К.Б. Бержановтың ұлтаралық қатынас педагогикасы бүгінгі таңдағы көп мәдениеттілік ұғымы мен байланыстыру


К. Б. Бержановтың ұлтаралық қатынас педагогикасы бүгінгі таңдағы көп мәдениеттілік ұғымы мен байланыстыру.
XX ғасырдың барысында империалистік патшалы Ресейдегі саяси-
әлеуметтік жағдайлар шиеленісе түсті. Халықты қанау басым сипат алды.
Ел арасында толқулар басталды.
Ресей империясының құрамында болып келген Қазақстанның зиялы
қауымы осы мәселелер төңірегінде саяси-демократиялық қозғалыстарға
белсене араласты. Олар патшалы Ресейдің отаршылдық және орыстандыру
саясатын батыл айыптады, қазақтардың шұрайлы жерлерін қайтарып беру
және жастардың білім алуларына жағдай туғызу, мектептер салу туралы
талаптар қойды.
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,
Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, т. б., қазақтың
зиялы қауым өкілдері ұлттық сана-сезім мен тәлімдік идеялардың
көсемдеріне айналды.
Қазан төңкерісіне дейін шыға бастаған «Дала уәлаяты» (1889-1902
ж. ж. ), газеті, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті (1911-1916 ж. ж. ) және
басқа да басылымдар қазақ халқынын ұлттық ерекшеліктері,
мүмкіндіктері, мәдениеті, ғылымы, тарихы мен этнографиясы хақында аса
маңызды ой-пікірлер жариялап отырды.
Бұл орайда, белгілі қоғам қайраткері, ғалым-түріктанушы Ахмет
Байтұрсынов «Қазақ» газетінде былай деп жазады: « . . . Қазақ жерінде
өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді 2-3 есе
қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік - білім-
ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп - қазақ жерінде
мектептер өте аз . . . », - деді («Қазақ» газеті, 1913 жыл, 26, 15 тамыз) .
1917 жылы Ленин бастаған коммунистік партия Ресей патшасын
тақтан құлатып, тарихқа белгілі қазан төңкерісін жасады, әлемде жаңа
империяның негізі қаланды. Қазақстан енді орыстар басқарған бұрынғы
Ресей империясының мұрагері жаңа Кеңес Одағының (КСРО) құрамына
кіруге мәжбүр болды.
Бұл кезең қазақ халқына тиімді және тиімсіз әсерін тигізді. Қоғам
проблемаларының аса күрделі саласы - сауатсыздық жойылды. Көптеген
маңызды кәсіпорындар, электр станциялары, су жолы каналдары салынып,
жұмысшылардың жағдайлары едәуір жақсарды. Мектептер, бала-бақшалар
және арнаулы орта, жоғары оқу орындары ашылды. Әлемдік тәжірибелерге
негізделген кеңестік ғылыми педагогика мен психология ғылымдарының
негізі қаланды.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары, негізінен, орыс тілінде жүргізілуі
талап етілді. Әрине, орыс тілінде білім беру прогрессивті роль
атқарғанымен, онда қазақ мектептерінің оку-тәрбие жұмыстарына қайшы
келген жағдайлар көп болды. Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан
педагогикалық тәжірибелер «коммунистік идеологияға» негізделіп,
«коммунистік тәрбие беру» атты саяси-педагогикалық диктатуралық
жүйеге ұласты.
1937-1938 жылғы жүргізілген сталиндік жаппай қудалаушылық пен
1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы өте үлкен қырғынға ұшырады.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан
қазақтың көптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны
болды. Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды.
Соғыстан кейінгі жылдары жаппай орыстандыру мәселесі қолға
алынды. Қазақстанның тың жерлерін игеру мақсаты отаршылық
принципке негізделіп, өкімет тарапынан жүзеге асырылып отырды.
Мемлекеттік басқару жүмыстары, іс қағаздары, қоғамдық жиындар
бірыңғай орыс тілінде жүргізілді. Шеттен келген басқа ұлттардың
Қазақстанға қоныстануына мәжбүр еткізген өкімет саясатының
нәтижесінде көптеген қазақ мектептері, бала-бақшалары, жоғары, арнаулы
оқу орындарындағы қазақ бөлімдері қысқартылды.
Халық педагогикасы жөнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек
қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу санадағы ескінің сарқыншағы
деп бағаланды. Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар
ұйымдарының тәрбие жүмыстары коммунистік идеологияға негізделді.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы негізінде
пайдаланылды, қазақ тілінде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған
әдістемелік нұсқаулар жазу назардан тыс қалды.
Дегенмен, ұзақ ғасырлардан бері келе жатқан қазақ педагогикасының
қоғамдық өмірдің қажеттілігіне айналуына бағытталған туындылар:
М. Жұмабаевтың «Педагогика», А. Байтұрсыновтың «Оқу құралы», «Сауат
ашқыш», «Тіл құралы», Ж. Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші»,
«Психология» атты еңбектері, С. Көбеевтің, Н. Құлжанованың,
М. Әуезовтің, М. Дулатовтың, Қ. Жұмалиевтің, Е. Смайыловтың,
М. Ғабдуллиннің, Ә. Марғүланның т. б. шығармалары жас ұрпақтың бойына
ұлттық сана-сезім көзқарасын қалыптастырды.
Кеңестік дәуірде педагогика, психология ғылымдары саласында
М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, Ш. Әлжановтың, Р. Г. Лембергтің,
А. П. Нечаевтың, И. Л. Стычинскийдің, Т. Тәжібаевтың, Ә. Сембаевтың,
Ә. Сыдықовтың, Қ. Бержановтың, Е. Суфиевтің, А. Темірбековтің,
А. Асылбековтың, Қ. Б. Жарықбаевтың, Т. Сабировтың, К. Құнантаеваның,
М. Мұхановтың, А. Мәдиннің, С. Мусиннің, Ә. Б. Сейтешевтің,
Т. А. Умановтың, Н. П. Хмельдің, А. Көбесовтің т. б. әлденеше
монографиялық еңбектері жарық көрді. Педагогикалық ғылыми-
әдістемелік «Қазақстан мектебі» журналы (1925) шығарылып, онда мектеп
мұғалімдері мен педагог ғалымдардың еңбектері үнемі жарық көріп
отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тілінде
шығарылып, ғылыми терминдері қалыптасты.
Қазақ мектептері, негізінен, ауылды жерлерде орналасқандықтан,
оның материалдық-техникалық базасына көп мән берілмеді. Мектептегі
оқу-тәрбие жүмысының бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар ұлттық
тәлім-тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспаған, орыс тілінде жазылған
еңбектердің аудармалары арқылы жүзеге асырылды.
Қ. Жарықбаевтың психологиялық мұраларының қазақ психология ғылымындағы маңызы.
- Еліміздің тәуелсіздігін ары қарай да нық сақтап қалудың алғышарттарының бірі - халқымыздың ұлттық сипатын сақтау, ары қарай дамыту екені анық. Оның бір құралы ұлттық педагогика мен психологияға келіп тірелетінін жақсы білеміз. Олай екен, біздің қоғам «ұлттық психология» деген ұғымды қаншалықты түсініп, көңіл бөліп, зерттеп отыр?
- Ұлттық психология - әр ұлттың төлқұжаты, мәселен, «ұлттық мінез», «ұлттық мақтаныш», «ұлттық намыс», «ұлттық дәстүр», «ұлттық сана», т. б. ұғымдар ұлттың бүкіл дүниежүзілік мәдениетке үлес қосуында белсене қызмет істейтінін, ұлттық таланттың көзін ашатын ақыл-ойын жинақтап, оларды бір арнаға бағыттайтын катализатор. «Қазір қазақ ғылымын халықаралық дәрежеге жеткізу керек» деген сындарлы пікір бар. Осы игілікті істің шапағаты, өкінішке қарай, ұлттық педагогика мен психологияға тиер деген үмітіміздің әзірге ақталатын сыңайы жоқ. Ғылымның осы саласына жоғарыдағылардың назары жөнді түспей келеді.
- Бәлкім, бұл салада әлі де мамандарымыз тапшы болар?
- Елімізде қазір тәлім-тәрбие саласындағы сан алуан проблемаларды зерттеп жүрген 350-ден астам доктор, бірнеше мыңнан астам ғылым кандидаты бар. Ал Қазақстанда тек психология ғылымы докторларының саны отыздың үстінде. Ондаған ғылым кандидаты бар. Кезінде «Тәуелсіздік тұсында қорғалған диссертациялардың бәрі жалған ғылым» деген ыңғайсыздау мақала жазылды. Бұл - артық айтылған сөз. Жүз диссертация қорғалсын, соның екі-үшеуі ғана жалған болуы мүмкін. Бәрін бірдей жоққа шығаруға болмайды.
1989 жылы КСРО психологтар қоғамының соңғы съезі өтті. Оған Балтық жағалауындағы үш республика өкілдері қатысқан жоқ. Қалған одақтас елдерден түгел өкілдер қатысты. Сол съезде жалпақ КСРО-да бар болғаны 5 мың ғана психолог бар екені айтылды. Ал АҚШ-та сол кезде 250 мың психолог бар екен, психологияға арналған 70 журнал шығады екен. Екі жылдан соң КСРО тарады да, осыдан кейін орыстар ғылымның осы саласына қамшыны басты. Қазір Ресейдің 56 қаласында психология факультеттері бар, 67 мың психолог маманы бар. Ал Америкада үлкен болсын, шағын болсын, психологы жоқ бірде-бір мекеме таппайды екенсіз.
Ал енді еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып есептелетін Қазақ Ұлттық университетінің психология бөлімінде қазір тоғыз бірдей психология ғылымдарының докторы бар. Жалғыз кафедрада бәрі бірдей ұйлығып-шұйлығып отыр. Психология факультеті әлі күнге дейін құрылмай келеді. Қазір философия және саясаттану факультетінің құрамындамыз.
- Ұлттық психология орта мектептерде неге оқытылмайды?
- Кезінде марқұм Шайсұлтан Шаяхметов тапсырма берген соң Әдібай Табылдиевпен бірігіп, мен психология жайын, ол кісі этика жағын қозғап, мектепке жоғары сыныптарға арнап оқулық жаздық. Соны ол кезде «Атамұра» баспасының директоры Мұхтар Құл-Мұхаммед 100 мың данамен басып шығарды. Сол да оқытылмай, қоймаларда шіріп жатты. Хрестоматияны қоса есептегенде 200 мың таралыммен шыққан оқу құралы макулатураға айналды. Профессор Өмірзақ Озғанбаевпен бірге орта мектепке арналған тағы бір төлтума оқулықты бес мың данамен шығарып едік, ол да мектептен орын таппады. Мектеп басшыларына барып жағдайды айтқанымызда, олар: «Білім министрлігінің бұйрығынсыз оқыта алмаймыз» деп жауапты қысқа қайырды. Бұдан 10 жыл бұрын «Жантануға кіріспе» деген атпен оқу құралын мүмкіндігінше қазақыландырып едік. Бір өкінерлігі, ол да мектептен қолдау таппады. «Біз әдеп пен психологияны оқытып жатырмыз, сендердікі не?» деп хат жазады министрліктегілер, білім департаментіндегі шенеуніктер. Бұрынғы кеңестік республикалар тәуелсіздік алған соң баяғы орталықтан келетін ресми бағдарламадан әлдеқашан бас тартқан. Ал біздегі идеология ғылымында Мәскеудің әсері әлі күнге күшті. Ресей болса 3-сыныптан бастап психология пәнін оқытуда. Қасымыздағы қырғыздар 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін психология мен этиканы қосып оқытып жатыр. Ал біздегі жағдай жоғарыда айтқандай.
- Ұлттық психология ғылыми-зерттеу институтын ашу мәселесін біраздан бері көтеріп келесіз . . .
- Қажеттігін дәлелдеудің реті жоқ шығар, мұндай институт республикамыздағы бүкіл ұлттық педагогика, психология проблемаларын бір жерге шоғырландыра алар еді. Елдегі психологиялық мәселелерді үйлестіріп, оған белгілі бағыт-бағдар берер еді. Оның үстіне өз ғылыми орталығы арқылы болашақ педагогтар мен жас ғалымдар ұшып шығатын ұя болар еді. Бұл мекеменің қызметкерлері қоғамдағы күрделі әлеуметтік мәселелерді тиімді түрде шешуге де атсалысар еді. Қазір ұлттық психологиялық ғылыми мекеменің жоқ болғандығынан біз өз ерекшеліктерімізді ескермей, тек Мәскеуден, Ресейден келген дайын материалдармен ғана жұмыс істеуге мәжбүрміз. Мыңдаған жыл тарихы бар бүгінгі тәуелсіз елге бұл жараспайтын жағдай. Ұлттық ерекшелік кеуде соғу үшін емес, біздің бұдан әрі даму процесімізде қанымызға сіңген әдет-ғұрып пен салт-дәстүріміздің жақсысын одан әрі дамытуға, ұлттық ерекшеліктерімізді өркениетке, ғылыми-техникалық прогреске неғұрлым тиімді икемдену үшін қажет. Ұлттық психологиясыз ұлт болмайды. Ол отбасы мен шаңырақтан басталатын аса күрделі әлеуметтік ғылыми құбылыс. Тіпті батыстың дәстүрін «көзді жұмып» соқыр тауықша қылғыта бермеу үшін де ұлттық ҒЗИ ашу ауадай қажет.
«Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» дегендей менің айтудай айтып келе жатқан төрт арманым бар. 1. Қазақстанда психология факультетін ашу. 2. Этнопсихологиялық ғылыми-зерттеу институтын ашу. 3. Психологтар қоғамын құру (1958 жылдан 1991 жылға дейін КСРО психологтар қоғамының бөлімшесі ретінде Қазақстан психологтар қоғамы болды) . 4. Төл тілімізде оқулықтар мен ғылыми монографиялар жазып шығару.
- Жалпы, елімізде психология мамандығына мамандар даярлау мәселесі қай уақыттан бері қолға алынған?
- ҚазҰУ-де 1988 жылдан бастап психолог мамандар даярлана бастады. Алғашқы төрт жылда орысша оқытылды. Университетте одан бұрын да 1947-1953 жылдары логика және психология бөлімі болған. Арада 35 жылдық үзіліс бар. Ал қазақ тілінде психологтар дайындау 1991 жылы, яғни тәуелсіздікке ие болумен тұспа-тұс келді. Мәскеудің Ломоносов атындағы университетінің психология факультетінде он екі кафедра бар. Ал бізде факультет атымен жоқ, бір ғана кафедра бар, алғашқыда екеу еді, кейін біреуін қысқартып тастады. Бұрындары психологтар орысша оқып келгендіктен, мамандардың көбісі қазақшаға шорқақ, өз еңбектерін орысша жазып, басқаға аудартады. Оны ана тілімізге аударғандардың кейбірі туған тілге шалағай болғандықтан, оны студенттер ұғына алмай қиналып жатқан жағдайлар да жоқ емес. Оның үстіне америкалық, батыстық модель басымдық алған соң, психологиядағы ұлттық мәселелер шетке шығып қалды. Америкадан кейін «Оңтүстік Кореяның оқу үлгісі» деген шықты. Сол жаққа не ағылшын тілін, не корей тілін білмейтін магистрлерді үш айға жіберу көңілге ұяламайды. Әйтеуір «шетелде болып қайтыпты» деген аты бар да заты жоқ деп ойлаймын. Бұл жерде бір жағынан Үкіметтің соған кетіп жатқан қаражатын аяйсыз. Тақырыпты күні бұрын АҚШ-қа байлап-матап береді. Ұлттық психология жайына қалып, әлемдік психология деген белең алып тұр.
- Қазақта психология, педагогика, этика, эстетика саласындағы іргелі мәселелерді көтеріп, құнды оқулық жазған Алаш қайраткерлерінің еңбектерін ел игілігіне жарату ісі қалай жүруде?
- Толстой өзінің «Соғыс және бейбітшілік» атты эпопеясында адамның бет-келбетінің 98 түрлі ерекшелігін көрсетіп, Волконский, Ростова секілді кейіпкерлерін суреттеген. Ленин Толстойды «Орыс жанының айнасы» деуі де содан болар. Бұл салада қазақ топырағында аса құнды пікір айтқан адамның бірі - Жүсіпбек Аймауытов. Жүсіпбектің тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді оқу құралының орны айырықша. «Психология нені сөйлейді?» дейтін бірінші тарауында осы ғылымның екі жарым мың жылдық тарихынан біраз мағлұмат береді. Адамның жан дүниесін, мінез-құлқын зерттеуді қалайша ұйымдастыруға болатынын тәптіштеп түсіндіреді. Бізді ерекше таңғалдыратыны - адам психологиясын зерттеуде математиканы, оның варияциялық статистика дейтін саласын қалайша пайдалануға болатындығы жайлы мәселе. Қазақ топырағында мұны Аймауытовтан басқа ешкім күні бүгінге дейін көтермеген. Біздегі ғылыми психологиялық терминдердің алғаш жүйеге түсуі де Аймауытов есімімен байланысты. Қырқыншы жылдарға дейін әзірбайжан, өзбек, түрікмен, қырғыз, башқұрт тілдерінде ұлттық психологиялық еңбектер жарық көрмеген. Жүсіпбектің еңбегі бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар тілінде алғаш жарық көрген бірден-бір туынды. Жүсіпбектің психологиялық еңбектері оқырманға әлі толық жетпей жатыр. Қалың жұртшылықтың игілігіне тезірек айналдыру жолын баспалар тезірек қолға алса нұр үстіне нұр болар еді.
- Шығыстық психология деген бар емес пе? Қазақты жеке-дара бөліп алмай, шығыспен біріктіріп қарауға болмай ма? Еуроцентризмнен құтылудың да бірден-бір жолы осы емес пе?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz