық жабдықтаманың жинағы едәуір көп[3]. Сол себепті қосымшаның
көмегімен үлкен мақсаттарға жету үшін web-жоба іске асатын сервердің
программасын таңдау қажет. Алдыңғы тарауларда айтылғандарға сәйкес,
жобаның мақсаты – дәріхана web-қосымшасын даярлау.
Осыларды қорытындылағанда, дипломдық жұмыстың негізгі мақсатына
келесілерді жатқызамыз:

1) қосымшаның функционалды структурасын құрастыру;
2) қосымшадағы шешілетін есептердің барлығы орындалатындай программалық
жабдықтаманы таңдау;
3) жүйенің программалық модулінің байланысу схемасын жасау;
4) әртүрлі қолданушылар үшін навигациялық схеманы жасау;
5) жүйенің негізгі модулінің схемасын жасау;
6) web-қосымшаның ақпаратты қорғау әдістерін жасау;
Қорыта келе, біздін жасалған программамыз интернет желісінде жұмыс
жасауға толық қабілетті болып, қоғамға пайдасын тигізуі керек.

2 WEB ТЕХНОЛОГИЯДА ДӘРІХАНАЛЫҚ ІС ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ.

Дипломдық жобаның бұл бөлімінде ақпараттық жүйенің құрылымы және оның
сипаты қарастырылған. Сондай-ақ, Web-жобасының клиенттік модулін әзірлеу
мен оның сипаттаммасы, қолданушыға және администраторға нұсқаулық
келтірілген. Жалпы, жүйені толық түсіну үшін оны құрап тұрған құрылымын
толық анықтап, қолданушыға да, админстраторға да түсінікті болатындай жасау
керек.

2.1 Ақпараттық жүйе функционалдық құрылымын жасау.

1 сурет. Дәріхананың функционалдық құрылымы

Жоғарыдағы сұлбаға қарап, клиент пен администратор бөлімінің қандай
қызмет алатындығы және қандай қызметтер көрсететіндігі туралы көруге
болады.

2.2 Дәріхана жүйесінің құрылымдық сұлбасы

Дәріхана ісі үшін құрылған ақпараттық жүйе Web-сайттың жалпы құрылымы
келесі компоненттерден тұрады:
1) сайтты басқару бөлім - администратор бөлім;
2) клиенттік бөлім;
3) мәліметтер базасы.

2 сурет. Дәріхананың құрылымдық сұлбасы

Басқару бөлімі мен клиенттік бөлім бұл парақтар құрып, мәліметтер
базасы мен парақтар арасында ақпарат алмасуға мүмкіншілік беретін скриптер
жиыны.
Басқару бөлімі – бұл дәріхана параметрлерін күйге келтіру жұмысына
жауапты болатын скриптер бөлшегі[26]. Ол мәліметтер базасымен өте тығыз
байланыста болады және сол мәліметтер базасын күйге келтіруге мүмкіндік
береді. Басқару бөлімі сонымен бірге сайттың дизайн жұмыстарын да күйге
келтіріп отырады. Басқару бөлімінің ең басты, маңызды жұмысы болып,
клиенттерге берілетін ақпараттар ағынын әруақытта жаңалап отыру болып
табылады.
Клиенттік бөлім - бұл клиентке көрінетін беттерге жауапты бөлім. Бұл
парақтарда клиентке керек ақпараттар және клиентке ұсынылатын өнімдер
туралы толық мәліметтер болады. Сонымен қатар клиенттік бөлім қоржынмен
жұмыс жасайды. Бұл бөлімнің дизайні клиенттің назарын аударатындай сәнді
болу керек.
Дәріхананың мәліметтер базасы – бұл осы сайттың ең маңызды бөлігі.
Себебі мұнда дәріхананы құрайтын мәліметтердің барлығы осында сақталады.
Мәліметтердің барлығы серверде сақталады, ал ол серверге басқару бөлімі
мен клиенттік бөлім дәнекер сұраныстар тілі-MySQL арқылы қарым-қатынас
жасайды.
Жалпы интернет арқылы ақпараттандыратын және сауда жасайтын кез-келген
фирмалардың жұмыс істеу тәсілі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ, бәрінің
мақсаты бір болады. Олардың барлығы да нақты анықталған осындай үш
бөлімнен тұрады.

2.3 Жүйенің программалық модульдерінің өзара байланысу
сұлбасын құру

Жалпы, интернет-дәріхананың басты бетіне кіргенде, мұнда клиентке
түсінікті түрде көрсетілген өзара байланысқан жүйге келіп тоқталамыз. Осы
негізгі бет арқылы қалған беттерге қарым-қатынас жасай аламыз.
Негізгі бет – браузерге дәріхана адресін тергенде, ең алдымен осы
бетке келеміз. Осы бет арқылы қалған модульдерге қарым-қатынас
жасаймыз.Бұл бетте негізгі меню модулі, іздестіру, тіл таңдау, каталог
және тағы басқа клиентке ақпарат беретін бөлімдерден құралған. Негізгі
бетке кіргеннен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйедегі ақпараттарды қорғау
Стационардан шығуларды есептейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру
Стоматологиядағы ақпараттық технологиялар
Сақтандыру компанияның ақпараттық жүйесін құру мүмкіндігі
Отбасылық дәрігерлік амбулаторияда дәрігердің жеке картасын жүргізу мен тіркеу бойынша аж құру
Ақпарат қорғау жүйесін жобалау негіздері
Автоматтандырылған объектіні зерттеу
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер
Қазақстан Республикасының әлеуметтік салымдары және зейнетақы төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Кесте мәліметтерінің қасиеттері
Пәндер